Қиын оқушының психологиялық мінездемесі


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СРО
Тақырыбы: Қиын оқушының психологиялық мінездемесі
Орындаған: Мухамедканова Мадина
Тексерген: Оспанова Қ. Ш.
Семей 2015 ж
Тәрбиесі қиын балаларды тудыратын себептердің бірі - балаларын оқытуда, тәрбиелеуде ата - аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейрімсіздікті, яғни қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілдікті туғызады.
Екінші себеп - бұл үйдегі сәтсіздік, маскүнемдік, ұрыс - төбелес, ұрлық, ата - аналардың және басқа отбасы мүшелерінің жеңілтек мінез - құлқы, ал бәрінен жаманы - ажырасу, неке бұзу.
Отбасы тәрбиесінде ата - аналардың мінез - құлқы шешуші фактор. «Сіз өз балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын өзіңіздің мінез-құлқыңызды тексеріңіз» деген болатын А. С. Макаренко. Оның сөзін жалғастыра келіп, . . . егер сіз дөрекі және мақтаншақ немесе маскүнем болсаңыз . . . ал, онда сізге тәрбие туралы ойланудың қажеті жоқ.
Егер әке маскүнем болса, мектеп жасына дейінгі балалар жүйке ауруынан (невроз), жиі қояншық ұстамадан (эпилепсия) азап шегеді, олардың ақыл - ойы баяу дамиды. Мұндай балалар енжар, тынымсыз, ашушаң келеді. Әрбір ата - ана азғындыққа түспеу үшін күш қабілетін пайдаланып, балаларға мейірімді өнеге мен әсер ету керек.
Үшінші себеп - ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударылады. Кейбір отбасы баланың ішкі дүниесін, тілектерін, ойларын, қайғысын қоршаған ортаға қатынасын жете біле бермейді.
Тату отбасында ата - аналар балалардың күнделікті өмірі мен іс - әрекетіне басшылық жасайды. Балалардың өздерінің қуанышын, қайғыларын, ойларын, уайымдарын бөлісуге үйретеді, саяси мәселелерді, жаңа фильмдер мен кітаптарды бірлесе отырып талдайды, өздерінің сүйікті әндерін орындайды.
Отбасы бала үшін өмір мектебі, онда мейірбандық, шындық, адалдық, қайрымдылық, еңбексүйгіштік, т. б. тәртіп пен мінез - құлық қасиеттері дамиды және қалыптасады. Отбасында қоғамның келешек азаматы өседі.
Басқаша айтқанда, отбасы жеке адамның тәртібі және мінез - құлық негізін қалайтын микро - ұжым.
В. Г. степанов, В. А. Крутецкий
мінез құлықтағы қиындық мәселесін қарастыра келе оқушыларды екі қатарға бөлді:
Бірінші
қатарға адамгершілік дамуында және мінез - құлқында, шамамен алғанда өте үлкен емес ауытқушылықтары бар оқушылрды жатқызады, олар - тәртіпсіз, жалқау, қыңыр, дөрекі, өтірікші балалар. Тәртіптілік өзіне және басқаларға деген жоғарғы талап қоюшылық, киіміндегі тазалық және жинақтылық сияқты және т. б. көрсеткіштерден айқындалады. Тәртіпті емес мінез - құлықты осыған қарама - қарсы көрсеткіштерден: жұмыстан жалтарып кетуге тырысу, берілген тапсырманы орындамау, адал еместік, өзінің жеке қызығушылықтарын достарының арасында жүзеге асыруға тырысу, үнемі тәртіпті бұзуынан және т. б. байқалады.
Екінші
қатарға жеке акцентуациясында және мінез - құлқында қиындығы бар балаларды жатқызады.
Үлесімдік типтегі Балалар барлық жеке қасиеттері қалыптасқандығымен сипатталады, олардың қиналыс және қауіп - қатерлік сияқты психологиялық факторларды іс жүзінде қалыс қалады. Олар интеллектің жоғары деңгейіне ие болады, көпшіл, өзіне сенімді, орындалатын жұмысқа адал ниетпен кіріседі, өзінің мінез-құлқына ойдағыдай баға береді.
Әлеуметтік - болжамды типіне жататын балалар үйлесімді тип сияқты жекеліктің тұрақты құрылысына ие болады, бірақ оларда жағдайға байланысты өте күшті тәуелділік, өзін қоршаған ортамен сәйкестендіруге тырысушылық, дұрыс мінез - құлық мөлшерін сақтап, іс - әрекет жасауға деген қажеттіліктері өзгешелендіреді.
Үстемдік типіндегі балалардың айрықша ерекшелігі дербестігі, тәуелсіздік, өзін - өзі сендіруге тырысушылық. Олар өздеріне өте сенімді, тәуекел жасауға бейім тұрады және әлеуметтік батылдыққа ие болады.
Қауіп - қатерлі типтегі балаларға жоғары эмоционалдық тұрақсыздық, тым мазасыздану, қауіп - қатерлік төменгі стрестік, тұрақтылық тән.
Әсерленгіш типтегі балаларға жасқаншақтық пен ұялшақтық тән. Бұл типтегі балалар үшін өрескелдік, жылылықтың болмауы, басқалардың күлуі, психотравмды жағдай болып табылады.
Интровертивті типтегі оқушылардың тұйық, жанасымы кембалалар. Олар үшін біреулермен байланысқа түсу қиындық тудырады.
Инфантивті типтегі балалардан эмоционалды - еріктік сфералары жетілмегендіктен, өзіндік шешім қабылдаудағы сезім дәрменсіздігі, қорғансыздығы көрінеді.
Бала көп жағдайда өзін дұрыс ұстамайды, ол оның тәрбиесіздігінен, қажетті позитивті білімнің, дағдысының, ақлының қалыс қалуынан, қараусыз қалу, қоршаған ортаның теріс ықпалынан, соның нәтижесінде әлеуметтік - психологиялық дезадаптациясының дамуынан, т. б. көрінеді. Балаға мұғалімнің, ата - аналарының немқұрайлығының өршуі, құрбы-құрдастарымен өзара қарым - қатынастырының дұрыс болмауы қоғамда қиын баланың көбеюіне әкеліп соғуда.
Тәрбиеленуі “қиын” балаларды болдырмау үшін ұстаз бен шәкірт арасында тартыс тумауы қажет. «Қиын» деген оқушының өзі бұзылған, бала емес екенін ескеру керек.
Сондықтан да «қиын» бала тәрбиесінде тәрбиеші мына жайттарды ерекше назарда ұстаған жөн:
- Баланың жас ерекшелігін ескере отырып, рухани дүниесін терең зерттеп білу, жүрегіңізбен сезініп, оған қайырымды болу керек.
- Баланың ішкі дүниесі мен қылықтарын, іс-әрекеттерін білу керек, мінезін түсіну үшін оның дамуына қажетті не екенін білу керек.
- Мейірім мен сүйіспеншілік - екі жақты да адамдық сипатқа жеткізетінін ұғыну керек.
- Психологиялық түзету кезеңінде тек қана төзімділік керек.
- Тәрбиелік іс-әрекет кезінде сабырлы, ілтипатты, салқынқанды, ұстамды болу қажет.
- Баланың саналы түсінгендігіне сенім көрсетіп, әділетті болу керек.
- Құр уағыз айтып, мезі етіп, жанын жараламай, қателігін үнемі бетіне баспау керек.
- Орынсыз жазаламау керек.
- Жан жылуын зәруліктен құтқару, бала құқығымен санасу.
- Жеке тұлға ретінде дамуына ықпал ету жағын ескеру қажет.
Осы жағдайлардың бәрін ескере отырып, тәрбиеленуі қиындардың әрқайсысына әр түрлі қатынас жасап, оларды жеке-жеке бақылап, зерттеп, өзіне лайықты шара қолданып, тәрбие жұмысын жүргізу керек. Тәрбиелеуі «қиын» жасөспірімдерді тәрбиелеу проблемасы көп факторлы құбылыс, оны психологиялық жағынан бақылап зерттеу, педагогтар мен психологтарға, заң қызметкерлеріне жүктеледі.
Ол үшін баламен жұмысты қалай жүргізуге болады:
- “тәрбиеші және бала” - бір-біріне деген сенім атмосферасының қалыптасуы;
- мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау және баланың балалық шағын қорғау туралы үрдістерді іске қосу;
- баланың жанұясымен үнемі тығыз байланыста болу;
- үнемі әлеуметтік қорғау туралы қосымша мағлұматтармен, құжаттармен танысу.
Д. Б. Элькониннің айтуынша, баланың дамуы кезінде оқу процесінің алатын орны ерекше. Бала мектепке келгенде оның ойында оқуға деген қызығушылық әлі толық қалыптаспаған, тек оқу барысында мұғалімнің ықпалымен қызығушылғы біртіндеп қалыптасады деген.
Белгілі ғалым Л. С. Выготский былай деп жазған: «Қызығушылық-бала қылығын итермелеуші күш. Баланың іс-әрекеті оның органикалық қажеттілігімен сәйкестілігін көрсететін инстинктивті ұмтылыс. Тұлғаны қандай да бір іс-әрекетке шақырғыңыз келсе, ең алдымен оның қызығушылығын тудыру қажет. Оның сол іс-әрекетке дайын екеніне және оны орындауға барлық күшін бағыттайтынына көз жеткізуге керек. Сонда ғана тұлғаның іс-әрекетті өз бетінше істей алады, ал мұғалім тек қана оның іс-әрекетін басқарып және бағдарлап отырады».
Ал, мұғалімге психологиялық білім өзіне-өзі белгілі талап қоя білу үшін де және оқушыларға білу, білім беру және тәрбиелеу үшін де қажетті өзіндегі жеке адамдық қасиеттерді дамытуға да керек.
Ал оқушының оқуға қызығушылығын тудыру мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен қабілетіне байланысты болады. Бұл негіз ең біріншіден педагогтың жеке қасиетіне, қабілетіне, оқушымен қарым-қатынасына, олардың әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруына қарай құрылады.
Бала білімінің бастапқы іргетасы бастауышта қаланатыны бәрімізге белгілі. Бастауыш сыныпта сабақтың бір элементтерін түсінбеуі оқуда қиындық тудырады, ал оқу бағдарламасы сыныптан сыныпқа ауысқан сайын күрделене береді, бұл баланың оқу үлгерімі нашарлап, сабақтан қашу, сабаққа келмеу және т. б. әрекеттері арқылы көріне бастайды.
Г. М. Минковский, Л. М. Зюбин, Д. В. Колесов, В. Н. Кудрявцев зерттеулерінде қиын балалардың басым көпшілігі - мектептегі оқуда қиындықтарға кезігіп, оқу бағдарламасын дұрыс меңгере алмай, ұжымнан тысқары қалып қалған балалар, -деп атап көрсетті.
Белгілі ғалымдар Б. Г. Ананьев, Л. И. Божович зерттеулерінде мұғалім мен бала арасындағы қарым-қатынас, баланың ата-анасына және құрбыларына қарым-қатынасын анықтап, эксперименттік түрде зерттеп көрсеткен. Жалпы ғалымдардың зерттеулеріне сүйенетін болсақ, бала мінез-құлқының қиындығы 6-8 сыныптарда әсіресе ұл балаларда басымырақ байқалады деген.
Мінез-құлқында қиыншылығы бар оқушыларды әдетте екі топқа бөліп қарастырады:
1. Тән кемтарлығы және жан жарақаты бар оқушылар;
2. Отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруда сыртқы кері факторлардың, әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспаған оқушылар.
Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктерін теориялық тұрғыда Л. С. Выготский еңбектерінде талқыланды, сондай-ақ А. С. Макаренко тәжірибелерінен де үлкен орын алды.
Бірқатар қазақстандық педагог зерттеушілер В. Г. Баженов, А. Жұмабаев, К. А. Жүкенова, А. М. Карабаева, И. Ф. Назаров, В. А. Парфенов, В. А. Трифонов, В. П. Шевченко, Л. В. Лысенко, Л. К. Керимов және т. б еңбектерінде қиын балалардың қиқарлық сияқты жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік-педагогикалық факторлардың әсер ететіндігін зерттеді. Бастауыш мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің асоциальды мінез-құлықтарын, спорт, өзіндік және жеке жұмыстарды ұйымдастыру, мектепке деген ықпалды күшейту, отбасындағы белсенділікті арттыру, ұжымдағы әрекеттерге балаларды қатыстыру арқылы жеңудің әртүрлі жолдарын көрсетті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz