Өлең мен оның құрылысы (таныстырылым).Лирикадағы сюжет мәселесі (конспект).Көркемдік әдіс. Әдеби бағыттар мен ағымдар (конспект). Образдың жасалу тәсілдері мен түрлері. (кесте)



1. Өлең мен оның құрылысы (таныстырылым)
2.Лирикадағы сюжет мәселесі (конспект) 3.Көркемдік әдіс. Әдеби бағыттар мен ағымдар (конспект)
4. Образдың жасалу тәсілдері мен түрлері. (кесте)
Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі.
Өлең құрылысы – өлең өлшемдерінің жасалу жүйесі, дыбыс үндестігі мен ырғағына тән ерекшеліктерді белгілейтін шарттар мен заңдылықтар. Өлең-жырдың күнделікті айтылатын жай сөз, қара сөздерден басты айырмасы олар мөлшерлі жеке жолдарға, яғни тармақтарға бөлінеді. Өлең тармағының құрылыс жүйесі әр халықтың поэзиясында өзінше қалыптасқан. Дүниежүзілік әдебиетте орын тепкен өлең құрылымы 4 түрге бөлінеді:
1) Метрикалық өлең жүйесі өлең ырғағында ұзын буын мен қысқа буынның кезектесіп келуіне негізделеді. Мысалы, ежелгі грек және рим поэзиясында кең орын алған ямб, хорей, т.б.
2) Силлабо-тоникалық өлең жүйесінде екпінсіз буын мен екпінді буындар кезектесіп келеді. Ол орыс, неміс, ағылшын халықтары поэзиясында кездеседі.
3) Тоникалық өлең жүйесі орыстың халық поэзиясында қолданылған. Оны жазба әдебиетте орнықтырған A.Маяковский болды. Мұнда ырғақ екпінді буындарға негізделеді, екпін түспейтін буындар есепке алынбайды. Кейбір қосарланып келетін сөздер болмаса, тармақтағы әр сөз бір екпінмен айтылып, дербес ырғақтық бөлшек құрайды. Мұның өзі өлеңді мәнерлеп, тақпақтап оқуға мүмкіндік береді.
4) Силлабикалық өлең жүйесі буын санының мөлшерін тұрақты сақтауға негізделген. Бұл өлең құрылысы француз, чех, итальян және барлық түркі тілдес халықтардың поэзиясында қолданылады. Бұл өлең құрылысының басты сипат-белгілерін қазақ өлеңдерінің құрылымынан анық аңғаруға болады. Өлең құрылысының ұлттық сипат белгілері ұлт тілімен тамырлас. Қазақ өлеңі, алдымен буынға негізделіп, ырғақ пен тармақ та, ұйқас пен шумақ та буынға бағынады; қысқышы Қазақ өлеңдерінің құрылысы.
1. З.Қабдолов «Сөз өнері» Алматы: «Қазақ университеті»баспасы, 1992ж – 352бет
2. З.Қабдолов «Әдебиет теориясының негіздері» Алматы – 1970ж, «Мектеп» баспасы, 378бет
3. http://referattar.kazaksha.info

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: 1. Өлең мен оның құрылысы (таныстырылым) 2.Лирикадағы сюжет мәселесі (конспект) 3.Көркемдік әдіс. Әдеби бағыттар мен ағымдар (конспект) 4. Образдың жасалу тәсілдері мен түрлері. (кесте)

Орындаған: Әбілмажинова Ж.С.
Тексерген: Жундибаева А.К
Тобы: ФИ 403


Семей 2015ж
Өлең мен оның құрылысы (таныстырылым)
Өлең - шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі.
Өлең құрылысы - өлең өлшемдерінің жасалу жүйесі, дыбыс үндестігі мен ырғағына тән ерекшеліктерді белгілейтін шарттар мен заңдылықтар. Өлең-жырдың күнделікті айтылатын жай сөз, қара сөздерден басты айырмасы олар мөлшерлі жеке жолдарға, яғни тармақтарға бөлінеді. Өлең тармағының құрылыс жүйесі әр халықтың поэзиясында өзінше қалыптасқан. Дүниежүзілік әдебиетте орын тепкен өлең құрылымы 4 түрге бөлінеді:
1) Метрикалық өлең жүйесі өлең ырғағында ұзын буын мен қысқа буынның кезектесіп келуіне негізделеді. Мысалы, ежелгі грек және рим поэзиясында кең орын алған ямб, хорей, т.б.
2) Силлабо-тоникалық өлең жүйесінде екпінсіз буын мен екпінді буындар кезектесіп келеді. Ол орыс, неміс, ағылшын халықтары поэзиясында кездеседі.
3) Тоникалық өлең жүйесі орыстың халық поэзиясында қолданылған. Оны жазба әдебиетте орнықтырған A.Маяковский болды. Мұнда ырғақ екпінді буындарға негізделеді, екпін түспейтін буындар есепке алынбайды. Кейбір қосарланып келетін сөздер болмаса, тармақтағы әр сөз бір екпінмен айтылып, дербес ырғақтық бөлшек құрайды. Мұның өзі өлеңді мәнерлеп, тақпақтап оқуға мүмкіндік береді.
4) Силлабикалық өлең жүйесі буын санының мөлшерін тұрақты сақтауға негізделген. Бұл өлең құрылысы француз, чех, итальян және барлық түркі тілдес халықтардың поэзиясында қолданылады. Бұл өлең құрылысының басты сипат-белгілерін қазақ өлеңдерінің құрылымынан анық аңғаруға болады. Өлең құрылысының ұлттық сипат белгілері ұлт тілімен тамырлас. Қазақ өлеңі, алдымен буынға негізделіп, ырғақ пен тармақ та, ұйқас пен шумақ та буынға бағынады; қысқышы Қазақ өлеңдерінің құрылысы.

Лирикадағы сюжет мәселесі
Сюжет ( французша suiet - зат) - көркем шығарманың мазмұнын ашып, мазмұнды пішінге көшірудің негізгі түрі, жолы немесе тәсілі. Егер көркем шығарманың мазмұны түрліше мінездермен типтердің өзара қарым - қатынасынан туған шындық,өмірлік оқиғалар тізбегі десек, осының өзі сюжетте адамдар мен заттардың тұтасқан ішкі - сыртқы қимыл, әрекет жүйесі ретінде, кәдімгідей қозғалыс, белгілі бір даму үстінде көрінеді. Сондықтан болса керек, сюжет дегеніміз, - дейді Горький,- жалпы алғанда, адамдардың өзара қарым- қатынасы, байланысы, қайшылықтары, жек көру, жақсы көру, әр характердің, типтік өсу, жасалу тарихы - деп ғалым З. Қабдолов Сөз өнері монографиясында сюжетке осындай анықтама береді.
Бұл еңбекте ғалым сюжет кез - келген көркем шығармада бола бермейді - деп лирикалық шығармалардан мысал келтіреді. Біз қарастыратын лирикадағы сюжет мәселесі болғандықтан, өлеңде сюжет бар ма ?- деген сұраққа жауапты ғалым Қ.П. Мәшһүр-Жүсіповтің Лирикадағы сюжет мәселесі атты ғылыми мақаласын негізге аламыз: Лирикадағы сюжет бола бермейтіні туралы пікірдің орыс әдебиетін де,қазақ әдебиетінде кең тарап отырғанын айта келіп, түбегейлі шешіліп бітпеген мәселе екенін айта келіп орыс ғалымдары: Г.Л. Абрамович пен Л.В. Шепилованың тұжырымды алға тартартады. Орыс ғалымы Л.В. Шепилова: Эпос пен драмаға қаағанда, лирикалық шығарма сюжет өрістеуінің басқаша түрімен сыйпаталады- дейді де, сюжетсіз делініп жүрген біраз өлеңдерден мысалдар келтіріп, онда да өзіндік сюжет барын дәлелдейді. Г.Л. Абрамович: Қағида бойынша, лирикалық шығармаларда оқиғалар жүйесі болмайды.Бұл бірақ сюжетсіз дегендік емес. Онда да сюжет күрес пен даму үстіндегі әсерлену, ой, сезім қозғалысы ретінде көрінеді - дейді.Талас жоқ эпос пен драмада сюжет қандай болса, лирикада да сондай деп айтуға болмайды. Лирика сюжетінің өзіндік ерекшелігі бар. Тіпті, лириканың өзін шартты түрде оқиғалы, оқиғасыз деп бөлген де, оның әрқайсысының өзіндік сюжет ерекшелігі бар екенін ұмытпау лазым.Эпоста адамдар қарым - қатынасы неғұрлым кең алынады да, ол қатынастың туа бастауы - бәрі қамтылады. Ал лирика соның бәрін алмайды, көбіне, үнемі дерлік, соның бірер сәтін бөліп көрсетеді. Бірақ осы орайда, мына жәйтті еске алған жөн. Лирикада адам көңіл күйінің бірер сәті бөліп алынғанда, ол өзіне дейінгі және кейінгі шақтармен мүлде байланыссыз, шорт кесіліп алынбайды. Сол алынған сәтке бұрынғының да,кейінгінің де аз да болса ықпалы, шарпуы тиіп тұрады. Ұлы ақын Абай шығармаларында оқиғалы өлеңдер көптеп кездеседі.Соның бірі Асқа, тойға баратұғын өлеңі шағын ғана сюжеттен құралған.
Он шуамақтан тұратын бұл өлеңнің алғашқы шумағы:
Асқа, тойға баратұғын
Жаны асығып жас жігіт,
Қолға кетті жауға бір күн,
Тірі адамның ісі- үміт.
Бұл сюжеттің басталуы, латынша дәйектемесі болса, келесі шумақта:
Қозғады жау батыр ерді
Жауға сойқан салғалы
Қалыңдығы қала берді
Жатыр еді алғалы - деген шумақтағы ойды толықтырып,
Асықсаң да шырағым,
Саған деген құданың
Жазылған қандай жарлығы
Есіткен жоқ құлағың- деген шумақта оқиға дамуы адамдардың өзара қарым -қатынасынан
түрліше жағдайларға келуі шиеленіске жатады. Ал сюжеттің шарықтау шегі сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы;адамдар арасындағы қимыл- әрекеттің мейілінше күшейіп, өрбіп жатқан жерін өлеңнің мына шумағынан көреміз:
Қалыңдық құшып сүюге
Күйеуіне ынтазар.
Келісімен тиюге
Дайындалған ойы бар - деп ақын қаһарманды әрі қарай іс-әрекетін дамытады.
Көйлегін ақтан тіккіштеп
Күні түні дем алмай,
Бітіруге жүр күштеп,
Асыққансып тоқтамай - деген шумақтан ақын бір сұмдықтың болатынын іштей көрсете бастайды:
Сен асыққан екен деп
Алла әмірін өзгертпес
Айтқаның болар ма екен деп,
Мен қорқамын, көз жетпес деп шарықтап тұрған оқиға жалғасын тауып, шешуші кезеңге келеді. Мұны шығарманың шешімі дейді.
Жара басты кеудені
Жаудан өлді ары үшін,
Ескермей өзге дүниені
Аһ деп өтті жар үшін деп ақын жігітті жау қолында қаза болғанын айтса, қыз тағдырын былай бейнелейді:
Жамандық тұрмас күттіріп,
Ел есітті, қыз білді
Ақ көйлегін біттіріп
Кебінім деп киді өлді ... оқиға осымен аяқталып ақын шарықтау шегін трагедиямен аяқтайды.
Қол жетпеген некені
Сүйіп кеткен жан екен.
Көзің неге жетеді
Қосылмақ онда бар ма екен?
Шыны ғашық жар болса,
Неге өлдім деп налымас.
Онда екеуі кез келсе,
Бірін бірі танымас. - деп ақын оқиғалы өлеңді өзі түйіндеп осылай қорытындылайды. Өлең сырт қарасаң лиро эпос жырына сюжеті жағынан ұқсас. Атап айтқанда Қыз Жібек немесе Қозы Көрпеш- Баян сұлу жырымен салыстыру болады.Абайдың Қансонарда бүркітші шығады аңға өлеңі мен табиғат лирикасына арналған Жазғытұрым, Қыс, Күз, Желсіз түнде жарық ай тағы басқа өлеңдерін сюжетке бөліп талдауға болады.Қазақтың белгілі ақыны, фольклоршы, тарихшы Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің өлеңдері оқиғадан тұрды, оның да сюжеті бар. Соның бірінен мысал келтірсек, Мәшһүр-Жүсіптің Мәдиге сәлемі. Сюжеттің басталуы өлеңнің басындағы екі шумақта:
Аман сау жатырмысың Мәди батыр,
Тұтқын боп бұл түрмеде әркім жатыр...
Жуымас аққа пәле деген сөз бар,
Қалас боп құтыларсың бір күн ақыр.
Жаңбырдай жауа берген көздің жасы
Ат пенен не көрмейді ердің басы
Шөп шулап, ағаш шулап сәлем айтты,
Қорыта айтқанда, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп өлеңдерін талдай отыра, лирикада сюжет барына анық көзіміз жетеді.

Көркемдік әдіс. Әдеби бағыттар мен ағымдар (конспект)
Көркемдік әдіс. Абай поэзиясында кең өріс алған көркемдік әдіс - реализм.Бұл әдіс өмір шындығын неғұрлым терең, жан-жақты көрсетуге мүмкіндік береді. Айналадағы өмірдің өзін тереңдеп ұғып-түсінуге, күнделікті жайларды, қарапайым адамдардың бейнесін суреттеуге бет бұру - бұл реализм әдісінің бағалы жағы еді. Ф. Энгельс реализм әдісі жеке дерек-жәйттердің шындығын былай қойғанда, типтік характерлерді типтік жағдайда алып суреттейтінін атап көрсетті. Реализм әдебиетте, көркем ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өлең мен оның құрылысы
ӘДЕБИЕТТАНУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
Көркем әдебиеттің тілі
Әдеби үдеріс сипаты
Көркем шығарманы талдау жолдары
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ
Көркем бейненің танымдық, эстетикалық мәні
КӨРКЕМДІК ӘДІС ЖӘНЕ БАҒЫТ
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің тууы, даму тарихы мен кезеңдері. Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы. Қазіргі әдебиет теориясындағы ғылыми ағымдар
Пәндер