Қоржын туралы мағұлмат


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Тақырыбы : Қоржын туралы мағұлма

Орындаға:Жақан Әнира

Топ: П - 409 у

Тексерген: Адилханов С. А .

Семей 2015 ж.

Қоржын - иірілген жүннен тоқылған үй бұйымы. Түрлі заттар алып жүруге пайдаланылады. Жай жолақты немесе түрлі өрнекті, сондай-ақ кілемше (түкті, өрнекті) түрінде жасалады. Оның ат қоржын, түйе қоржын, т. б. түрлері бар. Қазақстан, Орта Азия мен Кавказ аймағының, Таулы Алтай өлкесінің тұрғындары пайдаланған.

Қоржын - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданындағы ауыл, ауылдық округ орталығы. Аудан орталығы - Қаратөбе ауылынан оңтүстікке қарай 63 км жерде. Тұрғыны 0, 8 мың адам (2003) . 1931 - 1997 жылы [қаракөл қойықаракөл қойын өсіру кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан Қоржында және округке қарасты Аққозы, Бесоба, Қосбаза, Ферма ауылдарында 17 шаруа қожалығы құрылған.

http://otbasym.kz/journal/wp-content/uploads/2012/09/korjyn.jpg

Қоржын

  1. жекелеген фирма, сала және макроэкономика деңгейінде белгілі бір күнгі тауарлар тапсырысының жиынтығы;
  2. сұранымды және дайындаушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып жасалатын, өнімді жеткізу шарттарын жасасу үшін негіз болып табылатын тауарлардың түр-түрі бойынша сұрыпталымдық жоспар;
  3. заңды не жеке тұлға иеленетін түрлі бағалы қағаздар;
  4. экономикалық субъектінің байлығын құрайтын активтер жиынтығы. Қоржын экономиканың барлық аяларында қолданылады және фирма, ұйым, кәсіпорын қызметінің ауқымы, экономикалық келешегі, рыноктағы орны, т. б. туралы пайымдауға мүмкіндік береді.

Қоржын - иірілген жүннен тоқылған үй бұйымы. Түрлі заттар алып жүруге пайдаланылады. Жай жолақты немесе түрлі өрнекті, сондай-ақ кілемше (түкті, өрнекті) түрінде жасалады.

Халқымыз қоржынды үй бұйымы ретінде бертінге дейін қолданып келді. Әлі есімде, бала күнімде ата - анам киізден тігілген үлкен қоржынның екі жағына екі қарынға құйылған қымызды теңдеп салып, көрші ауылдағы ағайындарға жіберетін. Жылқы малын көлік еткен қазақ үшін қоржын өте ыңғайлы бұйым. Екі жақ басын теңгеріп тастап, ердің артына бөктеріп немесе алдына өңгеріп алсаң, ат үстінен ауып қалмайтын аса қолайлы дүние. Жүктің салмағы қос қапталына тең бөлінсе, жылқы жануардың да аяңы жұмсақ, желісі жайлы болмас па? . . . Бұрынғы қазақы үйлердің кіре берісінде де шағын қоржын ілулі тұратын. Мұны «аяқ қап» деп атайтын. «Аяқ қапқа» негізінен үйдегі отанасы қолданатын ине - жіп, ожау - кепсер секілді ұсақ - түйек бұйымдарды салып қоятын. Мінген түлігіне орай қоржынның ат қоржын, түйе қоржын сияқты түрлері бар. Атадан қалған осы асыл бұйымның ауылдарда әлі де болса күнделікті қолданыста жүргенін аракідік көзіміз шалып қалады.

Қазіргі таңда қоржынды Қазақстанның әр аймағында құдалық кәделерін салатын бұйым ретінде қолданады. Негізінен Оңтүстік өңірлерде, Солтүстік Қазақстан, Кереку, Қостанай, Көкшетау, Ақмола аймақтарында құдалық қоржыны кеңестік дәуірлерде де қолданыстан түскен емес. Ол кездерде Қарағанды, Жезқазған өңірлерінде құдалықтың алық - берігінде қоржынның орнына кәдуілгі чемодан жүретін. Кейінгі бес, он жылдың ішінде құдалық қоржынын апару салты бұл аймақтарға да қайта оралды. Осыдан бес алты жыл бұрын Омбы жеріне құдалыққа барғанымызда қоржын тартудың тамаша үлгісін көргенім барды. Алпамсадай бір азамат құдағилар отырған жерге үлкен түйе қоржынды арқалап келіп, ортамызға тастады. Әлгі түйе қоржынның екі жақ қалтасына қатар қатар тізіп бірнеше кішірек қоржын салыпты. Сол кішірек қоржындарды үлкен құдағиымыз кәделеп, атап - атап, біздерге таратып берді. Қазақстанда да кездесе бермейтін осындай ұлттық нақыштың сырт елде жүрген ағайындарымыздың арасында сақталғанын көріп сүйсіндім.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабақтарында ұлттық ойындарды қолданудың тиімділігі
Мектеп оқушыларына қазақ тілі сабағындағы ұлттық ойындарды тиімді қолданудың әдіс-тәсілдері
Балалардың музыкалық аспаптарына сипаттама
Инвестициялық қоржын
Зат есімдерді меңгертуде қазақтың салт-дәстүрлерінің алатын орны
КӨРКЕМ КЕСТЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ
Лэпбук мектеп жасына дейінгі балаларға жыл мезгілдерін оқытудың заманауи құралы ретінде атты 4-5 жастағы балаларға арналған жоба
Сарафан
Халық ауыз әдебиеті пәнінен практикалық сабақтың әдістемелік нұсқауы
Бағдарламалау ортасының сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz