Егістік танаптардың структурасын негіздеу


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік Университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Егістік танаптардың структурасын негіздеу
Орындаған: Кенембай Б
Тексерген: Сагандыков С. Н
Тобы: АГ-213
Семей 2015
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2. 1 Ауыспалы егіс танабы
2. 2 Егістік танаптарының түрлері
2. 3 Танаптарда аңызды сақтаужүйесі
2. 4Егістік танаптарды тырмалау, нығыздау, малалау жұмыстары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. 1 Ауыспалы егіс танабы
Ауыспалы егіс танабы - деп территоия және уақыт бойынша немесе тек уақыт бойынша, ғылыми негізде ауылшаруашылық дақылдары мен парлардың алмасуын айтады. Ауыспалы егістің негізі болып шаруашылықтың егіс көлемінің құрылымы саналады.
Шаруашылықтың егіс көлемінің құрылымы дегеніміз - әр түрлі ауылшаруашылық дақылдары мен парлар көлемінің жалпы егіс көлеміне пайызбен алынған арақатынасы.
Шаруашылықтың егіс көлемінің құрылымы негізінен оның өркендеу бағытына, жер көлеміне, алдына қойған мақсатына тікелей байланысты.
Ауыспалы егіс өндірістік маңызы бар бірнеше міндеттерді шешуге тиісті:
- ауыспалы егіс шаруашылықтың барлық жер көлеміне құрылуы қажет және ол жерлерді тиімді пайдалануға мүмкіндік беруі керек.
- топрақтың құналылығын арттыруға, сөйтіп ауылшаруашылық дақылдарының өнімін жоғарылатуға тиісті.
- шаруашылықтағы барлық техникаларды, ауыл шаруашылығы машиналары мен құралдарын тиімді пайдалануға мүмкіндік туғызуы шарт.
- топырақты жел және су эрозияларыынан қорғауға тиіс.
- топырақты арамшөптерден, зиянды жәндіктер мен ауру қоздырғыштардан тазартуға, яғни танаптың фитосанитарлық жағдайын жақсартуға жол ашу керек.
Бір танапта ұзақ уақыт өсірілетін ауылшаруашылық дақылын үзіліссіз себілетін дақыл деп атайды.
Дақылды жылда бір танапқа себе берсе, оның өнімі азаяды, тіпті тыңайтқыштар жеткілікті мөлшерде бірлеседе өнімнің төмендеуі тоқталмайды. Мұны көптеген ғылыми-зерттеу мекемелерінің жүргізген жұмыстарының нәтижелері айқын көрсетіп отыр. Мысалы, Англияның Ротамстед тәжірибе станциясының жүз жылдан астам уақыт жүргізген зерттеулерінің нәтижесі күздік бидайды бір танаапқа үзіліссіз сепкенде оның түсімі екі еседен артық төмендейтіні дәлелденген.
Дәнді дақылдарды бір орнында үзіліссіз сепкенде олардың өнімділігі орташа есеппен алғанда 1, 5-2, 0 есе кемиді.
Танапта бір дақылды үзіліссіз себу тек дәнді дақылдардың ғана емес, сондай-ақ отамалы дақылдарында түсімін азаятындығы іс жүзінде дәлелденіп отыр. Мысал ретінде Өзбекстандағы Ақ-Қабақ тәжірибе станциясының зерттеу нәтижелерін келтіруге болады. Оның 1937 жылдан бастап жүргізген тәжірибелерінің нәтижесі бойынша мақтаны бір орында көп жыл бойы үзіліссіз сепкенде, оның өнімі үш еседен аса төмендеген.
Егер шаруашылықта бір ғана дақыл өсірілетін болса, оны монокультура дейді. Қазіргі уақытта жекеменшік шаруашылықтарында бір ғана дақыл өсіруді дағды қылып жүр, бұл өндіріскемонокультура кеңінен таралуда деген ұғым.
Алғы егіс деп өткен жылы осы танапта өсірілген ауылшаруашылық дақылын немесе парды айтамыз. Алғы егістер дақылдардың өніміне, мөлшеріне және сапасына күшті әсер етеді. Осыған байланысты алғы егістер өте жақсы (парлар), жақсы (күздік дақылдар, көпжылдық шөптер, отамалы және бұршақ тұқымдас көпжылдық, біржылдық дақылдар), қанағаттанарлық (дәнді масақты дақылдар) және қанағаттанарлықсыз деп төрт топқа бөлінеді.
Өте жақсы алға егістерге парлардың барлық түрлері жатады. Олар таза (ерте және қара), ықтырмалы, екпелі (жаппай және отамалы) және жасыл парларға бөлінеді.
1. 2 Егістік танаптарының түрлері
Бірнеше ауылшаруашылық дақылдарын бөлек-бөлек өсіретін ауыспалы егіс танабын құрама танап деп атайды. Екінші топты қайталап себуді орташа көтеретін дақылдар құрайды (дәнді масақты дақылдар), ал үшінші топқа қайталап себуді нашар көтеретін, немесе тіпті көтермейтін дақылдарды жатқызуға болады (күнбағыс, зығыр және басқалар) .
Ауыспалы егістің алмасуынан уақытша шығарылған танапты шықпа танап дейді. Әдетте шықпа танапқа көпжылдық шөп егілген танап қалдырылады. Мысалы, жоңышқа егілген танап 4-5 жыл ауыспалы егістен шығарылып тасталады. Бұл мерзімі өтіп, жер тыңайғаннан кейін шөп танабы ауыспалы егіске қайтадан енгізіледі де, оның орнына басқа бір танапқа жоңышқа себіліп ауыспалы егістен шығарылады.
Ауыспалы егістегі алмасу тәртібі бойынша берілген ауыл шаруашылық дақылдары мен парлардың тізбегін ауыспалы егіс нобайы (схемасы), ал 2-3 әр түрлі дақылдардан, оның ішінде пардан, тұратын ауыспалы егістің бір бөлігін оның буыны деп атайды. Ауыспалы егіс бір, екі және үш буындардан тұруы мүмкін. Ауыспалы егістің пар, отамалы, шөп буындары болады.
Танапқа бір дақылды жыл сайын себе берсе топырақтың құнарлылығы мен ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі төмендей беретінін дихандар ертеден білген. Жаратылыстану ғылымы дамыған сайын оқымыстылар бұл процестің себептері жөнінде әр түрлі болжаулар айта бастаған. Мысалы, швейцар ботанигі Декандольдің пікірі бойынша өсімдіктер топырақтан өзіне керекті және қажет емес заттарды бірдей сіңіріп алады да, соңғысын қайтадан бөліп шығарады, ол топырақта жиналып, келесі жылы сол жерге осы дақыл қайта себілген кезде өзі бөліп шығарған зиянды заттардан зардап шегеді, оның түсімі төмендейді. Бұл дақылдың бөліп шығарған заттары олар үшін ғана зиянды, басқа дақылға залалы жоқ, олардың өнімі төмендемейді, кейде тіпті жоғарылайды, сондықтан дақылдарды алмастырып себу керек деген пікір айтқан болатын.
Егер ауылшаруашылық дақылдары мен орман себінділері алмастырылмай бір танапта себіле берсе, яғни ауыспалы егіс болмаса, онда бір жағдайда топырақтағы коректік заттардың қоры азайып, екінші жағдайда көбейеді. Бұл екі жағдайда өсімдікке кері әсер көрсетеді. Осындай қолайсыз жағдайлар болмау үшін ауыспалы егіс қолданып, өсімдіктердің коректенуін жақсартуды химиялық себептер дейді.
1. 3Танаптарда аңызды сақтаужүйесі
Танапта аңызды сақтау - Қазақстаның ашық далалық, желі күшті аймақтарында гранулометриялық құрамы жеңіл топырақтарда жүргізіледі. Жерді түренді соқамен аударып жыртқанда танаптың үстінде ештеңе қалмайды, барлық өсімдік қалдықтары мен аңыздар топыраққа сіңіріліп жіберіледі. Бұл топырақтың жел эрозиясын тудырады. Сол себепті танап бетінде аңызды және өсімдік қалдықтарын мүмкіндігінше сақтаған жөн. Ол аңызды сақтау технологиялық процесі арқылы жүзеге асады.
Танапта аңыз сақтау технологиялық процесі біріншіден, топырақты жел эрозиясынан қорғайды; екіншіден, танапта қыста қарды көп жинауға, соның арқасында топырақтағы ылғал қорын молайтуға мүмкіндік береді; үшіншіден, қыста танапта қар қалың жиналатын болғандықтан топырақ аса тереңге қатпайды, сондықтан көктемде ерте жібіп, ондағы микробиологиялық процестер тез басталады, яғни топырақта қажетті коректік заттар коры көбейіп, өсімдіктердің алғашқы өсу фазасында коректенуі жақсарады. қопсытқыштар, инелітырмалар, арнайыдәнсепкіштер арқылыжүзегеасырылады. Аталған технологиялық процестің Қазақстанның солтүстік, ашық далалық өңірлерінде, әсіресе Павлодар облысында, маңызы ерекше зор. Сонымен қатар ол республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймағының тәлімі егіншілігінде де жиі қолданылады.
1. 4 Егістік танаптарды тырмалау, нығыздау, малалау жұмыстары
Тырмалау танапта ылғал сақтау, арамшөптердің жас өскіндерін (жіпшелерін) құрту, танапты тегістеу үшін жүргізілетін топырақ өңдеу тәсілі.
Тырмалар тісті (ЗБСС-1, ЗБТС-1), дискілі (БДТ-7) және инелі (БИГ-3А) болып бөлінеді. Тісті тырмалар жер қайырмалы соқалармен өңделген танаптарда, ал, дискілі және инелі тырмалар танапты сыдыражыртқыштармен өңдеген жерлерде қолданылады.
Бір тіске түсетін қысымы бойынша тісті тырмалар жеңіл, орташа және ауыр болып үшке бөлінеді. Егер, бір тіске түсетін қысым 0, 5-1, 0 кг болса жеңіл, 1, 0-1, 5 кг болғанда, орташа, ал 1, 5 кг-нан артық жағдайда ауыр тырмалар қатарына жатады. Танап бетіне аңыз және өсімдік қалдықтарын сақталу үшін жазықтабан сыдыратілгіш культиваторлармен өңделген танаптарда инелі тырмалар пайдаланылады. Тырмалау тереңдігі 3-4 см шамасында. Дискілі тырмалар топырақ кесектерін жақсы ұсатады, шым қыртысын тіліп, оларды қопсытады. Сондықтаноларды гранулометриялық құрамы ауыр, .
Топырақты нығыздау, ұсату және оның беткі қабатын тегістеу үшін жүргізілетін өңдеу тәсілі нығыздау деп аталады. Онымен бір мезгілде тоң кесектерді ұсақтау, топырақтың қабыршағын бұзу, ептеп қопсыту жұмысы да жүзеге асырылады. Бұл технологиялық процесті бұдырлы, сақиналы ЗККШ-6 нығыздағышы, ЗКВГ-1, 4 құралдары арқылы жүзеге асырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz