Оқиғалы өлең (Шәкәрімнің оқиғалы өлеңі)


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Филология факультет

КОНСПЕКТ

Тақырыбы: Оқиғалы өлең(Шәкәрімнің оқиғалы өлеңі)

Орындаған: Еркінова А

Тексерген: Жүндібаева А. Қ

СЕМЕЙ 2015

Шәкәрім шығармаларындағы негізгі тартыс та адамгершілік пен

оған қарама-қайшы ұғымдар арасында өрбиді. Ақынның өзіндік әлемімен оны қоршаған дүниенің, оның-рухани өмірінің тарихпен, заманымен байланыс тудырады. Шәкәрім эпикалық жанр шебері ретінде «Еңлік-Кебек», «Қалқаман-Мамыр», «Нартайлақ-Айсұлу», «Ләйлә-Мәжнүн», «Мұтылғанның өмірі» сияқты күрделі тартыстарға құрылған поэмалар дүниеге келтірді. Ал, лирикалық шығармаларының ішіндегі сюжетке құрылған, белгілі бір композициялық жүйемен жазылғандары да көптеп кездеседі. Ақынның «Бай мен қонақ» деп аталатын өлеңі алғаш рет 1912 жалы «Жәрдем» баспасынан шыққан, «Қазақ айнасы» деп аталатын кітабында жарияланған. Өлең оқиғасы байдың үйіне келген қонақтың амандасуымен басталады. Алайда, ақын өлеңінің үшінші шумағындағы:

Іздегені болмайды жалғыз тамақ,

Басқа да жұмысы бар байқастамақ.

Келген кезде - бай менен қонақ тату,

Қайтарында болады қырын қабақ -,

деген жолдар арқылы оқиғаның немене аяқталғанынан хабар беріп,

өзіндік қорытындысын білдіреді. Десек те, бұл әлі де ақынның қорытынды,

соңғы пікірі емес. Өлең оқигасы диалог арқылы өрбиді. Бұл шағын диалог

арқылы қазақ халқының ұлттық тұрмыс-салты мен дәстүріне сай алынған

сөздер тарихилық сипатта көрінеді. Лирикалық өлеңдегі тартыс қонақ пен

байдың арасындағы тартыс келген қонақтың алдымен ақша, соңынан аттың

майын сұрауынан басталады. Бұл ситуациялық оқиға қолында жоқ адам мен

баршылықта отырған адам психологиясын да көрсетеді. Өлеңдегі қелген

қонақ пен байдың алғашқы амандық - саулық сұрасып, мал-жан жағдайынан

хабарласусәттері шынайы түрде өрілген.

«Семіз бе сіздің елдің малы?»- дейді,

«Тым аса семірген жоқ әлі дейді»-дейді.

«Жолығып, жолда аралап байқап едік,

Жылқыңыз семіз екен, бәлі»- дейді -, деген келесі шумақтардағы

диалогта қонақ пен үй иесінің іштей арбасқан психологиялық тартысы

нәзік те, шынайы берілген. Себебі қонақтың нендей шаруамен келгенін іштей

болжап отырған бай малының жайынан аса сыр ашқысы келмейді. Бірақ

қонақ жай отырмай жолда байдың малын, көріп, хабардар екенін білдіру

арқылы алда болатын әңгіменің шетін шығарады. Шәкәрім шеберлігі - қазақ

халқының тұрмыс - тіршілігін терең білетін психолог, әрі сол мәселені барлық

шынайылығымен көрсете алуымен ерекше.

Ал, өлеңдегі композициялық желіге келсек, оқиғаның шиеленісуі:

Аз жұмысым бар еді сізде, -дейді,

Бір азырақ ақша бер бізге, - дейді.

. . . - Ол жоқ болса, бір аттың берші майын,

Дұспаныма мақтанып, жаз жайлайын.

Екеуінің біреуін бермесеңіз,

Қасарысқан бір жолың, мен не айтайын?

- деген шумақтардағы өзіндік тартысқа құрылған диалогтан басталады.

Осы аз ғана диалогтың өзінен қонақ пен байдың арасындағы ширыққан әңгіме

басын аңғарамыз.

Өлең оқиғасындағы шарықтау шегі қонағына байдың:

- Семіз атым жоқ еді биыл, - дейді,

Ақша да жоқ қолымда тиын, дейді.

Аямаймын орайы келмей отыр,

Қатты батып отырсың, қиын. - дейді-, деп берген жауабы десек, оқиғаның

аяқталуы:

Бермеген соң қонақ өкпеледі,

Елемеді мені деп кектенеді.

Не ақша, не ат майын бермеді деп,

Әлгі байды талай жан жек көреді. -деген баяндауы арқылы берілген.

Бұл баяндау арқылы ақын- жай ғана айтып қоя салмайы. Ол қонақтың

не себепті өкпелегенін білдіреді. Сондағы байдың қонаққа мал сойып,

күткені бос әурешілік екені, енді бұл қонақтың байды жүрген жерде сараң

деп айыптап жүретінін көрсетеді. Өлеңнің соңы Шәкәрім лирикасына сай

адамгершілік мәселесін биіктетіп, өзінше баға бере отырып, былай деп

қорытындылайды:

Байда жазық немене, малын сойды,

Қымыз ішті, шай менен етке тойды.

Қонағыңыз тым арсыз болды білем,

Бай бермесе өз малын бермей қойды.

Зиян тартпай қалмайды осыдан бай,

Болмаған соң қонақтың көңілі жай.

Көрінгенге көз сүзбей күнін көріп,

Қазақ қашан ел болар құдайым-ай!

Ақын келген қонақтың әрекеті арқылы ел үстінен күн көруді тірлікке

айналдырған адамдардың арсыз мінезін сынай отырып жасаған қорытындысы

арқылы елді адамгершілікке тәрбиелеудің өзіндік бір амалын тапқандай.

Себебі, халық өз ішінен көріп жүрген осындай адамдардан жиіркеніп, оның

әрекетін қайталамауға тырсады.

Шәкәрімнің «Піскен мен шикі» деген өлеңі де, «Қазақ айнасы» жинағында алғаш рет жарық көрген. Бұл өлеңде көрнеу тұрған шиеленіс, тартыс жоқ. Бірақ мұндағы негізгі драматизм өмірге икемсіз бай баласының іс-әрекеті арқылы көрінеді. Оқиға басы:

Бай мен жарлы баласы аңға шықты,

Жалаң қағып жарап тұр аты мықты.

Жортып жүрген түлкіні көрді-дағы,

Қуып барып еріксіз інге тықты-, деген өлең жолдарынан басталса,

алғашқы драмалық тартыстың басы бай баласының: «шылбырынан арқандап

атты отқа қой, Тойып алсын болғанша біз жұмыстап» деген шаруақор сияқты

көрінген сөздерінен басталады. Драмалық тартыстың осыдан басталатыны

жарлы баласының аттарды «байы айтқан соң амалсыз арқандауымен» көрінеді.

Жарлы баласының шаруа жайын білетінін де ақын осы сөздер арқылы

білдіреді. Себебі, аттарды отқа қойғаннан кейін, басында ақын баяндауында

айтылған «жалаңдаған жарау аттар» қашып кетіп, екеуі жаяу қалады да,

өз ауылдарын іздеуге шығады. Тартыс үнемі осылыйша екі бала әрекеті

арқылы өрбіп, дамып отырады. Ақын піскен мен шикі әрекеттері арқылы

өлең оқиғасындағы шиеленісу мен шарықтау шегін де көрсетіп өтеді.

Бұл өлеңнің қорытынды екі шумағы да, Шәкәрім шығармашылығына

тән баға бере отырып, қорытынды пікірді үшінші жақтан бақылаушы адам

ретінде береді. Автордың әр өлеңнен кейін осылайша қорытындылап шығаруы

белгілі бір дәрежеде өзіндік қолтаңбасын, өзіне тән стилін танытқандай.

Шәкәрім өлеңдеріндегі ең басты идея - адамгершілік мәслесі десек, ақын

өлеңдеріндегі драмалық тартыс та осы мәселе төңірегінен өрбиді.

«Ашу мен ынсап» өлеңі сегіз тармақты жиырма алты шумақтан

құралған. Қазақ ұғымында қалыптасқан «белді бекем буу» тіркесі лирикалық

кейіпкердің шын ниетімен, бар ынтасымен ісіне кіріскенін көрсетеді. Белін

бекем буынып іске кіріскен лирикалық кейіпкер өз ісін бұлдамайтынын,

қайта елді түзеті үшін шыққан теріне қуанатынын байқатады. Екінші шумақ

алғашқы шумақ идеясын жалғастырады. Мұнда лирикалық тұлғаның

қамығып, психологиялық ішкі тартысқа түскенін көреміз. Оның жан

дүниесіндегі шарасыздық бір сәтте қажығанын, шаршағанын көрсетеді.

Алайда, алдына қойған мақсатынан тартынбауға бел буынған лирикалық

тұлға қайраты мен ойын мұңдасуға шақырады. Лирикалық өлеңнің байланысу

сәтінен ақын қайрат, ой, ашу, еріншек, т. б. дерексіз ұғымдарды жандандырып,

олармен сөйлесе бастайды.

Үміт үзген қорқақ Ой

Дірілдейді қалшылдап

«Мүмкін емес, мұны қой», -

Деп жалынды жалпылдап

Бір жағымнан Еріншек

Тағы келді салпылдап.

«Болмаймын, -деп, -келіншек», -

Ашу келді арсылдап.

-деген шумақтағы лирикалық тұлғаның көмекке шақырған ойы

қорқақтық танытса, керісінше қарсы жақтағы Еріншек пен Ашу иектеп,

басым түсіп тұрғандай болады. Шәкәрім өлеңдеріндегі тарихи поэтикалық

сипат күрделі сезім-күйдің, терең ойдың ерекше энергетикалық жағдайда серияболуымен ерекшеленеді. Шумақтағы қалшылдап, жалпылдап, салпылдап, арсылдап деп көсемше формасында келген эпитеттер дерексіз ой, еріншек,

ашу ұғымдарын нақылдандыра түскен. Сондай-ақ ақын қазақ жағдайын

түзеуге байланысты ойларын ашына, әрі ашық айтады. М. О. Әуезов 1918 ж.

«Абай» жураналының No5 санында жариялаған «Абайдан соңғы ақындар»

деген мақаласында: «Шәкәрім көбінесе өлеңі халыққа ұғымды болуын

көздейді; және өлеңі арқылы халықтың ақылын да тәрбие қылып, жетілдіргісі

келеді. Осы күнгі ақындардың ішіндегі Абайға өлеңінің сыртымен болмаса

да ішкі мағынасымен еліктеген кісі - Шакәрім. Міне, кемішілкті айтқанда

жерлеп, кекеп, шенеп, оңдырмайтын Шәкәрім өлеңінде шанышпа, ащылық

бар» - деп Шәкәрім шығармашылығына баға береді.

Өлеңінің келесі шумақтарындағы оқиға желісі ашудың ұрсуы, сабырдың

келіп ақыл айтып, барлық істі ынсапқа сынатумен аяқталады. Лирикалық

тұлға ар, ұят, рахым сияқты адамгершілік қасиеттердің надандарлдың

кеселінен «бетін топырақ жасырып» өлгендігіне налиды. Дегенмен, лирикалық

тұлғаның үміті сабыр айтқан сөзден кейін жанданып:

Жан кіргендей қозғалдым,

Тұла бойым шымырлап.

Жан жағыма көз салдым.

Сөйлейін деп, қыбырлап

- деп тіріле бастайды. Лирикалық оқиғаның соңында драмалық тартыс

шиеленісіне түсіп, елдің жағдайын түзету үшін оқу оқып, білім алу керек деген қорытындыға келеді. Өлең жолымен берсек:

Ел саңырау, надан ғой,

Естіле ме құр айғай

Емделмеген адам ғой,

Ел бола ма құр ойбай

Құлағы мен көзі аш,

Оқу оқыт, ғылым жай.

Насихатты сөйтіп шаш,

Соны жүрсің біле алмай

- дейді. Лирикалық тұлға ынсап айтқан байламды жүрекке құптатады.

Шәкәрім өлеңдерінде қолданылатын жүрек ұғымы жаратушыға жақын

болу мағынасын береді. Олай болса жүрекке құптату идеясы жаратушы

иеге құптатумен пара-пар. Ақын өлеңінің соңғы шумағында қазақтан

оқыған, білімді адам көп шықса, қазақ басындағы азап кетер еді деген үмітін

де жасырмайды. Белгілі шәкәрімтанушы Б. Әбдіғазиұлының : «Әдетте

лирикалық шығарма ақынның жүрегін кернеген сезім тамшыларынан

туады. Олай болса, ондағы лирикалық қаһарман көп жағдайда ақынның

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқиғалы өлең
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармалары
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) өмірі
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
Шәкәрім Құдайбердіұлының тәрбие жайлы ойлары
Алаш арыстары
Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы
Шығыстық ақын - шайырлардың қазақ әдебиетіне жасаған ықпалы
Әсет Найманбайұлы «Бақтиярдың қырық бұтағы» циклдік топтамасының жанрлық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz