Өзін-өзі танудың мәні



Өзін - өзі тану - бұл тұлғаның жетілген өзіндік реттеу, өзіндік басқару негізінде пайда болатын, жақын ортада өзінің әлеуметтік статусын жоғарылату қажеттілігінен туындаған, өзін-өзі көрсету және өзін әлеуметтік тәжірибе субъектісі ретінде өзін-өзі бекіту бойынша дербес, саналанған, арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеті. Осы процестің психологиялық механизмдері ретінде мыналарды бөліп көрсетуге болады:
1. тұлғаның арнайы түрде ұйымдастырылған өзін-өзі зерттеуі (өзін-өзі тану);
2. адамның өз қасиеттері, қабілеттері, әлеуметтік құндылықтары жөніндегі түсініктердің қалыптасуы (өзін-өзі анықтау);
3. өзіне бағытталған сыртқы талаптарды мақсатты түрде зерттеу, солармен өз әлеуметтік кемелдігін салыстыру, яғни өзінің әлеуметтік талаптарға сай болута дайындығын анықтау (өзін-өзі саналау);
4. өзін-өзі тәрбиелеу міндеттерін бөліп алу, қоғамдық пайдалы іс-әрекет барысында өз жеке басы бойынша тәрбиелеу жұмысын жоспарлау, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі талдау, өзін-өзі қадағалау, өзін-өзі бағалау түрлерін анықтау (өзін-өзі дамыту).
Өзін-өзі тану курсы біздің күнделікті өміріміздегі көкейкесті мәселелерді шешуімізге, қарым-қатынас жасауымызға көп көмек көрсетеді. Мінез-құлқы, көңіл-күйі, мақсаты, өмірлік бағыты, болмысы әр түрлі адамдарды түсіне білгенде, олардың жақсы қасиеттерін аша білгенде ғана өмір қызықты да мәнді болады. Қоғамда қалыпты өмір сүруді өзгеден үйрене алмайсың, ол әрбір адамның жеке тәжірибесінен алынады. Өзгелермен қарым - қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде
қалыптасамыз. Өмірде алуан түрлі тағдырлы, мінезді адамдар кездеседі. Олармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу – баға жетпес байлық. Осы байлыққа ие адам қоғамда өз орнын тауып, үйлесімді өмір сүре алады. өмірді сол қалпында қабылдап қадірлей біледі. Өзімен де, басқамен де жарасымды өмір сүре алатындай тұлға ретінде қалай қалыптасуға болады ? Оған жету жолы сан түрлі. Соның бірі - өзін-өзі тану. Өзін-өзі тану курсы адамгершілік тақырыптарын қамтитын материалдар жинағынан тұрады. Ол студенттің өз ойын жинақтап жеткізуге ғана емес өзін танып, тексеруге мүмкіндік береді. Өзін - өзі тану курсы бір күндік емес, ғұмыр ұзақтығындай жол. Сондықтан бұл пәнде берілген даналардан шыққан ұлы сөздер, би-шешендердің айтқандары біздің өмірімізге бағыт – бағдар береді.
Адамдар көбіне өзіне жақын адамдармен немесе симпатия тудыратын, ұнайтын адамдармен жақын қарым-қатынас орнатуға бейім келеді. Индивидке басқа адамның психологиялық мәселесін қарым-қатынас пен толық әсерлесу негізінде қарастыру керек. Психологиялық ғылымда психлогиялық әсер және әсерлесу мәселесінің зерттеулері кең таралған. Олар бір мезетте теориялық әрі қолданбалы болып табылады. В.Н. Куликов көрсеткендей, бұл мәселеде толық ғылымның қоғамдық практикасы мен қажеттіліктерінің сұраныстарының негізі жатыр. Топтық әсер және әсерлесу мәселесі - бұл психиканы толық және оның жеке бөліктерін өздігінен басқару әдістері психологиялық ғылым өзектілігінің бірі. Психология даму теориясы психиканың бейнелеу формасынан басқа психикалық қалыпына, функциялануы мен дамуына тән білімдер мен әдістерді қамтуы керек. Жеке адам және топ теориясы бұл аталған феномендердің негізін ғана емес, сонымен қатар олардың сөздік және сөздік емес әдістерін және оларды басқару мен өзіндік басқару түрлерін ендірді.
1. А.С. Сейтақов, «Өзін-өзі тану пәнін оқыту ерекшеліктері», «Самопознание.kz» журналы - 2011.
2. Б. Айтуқызы, «Өзін-өзітану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының ықпалдастыру әлеуеті», «Самопознание.kz» журналы - 2011.
3. Райымбекова Т.Қ., Жаңабекова Г.Ж., «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бойынша ғылыми тұрғыда сапалы мониторинг өткізудің ерекшеліктері», «Самопознание.kz» журналы - 2011.
4. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет
5. Бейсенбаева А.А. Теория и практика гуманизации школьного образования. Алматы.,1998.
6. Жампеисова К.К. Формирование основ политической культуры старшеклассников в целостном педагогическом процессе школы. Алматы., 1993.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ №4

Тақырыбы: Өзін-өзі танудың мәні

Орындаған:Төлеуханова А .С .
Тексерген: Серикбаева Н.Б
Тобы: Т-441

Семей 2015жыл

Өзін - өзі тану - бұл тұлғаның жетілген өзіндік реттеу, өзіндік басқару негізінде пайда болатын, жақын ортада өзінің әлеуметтік статусын жоғарылату қажеттілігінен туындаған, өзін-өзі көрсету және өзін әлеуметтік тәжірибе субъектісі ретінде өзін-өзі бекіту бойынша дербес, саналанған, арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеті. Осы процестің психологиялық механизмдері ретінде мыналарды бөліп көрсетуге болады:
1. тұлғаның арнайы түрде ұйымдастырылған өзін-өзі зерттеуі (өзін-өзі тану);
2. адамның өз қасиеттері, қабілеттері, әлеуметтік құндылықтары жөніндегі түсініктердің қалыптасуы (өзін-өзі анықтау);
3. өзіне бағытталған сыртқы талаптарды мақсатты түрде зерттеу, солармен өз әлеуметтік кемелдігін салыстыру, яғни өзінің әлеуметтік талаптарға сай болута дайындығын анықтау (өзін-өзі саналау);
4. өзін-өзі тәрбиелеу міндеттерін бөліп алу, қоғамдық пайдалы іс-әрекет барысында өз жеке басы бойынша тәрбиелеу жұмысын жоспарлау, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі талдау, өзін-өзі қадағалау, өзін-өзі бағалау түрлерін анықтау (өзін-өзі дамыту).
Өзін-өзі тану курсы біздің күнделікті өміріміздегі көкейкесті мәселелерді шешуімізге, қарым-қатынас жасауымызға көп көмек көрсетеді. Мінез-құлқы, көңіл-күйі, мақсаты, өмірлік бағыты, болмысы әр түрлі адамдарды түсіне білгенде, олардың жақсы қасиеттерін аша білгенде ғана өмір қызықты да мәнді болады. Қоғамда қалыпты өмір сүруді өзгеден үйрене алмайсың, ол әрбір адамның жеке тәжірибесінен алынады. Өзгелермен қарым - қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде
қалыптасамыз. Өмірде алуан түрлі тағдырлы, мінезді адамдар кездеседі. Олармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу - баға жетпес байлық. Осы байлыққа ие адам қоғамда өз орнын тауып, үйлесімді өмір сүре алады. өмірді сол қалпында қабылдап қадірлей біледі. Өзімен де, басқамен де жарасымды өмір сүре алатындай тұлға ретінде қалай қалыптасуға болады ? Оған жету жолы сан түрлі. Соның бірі - өзін-өзі тану. Өзін-өзі тану курсы адамгершілік тақырыптарын қамтитын материалдар жинағынан тұрады. Ол студенттің өз ойын жинақтап жеткізуге ғана емес өзін танып, тексеруге мүмкіндік береді. Өзін - өзі тану курсы бір күндік емес, ғұмыр ұзақтығындай жол. Сондықтан бұл пәнде берілген даналардан шыққан ұлы сөздер, би-шешендердің айтқандары біздің өмірімізге бағыт - бағдар береді.
