Франк державасындағы феодализмнің дамуы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы : Франк державасындағы феодализмнің дамуы

Орындаған: Өмірбеков К

Тексерген: Бақытжанова А. Б

Семей 2015

Франк державасындағы феодализмнің дамуы

Франк мемлекеті , Франк империясы - Батыс Еуропада 5 ғасырдың аяғы мен 9 ғасырдың ортасында өмір сүрген ортағасырлық мемлекет. Атауы франктер тайпалар одағының атынан шыққан. Франк мемлетінің тарихы 3 кезеңге бөлінеді. “Меровингтер кезеңі”, “Майордомдар кезеңі”, “Каролингтер кезеңі”. 486 ж. сали франктері Хлодвиг X (481 - 511) басшылығымен Батыс Рим империясының Галлия провинциясын жаулап алғаннан кейін Франк мемлекетті пайда болды. Хлодвиг тұсында Франк мемлекеті орта және жоғары Рейн алабын бағындырды. Аквитаниядағы вестготтардың иеліктерін (507) және Рейннің жағалауындағы шығыс франктерін жаулап алу нәтижесінде кеңейді. Хлодвигтің балалары билеген кезеңде бургундар патшалығы (534), Прованс (536, алемандардың Альпі маңындағы иеліктері, тюрнгтердің Везер мен Эльба аралығында жерлері (6 ғасырдың 30-жылдары) және Дунайдағы баварлар Франк мемлекетіне бағынды (6 ғасырдың 50-жылдары) . Майордом Карл Мартелдің (715 - 741) билігі кезінде араб әскерлері Испаниядан өтіп, Галлияға шабуыл жасады. Карл оларды 732 ж. Пуатье түбінде талқандады. Арабтар тарапынан төнген қауіп Карл Мартелді күшті атты әскер құруға итермеледі. 741 ж. Карл Мартелл қайтыс болғаннан кейін оның баласы Қортық Пипин таққа отырды. Лангобардтардан қысым көріп жүрген Рим папасының көмегімен 751 ж. франк ақсүйектерінің Суассондағы жиналысында ресми түрде франктер королі деп жарияланған ол Италияға, Лангобард корольдігіне қарсы екі рет жорық жасап, жаулап алған жерлерін Рим папасына сыйлады. Мұнда 756 ж. Папа мемлекеті құрылып, 870 жылға дейін өмір сүрді. Римдегі қазіргі Ватикан мемлекеті сол “Пипин сыйлығының” жұрнағы болып табылады. Каролингтер әулетінің ең атақты королі Ұлы Карл (768 - 814) Франк империясын құрды (800) . Ұлы Карл билігінің соңына қарай Франк империясы өзінің жер көлемі жағынан бұрынғы Батыс Рим империясына жақындады. Қарудың күшімен және Ұлы Карлдың беделімен құрылған Франк империясы ұзақ өмір сүрмеді. Карл өлгеннен кейін-ақ оның империясы ыдырай бастады. 843 ж. Карлдың балалары мен немерелері Верден қасында империяны бөлісу жөнінде келісім жасады. Империя үшке бөлініп, үш корольдік пайда болды. Кейіннен олардың орнына Франция, Германия және Италия мемлекеттері дүниеге келді. Карл мен оның мұрагерлері билік жүргізген кезең тарихта “Каролингтердің қайта өрлеуі” деп аталып кетті. 8 - 9 ғасырларда Франк мемлекеттінің экономикасы мен мәдениетінің дамуы біршама жанданды. Тың жерлерді игеру қолға алынды, қолөнері өркендеді. Жерорта т. жағалауын жаулап алуға байланысты сыртқы сауда өрістеді. Жерорта теңізінің мәдени орталықтарымен және Ирландиямен қарым-қатынас жолға қойылды.

Майордомдар билігі . "Майордом" латынша "үйдің үлкені", "басшысы" дегенді білдіреді. 511 жылы Хлодвиг өлгеннен кейін оның мұрагерлері жер мен билік үшін қиян-кескі күрес жүргізді. Ел біресе бөлшектеліп, біресе қайта бірігіп, тұрақсыз жағдай орнады. Меровингтер әулетінен шыққан корольдердің билігі әлсіреп, майордомдардың ықпалы күшейе түсті. Король майордомдарды сарай шаруашылығын басқаруға тағайындайтын. Біртіндеп майордом қызметі әкеден балаға мұра ретінде қала беретін мемлекеттегі ең жоғарғы лауазымды қызметке айналды.

Майордом Карл Мартелл 715-741 жылдары корольмен санаспай-ақ өз билігін жүргізді. Оның билігі кезінде араб әскерлері Испаниядан өтіп, Галлияға шабуыл жасады. Бірақ оларды франктер 732 жылы Пуатье түбінде талқандады. Арабтар тарапынан төнген қауіп Карл Мартеллді күшті атты әскер құруға итермеледі. Атты әскер қатарына қабылданғандар майордомнан тұрғылықты шаруаларымен қоса жер үлестерін алды. Ол жерден түсетін табысқа иесі өзіне ат пен қару-жарақ сатып алуға міндетті еді.

Алғашында жер жауынгердің меншігіне мәңгіге емес, тек әскерде қызмет атқарып жүрген кезінде ғана берілетін. Кейін ол жер үлестері әкеден балаға мұра ретінде қалып отырды. сөйтіп оның балалары да әскери қызметті жалғастыруға міндеттенді. Атты әскерлеріне жер үлестіру үшін Карл шіркеу иеліктерінің біраз бөлігін тартып алды.

Карл мартеллдің сыйлыққа жер үйлестіріп беруі Еуропада жаңа қоғамдық құрылыс - феодализмнің қалыптасуының бастауы болды.

Меровингтер әулетінің ақыры. Қортық Пипиннің билігі. 741 жылы Карл Мартелл өлген соң майордомдық оның баласы Қортық Пипиннің қолына түсті. Ол Меровингтерді құлатып, кароль атағын алуды аңсады. Пипиннің карольді тақтан күшпен құлатып, өзін король деп жариялауы да болатын еді. Бірақ ол таққа заңды жолмен отыруды дұрыс деп ұйғарды. Бұл мақсатына жету үшін ол құдай атынан сөйлеуге құқы бар Рим папасын падаланды.

Лангобардтардан қысым көріп жүрген Рим папасы франктердің көмегіне зәру еді. Сондықтан ол Пипиннің кароль атанғанына келісім берді. 751 жылы папаның келісімі бойынша, франк ақсүйектерінің Суассондағы жиналысында Пипин ресми түрде франктер каролі болып жарияланды. Ол 768 жылға дейін корольдік етті. Меровингтер әулетінің ең соңғы королі Хилдерик монастырьға қамауға алынып, сол жерде қайтыс болды.

Қортық Пипин папаның жақсылығына жақсылықпен жауап қайтарды. Ол Италияға Лангобард корольдігіне қарсы екі жорық жасап, жаулап алған жерлерін рим папасына сыйлады. Ол жерде 756 жылы Папа мемлекеті құрылып, 870 жылға дейін өмір сүрді. Римдегі қазіргі Ватикан сол "Пипин сыйлығының" жұрнағы болып табылады.

Ұлы Карл және оның империясы. Қортық Пипин франктер мемлекетіндегі жаңа аулеттің негізін қалады. Бірақ ол пипиннің емес, оның әкесі Карл Мартеллдің атымен Каролингтер аулеті деп аталды. Ол әулеттің ең атақты королі Ұлы Карл болды. Ол 768-814 жылдары билік құрды. Карл ұзын бойлы, алып денелі, батыл адам болған. оның ерліктері мен тапқырлығы көп аңыздар мен өлеңдер жазылды. Тіпті "король" деген сөздің өзі соның атынан шыққан.

Ұлы Карлдың билік құрған жылдарының бәрі соғыспен өтті. 53 әскери жорықтың 27-сін Карлдың өзі басқарды. Оның жорықтыры Испанияға, герман тайпаларына және Италияға бағытталды. Франктер Рим папасына көмектесу үшін Италияға екі рет жорық жасап, лангобардтарды талқандады. Италияың көпшілік бөлігін өзіне қосып алды.

778 жылы Карлдың Испанияға жорығы сәтсіздікке ұшырады. Тек 801 жылы арабтарға қарсы соғыста жеңіске жетіп, Испанияның шағын аумағын жаулап алды. жылдары Карл сакстарға сегіз рет қанды жорық жасап, әрең дегенде олардың ақсүйктерін өз дегеніне көндірді. Саксония бірнеше графтықтарға бөлінді. Графтықтар басшылығына король ақсүйек франктер мен сакстарды тағайындады. Сакстар Карлдың күштеуімен христиан дінін қабылдады. 788-803 жылдары франктер славян тайпаларымен одақтаса отырып, VI ғасырда қалыптасқан аварар қағанатын Паннонияда талқандады.

Ұлы Карл билігінің соңына қарай Франк корольдігі өзінің жер көлемі жағынан бұрынғы Батыс Рим империясына жақындады. Карл империясының астанасы Аахен қаласы болды. Қиын кезде өзіне көрсеткен көмегіне алғыс ретінде папа 800 жылы Римде Карлға тәж кигізіп, император деп жариялады. Сөйтіп батыста жаңа империя өмірге келді.

Империяның ыдырауы. Қарудың күшімен және Ұлы Карлдың беделімен ғана құрылған Франк империясы ұзақ өмір сүре алмады. Ұлы карл өлгеннен кейін-ақ оның империясы ыдырай бастады. 843 жылы Карлдың балалары мен немерелері Верден қаласында империяны бөлісу жөнінде келісім жасады. Кіші ұлына империяның батысы, ортаншысына - шығыс бөлігі, ал ең үлкен немересіне Италия тиді. Сөйтіп Ұлы Карлдың империясы үшке бөлініп, үш корольдік пайда болды. Кейіннен олардың орнында Фанция, Германия және Италия мемлекеттері дүниеге келді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс Еуропаның орта ғасыр кезеңдері
Батыс Европа мемлекетi
Орта ғасырлар тарихы пәнінің мазмұны және хронологиялық шегі
Жерге жекеменшіктің орнауы
Рим империясының құлауы
Феодалдық қоғамның құқықтық дамуы
Ұлы Карл империясының ішкі саясаты
Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы
Франк мемлекетi
Франктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz