Түйе терісі



Ата – бабаларымыз көшпелі мал шаруашылығымен өте ерте заманнан бері айналысып келген . Сол бағзы замандардан бері халық шеберлері мал мен аңның терісін, жүнін, мүйізін, сүйегін, тұяғын, құйрық – жалын үлкен шеберлікпен ұсатып, олардан киім-кешек, қару-жарақ, ат әбзелдерін, ыдыс- аяқ, тағы басқа толып жатқан тұрмысқа қажетті бұйымдар жасаған. Әрбір іске әр түрлі терілер пайдаланылған. Шеберлер оның әрқайсысына өзінше атау берген. Мысалы, ірі қараның терісі әрбір іске арнайы пайдаланылғандықтан, соған қарай : сиыр терісі, өгіз терісі, тайынша терісі, бұзау терісі деп төртке бөліп атайды да, әр терінің өн бойы - жондық, қабырғалық, үйектік, пұшпақ, мойын деген бөліктерге бөлінеді. Жылқы терісін : бие терісі, жабағы және құлын терісі деп үшке бөледі. Түйе терілерін: атан терісі, бота терісі деп екіге бөледі. Атан терісі, өгіз терісі және олардың жондықтары қол істеріне ең қолайлысы. Қой терілері : жабағы тері, қырықпа тері, күздік тері, соғым терісі, тақыр тері, тоқтышақ терісі, сеңсең тері, елтірі, мари, жылбасқа деп бөлінеді. Осы терілер киім түрлерінің барлығына жарай береді. Ешкі терісін: жүндес тері, тақыр тері, түбітті тері, серке терісі, лақ терісі, мари терісі деп бөледі. Ешкі терілері өте төзімді, берік келеді. Сондықтан одан алуан түрлі киімдер тігеді, бөстек, тулақ, торсық, саба, қапшық жасайды.
Теріні өңдеу. Тері өңдеу кәсіпшілігі қолөнерлердің арасында жетекші орын алған. Қазақтар баяғыдан-ақ тері илеуді және оны әр түрлі түске бояуды білген, теріге батырма салу, өрнек тігу техникаларын меңгерген. Қазақ халқының тұрмыс – тіршілігінде, шаруашылық жайында, қолөнер саласында тері өңдеу өнері маңызды орын алады. Себебі, негізгі тіршілік көзі мал шаруашылығы болғандықтан қазақ халқы малдың етін, сүтін азық етсе, терісі мен жүнін киім – кешек тігуге , тұяғы мен мүйізінен, сүйегінен әр түрлі қолөнер бұйымдарын әзірлеген, тіпті, малдың тезегін де тастамай отын ретінде қолданған.
Теріні илеу. Қазақ халқы теріні көбіне илеп пайдаланған. Иленбеген ірі қара малдың терісін шылғи тері, шылғи қайыс деп атаған. Шылғи қайысты ұқсатудың екі түрлі жолы бар. Бірі – оның жүнін сылып тастап пайдалану, екіншісі –теріні жүнін сылымай-ақ пайдалану. Иленбеген жүнді терілерден тулақ, тайтері, бөстек, тұлып, қауға, мес, дорба, шарқай, т.б. заттар жасаған. Жүнін алып тастаған терілерден көк, өкше сірі, көн, дабыл жасалады. Құрымға салынып, ысқа ұсталып, құмға қатырылған теріден саба, торсық, көнек, шанақ жасалады. Мал терісін малма әдісімен илеген. Малма дегеніміз — үлкен ыдысқа ашытқы ашытып, теріні соған салып илеу. Боялған терілерден әсем киім, тұрмыста тұтынатын әдемі заттар жасалады. Ал, аң терілерінің (түлкі, қарсақ, қоян ,т.б.) төрт түлік малдың терілерінен айырмашылығы олардың терісі жұқа. Терінің ішкі жағына айран немесе сарысуға ұн қосып (қарабидайдың ұны ) арнаулы и жағып, бір – екі тәулік жылы жерде ұстайды. Қоян, түлкі, қарсақ, бұлғын, т.б аң терілері өте жұқа болғандықтан иді жылдам қабады. Әбден иі қанған теріні тазартып, уқалап, созғылап жұмсартқан жөн. Иі қанып жұмсарған тері ақ түсті әрі жұмсақ болады. Олардан бас киім, жаға т.б тігуге болады.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

МӨЖ
Тақырыбы: Түйе терісі

Орындаған: Мұқанова Л.Б
Тобы: МТЖ-407
Тексерген: Қорабаев Ж.З

Семей 2015

Ата - бабаларымыз көшпелі мал шаруашылығымен өте ерте заманнан бері айналысып келген . Сол бағзы замандардан бері халық шеберлері мал мен аңның терісін, жүнін, мүйізін, сүйегін, тұяғын, құйрық - жалын үлкен шеберлікпен ұсатып, олардан киім-кешек, қару-жарақ, ат әбзелдерін, ыдыс- аяқ, тағы басқа толып жатқан тұрмысқа қажетті бұйымдар жасаған. Әрбір іске әр түрлі терілер пайдаланылған. Шеберлер оның әрқайсысына өзінше атау берген. Мысалы, ірі қараның терісі әрбір іске арнайы пайдаланылғандықтан, соған қарай : сиыр терісі, өгіз терісі, тайынша терісі, бұзау терісі деп төртке бөліп атайды да, әр терінің өн бойы - жондық, қабырғалық, үйектік, пұшпақ, мойын деген бөліктерге бөлінеді. Жылқы терісін : бие терісі, жабағы және құлын терісі деп үшке бөледі. Түйе терілерін: атан терісі, бота терісі деп екіге бөледі. Атан терісі, өгіз терісі және олардың жондықтары қол істеріне ең қолайлысы. Қой терілері : жабағы тері, қырықпа тері, күздік тері, соғым терісі, тақыр тері, тоқтышақ терісі, сеңсең тері, елтірі, мари, жылбасқа деп бөлінеді. Осы терілер киім түрлерінің барлығына жарай береді. Ешкі терісін: жүндес тері, тақыр тері, түбітті тері, серке терісі, лақ терісі, мари терісі деп бөледі. Ешкі терілері өте төзімді, берік келеді. Сондықтан одан алуан түрлі киімдер тігеді, бөстек, тулақ, торсық, саба, қапшық жасайды.
Теріні өңдеу. Тері өңдеу кәсіпшілігі қолөнерлердің арасында жетекші орын алған. Қазақтар баяғыдан-ақ тері илеуді және оны әр түрлі түске бояуды білген, теріге батырма салу, өрнек тігу техникаларын меңгерген. Қазақ халқының тұрмыс - тіршілігінде, шаруашылық жайында, қолөнер саласында тері өңдеу өнері маңызды орын алады. Себебі, негізгі тіршілік көзі мал шаруашылығы болғандықтан қазақ халқы малдың етін, сүтін азық етсе, терісі мен жүнін киім - кешек тігуге , тұяғы мен мүйізінен, сүйегінен әр түрлі қолөнер бұйымдарын әзірлеген, тіпті, малдың тезегін де тастамай отын ретінде қолданған.
Теріні илеу. Қазақ халқы теріні көбіне илеп пайдаланған. Иленбеген ірі қара малдың терісін шылғи тері, шылғи қайыс деп атаған. Шылғи қайысты ұқсатудың екі түрлі жолы бар. Бірі - оның жүнін сылып тастап пайдалану, екіншісі - теріні жүнін сылымай-ақ пайдалану. Иленбеген жүнді терілерден тулақ, тайтері, бөстек, тұлып, қауға, мес, дорба, шарқай, т.б. заттар жасаған. Жүнін алып тастаған терілерден көк, өкше сірі, көн, дабыл жасалады. Құрымға салынып, ысқа ұсталып, құмға қатырылған теріден саба, торсық, көнек, шанақ жасалады. Мал терісін малма әдісімен илеген. Малма дегеніміз -- үлкен ыдысқа ашытқы ашытып, теріні соған салып илеу. Боялған терілерден әсем киім, тұрмыста тұтынатын әдемі заттар жасалады. Ал, аң терілерінің (түлкі, қарсақ, қоян ,т.