Мұнайдың өндеу процестері


Қазақстан Республикасының
Шәкәрім атындағы
Семей Мемлекеттік Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Мұнайдың өндеу процестері.
Орындаған: Қабдрақман Бибінұр, ХО-403
Тексерген: Баяхметова Бұлбұл Баяхметовна
2015 жыл.
Мұнайдың өндеу процестері.
Мұнайдың құрамы күрделі болғандықтан оны компоненттерге бөлуге түрлі әдістерді қолданады. Оларға: айдау, ректификация, вакуумда айдау, адсорбция, экстракция, крекинг.
Айдау. Айдау - қоспаларды қыздырып бөлу процесі мен әдісі; ол сұйықтық құрамының одан түзілетін бу құрамынан айырмашылығына негізделген сұйық; сұйықтықты ауа қатыстырмай қыздырып, буға айналдырып, буды салқындатып қайтадан сұйылту; қоспадағы сұйықтықтарды бір-бірінен бөлу үшін қолданылады. Көмірсутектердің қайнау температурасы құрамындағы көміртек атомдарының саны артқан сайын жоғарлайды. Мысалы, бензол 80, 1 0 С-та, ал толуол 110, 6 0 С-та қайнайды. Керісінше, бензолдың буын қайнау температурасынан төмен температураға дейін суытсақ, ол сұйыққа айналады. Мұнайды айдап құрам бөліктеріне бөлу әдісі осыған негізделген.
Мұнайды айдау аппаратында қыздырады. Сұйықтың температурасы 80 0 С-ден асқанда одан бензол ұшып шығады. Онымен бірге қайнау температурасы бензолдікіне жақын басқа да көмірсутектер ұшады, яғни мұнайдан қайнау температурасы 80 0 С-қа жуық фракция бөлінеді.
Ректификация (лат. rectіfіcatіo - түзету, дұрыстау) - көп компонентті сұйықтық қоспасын жекеленген компонеттерге бөлу процесі. Ректификаттау процесі диффузия және тепе-теңдіктің сақталу заңдарымен басқарылады. Ректификаттау арнайы қондырғылар - ректификац. колонналарда жүргізіледі. Биіктігі 14 м ректификац. колоннада қысым мен температураны қоспаның түріне байланысты өзгерте отырып, іске асырылады. Ректификаттау арқылы металл балқымалары, ауа, этан-пропилен, жоғары май қышқылы, мұнай, т. б. қоспаларды бөлу орындалады.
Адсорбция (лат. adsorbtia ; лат. ad - үсті, беті; лат. sorbeo - сіңіру, түту) - қоймалжың жасуша цитоплазмасының сыртқы бетіндегі коллоидты бөлшектер - мицеллдер кешенінің, беткейлік қуаттың (энергияның) әсерінен еріткіш (дисперстік) ортадағы электролит иондарын не басқа ерітінді қүрамындағы немесе газдардағы бөлшектік заттарды түтып сіңіруі. Түтылған бөлшектер өздерін ұстап тұрған клетка цитоплазмасының мицеллдер кешенінін құрылымын, оның зарядтарына эсер етіп, өзгертіп отырады. Цитологияда - адсорбция құбылысын организмнің тірі күніндегі ұлпаларды бояу кезінде пайдаланады.
Адсорбция (үстінде (на, при) және sovleo - жұтамын (поглощаю) ) - газ немесе сұйық көлемінен оның сұйық не қатты денемен (адсорбентпен) бөліну бетінде заттың (адсорбаттың) шоғырлануы. Адсорбция зат бөлшектерінің (мөлекулаларының, атомдарының, иондарының) тартылыс күші әсерінен адсорбенттің беткі қабатында жүреді. Адсорбенттің және мөлекулалардың адсорбаттық (атомдарының, иондарының) өзара әрекеттесу сипатына байланысты адсорбция физикалық және химиялық болып бөлінеді. Адсорбция микроэлектроникада қолданылатын өте таза заттарды, үлдірлік құрылымдарды алу технологиясында кеңінен пайдаланылады.
Адсорбция (лат. ad- барысында + sorbere- сіңіруі) - адсорбция - ерітіндіден немесе газ қоспасынан бір затты екінші бір қатты не сұйық заттың өз бетіне сіңіруі. Бұл физика- химиялық құбылыс кенді флотациялау процесінде, химия және металлургия өнеркәсібі салаларында кеңінен қолданылады.
Абсорбция- газ және сұйық күйдегі заттардың барлық массасы бойынша басқа затқа сорылуы. Абсорбциялық процесс (латынша аЬsогЬео - сіңіремін) - газдар мен буларды сұйықтықтың көлемдік сіңіру процесі; нәтижесінде ерітінді пайда бодады. Сіңіретін сұйықтықты абсорбент деп атайды. Өндірісте абсорбция процесі арнаулы қондырғылар - абсорберлерде жүргізіледі.
Крекинг ( ағыл. crackіng - бөлшектену, ыдырау ) - жанармай алу үшін мұнайды немесе оның жеке фракцияларын өңдеу. Крекинг - мұнай өңдейтін зaттардағы негізгі термиялық процесс. 470 - 540 °С температурада және 4 - 6 МПа қысымда көмірсутектер ыдырап, изомерлену реакциясы жүреді. Бензинмен қатар ауыр қалдықтар (кокс) және көп мөлшерде газ түзіледі. Реакцияныңбағыты мен жылдамдығы, алынған өнімнің құрамы бастапқы алынған заттың химиялық құрамына, температураға, жылу әсерінің ұзақтығына, қысымға, қолданылған катализаторға байланысты. Крекингтің бірнеше түрі бар. Термиялық крекинг ашық түсті мұнай өнімдерін алу үшін жоғары температура (470 - 500ӘС) мен қысымда (5 - 6 МПа) өтеді. Мұнда 25 - 40% бензин алынады, оның октан саны төмен '(56 - 60) . Күкіртті, шайырлы, жоғары парафинді мұнайда термиялық крекинг өнімнің сапасы төмен болады. Октан саны аз, ал керосин және дизель жанар майында күкірт көп, ауыр қалдықтар 30 - 40% болады. Сондықтан осы кезде көбіне катализдік К. қолданылады. Бұл әдісте түрлі катализаторлар қолданылады, процесс 0, 4 МПа -ға дейінгі қысымда, 450 - 520С темпратурада жүргізіледі. Мұнайды, әсіресе, керосин мен газойль фракцияларын катализдік крекинг арқылы өңдейді. Осындай әдіспен октан саны 80 - 90 болатын бензин алуға болады. Су буы арқылы Крекингілеуде мұнай заттарының газдары, мұнайдың ең ауыр фракциялары пайдаланылады. Бұл әдіс пиролизге қарағанда кокстенуді едәуір төмендетіп, олефин шығымын, әсіресе, катализаторлар қолданғанда, арттырады. Гидрокрекинг сутек қысымы арқылы жүргізіліп, мұнайдың күкіртті және шайырлы ауыр фракцияларын өңдеуде қолданылады. Бұл процесс сутектің 5 - 30 МПа қысымында 350 - 450С темп-рада Mo, Nі оксидтері мен сульфидтерін катализатор ретінде қолдану арқылы жүреді. Мұндай процесс кезінде мұнай гидрогенделеді, полициклді көмірсутектер изопарафиндерге ыдырайды.
Пиролиз (гр. pyr - от, гр. lysis - еріту, ажырату) - қатты қалдықтарды, бірінші кезекте тұрмыстық қоқысқалдықтарды 400°С-тан 700°С-қа дейінгі температурада ауасыз термиялық ыдырату жолымен өңдеу әдісі. Пиролиз кезінде энергия көзі ретінде пайдалануға болатын жанғыш газ - швельгаз бөлінеді (құрамында едәуір мөлшерде метан бар) . Қоқыстарды қоқыс жағатын заводтарда жағумен салыстырғанда Пиролиз тұрмыстық қалдықтарды толығымен өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда атмосфераға қауіпті заттектер аз шығарылады және олардың күлде аз ғана мөлшері қалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz