Құқыққа сай жүріс тұрыс ұғымы және мінез құлық түрлері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. ҚҰҚЫҚҚА САЙ ЖҮРІС ТҰРЫС ҰҒЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Құқыққа сай мінез құлық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Құқыққа сай тәртіп белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2. ҚҰҚЫҚҚА САЙ МІНЕЗ ҚҰЛЫҚ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... .14
2.1 Әлеуметтік белсенді мінез құлық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2 Конформистік мінез құлық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.3 Маргинальдық мінез құлық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
2.4 Әдеттегі мінез құлық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Жұмыс – мемлекет және құқық теориясы пәнінің маңызды институты болып есептелетін ҚР құқық және мінез құлық мәселесіне арналған. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, құқықтық институттың проблемалық тұрғыда ғылыми зерттелмегенімен түсіндіріледі.
Егеменді ел атанған Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкендігімізді жариялау, заңдарды білу, ондағы көзделген әрбір азаматтың өзінің құқығын қорғау, өмір сүруі мен гүлденуіне күресу мүмкіншілігін іске асыруды қамтиды. Мұның өзі құқық тәртібін сақтау мен нормативті заң актілері талаптарының қалытқысыз орындалуына жете көңіл бөлу керек деген сөз.
Әрине, күні кеше ыдырап кеткен Кеңестер Одағынан еншісін алып, іргесін ажыратқан елімізге, “мемлекет” деген алып та ауқымды үйдің алғашқы шаңырағын көтеру, ірге тасын нықтап әп – сәтте іске асатын оңай шаруа емес. Мұнда әлемдік озық іс-тәжірибеге жүгінудің, өркениетті елдер жүріп өткен тарихи соқпақтарды саралап- талдаудың еш артықшылығы жоқ. Заң саласын жаңартуда да осы үрдіс басты назарға алынуда.
Еліміз, тізгінін өз қолына алғаннан бері нарықтық қатынастарға байланысты жаңадан көптеген заңдар қабылданып, іс жүзіне асырылып жатқандығы баршамызға аян. Тіпті мемлекетіміздің сипаты да өзгеріліп, оның құрлымдық бөлшектері де қайта құрылу үстінде. Міне осындай түбегейлі өзгерістердің қисындарын, одан туындайтын заңдарды білу, іске асыру заңдылықтарын түсіну әрбір азаматтарға, студент түгіл мұғалім- педагогтерге оңай соқпайтыны ақиқат. Демек, қазіргі кездегі біздің қоғамымыз бен мемлекетіміздің даму ағымындағы концептуалдық өзгерістер құбылыстарын жан-жақты ескеріп, оны оқырмандарға түсінікті, оңтайлы, әрі қолдануға ыңғайлы нысанда жеткізу қазақстандық құқықтанудың басты мақсаты болып табылады.
Құқық нормаларымен қарастырылған және белгілі бір заңдық салдарларға апарып соғатын, азаматтар мен лауазымды тұлғалардың әлеуметтік маңызды мінез-құлқы. Құқықтық тәлім-жосық құқыққа сай немесе құқыққа қарсы (қоғамға қарсы) болады. Мемлекет құқық нормасында, құқыққа сай құқықтық тәлім-жосыққа кепілдік береді, жағдай жасайды және қорғайды, сондай-ақ құқыққа қарсы тәлім-жосықты (құқық бұзушылық пен қылмыс) жазалаудын алдын алу шараларын қарастырады.[1]
Құқықтық мінез - құлық – адамның құқық нормаларына сәйкес мінез-құлқы. Құқықтық мінез - құлық экономикалық, әлеуметтік, саяси идеологиялық қоғамдық қатынастардың жай-күйіне ықпал жасап, дамуына септігін тигізеді. Құқықтық мінез - құлық негізінде борышты, қоғамдық қажеттілікті сезінуден, қоғамдық мүддемен сабақтас жеке мүддеден туындайтын ниет жатады және ол адам санасы мен еркінің бақылауында болады. Ал құқыққа қарсы жағымсыз мінез-құлыққа пайдакүнемдік, өзімшілдік, зорлықшыл пиғыл сияқты теріс қылықтар жатады. Құқықтық тұрғыдан нақты тәртіпке келтірілген мінез-құлық қана құқықтық мінез - құлық болып саналады, ал рұқсат етуші не тыйым салушы құқық нормаларында қарастырылмаған мінез-құлық құқықтық мінез - құлыққа жатпайды. Құқықтық мінез - құлық мемлекет тарапынан қадағаланып отырады. Жағымды, оң мінез-құлыққа құқықтық кепілдік беріледі, ал құқыққа қарсы жағымсыз, теріс мінез-құлық үшін адамға құқықтық жауапкершілік жүктеледі.
1. В.Н.Кудрявцев. Причины правонарушений. М., 1979.
2. В.Н.Кудрявцев. Закон, поступок, ответственность.
3. Н.П.Дубинин, И.И.Корпец, В.Н.Кудрявцев. Генетика поведения ответственность. М., 1982.
4. Основания уголовно-правового запрета. М., 1982.
5. Социальные отклонения. Введение в общую теорию. М., 1984.
6. А.И.Долгова. Социальные - психологические аспекты преступнос¬ти несовершеннолетних. М., 1981.
7. И.Г.Батку, Е.Г.Мартычынчик. Социально-правовые факторы преодоления антиобщественного поведения. Кишинев, 1988.
8. Н.Ф.Кузнецова. Проблемы криминологической детерминации. М., 1984.
9. Е.К.Нурпеисов. Психология правомерного поведения. Алма-Ата, 1984.
10. Б.Ж.Жунусов. Проблемы уголовной политики. Караганды, 2005.
11. Сәкен Өзбекұлы. Абай және адам құқы. Алматы, 1995.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
nsМАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. ҚҰҚЫҚҚА САЙ ЖҮРІС ТҰРЫС ҰҒЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... .. 5
1.1 Құқыққа сай мінез құлық ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Құқыққа сай тәртіп белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...10

2. ҚҰҚЫҚҚА САЙ МІНЕЗ ҚҰЛЫҚ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... .14
2.1 Әлеуметтік белсенді мінез құлық ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .15
2.2 Конформистік мінез құлық ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .21
2.3 Маргинальдық мінез құлық ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 24
2.4 Әдеттегі мінез құлық ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .27

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...30

Кіріспе

Жұмыс - мемлекет және құқық теориясы пәнінің маңызды институты болып есептелетін ҚР құқық және мінез құлық мәселесіне арналған. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, құқықтық институттың проблемалық тұрғыда ғылыми зерттелмегенімен түсіндіріледі.
Егеменді ел атанған Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкендігімізді жариялау, заңдарды білу, ондағы көзделген әрбір азаматтың өзінің құқығын қорғау, өмір сүруі мен гүлденуіне күресу мүмкіншілігін іске асыруды қамтиды. Мұның өзі құқық тәртібін сақтау мен нормативті заң актілері талаптарының қалытқысыз орындалуына жете көңіл бөлу керек деген сөз.
Әрине, күні кеше ыдырап кеткен Кеңестер Одағынан еншісін алып, іргесін ажыратқан елімізге, "мемлекет" деген алып та ауқымды үйдің алғашқы шаңырағын көтеру, ірге тасын нықтап әп - сәтте іске асатын оңай шаруа емес. Мұнда әлемдік озық іс-тәжірибеге жүгінудің, өркениетті елдер жүріп өткен тарихи соқпақтарды саралап- талдаудың еш артықшылығы жоқ. Заң саласын жаңартуда да осы үрдіс басты назарға алынуда.
Еліміз, тізгінін өз қолына алғаннан бері нарықтық қатынастарға байланысты жаңадан көптеген заңдар қабылданып, іс жүзіне асырылып жатқандығы баршамызға аян. Тіпті мемлекетіміздің сипаты да өзгеріліп, оның құрлымдық бөлшектері де қайта құрылу үстінде. Міне осындай түбегейлі өзгерістердің қисындарын, одан туындайтын заңдарды білу, іске асыру заңдылықтарын түсіну әрбір азаматтарға, студент түгіл мұғалім- педагогтерге оңай соқпайтыны ақиқат. Демек, қазіргі кездегі біздің қоғамымыз бен мемлекетіміздің даму ағымындағы концептуалдық өзгерістер құбылыстарын жан-жақты ескеріп, оны оқырмандарға түсінікті, оңтайлы, әрі қолдануға ыңғайлы нысанда жеткізу қазақстандық құқықтанудың басты мақсаты болып табылады.
Құқық нормаларымен қарастырылған және белгілі бір заңдық салдарларға апарып соғатын, азаматтар мен лауазымды тұлғалардың әлеуметтік маңызды мінез-құлқы. Құқықтық тәлім-жосық құқыққа сай немесе құқыққа қарсы (қоғамға қарсы) болады. Мемлекет құқық нормасында, құқыққа сай құқықтық тәлім-жосыққа кепілдік береді, жағдай жасайды және қорғайды, сондай-ақ құқыққа қарсы тәлім-жосықты (құқық бұзушылық пен қылмыс) жазалаудын алдын алу шараларын қарастырады.[[1]]
Құқықтық мінез - құлық - адамның құқық нормаларына сәйкес мінез-құлқы. Құқықтық мінез - құлық экономикалық, әлеуметтік, саяси идеологиялық қоғамдық қатынастардың жай-күйіне ықпал жасап, дамуына септігін тигізеді. Құқықтық мінез - құлық негізінде борышты, қоғамдық қажеттілікті сезінуден, қоғамдық мүддемен сабақтас жеке мүддеден туындайтын ниет жатады және ол адам санасы мен еркінің бақылауында болады. Ал құқыққа қарсы жағымсыз мінез-құлыққа пайдакүнемдік, өзімшілдік, зорлықшыл пиғыл сияқты теріс қылықтар жатады. Құқықтық тұрғыдан нақты тәртіпке келтірілген мінез-құлық қана құқықтық мінез - құлық болып саналады, ал рұқсат етуші не тыйым салушы құқық нормаларында қарастырылмаған мінез-құлық құқықтық мінез - құлыққа жатпайды. Құқықтық мінез - құлық мемлекет тарапынан қадағаланып отырады. Жағымды, оң мінез-құлыққа құқықтық кепілдік беріледі, ал құқыққа қарсы жағымсыз, теріс мінез-құлық үшін адамға құқықтық жауапкершілік жүктеледі.
Қоғамдық бағыттағы себептердің жоғарғы сатысы болып, қылықтың әлеуметтік қүлдылығының күшіне байланысты, оның айналадағылар, туыстар мен жақындар, қоғам үшін пайдалығына көз жеткізу болып табылады. Құқыққа сай мінез-қүлықттарды жағымды баға беруге қиын себептер де тудырады. Өйткені, себебтің сипаты мен қылықтың құқыққа сайлылығының арасынла қатаң үйлесімділік жоқ. Бірақ, көпшілік жағдайларда жағымды себептер құқыққа сай мінез-қүлық тудырса, ал жағымсыздар -- құқыққа қайшы мінез-қүлық тудырады. Әйтсе де бүл жалпы тәртібтің ерекшелігі бар. Оның пайда болуы себеп пен қылықтың арасында тағы да бір түйіннің -- жоспарлау мен шешім қабылдаудың болуы. Ол әлеуметтік тиімді себептерді өзгертеді немесе, керісінше, әлеуметтік зиянның орнын толтырады.

1. Құқыққа сай жүріс тұрыс ұғымы

Құқыққа сай мінез-құлық әлеуметтік, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық кепілдікпен қамтамасыз етіледі. Ал құқыққа қарсы мінез-құлық үшін мемлекет жағымсыз құқықтық салдар қарастырған. Бесінші белгі -- құқықтық мінез-құлық заңдық саладарға тартуы және тартуға қабілеттілігінен құрылған. Ол құқықтық қатынастың пайда болу, өзгеру немесе тоқталуына және құқықтық жүйедегі басқа элементтерге әсер етеді.
Құқықтық мінез-құлық құқыққа сай және құқыққа қайшы деп екі түрге бөлінеді. Олардың арасындағы ортақшылық құқық сферасындағы ұқсас субъектілердің мінез-құлқы. Сонымен қатар олар кейбір сипаттары бойынша қарама-қайшы болып келеді. Біріншіден, егер құқыққа сай мінез-құлық қоғамдық қатынастарды нығайтса, ал құқыққа қарсы мінез-құлық әлеуметтік жүйені бұзады, әлсіретеді. Екіншіден, мінез-құлықтың психологиялық белгілірі қарама-қайшы. Құқыққа сай мінез-құлық қоғам мүддесіне сай келетін, оған қайшы келмейтін өз міндетін саналы түрде түсіну, қоғамдық қажеттілік, жеке мүдделермен дөлелденеді. Құқыққа қайшы мінез-қүлық көп жағдайда пайдакүнемділікпен, эгоистік және агрессивтік үмытылуымен сипатталады. Үшіншіден, мінез-құлықтың заңдық сипаты әр -- түрлі. Құқыққа сай мінез-құлық әдетте рұқсат етуші немесе міндеттеуші нормаларымен қарастырылса, ал құқыққа қайшы мінез-қүлық тиім салушы нормаларымен қарастырылған. Құқыққа сай мінез-қүлық нормаларды сақтау немесе орындаумен бекітіліп нормативтік болады; ал құқыққа қайшы мінез-құлық тиім салушы немесе міндеттеуші нормаларды бұзып, нормаға қайшы болады. Төртіншіден, мінез-құлыққа мемлекеттің әсерінің әр түрлі болуы. Мемлекет құқыққа сай мінез-қүлықты жан-жақты қорғап, кепілдік береді. Мемлекет кінөлі тұлғаның құқыққа қайшы мінез-құлық үшін жағымсыз салдар қарастырады.
Құқыққа сай мінез-құлық дегеніміз -- бұл құқық нормаларында қарастырылған және заңдық салдар ала жүретін, субъектілердің саласы мен еркінің бақылауында болатын, жеке немес ұжымдық субъектілердің әлеуметтік мағынадағы мінез-құлқы.

1.1 Құқыққа сай мінез құлық

Құқықтық болсын, құқыққа қайшы болсын құқықтық мәні бар мінез-құлықтың әлеуметтік және құқықтық табиғатын талдау, криминология, қылмыстық құқық, әкімшілік құқық және т.б жұмыстарда жетекші орынды алады.
Жалпытеоретикалық позиция тұрғысынан зерттеу объектісі ретінде, құқықтық және құқыққа қайшы мінез-құлық түсініктері жиі ашылмайды, содықтан да кейбір сұрақтар, соның ішінде терминологияға қатысты сұрақтар әлі күнге дейін бірталай пікірталастар туғызуда. Құқықтық мінез-құлық категориясы ғылыми айналымға, 1982 жылы В.Н. Кудрявцевтің құқықтық мінез-құлық анықтамасына ұсынысын берген, Құқықтық мінез-құлық: норма және патология атты монографиясы жарық көргеннен бастап мықтап ене бастады. Құқыққа сай нысандарға кепіл беретін және құқыққа қайшы қылықтарды заңға сәйкес жазалайтын, совет құқығының нормаларымен қарастырылған және Совет мемлекетінің бақылауының астында болатын субъектілердің санасы мен еркінің өзекті немесе потенциялды бақылауында болып табылатын, қоғам үшін әлеуметтік маңызы бар жүріс-тұрысты құқықтық мінез-құлық деп есептеуге болады [1, 46 б.]. Осыған сәйкес, В.Н. Кудрявцевтің пікірі бойынша, құқықтық мінез-құлық бір мезгілде әлеуметтік мінез-құлықтың құқыққа сай және құқыққа қайшы жақтарынан тұратын, жалпы қамтылған түсінік ретінде қарастырылады. Алайда автордың өзі, бұл ереже әлі өңделуді қажет етеді деп есептейді. Әрі қарай автордың аталған категорияға выражения правовое, право ведут в нашем языке начало от слов правда, правильное, справедливое. Поэтому этимологически более последовательным было бы правовым поведением называть только правомерные действия [1, 45 б] деп назар аударуын әділетті деп есептейміз. Неге осы пікір құқықтық мінез-құлықтың позитивті бағытталушылық пайдасына әрі қарай жалғастырылмады екен? Жауап қарапайым - қарастырылып отырған құбылысты дәл көрсететін басқа термин табылмады, және әрі қарай талдаудың мәні болып қалды. В.Н. Кудрявцевтің бастапқы идеяларынан бас тартуының мұндай себебіне негіз жоқ, өйткені оның нақ осы идеясы жан-жақты талдауға әбден лайық деп ойлаймыз.
Шынында, құқықтық мінез-құлық пен құқыққа қайшы мінез-құлықтың ара-қатынасын белгілеу мүмкін бе? Бұл жөнінде В.А. Малько, құқық бұзушы мінез-құлық қоғамның құқықтық өмірімен біте қайнасып кеткен және оның тұрақты серігі болып табылады - деп ой тастайды.
Құқықтық және құқыққа қайшы мінез-құлық түсініктерінін ара-қатынастарын белгілеу бойынша шығарылған қайшылықтарға байланысты, аталған категориялар арасында шектеулер келтірген жөн болар. Олар келесідей болмақ:
- әлеуметтік маңызы бойынша құқықтық және құқыққа қайшы мінез-құлық тікелей қарама-қайшы. Егер құқықтық мінез-құлық жасағыш қызметін атқарып, қоғамдық игіліктерге қызмет етсе, құқыққа қайшы мінез-құлық - жоюшы қызметін атқарады, өйткені қоғам қаламайтын, нысандар мен мазмұндарды өзгертуге бағытталған. Осыған байланысты әлеуметтік пайдалылық пен әлеуметтік құндылық арасында шектеулер қою қажеттілігі ұсынылады. Құқықтық мінез-құлықтың әлеуметтік пайдалылығы мен құндылығы айдан анық: біріншісі субъектінің құқықтық саладағы іс-әрекетінен жақсы салдарға жету мүмкіндігінен көрініс тапса, екіншісі - мұндай заңдылық тәртібін қамтамасыз ететін, мінез-құлықтың қажеттілігі мен маңыздылығынан көрініс табады. Ал құқық бұзушылық айқын әлеуметтік емес сипатына қарамастан, құқық шығармашылық немесе құқықты жүзеге асыру саласындағы кемшіліктерді көрсете отырып - оларда қорғаныс, қорғау, іс-әрекет жүйесін өзгерту механизмін шығару, осындай тәсілмен олардың жетілуіне септігін тигізу сияқты әлеуметтік пайдалы қасиеттерге ие болуы мүмкін. Осыған байланысты, құқықтық жүйенің өзі жаңаруға дайын болуы керек талабымен дұрыс нәтижеге қол жеткізіледі. Ал құндылық аспектісіне келсек, құқық бұзушылық мінез-құлыққа ол тән емес;
- мотивациялық тетік бойынша айыру, орнатылым, белгілі бір іс-әрекетке итермелейтін мүдделер, қажеттіліктерде жүреді және құқыққа сәйкес немесе құқыққа қайшы - бағытталушылықты анықтайды. Әдеттегідей, құқыққа сәйкес мінез-құлықты оятушы күшке жеке және қоғамдық мүдделер (егер олар бір-біріне, нормаларға, құқыққа, өнегеге қарама-қайшы болмаса) әділеттік сезімі және т.б. ие болып табылады. Құқыққа қайшы мінез-құлықтың мотивациясы болып пайдакүнемдік, кек, қызғаныш, ашкөздік, эгоизм және т.б. болып табылады;
- заңи сипаттамасы бойынша құқыққа сай мінез-құлық нормативті болып табылады, ол рұқсат етуші немесе міндеттеуші сипаттағы нормалармен қарастырылып, пайдалану, орындау, сақтау нысандарында жүзеге асырылады. Құқыққа қайшы мінез-құлыққа норативті сипат тән болмаса да, ол құқық нормаларымен реттеледі. Заң шығарушы, құқық нормаларын шығара отырып, оның жүзеге асырылуын есепке алады, алайда ол бұл нормалардың жүзеге асырылмау немесе оның бұзылу мүмкіндігін де есепке алады. Мұндай жағдайда ол жауапкершілікті бекітіп, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қарастырады. Осыған сәйкес құқыққа қайшы мінез-құлық тыйым салушы немесе міндеттеуші сипаттағы нормаларды бұзады;
- құқық реакциялары бойынша құқыққа сай мінез-құлық құқықтық тарапынан жеңілдік, стимул, мадақтау нысандарында қолдау табады. Құқыққа қайшы мінез-құлық болса - керісінше тыйым салу;
- заңды салдар бойынша құқыққа сай мінез-құлық күткен қажеттіліктерді қанағаттандыруды шақыратын заңды айғақтардың пайда болуы, өзгеруі, тоқтатылуымен байланысты.
Көріп тұрғанымыздай келтірілген классификациялар құқықтық мінез-құлық ерекше белгілерге ие екен. Құқықтық мінез-құлыққа тән белгілер ішінен, зерттеушілер келесілерді бөліп қарастырады:
1) құқықтық мінез-құлықтың әлеуметтік құндылығы. Құқықтық мінез-құлықтың негізгі мақтанышы оның шығармашылық бастауы болып табылады, оны жүзеге асыра отырып қоғамның дамуының тұрақтылығы қамтамасыз етіледі;
2) әлеуметтік пайдалылығы. Әлеуметтік құндылыққа қарағанда, бұл белгі қоғам мен мемлекет үшін құқықтық мінез-құлық нәтижесінде пайда болатын салдармен сипатталады.
3) құқықтық мінез-құлықтың қоғамға қажеттілігі. Құқықтық мінез-құлық егер ол тікелей құқық нормаларымен қарастырылса және қоғамның өнегелік мүмкіндігі мен мақсаттылығы туралы көзқарастарымен қайшы келмесе қажетті сипатқа ие болады. Құқықтық мінез-құлық ұсынылған құқықты пайдалану барысында жеке тұлға басқа тұлғалардың мүдделерін немесе жалпы адамгершілік мақсаттарын есепке алмаса қажатті болмай қалады;
4) мемлекетпен кепіл беріледі және қамтамасыз етіледі. Құқыққа сай мінез-құлық пайдалы және құнды әлеметтік мінез-құлық ретінде мемлекет тарапынан көмек алады. Кепілдену институты қазіргі таңда Қазақстанда құрылу сатысында тұрған конституциялық жауапкершіліктен де көрініс табады. Конституциялық жауапкершілік дегенде әдетте құқық субъектілерінің (мемлекет, мемлекеттік билік органдары, лауазымды тұлғалар) конституциялық заңдардың нормаларының талаптарын сақтау міндеттері, ал егер дұрыс орындалмаса немесе конституциялық міндеттеме бұзылса - жағымсыз салдардың туындауы (санкция) деп түсіну қалыптасқан. Құқықтық қолдаумен тек құқық нормалармен қарастырылған мінез-құлық қана пайдалана алады дегеніміз қателік болар. Азаматпен өзінің заңды мүдделерін жүзеге асыруы да мемлекетпен қамтамасыз етіледі.
5) құқық нормалары мен басқа да заңи ұстанымдарымен байланысы. Құқыққа сай мінез-құлықты қарастыра отырып А.С. Мордовец, ғылыми түсінік ретінде ол құқық нормаларының стимулдық ролінің мәнін едәуір көтереді, өйткені оның мазмұнында заңдылық талаптары көрініс тапты ма, норманың мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келе ме деген сұрақтарды талдауға мүмкіндік береді деп есептейді [4, 119 б]. Бұл өте құнды ескерту болып табылады өйткені ол құқықтық ақиқаттың, құқықтық сананың және оның құқықтық іс-әрекетке айналуының кері байланысына көңіл аударады. Әр қоғамдық үміттермен сәйкестігіне тексеру өткенде, құқық нормасы, субъектінің мінез-құлқын анықтай отырып, сонда іске асады (толықтай немесе бөлек).
6) оң нәтиже. Құқыққа қайшыға қарағанда құқықтық мінез-құлық әлеуметтік пайдалы нәтижеге жетуге бағытталған. Құқықтық мінез-құлыққа берілген мұндай сипаттаманы кейбір зерттеушілер елемейді. Дегенмен, құқықтық мінез-құлықтың барлық түрлері құқықтық нормаларымен қарастырылып, белгіленбейтінін айта кету керек. Жеке құқықтардың көпшілік нормаларының диспозитивтілігі субъектілерге өз мүдделеріне әрекет етуге еркіндік береді. Мұндай мінез-құлықтың позитивті нәтижелілігі құқықтық қатынас қатысушылары үшін қажетті және күткен нәтиже болып табылады;
7) көпшілік сипатта болуы. Құқықтық мінез-құлық, қоғамдық құқықтық сана тиісті даму деңгейінде болса, түрлі деформациялар мен ауытқуларға кез болмаса ғана көпшілік сипатқа ие болады. Құқыққа сай мінез-құлық бірінші кезекте тұрғындардың саналы бөлігін, басқаша айтқанда, заңды немесе құқықты сыйлайтындарды қамтиды [5, 446]. Әдеттегідей, түрлі нысандарда көрініс табатын құқыққа сай мінез-құлық, көпшілік тұрғындарды ерекшелендіреді. Дәл осы мәселе қоғамдық ағзаның қатар өмір сүруіне мүмкіндік береді, ал құқықтық мемлекеттің қалыптасу жағдайында маңызды және қажетті алдын-алатын жағдайға айналады;
8) өзін-өзі реттеу. Құқықтық мінез-құлықтың нақ осы белгісі, оның көпшілік сипатын, күрделі психикалық процесстердің ішкі механизмін жібере отырып қамтамасыз етеді. В.В. Филатов, көпшілік жағдайда адамдар өздерінің мінез-құлқы құқық нормаларына қаншалықты сәйкес келетіні жөнінде көп ойланып жатпастан ақ құқыққа сай іс-әрекет жасай береді. Бұл заң мазмұны мінез-құлықтың қалыптасқан ережелеріне сәйкес келгенде ғана болатын жағдайлар, осыған сәйкес құқықтық нормалар адамдардың санасында орын алып, өзін-өзі реттеу тәртібімен автоматты түрде жүмыс жасайды деген пікір қосады [6, 22 б]. Өзін-өзі реттеу барлық салада көрініс табады.
9) құқықтық мінез-құлықтың презумцияланғандығы. Құқық саласындағы азаматтар үшін тыйым салынбағанның барлығы рұқсат етілген қағидасы әрекет етеді. Аталған қағида негізінде құқыққа сай мінез-құлықтың құқық презумпциясы қызмет етеді. Ол өз кезегінде, мінез-құлық басқаша белгіленбесе және дәлелденбесе құқыққа сай болып есептеледі деп түсіндіріледі.
10) мотивация. Жоғарыда қарастырып кеткеніміздей, құқыққа сай мінез-құлық құқыққа қайшыдан өзінің мотивациясының бағытталуымен ерекшеленеді. Құқықтық мінез-құлық үшін қажеттілігі шамалы, бастысы субъект заң шеңберінде әрекет етіп, әлеуметтік пайдалы нәтижеге жетсе болды деген пікірге жиі кездесіп отырамыз. Мұндай пікірдің жаны бар, алайда біз құқықтық мінез-құлықтың қажетті, оң түрлері жөнінде сөйлесек, онда құқықтық мінез-құлықтың нәтижелі жақтарын ғана емес, сондай-ақ мотивациялық жақтарын да басшылыққа аламыз. Және құқыққа сай мінез-құлықтың әлеуметтік құндылығын анықтауға байланысты, қандай да бір қылықтың мәні мотивпен анықталады;
11) құқықтық мінез-құлықтың өнегелік құндылығы. Бұл тізім құқықтық мінез-құлықтың аксиологиялық белгілерісіз толық болмайды. Нормативті мінез-құлықтың құқыққа сай, өнегелік, діни түрлері арасындағы тығыз байланыс жөнінде айта кету керек. Құқықтық мінез-құлық тек мемлекеттік билікті сипаттағы ұстанымдарды ғана жүзеге асырып қоймай, сондай-ақ, жеке тұлғалардың өнегелік даму деңгейін, оның құқықтық орнатылымдарды қандай да болсын жағдайда сақтау қабілетін көрсетеді. Сонымен қатар, құқықтық нормалар да өздерінің негізінде өнегелік мазмұнға ие, демек оларды сақтау құқықтық тәртіпті ғана емес, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті нығайтады. Жеке тұлғалардың алдында өнегелік таңдау қажеттілігі туындап отырады. Құқықты жүзеге асыру, бірінші кезекте адамдардың құқыққа сай әрекеттерін талап етеді, ал бұл жағдайда құқықтық мінез-құлықтың өнегелік құндылығын бағалау қиынға соғады.

1.2 Құқыққа сай тәртіп белгілері

Заңды нормалардың әрекет ету қалпындағы нормаларды құқықтық тәртіп деп атаған, онда саналы-ерікті жағымды құқық нормалармен реттелген және әлеуметтік маңызы бар адамдардың және олардың ұжымдарының тәртібі заңды салдарға әкеледі.
Құқықтық тәртіп әрекетте және әрекетсіздікте әрекет етуі мүмкін. Құқықтық әрекетсіздік тура сондай, тікелей сипаттағы құқықтық тәртіп және құқықтық әрекет. Мұнда ол әрекет ретінде құқыққа сай не сай емес болуы мүмкін. Мысалы, құқық субъектісінің тәртібі мынадай: маңызды саналы тыйым салуды сақтау, оларды бұзу құқықтық әрекетсіздікке жатады. Адамға құқықтық ұйғарыммен тапсырылған міндетті орындамау құқыққа деген жауапсыздық болып саналады. Осыған қосымша әрекетсіздік құқықтыққа айналады (құқыққа сайлық не құқыққа сайлық емес) тек оның мазмұнын субъективтік құқыққа, құқық нормаларындағы нақтылы заңды міндеттерге не келісім шарт жағдайына (контрактіге) қосқан кезде.
Көптеген әлеуметтік тәртіп түрлерінің ішінен ең алдымен өзінің құқықтық, құқықтық қосымшалығымен кеңістік қалпынан тәртіп бөлініп шығады. Ол әрекеттегі заңдардың нормаларымен қатаң реттелген және соның негізінде құқыққа сай болу мүмкіндігі бар (құқық нормаларының талаптарына сай келеді) құқыққа сай еместігі не құқыққа қарсы (құқық нормаларының талаптарын бұзушы) және заңдылық талапсыздық (құқықтың кеңістік қалпындағы, бірақ ешқандай салдар туғызбайтын және сондықтан ешқандай заңдылық бағаға жатпайтынын).
Құқықтық тәртіптің сипатты белгілеріне жататындар: әлеуметтік маңыздылығы, оның саналы-еріктегі сипаты, тәртібінің мемлекеттің тексеруінде болуы, жағымды не жағымсыз заңдылық салдардың болуы.
Сонымен, құқықтық тәртіп дегеніміз, тек құқықтық нормалармен алдын-ала белгіленген және құқықтық нәтижесі барлар. Құқықтық тәртіптің, оның маңызды екі түрі бар: құқықтық тәртіп және құқыққа қарсылық.
Құқыққа сай тәртіп - заңды тыңдаушы, саналы және ерікті адамдардың құқық нормаларының талаптарына сай тәртібі. Жалпы көптеген, барлық кездесетін адам тәртіптерінің жолдарында құқықтық тәртіп, құқыққа сай емес тәртіптен жоғары тұрады.
Заңды нормалардың әрекет ету қалпындағы нормаларды құқықтық тәртіп деп атаған, онда саналы-ерікті жағымды құқық нормалармен реттелген және әлеуметтік маңызы бар адамдардың және олардың ұжымдарының тәртібі заңды салдарға әкеледі.
Құқықтық тәртіп әрекетте және әрекетсіздікте әрекет етуі мүмкін. Құқықтық әрекетсіздік тура сондай, тікелей сипаттағы құқықтық тәртіп және құқықтық әрекет. Мұнда ол әрекет ретінде құқыққа сай не сай емес болуы мүмкін. Мысалы, құқық субъектісінің тәртібі мынадай: маңызды саналы тыйым салуды сақтау, оларды бұзу құқықтық әрекетсіздікке жатады. Адамға құқықтық ұйғарыммен тапсырылған міндетті орындамау құқыққа деген жауапсыздық болып саналады. Осыған қосымша әрекетсіздік құқықтыққа айналады (құқыққа сайлық не құқыққа сайлық емес) тек оның мазмұнын субъективтік құқыққа, құқық нормаларындағы нақтылы заңды міндеттерге не келісім шарт жағдайына (контрактіге) қосқан кезде.
Көптеген әлеуметтік тәртіп түрлерінің ішінен ең алдымен өзінің құқықтық, құқықтық қосымшалығымен кеңістік қалпынан тәртіп бөлініп шығады. Ол әрекеттегі заңдардың нормаларымен қатаң реттелген және соның негізінде құқыққа сай болу мүмкіндігі бар (құқық нормаларының талаптарына сай келеді) құқыққа сай еместігі не құқыққа қарсы (құқық нормаларының талаптарын бұзушы) және заңдылық талапсыздық (құқықтың кеңістік қалпындағы, бірақ ешқандай салдар туғызбайтын және сондықтан ешқандай заңдылық бағаға жатпайтынын).
Құқықтық тәртіптің сипатты белгілеріне жататындар: әлеуметтік маңыздылығы, оның саналы-еріктегі сипаты, тәртібінің мемлекеттің тексеруінде болуы, жағымды не жағымсыз заңдылық салдардың болуы.
Сонымен, құқықтық тәртіп дегеніміз, тек құқықтық нормалармен алдын-ала белгіленген және құқықтық нәтижесі барлар. Құқықтық тәртіптің, оның маңызды екі түрі бар: құқықтық тәртіп және құқыққа қарсылық.
Құқыққа сай тәртіп - заңды тыңдаушы, саналы және ерікті адамдардың құқық нормаларының талаптарына сай тәртібі. Жалпы көптеген, барлық кездесетін адам тәртіптерінің жолдарында құқықтық тәртіп, құқыққа сай емес тәртіптен жоғары тұрады.
Құқыққа сай тәртіп керек және рұқсат етілген, яғни мемлекетпен күзетіледі және кепілденген. Қандай болмасын қоғам дәл осыған негізделеді, және бұл жағдай оның бірқалыпты және біртіндеп дамуының кепілі. Құқық нормаларының негізгі көпшілігі құқыққа сай тәртіпті реттеуге бағытталған.
Құқыққа сай тәртіптің негізгі сипатын және оның құқыққа қарсы тәртіппен айырмашылығын жеке бөлуге болады. Олардың қатарына жататындар: пайдалылығы және қажеттілігі; құқық нормаларының ұйғарымдарына, оның мақсатына және қағидаларына сай келуі, ерекшелігі және осы жолдағы тәртіпті іске асырудағы саналылығы субъектінің бұл жолды іске асырудағы бағыты; сенімділік және жеке адамның өз қылығы туралы жауапкершілігі; құқықтық тәртіптің көпшілігі.; оның мемлекетпен кепілденгендігі; күзетілудің қамтамасыздығы. Әр түрлі типтегі құқықтық тәртіппен әлеуметтік маңыздылығына қарай қоғамдық және мемлекеттік деңгейінің оларға деген қызығушылығы әр түрлі және соған сай олардың мемлекеттік ынталандыруы әр түрлі. Мысалы, олардың кейбіреулерін мемлекет заңдылық мемлекеттік дәрежесіне көтеріп конституцияда бекіткен (Отанды қорғау, салық төлеу, қоршаған ортаны қорғау) басқалары субъективтік түрде көрсетеді (сайлауға қатынасу). Сонымен қатар әлеуметтік жағымды тәртіп варианттарымен қатар, құқықтық тәртіп қалпында мынандайлар да бар, оларға құқықтың тыйым салынбауына байланысты, келісуге тура келеді (мысалы некелесуден айыру, көтеріліс, сайлау кезінде, сайлау бөліміне келмеу, т.б.).
Құқыққа сай тәртіп механизмін қалыптастыру механизмі туралы сұрақты, қарым-қатынастағы арнайы-заңдылық, психологиялық және әлеуметтік жүйеден іздеу керек, бірақ мұндағы көрініп тұрғын жоғарғы психологиялық аяны ескеру қажет, атап айтсақ, қажеттілікте мүддеде, мотивте, белгілеуде, үйреншіктікте және басқа сипаттауда, тұтасымен құқықтық сананың бір жағына сай келетін - құқықтық психологиядан.
Құқыққа сай тәртіп (құқыққа қарсылық ретінде) ең алдымен жеке адамның құқықтық тұрақтылығына және оның құқықты бағалаушылық бағытына байланысты. Осы факторлар жеке адамның алған, алдында тұрған мақсаты мен тапсырмасы арқылы бағытын сипаттайды және сайлаушылық дайындығын және әрекетке дайындығын көрсетеді, оларды іске асыруға бағытталған әр түрлі тәртіп стереотипін қалыптастырады, олар прагмантикалық не альтуристикалық болады.
Сонымен, құқыққа сай тәртіп дегеніміз - күрделі комплексті категория, сондықтан оның көлемі және саласы тікелей көптеген субъективтік факторларға байланысты:
* өндіріспен материалдық игілікті пайдаланудың арасындағы сәйкестікті орнына келтіру деңгейіне;
* саяси және азаматтар мен лауазымды адамдардың құқықтық мәдениетіндегі жалпы деңгей;
* алдыңғы қатарлы қоғамдық таптардың, топтардың және тұрғындар қатарларының адамгершілік көзқарас пен моральдік жағынан құқықтық талаптарға сәйкес келу деңгейіне;
* мемлекетпен кең көлемдегі тұрғындар қатпарларының мүддесін түсіну деңгейі және толық түрде және аз кезінде сол мүдделерді саясатта көрсету, түсінікті көрсету;
* заңдарды жетілдіру деңгейі, құқықтығы жетімсіздікті жою және шегінен шыққан реттеушілік қоғамдық қатынастарды диспозитивтік реттеудің аясын кеңейту;
* жеке адамның мүддесінің үндестігі және заң шығарушының мақсаты, егер норма иесінің психологиялық белгісі және оның дүниетанымы, арнайы заңда көрсетілген мемлекеттің ықпалына және оның белгілеген ережесін іс жүзіне асырудағы тәжірибелі әрекетіне жақын, т.б.
Құқықтық тәртіптің сапасына кері әсер ететіндер: қажеттіліктің келіспейтіндігі, мүдделер, белгілеулер, сенімділік және құқық иесінің білімі.
Құқыққа сай тәртіп, оның мотивациясына байланысты бірнеше түрге бөлінеді:
* дағдылы құқыққа сай тәртіп (әдеттегі күнделікті шығыннан асып кетумен байланысты емес; бұл күнделікті қызмет, адамның тұрмыстың өмірі, құқықтық ұйғарымға сай келеді;
* енжарлық құқыққа сай тәртіп (тек сол кезде көрінеді, егер азаматтар бір-біріне тең құқықтарды және бостандықтарды пайдаланбаса; бұл кезде шығын, ең алдымен сол азаматтың өзіне келеді);
* конформистік тәртіп (әлеуметтік топта қабылданған (жалпылама) стильге сай келеді); жеке адаммен құқық нормасын енжарлық сақтауы, өзінің тәртібін, пікірін қоршаған ортаның әрекетіне бағындыру, ыңғайластыру);
* маргиналдық тәртіп (адамдардың құқықтық тәртібі сыртқы көрінісі ретінде байқалады, құқықтық нормалардың талаптарына іштей келісілмегендік). Бұл нұсқа әлеуметтік және рухани жағынан орнықпаған, жекеленген адамдарға тән, соған байланысты қанағаттанбаушылық, апатия, агрессивтіліктен тұрады. Соған орай атау - шекаралық не қыл үстінде тұрғандай. Маргиналдық тәртіп көп жағдайда құқық бұзушының алғышарты болады.

1 Құқыққа сай мінез құлық түрлері

Құқыққа сай мінез-құлықтың түрі көрініс табуы түрлі критерийлер бойынша оның жүйеленуіне түрлі көзқарастар үшін негіз береді:
- салалық тиістілігіне байланысты - конститутциялық құқық, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық және басқалар;
- қоғамдық өмір салалары бойынша - саяси эканомикалық, әлеуметтік-мәдени;
- субъектілері бойынша - жеке тұлғалар (азаматтар, лауазымды тұлғалар), ұжым (топтар, қоғамдық ұйымдар, мемлекет). Құқыққа сай мінез-құлықтың көрініс табуының түрлі нысандарына қарай, В.Н. Кудрявцев аталып өткен жүйелеу шеңберінде қосымша ішкі жүйелеуді ұсынды. Жеке тұлғаның құқыққа сай мінез-құлқы автормен материалды (өз құқықтарын жүзеге асыру, міндеттерді орындау, әлеуметтік құқықтық белсенділік) және инструменталды (құқықтар мен міндеттерге ие болу, өз құқықтары мен заңды мүдделерді қорғау) деп бөлінеді. Ұжымның құқыққа сай мінез-құлық қызметтік үлестері бойынша ішкі және сыртқы, кәсіби және қоғамдық, ұжымның әрекеттері бүтіндей және оны жетекшінің алып жүруі, лауазымды тұлғалар мен жұмысшылар болып бөлінеді [7, 9, 57 бб];
- әрекеттерінің белсенділік деңгейіне байланысты - белсенді, кәдімгі, пассивті;
- көрініс табу нысандарына байланысты - әрекет немесе әрекетсіздік;
- ұстанымдарды жүзеге асыру сипатына байланысты - сақтау, орындау, пайдалану және қолдану болып бөлінеді.
Аталған классификацияда құқықтық мінез-құлық генезисі жөніндегі сұрақ анықталмаған күйі қалып отыр, сондықтан да субъектілердің іс-әрекетінің мотивтеріне (қозғаушы бастама, ішкі реттеу) қатысты болатын құқыққа сай мінез-құлықты классификациялауды қарастыру қажет. Бұл критерий бойынша мінез-құлықтың келесідей түрлері бөлінеді:
- маргиналды мінез-құлық (латын тілінен marginalis - шегінде тұрған, шекаралық). Құқықты бұзудың пайдасыздығын (жақындарының беделін, құрметін жоғалтудан қорқу) сипаттайтын, заңды тек жазалаудан қорыққаны үшін бұзбайтын, жеке тұлғаның құқыққа сай және құқыққа қайшы ниеттері арасында баланс жасаушы, пассивті сипатқа ие болып табылады. Кез-келген жағдайда, жеке тұлғада әрекет етіп тұрған құқыққа және оның қағидаларына құрметпен қарау қатынастары жоқ болады. Өзінің позитивті болуына қарамастан, маргиналды мінез-құлық константты құнды құқықтық орнатылымдардың жоқ кезінде қоғамға белгілі бір қауіп тудырады - кез келген сәтте ұстаушы факторлардың әлсізденуі нәтижесінде ол құқыққа қайшыға айналуы мүмкін.
- конформистік мінез-құлық, құқықтың қажеттілігін түсінбей және оны тиесілі сыйламай, құқықтық ұстанымдарда мойынсұну болып табылады. Мұндай мінез-құлық негізінде қоршаған ортаның еркі мен пікіріне мойынсынуға ұмтылу жатады [8, 57 б].
- әдетті (стереотипті, оң) мінез-құлық құқықтық нормаларын, жеке тұлғаның меңгерген қағидаларын сақтау болып табылады. Белгілі бір құқықтық іс-әрекеттерді бірнеше қайталау нәтижесінде дұрыс мінез-құлық стереотипі, әдетті құқықтық операциялардың алгоритімі қалыптасады. Алайда әдетті мінез-құлықты автоматты процесс деп қарастыруға болмайды. В.В. Оксоматный әлеуметтік әдет - мінез-құлықтың механикалық өңделген дағдысы емес, белгілі-бір автоматизм үлесіне ие болса да, бірақ ол өз мазмұнында әлдеқайда кең және толық деп пікір қосады [9, 575-576 бб].
- әлеуметтік-белсенді мінез-құлық, құқықтық нормаларында объективтенген, жалпыадамзаттық құндылықтардың өнегелік-этикалық басымдылықтарға, құқықтық ұстанымдардың мақсаттылығына, күнделікті өмірде оларға сәйкес әрекет жасау қажеттілігіне сенуге негізделген.
Аталған мінез-құлық мемлекет үшін де, жеке тұлға үшін де тиімді болып табылады. Ол құқықтық сананың рационалды және эмоционалды дамуына сәйкес келуіне негізделген, жоғары белсенділік сатысымен ерекшеленеді; жеке тұлғаның әлеуметтік мәні бар немесе жеке мақсаттарға жетудегі табандылығы мен терең түсінігімен сипатталады.
Құқықтық мінез-құлық құқықтық мәдениеттің белсенділік деңгейімен басым мотивтерімен анықталатын, құқықтық қатынаста жеке тұлға немесе ұжыммен жүзеге асырылатын; құқықтық актілердің ұстанымдарына сәйкес келетін және мемлекетпен кепіл берілген қоғамдық-қажетті мінез-құлық деп анықтауға болады. Құқықтық мінез-құлық құқықтық мәдениеттің даму деңгейінің қажетті көрсеткіші болып табылады.

1.1 Әлеуметтік белсенді мінез құлық

Қазақ тіліндегі әдебиеттерде керітартпа ғадет, жағымсыз мінез-құлық, девиантты мінез - құлық деп әртүрлі деп беріледі. Ең алдымен норма дегеніміз не деген сұраққа тоқталайық. Ғылыми әдебиеттерде норма деп қоғамның тұлғаға қоятын талаптарын, ережелер жиынтығын айтамыз. Сонымен, норма - қоғамдағы жалпымен қабылданған моральдық, заңдық, әлеуметтік талаптарға сәйкес мінез-құлық.
Мінез-құлықтағы ауытқулар дегеніміз әлеуметтік, мектептік, отбасылық жағдайларға байланысты адамның қоғамдағы қалыптасқан нормалар мен ережелерді бұзуы.Зерттеушілердің мәліметтеріне сүйенсек, ауытқушылықтардың төмендегідей критерийлері мен белгілерін бөліп көрсетуге болады:
· Отбасылық сәтсіздік;
· Оқыту және кәсіби мекемелердегі ауытқушылықтың алдын алатын жұмыстардың аздығы;
· Тұлғаның тұлғалық компоненттерінің төмендігі;
· Қарым-қатынастағы дискомфорт
Асоциалдық мінез-құлық басқаларға өшпенділік, агрессивтік қарым-қатынас, ережелерді бұзу, абыройды мойындамау.Осы жағдайда келесі көріністерді атап өтуге болады: төбелескіштік, басқаның мүлкіне зиян келтірушілік, адамдарға немесе жануарларға деген қатыгездік қарым-қатынас, ұрлық, өтірік айту.
Деликвенттілік түсінігі delinque - ренжіту, бұзу сөзінен шыққан. Әлеуметтік - психологиялық әдебиеттерде бұл түсініктің мәндік мағынасын А.Личконың анықтамасымен байланыстырады. Оның ойынша, деликвенттілік Қылмыстық кодекске сәйкес жазаланбайтын криминалдық мінез - құлыққа тікелей қатысты емес, майда құқық бұзушылық. Бірақ әлеумдік тәжірибеде кәмелеттік жасқа толмағандардың криминалдық іс-әрекеті.Девиантты мінез-құлық түсінігі Э.Дюркгеймнің атымен тығыз байланысты. Э.Дюркгейм бойынша девиантты мінез-құлық қоғамдағы жалпы қалыптасқан нормалардан ауытқуы.
Девиантты мінез-құлық теориясының өзін бірнеше топтарға бөліп қарастыруға болады:
· Теориялардың бірінші тобына био-антропологиялық және био-медициналық концепцияларды жатқызамыз. Девианттылықтың себебі туа біткен немесе жүре біткен физиологиялық, психофизиологиялық ерекшеліктер.
· Теориялардың екінші тобына девиантты мінез-құлықтың экономикалық теорияларын айтуға болады.Девианттылық экономиканың жоғары дамуымен немесе төмен құлдырауымен пайда болады.
· Теориялардың үшінші тобына мәдениеттер мен субмәдениеттер арасындағы қайшылықтар теориясын (Т.Селлин, А.Коэн), бақылау теориясының әлеуметтік-психологиялық нұсқасы (М.Гольд, А.Райс), аномия теориясын жатқызуға болады.
· Теориялардың төртінші тобына қоғамдағы тұрақсыздықтың, ұйымдастырушылықтың құлдырауының нәтижесіндегі жаһандық себептерді айтамыз.
Әлеуметтанудағы девиацияның түрлері мен формалары.
Девианттылықтың ең алдымен синхронды және диахронды түрлерін бөліп көрсетуге болады. Синхрондық девианттылық - қоғамдағы девиацияның тең бөлінуі; диахронды - жылдам динамика, ауытқушылық мінез-құлықтың тез бой көтеруі.
Ауытқушылықтың сонымен қатар, төмендегідей түрлерін көрсетеміз:
1. Реактивті - психотравмалық жағдайларға негізделген.
2. Тұлғаның төмен моральдық деңгейімен байланысты.
3. Құштарлық патологиясы (садиз), биологиялық факторларға негізделген.
Ал, көптеген ғалымдар девиацияны екі негізгі бағытта қарастырылады:
1. Қылмыстың пайда болу формасы бойынша - деликвентті, үйден қашу, босқыншылық, маскүнемдік, суицидтік мінез-құлық.
2. Себептерге байланысты - биологиялық факторлар, сонымен қатар, әлеуметтік-психологиялық негіздер, әлеуметтік орта, жасөспірімдік кезең мерзіміндегі психологиялық ерекшеліктер.
Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық мінез - құлықтың әлеуметтік құндылығы
Құқықтық мінез-құлық
Заңгерлердің кәсіби этикасын зерттеу
Жасөспірімдер бойында құқықтық сананың қалыптасу ерекшеліктерін зерттеу
Әкімшілік құқықтық қатынастар туралы ақпарат
Әкімшілік құқықтың субьектілері
Құқықтық мәдениеттің табиғаты
Құқықтық мінез - құлықтағы тәрбиенің алатын орны
Девиантты мінез - құлық туралы түсінік және оның туындау себептері
Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы
Пәндер