Топырақтың химиялық мелиорациясына анықтама


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ

Тақырыбы: Топырақтың химиялық мелиорациясына анықтама

Орындаған: Өкенова Ж. А

Тексерген: Сагандыков С. Н

Тобы: АГ - 213

Семей - 2015

Мазмұны

  1. Топырақтың адамзат үшін маңызы
  2. Топырақ құнарлылығы туралы түсінік

1. 3Химиялық мелиорация түсінігі

  1. Топырақтың химиялық мелиорациясына анықтама

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

1. 1 Топырақтың адамзат үшін маңызы

Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызы өте ерекше. Ең алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдар жабайы өсімдіктерді мәдени өсімдіктерге айналдыра бастады. Құнарлы топырақта өнімді өте көп алатынын адамдар сол кезде-ақ білген. Жер яғни топырақсыз адамның өмірі.

Адамзаттың бүкіл өмірі осы топырақпен байланысты. Топырақ ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі құрамы болып табылады. Топырақтың құнарлығын арттыратын әр түрлі тыңайтыштар бар. Бейорганикалық тыңайтқыштар құстың саңғырығы, малдың тезегі және т. б. осыларды ерте кезден бастап адамдар өздерінің шағын жерлеріне еккен егіндеріне тыңайтқыш ретінде пайдалана білген.

Қазіргі кезде топырақтың құнарлығы өте төмендеп бара жатыр. 1953-55 тың игеру жылдарда Қазақстан даласының едәуір көп бөлігін жыртып тастады. Артынан ол жерлер түгел игерілмей қараусыз қалды. Осы кезде Қазақстан жерлерінің көп жерлері эрозияға ұшырап үстіңгі қара топырақ қабаты ұшып кетті. Кейін ол жерлер шөлді жерге айнала бастады. Ол жерді өте көп жыртудың зиянды еді. Егін салғанда да жерді жыл сайын өңдеп, тыңдырып отырмаса, құнарлығы төмендеп кетеді. Соңғы жылдары бактериялық тыңайтқыштар да қолданыс табуда. бактериялар массасын топыраққа араластырып микробиологияық процестерді күшейтуге және химиялық элементтердің сіңімділігін көтеруге қол жеткізуде. Мыс: фосфорбактерин органикалық заттарды алдыратын, фосфорды сіңімді фосфор түріне айналдырады. т. б. Ауылшаруашылығы дақылдарын қалыпты өсіру үшін макроэлементтер мөлшері ғана емес. Сирек кездесетін құрамы маңызды элементтердің болмауы өсімдіктің ауруына, түсімнің аз болуына әкеліп соғуда.

Топырақтың адамзат үшін маңызды. Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызын айтып жеткізу қиын. Егер бұрынғы кезде өскен өнімді жинау кезінде топырақтың жанама маңызы болуы, себебі ол адамды жабайы өсімдіктер өнімдерімен қамтамасыз етті, ал жер жыртып, егіншілікпен айналысқан кезден бастап топырақ азық өнімдерінін көзіну айналды.

Сондықтан еңбек адамы ежелден осы табиғи байлыққа үлкен құрметпен қарайды. В. В. Докучаев ойынша қара топырақты жерлерді Ресейдің негізгі байлығы деп атайды.

Өндірістің кейбір салалары топырақты пайдалануға негізделген. Соның бірі маңызды азық-түлік өнімдерін жеткізуші ауыл шаруашылдығы. Топырақ ауыл шаруашылығы өндірісін негізгі құралы болып табылады. Топырақтың орман шаруашылығында және құрылыс салғанда - инженерлік құрылғылардың іргетасының негізгі ретінде және жол салуда гидротехникалық құрылыста құрылыс материалы ретінде маңызы зор.

Топырақта жүріп жататын күрделі биологиялық, физика-химиялық және химиялық процестердін адамзат қоғамының түрлі тіршілік салалары үшін мәні зор. Осы процестерді тану топырақты іс жүзінде пайдалануда жаңа мүмкіндіктер ашады.

Микробиологиялық және геохимиялық процестерді зерттеуге байланысты топырақтың халық денсаулығы үшін маңызы анықтала түседі. Топырақтағы физика-химиялық құбылыстарды зерттеудің гидротехникалық құрылыс үшін және алыс қашықтыққа созылған магистралық құбырлар салу үшін маңызы бар.

Топырақтағы биогеохимиялық және геохимиялық процестерді пайдалы қазба кен орындарын іздеу кезінде пайдаланады. Жердің ауыл шаруашылығы үшін маңызы ерекше, сондықтан осы сұрақ алды мен қаралуы керек.

  1. Топырақ құнарлылығы туралы түсінік

Топырақ құнарлығы. Топырақ еңбек құралы және өнімі ретінде. Топырақ құнарлығы деп оның табиғи және мәдени өсімдіктердің қалыпты өсуі мен дамуын қамтамасыз ету қабілетін айтады. Топырақ құнарлығы оны кез-келген борпылдақ тау жынысынан ажыратуға мүмкіндік беретін ерекше сапа. Бұл сапаның адамзат қоғамы үшін маңызы зор. Табиғи топырақ құнарлылығы олардың қалыптасуы барысында топырақ түзу факторы әсерінен болады және табиғи өсімдіктер өсімділігімен бағаланады.

Өнделетін жердің құнарлығы ауылшаруашылық өнімдерінің түсім көлемімен өлшенеді және ауылшаруашылық өндірістің деңгейіне: осы топырақтың зиянды химиялық қасиетін жоя білуге, қолайлы су мен ауа режиміне, минерал, органикалық, бактериялық тыңайтқыштар пайдалану мүмкіндігіне, ауылшаруашылық өндірісінің механикаландыру деңгейіне байланысты.

Түсім көлем еңбек өнімділігіне тікелей байланысты болғандықтан, топырақ құнарлығы да қоғамдық өндірістің маңызды кезі болып есептеледі.

Табиғи топырақ құнарлығынан көрсеткіштері - аудан бірлігіндегі жылдық өсімдіктердің үстеме өсуі:

Тундра үшін 10-25ц/га

Гүлді және шым гүлді топырақ 45-85

Қара топырақты жер 90-137

Каштан топырақтар 40

Сұр-қоңыр топырақтар 12

Тропикалық саваннаның

қызыл және сары топырақтары 120

Ылғал тропиктердің қызыл

және сары топырақтары.

Күнделікті өмірде құнарлы деп белгілі бір мәдени өсімдіктер үшін қолайлы топырақты атайды. Шынында құнарсыз топырақ болмайды, себебі құнарлылық топырақтың ажырамас қасиеті.

Кез-келген топырақ, онда жақты өсетін өсімдіктер үшін құнарлы боп табылады. Мысалы, құнарсыз екені айқын сортаң жерлерде кейбір сортаң шөптер жақсы өседі, олар басқа жерде өсе алмайды.

Сұр топырақты жерлер мақта өсуіне қолайлы, бірақ картоп үшін құнарсыз т. б.

Құнарлығы немен анықталады?

өсідіктер қалыпты өсу үшін топырақта мына жағдайлар блокы тиіс:

1. Өсімдік бойына сіңіре алатын формадағы қорек элементтері болуы тиіс.
2. Өсімдік сіңіре алатын формада су болуы тиіс.
3. Өсімдік тіршілігі үшін қажетті мөлшерде оттегімен қамтамасыз етілуі тиіс.
4. Топырақ массасының құрылымы қолайлы болып онтайлы ауа - су режимін қамтамасыз етіп тамырлардын топыраққа жақсы өтуін одан қоректікз аттар мен ылғалдық керегінше алуын қамтамасыз етуі тиіс.
5. Өсімдіктер үшін зиянды қоспалар болуы тиіс.

Мәлім болғандай өсімдіктер негізгі қорек элементі ретінде топырақтан азот, фосфор, калий, кальций, темір, күкіртті сініреді. Химиялық талдауға қарасақ, топырақтағы химиялық элементтер құрамы көп, және ол көп жылға жетеді. Н. П. Ремезов деректері бойынша, қаратопырақ құрамында азот пен фосфордың көптігі сонша, бидайдан орташа түсім алғанда әлі 250 жылға жетеді екен, ал калий құрамы - 3 мың жылға жетерлік.

Бірақ өсімдіктер үшін элементтер мөлшері емес, топырақтағы өсімдік сіңіруге ыңғайлы формалары маңызды. Қара топырақтың жыртылатын горизонтындағы қоректік элементтердің жалпы қоры, 1 га шақанда Н. П. Ремезв бойынша 1952ж. Элементтер Мөлшер Бидайдың орташа түсімінің қандай мөлшерін қамтамасыз ете алады

Топырақтағы азоттың көп бөлігі органикалық қана түрінде болады, сондықтан ол күрделі, соның ішінде мәдени өсімдіктер үшін сінірілмейді. Тек микробиологиялық тіршілік нәтижесінде пайда болушы аммонии және нитрат қоспалар ғана өсімдікке сіңімді.

Фосфордың органикалық қоспаларфы және фосфор құрамы минералдардың көбі өсімдіктерге сіңбейді. Топырақтағы калий негізгі массасы екінші дисперсиялық силикат (гидросиюд) құрамына кіреді, бұл күйінде оны өсімдіктер қорыта алмайды.

Өсімдіктер сіңірілген калийді және калийдің суда еритін қоспаларын бойына тарады, бұлардың топырақтағы мөлшері мардымсыз. Кальций мен магний де сіңірілген және суда еріген күйінде ғана өсімдіктерге пайдалы.

Өсімдіктерге сіңімді түрдегі химиялық элементтер құрамы олардың жалпы құрамына қарағанда өте аз. Сондықтан мәдени өсімдіктердің қалыпты өсуі үшін (демек, жақсы өнім алу үшін) кейбір қоректік элементтерді сіңімді формада топыраққа тыңайтқыш ретінде қосу керек.

Оның тағы бір себебі жыл сайын жиналған өніммен бірге химиялық элементтер де топырақтан алынып, азаяды. Демек, өсімдіктердің қалыпты өсуіне керек элеметтер мөлшері де азаяды, бұл егін өніміне әсер етеді. Мысалы, бұл құбылыс АҚШ орталық аудандарында байқалды, онда 20 жыл ішінде топырақтағы азот мөлшері 20% - ке кеміген, келесі 20 жылда 10% - ке, келесі 20 жылда 7% - кеміген.

Сондықтан агрохимия ережесіне сәйкес тыңайтқыш қолдану ауылшаруашылығы дақылдары түсімін және жер құнарлылығын көтеретін маңызды тәсіл болып табылады.

Тыңайтқыш қолдана отырып адам заттардың биологиялық айналымына белсенді араласып, өз мақсатында бағыт беріп, реттейді.

Органикалық минерал тыңайтқыштар қосумен қатар соңғы жылдары бактериялық тыңайтқыштарда қолданыс табуда. Бактериялар массасын топыраққа араластырып микробиологиялық процестерді күшейтуге және химиялық элементтердің сіңімділігін көтеруге қол жеткізіледі.

Мысалы, фосфорбактерин органикалық заттарды ыдыратып, фосфорды сіңімді фосфор түріне айналдырды, т. б.

Ауылшаруашылығы дақылдарын қалыпты өсіру үшін макроэлементтер мөлшері ғана емес, сирек кездесетін және бытырап орналасқан химиялық элементтер құрамы да маңызды.

Олардың болмауы немесе аз болуы мәдени өсімдіктердің ауруына, түсімнің аз болуына әкеледі.

Топырақта жездің кемдігінен пайда болған жағымсыз құбылыстар кең тараған. Бұл құбылыстар торф топырақта орман аймағында көп кездеседі. (Өңдеу сырқаты деп атайды) . Жез қосқан соң ғана бұл ауру жойылған, астық өнімі көбейген.

Жезді кейбір өсімдіктер организміне қосу үшін оларды паразиттік грибоктарға қарсы тұрақтылығын арттырады. Мырыш, бор, марганец, молибден және сирек кезесетін элементтер топыраққа қосқанның әсері болатыны анықталды.

Микроэлементтердің мал шаруашылығы үшін де маңызы зор. Кейбір микроэлементтердің топырақта және өсімдіктерде (жемде) артық не кем болуы мал өнімділігіне елеулі әсер етеді.

Кобалаттің топырақта аз болуынан мал қанында эритроциттер азайып, мал тез ариді (себебі, белок синтезі нашарлайды) жемнің көп болуы бұған әсер етпейді.

Ұсақ және ірі мүйізді малдың бұл ауруы - акобалатоз деп аталады, ол СНГ, Шотландия, Австралия және т. б. елдерде таралған. Мал шаруашылығына белгілі әсер ететін жез, никель, селен, фтор, йодтың тапшылығы немесе артықшылығы.

Су өсімдіктің тіршілігінің барлық кезенінде де дәннен жарып шыққаннан, пісіп жетілгенше үлкен роль атқарады. Түрлі өсімдік дәндері жарылуы үшін түрлі су мөлшері керек:

Бидай үшін - салмағының 45% қызылша үшін - 120% керек. Түрлі мәдени өсімдіктердің құрғақ массасының тоннасын алу үшін шығындалған су мөлшері де әр түрлі және 200 ден 1000 т-ға дейін өзгереді.

Мысалы: бидай тоннасына - 500тонна су жұмсалады, ал күріш тоннасына - 1000т. Артық су керек. Өсімдіктер бос су формасын ғана яғни гравитациялық сініліп байланған суды космос күштері кері тарта алмайды.

Сондықтан сінірілген суы 10-15% құрайтын саздың топырақта өсімдік су тапшылығын көреді, ал құмайт топырақтарда бұл көрсеткіш 1-2% - ке дейін азаяды.

Топырақ ылғалы капилярлық булану барысында азаяды. Ұзын капилярдың болуы топырақты тез құрғатады, ал ол капилярды бұзу, топырақ ылғалы сақталуына әкеледі.

Сондықтан топырақ құрылымын ұсақ кесекті қылу оны құрғаудан сақтайтын тиімді шара болып табылады.

Қуаңшылық аудандарда судың топыраққа мол келуіне бағытталған түрі шаралар жасалады, беткі су ағысын реттеу, қар тоқтату, түрлі суландыру.

Топырақ құнарлығы үшін ауаның, оның оттегісінің маңызы зор. Оттегі микробиологиялық процестер үшін қажет. Топырақтың аэробты микробтары оттегі жетпесе өз тірлігін баяулатады.

Оттегі күрделі өсімдіктер тамыры үшін қажет. Тығыз топырақтағы газ алмасудың қиындауы, топырақ ауасында көмір қышқылының жинақталуы, топырақ артық ылғалданғанда оттегінің жетіспеуі өсімдіктің өсін тежейді.

Н. П. Рмезов (1963 жыл) пікірінше оттегі топырақтың барлық көлемінің 8-12% - і болса, топырақ ауасы өсімдіктер үшін қолайсыз әсерін тигізеді, ал оттегі құрамы 5% -тен кем болса, өсімдіктердің көп бөлігі өледі.

Топырақтың оттегімен қамтылуы және газ алмасу деңгейін ұстау топырақ құрылмына тәуелді, ол тамыр қабатының тереңдігін анықтайды, ылғалдың топырақтағы шығынын және бөлінуін реттейді, өсімдіктердің қорек режимін реттейді.

Топырақтың жақсы құрылымды өсімдіктер құлыпты өсуін қажетті шартты болып табылады. Жыртылатын горизонттың онтайлы құрылымы болып есептелетін - ұсақ кесекті түйірлі суға берік құрылым. Топырақ құнарлығына теріс әсер ететін тұздар құрамының көбеюі. Тұз концентрациясын топырақ ерітіндісіне жоғары болуы өсімдіктерді мына себептерге байланысты тежейді:

1. Өсімдік клеткасына су келуі нашарлап, бұзылады, себебі топырақ ерітіндсіндегі осмос қысымы өсімдік клеткасы протоплазмасындағдан жоғары.
2. Ассимиляция және газ алмасу процестері бұзылады. В. А. Ховда зерттеуі бойынша, сортаңдау жағдайында өсімдіктерге магнии, натридің хлорлы тұздары көптеп сіңіп, маңызды химиялық элементтер - кальций, калий, фосфор, темір, марганец бірнеше есе кемиді. Тез еріген тұздар өсімдіктің жасыл бөлігінде жинақталып, фотосинтез процесін әлсіретеді. Ақырында өсімдік дамудан қалады.
3. Сортаңдалу әсерінен өсімдік анатомиясында күрделі өзгерістер болады. Тамыр қуысы тарылады, қабыршақ қабырғалары қалыңдайды, нәтижесінде өсімдік қурайды.

Топырақтың сортаңдалуымен, сорлауымен күрес, сор топырақтарды жақсарту халық шаруашылығының күрделі де маңызды мәселесі болып табылады.

Топырақ құнарлылығы тек табиғи қасиеттеріне емес, оны өңдеу сипатына да байланысты. Табиғи құнарлылық топырақтан жаратылыс қасиеттеріне байланысты. Тиімді құнарлылық табиғи құнарлылық бөлігі, ол мәдени өсімдік түсімі түрінде анықталды. Тиімі құнарлылық тыңайтқыш қолдануға, топырақты ұтымды өңдеуге және т. б. шараларға сәйкес ұлғаяды. Осылайша жасанды тиімді құнарлылық жасалады:

Табиғи құнарлылық

Тиімді Әлеуметті

Жасанды тиімді құнарлылық. Ғылым мен ауылшаруашылығындағы тәжірибе дамыған сайын жасанды құнарлылық арта түседі. Тиімді құнарлылық адамзат қоғаының дауына, өндіріс күштері мен өндірістік қатынастардың дауына байланысты.

Өткен ғасырда «кемуші құнарлық заңы» деген қате және реакцияшыл заң тұжырымдалды. Ол көптеген тәжірибелер нәтижесінде шығарылды. Ол тәжірибелер кезінде топырақ құнарлығына және өнім түсіміне бір фактордың әсері зерттелді. Мысалы: топырақтағы судың арпа өніміне әсері анықталды. Тәжірибе деректері бойынша топырақ ылғалдығы 60%-ке жеткенше өнім артып отырды, ал ылғалдықты көтерген кезде өнім азайып, 100% ылғалдық кезінде нөлге тең болған.

Мұндай тәжірибелер басқа да өсімдіктермен олардың тіршілігіндегі басқа да факторларға қатысты жасалып отырған. Барлығында да берілен фактордың онтайлы құрамына сәйкес ең көп өнім алған да, бұл фактордың мөшерін әрі қарай көбейткен сайын өнім жинау төмендей берген.

Тәжірибе нәтижесін өндіріске енгізіп, кейбір зерттеушілер жансақ пікірге: топырақты өңдеп пайдаланған сайын топырақ құнарлығы топыраққа салынған еңбек пен қаржыны ақтамай, бірте-бірте азая береді. Осы қорытыдыдан қате тұжырымдар жасалған.

В. Р. Вильямс осындай тәжірибелердің ғылыми негізсіздігін дәлеледі. Оларды өткізгенде әдістемелік қателік бар фактодың өсімдік тіршілігіне әсері алынғанын, тәжірибені бірнеше фактор мен өткізсе, өнім өсе түсетіні дәлелденді.

  1. Химиялық мелиорация түсінігі

Химиялық мелиорация - екпе дақылдарға қолайлы жағдай туғызып, өнімін арттыру және еңбек шығынын кеміту үшін топыраққа химиялық жолмен әсер ететін шаралар жүйесі. Химиялық мелиорацияның әсерінен өсімдік тамыры өсетін топырақ қабатындағы өсімдікке зиянды тұздар мөлшері кемиді, топырақтың қышқылдығы және сілтілігі төмендейді. Химиялық мелиорация топыраққа қоректік заттардың түрлерін молайтады, оның физикалық-химиялық күйін жақсартады. Жер жағдайы, ауа райы ерекшеліктеріне, өсірілетін дақылдар және оның агротехникасының әр түрлілігіне байланысты топырақ құрамы мен құнарлылығын арттыруға бағытталған.

Химиялық мелиорация түрлері де, әдістері де, техникасы мен технологиясы да белгілі аймақ жағдайына байланысты болады. Қара топырақсыз өңірдегі батпақты, күлгін, шымды-күлгін және сілтісізденген топырақтың қышқылдығын төмендету үшін топыраққа әк және шөлді-шөлейт аудандарда тұзды және сортаң топырақтың сілтілігін төмендету үшін гипс қосады.

Химиялық мелиорацияның маңызды шараларына: топырақтың өсімдік тамыры жайылған қабатына фосфор тыңайтқыштарын, шымды-батпақ топырақтарға құрамында мыс бар тыңайтқыштарды шашу; бұл топырақтардың қышқыл түріне мыс пен әк тыңайтқыштарын аралас қолдану; суландырылған жерлерге бағалы дақылдар себу; өсімдіктерді арамшөптерден, зиянкестер мен аурулардан қорғауды тиімді ұйымдастыру; топырақты өңдеу; егін егу және баптау жұмыстарын уақытында жүргізу; тыңайтқыштарды егіс танабына біркелкі енгізу, т. б. жатады. Химиялық мелиорация жұмыстары суару, топырақ эрозиясымен күрес шаралары, сортаң топырақтарды жуу, т. б. мелиорациялаудың басқа түрлерімен кешенді жүргізгенде нәтижелі болады.

  1. Топырақтың химиялық мелиорациясына анықтама

Химиялық мелиорацияның негізгі тәсілдері - қышқыл топырақты әктеу және сортаң топырақты гипстеу болып табылады.

Әктеу - бұл топыраққа кальцийді және магнийді қышқылдылықты нейтралдау үшін оксид немесе гидрооксид түрінде карбонат етіп енгізу. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы аумағындағы қышқыл топырақ көлемі 3 млн/га құрайды, бұл ауыл шаруашылығына тиісті жердің 30% құрайды. Қышқылдылығы жоғары жерлерде жыл сайын 2, 5 млн т тұқым өнбей қалады, минералды тыңайтқыштардың тиімділігі бірден төмендейді, аумақтың экологиялық жағдайы нашарлайды. Әктеу жұмыстары тек топырақтың артық қышқылдылығын төмендету үшін ғана емес, сонымен қатар топырақтың агрохимиялық, агрофизикалық және биологиялық құрамын жақсартып, өсімдікті кальциймен және магниймен қамтамасыз ету, өсімдіктің өсуі мен дамуына оптималды жағдай тудырады. Өңделетін ауыл шаруашылық аймақтар топырақтың қышқылдылығына өте талапшыл, топырақ қышқылдылығы төмен немесе нейтралды деңгейде болуы тиіс.

Әктеуге қажеттілік топырақ пен өңделетін дақылдың биологиялық ерекшеліктері арасында қарама- қайшылық туған жағдайда туады.

Кесте 9. 3 - Топырақтың рН әртүрлі жағдайда болғанда әктеу

Топырақтың гранулометриялық құрамы
Әктеу
Өте қажет
Талап етеді
Рұқсат етіледі
Шектеледі
Артық
Топырақтың гранулометриялық құрамы:

Өте жеңіл

Жеңіл

Орташа

Ауыр

Әктеу:

4, 0дейін

4, 5дейін

5, 0дейін

5, 5дейін

4, 1-4, 5

4, 6-5, 0

5, 1-5, 5

5, 6-6, 0

4, 5-5, 0

5, 1-5, 5

5, 6-6, 0

6, 1-6, 5

5, 1-5, 5

5, 6-6, 0

6, 1-6, 5

6, 5-7, 0

5, 6 жоғары

6, 1 жоғары

6, 6 жоғары

7, 1 жоғары

Топырақ қышқылдылығына байланысты егін шаруашылығы келесі топтарға бөлінеді:

І. Топырақтың қышқылдылығына аса сезімтал;

Нейтралды немесе әлсіз сілтілі реакцияны қажет етеді (рН 6, 2-7, 0) ;

Әктеу жұмыстары жақсы нәтиже беретін өсімдіктер: қант қызылшасы, мал азықтық қызылша, шалғындық жоңышқа, беде, қыша.

Әлсізқышқыл және нейтралды топыраққа жақын қышқылдылықты қажет ететін (рН 5, 1-6, 0) ; әктеуге жақсы нәтиже беретін өсімдіктер жүгері, бидай, арпа, бұршақ, бұршақ тұқымдастар, турнепс, мал азаықтық қырыққабат, швед жоңышқасы, түлкіқұйрық, мықын, тоқаш, сиыржоңышқа.

2. Орташа қышқылдылықты көтере алатын, әктеуді тек қышқылдылығы жоғары немесе орташа топырақта ғана жүргізу керек: қарабидай, тары, тимофеевка, қарақұмық. Орташа қышқылдылықты жеңіл өткеретін; әктеуді тек қышқылдылығы жоғары немесе орташа топырақта ғана жүргізу керек: күнбағыс, картоп, зығыр.

3. Топырақтың жоғары қышқылдылығына сезімталдылығы төмен:бөрібұршақ, сераделла.

Әктің мөлшерін есептеу үшін гидролитикалық қышқылдылықты (100г топыраққа мг- экв. ) 1, 5 коэффицентке көбейтеді. 1 га әктің мөлшерін тоннамен есептейді.

Әктеу тыңайтқыштар жүйесімен тығыз байланысты болуы тиіс, фосфорлы тыңайтқыщтардың орнына фосфор ұнын пайдалану кезінде де.

Минералды тыңайтқыштардың көпшілігі топырақты физико- химиялық, физиологиялық және микробиологиялық процесстердің нәтижесінде қышқылдандырады.

Аммоний сульфаты топырақты бірінші кезекте қышқылдандырады. Физиологиялық қышқыл минералды тыңайтқыштарды нейтралдау үшін қосымша әкті заттар қосуға рұқсат етілген.

Әктеудің тиімділігін арттыру үшін:

  • Топырақтың қышқылдылық деңгейін анықтау;
  • Ауыспалы егіншіліктің әктеуге әсерін анықтау;
  • Әктің қалыпты мөлшерін анықтау;
  • Топырақты әктеуді минералды және органикалық тыңайтқыш енгізумен ұштастыру;
  • Топырақты әктеу минералды тыңайтқыш қолдануға қарағанда тиімділік мөлшері жоғары болуы тиіс;
  • Топыраққа әкті біркелкі етіп енгізу.

Топырақтың қышқылдылығы - өте маңызды, бірақ бұл топырақтың әкке қажеттілігін тудыратын жалғыз себеп емес. Топырақтың әкке мұқтаждығын анықтағанда топырақ құрамындағы алмаспалы алюминий және марганец сияқты қосылыстардың мөлшерін, топырақтың негіздермен қамтамасыз етілу мөлшерін, гранулометриялық құрамын анықтап алу қажет. Топырақтың негіздермен қанықтылығына байланыстыкелесі топтарға бөліп қарастырады: 50% және одан төмен болса - әкке деген қажеттілік жоғары; 50-70 % - орташа; 70-80 % - әлсіз; 80% жоғары болса - топыраққа әктің қажеті жоқ. Топыраққа әктің қажеттілігін анықтаудың ең тиімді тәсілі рН пен тұз қосылыстарының мөлшерін, негіздермен топырақтың қанығуын, топырақтың гранулометриялық құрамын бірмезгілде анықтау болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнайдың литосфераға экологиялық әсері
ОҚО Түлкібас ауданы «Шабыт» шаруа қожалығының ауылшаруашылық алқаптарының құнын бағалау
Топырақ құрамындағы органикалық заттарды анықтау
Қаскелең өзені ресурстарының су сапасын жақсартудың экологиялық – экономикалық тиімділігі
Химиялық мелиорант, фосфогипс
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТЕРРИТОРИЯСЫНА ФИЗИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
Қазақстанның тегіс жер топырағы
Топырақ түзілудің жалпы үрдісі
Табиғаттың ластануы: атмосфера, гидросфера, литосфера және оны болдырмау
Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz