Қазақстандағы туризм


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
3
Кіріспе:
  1. Қазақстандағы туризм
3: 4
Кіріспе:
  1. Туристтік нысандар
3: 5
Кіріспе: Қазақстанда келу туризмінің дамуын талдау
3: 8
Кіріспе:
  1. Қазақстан Республикасындағы туристтік бренд
3: 15
Кіріспе:
  1. Туристік өнімді өткізуде бренд жасақтау
3: 21
Кіріспе: Қорытынды
3: 27
Кіріспе: Пайдаланған әдебиеттер
3: 28

Кіріспе

Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Қазақстандағы алғашқы туристік ұйымдар 20 ғасырдың 20 - 30-жылдары пайда болды. 1929 жылы Алматы қаласында тұңғыш туристік жорық ұйымдастырыды. Оған Г. И. Белоглазов пен Ф. Л. Савин басқарған 17 мектеп мұғалімдері қатысты. Жорық Алматы төңірегінен басталып Есік көлінде (62 км) аяқталды. 1930 жылы Алматы өлкетану мұражайы жанында Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамының өлкелік бөлімшесі жұмыс істей бастады. Оның алғашқы төрағасы болып В. Г. Горбунов сайланды. Осы жылы Алматы қалалық телеграф пен пошта қызметкерлерінен (16 адам) құралған топ (Ф. Л. Савин басқарған) Медеу - Көкжайлау - Үлкен Алматы көлі жағалауына дейін барды. Туризмнің бұл түріне В. Зимин, А. Бергрин, Д. Литвинов, Х. Рахимов, Г. Белоглазов, т. б. көп үлес қосты. 1931 жылы қаңтарда Алматыдан Зиминнің бастауымен алғаш рет шаңғышылар жорығы ұйымдастырылды. “Еңбек және қорғаныс” эстафетасын алған бұл жорыққа қатысқан 8 шаңғышыға ұлттық атты әскер полкінің сегіз шабандозы қосылды. Олар Алматыдан шығып, Ұзынағаштан өтіп Қордай асуы арқылы эстафетаны Қырғызстан командасына табыс етті.

Әуесқой туристердің бастауымен Алатау қойнауындағы Күйгенсай (Горельник) шатқалында туристер үшін шағын үй салынды. 1936 жылы бұл жерде республикадағы ең алғашқы 50 кісілік “Горельник” турбазасының шаңырағы көтерілді. 1938 жылы Көкжайлау шатқалында (Алматы маңында) алғаш қазақстандық туристер слеті өтті. Оған 200-дей туристер қатысты. 1943 жылдың басынан “Горельник” турбазасында Кеңес армиясының тау атқыштарын даярлайтын Бүкілодақтық нұсқаушылар мектебі орналасты. Соғыстан кейін “Горельник” тау шаңғышылары мен альпинистер кадрларын даярлайтын базаға айналды. Адамдардың белсенді демалысы мақсатында 1952 жылы Қазақстанда Туристік-экскурсиялық басқарма (ТЭУ) құрылды. 1961 жылы Алматыда Республикалық жас туристер станциясы ашылды.

  1. Қазақстандағы туризм
  • 1950 - 60 жылдарыАлматы жоғары оқу орындарында тау туризмі, альпинизм (шыңға шығу), спорттық туризм дами бастады. Мұның нәтижесінде туристік нұсқаушылар тобы қалыптасты. Осы жылдары С. Күдерин, Ү. Үсенов, Н. Дубицкий, В. Г. Хомулло, т. б. мамандар оқушылар мен студенттер арасында туризмді дамытуда үлкен үлес қосты.
  • 1958 жылыЗиминге тұңғыш рет туризм бойынша КСРО-ның спорт шебері атағы берілді.
  • 1970 жылықұрылған Туризм және саяхатшылықтың республикалық кеңесі туризмнің одан әрі дамуына әсер етті.
  • 1971 - 75 жылдарыҚазақстанда туризмнің материалдық базасын нығайып, саяхаттық-туристік ұйымдар көбейді, жаңа туристік базалар мен мейманханалар пайдалануға берілді.
  • 1978 жылыҚазақстанда экскурсия мен туризмнің респ. кеңесі және 14 облыстық кеңес, 17 туристік база мен мейманханалар, 26 саяхат, экскурсия бюролары және шет ел туристеріне қызмет көрсететін 3 бюро, Алматы, Орал, Шымкент қалаларында туристік автомобиль базалары құрылды. Туристік базалар мен мейманханалардағы орын саны 7 мыңға жетті.
  • 1988 жылы туризм құрылымында біршама өзгерістер болды. Жаңадан туристік экскурсия қауымдастықтары құрылды. Осы жылдары Қазақстан туризмінің дамуына Н. И. Самойленко, С. Әбденбаев, Т. Жездібаев, А. Чукреев, О. Мазбаев, С. Р. Ердәулетов, т. б. үлкен үлес қосты. Тәуелсіздік алған Қазақстанда 1991 жылдан туризм саласы дамудың жаңа сатысына көшті. 1993 жылы Қазақстан Дүниежүзілік туризм ұйымына мүше болды. Осы жылы туризм индустриясын дамытуға арналған ұлттық бағдарлама қабылданды.
  • 1997 жылы Қазақстан Республикасының Ұлы Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өрлету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұралар сабақтастығын дамыту тұжырымдамасы, жалпы туризм дамуының стратегиясы жасалды. 2001 жылы 13 маусымда “Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы” заң қабылданды. Онда республикадағы туристік саланы дамытудың бірінші кезектегі шаралары, туристік қызметті лицензиялау, т. б. мәселелер тұжырымдалды. Қазақстанның табиғи, тарихи, геосаяси орны туристік нысандарды ұтымды пайдалануға мүмкіншілік береді, сонымен қатар экономиканың басты тармақтарының бірі ретінде дамытуды қажет етеді.
  • 2002 жылы республикада 430 туристік ұйымдар, фирмалар мен әр түрлі бюролар жұмыс істеді. Оларда 6 мың адам, оның ішінде 1500 кәсіптік экскурсия жүргізушілер (гидтер) қызмет көрсетеді. Қазақстанның туристік фирмалары дүние жүзінің 80-ге жуық елімен қарым-қатынас жасайды. Алматы қаласының 25 фирмасы және 5 облыс орталығы Үндістанға, Түркияға, Біріккен Араб Әмірлігіне, Пәкстанға, Корея Республикасына, Грекияға, Польшаға, т. б. елдерге чартерлік әуе рейстерін жолға қойған.

Қазақстанда туризмнің барлық түрлері (танымдық, ойын-сауық, этника, экология, денсаулық сауықтыру, балалар, спорттық, аң аулау, балық аулау, атпен серуендеу), т. б. бойынша жүргізіледі. Бұл үшін Қазақстан аумағы бойынша 700-ден астам саяхаттық маршруттар белгіленген. Оларға Қазақстанда жиынтық сыйымдылығы 33 мың орынды 372 әр түрлі категориялы қонақ үйлер қызмет көрсетеді. Мысалы, Алматы қаласында қонақтарға “Алатау”, “Қазақстан”, “Достық”, “Есік”, “Отырар”, “Астана”, “Анкара”, “Hyatt Regency Almaty”, “Интурист”, т. б. қонақ үйлер сервистік қызмет көрсетеді. Астанада 30 туристік фирма және 25 қонақ үй орналасқан. Олардың ірілері: “Окан - Интерконтиненталь Астана”; “Комформ - Отель Астана”, “Турист”, “Есіл”, “Жібек жолы”, “Алтын дала”, т. б.

Туризм мамандары Туризм және спорт академиясында, Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде, Алматы мемлекеттік университетінде, Қазақ Ұлттық университетінде, “Тұран” университетінде, т. б. жоғары оқу орындарында дайындалады.

  1. Туристтік нысандар

Қазақстандағы туристік ресурстарға - туристік қызмет көрсету нысандарын қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру нысандары, сондай-ақ туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың күш-жігерін қалпына келтіріп сергітуге жәрдемдесетін өзге де нысандар жатады. Олар мәдени-танымдық, экологиялық, спорттық, әлеуметтік, діни, т. б. туризм түрлеріне бөлінеді.

Қазақстандағы туристік нысандар бірнеше топтарға бөлінеді

  • табиғи-рекреациялық
  • тарихи-археологиялық
  • тәуеп ету

Табиғи-рекреациялық нысандарға Солтүстік Қазақстан аймағындағы Көкшетау, Бурабай, Баянауыл, Ерейментау, Шығыс Қазақстан аумағындағы Зайсан, Марқакөл, қазақстандық Алтай, Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Батыс, Солтүстік Тянь-Шань, Алтынемел таулары, Жетісу алабы, Батыс Қазақстандағы Үстірт, Мұғалжар, Каспий ойысы, Жайық өңірі, Орталық Қазақстандағы Қарқаралы, Қызыларай, Бектауата, Ұлытау, т. б. табиғи нысандар жатады. Сонымен бірге Алматы облысындағы ұлттық саябақтар мен қорықтардың туризмді дамытуда маңызы зор. Оларға Іле-Алатауы ұлттық саябағы, Түрген-Шамалған өзендері аралығындағы шатқалдар, Түрген, Есік, Талғар, Алматы, Қаскелең, Шамалған елді мекендері жатады. Алтынемел, Көкшетау, Бурабай ұлттық саябақтарында туризмді дамыту мемлекет тарапынан қолдау тауып, дамып келеді. Қазақстан аумағындағы 9 мемлекеттік қорықта да ғылыми-экологиялық туризмді дамытудың алғы шарттары қалыптасқан.

Тарихи-археологиялық ескерткіштердің туристік-экскурсиялық сапарлардағы орны ерекше. Археологиялық ескерткіштердің кез-келген нысандары туристік-экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады. Соның ішінде Жетісудағы Саққорғандары, Талхиз қалашығы, Оңтүстік Қазақстандағы Отырар, Сайрам, Батыс Қазақстандағы Сарайшық, т. б. көне қалалардың орнына туристердің қызығушылығы мол. Археологиялық-тарихи ескерткіштердің қазірге дейін жеткен нысандарының ішінде қорғандар мен мазарлардың маңызы зор. Қола дәуір ескерткіштеріне жартастағы петроглифтерді атауға болады. Оларға әйгілі бірегей ғибадатханалар: Аңырақай тауының Таңбалы сайындағы, Көксу өзеніндегі Ешкіөлмес ғибадатханасы, сондай-ақ Шолақ, Кіндіктас, Баянжүрек тауларындағы тастағы суреттер жатады. Біздің дәуірімізге дейінгі 6 - 3 ғасырлардан қалған сақ қорғандары, Бесшатыр қорымындағы жерлеу камерасы және сақ әскері киімін киген “Алтын адам”, 2001 - 2002 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданының Бергіел (Берел) қорғанында табылған “Сақ патшайымы” археол туристік нысандарға жатады. Ортағасырлық Түркістан, Отырар, Тұрбай, Құлан, Мерке, Талхиз, Жаркент қалалары, т. б. елді мекендер қазіргі туристік нысандар болып табылады.

Түркістан - қазақ хандығының алғашқы астанасы. Онда Қожа Ахмет Иасауи кесенесі салынған, кесене іші мен айналасына қазақ мемлекетінің негізін қалаған Тәуке, Тәуекел, Жәңгір, Есім, Абылай, Қазыбек би жерленген.

Қазақстанда Отырар, Сарайшық, Сайрам, т. б. ортағасырлық көне қалалар туристер үшін тартымды нысандар.

Тәуеп ету (діни) туризм нысандары республика аумағында көптеп кездеседі. Оларға түркі әлеміндегі қасиетті Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, Абаб-Араб мешіті, Гауһар-ана зираты, Әли-Қожа бейіті, т. б. жатады. Адамдар бұл қасиетті жерлерге тәуеп етіп, Аллаға сиыну үшін келеді. Одан басқа Қоғам а. маңында (Отырар ауданы) Арыстан баб кесенесі, Ибраһим-ата бейіті, Қарашаш ана кесенесі, Тұраба ауданыннда - Ысмайыл-ата мазары орналасқан. Жамбыл облысында - Айша бибі кесенесі мен Қарахан кесенесі, Қызылорда облысында - Артық, Айтман кесенелері, Балқаш көлі маңында - Тектау ата, Әуез бақсы, т. б. киелі орындар бар. Қазақ халқының азаттық күресі жолындағы батырларға, қолбасшыларға деген құрмет белгісі мемориалдар мен ескерткіштерде көрсетілді. Бұларға Райымбек пен Қарасай батыр ескерткіштері (Алматы облысы) Қордайдағы (Жамбыл облысы) Өтеген батыр, Ақтөбедегі Есет батыр, Солтүстік Қазақстандағы Ағынтай мен Қарасай ескерткіштері, Астанадағы Қаракерей Қабанбай ескерткіштері, т. б. жатады. Ордабасы мен Аңырақай сағасының жазығы, Ұлытаудағы үш жүздің басын қосқан жер, тарихи орындар ретінде Жошы және Алаша хан кесенелері, Алматыдағы тәуелсіздік монументі, Астанадағы үш би ескерткіштері қастерлі орындар санатында туристік нысандарға қосылады. Қазақ тарихындағы құнды мәдени ескерткіштер қатарына: Қозы Көрпеш - Баян Сұлу, Еңлік-Кебек кесенелері, Ш. Уәлиханов, Қ. Мұңайтпасұлы мемориалдары, Сұлтан Бейбарыс, Құрманғазы және Д. Нұрпейісова, Абай, Абылайхан, Әлия мен Мәншүк, А. Иманов, І. Жансүгіров, С. Сейфуллин, М. Әуезов, т. б. көптеген естелік орындар жатады.

Республиканың әсем де әдемі жерлерінде бірнеше туристік базалар орналасқан. Оларға Іле Алатауындағы “Шымбұлақ” шаңғы базасы, Павлодар облысы Жасыбай көлі жағасындағы “Баянауыл”, Қарағанды облысындағы таулы-орманды “Қарқаралы”, Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма бөгені жағасындағы “Алтай мүйісі”, Орал қаласы Жайық өзені маңындағы “Орал”, Қостанай облысындағы орманды-тоғайлы Наурызым алқабы, Оңтүстік Қазақстан облысы Бадам жазығындағы “Оңтүстік”, Көкшетау таулы аймағындағы “Золотой бор” базалары жатады. Қазақстанда белгілі туристік маңызы бар зоологиялық, ботаникалық қорықтар да жеткілікті. Оларға Алматы қорығы (кешенді), Іле атырауы (зоологиялық), Тарбағатай (зоологиялық), Жалтыркөл (зоологиялық), Ұлытау (зоологиялық), Бетпақдала (зоологиялық), Қарақия-Қаракөл (зоологиялық), Зеренді (зоологиялық) қорықшалары, Шарын каньоны (ландшафты - палеонтолық) және Шарын өзеніндегі “Шетен тоғайы” (ботаникалық), Күміс қылқанды орман (ботаникалық), Жаманшық тауы (геморфологиялық), Айғайқұм, Әншіқұм (геоморфологиялық), Жаңғақ тоғайы (ботаникалық), Бүркіттау шоқысы және Тұма бастаулар (гидрологиялық), т. б.

Қазақстанда келу туризмінің дамуын талдау

Қазақстан Республикасында туризм кенже қалған саласы болып табылады. Қазіргі әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл саланың маңызы өте жоғары. Қазақстан үшін келу туризмінің алатын орыны ерекше. Себебі біздің мемлекетте туризм ресурстары өте көп. Сондықтан бұл мақалада Қазақстанда келу туризмін талдау және оны дамытудың бағыттары қарастырылды.

Кілт сөздер: туризм, келу туризмі, көшбасшы аймақтар, орналастыру, тасымалдау, туристік өнім.

Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мәліметтеріне сәйкес 2007 жылдан бастап туристердің саны 59591 адамға өскен. Егер туризмнің түрлері бойынша қарастырсақ, онда келу туризмі бойынша адам санының азайғанын байқауға болады - 26021 туристі құрады, сонымен қатар ішкі туризм бойынша - 3620 адам болса, ал шығу туризмі бойынша керісінше оң нәтижеге ие болды - 89232 адам (кесте 1) .

Кесте 1. Туризмнің түрлері бойынша қызмет көрсетілген келушілердің саны, адам.

2007
2008
2009
2010
2011
2010 жылмен салыстырғандағы өзгеріс
Даму қарқыны(%)
: Қызмет көрсетілген келушілердің саны
2007: 541930
2008: 473947
2009: 347413
2010: 459337
2011: 601521
2010 жылмен салыстырғандағы өзгеріс: 142184
Даму қарқыны(%): 30, 9
: келу туризмі
2007: 62117
2008: 37937
2009: 31246
2010: 39 640
2011: 36096
2010 жылмен салыстырғандағы өзгеріс: -3544
Даму қарқыны(%): - 9
: шығу туризмі
2007: 286691
2008: 261070
2009: 193951
2010: 261709
2011: 375923
2010 жылмен салыстырғандағы өзгеріс: 114214
Даму қарқыны(%): 43
: ішкі туризм
2007: 193122
2008: 174940
2009: 122216
2010: 157988
2011: 189502
2010 жылмен салыстырғандағы өзгеріс: 31514
Даму қарқыны(%): 20
:

2011 жылы шығу туризмінің динамикасында өсу қарқыны байқалса (43 %), ал ең төмен көрсеткішке келу туризмі ие болған (-9%) . Соған қарамастан резидент емес туристердің дағдарыстан кейінгі кезеңде Қазақстанға деген қызығушылығы артып келе жатқаны қуантарлық жәйт болды [1] .

2008-2010 жылдардағы отандық туристік салада болған төмендеу әлемдік экономикалық дағдарыс пен жалпы халықаралық туристік нарықта туризмнің даму қарқынының бәсеңдеуінде болды. Сондай-ақ, қазақстандықтардың демалу мақсатында шет елдерге шығу қарқынының төмендеуі тұрғындардың дағдарыс нәтижесінде сатып алу қабілеттілігінің орташа көрсеткішінің төмен болуымен сипатталады.

Егер туристік фирмалар, орналастыру мекемелер мен туризм саласында қызмет атқарып жүрген жеке кәсіпкерлердің тарапынан қызмет көрсетілген туристердің санына назар аударсақ, онда көрсеткіштердің орташа деңгейде екенін байқауға болады. Жалпы республика бойынша 2008 жылы бұл көрсеткіш 3073259 адамды құраған, ал ол дегеніміз жалпы қызмет көрсетілгендердің тек 22 % ғана. Соның ішінде келу туризмі бойынша - 618732(13 %), шығу туризмі бойынша - 270554 (5, 2 %) және ішкі туризмге 2183973 адам (51, 3 %) тиесілі болды. Туристік мекемелер мен орналастыру орындарының тарапынан қызмет көрсетілген туристер санының аз үлесін байқамау мүмкін емес.

Сондай-ақ, атап кететін жәйттердің бірі саяхаттаушылардың көп бөлігі өздерінің туысқандарында я болмаса жолдастарының үйлерінде немесе заңды емес жалдамалы пәтерлерде орналасуды жөн көрді. Отандық туристердің туризммен айналысатын қазақстандық кәсіпорындарға сенімсіздікпен қарауының бірден бір себебі көрсетілетін қызмет бағасының жоғару болуы және оның сапаға сай болмауында, сондықтан да болар саяхаттаушылардың көп бөлігі ұйымдастырылмаған туризм түрімен айналысуды қолға алған.

Егер қызмет көрсетілген туристердің санын аймақтар бойынша қарастырсақ, онда 2-кестеде көрсетілген Қазақстан аймақтарының арасында көшбасшыларға назар аударайық.

Кесте 2. Туризм түрлері бойынша көшбасшы аймақтардың үлесі 2011 ж., %.

Жалпы қызмет көрсетілген туристер саны
Келу туризмі
Шығу туризмі
Ішкі туризм
Жалпы қызмет көрсетілген туристер саны: Алматы қ.
Келу туризмі: 22, 2
Шығу туризмі: Алматы қ.
Ішкі туризм: 35, 7
Алматы қ.
54, 0
Астана қ.
14, 9
Жалпы қызмет көрсетілген туристер саны: Астана қ.
Келу туризмі: 14, 4
Шығу туризмі: Атырау облысы
Ішкі туризм: 27, 8
Астана қ.
15, 3
Алматы қ.
14, 5
Жалпы қызмет көрсетілген туристер саны: Алматы облысы
Келу туризмі: 10, 3
Шығу туризмі: Астана қ.
Ішкі туризм: 12, 2
Қарағанды облысы
5, 1
Алматы облысы
13, 9
Жалпы қызмет көрсетілген туристер саны: Шығыс Қазақстан облысы
Келу туризмі: 9, 9
Шығу туризмі: Маңғыстау облысы
Ішкі туризм: 7, 0
Маңғыстау облысы
4, 5
Шығыс Қазақстан облысы
12, 8
Жалпы қызмет көрсетілген туристер саны: Атырау облысы
Келу туризмі: 8, 0
Шығу туризмі: Қарағанды облысы
Ішкі туризм: 3, 9
Шығыс Қазақстан облысы
0, 03
Қарағанды облысы
9, 2
Жалпы қызмет көрсетілген туристер саны: Қарағанды облысы
Келу туризмі: 7, 8
Шығу туризмі: Шығыс Қазақстан облысы
Ішкі туризм: 0, 03
Ақтөбе облысы
0, 02
Ақмола облысы
7, 4

Туристерге қызмет көрсету бойынша және жалпы туризмнің даму деңгейі бойынша еш күмәнсіз Алматы мен Астана қалалары алдыңғы қатарлы қалалардың бірі болып саналады.

Аталып өткен қалаларда басқа аймақтармен салыстырғанда туризм инфрақұрылымы мен көрсетілетін қызмет сапасы жоғары болып келеді, сонымен қатар Астана мен Алматы қаласында туристік нысандардың бар болуы мен оның көптігі отандық туристер мен шетел туристерін қызықтырмай қоймайды. Бұл екі қала сонымен қатар Қазақстанның іскерлік орталығы ретінде танымал және онда орналасқан көптеген шетелдік компаниялар мен отандық іскерлік ұйымдардың бар болуы аталмыш қалаларда іскерлік туризмнің дамуына өз септігін тигізуде. Сондай-ақ, сол қалалардағы жоғары табысты халықтың көп бөлігі ішкі туризмнің дамуына өз үлесін қосуда.

Келу және шығу туризмі және көрсеткіштер мен аймақтар бойынша көшбасшылық әртүрлі болып тұр. Жоғарыда аталып кеткен екі қаладан басқа келу туризмі бойынша оң көрсеткіштерге Атырау облысы, Маңғыстау облысы және Қарағанды облысы ие болды. Сонымен қатар шетелдік туристерге қызмет көрсету бойынша Атырау облысы екінші орынға орнықты және оның үлесі Астана қаласы, Маңғыстау, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарын қоса алғанда асып кеткенін байқауға болады. Бұл жалпы айтқанда мұнайлы өлкедегі іскерлік туризмнің қарқынды дамуымен де түсіндірілуі мүмкін.

Сондай-ақ, тізімдегі көшбасшы аймақтардағы ішкі туризмнің даму қарқыны да қуантуда. Бұл көрсеткіш аймақтар арасында соншалықты әралуандылығымен сипатталмады, ал ол өз кезегінде аталмыш аймақтардың отандық туристер арасында саяхаттау дестинациясы ретінде қызығушылық білдірумен қоса, сол аймақтардағы туристік мекемелердің қызметтерінің оң нәтижесі деп білуге болады. Сонымен қатар бұл тізімде шипажайлық нысандарға бай және көшбасшы ретінде танылған Ақмола облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысының болмауы таңқалдырады.

Шығу туризмі бойынша көбінесе туристер демалу, рекреация және бос уақытын қызықты өткізу мақсатында саяхаттаған. Ал туристердің сыртқа шығудың қалған мақсаттары болып коммерциялық, яғни шоп-туризм (29%) және іскерлік пен кәсіби мақсаттағы саяхаттарды (18, 7%) атап кетуге болады. Шығу туризмі көбінесе сатып алу қабілеттілігі жоғары әлеуметтік топтар арасында кеңінен тараған. Жоғары таптағы адамдар көп жағдайда дайын туристік өнімді «all-inclusive» алғанды жөн көреді, яғни оның құрамына міндетті түрде орналастыру, тамақтандыру, көңіл көтеру мен ұшып келу құны кіру міндетті. Қазақстандықтардың арасында танымал шетелдік бағыттардың бірі болып Түркия (30%), Қытай (23, 1%), Біріккен Араб Әмірлігін (11, 3%) атауға болады. Қазақстанда туристік саланың негізгі міндеті келу және ішкі туризмін дамыту болып табылады [1] .

Көптеген дамыған елдерде туризмнің тұрақты дамуында келу туризм мен ішкі туризмнің тепе-теңдігі байқалады. Жалпы ұлттық туризмнің табысты қызмет етуі үшін келу және шығу туризмнің арақатынасы 3:1 тең болуы керек. Бүгінгі таңда өкінішке орай шығу туризмі келу туризмге қарағанда басым болып келеді. 2011 жылы оның арақатынасы 340 мың адамға тең болды.

Соңғы жылдары келу туризмінің салмақ үлесінің өскенін байқауға болады. Бұл жайтты эксперттік зерттеулер мен статистикалық мәліметтер де дәлелдеуде.

2010 жылы сапар мақсаттары бойынша жалпы үлес салмақтың көп бөлігі 78% -ы жеке мақсаттағы туризмге тиесілі болды. Сонымен қатар зерттеу кезеңі барысында саяхаттау мақсаттары бойынша жеке туризм тұрақтылық танытқан. Сондай-ақ, талдау барысында қызметтік мақсаттағы саяхаттау үлесінің 2009 және 2010 жылдары төмендегенін байқауға болады

Келу туризмі мемлекеттің төлеу балансына орасан ықпалын тигізеді. Әрбір келген турист тауарлар мен қызметтерді тұтыну барысында қабылдаушы мемлекеттің бюджетін толықтырумен қатар, төлеу балансының қарқынын күшейтеді және де ұлттық, аймақтық құрылымдар мен серіктестіктерге және копорацияларға, сондай-ақ орта және кіші кәсіпорындар мен үй шаруашылықтарына табыс әкеліп отырады. Адамдардың қозғалысы жұмысбастылық саласындағы көптеген мәселелерді шешпей қоймай, әлеуметтік-мәдени және экономикалық кешенді белсендендіреді, сонымен қоса мәдениет пен демалу саласының қызметтің саны мен сапасы арқылы байытады. Келушілердің қарқынына сай елдің мәдениеті де байып отырады.

Туризм саласында статистикалық мәліметтерді есептеуде бірізділіктің болмауы аталмыш салада шынайы жағдайды суреттеуге мүмкіндік болмай отыр. Атап айтқанда 2004 жылға дейін туристік кәсіпорындар тарапынан кіру туризмі бойынша қызмет көрсетілген туристердің санының жоқ болуы. Аталмыш жәйт не ақпараттардың болмауында немесе ұйымдаспаған келу туризмінің ұйымдасқан келу туризмінен басым болуы я болмаса екі жәйттің бір уақытта болуынан туындап отырғаны хақ. Аталған көрсеткіштің үлесінің көп бөлігі әуе көлігіне тиесілі болған, бұл яғни ТМД тыс келген туристердің бөлігі болуы мүмкін (кесте 3) [1] .

Резидент еместерге орналастыру мекемелерінде қызмет көрсету бойынша мәліметтерге сай (кесте 4) 85 %-дан көбі жоғары санатты қонақүйлерде орналасуға ниет білдірген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі таңда, Қазақстандағы туризм саласы даму үстінде
Қазақстандағы туризмнің басты бағыттарын айқындап, пандемия кезіндегі орын алған өзгерістерге баға беріп, талдау жасау
Қазақстандағы ішкі туризм мәселесі
Ішкі туризм саласының Қазақстанның жетекші саласы болуындағы сенімділігін арттыру
Рекреациялық туризмді жоспарлау және ұйымдастыру
Алматы қаласындағы экскурсиялық - танымдық туризм
Туризм инфрақұрылымын дамыту бағыттары
Қазақстандағы туризмді дамытудағы қолданылатын PR - технологиялар
Қазақстандағы туризм индустриясының қазіргі жағдайы
Қазіргі таңда, Қазақстандағы туризм деңгейі даму үстінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz