Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру және оның зардаптары



Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру және оның зардаптары
2. Шаруалардың ұжымдастыру саясатына қарсылығы

ІІІ. Қорытынды
ҚАЗАҚСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҰЖЫМДАСТЫРУ: ШАРУАЛАР ҚАСІРЕТІ
1. Қазақ ауылы ұжымдастыру қарсаңында
Жаңа экономикалық саясатты республикада дәйекті түрде жүзеге асыру өзінің игі нәтижелерін берді. Кооперативтік қозғалыс одан әрі дамыды.
Жаңа экономикалық саясат негізінде республикадағы мал саны 1926 жылы 1913 жылғы 29,9 млн. деңгейінен асып түсті, ал 1929 жылы оның саны 40,5 млн.-ға жетті. Ауыл мен қыстақтарда орташалар шаруашылықтары көбейіп, ортаталардың кедейлермен одағы нығая түсті. Патриархат көшпелі халықтың мәдениеті артты.
Кең көлемдегі индустрияландыру бағдарламасы оның жоғары қарқынмен жүргізілген жағдайында азық-түлік қорлары, ең алдымен астық дақылдары проблемасын күн тәртібіне қойды.
Бірақ Сталин бастаған коммунистер партиясы тағы да сынақтан өткен әміршіл-әкімшіл күштеу әдісін қолданды.
«Барлық формадағы кооперацияны барынша дамыту» саясатын «ұжымдастыру бағытына» көшіру басталды.
Қазақстан Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесінің 1928 жылғы тамыздың 27-сіндегі «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәмпескелеу және жер аудару туралы» декреті қысым жасауды күшейтуге нысаналы нүсқау берді, онда бай шаруа-шылықтарын кәмпескелеуге, иелері мен отбасы мүшелерін өздерінің мекендейтін аудандарынан жер аударуға рұқсат берілді, өйткені олар «өздерінің мүліктік және қоғамдық ықпалымен ауылды кеңестендіруге кедергі жасайды» деп саналды.
Партократтың сезімі, субъективтік көзқарасы осылайша үстем болып, мыңдаған адамдардың тағдыры тәлкекке түсті.Ф.Голощекиннің командасында болған I. Құрамысов жәнн басқа партократтар «титықтатып құртудың» мейірімсіз бағытының нағыз шеберлері еді. Астық дайындау, егістік және шабындық жерлерді қайта бөлу, жартылай феодал байлардың малын кәмпескелеу жөніндегі науқанның барысында әміршіл-әкімшіл әрекеттер рухында іс-қимыл жасайтын, тіпті конституциялық нормалар шеңберінен асып түсетін жалған белсенді кадрлар қалыптасты.
Алда ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру мен кулактарды тап ретінде жою міндеті тұрған еді, ал мұның өзі, шынына келгеңде, қыстақта екінші азамат соғысын өрістетуге бағыт алу болатын (алғашқысы кедейлер комитетінің 1918 жылдың жазында кулактарға және орташалардың бір бөлігіне қарсы күресі еді.
Пайдаланылған әдебиттер:


1. Ч.Мусин, «Қазақстан тарихы»


2. «Қазақстан тарихы», 1997жыл, Алматы

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру және оның зардаптары
2. Шаруалардың ұжымдастыру саясатына қарсылығы

ІІІ. Қорытынды

ҚАЗАҚСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҰЖЫМДАСТЫРУ: ШАРУАЛАР ҚАСІРЕТІ
1. Қазақ ауылы ұжымдастыру қарсаңында
Жаңа экономикалық саясатты республикада дәйекті түрде жүзеге асыру
өзінің игі нәтижелерін берді. Кооперативтік қозғалыс одан әрі
дамыды.
Жаңа экономикалық саясат негізінде республикадағы мал саны 1926 жылы
1913 жылғы 29,9 млн. деңгейінен асып түсті, ал 1929 жылы оның саны 40,5
млн.-ға жетті. Ауыл мен қыстақтарда орташалар шаруашылықтары көбейіп,
ортаталардың кедейлермен одағы нығая түсті. Патриархат көшпелі халықтың
мәдениеті артты.
Кең көлемдегі индустрияландыру бағдарламасы оның жоғары қарқынмен
жүргізілген жағдайында азық-түлік қорлары, ең алдымен астық дақылдары
проблемасын күн тәртібіне қойды.
Бірақ Сталин бастаған коммунистер партиясы тағы да сынақтан өткен
әміршіл-әкімшіл күштеу әдісін қолданды.
Барлық формадағы кооперацияны барынша дамыту саясатын
ұжымдастыру бағытына көшіру басталды.
Қазақстан Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесінің
1928 жылғы тамыздың 27-сіндегі Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай
феодалдарды кәмпескелеу және жер аудару туралы декреті қысым жасауды
күшейтуге нысаналы нүсқау берді, онда бай шаруа-шылықтарын кәмпескелеуге,
иелері мен отбасы мүшелерін өздерінің мекендейтін аудандарынан жер аударуға
рұқсат берілді, өйткені олар өздерінің мүліктік және қоғамдық ықпалымен
ауылды кеңестендіруге кедергі жасайды деп саналды.
Партократтың сезімі, субъективтік көзқарасы осылайша үстем болып,
мыңдаған адамдардың тағдыры тәлкекке түсті.Ф.Голощекиннің командасында
болған I. Құрамысов жәнн басқа партократтар титықтатып құртудың
мейірімсіз бағытының нағыз шеберлері еді. Астық дайындау, егістік және
шабындық жерлерді қайта бөлу, жартылай феодал байлардың малын кәмпескелеу
жөніндегі науқанның барысында әміршіл-әкімшіл әрекеттер рухында іс-қимыл
жасайтын, тіпті конституциялық нормалар шеңберінен асып түсетін
жалған белсенді кадрлар қалыптасты.
Алда ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру мен кулактарды тап ретінде
жою міндеті тұрған еді, ал мұның өзі, шынына келгеңде, қыстақта екінші
азамат соғысын өрістетуге бағыт алу болатын (алғашқысы кедейлер комитетінің
1918 жылдың жазында кулактарға және орташалардың бір бөлігіне қарсы күресі
еді.
2. Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру
Коммунистік партияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын
жариялады. Осылайша өркениетті кооператорлар қоғамын құру идеясы КСРО-
дағы социализм құрылысының құрамдас бір бөлігіне айналды. Ауылда
кооперативтік қозғалыстың дамуы барысында жариялаған еріктілік, дербестік,
материалдық мүдделілік, шаруаларды кооперативтендірудің жоғары формаларына
кезең-кезеңімен өткізу принциптерінің маңызы зор болды.
Бұл орайда үлгі ретінде ұжымдык шаруашылықтар негізделетін
материалдық-техникалық базаның даму дәрежесіне, шаруалар кооперациясының
бұрынғы қарапайым формаларының дәстүрлері мен басқа да факторларға назар
аудару қажет.
Мал шаруашылығының экстенсивтілігін, қарапайым материалдық-техникалық
базаны, бұрын шаруалар кооперациясы дәстүрлерінің болмауын, дала
тұрғындарының көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын ескере отырып,
партияның Орталық Комитеті Қазақ АКСР-інде ұжымдастыруды негізінен 1932
жылдың көктеміне қарай аяқтауды белгіледі.
Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін партияның Қазақ
өлкелік комитеті жергілікті белсенділерге қосымша 8 мың жұмысшыны
ұжымдастырушылар етіп тартты. Сонымен бірге республикаға Мәскеуден,
Иваново-Вознесенскіден, Харьковтан, Ленинградтан 1204 жиырма бес
мыңдықшылар жіберілді. Алайда қаладан келген бастамашылар отырықшылықтың
мағынасы мен механизмін екінің бірінде тым үстірт түсінетін еді. Олар
ұжымдастыруды жүздеген шаңырақ иелерін орасан зор аумақтан бір жерге (кейде
жем-шөп және су қорлары ескерілместен) жинау деп ұғынды. Алыс өлкелерден
партия жіберген өкілдер далаға Ресей қонысының жобасын айнытпай
қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды.
Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру идеясы әуел бастан-ақ мейлінше қатаң
жаппай қуғындау мен террорға негізделді. Ұжымдастыру алдын ала даярлықсыз,
жергілікті жағдайлар ескерілместен, көбінесе әкімшілдік-күштеу әдістерімен
жеделдете жүргізілді. Көшпенді ауылдарда жаппай ұжымдастырудың жеделдетілуі
партияның Қазақ өлкелік комитетінің көптеген құжаттарынан көрініс тапты;
мысалы, 1929 жылғы желтоқсан айында мынадай нұсқаулар берілді: Мал
шаруашылығын ұжымдастыру, астық шаруа-шылығындағы шеңберде ынталандырылсын
Ұжымдастыру және сонымен бірге отырықшыландыру ауылдың ғасырлар бойы
қалыптасқан емір салтын түп негізіне дейін күйретті. Қазақ қоғамының табы
жойылып қана қойған жоқ, ғасырлар бойы көшпелі өркениет жасаған барлық
тіректер қиратылды.
Директивада ұжымдастырылатын басқа аудандарда кулактарды тап ретінде
жою жөніндегі операция ұжымдастырудың өсу шамасына қарай, шамамен алғанда
80% қамтып жүргізілетін болады деп белгіленді.
Ұжымдастыру және отырықшыландыру қарқынын арттыруға осылайша нұсқау
берілді. Революциялық асығып-аптығу және тоталитарлық саяси келте ойлау
кеселіне шалдыққан, реаолюциялық утопизм тағы да үстем болып шықты.
1930—1932 жылдарда аштық етек алды.
Жаппай жазалау мен аштық халықтың орныққан жерін тастап, жаппай көшіп
кетуін туғызды. Тек 1930 жылғы қаңтардан 1931 жылғы маусым аралығыңдағы
уақыт ішінде ғана 280 мыңнан астам қожалық І млн. 70 мындай адам көшіп
кетті.
Республиканың 6,2 млн. тұрғынының 1931 — 33 жылдары аштықтан 2,1
млн.-ы қырылды, оның ішінде келімсек халықтың шығыны 0,4 млн. адам.
Қазақтардың бурынғы саны 40 жылдай уақыт өткеннен кейін, 1969 жылы ғана
қалпына келді. Геноцид саясатының салдарынан халық осындай
қасіретке ұшырады.
Зұлмат ауқымының зор болғаны сонша, 1930—1932 жылдардағы аштық
тарихқа ұлы жұт, қазақ халқының аса зор қасіретті жылдары ретінде енді.
Шаруалардың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығы

Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың сталиндік үлгісі шаруалардың қатты
қарсылығын туғызды. Ол қарсылық әр алуан түрде:
— қалалар мен құрылыстарға кету;
— басқа аймақтарға, тіпті шетелге көшіп кету;
— колхоз қозғалысының белсенділерін, партия, кеңес, комсомол
қызметкерлерін, сот орындаушыларын өлтіру;
— өзін-өзі қорғайтын қарулы отрядтар қүру;
— жалпыхалықтық қарсылық, наразылық тудыру;
— көтеріліске шығу түрлерінде жасалды.
1929—1931 жылдарда Қазақстанда қарулы қимылдар толқыны болып өтті.
Қозғалыс 1929 жылы Қарақалпақстандағы Тақтакөпірде — қыркүйектің 27-інде,
Сырдария округіндегі Бостандықта — қыркүйектің 29-ында, Қостанай
округіндегі Батпаққарада — қарашаның 1-інде, Сырдария округіңдегі Созақ
ауданында — 1930 жылғы ақпанның 2-сінде, Ақтөбе округіндегі Ырғызда —
ақпанның 25-інде, Алматы округіндегі Сарқантта 1930 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұжымдастыру жылдары
Қазақстан кеңестер одағы құрамында
Ауыл шарушылығын күштеп ұжымдастыру
Сыр өңіріндегі ашаршылық және оның салдары
Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың көлеңкелі жақтары
Халықтың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығы
Қазақстандағы Кіші Қазан төңкерісі
Ауылшаруашылығын ұжымдастыру және оның қайшылықтары мен кемшіліктері
Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуының салдары
ХХ ғ. 30 - жылдарындағы Қазақстандағы ашаршылықтың демографиялық зардаптары
Пәндер