Керамикалық материалдар,қасиеттері және шикізаттары мен өндіру әдістері


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет
СӨЖ
Тақырыбы: Керамикалық материалдар, қасиеттері
және шикізаттары мен өндіру әдістері
Орындаған: Төлеуқадыров Е. Т
СТ-409 группасының студенті
Тексерген: аға оқытушы
Уркинбаева Ж. И
Семей
2015
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2. 1 Керамикалық материалдар және олардың қасиеттері
2. 2 Керамикалық шикізаттар
2. 3 Керамикалық құрылыс материалдарын өндіру әдістері
3. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Керамика (грек. keramіke - қыш өнері, keramos - саз) - қыш-саз бен олардың минералды қоспаларымен араласқан, сондай-ақ тотықтармен, т. б. органикалық емес қосындылардан (карбидтер, боридтер, нитридтер, силицидтер, т. б. ) күйдіріліп жасалған бұйымдар мен материалдар. Керамика тұрмыстың барлық салаларында: үй тұрмысында (әр түрлі ыдыстар), құрылыста ( кірпіш, қыш, құбыр, тақта, т. б. ), техникада, т. ж., су және әуе көлігінде, мүсін өнерінде т. б. кеңінен қолданылады. Керамиканың негізгі технологиялық түріне құрылыстық кірпіш, терракота, майолика, фаянс, фарфор жатады.
Құрылыстық керамика - бұл тұрғын үй және өндірістік ғимараттар мен үймереттер тұрғызуға қолданылатын керамикалық бұйымдар тобы. Керамикалық қабырғалық бұйымдар - өте көне материал болып табылады. Керамика сөзі грек тілінен «keramos» деген сөзден шыққан, саз деген мағынаны білдіреді. Керамикалық бұйымдар саз қоспасынан, топырақтан және басқа табиғи материалдардан құралады. Қоспа дайын болғаннан кейін, оған белгілі бір форма беріледі, содан кейін ол белгілі бір температурада күйдіріледі. Керамикалық материалдар қазіргі кезде өте белгілі материал болып саналады. Олар қышқылға төзімді, қолдануда ұзақтылығымен ерекшеленеді. Құрылыстық керамика өндірісі халық шаруашылығындағы ең маңызды сала болып саналады. Соңғы он жылдықта механикаландырылған керамикалық кірпіш және тастар өндіретін зауыттар пайда болуда. Бұл зауыттар қуатты саз өңдейтін және қалыптайтын машиналармен, жаңа кептіргіш қондырғылармен және пештермен жабдықталған. Құрылыстық керамикалық тастар цемент, аз кездесетін металл, сонымен қатар тасымалдау қондырғыларын үнемдеуге септігін тигізетін ең көп тараған қабырғалық материал болып саналады. Тастар өз бойына күннің энергиясын сіңіріп, бірте-бірте оны бөліп отырады, сондықтан да жаз мезгілінде аптап ыстықтан және қыс мезгілінде бөлме ішіндегі жылуды сақтайды. Қабырғалық тастар өзінің қалыңдығы арқылы бу өткізеді. Нәтижесінде ғимарат ішінде ылғалдылықты тепе-теңдікте ұстап тұра алады.
Қазіргі кезде құрылыстық керамикалық тастар өндірісінде басты назар өнімнің сапасын жақсарту мен өндірісте жаңа технологияларды пайдалану болып табылады. Жаңа өндіріс орындарын тұрғызуда автоматтандырылған және жоғарғы механикаландырылған жергілікті және шетелдік қондырғылармен жабдықтау ескерілуде. Сонымен қатар кәдімгі керамикалық тастарды алмастыратын жаңа эффективті ірі қуысты тастар қабырға тұрғызуда қолданылып келеді. Бұл тек шикізатты үнемдетіп қана қоймай, тастардың жылу қорғау қасиетін сақтай отырып қабырғалардың массасы мен қалыңдығын төмендетеді. Ешқандай материалдар керамикалық материалдардың орнын толық ауыстыра алмайды. Мысалы, еденге арналған плиталар, өзінің беріктілігімен қатар, адамға жақсы әсер береді. Қазіргі уақытта рынокта көптеген дизайндағы материалдар бар. Соның ішінде итальяндық технологиялық әдіспен жасалынған керамикалық тастар да бар. Оның өзі үлкен қолданыста. Оны едендерге, терассаларға, жолдарға, ішкі қабырғаға, баспалдақтарға және т. б. жерлерде қолданады.
Керамикалық бұйымның тағайындалуына байланысты қолданылуы: кірпіш пен керамикалық тастар - аз және көп қабатты ғимараттар мен салулар үшін; керамикалық плита мен беттік кірпіш - ішкі және сыртқы қаптама жұмыстары кезінде; жолдық кірпіш пен керамикалық трубалар - жол құрылысына және жер асты коммуникацияларына; черепица - жамылтқы құрылғысына; жеңіл керамикалық бұйымдар - жылу оқшаулау үшін.
Құрылыстық керамика - керамикалық бұйымның үлкен тобы, олар үй құрылысы, өнеркәсіпті ғимараттың құрылысында және салуларда қолданылады. Керамикалық қабырғалық бұйымдар - ертедегі жасанды материалдардың бірі, олардың жасы 5 мың жыл.
Қазіргі уақытта керамикалық құрылыс материал өндірісінде технологияның толық жетілдіруіне, сапа жақсаруына назар аударылған. Автоматтандырылған, жоғары механикаландырылған технологиялық кәсіпорындарды құру көзделіп отыр. Отқа төзімді кірпіш, тыстамалық тақталар секілді қарапайым бұйымдар құрғақ майда массадан нығыздалып жасалады. Үй қабырғасына пайдаланылатын кірпіш, қабырғаны қалайтын блоктар және қуыс қыштар, құрғату құбырлары, т. б. иленді массадан ирек шнекті вакуум престер көмегімен дайындалады.
Қорытынды:
Керамикалық бұйымдар немесе керамика (гректің “керамос” - балшық деген сөзі) деп - табиғи саз-балшықтан немесе оны минералдық не органикалық қосымшалармен араластыра дайындалған қоспалардан илеу, қалыптастыру, кептіру жəне күйдіру арқылы алатын жасанды тас бұйымдар.
Керамикалық материалдар құрылымына қарай екі негізгі топқа бөлінеді: кеуекті жəне тығыз . Кеуекті материалдардың су сіңіргіштігі 5%-тен жоғары болады (əдетте 6-20 массалық процент аралығында), бұларға кəдімгі кірпіш, керамикалық қабырға тастар тыстаулық (өңдеулік) тақталар, т. б. жатады. Тығыз керамикалық материалдар 5%-тен аз су сіңіреді (көбінесе 1-4%) ; оларға жататындар: еденге төсейтінплиткалар, жолға төсейтін кірпіш, канализациялық құбырлар т. б.
Керамикалық материалдар мен бұйымдар қолданылатын орнына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді: 1) қабырғалық бұйымдар (кірпіш, тиімді қабырғалық бұйымдар деп аталатын қуыс керамикалық тастар мен олардан істелінген панельдер) ; 2) үйдің сыртқы қабырғалары мен ішкі жағын өңдеуге арналған тыстаулық бұйымдар (беттік кірпіш, кіші өлшемді плиталар, глазурьлендірілген плиткалар мен олардың фасонды бөлшектері бірқалыпқа келтірілген бөлшектер) - карниздер (ернеулер, жақтаулар), т. б. ; 3) арнайы міндет атқаратынбұйымдар, материалдар; сантехникалық бұйымдар (жуынатын столдар, қолжуғыштар), ванна, унитаз, от пен қышқылға төзімді бұйымдар, жеңіл бетонның толтырғыштары (керамзит, аглопорит), т. б.
Саз - балшықты материалдар: каолиндер, саз-балшықтар, бентониттер.
Керамикалық бұйымдар өндіру үшін шикізат ретінде каолиндер, саз қоспалары қолданылады. Каолиндер жəне саз-балшықтар деп -əртүрлі қоспалармен араласқан, табиғатта тараған сулы алюмосиликаттарды айтады. Олар су қосып илегенде - пластикалық қамырға, ал күйдіргеннен кейін-тасқа ұқсас күйге айналады. Каолиндер тек қана дерлік каолинит минералынан (Al2O3 · 2SiO2 · H2O) құралады, бөлшектерінің (түйіршектерінің) өлшемдері көбінесе 0, 01 мм-ден, күйдіргенде ақ түсін (өңін) сақтайды.
Саз-балшықтар (осыдан кейін балшық немесе саз деп қысқартылып айтылады) бірнеше минерал мен біршама минералдық жəне органикалық қоспалардан құралады. Бұл минералдардың бір тобы сумен араластырғанда иленгіш қамыр түзеді. Ал басқа (екінші) тобында - кальцитте, дала шпатында мұндай пластикалық қасиет жоқ. Бірінші топтағы минералды - сазды (балшықты) зат деп атайды, екіншісін - сазды емес минералдар дейді. Балшықты (сазды) зат (бөлшектерінің өлшемі 0, 005 мм-ден төмен негізінде
каолинит пен онымен туысқан минералдар - монтмориллонит (Al2O3· 4SiO2 ·nH2O) пен ғаллуазит (Al2O3 · 2SiO2 · 4H2O) құралады. Уақ бөлшектер (түйіршіктер) балшықтардың пластикалық қасиетін жақсартады(жоғарылатады) . Жоғары пластикалық балшықтардың 80-90-%і 0, 003 мм-ден төмен бөлшектерден құралады.
Бентониттер деп - жоғары пластикалық негізде монтмориллониттен құралған, балшықтарды айтады. Олардың 85-90 пайызы өте уақ 0, 001 мм-ден кем бөлшектерден тұрады. Қорыта айтқанда, балшық материалдарда өлшемі 0, 001 мм бөлшектер көбейген сайын, олардың пластикалығы өседі. Пластикалығы ең жоғары балшықтарда көп кездесетін қоспа - далашпаты, олардың балқу темпера-турасын төмендетеді. Темір тотығы оларға қызыл, ал басқа, əсіресе көміртегіне бай органикалық қоспалар қоңыр, т. б. түстер (өңдер) береді. Кальцийлі карбонат “көпірме” атты ақау (кемістік) келтіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz