Зиянды өндірістік факторлар,олардың жұмысшыларға және қоршаған ортаға әсері. Жарықтандырудың адамның еңбек қабілеттілігіне әсері


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Педагогика факультеті
СӨЖ№3
Такырыбы: « Зиянды өндірістік факторлар, олардың жұмысшыларға және қоршаған ортаға әсері. Жарықтандырудың адамның еңбек қабілеттілігіне әсері »
Тексерген: Жуманова Г. Т
Орындаған: Нұрланқызы Гүлден
Тобы: П-409
Семей 2015
Жоспар:
- Қауіпті және зиянды өндірістік фактор
- Денсаулыққа әсер ететін зиянды фактор
- Денсаулыққа жағымды әсер ететін фактор
- Жарықтандыру түрлері
- Өндірістік жарықтандыру
- Жарықтандырудың адамның еңбек қабілеттілігіне әсері
Қауіпті өндірісітік факторлар- жарақатқа немесе басқа кенеттен денсаулығының нашарлауына алып келетін, белгілі жағдайлардағы, жұмысшыға әсер ететін факторлар. Зиянды өндірістік факторлар - ауруға немесе жұмыс қабілеттілігін төмендетуге алып келетін, белгілі жағдайдағы жұмысшыға әсер ететін фактор.
Зиянды фактор
- 1) өндірістік фактор, оның жұмыс істеушіге белгілі бір жағдайлардағы әсері - жарақаттануға не денсаулығының құрт нашарлауына апарып соқтырады;
- 2) адамға жағымсыз кез келген әсер.
Еңбек процессіндегі адамның іс-әрекетінде өндірістік саланың әр түрлі көрсеткіштеріне әсер етеді, ол адамның денсаулық жағдайымен жұмыс істеу қабілетін анықтайды және сипаттайды, қолайсыз жағдайда еңбек өнімділігінің төмендеуіне, травма мен кәсіптік аурулардың пайда болуына әсер етеді. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлары бар. Өндірістік фактор қауіпті деп аталады, егер жұмысшыға нақты жағдайларда жарақатқа немесе денсаулығының күрт нашарлауына әсер ететін болса. Өндірістік фактор зиянды деп аталады, егер ауруға немесе жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкелетін болса. Зиянды фактор іс-әрекеттің ұзақтығы мен едәуір деңгейде болса, қауіптіге айналады. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың іс-әрекеті табиғаты бойынша физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық болып бөлінеді. Өндірісте жағдайсыз факторлар табиғаты, біліну түрі және адамға тигізетін әсері бойынша мынадай топтарға бөлінеді: 1. Физикалық факторлар - жылжымалы машиналар мен механизмдер, қондырғылардың қозғалмалы бөлшектері, электр тоғы, жағымсыз микроклимат, қолайсыз жарық, үлкен мөлшерлі шуыл мен вибрациялар т. б. 2. Химиялық факторлар - улағыш және зиянды заттар, газдар, булар, шаңдар. 3. Биологиялық факторлар - ауру туғызатын микробтар, вирустар, бактериялар, өсімдіктер, жәндіктер т. б. 4. Психофизиологиялық факторлар - физикалық, нерв-психиялық және эмоциялық қажу т. б. Еңбек шартын жақсарту бойынша шаралардың тиімділігі өндірістік жүйелердің дұрыс жағдайы мен осы жағдайдың қандай да бір көрсеткіштері бойынша толығымен немесе жеке элементтері бойынша бағаланады. Практикаға жеткілікті дәрежеде қазіргі уақытта еңбек ауырлығының ұғымы ақыл-ой және физикалық еңбекке де бірдей қолданылады.
Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Тірі ағзаларға тән көптеген касиеттер адам ағзасына да тән. Адамның тынысалуы, тамақтануы, өсуі, дамуы табиғи орта жағдайында өтеді. Сондыктан да адам тіршіліктің құрамды бір бөлігі болып есептеледі. Сонымен бірге адам - өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы саналы тұлға. Адамның өсуіне, дамуына жөне тұлға ретінде қалыптасуына әлеуметтік жағдайлардың ыкпалы зор. Баска ағзалар белгілі табиғи орта жағдайларында тіршілік етуге бейімделген.
Адам барлық табиғи орта жағдайларында тіршілік ете алады. Өзіне қажетті жағдайларды саналы түрде жасап алуға кабілетті. Жер бетінде өмір сүргенежелгі адамдар басқа ағзалар сияқты орта жағдайларына тәуелді болды. Қоғамның даму дәрежесіне сәйкес адамның табиғатқа тәуелділігі бірте-бірте бәсеңдей бастады. Адам табиғи мақсатына қарай саналы түрде өзгертті.
Адамның денcаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері зор. Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуынын маңызы ерекше. Адамның мұкият ойланбай жасаған кейбір іс әрекеттері денсаулығына зиянды. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды өзгерістері адам денсаулығына кері әсер етеді. Әсіресе, бұл жағдай Қазакстанда ерекше байқалуда. Мысалы, Арал теңізініңтартылуы, ядролық сынақтардың жүргізілуі және т. б. атауға болады.
Адам денсаулығына өмір сүру салтын дұрыс ұстануы да әсер етеді. Темекі тарту, ішімдікті пайдалану, дұрыс тамақтанбау және т. б. жағдайлардан адам денсаулығы бұзылады. Кейде еңбек етудің қолайсыздығы, тұрмыстық жағдайлардың нашарлауы денсаулыққа кері әсер етеді. Салауатты өмір сүру салтын дұрыс ұйымдастыра білмеу, медициналык жәрдемнің дұрыс көрсетілмеуі де әсерін тигізеді.
Денсаулыққа жағымды әсер ететін факторлар бірнеше топка бөлінеді:
1. Бұлшықет қимылдарының белсенділігі. Адамның барлык тіршілік әрекеті түрлі кимыл-козғалыстар жиынтығынан түрады. «Қозғалыс - тіршілік тірегі» деген ұғымда зор мән бар. Қозғалыс белсенділігі жұмыс істеу қабілетін арттырады, түрлі ауруларға қарсы тұруына көмектеседі. Тынысалу мүшелерінің жұмысын жақсартып, жүрек бұлшықеттерін шынықтырады, зат алмасудың қалыпты жүруін қамтамасыз етеді. Әсіресе спорт пен дене шынықтыру жаттығулары қозғалыс белсенділігін арттырады.
2. Еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыру. Бұлардың денсаулық үшін маңызы зор. Адам өмірінде еңбек басты орын алады. Еңбек ету арқылы адам өзіне қажетті жағдайларды жасап алады. Шектен тыс еңбек ету ағзаның қажуына әкеп соқтырады. Сондықтан да еңбек ету мен демалысты дұрыс үйлестіре білу қажет. Бұл адам ағзасындағы барлық мүшелердің жұмысын жақсартады. Адамның ұзақ өмір сүруіне де септігін тигізеді.
3. Дұрыс тамақтана білу. Дұрыс тамақтанудың нөтижесінде асқорыту мүшелерінің жұмысы жақсарады. Адамның дұрыс өсіп дамуына, зат алмасу үдерістерінің қалыпты жүруіне жағдай жасайды жөне т. б. Адамның ұзақ өмір сүруінде дұрыс тамақтана білудің рөлі зор. Көбіне көкөніс, жеміс-жидектерді пайдалану, тамақтану ережелерін мұқият сақтау. Майлы етті тағамдарды шектеп пайдалануды естен шығармау қажет. Дұрыс тамақтану адамның дене салмағының біркалыпта болуына жағдай жасайды. Артық салмақ аурудың пайда болуына әсер етеді. «Артык салмақ - аурудың белгісі» деген ұғым соны аңғартады. Адам денсаулығына халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері де жағымды әсер етеді. Мысалы, ораза ұстау - адам ағзасын қажетсіз заттардан тазартады. Балаларды сундетке отырғызу - терінің таза болуына септігін тигізеді. Намаз оку - тазалықты сақтап, буын қозғалыстарының белсенділігін арттырады. Әрбір адам өз денсаулығына қамқорлық жасап, үнемі көңіл бөліп отыруы тиіс. Ұзақ өмір сүрудің негізгі шарты - денсаулықты сақтау мен нығайту екенін естен шығармауымыз керек.
Адам денсаулығының басты үш көрсеткіші бар. Олар: біріншіден - адам ағзасының орта жағдайларына бейімделуінің жоғары дәрежеде болуы. Ол ағзадағы барлық мүшелер жүйесінің бірімен-бірінің үйлесімді жұмыс аткаруы аркылы байқалады. Екіншіден - адамның психикалық көңіл күйінің калыпты дамуы арқылы айқындалады, ойлау, есте сактау, зейін, дарындылық және т. б. қабілеттіліктерді қоғамның қажетіне жұмсай білу. Үшіншіден - жеке тұлғаның қоғамдағы өз орнын білуімен, жауапкершілігін сезінумен айқындалады. Бұл адамдардың бірімен-бірінің қарым-қатынасы аркылы білінеді. Дүниежүзілік денсаулық ұйымының шешімімен 7 сәуір «Бүкіләлемдік денсаулық сақтау күні» деп белгіленген. Біздің елімізде де адамдардың денсаулығын сақтауға ерекше көңіл бөлінуде. Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы қаулысымен «Салауатты өмір салтын қалыптастырудың Ұлттық орталығы» ұйымдастырылды.
Өндірістік жарықтандыруға қойылатын гигиеналық талаптар жарықтың қабылдануы мен әсер етуінің психофизиологиялық ерекшеліктеріне негізделеді. Оғаналдымен күн жарығына барынша жақын жарықтың спектрлік құрамы жатады. Кейбір жасанды жарық көздерінің (мысалы: люминисцентті шамдар) спектрінде, табиғи түстік гаммаларын бұзып, нақтылы түстерді өзгертетін (мысалы: адамдардың беттеріне бозғылт-сұр түс беретін) суық тондар болады. Түстерді ажырату қажеттілігі бар кейбір өндірістерде, нақтылы түсті қабылдаудың бұзылуы өндірістік талаптар бойынша рұқсат етілмейді. Екіншіден, көру жұмыстарының дәлділігін және т. б. жағдайларын ескерсек жарық деңгейі жеткілікті және гигиеналық нормаға сай болу керек. Мысалы: рең сипаты мен түс айырмашылық (контраст) деңгейі: рең неғұрлым қараңғы ал түс айырмашылығы аз болса, соғұрлым қажетті жарық деңге і жоғары болу керек. Үшіншіден өндірістік жайлардың жарықтануы неғұрлым тұрақты және біркелікті болу керек, ол жиі қайта бейімделудің орын алмауына, көрудің қажуының алдын алуға себепкер болады. Бұл, жарық көздерін тиімді орналастыру және кернеуліктің тербелісін болдырмау (2, 5% жоғары) арқасында жарық ағымы шамасының пульсациясына жолбермеу арқасында іске асырылады. Төртіншіден, жұмыс аймағындғы жарық көздерімен құрал-жабдықтар бетінің жарқылдағына қарсы күрес жүргізілу керек.
Өндірістік мекемелерді жарықтандыру жасанды және табиғи жарықпен жүзеге асырылады. Табиғи күн сәулеі жағымды спектрлі және адам көзіне үйреншікті болып келеді. Табиғи жарықтандыру психологиялық жағымды әсер етеді. Күн спектрінің құрамында адам денсаулығына маңызды ультракүлгін сәулелер бар, бірақ олар қарапайым шынылардан (әйнектен) өтпей ұсталып қалатындар үшін күн спектрінде ультракүлгін сәулесінің болуы өте пайдалы. Табиғи жарықтандыру мен жасанды жарықтандырудың қоса қолданылуы бірлескен жарықтандыру деп атайды. Бірлескен жарықтандыруды нормалау табиғи жарық коэфициенті (ТЖҚ) бойынша жүзеге асырылады. Жасанды жарықтандыру қабырғадағы терезелер (бүйірден), шыныланған жарық фонарлары (жоғарыдан) жарықтандыру, немесе екі тәсілді бір мезгілде қолдану арқылы (қиыстырылған) жүзеге асырылады.
Табиғи жарықтандыру деңгейі күні бойы өзгеріп отырады және атмосфера жағдайына тәуелді болады. Жасанды жарықтандырудың бұндай кемшіліктері болмағанымен, оның спектрлік сипаты табиғи жарықтыкінен нашар және энергия шығындылығымен, байланысты электр қауіптілігімен және т. б. кемшіліктермен (жарық ағымының импульсациясы, артық шу) сипатталады. . Жалпы-жарық көздеріменғимаратты жарықтандыруда қиыстырылған-жалпы жарықтандыру мен бірге қарқынды көру жұмыстары атқарылатын жұмыс орындарында жоғары деңгейдегі жарықтандыруды қамтамасыз ету үшін жергілікті жарықтатқыштарды орнатады. Қиыстырылған жарықтандыру жүйесі өндірісте кең қолданылады және экономикалық тұрғыдан ұтымды болып саналады. Төбеден және қиыстырылып (төбеден және бүйірден) ұйымдастырылған табиғи өндірістік жарықтандырудың, жоғары біркелкілікті қамтамасыз ететіндіктен тек бүйірден жарықтандыруға қарағанда тиімділігі жоғары. Табиғи жарық тек бүйірден берілген жағдайда ғимараттың терезеге жақын жерлерінде жарық деңгейі жоғары, ал тереңінде төмен болады. Жасанды жарқтанды бағалауда табиғи жарықтандыру коэффициентін (ТЖК) қолданады. Ол жұмыс орнындағы жарықтандыру шамасының сыртқы жарықтандыру шамасына қатынасның процентпен белгілеуі. Мемлекет аралық құрылыс нормаларында берілген гигиеналқ нормаларда жасанды және табиғи жарықтандырудың жұмыстың дәлділігі мен жарықтандыру түріне қажетті ТЖК шамасын анықтайды. Дәлділік дәрежесі бойынша жұмыс сипатын анықтау негізіне объектінің мөлшері (размері) алынады: тігін жібінің қалындығы, сызық қалыңдығы т. б. Төбеден және қиыстырылған ( төбеден және бүйірден) жарықтандыру үшін норма бойынша ТЖК ең жоғары шамасы қарастырылады, себебі жарықтандырудың бұл түрлерінде жарық ағымының біркелкі таралуы маңызды орын алады. Бүйірден жарықтандыруда ТЖК ең төменгі мөлшері нормаланады, яғни терезеден алшақ және нашар жарықтанған аймақтарда, оның шамасы айтарлықтай аз. Цехтардағы табиғи жарықтандыру деңгейінің әйнектердің ластануына байланысты өткізу коэффициенттерінің төмендеуіне, қабырғалар мен төбелердің кірлеп, шағылыстыру коэффициенттерінің төмендеуіне байланысты барынша азаюымүмкін. Төбе мен қабырғалардағы әйнектер ауданы тым үлкен жайлардағы жұмыс орындарына күн сәулесінің тікелей және шағылысып, жылтылдап түсуіне байланысты көру қабілеттілігі қиындап соқырлану жағдайы орын алады. Сондықтан бұл құбылыстармен күресу үшін күннен қорғайтын қалқаншалар, экрандар, жалюздер мен перделер т. б. қолданады. Өндірістік жайларда табиғи жарықтандыру құрамындағы маңызды ультракүлгін сәулесі жеткіліксіз болған жағдайда, жұмысшылар үнемі болатын жұмыс орындарында, әсіресе шахталар менкеніштерде жасанды ультракүлгін құрылымдары орнатылу керек. Осы мақсатпен, жалпы эритемді сәулелені құрылымдары, ультракүлгін сәулелендіру фотарилері қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz