ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері жайында


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері

Орындаған: Имиров А.

Тексерген: Қуантқан Б.

Семей 2015.

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Меншік ұғымына түсінік
  3. Жекешелендіру
  4. Жекешелендіру ерекшеліктері
  5. Негізгі бөлім
  6. Қазақстандағы жекешелендіру кезеңдері
  7. Қорытынды
  8. Пайдаланылған әдебиеттер

Жеке меншік, заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер арасында қалай иемделінетіні және бөлінетіні анықталады. Экономикалық теорияда жеке меншік құқықтың мынадай түрлерінде даму алады. (Оноре тізімі бойынша) :

  1. Иемдену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелінген денелік (күш қуаттылық) бақылау құқығы.
  2. Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы.
  3. Басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануды кім және қалай қамтамасыз етуді шешу құқығы.
  4. Табысқа деген құқық, яғни игіліктерді пайдалану нәтижесіне ие болу құқығы.
  5. Егемендік құқығы, яғни игіліктерді жатсындыру, өзгерту, тұтыну немесе жойып жіберу құқығы.
  6. Қауіпсіздік құқығы, яғни игіліктерді сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы.
  7. Игіліктерді мұрагерлікке беру құқығы
  8. Игіліктерді иеленудегі мерзімсіздік құқығы.
  9. Сыртқы ортаға зияны келтіретін әдістерді қолдануға тыйым салау құқығы.
  10. Өндіріп алуға жауапкершілік құқығы, яғни қарыз үшін игіліктерді өндіріп алу құқығы
  11. Қалдық сипатты құқық, яғни бұзылған құқықтарды қалпына кеттіруді қамтамасыз ететін институттардың әрекет ету құқығы.

Жеке меншік туралы мәселе - қоғамдағы өндірістік қатнастарды зерттеудің негізгі көзі болып табылады. Жеке меншік туралы талас бірнеше жылдан бері созылып келеді. Әсіресе, адамзат қалыптасқан дәстүрді бұзып-жарып, қоғамдық меншікті қалыптастыруға алғашқы қадам жасағанда, олар орасан қарсылықтарға ұшырады. «Меншік» түсінігінің экономикалық және заңдық мәнін ажырату қажет.

Заңгерлер меншікті ие болу, пайдалану және заттардың, объектінің белгілі бір жиынтығын билеу тұрғысынан қарастырады. Заң түсінігі меншік құқығын объективті және субъективті мәнде қарастырады. Сонымен бірге заң актілері арқылы түрлі меншік субъектілеріне тиісті, иеболуға, пайдалануға және мүлікті билеуге байланысты адамдар арасындағы қатнастарды реттейтін құқықтық нысандар белгіленеді.

Субъекті -объекті Субъекті - Объекті

Меншік құқығы тұрғысынан Адамдар арасындағы өндірістік

мүліктік қатнастарды реттеу қатнастарды реттеу

Меншік экономикалық мағынадағы техникалық, технологиялық ғылыми және зияткерлік әлеуеттің, шығарылған материалдық және рухани игіліктердің өндірістік қатнастарын көрсетеді. Бұл қатнастар шаруашылық, табыстарды бөлу нысандарында, адамдардың экономикалық және әлеуметтік сұраныстарын қанағаттандыру дәрежесі мен сипаттарында қалыптасады. Экономикалық қатнастардың қатысушылары бір-біріннің тең ерекшеленген меншік иелерін мойындайды.

Материалдық игіліктер кімге тиісті немесе табиғат өнімдерін кім иемденуде?

Иемдену қоғамдық өндірістің мәнін білдіреді. Иеліктен айыру - сол немесе басқа экономикалық ресурсты, қоғамдық қатынастардағы субъектінің өзінің өмірлік қызметінің игіліктерін иемдену үрдісі және мүмкіндігі.

Меншік - бұл игіліктерді иеліктен айыру - иемденудің белгілі бір нысанын көрсететін, адамдар арасындағы қатынастар, қоғамдық қатнастардың барлық жүйесінің негізі. Бөлу, айырбастау және тұтыну нысаны меншік нысанының сипатына (қоғамдық немесе жеке) байланысты. Қоғамдағы топтар мен әр түрлі таптардың жағдайы және олардың өндірістің барлық факторларын пайдалануға қолы жету мүмкіндігі меншікке тәуелді.

Меншік - тарихи дамудың нәтижесі. Ол әлеуметтік-экономикалық жүйенің және оған тән өндіріс тәсілінің өзгеруіне орай нысанын өзгертеде.

Экономикалық жүйе шеңберінде меншіктің әр түрлі нысанының - қоғамдық, жеке, мемлекеттік, муниципалдық, қоғамдық ұйымдардың, ұжымдық меншіктің көптеген түрлерінің бірге өмір сүруі мүмкін.

ҚР Конституциясының 6-бабында меншіктің екі түрі бегітілген: мемлекеттік және жеке меншік танылады және тең шамада қорғалады. Сонымен бір уақытта меншік пайдалану қоғамдық игілікке қызмет ету тиіс. Меншіктің объектілері мен субъектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асырудың көлемі мен шектері, олардың қорғау кепілдігі заңда белгіленеді.

Қағидада нарықта меншіктің үш түрі барлық уақытта көрінеді:

Мемлекет: 1 билеуші

2 парламент

3 сеньория

Корпорация: 1 храм, монастырь, цех, қауымдастық

Жеке кәсіпкер: 1 жеке заңды тұлға

Кез келген кәсіпкерлік қызмет белгілі бір ұйымдастыру нысаны шегінде жүзеге асырылады. Кәсіпорынның нысанын таңдау жеке ынта мен талғамға байланысты, бірақ басты жағдайда объективті жағдаймен - қызмет аясымен, ақшалай қаражаттың болуымен, кәсіпорынның болжамды нысанының жағымды және жағымсыз жақтарымен байланысты. Мемлекет экономиканы ұйымдастыруымен айналысуы қажет, бірақ сонымен бірге кәсіпкерге айналмауы керек, шаруашылық қызметіне тікелей араласпауы керек, сөйтіп, саяси ұйымдастырушы ретінде қалып, экономиканы реттеуде заңдық, атқарушылық және орындаушылық биліктің өз органы арқылы жүзеге асыруы тиіс: Мемлекетте қоғамның ортақ мүддесін қорғау үшін билік бар, ал барлық қалғаны кәсіпкерлерді қосқанда қоғам мүшелеріннің өздерінің қарастыруымен жүзеге асырылуы керек. Мемлекеттік кәсіпкерлік кейде шаруашылық жүргізу жеке фирманың табиғатына қарама-қайшы келген жағдайда немесе көп қаржы салу және тәуекелді қажет ететін салада жүзеге асырылады. Мемлекеттік кәсіпкерліктің жеке кәсіпкерліктен негізгі ерекшелігі - оның бірінші кезектегі мақсаты табыс алу емес, әлуметтік-экономикалық міндеттерді шешуде қажетті өсу қарқынын қамтамасыз ету, кезеңдік құбылыстарды жұмсарту, жұмыспен қамтамасыз етуді қолдау, ғылыми-техникалық ілгерушілікті ынталандыру және т. б. Реттеудің осы нысаны өндіріс үшін өмірлік маңызы бар, пайдасы аз кәсіпорындар мен шаруашылық салаларын қолдауды қамтамасыз етеді. Бұл барлығынан бұрын, энергетика, көлік, байланыс тәрізді экономикалық инфрақұрлымның салалары. Мемлекеттік кәсіпкерлікпен шешілетін мәселелерге тұрғындарға әр түрлі аумақта жеңілдік беру, ғылыми-техникалық ілгерушілікті тездету мақсатында өмірлік маңызды ғылыми және экономиканың күрделі қаржы сыйымдылығы көлемді салаларына көмектесу және осы негізде елдің әлемдік шаруашылықта беделін нығайту жатады.

Меншік қатнастары н реформалау мемлекет қарамағынан алу немесе жекешелендіру жолымен жүзеге асырылады.

Мемлекет қарамағынан алу бір жағынан басшылықты экономикалық әдіспен жүргізуді, екіші жағынан - нысанның және мешік қатнастарының өзгергенін білдіреді.

Жекешелендіру - меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. Ол бұрынғы социалисттік жүйеден нарықтық экономикаға көшудің өзекті шарты болып табылады, шаруашылық субъектілерінің іс белсенділігін күрт арттыру үшін, экономикалық бәсекелестікті жандандыру үшін жүргізіледі. Мемлекеттік өндіріс орындарын жекешелендіру - күрделі мәселе, ол әсіресе халықтың менталитетіне тура байланысты болғандықтан қысқа мерзімде өткізу қиын. Әсіресе, жерді, оның қазба байлықтарын жекешелендіру ұзақ уақытты талап етеді. Сол сияқты кейбір стратегиялық маңызды салаларда (қару-жарақ, ядролық заттар, тағы басқа өндірістер), не болмаса нарыққа көшіруге әлі толық негіз болмаған жағдайларда (іргелі ғылым, кейбір білім, мәдениет, өнер, тағы басқа орталықтар) жекешелендіру жүргізілмейді, олар мемлекет меншігінде қала береді.

Жекешелендіру мақсаты:

  • өтпелі мақсатты алға тартып, жеке меншік топтарын құру.
  • мемлекеттік кәсіпорын мүліктерін жеке адам мен коммерциялық

құрылымдарға мемлекеттік бюджетті толтыру үшін сату.

Мемлекеттік меншікті жекешелендірудің халықаралық практикасы көрсеткендей, жекешелендірудің екі варианты бар:

  • «қатаң» вариантты жекешелендіру қарқынды жүргізу;
  • «жұмсақ» вариантты жекешелендіру ақырындап жүргізу.

Қазақстандағы жекешелендіру процесі Чехословакияда қолданылған моделге ұқсастығын жүзеге асырылады.

Жекешелендіру екі кезеңмен жүргізіледі: бірінші кезеңде тұрғындардан қайтаруды қажет етпейтін тұрғын-үй купонын қолдана отырып, үйлерді жекешелендіру жүзеге асты, екінші кезеңде тұрғындар қайтарылмайтын жекешелендіру купонын алды. Оларды тек қана инвестициялық жекешелендіру қоры арқылы қолдану мүмкіндігі жасалды. Ондай қор Қазақстанда 120-дан болды.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін алғашқы елдердің бірі болып КСРО елдеріндегі жүргізілген жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту мақсатын көздеді. Ол үшін ең алдымен барлық тауарлар мен қызметтердің бағасын либерализациялау мен мемлекеттің меншігін жекешелендіру қажет еді. Ал нарықтық экономикада еркін баға мен жекеменшіксіз даму қиын процесс екені белгілі. Нарықтық экономикада маңызды орын алатын мәселе мүлікті, ақшаны бизнес көздерін «жекешелендіру» болғандықтан, осы ұғымға тоқталып кетсек. Жекешелендіру дегеніміз - азаматтардың және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншік объектілерін немесе мемлекеттік акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алу деген сөз. Немесе меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. Жекешелендірудің басты мақсаты - жекшелендірілген кәсіпорындарда экономикалық өсуі арқасында ұлттық экономиканың тиімділігін арттыру. Сонымен қатар, мемлекетік бюджет тапшылығын азайту. Яғни ол - нарықтық экономикаға көшудің өзекті шарты. Бұл саясат, біріншіден, шаруашылық субъектілерінің іс белсенділіктерін арттыру үшін, екіншіден, экономикалық бәсекелестікті жандандыру үшін жүргізіледі. Қазақстанның экономикасы қазіргі таңда экономикалық модернизацияның алғашқы сатысынан өтті. ҚР Президенті Н. Назарбаев 2007 жылы 28 ақпанда «Жаңа Әлемдегі - Жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауында: «Еліміз ауыспалы кезеңді сәтті аяқтап, өзінің дамуының жаңа кезеңіне нық басып келеді» деп көрсеткен болатын. Міне, осы дамудың жаңа кезеңі нарықтағы өзіндік жолды анықтаудың бірден-бір көрінісі - өндіріс саласын жекешелендіру. Мемлекеттік өндіріс орындарын жекешелендіру күрделі мәселе, сондықтан оны қысқа мерзімде жүзеге асыру қиын процесс. Жекшелендіру халық арасында түрлі пікірлер туындататыны сөзсіз. Сондықтан жекешелендіру процесін ашық түрде, халықты барынша толықтай ақпараттандыру арқылы жүргізу механизмдерін жетілдіру қажет.

Жекешелендіру процесі ұзаққа созылатын процесс. Ал, Қазақстан Республикасындағыдай, дәл осындай әсіреқарқынды және жалпылық жекешелендіруді бұрынғы социалистік мемлекеттің ешбірі жүргізген жоқ. Тіпті дамыған нарықтық экономикасы бар елдердің өзінде жекешелендіру процесі жылдам іске аспайды. Мәселен, Жапонияда ол 10 жыл, Батыс Еуропа елдерінде 10 - 15 жыл бойы жүрді. Түркияда жекешелендіру 10 жылдам астам уақыт жүзеге асырылуда, Чилиде бұл процесс 1973 жылы басталып, әлі күнге дейін жалғасуда. Мексикада, Аргентинада, Бразилияда және постсоциалистік елдердің бәрінде жекешелендіру қзақ уақытқа созылуда.
Қазақстан Республикасындағы 10 жылдағы мемлекет қарамағынан алу және жекешелендіру процесін төрт кезеңге бөліп қарауға болады ; олардың әрқайсысының өз
мақсаттары бар. Бұл процестердің басы Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде орнығу кезеңіне тұспа тұс келеді.

1кезең. 1991- 1992 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңдегі жекешелендіру процесінің негізгі бағыты мемлекеттік орталықтанған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту үшін жағдай жасау мақсатында кең ауқымды реформалау болды. Ол кәсіпорындарды олардың еңбек ұжымдарының ұжымдық немесе акционерлік меншігіне жеңілдетілген талаптарымен беру және сауда мен қызмет көрсету объектілерін сату, соның ішінде тұрғын үй купондарына сату жолымен жүргізілді.
Бірінші кезеңнің іске асуы нәтижесінде 6198 объект түрлендірілді. Түрлендірілген кәсіпорындардың ішінде 4160- ы кіші жекешелендіру (сауда - 1834, қоғамдық тамақтандыру -535, тұрмыстық қызмет көрсету - 1596, коммуналды шаруашылық -1950) құрады және 2038 кәсіпорын өнеркәсіп құрылыс, көлік, ауыл шаруашылығы салаларының үлесіне тиді. Жекешелендіру үрдісі бәрінен де сада және тұрмыстық қызмет көрсету саласында белсенді жүргізілді, олардың үлес салмағы тиісінше жекешелендірілген кәсіпорындардың жалпы санының 29, 6% және 25, 8%-ын құрады. Жекешелендірілген өнеркәсіп кәсіпорындарының үлесі - 8, 8 %, ауыл шаруашылығы - 10, 1%, құрылыс -5% болды. Кәсіпорындардың 23, 6%-ы азаматтардың жеке меншігіне алынды, 8, 4%-ын бұрынғы мемлекеттік кәсіпорындар акционерлендірі 2-кезең 1993-1995 жылдарды қамтиды. Бұл кезең Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5-ші наурыздағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы 1993-1995 жылдардағы мемлекет қарамағынан алу мен жекешелендірудің “ Ұлттық Бағдарламасына” cәйкес жүзеге асырылады.
Жекешелендірудің екінші кезеңінің негізгі мақсаты мемлекеттің Республика халқына ұлттық мүлікті өндіріс объектілері мен басқа да мемлекетке тиесілі материалдық және материалдық емес активтерді өтеусіз және өтеумен өткізіп беру жолымен қайтару процесіндегі меншік құқықтарының дербестенуі негізінде орталытандырылған -жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуге қажетті жағдай жасау болып еді.
Жекешелендірудің екінші кезеңі кіші жекешелендіру бағдарламасының аяқталуын, жаппай жекешелендіру және жеке жобалар бойынша жекешелендіруді белсенді іске қосуды көздеді. 1995 жылы жеке жобалар бойынша кәсіпорындарды жекешелендіру кезінде 47 кәсіпорынның мемлекеттік акциялар пакеті және мүліктік кешендері өткізілді, соның ішінде мұнай, газ кешендері бойынша-21, электр энергетика бойынша -10, көмір өнеркәсібі бойынша-1 және т. б. 1995 жылы осы кәсіпорындар бойынша мәмілелер сомасы мемлекеттік бюджетке 51млрд. теңге әкелді.
Жекешелендірудің екінші кезеңінің бағдарламасы институтционалдық реформалардың негізгі бағыттарын анықтап берді:
«шағын жекешелендіру», ол шағын сауда кәсіпорындарының, коммуналдық шаруашылықтардың, тұрмыстық қызмет көрсететіндердің байқаулары мен аукциондары арқылы жүзеге асырылады;

Жұмысшылар саны 200-ден 5000-ға дейін жететін орташа кәсіпорындарды, оның ішінде инвестициялық жекешелендіру купондарына «жаппай жекешелендіру»;
Жекешелендіру-инвестициялық купондарын (ЖИК) қолданысқа енгізу жаппай жекшелендіруге барлық тұрғындардың қатысуын жеңілдетуі тиіс еді. Қазақстанның әрбір азаматы сатуға болмайтын (Ресейдегі сияқты) және тек инвестициялық жекешелендіру қорларына салу үшін қолданылатын 100 купоннан (ауыл тұрғынына 120 купоннан) алды.
Ірі және бірегей мүлік кешендерін (жұмысшылар саны 5000-нан асатын кәсіпорындар) жеке жобалар бойынша жекешелендіру
“Мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарын (совхоздар) жекешелендіру”.
Жекешелендірудің III кезеңі 1996-1998 жылдар аралығын қамтыды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 2-ақпандағы №246 Қаулысымен бекітілген. «Қазақстан Республикасындағы 1996-1998 жылдарға арналған жекешелендіру мен қайта құрылымдау Бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды. Үшінші кезең Бағдарламасының басты мақсаты жекешелендіру процесін аяқтау жолымен Қазақстан Республикасының экономикасында жеке меншік секторлардың басымдылығына қол жеткізу және оны бекіту болып еді.
Үшінші кезең мемлекеттік меншіктің тек ақшалай қаражатқа жекешелендірілуін қарастырды және мыналарды өткізуді көздейді . -мүліктік кешен ретінде мемлекеттік кәсіпорын;
-жекешелендірілуі тұйық технологиялық циклді бұзбайтын мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорынның өндірістік және өндірістік емес бөлімшелері мен құрылымдық бірліктерін;
-кәсіпорын мүліктік, мемлекеттік кәсіпорынды жойған жағдайда, тек аукционда ғана; -шаруашылық серіктестіктердің жарғылық қорларындағы мемлекеттің акциялары мен үлестерін; -сондай-ақ мемлекеттің акциялар пакеті мен үлестерін сенімдік басқаруға беруді: -электроэнергетикалық кешендегі; -мұнай-газ және мұнай-химия кешеніндегі;
-металлургиялық және тау-кен кешеніндегі; -көлік-коммуникация кешеніндегі;
-агроөнеркәсіптік кешендегі; -әлеуметтік саладағы секторлық салаларды. Қазақстан Республикасында үшінші кезеңде:1997ж-6777, 1998ж-3073, 1999ж-2318, 2000ж-1724, 2001ж-1056 кәсіпорын жекешелендірілді. Жекешелендіруден түскен ақша қаражаттары:1997ж-56, 5 млрд тг, 1998ж-67, 1 млрд тг, 1999ж-36, 6 млрд тг, 2000ж-22млрд тг, 2001жылдың 1-жартыжылдығында-1, 1млрд тг IVкезең 1999-2000 жылдар аралығын қамтыды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999жылғы 1-маусымдағы №683 қаулысымен бекітілген «1999-2000 жылдарға арналған жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру Бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды.

IV кезең Бағдарламасының басты мақсаты - жекешелендіру мен мемлекеттік мүлікті басқарудың құқықтық негіздерін жетілдіру, есепке алуды жақсарту,
басқарудың тиімділігін жоғарылату және мемлекеттік мүлікті конкурстық және транспаранттық негізде жекешелендіруді қамтамасыз ету еді.
Бағдарламаға сәйкес:
-Мемлекеттік акцияларды иемдену және пайдалану құқықтары салалық министрліктер мен ведомостволарға өткізіп берілді.
-«Көгілдір фишка» ретінде анықталып, мемлекет оларда үлес қосушы ретінде қалдырылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері,оны жүргізу әдістері жайлы
ҚР-дағы жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері
Қазақстан Республикасы жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері жайлы
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу жолдары
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері жайлы мәлімет
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және әдістері
ҚР-ның жекешелендіру мәні, кезеңдері мен оны жүргізу әдістері
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері жайлы
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері мен оны жүргізу әдістері
ҚР-да жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz