Бизнес аңыздары туралы


Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Бизнес аңыздары

Орындаған: Нургазина Г

Тексерген: Есенбекова З. Ж.

2015 жыл

Жоспар:

  1. Өмірбаяны
  2. Отбасы
  3. Марапаттары
  4. Қызықты деректер

Тимур Асқарұлы Құлыбаев

Тимур Асқарұлы Құлыбаев (10 қыркүйек 1966, Алматы) - қазақстандық кәсіпкер, қоғам қайраткері, KazEnergy ассоциациясының төрағасы, Қазақстан ұлттық экономикалық «Атамекен Одағы» палатасы президиумының төрағасы, Қазақстан Республикасы Бокс федерациясының төрағасы, «Газпром» РАҚ-ы директорлар кеңесінің мүшесі.

Өмірбаяны

1966 жылы 10 қыркүйекте Қазақ КСР-і Алматы қаласында туған. Республикалық физика-математика мектебінің түлегі (1983 жылы) . М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін халық шаруашылығын жоспарлау мамандығы бойынша экономист біліктілігімен бітірген (1988 жылы) .

«Нарық жағдайында кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық-экономикалық механизмін жетілдіру» (мұнай өндіру өнеркәсібі саласында) тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған (1999 жылы) .

1988-1990 жылдар аралығында ҚазКСР Мемелекеттік жоспар жанындағы Жоспарлау және нормативтер экономикалық ғылыми-зерттеу институтында (НИЭИ ПиН - ЖжН ЭҒЗИ) қызмет атқарған.

1990 жылы Қазақстанның мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық даму қоры ғылыми-консультациялық орталығының директоры болып тағайындалды.

Құлыбаев 1990 жылдары қаржылық-инвестициялық қызметпен айналысатын «Алтын-Алма» компаниясын құрды (кейіннен «Алмэкс» холдингі болып өзгерді), компания «Халық Банкі» акциясының бақылау пакеттерінің белгілі бір бөлігінің иегері болатын.

Мемлекеттік органдарда, компаниялар мен қорларда қызмет атқарған кезеңдерде жеке активтерді басқаруды банк IPO-сын іс жүзіне асыра алған және оның банктік сектордағы озық ұстанымын сақтап қала алған жас та болса тәжірибелі менеджерлер командасына (Григорий Марченко, Александр Павлов, Әнуар Сәйденов, Қайрат Сатылғанов) тапсырды.

1997 жылы ҚР Мемкомитетінің Инвестициялар жөніндегі жобаларды бағалау және келіссөздер жүргізу дирекциясының жетекшісі болып тағайындалды(министр орынбасары құқығында) .

1997 жылдың мамыр айынан 1999 жылдың наурыз айы аралығына дейін «KazakhOil Ұлттық мұнай-газ компаниясы» ЖАҚ-ның (1994-1997 жылдары «жаппай жекешелендіру» кезеңінен кейін мемлекет меншігінде қалған мұнай-газ активтерін шоғырландырған мемлекеттік компания) экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті болып қызмет атқарды.

1999 жылдың наурызында «KazTransOil Мұнай тасымалдау ұлттық компаниясы» ЖАҚ-ның (Магистралды мұнай құбырларының желісін басқарушы ұлттық компания) президенті болып тағайындалды.

2001 жылдың мамырынан 2002 жылдың ақпанына дейін - «Мұнай-газ тасымалы» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ-ның («ҚазТрансОйл» және «ҚазТрансГаз» компанияларының негізінде құрылған) бас директоры. 2002 жылдың ақпан айынан 2005 жылдың қазан айы аралығында - «Қазақойл» және «Мұнай және газ тасымалы» ұлттық компанияларының бірігуінен құрылған «ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы» АҚ-ның бірінші вице-президенті.

«ҚазМұнайГаз-дағы» қызметінен кеткен соң, Қазақстанның энергетикалық секторында жұмыс істейтін ұлттық және шетелдік негізгі компанияларды біріктірген «KazEnergy» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық ассоциациясы ЗТБ-ны құруға бастамашы болды және оған басшылық жасады. Сонымен бір мезетте ҚР Президентінің қаржылық және энергетикалық саясат жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі лауазымына ие болды.

2005-2006 және 2007-2008 жылдары өзінің жеке бизнесін қоғамдық қызметімен қатар алып жүрді.

2006 жылдың сәуір айы мен 2007 жылдың тамызы аралығында «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Самұрық қазақстандық холдингі» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары болып істеді. Сонымен бір мезетте «KEGOC» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК-сы директорлар кеңесінің төрағасы міндетін атқарды.

2008 жылдың қазан айында «Самұрық-Қазына Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Қордың еншілес «Қазатомпром», «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы», «KEGOC», «Самұрық-Энерго» компанияларының директорлар кеңесінің төрағасы болды.

2011 жылы 12 сәуірде Тимур Құлыбаев «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-тың басқарма төрағасы болып тағайындалды. Оның басшылығымен Қор ұлттық компанияларға корпоративті басқару қағидаттарын енгізу және ауқымды индустриялау міндеттерін іске асыру бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.

Отбасы

Әкесі Құлыбаев Асқар Алтынбекұлы (1937 жылы туған), техника ғылымдарының докторы, Халықаралық инженерлік академияның академигі, қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстан Бейбітшілік және келісім кеңесінің төрағасы, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы қамқоршылар кеңесінің төрағасы.

Ағасы - Талғат Құлыбаев - генерал, ҚР ІІМ.

Зайыбы Құлыбаева Динара Нұрсұлтанқызы - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы (1967 жылы туған) . Forbes журналына шыққан дүние жүзіндегі миллиардерлер тізіміне Орталық Азиядан енген жалғыз әйел (2011 жылдың наурыз айында оның жеке өзінің дәулеті 1, 3 миллиард долларға бағаланған) .

Үш баласы бар: ұлы Алтай (1990 ж. т), қыздары Дениза (2004 ж. т) мен Алишия (2010 ж. т ) .

Марапаттары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бизнес аңыздары - Генри Форд жайлы мәлімет
Бизнес аңыздары жайлы (әлемнің бай адамдары)
«бизнес аңыздары. говард шульц»
Билл Гейтс - Бизнес аңыздары
Бизнес аңыздары (Әлемдегі бай адамдар)
Бизнес аңыздары. Әлемнің бай адамдары. Элизабет Холмс
Бизнес аңыздары (Әлемнің ауқатты адамдары)
Бизнес аңыздары. Әлемнің бай адамдары жайлы ақпарат
Бизнес аңыздары (әлемнің бай адамдары) - Карлос Слим Элу
Бизнес аңыздары (алемніңең бай адамдары)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz