Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактика пәні және оның мақсаты жайында



Жоспар:

1. Дидактика туралы түсінік.
2. Дидактиканың пәні мен объектісі.
3. Дидактиканың функциялары мен қызметтері.
4. Негізгі дидактикалық тұжырымдамалар және оқыту моделдері.
5. Қорытынды
Дидактика (гр. διαλεκτική – тәлімді) – білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдықформаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы.
Дидактика ежелгі Грекияда жас ұрпақты «оқыту-үйрету» тәжірибесінің негізінде пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінде жалпы мәдениеттің, ғылымның дамуына, оқыту жүйесі мен тәлім-тәрбие ісін жаңаша құру міндетіне байланысты, педагогика ғылымының негізгі саласы болып қалыптасты. «Дидактика» терминін XVII ғасырда чех ғалымы Я.А.Коменский өзінің «Ұлы дидактика» (1657) деген зерттеуінде алғаш рет пайдаланды. Ол білім берудің мазмұнын, дидактикалық принциптер мен көрнекілікті, дәйектілікті және табиғатпен сәйкес келуді негіздеп, сабақ өткізу жүйесін ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан тұжырымдап берді. Коменскийдің дидактикалық идеялары XVIII–XIX ғасырлардағы швейцариялық педагог И.Г.Песталоцийдің, неміс ғалымыФ.А.Дистервегтің, Ресейде К.Д. Ушинскийдің еңбектерінде одан әрі дамытылды.Қазақстанда дидактикалық ой философиялық, әлеуметтік, этникалық, әдеби шығармалар арқылы дамыды. Көне түркі жазба ескерткіштерінде,«Қорқыт ата кітабында», ежелгі жыр-аңыздарда, мақал-мәтелдерде, ертегілерде ұрпақ тәрбиесіне қатысты ойлар мен толғаныстар мол. Әбу Наср әл-Фараби өзінің философиялық трактаттарында адамгершілігі мен білімі кемел адамды әділетті қоғам құрудағы шешуші тұлға ретінде қарастырды. Қожа Ахмет Иасауи адамның өзін-өзі жетілдіріп, рухани кемелдену арқылы хаққа (ақиқатқа) жетуге болатынын өсиет етеді. Қыпшақ тіліндегі «Кодекс Куманикус» сөздігі мен Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат ит-түрк» сөздігінде де тәлім-тәрбиеге қатысты мақал-мәтелдер, өлең-жыр үлгілері көп. Ал, Жүсіп Баласағұни, Иүгінеки Ахмед, Сүлеймен Бақырғани, т.б. дидактикалық дастандарында бала тәрбиесіне, оқу-білімнің маңызына, адамгершілік негіздеріне жан-жақты тоқталған.
Қазақ әдебиеті тарихында «жыраулық поэзия» деп аталатын Асан Қайғыдан Бұқар жырау шығармаларына дейінгі ауызша жыр-толғаулар ұлттық педидактика ойдың да терең қазынасы болып табылады. Отандық қоғамдық ойдың тарихында ұлттық үрдістерді әлемдік өркениет үлгілерімен ұштастырған ұлы ғұлама Абай Құнанбайұлы болатын. Абайдың философиялық ойларында ұрпақ тәрбиесіне, жалпы тәрбие проблемаларына да қатысты тұжырымдар мол. Отандық педагогика ғылымы тарихында таза ағартушылық қызметпен айналысып, тәрбие мен оқу-ағарту ісін дамытуға кәсіби теориялық тұжырымдамаларымен ат салысқан
Қолданылған әдебиеттер:
1. Әтемова Қ.Т.Әлеуметтік педагогика. Оқулық. –А.,2012,-272б.
2. Лернер И.Я. Дидактические основы методов обучения. М., 1981
3. Айтбаева А.Әлеуметтік педагогика негіздері. Оқу құрал.-А.,2011.
4. Социально-педагогический словарь. /Под ред. Т.Н.Черняева, А.С.Иргалиев, Ж.Ж.Жароллаева. Эл. Издание. – Уральск,2010.
5. Г.Қ. Нұрғалиева, С.Мусин. Салыстырмалы педагогика. -Алматы: Ғылым, 1999.
6. Педагогика. Дәріс курсы. А, «Нұрлы Әлем», 2003
7. Е.Сағындықұлы. Педагогика. - Алматы, 1999.
8. Қоянбаев .Ж.Б. Педагогика - оқу құралы. Алматы. Рауан , 1992 ж.
9. Бабаев С.Б, Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика» Алматы 2006.
10. . Ильина Т.А. Педагогика. А., «Мектеп», 1977
11. Дүйсембекова Ш. Педагогика –Қысқаша дәрістер курсы. Семей 2005ж.
12. Көшекбаев Н. Оқыту теориясы. А., «Мектеп», 1992

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактика пәні және оның
мақсаты

Орындаған: Жумаханов Бекзат;
Фи – 311 топ студенті

Тексерген: Карипбаева Ш.Т.
Педагогика кафедрасының
аға оқытушысы

Семей 2015ж.
Жоспар:

1. Дидактика туралы түсінік.
2. Дидактиканың пәні мен объектісі.
3. Дидактиканың функциялары мен қызметтері.
4. Негізгі дидактикалық тұжырымдамалар және оқыту моделдері. 
5. Қорытынды 

Дидактика (гр. διαλεκτική – тәлімді) – білім беру, оқыту,
тәрбиелеу теориясы; педагогиканың ү йренушілерге білімді, машық пен дағдыны
меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін
білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері
мен ұйымдықформаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын
саласы.
Дидактика ежелгі Грекияда жас ұрпақты оқыту-үйрету тәжірибесінің
негізінде пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінде жалпы мәдениеттің, ғылымның
дамуына, оқыту жүйесі мен тәлім-тәрбие ісін жаңаша құру міндетіне
байланысты, педагогика ғылымының негізгі саласы болып қалыптасты.
Дидактика терминін XVII ғасырда чех ғалымы Я.А.Коменский өз інің Ұлы
дидактика (1657) деген зерттеуінде алғаш рет пайдаланды. Ол білім берудің
мазмұнын, дидактикалық принциптер мен көрнекілікті, дәйектілікті және
табиғатпен сәйкес келуді негіздеп, сабақ өткізу жүйесін ұйымдастыруды
ғылыми тұрғыдан тұжырымдап берді. Коменскийдің дидактикалық
идеялары XVIII–XIX ғасырлардағы  швейцариялық педагог И.Г.Песталоцийдің,
 неміс ғалымыФ.А.Дистервегтің, Ресе йде К.Д. Ушинскийдің еңбектерінде одан
әрі дамытылды.Қазақстанда дидактикалық ой философиялық, әлеуметтік,
этникалық, әдеби шығармалар арқылы дамыды. Көне түркі жазба
ескерткіштерінде,Қорқыт ата кітабында, ежелгі жыр-аңыздарда, мақал-
мәтелдерде, ертегілерде ұрпақ тәрбиесіне қатысты ойлар мен толғаныстар
мол. Әбу Наср әл-Фараби өзінің философиялық трактаттарында адамгер шілігі
мен білімі кемел адамды әділетті қоғам құрудағы шешуші тұлға ретінде
қарастырды. Қожа Ахмет Иасауи адамның өзін-өзі жетілдіріп, рухани кемелдену
арқылы хаққа (ақиқатқа) жетуге болатынын өсиет етеді. Қыпшақ тіліндегі
Кодекс Куманикус сөздігі мен Махмұт Қашқаридің Диуани лұғат ит-түрк
сөздігінде де тәлім-тәрбиеге қатысты мақал-мәтелдер, өлең-жыр үлгілері көп.
Ал, Жүсіп Баласағұни, Иүгінеки Ахмед, Сүлеймен Бақырғани, т.б. дидактикалық
дастандарында бала тәрбиесіне, оқу-білімнің маңызына, адамгершілік
негіздеріне жан-жақты тоқталған.
Қазақ әдебиеті тарихында жыраулық поэзия деп аталатын Асан Қайғыдан Бұқар
жырау шығармаларына дейінгі ауызша жыр-толғаулар ұлттық педидактика ойдың
да терең қазынасы болып табылады. Отандық қоғамдық ойдың тарихында ұлттық
үрдістерді әлемдік өркениет үлгілерімен ұштастырған ұлы ғұлама Абай
Құнанбайұлы болатын. Абайдың философиялық ойларында ұрпақ тәрбиесіне, жалпы
тәрбие проблемаларына да қатысты тұжырымдар мол. Отандық педагогика ғылымы
тарихында таза ағартушылық қызметпен айналысып, тәрбие мен оқу-ағарту ісін
дамытуға кәсіби теориялық тұжырымдамаларымен ат салысқан ғалым
– Ы.Алтынсарин. Оның мақалалары мен хаттарында, Қырғыз (қазақ)
хрестоматиясы, Қырғыздарды (қазақтарды) орыс тіліне оқыту ісіне алғашқы
басшылық, т.б. кітаптарында сол замандағы дидактика мәселелері әр қырынан
сөз болады. XX ғасырдың басында балаларды оқыту, тәрбиелеу
мәселелері А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауы тов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, т.б.
кітаптарында жан-жақты талқыланды. Әсіресе, Байтұрсынұлының сол замандағы
әлемдік дидактика ғылымындағы оқыту әдістерін талдаған мақалалары,
әдістемелік Баяншы кітабы отандық кәсіби дидактика ғылымының дамуына
негіз қалады. Кейін оқыту теориясымен айналысқан педаго г ғалымдар
(Қ.Жұбанов, Т.Тәжібаев, Р.Г.Лемберг, Н.Көшекбаев, т.б.) әлемдік
дидактиканың заңдылықтары мен принциптерін отандық оқу-ағарту ісіне қатысты
тұжырымдап, тәжірибеге енгізді.
Қазіргі заманғы дидактика ғылымы білім беру теориясы болып табылады. Оның
зерттеу пәні – оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары мен принциптері.
Дидактика өзінің алдына қойған мақсаттарға жету үшін белгілі бір
дидактикалық принциптерге негізделеді. Дидактикалық принциптер оқу-тәрбие
жұмыстарының заңды жүйесін көрсетеді, оқыту ісінде табысқа жетудің қажетті
шарты болып табылады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты құрылған.
Дидактика туралы жалпы түйін
Педагогика ғылымы оқыту мен тәрбиені ерекше бірлік пен бүтіндік ретінде,
әлеуметтік және тұлғалық себебімен, өсіп келе жатқан ұрпақты қоғам өміріне
үйрету мақсатына бағытталған қызметін зерттейді. Бұл -жалпы педагогиканың
объектісі. 
Бірақ бұл қызметтің әр екі бөлшегін жақсылап, толығырақ және нақтырақ
қарастыру мен ең нәтижелі бірігу үшін, оған сәйкес педагогикалық пәндерді,
яғни білім беру теориясы және тәрбиелеу әдістемесі белгіленеді.
Дидактика нені зерттейді? Білім беруді толығырақ деңгейде теория жағынан
зерттейтін  педагогикалық пәнді дидактика деп атайды. Сонымен, және
зерделейді?Дидактика дегеніміз-оқытудың мазмұнына, әдістеріне 
және ұйымдастырушылық түрлеріне ғылыми негіздеме беретін педагогикалық
білім беру теориясы. Дидактика қорыта келгенде мынадай жалпы екі сұраққа
жауап беуі тиіс: Нені оқыту және Қалай оқыту?. Бірақ бұл сұрақтарға
жауап берер жолында көптеген басқа сұрақтар туындайды және олардың ішінде
мынадай маңызды сұрақтар да кездеседі, мысалы, Оқыту қалай жүріп жатыр
және оған қандай заңдылықтар тән? және Қайда оқыту?. 
Қазіргі уақытта дидактика мен оның объектісіне әртүрлі анықтамалар бар. Біз
көптеген дәлелдемелер бойынша қазіргі білім қалпі мен бүтін қоғамға
ұйқасатындай мысалдар келтірдік. Басқаша, дидактиканы білім мен оқыту
теориясы ретінде анықтайды. Мұндай жағдайда білім оқытудың нәтижесі
ретінде, ал оқыту білім алу жолы ретінде көрсетіледі. Білімнің құрамына
былайша айтқанда, тәрбиелеу кірмейдіжәне педагогикалық қызметтің бүкіл
эмоцияға бай жағы, сонымен қатар дамуы да бұл түсініктерден тыс жерде
қалады. Басқа да дидактиканың айтылымдары болуы мүмкін. Мысалы, оны кейде
педагогиканың шын негізі психология мен оқыту практика арасындағы буын
ретінде айтады. Бірақ енді бұл теорияға педагогикалық емес, психологиялық
жағынан көзқарас болып келеді. басқа да айтылымдар кездестіруге болады. Ал
біз болсақ, бұл бөлімнің басындағы анықтамаларға сүйеніп,идидактика мен
оның объектісіне байланысты сұрақтарды қарастырамыз. 

Сонымен, дидактика –бұл білімді теориялық деңгейде зерттейтін педагогикалық
пән. Маңыздысы, педагогикалық ғылыми пәндер бірі болып келеді, яғыни
педагогика ғылымының саласы. Дидактиканы кезкелген педагог білу қажет,
өйткеі біздің заманымызда теориялық білімге сүйенбей ірі практикалық
мәселені ойдағыдай шешу мүмкін емес. Біздің кездерімізде тиімді білім беру
жолдарының формалары, әдістері мен тәсілдерін қиындап анықтау бара жатыр.
Дидактика басқалардың ішінде, мектеп практикасында жаңа әдістер мен жаңа
оқу құралдарын кіргізу салдарының болжам амалдарын жетілдіреді. Ал
мұғалімдер ғылыми жағынан өздерінің жұмыстары мен ұғымының ғылыми
дәйектемесін керек етеді. 
Бұл дұрыс емес, бірақ, дидактиканың практикаға бүкіл сұрақтарға соңғы және
нақты шешім бере алады деп түсінуге болар еді. Таным процесі шексіз. Кез
келген ғылым қиындық пен қарама –қайшылықты жеңу арқылы дамиды. Бірақ
мәселе құрамы жайлы емес, мәселе ғылымның мұғалімге өз қызметі туралы
ойлауға құрал береді, шындық пен арманды салыстыра отырып, оған істі
жақсартуға көмектеседі.
Бірақ толық педагогикалық теория мен педагогикалық оқыту теориясының ықпал
өрісі мұғалімдік қызметте қолданылуымен шектелмеуі тиіс. Педагогикалық
практика терминінің кеңірек мағынасы бар, яғни кең тараған көптеген қоғам
өміріндегі өрістерді қамтиды. Әлеуметтік практиканың кең арнасына
байланысты мемлекеттік деңгейдегі жалпы білім беру стратегиясы
жетілдіріліп, педагогикалық процесс жобалары жасалып,оқу құралдары
дайындалып жатыр және т.б. Енді теорияның міндеті бүкіл құралдар мен оларды
практикада қолдану дәйектемесі болады. Сондықтан практикалық қызмет
теориясы, яғни оқыту қызметінің теориясы қажет. Бұл -дидактиканың дәл өзі.
Дидактика – оқыту теориясы.
Жоғарыда айтылғандай тұтас педагогикалық процестің компоненттері оқыту мен
тәрбиелеу болып табылады. Екеуі өзара байланыста, тұтастықта жүргізіледі.
Дегенмен бұл компоненттердің өзіндік ерекшеліктері де бар. Педагогикалық
процесте оқыту процесі ерекше орынға ие. Оқыту барысында білім, білік,
дағды және жеке қасиеттер қалыптастырылады. Оқыту процесінің теориялық
негізін, оның заңдылықтарын, принциптерін, әдістерін және т.б. мәселелерін
педагогиканың өзекті саласы- дидактика атқарады. Дидактиканы дамытуда
Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, И.Ф.Гербарт, Д.Дьюи, К.Д.Ушинский,
П.Ф.Каптерев, М.А.Данилов және т.б. үлкен үлес қосты. Бұл ұғымды алғаш рет
ғылыми тұрғыдан ендірген неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635).
Дидактика гректің didaktikos- оқытушы, үйретуші деген сөзінен шыққан.
Дидактика ғылым ретінде төмендегідей мәселелерді қарастырады:
(​ Не үшін оқытамыз (оқыту мен білім берудің );
(​ Кімді оқытамыз (оқыту субъектілері);
(​ Оқытудың қандай стратегиялары тиімді (оқыту принциптері);
(​ Неге оқытамыз (білім беру, оқыту мазмұны );
(​ Оқытуды қалай ұйымдастырамыз (оқытуды ұйымдастыру формасы);
(​ Оқытуға қандай құралдар қажет (оқулықтар, оқу құралдары, компьютерлік
бағдарламалар, дидактикалық бағдарламалар және т.б.);
(​ Оқыту нәтижесінде неге қол жеткіземіз (оқыту нәтижелерін сипаттайтын
көрсеткіштер мен өлшемдер);
(​ Оқыту нәтижелерін қалай бақылау мен бағалауға болады (оқыту нәтижелерін
бақылау, бағалау әдістері.).
Оқыту теориясы әдетте дидактика деп аталады. Дидактика сөзінің мәні –
гректің didasko – үйретемін, оқытамын деген ұғымынан бастау алған.
Дидактика нені оқыту, қалай оқыту мәселелерімен шұғылданатындықтан мұны
оқыту теориясы тұрғысынан ұғынып оқыту процесіне қатысты оқушыға білім
беру, оқыту заңдылықтарына байланысты ақыл-ой тәрбиесінің негіздері
жүйесінен қарастырылады.
Оқыту технологиясы негiздерi – бiлiмнiң мазмұнын айқындайтын оқу жоспары,
оқу бағдарламасы, оқулық пен оқу құралдарымен оның әдiстеме саласындағы
бiлiм, тәрбие беру жүйесiндегi заңдылықтарды бiр-бiрiмен бөлмей бiрлiкте
қарайды.
Дидактика оқу орындарында оқытылатын барлық пәндерге қатынасты, ортақ
заңдылықтар мен ережелерді талқылайды. Сондай-ақ оқытудың негізгі мазмұнына
байланысты мәселені меңгеру әдістері мен оны ұйымдастыру түрлерін
анықтайды. Былайша айтқанда, дидактика оқыту принциптерін, оқытуды
ұйымдастыру әдістері мен түрлерін білдіреді. Сонымен қатар дидактика жеке
пәндерді оқыту ерекшеліктеріне ерекше зейін қояды. Жеке пәндерді оқыту,
білім беру, тәрбиелеуді пәндік дидактика, немесе сол пәннің әдістемесі деп
те атаймыз. Дәлірек айтқанда, жеке пән әдістемесі жалпы дидактикаға
сүйенсе, жалпы дидактика тиісті деректерді жеке пән әдістемесінен алып
пайдаланады. Дидактиканың негізгі категориялары – білім беру, оқыту, сабақ
жүргізу, оқу, оқыту принциптері және мұның құрамды бөлімдеріне тиесілі
міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижелі түрде
жүзеге асуына негіз болып табылады. Дидактика үнемі дамып, өркендеп
отыратын сала. Өйткені білім беру мен оқытуды терең зерттеп, оны
меңгермейінше ғылымды жетілдіріп, өмір талаптарын орындап уақыт мәресінен
шығу мүмкін емес.
Оқыту – танымдық іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық негіздері. Оқыту
– ұстаздар мен шәкірттің бірлескен әрекеті. Оқыту үрдісінің логикасын оның
құрылымы анықтайды. Ал құрылымды танымдық іс-әрекеттің кезеңдері бойынша
сипаттасақ, ол көбінесе мына жүйеде болады:
-​ танымдық міндеттерді жете түсіну;
-​ жаңа деректер мен түсініктерді қабылдау;
-​ ұғыну – жаңа деректер мен түсініктерді көңілге қондырып, ойлану;
-​ білімдік мағлұмат атқарылған іс-әрекетке байланысты дағдыны
қалыптастырып, оны бекітуді жетілдіреді;
-​ меңгерген материалдарын өмір практикасында жүзеге асырып, іс жүзінде
нақты қолдана білу;
-​ оқушының ұғым-түсінігі мен атқарған іс-әрекетінің қандайлық дәрежеде
екендігін талдап, меңгерген дағдысын тексеру, бағалау.
Танымдық ұғым түсінікті болса және онда қойылған міндет айқын болса,
оқушының өздігінен ізденіп, тиісті сауалдың шешімін табуға ынталы кіріседі
де оқыту процесіндегі заңдылықтар тиісті ретімен жүзеге асады. Сабақ
барысында жаңа деректермен танысып түйсінуі, қабылдауы оны ұғынуға жол
ашады. Өйткені қабылдау – адамға тікелей әсер ететін заттар, немесе
құбылыстың санада бейнелену процесі болса, ал түйсіну сананың сыртқы
әлеммен байланысы тұрғысынан түсінеміз, былайша айтқанда түйсік сезім
мүшелеріне әсер еткен құбылыстардың шартты бейнеленуі.
Оқушыны жаңа материалдармен таныстыру, олардың тікелей қабылдауына
мүмкіндік туғызатын болса, бұл процесс таныстыру, бақылау, практикалық
жұмыстар арқылы, немесе оқытушының жанама түсіндіруі, эвристикалық тұрғыда
ізденту, оқулықтар бойынша атқарылатын жаттығу, тапсырманы орындау бойынша
жүзеге асады.
Меңгеру – білімдік мағлұматты түсініп, ондағы заңдылықтар мен деректерді
жинақтап тиісті қорытындыға келу. Меңгеру процесінде оқылған материалдар
туралы ойластырып, келтірілген деректер мен дәлелдерді көңіліне бекітеді.
Зейін қойып, есіне берік сақтайды. Дәлірек айтар болсақ, бекіту – оқушының
алған білімін берік ұғынуына мүмкіндік беретін тиімді тәсіл. Осыны
ескергендіктен тәжірибелі мұғалімдер жаңа сабақтағы жаңа материалдарды
оқушының тиянақты меңгертуі кезінде де, өткен сабақты пысықтау, қайталау
кезеңдерінде де бекіту тәсілін түрлендіре отырып пайдаланады. Білімді
бекіту саласындағы істер белгілі деректер мен дәлелдерді еске сақтаумен
ғана шектелмейді, тиісті бағдарлама бойынша өтілген материалдарды белгілі
бір жүйеге келтіру үшін де, шашыранды емес, жинақты болу үшін де бір жүйеге
келтіру үшін де қолданылады.
Оқыту процесіндегі танымдық қағида – нақты аңғарудан абстракты (дерексіз)
ойлауға және одан практикаға көшу ақиқатты танудың диалектикалық реалды
жолы екендігі ежелден айтылып келе жатқан шындық. Бұған оқыту жүйесі
тұрғысынан қарайтын болсақ: нақты аңғару – түйсіну мен қабылдау екені,
абстракты (дерексіз) ойлау – мәнін түсініп, мәселенің болмысын ұғыну, ал
практикаға көшу – білімді іс-әрекетте қолдану арқылы процесті тексеріп,
бағалау болып шығады.
Дидактиканың пәні мен объектісі.
Жоғарыдағы дидактика объектісіне байланысты әр-түрлі анықтамалар
келтірілді. Бірақ көпшілігі мақұлдаған, дидактикалық талдаудың басты
салаларының ұғымы –оұытудың мазмұны менпроцесі (әдістері, ұйымдастыру
тәртіптері). Қайткенмен оқытуды тусіну де бір мағынада емес. 
Ал дидактика пәні туралы пікірлердің көптігі сонша, зорға есепке алынады.
Сонымен қатар көбінесе ғылым объектісі мен құралы ажыратылмайды. 
Кейбір анықтамаларды келтірейік. Біреулер дидактиканың объектісі ретінде
оқытуды, білім мен тәрбиелеу құралы ретінде қарастырса; екіншілері
–оқытудың заңдылықтарымен ұстанымдрын, олардың мақсатын, білім мазмұнының
ғылыми негіздерін, әдістерін, формаларын оқыту құралдарын; үшіншілері
–бірге оқытудың және білім алудың өзара әрекетін; төртіншілері –жалпы
дидактиканың пәні деп тек оқыту –процесі ғана емес, дамуына сәйкес
жағдайлар (мазмұны, ұйымы, құралы, т.б.) да, сонымен қатар бұл жағдайларды
жүзеге асыратын әр-түрлі тұрақты нәтижелер деп есептейді.
Мұндай ғылыми пәннің зерттеу пәнін шашымды әдіснамалық котигориялар ғылым
объектіс мен пәні бөлінбегенін түсіндіреді. Көбінесе дидактикалық
талдаудың алдына тускендер белгіленеді, яғни зерттеудің әр-түрлі
объектілері ерекшеленеді. Егер бүкіл осы анықтамаларды жинақтасақ, онда
дидактиканың мақсаттары, мазмұнды, заңдылықтары, әдістері және оқыту
принциптері зерттелетінің мойындалады. Бұл жалпы анықтамаларды зерттеуге,
дидактиканың мақсаттары, мазмұнды, заңдылықтары, әдістері және оқыту
принциптері зерттелетіні мойындалды. Бұл жалпы анықтамаларды зерттеуге
дидактиканың объектіге ықпалының әсері анықталады. Ол дидактиканың немен
айналысатыны туралы елес береді.Дидактика білімнің жалпы мақсатын оқыту
жағдайына қолданатын педагогика тіліне аударды. Бірақ мұндай мақсаттардың
анықталуы мен қалыптасуына тек дидактика ғана қатыспайды, басқа да
ғылымдар қатысады: философия, социология, психология және т.б.
Ары қарай, оқытуда тек дидактикалық заңдылықтар ғана емес, басқалары да
әрекеттенеді, мысалы, психологиялық және физиологиялық. Ақпараттың
айналымының жалпы заңдылықтарын көбінесе информатика, кибернетика,
синергетика зерттейді. Оқыту ұстанымдары көптеген ғылымдардың құбылыстарды
зерттеуі нәтижесінде белгіленеді. 
Егер біз тек дидактиканың немен айналысатының көрсеткіміз келсе, онда ары
қарай жүру қажет. Бұл ғылым пән түсіну үшін құрамындағы оқыту
объектіснің үлкен және зор бөлшектері өздерінің бірлігінде, өзара
байланысында және дидактикалық көзқарас жағынан қарастыру қажет. Соған
қоса педагогикадан жиналған бүкіл оқыту туралы білімді ескерген жөн және
дидактиканың қазіргі ғылыми деңгейін, жүйелерін, мүмкіндіктерін, әсіресе
ең бастысы –оқыту практикасының ғылыми дәйектемесінің мақсатын, яғни
мұғалімдрдің практикалық қызметтерін анықтау қажет. Онда дидактика пәні
туралы (зерттеу жұмысы) бір уақытта педагогикалық ғылымды байытып та және
педагогикалық тәжірбиені дұрыс ұйымдастырып зерттеу жұмысын бір арнаға
қарататыны туралы түсінік туады. 
Қазіргі уақытта ғылым әдіснамасы мамандары ғылым объектісі мен ғылым
пәні түсініктерін ажырата алса болғаны, соның өзі жеткілікті деп
есептейміз. 
Обьект -дегеніміз зертеушінің танымды қызметіне бағытталған шындық облысы,
ал пән –дегеніміз зерттеудің ғылыми тұрғыдағы зерттеу субьектісімен
обьектісі арасындағы буын.
Әр –түрлі ғылым өкілдері бір ғана обьектіні басқаша түсініктер жүйесінде
көреді және әр ғылымға тән, оның ішінде турлі жақтарын, байланыстарын мен
қарым-қатынастарын ерекшелейді. Оқыту дидактың да, әдіскердің де,
психологтың да ақпарат теориясы маманының да, кибернетиктің де зерттеу
обьектісі бола алады. Бірақ әр-қайсысы бұл обьектіні зерттеуде өздерінің
мақсаттарымен зерттеу нәтижелерін әр-түрлі ерекшелейді. Бұл дегеніміз
олардың әр-қайсысы өздерінің зерттеу пәндерінде жұмыс істейді. Бұл
мамандар мысалы, сабаққа бірге келе алады. Олар бір ғана құралды көреді,
бірақ, әр-қайсысы болып жатқанды өздерінің ғылымдары мүддесінен өткізеді.
Дидакт мұғалімнің қандай жалпы дидактикалық әдістер қолданып және қандай
жалпы ұстанымдарды іске асырып жатқандығы туралы ойлайды. Әдіскер сабақ
беру әдісі мен мектепте сол құралмен оқыту мақсатына байланысты оқу
материалы мазмұнына мән береді. Псиологті жалпы игеру заңдылығына
байланысты оқушылардың материалды игеру ерекшелігі қызықтыруы мүмкін, ал
кибернетиктің алдында оқыту тура және кері байланыс басқару жүйесі ретінде
көрінуі мүмкін. 
Қазіргі уақытта білім теориясы мен практикасындағы қиын мәселелрер шешу
үшін, әртүрлі мамандықтан ғылымдардың біріккен күші керек. Сондықтан да
бұл іске қатынасушы өздерінің пәндерінің ерекшеліктерін анық білу және
жалпы жұмыста өздерінің орнын дұрыс анықтауы бізге өте қажет. 
Сонымен дидактиканың пәнін анықтау үшін, дидактиканың жәй ғана басқа
ғылымдармен бірігіп нені зерттейтіні туралы нұсқаумен шектеу мүмкін емес.
Тым болмаса мынадай сұрақтарға жауап беру қажет: дидактиканың алдыңда оның
қазіргі қалпіндегі оқыту –обьектісі қандай түрде көрсетіледі? Қазір
дидактика анық оқыту құбылысын көрсең де қандай ғылыми құралдар қолданады?
Практиканың ғылыми дәйектемесі сипаттамасын қолдана отырып өз обьектісін
қалай көрсету тиіс? Басқаша айтқанда, дидактика пәнін оның қызметін
есептемей, обьектісі мен танымдық құралдарын талдамай анықтау мүмкін
емес. 
Дидактика оқытуды әлеуметтік тәжірбие беру құралы ретінде қарастырады.
Оқыту нәтижесінде білім мазмұнына кіретін және оқытудың мазмұндық жағын
құрайтын тәжірбие бөлшегі оқушының дәулеті болып саналады. Оқытудың
көмегімен жастарды өмірге дайындау іске асады. 
Дидактика көп жағдайда теоретикалық пән ретінде қалыптасуда. Бұған
ғылымның дамуы, ғылыми таным құралының дамуы әсер етеді. Теориялық зерттеу
әдістері модельдеу, идеалдау көбірек қолданыс табуда. Жүйелік тәсілді
қолданғанда білімнің мазмұны мен оқыту процесін бір тұтастық ретінде
қарастыруға болады. Дидактика деңгейінің өсуіне байланысты дидактика
практикаға тиімді әсер етуге, оны дамытуға және өзгертуге мүмкіндік
алады. 
 Дидактика құралын анықтау жолындағы келесі қадам оқытудың педагогикалық
анықтамасын болжайды. Дидактика-теориялық ғылым, ал теория пән
зерттеушілерге қатынас жүйесі ретінде танылғандықтан, оқыту үшін ең басты
ерекше қатынасты ашу қажет. Жалпы оқыту қызметінде пайда болатын қатынас
әр алуан: мұғалім-оқушы, оқушы-оқу материалы, оқушы-басқа оқушылар.
Педагогикалық әдебиетте дидактика үшін қайсысы ең басты болып саналатын
туралы әртүрлі пікірлер кездестіруге болады. Ең басты қатынас – оқушының
оқу материалына қатынасы, яғни танымдық қатынас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактика пәні және оның мақсаты
Педагогикалық ғылымның құрылымдық элементтері
Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактика пәні және оның мақсаты жайлы мәлімет
Оқытудың әдіснамалық негіздері
Педагогика ғылымының салалары
Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактика пәні және оның мақсаты туралы ақпарат
Жоғарғы мектеп дидактикасы. Әдіс, әдістеме, әдіснама, тәсіл ұғымдары
Жоғарғы мектеп дидактикасы
Биологияны оқыту әдісі
Қазақстанда бастауыш мектеп дидактикасының қалыптасуы мен дамуы
Пәндер