б.) төрт түлік малдың терілерінен айырмашылығы олардың терісі жұқа. Терінің ішкі жағына айран немесе сарысуға ұн қосып (қарабидайдың ұны ) арнаулы и жағып, бір - екі тәулік жылы жерде ұстайды. Қоян, түлкі, қарсақ, бұлғын, т.б аң терілері өте жұқа болғандықтан иді жылдам қабады. Әбден иі қанған теріні тазартып, уқалап, созғылап жұмсартқан жөн. Иі қанып жұмсарған тері ақ түсті әрі жұмсақ болады. Олардан бас киім, жаға т.б тігуге болады.
Теріні бояу тәсілдері. Иі қанып, керіліп, созылған, талқымен созғыдан өтіп, сүргіленген тері аппақ әрі жұмсақ болады. Бірақ ақ тері кіршең келеді. Сондықтан, теріні табиғи бояулармен бояуды халық шеберлері өте ерте замандарда-ақ меңгерген.
Семіз малдың терісі майлы болады. Майлы теріні бояу қиынға түседі. Сондықтан терінің майын сорғыту үшін бор, сор, күл, т. б. сеуіп бірнеше тәулік ұстаған жөн.
Тері бояу үшін көп қолданылатын шикізат - ағаштардың қабығы болып табылады. Ол үшін тал, емен, сарыағаш т. б. қабығы қолайлы.
Әлдебір қажеттілік үшін жығылған ағаш болмаса, тері бояу үшін өсіп тұрған ағаштың қабығын ешқашан сыдыруға болмайды.
Ағаш қабығын жуып, көлеңкеде кептіреді. Кепкен соң темір келіге түйіп, немесе қол диірменге тартып, ұнтақтап алған жөн.
Сол сияқты тері бояу үшін рауғаштың тамыры, томар бояу, қына т. б. көптеген өсімдіктердің тамыры мен бүрлері жарамды. Өсімдік тамыры мен жапырағын күз айларында жинап, жуып, тазалап кептіреді де ұнтақтап алған соң әрқайсысын жеке-жеке ыдысқа салып қояды. Ұнтақ қандай өсімдіктен алынғанын жазып қойған жөн. Өйткені әр өсімдік әртүрлі реңді береді. Қына - қызыл болса, еменнің қабығы қоңыр, сарыағаштың тамыры - сары болса, ермен жусанның бүрінен жасыл түс шығады.
Боялатын терінің түсін бояу ұнтақтарын бір-біріне қосып, қажетті реңді алуға болады. Аталған табиғи бояулардан ашық сары түстен бастап қызыл қоңыр, қызыл күрең, шымқай қызыл, қою қоңыр түске шейін алуға болады.
Ұнтақталған бояудың бір өлшеміне екі өлшем су қосып қайнатады. Суға тұзды тататындай мөлшерде қосып, басытқы ретінде бір қасық сірке суын, мүсәтір немесе ашудас қосуға болады.
Су әбден қайнап ұнтақтың бояуы шыққан соң ұнтақ қалдығын екі-үш қабат дәкеден өткізіп сүзіп алады. Тері күймейтіндей қанжылым кезінде бояуды таза киізбен немесе қылқаламмен жағып бояй беруге болады.
Бояудың қоюлығын су қосу арқылы, түсін басқа түсті ұнтақ қосу арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғи және жасанды былғары, үлпекті материалдар
Қидағы микробиологилық үдерістер. Қиды биотермиялық өңдеу
Аяқ киімге арналған былғары шикізаттары
Жүн шикізатының тауартануы
Былғары және тері өндірісінің шикізаты
Мал терілерінің атаулары мен түрлері
Мал денсаулығын сақтап, өнімділігін арттыру
Теріні жіктеу
Былғары шикізаты
Жүн және тері, ішіктік шикізаттардың микрофлорасы
Пәндер