Адамдар көбіне өзіне жақын адамдармен немесе симпатия тудыратын, ұнайтын адамдармен жақын қарым-қатынас орнатуға бейім келеді. Индивидке басқа адамның психологиялық мәселесін қарым-қатынас пен толық әсерлесу негізінде қарастыру керек. Психологиялық ғылымда психлогиялық әсер және әсерлесу мәселесінің зерттеулері кең таралған. Олар бір мезетте теориялық әрі қолданбалы болып табылады. В.Н. Куликов көрсеткендей, бұл мәселеде толық ғылымның қоғамдық практикасы мен қажеттіліктерінің сұраныстарының негізі жатыр. Топтық әсер және әсерлесу мәселесі - бұл психиканы толық және оның жеке бөліктерін өздігінен басқару әдістері психологиялық ғылым өзектілігінің бірі. Психология даму теориясы психиканың бейнелеу формасынан басқа психикалық қалыпына, функциялануы мен дамуына тән білімдер мен әдістерді қамтуы керек. Жеке адам және топ теориясы бұл аталған феномендердің негізін ғана емес, сонымен қатар олардың сөздік және сөздік емес әдістерін және оларды басқару мен өзіндік басқару түрлерін ендірді.
Өзін-өзі тану - бұл өзге адамдармен қарым-қатынасын, мінез-құлық ерекшеліктерін, жеке тұлғалық, ақыл-ой ерекшеліктерін, жалпы өзін-өзі тану процесі.
Өзін-өзі танудың көптеген негізгі маңызды жақтары психологияда ашылады:
* өзін-өзі тану - жеке тұлғаның психологиялық денсаулығы мен психикалық хал жағдайын тануы;
* өзін-өзі тану - ішкі үндестік пен психологиялық жетілудің әдіс тәсілі;
* өзін-өзі тану - жеке адамның өзін-өзі дамытуының, өзін-өзі жетілдіруінің негізгі жолы.
Өзін-өзі тану мәселелерінде негізінен гуманистік психологияға ерекше мән беріледі. Мұнда өзін-өзі тану жеке тұлғаның дамуының қажеттілігі, өзін-өзі актуализациялау ретінде қаралады, яғни, өзі кім болғысы келсе, сондай болуға қабілеттілігі, басқалардың айтуымен немесе әлеуметтік ортаның әсерінен болуы емес (К. Роджерс).
Адамның жеке бағыт-бағдары, арманы, құмарлығы, әртүрлі мұраттарға жету жолындағы әрекеті - оның даралық қасиеттеріне тән психологиялық ерекшеліктер.
Жеке адам психикасындағы қатынастардың сыры адам мінезіндегі мақсатты ниет-тілектерді жете түсініп, қажеттіліктерге қол жеткізу үшін дұрыс бағдар беріп отыруды қажет етеді.
Адам өзін-өзі тануда өзімен-өзі болуға тәуекелге барады және басқадан артық немесе кем көрінуге тырыспайды. "Өзін-өзі тану" - ол өзін-өзі тану туралы білім ғана емес, сонымен бірге жеке тұлға ретінде қоғамдағы қарым-қатынас, қоғамдық қоғамдық қатынас жүйесінде өзін-өзі меңгеру әдебі.
Өзін-өзі тану - бұл өз бойындағы қасиеттерді көре білу, оны жан-жақты анализ жасап қабылдау және бағалай білу. Студенттік жастағы маңызды психологиялық процесс - бұл өзіндік сананың қалыптасуы мен жеке тұлға образының, өзіндік "Меннің" қалыптасуы.
Өзіндік сананың қалыптасуы бірнеше бағытта өтеді:
* Өзінің ішкі жан-дүниесінің ашылуы - жасөспірім өзінің эмоцияларын сыртқы ортаның әсері деп емес, өзінің "Мені" деп қабылдай бастайды, басқаларға ұқсамайтын жеке ерекшеліктері, кей кезде жалғыздық сезімі де пайда болады.
* Өткен уақыттың қайта оралмайтынын, өзінің өмір сүруінің соңы болатынын түсіну пайда болады. Өлімнен қашып құтылмайтынын түсіну - адамды өмірдің мәнін, өз перспективалары, өзінің болашағы, мақсаттары туралы терең ойлануға итермелейді. Барлығы мүмкін деген армандардан және абстрактылы идеялардан, қол жетпес үлгіден жайлап азды-көпті шындыққа жақын жоспарлар шыға бастайды Өзін--өзі анықтаудың барлық сферасын, яғни, моральды бейне, өмір сүру стилі, мамандық таңдау және өмірден өз орнын таба білуді жеке адамның өзі құрған өмірлік жоспары қамтиды. Өзінің мақсаттарын, өмірлік ұмтылыстарын, өмірлік жоспарын саналы түрде түсіну - өзіндік сананың басты элементі.
* Өзі туралы толық көзқарас, өзіне деген қатынас, біріншіден, адамның денесінің, сыртқы келбеті, өз тартымдылығы бағаланады, содан соң моральды-психологиялық, интеллектуальды, еріктік сапалары туралы түсінік қалыптасады. Өзін-өзі бақылау, өзі туралы басқа адамдардың ойы, өзінің мүмкіндіктері мен өз бойындағы қасиеттерін есепке ала отырып және жеткен жетістіктерінің нәтижесінің негізінде адамда өзін-өзі сыйлау, өзіне деген жан-жақты қатынас қалыптасады.
Өкінішке орай, дәл осы осы этаптарда көптеген қателіктер жасалады.
"Өзін-өзі тану" бағдарламасын дер кезінде ендіру мен қажеттілігі өмір талабынан туып отыр және де барлығы да соңына дейін жеткізіледі деген сенімділік пайда болады.
"Мен кіммін? Мен қандаймын? Мен неге талпынамын?" деген сұрақтарды өзіне қоя отырып, оларға өзі жауап бере отырып студент:
1. өзіндік сана - өзі туралы көзқарас, өзіне деген эмоциональды қатынас, өзінің сыртқы келбетін, ақыл-ой, моральдық, сапалық қасиеттерін, өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін білу негізінде өзін-өзі тәрбиелеу өзіндік өсуге мүмкіндік туады деген пікір қалыптастырады.
2. өзінің жекелік қасиеттерін және ерекшеліктерін өзі бекітеді, өмірдің мәні туралы - бақыт, махаббат, саясат және т.б. туралы өзіндік теориясын құрады және жалпы қоршаған орта туралы критикалық талқылаулар жасап өмірді жаңадан тануға талпынады.
Болашақ мамандардың психологиялық тұрғыдан дайындығының жетілуі студенттердің жеке басының өсуіне байланысты.көптеген психологтар жеке тұлғаны дамыту мәселелерімен айналысады, бірақ жалпы психология мен жеке тұлға психологиясы арасындағы "Жеке тұлғаның өсуі" аспектісі психотерапиялық тәжірибе мен жалпы психологиялық теория арасындағы алшақтықтың себебінен қажетті деңгейде зерттелмеген. Бұл термин күнделікті қолданылатын қарапайым сөздік қорда "Жеке тұлғаның дамуы" сөзінің синонимі ретінде қолданылады. Көптеген әдебеттерде "Өзін-өзі жетілдіру", "Өзін-өзі дамыту", "Өмірлік жол", "Жеке тұлға потенциалдарының дамуы" және т.б. түсініктермен кездеседі. Көрініп тұрғандай, әртүрлі терминдермен бір мағыналы сөздер айтылады немесе бір атаумен мүлдем сәйкес келмейтін терминдер кездеседі.
Адамның жеке бағыт-бағдары, арманы, құмарлығы, әр түрлі мұраттарға жету жолындағы әрекеті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаның өзін - өзі тануы, психологиялық тұлға
Өзін-өзі танудың философиялық қырлары
Өзін-өзі тану шығармашылығы жайлы
Айнымалы электр тогы
Қарым- қатынас арқылы өзін- өзі тану
Рухани тұлға - сананың жеке жағдайының, нақты алынған рухани қабілеттері мен қасиеттерінің толық бірлігі
Өзін-өзі танудың психологиялық негіздері
Білім берудегі өзін-өзі тану мәселесі
Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытудың негіздері мен ерекшеліктері
Отан тағдырына деген жауапкершілік сезімін арттыру
Пәндер