Шабындықтар мен жайылымдар өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері туралы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
БӨЖ
Тақырып: Шабындықтар мен жайылымдар өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері.
Орындаған: Алиханова Ж. А.
Тексерген: Сагандыков С. Н.
Топ: АГ-213
Семей 2015ж
ЖОСПАР
І НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 . 1. Шабындықтар мен жайылымдар туралы жалпы түсінік.
1. 2. Кластарға бөлінуі.
1. 3. Шабындықтар мен жайылымдар өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері.
1. 4. Шабындықтарды және жайылымдарды пайдалану.
ІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ІІІ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Шабындық - жаз бойы өсуге бейімделген шөптесін өсімдіктер биогеоценозы. Табиғи Шабындық орташа ылғалдылық жағдайында дамитын көп жылдық мезофиттік шөптесін өсімдіктердің өсуіне қолайлы жерлерде болады. Жайылма су қаптаған, тау бөктерлері, далалы және шөлейт аймақтарда көлдетіп суарылатын жерлерде табиғи шабындық өседі. Шабындыққа мал жайылады, пішен шабылады және Шабындық өсімдік түріне, табиғат жағдайына, түсіміне, жер отына қарай алуан түрлі болады. Шабындық жерлерде 4000-нан астам шөптесін өсімдік түрлері өседі. Оларға емдік сиырсілекей, бұршақ тұқымдастарының бірнеше түрі, қарандыз, горечавка, сарғалдақ, чихотник, дәнді-қияқты өсімдіктер, тағы басқа жатады. Шабындық тың құрлық Шабындығы, суармалы жер шабындығы, тау шабындығы деген түрлері болады. Құрлық шабындығы - жазық далада, сай-салалы жерде қар, жаңбырдан нәр алып, ыза сулары жақын жерде өседі. Орманды, орманды-далалы және далалы аймақтың ойпаң жерлеріндегі шабындықтың шөбі қалың өседі. Суармалы шабындық - өзен алқаптарында су тасыған кезде су жайылатын жерлерде өседі. Тау шабындығы ылғалды, ауа райы жылы таулы аудандарда, субальпілік, альпілік белдеуде өседі. Бұлардың шөбі аласа, көбінесе мал жайылымына пайдаланылады. Қазақстанның ылғалы жеткілікті өңірлерінде әр гектардан 12 - 15 ц, су жайылатын ойпаң жерлерден 15 - 20 ц, орманды-далалы аймақтарда 6 - 10 ц, шөбі шүйгін, шымды, ойпаң жерлерден 20 - 30 ц пішен жиналады. Жыл сайын дайындалатын пішеннің 99%-ы табиғи шабындықтан алынады. Қазақстанда пішен шабуға жарамды 7, 3 миллионга шабындық бар. Бұл аймақтарға сонымен Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының және де өзге солтүстік жатады. Павлодар, Ақмола, Қостанай, Батыс жақтар сондай-ақ өзге де Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, облыстарында шабындық өзен-көл алқабы, сай-сала, ойпаң жерлерден жиналады. Шөбі шүйгін құнарлы шабындық Ертіс, Жайық өзендері алқабының көктемдегі тасыған су жайылатын жерлерінде көп өседі. Мұндай шабындықтың әр гектарынан 8 - 10 ц пішен алынады. Сортаңдау шалшықты жерлерде биік бидайық, қияқ өседі, олардан 8 - 20 ц пішен жиналады. Қазақстанның шөлейт аймағында өсетін шабындықта масақты шөптер мен бидайық кездеседі, оның әр гектарынан 5 - 7 ц пішен жиналады. Шөлді аймақта шабындық көбінесе Сырдария, Шу, Іле сияқты ірі өзендердің алқабында ғана болады. Бұл жерлердің шөбі - ірі сабақты құрақ, қамыс, әр түрлі масақты өсімдіктер, әр гектарынан 10 - 15 ц-ден 20 - 25 ц-ге дейін пішен жиналады. Республикада шабындық жерлерді жақсарту үшін өсімдігі сирек жерлер жыртылып, өнімі мол шөп тұқымы егіледі. Жайылым - оты мол табиғи немесе жасанды өрістік жер алқабы, мал еркін жайылып, бағылатын жер алқабы. Табиғи Ж. және екпе Ж. деп екіге ажыратылады. Табиғи Ж. орналасуына, өсетін өсімдік түрлеріне және пайдалану әдісіне байланысты маусымдық (көктемдік, жаздық, күздік, қыстық) және жыл бойы пайдаланатын Ж. болып бөлінеді. Екпе Ж. бір жылдық, қысқа мерзімді (5 - 6 жыл) және ұзақ (7 - 10 жыл) мерзімді болады. Табиғи Ж., негізінен, көп жылдық жабайы өсетін шөптерден, кейде қыналардан (тундрада), бұташық пен бұталардан (тундра, шөл және шөлейтте) тұрады. Екпе Ж-ға бір жылдық, көп жылдық астық және бұршақ тұқымдас шөптерді араластырып егеді. Еліміздің климат жағдайына, белгілі бір аймақтағы өсімдіктердің ботан. құрамына қарай Ж. түрлері көп. Далада және қуаң далада орналасқан Ж-дар далалық Ж. деп аталады. Мұнда жусан, еркекшөп, шайқурай, тобылғы, қараған сияқты өсімдіктер өседі. Далалық Ж-ның әр гектарынан 3 - 8 ц шөп түседі. Шөлейт дала Ж-дарының құрамында жусан басым. Сонымен қатар күйреуік, изен, теріскен, т. б. өсімдіктерден тұрады. Әр гектарынан 0, 5 - 7, 0 ц шөп түседі. Шөлдегі Ж-дардың 1/3-і құмды жерде орналасқан. Мұнда изен, теріскен, еркекшөп, қылша, жүзгін, сексеуіл жиі кездеседі. Әр гектарынан 1 - 7 ц шөп түседі. Тау Ж-дарының оты да алуан түрлі. Жазық жерде орналасқан Ж-дармен қатар мұнда альпі және субальпі шалғындарынан тұратын жаздық Ж-дар да көп. Олардың әр гектарынан орта есеппен 10 ц шөп түседі. Ж-дар жеке телімдерге бөлініп, мезгіл-мезгіл ауыстырылып отырады. Тыңайтқыш себу, мал жемейтін өсімдіктерді отау, арам шөптен тазарту, т. б. шаралар - Ж. ауыстыруға қойылатын негізгі талаптар. Ж-ды шөп шығымдылығына, бағылатын мал санына, жайылым мерзімінің ұзақтығына қарай бөліп пайдаланады. Ойпат жер Ж-ын 6 - 12, орманды алқап 6 - 8, аңғарлы адыр 10 - 12, далалы Ж-ды 15 - 20 бөлікке бөледі. Малды әр бөлікке көктемде шөп аз кезде 2 - 3 Бөлінген Ж-ды түгел пайдаланғаннан кейін, малды шөбі өскен бірінші бөлікке қайтадан жаяды. Ж. жазда 2 - 5 рет ауыстырылады. Жайылымды пайдалану кезіндегі мал жаю циклдары арасындағы жайылым тынықтыру уақытын дұрыс сақтаудың үлкен маңызы бар. Шөл, шөлейт аймақтардағы Ж-дар белгілі бір жүйе бойынша пайдаланылады. Дала, орманды дала белдемдерінде мал 180, шөлейт белдемде 240 - 250 күн, шөл белдемінде жыл бойы Ж-да бағылады. күннен, шөп көбейе бастағанда 5 - 6 күннен жаяды. Жайылым - оты мол табиғи немесе жасанды өрістік жер алқабы, мал еркін жайылып, бағылатын жер алқабы. Табиғи Ж. және екпе Ж. деп екіге ажыратылады. Табиғи Ж. орналасуына, өсетін өсімдік түрлеріне және пайдалану әдісіне байланысты маусымдық (көктемдік, жаздық, күздік, қыстық) және жыл бойы пайдаланатын Ж. болып бөлінеді. Екпе Ж. бір жылдық, қысқа мерзімді (5 - 6 жыл) және ұзақ (7 - 10 жыл) мерзімді болады. Табиғи Ж., негізінен, көп жылдық жабайы өсетін шөптерден, кейде қыналардан (тундрада), бұташық пен бұталардан (тундра, шөл және шөлейтте) тұрады. Екпе Ж-ға бір жылдық, көп жылдық астық және бұршақ тұқымдас шөптерді араластырып егеді. Еліміздің климат жағдайына, белгілі бір аймақтағы өсімдіктердің ботан. құрамына қарай Ж. түрлері көп. Далада және қуаң далада орналасқан Ж-дар далалық Ж. деп аталады. Мұнда жусан, еркекшөп, шайқурай, тобылғы, қараған сияқты өсімдіктер өседі. Далалық Ж-ның әр гектарынан 3 - 8 ц шөп түседі. Шөлейт дала Ж-дарының құрамында жусан басым. Сонымен қатар күйреуік, изен, теріскен, т. б. өсімдіктерден тұрады. Әр гектарынан 0, 5 - 7, 0 ц шөп түседі. Шөлдегі Ж-дардың 1/3-і құмды жерде орналасқан. Мұнда изен, теріскен, еркекшөп, қылша, жүзгін, сексеуіл жиі кездеседі. Әр гектарынан 1 - 7 ц шөп түседі. Тау Ж-дарының оты да алуан түрлі. Жазық жерде орналасқан Ж-дармен қатар мұнда альпі және субальпі шалғындарынан тұратын жаздық Ж-дар да көп. Олардың әр гектарынан орта есеппен 10 ц шөп түседі. Ж-дар жеке телімдерге бөлініп, мезгіл-мезгіл ауыстырылып отырады. Тыңайтқыш себу, мал жемейтін өсімдіктерді отау, арам шөптен тазарту, т. б. шаралар - Ж. ауыстыруға қойылатын негізгі талаптар. Ж-ды шөп шығымдылығына, бағылатын мал санына, жайылым мерзімінің ұзақтығына қарай бөліп пайдаланады. Ойпат жер Ж-ын 6 - 12, орманды алқап 6 - 8, аңғарлы адыр 10 - 12, далалы Ж-ды 15 - 20 бөлікке бөледі. Малды әр бөлікке көктемде шөп аз кезде 2 - 3 Бөлінген Ж-ды түгел пайдаланғаннан кейін, малды шөбі өскен бірінші бөлікке қайтадан жаяды. Ж. жазда 2 - 5 рет ауыстырылады. Жайылымды пайдалану кезіндегі мал жаю циклдары арасындағы жайылым тынықтыру уақытын дұрыс сақтаудың үлкен маңызы бар. Шөл, шөлейт аймақтардағы Ж-дар белгілі бір жүйе бойынша пайдаланылады. Дала, орманды дала белдемдерінде мал 180, шөлейт белдемде 240 - 250 күн, шөл белдемінде жыл бойы Ж-да бағылады. күннен, шөп көбейе бастағанда 5 - 6 күннен жаяды. Шабындық пен жайылым шөптердің үлес салмағы ылғалдану жағдайына және республикамыздың топырақ- климат аймақтарына байланысты өзгереді. Мысалы, орманды-дала және далалы аймақтарда құрғақ аңғар шабындық пен жайылымдарда қоңырбастылар үлесі 50-52%-ға жетеді, бұршақ тұқымдастылар 4-6%, алабұталар 1-3%, күрделі гүлділер 2-8%, ал қалғандары басқа өсімдік тұқымдасына жатады. Құрғақшылық аймақтарда астық тұқымдас және бұршақ тұқымдас шөптердің үлесі азайады, бірақ күрделі гүлділер мен алабұта тұқымдас шөптердің үлесі жоғарылайды, ал шөлейт және шөл аймақтарында астық тұқымдас шөптердің үлесі 15-20%, бұршақ тұқымдастарда0, 5-1%, күрделі гүлділердің үлесі 30-32%, алабұталардың 31-40%--ға дейін көтеріледі. Шаруашылық қажеттілігі және басқа да ерекшеліктеріне байланысты барлық малазықтық өсімдіктер түрін 4 топқа бөлуге болады:астық тұқымдастар, бұршақ тұқымдастар, қияқөлеңдер және әр түрлі шөптер.
Кластарға бөлінуі . Геоботаникалық зерттеулер бойынша өсімдік қауымының топтарын, олардың кластарын, Қазақстанның шабындықтары мен жайылымдарының кешенді жіктелуін анықтау, үйрену маңызы өте зор. Мал азықтық өсімдік қауымын кластарға жер бедері мен топырақ шарттары арқылы топтарға шартты түрде бөледі. Батпақты шалғындарды өсімдік құрамы арқылы анықтайды. Шабындықтар мен жайылымдарды түгендеу жөніндегі жұмыстар көп жағдайда жазғы практика кезінде жүргізіледі. Табиғи шабындықтар мен жайылымдарды класқа бөлу дегеніміз - неғұрлым ірі табиғи мал азықтық жерлерді, табиғи аймақтар бойынша кластарға жəне класс тармақтарына бөлу. Мал азықтық жерлерді тиімді пайдалану, оларды жақсарту жөнінде шаралар жоспарлауды, жерге орналастыруды, əр учаскені жəне жер кадастрын мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз ету мақсатымен аудандар, облыстар бойынша шабындық пен жайылымдарды геоботаникалық тұрғыдан тексеру материалдарын жинақтап қорыту үшін класқа бөлу принципі қажет. Класқа бөлу үшін Қазақстан аумағын табиғи аймақтардың екі тобына жəне таулы белдеулер бойынша үш тобына бөлу ұсынылады: 1. Орманды-далалық жəне далалық аймақ. 2. Шөлейт жəне шөл аймақтар. 3. Белдеулердің таулы топтары: а) шоқылар (аласа таулар) ; б) тау етегі; в) орташа немесе биік таулы жерлер. Класқа бөлудің жүйелік өлшемі мынадай төмендеген бағытта болуы керек: класс, класс тармағы типтер тобы, тип түр өзгерушіліктері. Əрбір табиғи аймақта жазықтық, ойпат жер, қысқа мерзімде су жайылатын алаңдар жəне батпақты табиғи малазықтық жерлер кластары болып бөлінеді. Таулы облыстарда таулы белдеулік (аймақтық) белгілері бойынша сазды жəне өзен алқаптарына су жайылатын жерлер кластарына бөлінеді. Жалпы республикада мынадай табиғи аймақтар бөлінген: орманды- далалық, далалық, құрғақ далалық, шөлейт, шөл, таулы аймақтар. Барлық аймақтарда өзен алқаптары, тау бөктерлері кездеседі. Жəне де көктемгі сулармен уақытша суарылатын жерлер (лимандар) кездеседі. Орманды далалық аймақ. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында орналасқан. Қазақстанның 0, 4% көлемін алып жатыр. Далалық аймақ республиканың 9, 0% көлемін алып жатыр. Павлодар, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының бөліктерін алып жатыр. Құрғақ далалық аймақ республиканың 23% көлемін алып жатыр. Жоғарыда келтірілген облыстардың орталық бөліктерін алып жатыр. Шөлейт аймақ республиканың 13, 8% көлемін алып жатыр. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстік бөліктері кіреді. Шөл аймақ республиканың 41% көлемін алып жатыр. Қазақстанның оңтүстік бөлігі жатады. Алтай таулы аймағы. Шығыс Қазақстан облысының көп бөлігін Алтай- Саян таулары жүйесі алып жатыр. Тянь-Шань таулы аймақ жүйесі. Бұған республиканың оңтүстік пен оңтүстік-шығыс таулары: Батыс Тянь-Шань, Қаратау, Қырғыз қыраттары, Іле- Алатауы, Шу-Іле таулары, Жоңғар Алатауы жатады.
Шабындықтар мен жайылымдар өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері. Шабындық және жайылым өсімдіктерінің тіршілік жүйелері және олардың ерекшеліктері. Өсімдіктердің өркен құру және тамыр жаю ерекшеліктері, шабындық және жайылым өсімдіктерінің өніп-өсу, даму кезеңі, оның ұзақтығы және өсу мерзімі. Өсу мерзімі кезінде өсімдіктердің дамуы, жапырақтардың орналасу ерекшеліктері, яғни алшынкөктің жаңағы шығу ерекшеліктері. Өсімдік және тіршілік ортасы олардың ара қатынасы және өзара әсері болады. Шалғын өсімдіктерінің ылғалға, жылуға, жарыққа және ауаға қоятын талаптары да ерекше. Өсімдік тіршілігіне топырақтың тигізетін әсерін айтып кету абзал. Шабындық және жайылым өсімдіктерінің тіршілігіне тигізетін биологиялық және ортаның өзгеру факторлары. Табиғи өсімдік қауымын жақсартудың әдістері мен негіздерін қолдану қажет. Шабындық пен жайылымға жеңіл-желпі мәдени-техникалық жұмыстар жүргізу керек. сондай-ақ, сумен қамтамасыз етілуін жақсарту және ретке қою, табиғи шабындықтар мен жайылымдарды түбегейлі жақсарту және алдын-ала себудің негіздерін, ауыспалы егіс қолдану, шөп қоспаларының негіздерін, шөп тұқымдарын себу әдістері мен уақытын, күтіп баптау негіздерін бақылау қажеттігі туындайды. Үстіртін жақсарту жүйесінің кейбір ерекшеліктері. Өзен алқаптарында екпе шабындықтар мен жайылымдар қолдану. Көлтабандағы табиғи өсімдік қауымын жақсарту. Сортаң жерлердің табиғи өсімдіктерін жақсарту, өнімін көтеру. Шөлейт жерлердің құм басқан жерлерін жақсарту. Таулы жерлердің жартылай шөлейт және шөлейт аймақтарында екпе шабындықтар мен жайылымдар орналастыру. Түбегейлі жақсарту үшін табиғи өсімдік қауымын механикалық немесе химиялық жолмен түгелдей жойып, орнына шөп тұқым қоспаларын сеуіп, мəдени шабындықтар мен жайылымдар жасау арқылы іске асады. Жеңіл-желпі жəне түбегейлі жақсарту кезінде өсімдік қауымын жақсартуға бағытталған мынадай шаралар жүргізілуі мүмкін: - мəдени-техникалық шаралар; - топырақтың ауа-су режимін жақсарту; - топырақтың қоректілігін көтеру; - өсімдік қауымының ботаникалық құрамын жақсарту. Мəдени-техникалық шараларына шалғындықты басып кеткен ағаштар мен бұталарды, түбірлерді жою, төмпешіктерді тегістеу, тастарды жинау, жер бетін тегістеп өңдеу жұмыстары жатады. Бұталар мен бұташықтарды кесіп немесе қопарып, содан кейін шымын жақсылап өңдейді (жыртып немесе терең қопсытып) . Ағаштар мен бұталарды химиялық жолмен - арборицидтер қолдану арқылы да жоюға болады. Шалғындықта пайда болған құмырсқа жəне көртышқан топырақ үйінділерін тісті тырмалармен тегістейді, жаңа шымдалған аласа төмпешіктерді дискілі тырмамен, қалың шымдалған ескі төмпешіктерді терең қопсытқыштармен жəне рельсті сүйретпелермен өңдеп жояды. Тастарды қолмен қопарғыш-жинағыш машиналармен жинайды. Шалғындықтың үстін тегістегіш машиналармен, рельсті сүйретпелермен тегістеп түзейді. Алғашқы жер өңдеуді былай жүргізуге болады: 1) 1-3 қайталап жерді терең қопсытады (фрезамен) ; 2) 2-5 рет қайталап шымын түгел жойып қопсытады (дискімен) ; 3) шымын аударып жыртып жер қыртысын дискімен немесе фрезамен кескілеп ұсақтап өңдейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz