Әдеби дәстүр мен жаңашылдық. Халықаралық әдеби байланыс. Көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері



1) Әдеби дәстүр мен жаңашылдық. Халықаралық әдеби байланыс . Әдебиет пен көркем өнердегі ұлттық дәстүрлер ұрпақтың дүниені көркем оймен тану жолындағы озат тәжірибелерінен жасалғаны мәлім. Дәстүр — болмысты көркем образға айналдырудың ғасырлар бойы машықталған тәсілдерінен және айналамызды қоршаған қоғамдық орта мен табиғатты ой таразысына сала отырып бейнелеудің ұрпақтардан ұрпақтарға мирас боп келе жатқан қағидаларынан құралады. Дәстүр тұлғасы — тарих талқысынан өткен, халықтың ой-сезіміне етене болған, халықтың эстетикалық талғамына төтеп бере алатын бейнелеу нақыштары мен күллі ұлттық тіл байлығы арқылы айқын көрінеді.
Ұлттық дәстүрлер көркемдік шеберліктің халықтар жинаған мол қазынасын ғасырдан ғасырға әкеп тапсыратын эстафета іспетті. Бірақ олар ұлттық әдебиеттердің өзара қарым-қатынасының, өзара игі ықпалының нәтижелерін міндетті түрде қамтиды. Сонымен қатар, қоғамдық өзгерістердің және халықтың ұлттық характері дамуының нәтижесінде, ұлттық дәстүрлердің кейбір элементтері күн асқан сайын құри береді. Көне заман творчествосына тән діни мифологиялық образдар мен метафорлар, немесе кейбір ежелгі ақындардың бипаздалған бал көмейлігі мен лұғатты сәуегейлігі — қазір бағзы архаика ғана. Дәстүрлер шебер суреткерлердің жаңашылдық ізденуі арқасында толысып, түрленіп отырады. Жаңа дәстүрлер туады.
Бұл қағиданың дұрыстығын жас болса да жасағаны мол қазақ кеңес әдебиетінің өсуі арқылы дәлелдеуге болады. Ұлы Октябрь социалистік революциясына дейін бұл әдебиет негізінде тек бір жанр — поэзия саласында ғана дамыды. Прозаның бірен-саран шағын элементтері жаңа пайда бола бастаған. Драматургия мен әдеби сын оның творчестволық арсеналында мүлде болмайтын. Сан ұрпақтың ақындары жасаған қазақ поэзиясы совет жылдарында реалистік естиярлық биігіне ең алдымен поэма жөнінде көтерілді. Көркемдік құндылығы жағынан өте-мөте С. Сейфуллиннің, I. Жансүгіровтің, Ә. Тәжібаевтың, Т. Жароковтың, X. Ерғалиевтің, Қ. Бекхожиннің поэмалары көзге түседі. Талғампаз оқушы қазақ әдебиетінен сюжетті, немесе сюжетсіз лиро-эпикалық және философиялық поэмаларды ғана емес, Шығыстың классикалық поэзиясының ең асыл дәстүріне еліктеген поэмаларды да таба алады.
Абайдан кейінгі қазақ поэзиясының сапа жағынан жаңа белеске шығу себебі, мұнда ақынның дүниені көру, сезінуі, жалпы дүние тануы мен өмірге көзқарасы мүлде өзгеріп кетті. Халықтың ақындық творчествосында туған ең асылдардың бірін, оның азатшыл мотивін, азаматтық патетикасын, тамаша шешендігін өзіне мұра тұта отырып, халық творчествосымен қоян-қолтық араласа өркендей отырып, қазақ сонет поэзиясы (сюжетті, сюжетсізі де, поэма мен лирика да) реалистік бағытты әлем поэзиясының тәжірибесін пайдалана өсті.
Халықтың творчестволық күшінің адам айтқысыз өсуі, халық шабытының шарықтап шыңға шығуы революциядан кейін фольклорға да жаңа сипат берді. Тарихи жағдайларға орай, ауызша және жазба поэзия өзара күрделі байланыс жасап, бір-біріне көмектесуде.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Филология Факультеті Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: 1) Әдеби дәстүр мен жаңашылдық. Халықаралық әдеби байланыс
2) Көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі
3) Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері

Орындаған: Саметкалиева А.
ФИ - 311 тобы, 3-курс.
Тексерген: Құрмамбаева Қ.С.


Семей - 2015
1) Әдеби дәстүр мен жаңашылдық. Халықаралық әдеби байланыс . Әдебиет пен көркем өнердегі ұлттық дәстүрлер ұрпақтың дүниені көркем оймен тану жолындағы озат тәжірибелерінен жасалғаны мәлім. Дәстүр -- болмысты көркем образға айналдырудың ғасырлар бойы машықталған тәсілдерінен және айналамызды қоршаған қоғамдық орта мен табиғатты ой таразысына сала отырып бейнелеудің ұрпақтардан ұрпақтарға мирас боп келе жатқан қағидаларынан құралады. Дәстүр тұлғасы -- тарих талқысынан өткен, халықтың ой-сезіміне етене болған, халықтың эстетикалық талғамына төтеп бере алатын бейнелеу нақыштары мен күллі ұлттық тіл байлығы арқылы айқын көрінеді.
Ұлттық дәстүрлер көркемдік шеберліктің халықтар жинаған мол қазынасын ғасырдан ғасырға әкеп тапсыратын эстафета іспетті. Бірақ олар ұлттық әдебиеттердің өзара қарым-қатынасының, өзара игі ықпалының нәтижелерін міндетті түрде қамтиды. Сонымен қатар, қоғамдық өзгерістердің және халықтың ұлттық характері дамуының нәтижесінде, ұлттық дәстүрлердің кейбір элементтері күн асқан сайын құри береді. Көне заман творчествосына тән діни мифологиялық образдар мен метафорлар, немесе кейбір ежелгі ақындардың бипаздалған бал көмейлігі мен лұғатты сәуегейлігі -- қазір бағзы архаика ғана. Дәстүрлер шебер суреткерлердің жаңашылдық ізденуі арқасында толысып, түрленіп отырады. Жаңа дәстүрлер туады.
Бұл қағиданың дұрыстығын жас болса да жасағаны мол қазақ кеңес әдебиетінің өсуі арқылы дәлелдеуге болады. Ұлы Октябрь социалистік революциясына дейін бұл әдебиет негізінде тек бір жанр -- поэзия саласында ғана дамыды. Прозаның бірен-саран шағын элементтері жаңа пайда бола бастаған. Драматургия мен әдеби сын оның творчестволық арсеналында мүлде болмайтын. Сан ұрпақтың ақындары жасаған қазақ поэзиясы совет жылдарында реалистік естиярлық биігіне ең алдымен поэма жөнінде көтерілді. Көркемдік құндылығы жағынан өте-мөте С. Сейфуллиннің, I. Жансүгіровтің, Ә. Тәжібаевтың, Т. Жароковтың, X. Ерғалиевтің, Қ. Бекхожиннің поэмалары көзге түседі. Талғампаз оқушы қазақ әдебиетінен сюжетті, немесе сюжетсіз лиро-эпикалық және философиялық поэмаларды ғана емес, Шығыстың классикалық поэзиясының ең асыл дәстүріне еліктеген поэмаларды да таба алады.
Абайдан кейінгі қазақ поэзиясының сапа жағынан жаңа белеске шығу себебі, мұнда ақынның дүниені көру, сезінуі, жалпы дүние тануы мен өмірге көзқарасы мүлде өзгеріп кетті. Халықтың ақындық творчествосында туған ең асылдардың бірін, оның азатшыл мотивін, азаматтық патетикасын, тамаша шешендігін өзіне мұра тұта отырып, халық творчествосымен қоян-қолтық араласа өркендей отырып, қазақ сонет поэзиясы (сюжетті, сюжетсізі де, поэма мен лирика да) реалистік бағытты әлем поэзиясының тәжірибесін пайдалана өсті.
Халықтың творчестволық күшінің адам айтқысыз өсуі, халық шабытының шарықтап шыңға шығуы революциядан кейін фольклорға да жаңа сипат берді. Тарихи жағдайларға орай, ауызша және жазба поэзия өзара күрделі байланыс жасап, бір-біріне көмектесуде.
Фольклор жазба поэзия үшін сан алуан дәстүрлердің қайнар бұлағы ғана емес, сонымен бірге ол жазба поэзия дәстүрлерін де өз бойына сіңіре бастады.
Қазақ әдебиеті кеңес өкіметі жылдарында жаңа жанрлармен -- проза, драматургия және әдебиет сынымен байыды. Бұл жанрлар ұлт топырағында туып, халықтың поэтикалық мәдениеті негізінде жасалған жаңа образдармен молықты. Орыс реализмінің дәстүрлерін ой елегінен өткізіп, неғұрлым терең игерген сайын, бұл образдардың идеологиялық мән-мағынасы соғұрлым күшейе түсті де, көркемдік шеберлік жетілдіріле берді.
Қазақ прозасының табысы тіпті ғаламат, ол осы жылдардың ішінде өзіне тән реалистік дәстүрге ие болды. Оның түрлері молайды: драмалық, күрделі сюжетті шығарма, психологиялық әңгіме, тарихи-революциялық, өмірбаяндық романдар мен бүгінгі күн тақырыбына арналған жауынгер очерктер туды. Өмір талаптарына "жауап" ретінде туған әлеми әдебиеттің мәдени дәстүрлерінен мол нәр алған қазақтың реалистік прозасы новеллашыларымыз бен романшыларымыздың күш-жігері арқасында үдере өсті. Б. Майлиннің өзіндік ерекшелігі мол мұраларында қазақ новелласының аса көркем үлгілері бар. Сәкен Сейфуллин творчествосында өмірбаянды саяси өткір мәселелермен ұштастыра жазу формасы аса игілікті болып шыққан. С. Мұқановтың "Ботагөз", Ғ. Мүсіреповтің "Оянған өлке", Ғ. Мұстафиннің "Шығанақ" романдарында және басқаларда прозаның кесек формалары жасалды. Біз бұл арада қазақ прозасының аса көрнекті туындыларын ғана атап отырмыз, өйткені олар уақыт сынынан мүдірмей өтті. Бұл шығармалар әлі есейіп жетпеген әдебиеттердің бұғанасы қатпаған кезіне тән схематизмнен, геройларды бейнелеудегі арагідік қара дүрсіндіктен, натурализмнен ада болды. Осынау белкүлі өзгеше туындылар, тұтас алғанда, әдебиеттің соны мәдениетін игеруде елеулі табысқа жеткенімізді дәлелдейді.
Реалистік прозаның қазаққа ғана тән анадайдан көзге түсетін ұлттық стилі жасалды. Дегенмен реалистік прозаның бірыңғай ұлттық стилінен әрбір сөз зергерін оның творчестволық дербес қасиеттері бойынша танып алу қиын емес. Мәселен, Майлиннің қазақ аулы өмірінің көркем шежіресі болып саналған новеллалары образдарының нанымдылығы, төрт аяғын тең басқан тамаша формасы арқылы айрықша көзге түседі. С. Мұқановтың "Ботагөз" романында революция қарсаңындағы және одан сәл кейінгі халық бұқарасының өмірі мен қозғалысы сияқты тарихи-әлеуметтік мәні зор ірі уақиғаны суреттеуде лиризм, драматизм, көркем әсемдік жұптасып жатады. Ғ. Мүсіреповтің айрықша өзгешелігі сатиралық серпінінің дәлдігі, стильді мұқият шыңдауы болып табылады.
Драматургия да біздің әдебиетіміздегі тың жанр. Қазақ драматургиясы қойшының құрым үйінде қойылған алғашқы пьесадан бастап, Қазақтың академиялық драма театрының спектакліне дейін көтерілді. Ғ. Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш -- Баян сұлу", "Ақан сері -- Ақтоқты" пьесаларында, немесе Ә. Тәжібаевтың, Ә. Әбішевтің, Ш. Хұсайыновтың және басқа көптеген драматургтердің пьесаларынан шеберлердің кемеліне келген өнері танылды.
Қазақ әдебиетінің тарихы жайлы алғашқы зерттеу еңбектер 20-жылдардың аяқ шенінде пайда болды. Бұл да біздің халқымыздың жаңа көркемдік жағынан қауырт дамуының айғағы болып саналады.
Қазақ халқының тарихында дүниежүзілік мәдениеттің, ең алдымен озық ойлы мәдениеттің таңдаулы үлгілері мен дәстүрлерін өз бойына мол жинаған ағартушы-демократтар Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин көрнекті роль атқарды. Олар білім мен ғылымды өрістетуге, адамзат ой-санасының барша жетістіктерін меңгеріп, оны халықты көркейту ісі үшін пайдалануға шақырды.
Қазақ әдебиеті туған күнінен бастап осы уақытқа дейін қазақтың әдеби тілін қалыптастырып, дамытуда тарихи роль атқарды. Ақындар мен жазушылар: С. Мұқанов, Ғ. Мұстафин, Ә. Тәжібаев, Т. Жароков, X. Ерғалиев және басқа көптеген адамдар реализм жолындағы өздерінің жаңашыл творчествосымен қазіргі қазақ тілінің даму процесіне белсене атсалысып келді.
Жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытынды шығаруға болады:
1. Халықтың поэтикалық творчествосының ертедегі сатыларынан бастап, жанрлары мен формаларының жүйелері кең дамыған, ақындары мен жазушыларының өзіндік стилі, өзіндік творчестволық сипаты бар осы заманғы профессионал әдебиетке жеткен реализм жолындағы қазақ әдебиетінің озық дәстүрлері жүздеген жылдар бойына қалыптасты.
2. Қазақтың ұлттық әдебиетінің өзіндік ерекшелік, халықтық реализм іспетті айрықша қасиеттерінің сұрыпталып, сомдану процесі қазақ және орыс әдебиетінің, Шығыс пен Батыс халықтары әдебиеттерінің өзара творчестволық көмегі бірін-бірі игі қасиеттермен молықтыруы жағдайында өсіп келеді. Осы сапа-қасиеттердің өрби өсуіне қазақ әдебиетінде терең тамырлы ішкі процестер жүріп жатыр: озық дәстүрлер мешеу тенденцияларға қарсы, болмысты аңдау және оны игерудегі өресіздік пен тарихи томаға-тұйықтыққа қарсы күресте шынығып, марқаюда.
3. Қазақтың ұлттық әдебиеті әдебиеттің өзегі болып танылатын қазақтың әдеби тілін қалыптастыруда және дамытуда тарихи роль атқарады һәм әлі де атқарып келеді. Халық өркенді жыр өнерімен атсалысса, ақындар, жазушылар адамдар арасындағы қарым-қатынастың құралы болып табылатын тілдегі небір прогрессив жаңалық атаулының бәрін іріктейді, сұрыптайды, жетілдіреді, дәйектендіреді.
Қазақ ұлтының озық әдебиеті орыс тіліне, Шығыс пен Батыс халықтарының тілдеріне аударылуы арқасында әлемнің барлық елдерінде сансыз достары мен оқушыларын тапты.
Халықаралық әдеби байланыс -- белгілі бір ұлт әдебиетінің басқа да әлем халықтары әдебиетімен қарым-қатынасы. Әдебиет әлеміндегі рухани алмасулар -- көркемдік дамудың, әдеби процестің өзіндік заңдылығы. Бүтіндей алғанда, Әдеби байланыстың әлем әдебиеті тарихында алатын орны зор. Ұлттық әдебиеттердің даму деңгейі сол кезеңдегі Әдеби байланыстыңда бағыты мен көркемдік рөлін анықтайды. Оның түрлері мен жолдары көп және бұл процесте аударманың алатын орны өзгеше.
Әдеби байланыс жалпы ұлттық әдеби процеске, онда жаңа көркемдік ағымдардың пайда болуына ықпал етеді. Ұлттық әдебиеттердің өзара қарым-қатынасының негізгі түрі ретіндегі Әдеби байланысқа әдебиеттану ғылымы ХVIII ғасырдың ақыры мен ХIХ ғасырдың басында назар аудара бастады. Сөз өнері ғылымының Әдеби байланысты зерттейтін арнаулы саласы -- салыстырмалы әдебиеттану қалыптасты. Бұл мәселеге И. Г. Гердер, И. В. Гете өз еңбектерінде назар аударған. Ұлттық әдебиеттердің бір-біріне әсерін, ықпалын тарихи-әдеби процестің бір бөлігі ретінде тарихи поэтикада қарастырылды. Ресейде А. Н. Веселовский, В. М. Жирмунский, М. П. Алексеев, Н. И. Конрад еңбектерінде бұл құбылыс жан-жақты талданды.
Әдеби байланыс соңғы жылдары қазақ әдебиеттану ғылымының да назар аударған, арнайы зерттей бастаған саласы. Қазақ әдебиетінің басқа әлем халықтары әдебиеттерімен өзара байланыс жасау процесінің кезеңдері, өзгешеліктері бар. Мысалы, адамзат өркениетінің дамуына мол үлес қосқан Әбу Наср әл-Фараби Батыс пен Шығысты жалғастыра білді. Ол көптеген шығыс халықтарына ортақ қазына қалдырды. Қазақ әдебиеті көршілес шығыс, туысқан түркі халықтарының мәдениетімен, әдебиетімен ежелден жақын, тығыз байланыста болды. Қырғыз, өзбек, тәжік, түркімен, әзербайжан, татар халықтарының ортақ ежелгі жазба ескерткіштері соның айғағы. Шығыстың классикалық поэзиясы, оның ірі өкілдері Фирдауси, Низами, Науаи, Хұсрау, Физули, Жәми, Сағди, Хафиз, Омар һәйям туындылары, араб халқының "Мың бір түн", үнді елінің "Махабхарата", "Рамаяна", әсіресе "Қалила мен Димна", "Тотынама" сияқты әлемге әйгілі үлгілерінің кейбір тараулары қазақ арасында кең тараған, олардың жекелеген сюжеттеріне өлең, қисса, дастандар шығарылған.
ХVIII ғасырдан бастап қазақ халқының тыныс-тіршілігі, рухани өмірі орыс жазушылары мен қоғам қайраткерлерінің назарына іліге бастады. В. А. Ушаковтың "Қырғыз-қайсақ" (1830), В. И. Дальдың "Бикей мен Мәулен" (1831) повестері жарық көрді. Е. И. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі туралы материал жинау мақсатымен 1833 ж. Орал мен Орынборға сапар шеккен А. С. Пушкин "Қозы Көрпеш -- Баян сұлудың" мазмұнын жазып алды, ақынның "Пугачев оқиғасы" мен "Капитан қызы" атты шығармаларында қазақтар жөнінде мәліметтер кездеседі. Пушкиннің ықпалымен Н.Н. Муравьевтің "Қырғыз тұтқыны" атты романтикалық поэмасы жарыққа (1828) шықты. Қазақстанда саяси қуғында Т.Г. Шевченко, Ф.М. Достоевский, С.Ф. Дуров т.б. болды, олар қазақ халқы туралы жылы лебіздер қалдырды. Л.Н. Толстой Ш. Құдайбердиевпен және қазақ мұғалімі Р.М. Елікбаевпен хат жазысқан. Мұндай әдеби құбылыстардың қазақ әдебиеті байланыстарының тарихында мәні зор.
Қазақтың ұлы ғалымы Ш.Ш. Уәлиханов Омбы, Семей, Санкт-Петербург мекемелерінде, Орыс геогр. қоғамында қызмет істеді, орыс зиялыларымен (П.П. Семенов-Тянь-Шанскиймен, Г.Н. Потанинмен, Достоевскиймен, Дуровпен, А.Н. Бекетовпен, Я.П. Полонскиймен т.б.) достық қарым-қатынаста болды.
Шоқан Уәлихановтың еңбектері орыс тілінде жазылып, алғаш рет Санкт-Петербургте жарық көрді, кейбір еңбектері Батыс Еуропа елдерінде басылды. Шоқан Уәлиханов әлемдік мәдениет пен ақыл-ой деңгейіне көтерілген ғалым ретінде, қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түркімен, ұйғыр, сібір тайпалары, моңғол, қытай, орыс, украин, грек, неміс, француз, ағылшын т.б. халықтардың тарихы, этнографиясы, мәдениеті, әдебиеті туралы құнды ой-пікірлер қалдырды.
Бұл тамаша дәстүрді мәдениетте, әдебиетте, халық ағарту саласында А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Ш. Құдайбердиев А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, М. Жұмабаев т.б. жалғастырды. Абай А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, И.А. Крылов, Ф. Шиллер, Дж. Г. Байрон, И.В. Гете, А. Мицкеевичтің кейбір өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Шығыс аңыздарының сюжеті негізінде "Ескендір", "Масғұт", "Әзім" дастандарын, "Сократ" трактатын жазды, Аристотель, Платон, Гомер туралы пікірлер айтты. Сондай-ақ, Алтынсарин, Құдайбердиев т.б. ірі аудармалар жасады. Жалпы қазақ даласының өзге алыс елдермен, оның ішінде Еуропа елдерімен, әдеби және мәдени байланысының тарихы тереңде жатыр. ибн Фадлан (10 ғ.), ибн Батута (14 ғ.), Марко Поло (13 ғ.), Р.Г. Клавихо (15 ғ.) т.б. шетелдік саяхатшылар қазақ жері, халқы жөнінде түрлі әдеби шығармалар, ғыл. еңбектер қалдырды. Г. Зелинский "Қазақ", "Дала" поэмаларын, А. Янушкеевич "Қазақ даласына саяхат кезіндегі күнделіктер мен хаттар", суретші Б. Залесский "Қазақ даласының көріністері" атты альбом жазды. Француз жазушысы Жюль Верн "Клодиус Бомбарнак" романында қазақ жерін суреттейді. Американдық жазушы Дж. Кеннанның "Сібір және сүргін" кітабында Ертіс маңайының кейбір тіршілік жайы, Семей кітапханасының қоры туралы мәліметтер, деректер келтіреді. Ал, кейінгі кеңес дәуірінде әдеби байланыс аса қарқынды дамып, әлем әдебиетінің ең үздік шығармалары ана тілімізге, қазақ әдебиетінің үздік шығармалары әлем тілдеріне аударылды. Аударма саласында қазақ сөз өнері шеберінің барлығы еңбек етті. Аударма арқылы келген ірі туындылардың ұлттық әдебиетке ықпалы мол болды. А. Құнанбаевтың шығармалары ағылшын, араб, болғар, монғол, қытай, француз, орыс т.б. әлем тілдеріне аударылды. Ж. Жабаевтың шығармалары көптеген тілдерге аударылып, оның суырып салма өнері, айтулы айтыстары туысқан елдерді аралағанда өшпес әсер қалдырғаны туралы жазылды. М. Әуезовтың "Абай жолы" роман-эпопеясы әлемінің 116 тіліне аударылып, сондай-ақ "Әлем әдебиеті кітапханасында" (134, 135 томдары) ірі классикалық романдар қатарында жарық көрді. Ә. Нұрпейісовтің "Қан мен тер" трилогиясы, О. Сүлейменовтың поэзиясы және көптеген қазақ сөз зергерлерінің шығармалары, сондай-ақ, қазақ ауыз әдебиетінің інжу-маржандары эпостар, жырлар әлемінің көп тілдерінде аударылды. Ұлттық әдебиетіміздің әлем әдебиетімен тығыз байланыста дамуына ірі халықар. конференциялар (Азия және Африка елдері жазушыларының конференциясы;Ыстықкөл форумы; Ұлттық әдебиетіміздің онкүндіктері т.б.) мен қаламгерлердің және достық қарым-қатынастары да ықпал етеді.
Қай халықтың болсын өнер жағынан дамуында әдеби байланыстар сол ұлт әдебиетінің өркен жая өсуіне, халықтың рухани байлығын, арман-мүддесін, өмір тарихын басқа халықтардың даму тарихымен ұштастыруға дәнекер болады. Қазірде қазақ әдебиетінің басқа әдебиеттермен өзара байланыс жасау процесінің ерекшеліктері пайда болды. Бұл байланыстар жаңа мазмұн, жаңа түр, рең тауып, соны жолдар мен мүмкіндіктерге ұласты, әдебиетіміздің сыр-сипатын айқындай түсті.
2) Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. Көркемдік бейнелеу құралдары сабақтастығының дамуында да өзіндік ерекшеліктер бар. Әр қаламгер өз туындысының мазмұнын ашу мақсатында сан алуан тілдік тәсілдерді қолданады. Олардың идеядан басты бір айырмашылығы түрлі қоғамдық позиция ұстанған қаламгерлер туындыларында бірдей қолданыла беруінен шығады. Мысалы, Абай - Шортанбай, Сәкен - Мағжан, т.с.с. Қалай болғанда да, кез келген жаңашыл ақынның өзі өзінен бұрынғы қаламгерлер қол жеткізген тәсілдерді игеру арқылы дамиды. Шығарманың көркемдік бөлшектеріне де осы сипат ортақ. Идеялық алшақтығына қарамастан, қаламгерлер поэтикалық құралдарды бірдей пайдаланады. Оның мәнісі ұлттық мәдениеттің ортақтығына байланысты. Оған дәлел ретінде барлық халықтың өлең үлгісін алуға болады.
Сонымен, өнер мен әдебиет дамуындағы сабақтастық мәселесі әрбір қаламгердің қоғамдық қажеттіліктер арасынан өзі аса мәнді, маңызды, дәуірмен үндес деп таныған жағдайларына қатысты өрбиді. Нағыз өнер туындыларында бұрын қолданылған көркемдік бейнелеу құралдары өткенге оралу мақсатында емес, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері. Әдеби дәстүр мен жаңашылдық. халықаралық әдеби байланыс
Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қ.-М. Жүсіп және ұлттық поэзияның зерттелу мәселелері
Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. Өлең сөздің теориясы. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері. Әдеби үдеріс, әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер
Әдеби үдеріс сипаты
Әдеби туынды және оның мазмұны мен құрылымы.Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі.Өлең сөздің теориясы. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері
Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі; өлең сөздің теориясы; шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері; әдеби үдеріс (процесс), әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер
Тарихи поэтиканың әдебиет теориясы және әлем әдебиеті тарихынан арақатынасы
Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі
Пәндер