Ағылшын тілі сабағы. Оқыту әдістері



Кіріспе 3
1. Ағылшын тілі сабағы 5
1.1 Оқыту әдісін ағылшын тілі сабағында тиімді қолдану 5
1.2 Ағылшын тілі сабағында мультимедиялық дискілерді қолдану тиімділігі 9
1.3 Ағылшын тілін оқыту барысында жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі 11
2. Ағылшын сабағында қазақ мәдени тақырыбында сандық әңгімелерді пайдалану 17
2.1 Ағылшын тілі сабағында қазақ әңгімелерін қолдана отырып, оқушылардың тілдерін дамыту 17
2.2 Ағылшын тілі сабағында оқушылардың сандық әңгіме арқылы қарым.қатынасын қалыптастыру 29
Қорытынды 40
Пайдаланған әдебиеттер 42
Рухани интеграция дәуірлеген бүгінгі таңда ағылшын тілі - ғаламдық феноменге айналды. Мемлекетаралық байланыстарды нығайту елдердің экономикалық қарқынына ғана емес, ол руханиятқа, соның ішінде, тілге де тәуелді. Оқыту саласына түбегейлі өзгеріс жүріп жатқан, оқыту әдістері мен оның мазмұны қайта қарастырылып жатқан қазіргі таңда шетел тілдерін оқытудың тарихи тәсілдері мен оның негізгі тенденцияларын жетілдіру жүйесіне орала кету орынды.
Қазір шетел тілін оқыту методикасы ғылым болып қалыптасып келе жатқанына ешкім күмән келтіре қоймас. 1930 жылы Е. М. Рыт методикаға алғаш анықтама берген. Ол: «Шетел тілін оқыту методикасы салыстырмалы тіл білімінің тәжірибелік айқындауышы», - деп баға берген болатьн.
Қолданбалы тіл білімі секілді әдістемеге де түрлі көзқарастардың туындауы 1930 жылдардағы шетел тілін пән ретінде оқыту жүйесінің жеткілікті деңгейде анықталмауымен тікелей байланысты болатын. Сол кезеңдерде зерттеу әдістерінің жүйесі де әзірленбеген еді.
Әдістеменің ғылым ретінде сипат алуындағы алғашқы бағыттар Б.В.Беляевтің есімімен ұштасады. Ол әдістемені қолданбалы психология саласына теліді. Алайда, аудитория жұмысына сай іс әдістерін қолданудағы айырмашылықтар, материалдарды сараптау - методиканың басты мәселесі болған. Сондықтан әдістеменің бұл анықтамасы кең жайылған жоқ.
1930 жылдардың аяғы мен 1940 жылдардың басында педагогикалық ғылым ретіндегі методика анықтауыш бағыты ресімделді. Педагогика мен методика үйретуде бір ғана нысанға ие. Ол – оқыту процесстері, тәрбиелеу, оқытудың мақсат-міндеттері, сабақтың мазмұны. Мұның ішінде біртұтас болып қалған педагогикалық ғылым ретіндегі әдістемеге берілген анықтама. Методика - өз алдына ғылым. Оның зерттеу әдістері мен өзіне тән заңдылықтары бар. Оған берілген нақты анықтама мынадай: «Оқыту методикасы – оқыту жүйесін, тәсілдерін, заңдылықтарын, мақсаты мен мазмұнын зерттейтін, сондай-ақ шетел тілі материалы арқылы оқу-тәрбие үрдістерін үйрететін ғылым».
ХХ ғасырдың басында бір мәселе өткір тұрды. Ол - әдістеме мәселесі. Бұл - заңды құбылыс. Өйткені, Қазан төңкерісінен кейінгі «жаңа» мектептер жаңа әдістердің болуын тіледі. Сол кезеңдерде тікелей (натуралды) әдіс насихатталды. Ол тәсіл пәнді ағылшын сөздерімен байланыстыратын – тура принцип негізінде пайда болды. Бұл ағылшын тілін үйренудің еркін (ассоциативті) әдісі еді.
1. Пассов Е.И. Коммунативный метод обучения иноязычному говорению. – Москва: Просвещение, 1991.-22б
2. Тіл білімі сөздігі / Жалпы ред. Басқарған проф. Э.Д.Сүлейменова. – Алматы: Ғылым, 1988.-540б
3. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 3 том / Жалпы ред. Басқарған. А.Ы.Ысқақов. – Алматы: Ғылым, 1978.-735б
4. Қазақ тілі энциклопедия / Қазақстан даму институты. –Алматы: Жедел басып шығару баспаханасы, 1988.-508б.
5. Скалкин В.Л. Обучение диалогической речи / Пособие для учителей.-Киев: Рад.Школа,1989.-156б
6. Абрамов В.П. Ағылшын фразеологиясының негіздері / ИЯШ, 1969
7. Аракин В.Д. Практический курс английского языка. 2 курс . - М., 2002.
8. Аракин В.Д. Сравнительная типология английского и русского языка.
9. Бектұров Ш., Серғалиев М. “Қазақ тілі”, Алматы, Білім, 1994
10. Васильев Л.М. семантикалық алаң теориясы, Тілтану мәселелері. М. 1971
11. Вежбицкая А. Лексика мен прагматика құралы арқылы мәдениеттерді
салыстыру. 2001.
12. Каушанская В.О. Грамматика английского языка. М., 1970
13. Качалова К.Н., Крылова Е.В. Практическая грамматика английского языка. Москва, 1998.
14. Сейдин Бизақов Синонимдер сөздігі, Алматы 2007
15. Хлебников И.Б. Лексикалық және синтаксистік семантика - Москва, 1989
16. Чумак-Жунь И.И., Бунин И.А. поэзиясы тіліндегі түстің лексикалық-семантикалық өрісі: құрамы және құрылымы, қызмет ету аясы//Автореферат. Киев, 1996
17. ШмелевД.Н. Лексиканың семантикалық талдау мәселелері. – М., 1973
18. ЩурГ.С. Лингвистикадағы алаң теориясы — Москва: Наука, 1974
19. Шмелев Д.Н. Лексиканың семантикалық талдау мәселелері. – М., 1973
20. Щур Г.С. Лингвистикадағы алаң теориясы — Москва: «Наука», 1974
21. Шмелев Д.Н. Лексиканың семантикалық талдау мәселелері. – М., 1973
22. Щур Г.С. Лингвистикадағы алаң теориясы — Москва: «Наука», 1974
23. Уфимцева А.А Сөздің лексикалық мағынасы— Москва, 1979

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
3
1. Ағылшын тілі сабағы
5
1.1 Оқыту әдісін ағылшын тілі сабағында тиімді қолдану
5
0.2 Ағылшын тілі сабағында мультимедиялық дискілерді қолдану тиімділігі
9
1.3 Ағылшын тілін оқыту барысында жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі
11
1. Ағылшын сабағында қазақ мәдени тақырыбында сандық әңгімелерді пайдалану
17
2.1 Ағылшын тілі сабағында қазақ әңгімелерін қолдана отырып, оқушылардың тілдерін дамыту
17
0.2 Ағылшын тілі сабағында оқушылардың сандық әңгіме арқылы қарым-қатынасын қалыптастыру
29
Қорытынды
40
Пайдаланған әдебиеттер
42

Кіріспе

Рухани интеграция дәуірлеген бүгінгі таңда ағылшын тілі - ғаламдық феноменге айналды. Мемлекетаралық байланыстарды нығайту елдердің экономикалық қарқынына ғана емес, ол руханиятқа, соның ішінде, тілге де тәуелді. Оқыту саласына түбегейлі өзгеріс жүріп жатқан, оқыту әдістері мен оның мазмұны қайта қарастырылып жатқан қазіргі таңда шетел тілдерін оқытудың тарихи тәсілдері мен оның негізгі тенденцияларын жетілдіру жүйесіне орала кету орынды.
Қазір шетел тілін оқыту методикасы ғылым болып қалыптасып келе жатқанына ешкім күмән келтіре қоймас. 1930 жылы Е. М. Рыт методикаға алғаш анықтама берген. Ол: Шетел тілін оқыту методикасы салыстырмалы тіл білімінің тәжірибелік айқындауышы, - деп баға берген болатьн.
Қолданбалы тіл білімі секілді әдістемеге де түрлі көзқарастардың туындауы 1930 жылдардағы шетел тілін пән ретінде оқыту жүйесінің жеткілікті деңгейде анықталмауымен тікелей байланысты болатын. Сол кезеңдерде зерттеу әдістерінің жүйесі де әзірленбеген еді.
Әдістеменің ғылым ретінде сипат алуындағы алғашқы бағыттар Б.В.Беляевтің есімімен ұштасады. Ол әдістемені қолданбалы психология саласына теліді. Алайда, аудитория жұмысына сай іс әдістерін қолданудағы айырмашылықтар, материалдарды сараптау - методиканың басты мәселесі болған. Сондықтан әдістеменің бұл анықтамасы кең жайылған жоқ.
1930 жылдардың аяғы мен 1940 жылдардың басында педагогикалық ғылым ретіндегі методика анықтауыш бағыты ресімделді. Педагогика мен методика үйретуде бір ғана нысанға ие. Ол - оқыту процесстері, тәрбиелеу, оқытудың мақсат-міндеттері, сабақтың мазмұны. Мұның ішінде біртұтас болып қалған педагогикалық ғылым ретіндегі әдістемеге берілген анықтама. Методика - өз алдына ғылым. Оның зерттеу әдістері мен өзіне тән заңдылықтары бар. Оған берілген нақты анықтама мынадай: Оқыту методикасы - оқыту жүйесін, тәсілдерін, заңдылықтарын, мақсаты мен мазмұнын зерттейтін, сондай-ақ шетел тілі материалы арқылы оқу-тәрбие үрдістерін үйрететін ғылым.
ХХ ғасырдың басында бір мәселе өткір тұрды. Ол - әдістеме мәселесі. Бұл - заңды құбылыс. Өйткені, Қазан төңкерісінен кейінгі жаңа мектептер жаңа әдістердің болуын тіледі. Сол кезеңдерде тікелей (натуралды) әдіс насихатталды. Ол тәсіл пәнді ағылшын сөздерімен байланыстыратын - тура принцип негізінде пайда болды. Бұл ағылшын тілін үйренудің еркін (ассоциативті) әдісі еді.
Батыста аралас әдістеме идеясы туындап жатқан шақта, неліктен мұнда тікелей әдіс насихатталды? Алдымен, патшаға бағынышты оқу орындарында жай жаттауға негізделген мәтіндік аударма мен грамматикалық аударма әдістері үстемдік етті. Осыған жататын тікелей әдіс барынша озық сипатта болды.
Екіншіден, сол уақыттағы тікелей әдіс қарым-қатынасқа тәлімдеуді көздеді.
Үшіншіден, І дүниежүзілік соғыстан кейінгі Батыста бастау алған өзге тәсілдерде қарастырылған ұсынымдармен біздің педагог-әдіскер ғалымдар таныс емес еді.
Бұдан бөлек, көптеген методистер мен мұғалімдер үшін тікелей әдіс жаңа, еліктіргіш болып саналды. Олар оның тиімділігіне шынайылықпен иланды.
Заман ағымына қарай тікелей әдіске енгізілген өзгерістер педагогикада туындаған прогрессивті идеялармен терең байланысты.
Көп ұзамай шетел тілдерін оқытудың салыстырмалы әдісі қалыптасты. Бұл әдіс бойынша шетел тілін үйрету ана тілімен салыстыру негізінде жүргізіледі. Осы тәсілдің негізін қалаған - педагог ғалым Л. В. Щербу.
Мұның ізін ала тікелей және салыстырмалы әдістерді қиыстыру арқылы аралас әдіс пайда болды.
Қоғамдық өмір көптеген өзара байланысты салалардан көрінеді. Соның ішіндегі ірілдері - экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани салалар. Бұл салалардың әрқайсысы ұйымдастырылу және ьасқару түрі, өзіндік даму заңдылықтары және дәстүрлері бар белгілі жүйені құрайды.
Жоғардағы аталғандардың ішінде саяси сала ерекше орын алады, оның міндеті экономикалық, әлеуметтік рухани, т.б. салалрға қарағанда қоғамда мемлекетік басқаруды ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады. Экономикалық саланың қоғамдық өмір броун қозғалысына пара - пар болып, тіршілігін мүлдем жояр еді.
Саяси сала адам қоғамы мен қатар пайда болды және кез келген формада оның дамуына септігін тигізеді. Оны зерттеу саясатты, саяси институттарды және саяси қозғалыстарды танып зерттеудің көзі болып табылады. Бұл сала ұғымының, оның сипатының анықтамасы саясат пен мемлекет табиғатын түсінуде ерекше маңызға ие, қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығынан саясат пен саяси қатынастарды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.

1. Ағылшын тілі сабағы
1.1 Оқыту әдісін ағылшын тілі сабағында тиімді қолдану

Қазіргі ақпараттық қоғамда өмір сүріп жатқан қазіргі заман оқушысы үшін оқыту әдістері оның өмірінің ажырағысыз бөлігіне айналғаны сөзсіз. Соңғы жылдары тіпті ақпараттық технологиялардың шарықтап дамуы және оның оқу үдерісінде қарқынды пайдаланылуы білім беру жүйесіне де бірқатар өзгерістер алып келді. Жаңа заман оқытушыларына нақты бір пәнді оқытудың мазмұны мен мақсатына толығымен сәйкес келетін және де оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін әдістер мен технологияларды сауатты таңдай отырып, пайдалана білу талабы қойылып отыр. Сонымен, модульдік оқыту әдісін оқу үдерісіне ену мәселесінің (оның ішінде ағылшын тілін оқытуда) маңыздылығы және оларды тиімді пайдалану мәселесінің әлі де болса жеткілікті дәрежеде өңделмеуі себепті маған зерттеу жұмысымның мәселесін айқындауға және тақырыпты Ағылшын тілін оқытудағы модульдік оқыту әдісі деп тандауыма негіз болды.
Сонымен, модульдік оқыту ол - оқушының белсенді оқу қызметін ұйымдастырады, оқушы өз әрекетін жоспарлайды, талдайды, өзі бақылай білуге үйренеді. Жалпы педагогика ғылымында модуль барлық жүйенің маңызды бөлігі ретінде қарастырылған. С.И.Ожоговтың пікірінше модуль дегеніміз- қандай да бір жүйенің, ұйымның аяқталатын, біршама дербес бөлігі.
Модульдік оқыту элементтері танымдық ойындар мен шығармашылық жұмыстарды ағылшын тілін практикалық тұрғыдан меңгерткенде оқушылардың білім-білік дағдысын ғана дамытып қоймайды, сондай-ақ жан-жақты дамыған жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін технологияның бірі болып табылады.
Мен бұл тақырыпты алудағы басты мақсатым: ағылшын тілін оқытуда модульдік оқыту әдісін пайдаланудың тиімділігін теориялық тұрғыдан негіздеу және оны тәжірибелік-экспериментте тексеру арқылы қорытындысын шығарып, тиімділігін дәлелдеу. Сондағы тәжірибе барысындағы оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті,қажетті жағдайда ауызша және жазбаша (сөз, тыңдап түсіну, оқу, жазу) өзара мәдени қарым-қатынас процессінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік - мәдени білім, білік дағдылар енгізу.
Психологтардың пайымдауынша, әрбір дербес тарауды (тақырыпты) оқып - үйрену үш негізгі кезеңнен: кіріспе - қызықтырушылық, операционалдық - танымдық және рефлексиялық - бағалау кезеңдерінен тұруы тиіс (Л.М.Фридман).
Аталмыш модульде кіріспе - қызықтырушылық кезең кіріспе бөлімінде іске асырылады. Мысалы мен өзімнің өткізген сабағымды үлгі ретінде көрсетіп, түсіндіргенім абзал.Ең алдымен сабақ жоспары,танысу сосын тақырыпты табу мақсатында қызықты видео көру арқылы өтетін сабақ тақырыбын табу міндет.
Course of a lesson
I. The organizational moment.
T: Good afternoon pupils , I `m glad to see you. Sit down,please.
Who is on duty today? Which class are you in? What date is it today?Who is absent today?
Would you like to make some compliments to each other. For example: Miss Mika thanks to you for support (students say compliments) Thank you. It is very important to be polite. Now you should be divided into three groups.
II.The main part.
T: Let's start the work. Let's watch the video episode and try to guess the topic of our lesson. (The pupils look through a videoroller) What is the theme of our lesson?
Yes, and today we'll speak about fashion, clothes, its patterns, style and materials.
Бұл кезеңде оқушылар бағдарламаның осы тарауын неге және не үшін оқып - үйренулері керек, өздері нақты нені меңгеріп, үйренулері тиіс, алдағы жұмыстың негізгі оқу міндеті қандай екенін түйсінуі қажет.
Психологтар дәлелдегендей, білімді неғұрлым тиянақты меңгеру үшін оқушылардың мақсатты түйсінуі (мақсаттың қозғаушы, қызықтырушы күш нені үйрену), оның мағынасы (бұл не үшін қажет) нақты айқын белгіленіп, мақсатқа жету тәсілдері көрсетілуі керек.
Lesson object:
Ø to develop reading skills and speaking, translating.
Ø to practice skills of monologue and dialogue speech on the topic "Clothes and Fashion".
Ø to develop speech, memory and thinking of pupils.
Сөйтіп, оқу модулінің кіріспе бөлімінде оқытушы:
а) оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен және мазмұнымен таныстырады;
ә) оқушылардың осы оқу модуліндегі танымдық қызметінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды, әсіресе бұл мақсаттар мен міндеттерді әрбір оқушының "қабылдауына", түсінуіне ерекше көңіл бөледі;
б) модульдің тұтас тақырыбы бойынша оқу материалын қысқаша (15-20 минут ішінде) түсіндіреді.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімі тарауды (тақырыпты) тұтас оқып үйренудің екінші - операционалдық-танымдық кезеңін іске асыру болып табылады. Бұл бөлімді құрастырғанда біз Л.Фридманның төмендегідей ережелерге негізделген тұжырымдамасына сүйендім:
1. Оқу оқушының жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі қызметінің жүйесі ретінде құралады. Олар оқушының қисынды ойлауын,
қабілеттерін, көзге елестету қабілетін, жадын, шығармашылығын және т.б. дамытуға, яғни білім берудің мақсаттары болып табылатын тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған.
2. Оқуды басқарудың психологиялық сенімді түрі - ең алдымен, оқушының қажеттіліктерін, қызығушылығын және қызмет мақсаттарын дамытуға жағдай жасау.
3. Оқуды басқару икемді болуы тиіс, бұл тек оқушылардың іштей өсуі жүргенде ғана, балалардың білім дәрежесінің артуына қарай мүмкін болады.
4. Оқушылар нақты оқу қызметінің мақсаттарын анықтауға тікелей қатысуы керек, яғни басқару тұлғалық бағытты алған болуы тиіс. Оқу процесін тұлғалық басқару дәрежесі оқушылардың өсуіне қарай артып отыруы және оқудың жоғары сатысында жалпылама сипат алуы тиіс.
5. Оқу процесін басқару балалардың ішкі қуатын және мүмкіндіктеріне негізделіп жүруі тиіс.
Модуль жалпы мазмұнға кіретін негізгі мәселелер мен олардың ішкі бөлшектерін, кіші мәселелерін жүйелі түрде көрсетіп, оны оқытушы үшін де, оқушы үшін де нақтылы түрде анық білдіреді. Оқытушы модульдерді қандай тәртіпте оқыту керектігін білсе, оқушы модульден нені білуге, қандай жұмысты жасауға тиісті екенін біледі. Модульдік оқытудың ерекшелігі: оқытушы көп сөйлегеннен гөрі, оқушыны көбірек тыңдауға мүмкіндік береді; Модульдік оқытуда тағы бір ерекшелік бағалау парағын қолдану болып табылады. Сабақ жеке жұмыс, топпен жұмыс болуы мүмкін. Бала ескерусіз қалмас үшін әр жұмысқа балл қою арқылы қорытынды баға қойылады.
Осындай кездерде оқытушы оқушылардың жеке кемшіліктеріне, көңіл бөліп, олардың ой - өрісін дамытуға , белсенділігін арттыруға арналған шығармашылық жұмыстарымен айналасуға мүмкіндік алады. Сабаққа дайындалуға да көп уақыт бөле алатын дәрежеге жетеді.
Педагогикалық технология негізінде оқу цикілін қайта жаңғырту идеясы алынған.
Оның мазмұнына:
1. оқытудың жалпы мақсатын қою;
2. жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
3. оқышулардың білім деңгейін алдын ала (диагностикалық) бағалау;
4. оқу әрекеттерінің жиынтығы (бұл кезеңде жедел кері байланыс негізінде түзету жүргізілуі тиіс);
5. нәтижені бағалау енеді.
Осының арқасында оқу процесі "модульдік" сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі жеке блоктардан жасалады.
Модульдік оқытудың осы нұсқасын құруда мен толық меңгеру әдістемесінің негізгі шрттарын, құрылып жатқан технологиялардың негізгі қағидаларын ұстандым. Сонымен қатар, дидактиканың қазіргі тадаптарына байланысты бірқатар өзгерістер енгізіп: балаларды оқытуға емес, тұлғалық бағытталған, танымдық қызметін ұйымдастыруға, оқу процесін өзара сөйлесу негізінде құруға және т.б.ұмтылдым.
Толық меңгеру әдістемесінде (Дж.Блок, Л.Андерсен және басқалар) әрбір оқу бірліктері ауқымында оқытушының қызметі төмендегіше құрылады:
1. Оқушылардың оқу мақсаттарымен таныстыру.
2. Сыныпты берілген тарау (оқу бірлігі) бойынша жалпы оқыту жоспарымен таныстыру.
3. Оқытуды жүргізу (негізінен оқытушы оқу материалын өзі баяндауы түрінде).
4. Диагностикалық тестіні ағымдағы тексеру.
5. Тексеріс нәтижелерін бағалау және тарау мазмұнын толық меңгерген оқушыларды айқындау.
6. Толық меңгере алмаған оқушылармен түзете оқытуды жүргізу.
7. Диагностикалық тест өткізу және оқу бірлігін толық меңгерген оқушыларды айқындау.
Жалпы, менің оқытудағы өз проблемам оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесін дамыта оқыту іске асырдым. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі-оқушыларға деңгейлік тапсырма беру.
Ойын оқушының барлық маңызды ақыл-ой әрекеті, онда оқушының барлық қабілеттерінің дамуына, ойында айналасындағы дүние жайлы түсініктері кеңеюге, тілінің дамуына, байланыстыра сөйлеуін дамытуға, құрбыларымен жақындасуына көмектеседі.
Өз сабақтарымда, сабақтан тыс жұмыстарда әр түрлі танымдық ойындарды жиі қолданамын.
Менің тәжірибе барысындағы зерттеу мәселем күрделі болуы себепті оның барлық салаларын жеткілікті дәрежеде қамту мүмкін емес, сондықтан қарастырылып отырған мәселе толығымен шешімін тапты деуге де болмайды. Келешекте, күнделікті қоғамда болып жатқан өзгерістерге сай, модулдік оқытуды пайдалана отырып ағылшын тілін оқыту тиімділігін арттыру мәселесі әлі де болса тереңірек зерттеуді қажет етеді.
Қорыта келгенде, ағылшын пәнінен өтілген тақырыптарға сәйкестендіре, сабақтастыра отырып, жақсы нәтижелерге жеттім. Оған дәлел - біріншіден, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артты. Екіншіден, әр оқушы өзіне тән қарқынмен, өз білімінің деңгейінде жұмыс жүргізе отырып, сабақта қойылған мақсатқа жету үшін қажетті қабілеттерін, білік - дағдыларын қалыптастырды.

1.2 Ағылшын тілі сабағында мультимедиялық дискілерді қолдану тиімділігі

Сөйлеу - күрделі құбылыс болғандықтан адам өміріндегі қарым-қатынас құралдарының қызметін атқарады.Тіл үйрету мәселесі бойынша зерттеу жүргізген Хакута мен Сноу Тіл-унитарлық дағды емес, тіл-қабілеттердің кешенді конфигурациясы. Тіл бір ғана дағдыдан тұрмайды, тіл- лингвистикалық және экстралингвистикалық құрылымдардан тұрады. Тіл саласын меңгерту үшін мектепте түрлі жұмыстар атқарылуға тиіс. Бір ескеретін нәрсе, оқушылардың білім деңгейі, ойлау және пайымдау дәрежесі мен зеректігі, жұмысқа қызығушылығы мен оны орындау шеберлігінің, ықыласының әртүрлі екендігі.Бұл жағадайда оқытушының байқампаздығы мен интуициясы, шыдамдылығы мен шеберлігі,әрбір білім алушымен ерінбей, уақытпен санаспай жеке жұмыс істеуі ғана оң нәтиже береді. Егер оқушыда ынта мен ықылас, шетел тілін үйренейін деген қызығушылық пен талапшылдық болмаса, білім беруші қанша жанын салып, оқытудың жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерін қолданып оқытса да нәтиже беруі екі талай.Демек білім беруші мен білім алушының арасындағы қатынас пен байланыс екі жақты болуға тиіс. Дегенмен білім алушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда ақпараттық- коммуникациялық технологияны қолдану мұғалімнің жұмысын біраз жеңілдететіні анық. Білімді қалыптастыру амалының негізгі мақсаты мұғалімдер алған білімін оқушылардың дамуына және олардың түрлі жаңалықтарды енгізуге, бүкіл өмір бойына алатын біліміне қолдану дағдысын қалыптастыруға бағытталады. Білімді қалыптастыру бойынша педагогтың құзырлық нормасы мына дағдыларды қалыптастырумен өрнектеледі. Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі жойылады.-деген К.Ушинскийдің даналығында. Шетел тілін оқытудың жаңа технологиясы бойынша ізденіп сабақты дұрыс жоспарлау жұмыстың нәтижелі жетістігінің кепілі.Мысалы,ағылшын тілінің мультимедиалық дискілерді пайдалану оң нәтиже беретіні сөзсіз.5-11 - сыныптарға Английский Путь к совершенству интерактивті курстық CD-ді интертақтаның көмегімен немесе мултимедиялық кабинетте қолданған өте тиімді. 8 тарауда 40 сабақ берілген. 30 минуттық видеофрағменті бар, 90 минуттық аудиоақпараттар мен диалогтар, грамматикалық тест оқулығы, 40000 жаңа сөздер, 200 тапсырма, жаттығулар мен тесттер және да 20 жағдайлық ойындар берілген. Фонетикалық жаттығулар, диалогтар ағылшын тілінде сөйлейтін дикторлардың сөйлеуімен дыбысталған.English Club Winnie-the Pooh мультимедиялық дискі-тыңдап түсінуге арналған мәтін.Мультимедиялық дискіні қолдану арқылы оқушылар тыңдап түсінуге арналған мәтінмен жұмыс жасауға дағдыланады. Онда берілген қызықты граматикалық интерактивті жаттығулар, сауатты жазуын тексеруге арналған диктанттар, дұрыс жауап беруге арналған жаттығулар, дұрыс айтылуын тексеруге арналған жаттығулар арқылы оқушылардың мәтінді қаншалықты түсінгенін айқындауға болады. Дәруменді курс ағылшын тілі 5-8-сыныптарға арналған интерактивті сабақта орта мектеп бағдарламасына сәйкес келеді. Әр сыныпқа бағдарлама бойынша қосымша маериал ретінде қолдануса, мұғалімге оң нәтиже беретіні сөзсіз. Мұнда сөздіктер, диалогтар,емтихан тапсыруға дайындалу үшін арнайы тесттерді тапсырмаларды орындау үшін түсіндіруші видеогиді түсіндіріп отырады. Қашықтықтан оқытуға өте тиімді,әрі ұтымды.Мұғалім де, оқушы да уақытты тиімді пайдаланады. Сабақта Sing and Learn мультимедиялық CD-де дискіде 28 ағылышн және американдық халық әндер жинағы беріледі.Бұл техникалық құралды пайдалана отырып, оқушылар тек қана ән үйреніп қана қоймайды, сонымен қатар тілді сөйлейтін ұлттардың айтылуымен интерактивті сөйлейтін жаңа сөздерді тыңдап, меңгереді және осы дискідегі арнайы тапсырмада берілген бағдарлама бойынша өздері әнді айтып,дискіге жазып қайтадан тыңдай алады. Бұл менің сабақта қолданып жүрген материалдарым, тәжірибеде қолданып тиімділігін, нәтижесін көргеннен кейін сіздерге қолдануға кеңес беріп отырмын.Арнайы АБДИ дүкендерінде көптеген басқа да CD-лар сатылады. Бағасына қарамай сатып алуға кеңес беремін. Оқытудың интерактивті режимі - оқушының жүйемен белсенді түрде өзара әрекеттесуі арқылы орындалатын, әр түрлі оқыту, бақылау, навигация бірінен біріне ауысу құралдары арқылы педагог жұмысын атқара алатын білім беру процесі субъектілерінің диалогтік жұмыс режимі. Оқытудың компьютерлік технологиялары - ақпаратты бейнелеу, тасымалдау және жинақтау, оқушының танымдық әрекетін бақылау және басқару сияқты педагогтің кейбір функцияларын модельдейтін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары және интерактивті программалық өнім негізінде жұмыстың педагогикалық шарттарын жасау тәсілдері, әдістері, құралдары жиыны. Мультимедиалық технологиялар - бейнелік және аудиоэффектілік, әртүрлі мультипрограммалық мүмкіндіктерді интерактивті программалық жабдықтың басқаруымен орындата алатын электрондық құжаттарды дайындау тәсілдері. Электрондық оқулық - ғылыми-педагогикалық құрал. Электрондық оқулықтардың тиімділігі: -теориялық материалды өз бетімен оқып үйренуге, зерттеуге мүмкіндік береді; -сабақты иллюстрациялық материалдармен жабдықтауға көмектеседі; -сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен әртүрлі деңгейлі, шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкіндік береді. Компьютер қолданысқа кеңінен таралып, барлық салада толық енгізілген соң ХХІ ғасырды ақпарат ғасыры деп тегіннен айтылмаса керек. ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, Интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекомуникациялық құралдары, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру. Компьютерлік технология- әлемдегі жетекші білім беру жүйесі мамандары мойындаған жаңа сапа, дәстүрлі білім беруді түбегейлі өзгертетін инновация. Компьютерді сабақта қолданып қана қоймай,сол сабақтан белгілі бір нәтижеге қол жеткізу керек. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте-мөте қажет, деп Елбасы ден қойып аса назар аударғандай жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.Білім алушыларға бүгінгі ағыммен ілесіп комуникациялық- ақпараттық технологияларды қолдану арқылы білім берсек, сапалы біліммен қаруланған ұрпақтың аспас асуы, ашпас қақпасы, алмас қамалы болмасы анық.

1.3 Ағылшын тілін оқыту барысында жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі

Мектептегі ағылшын тілі сабақтарында ақпараттық технологияларды қолданудың маңыздылығы.
Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: Компьютерлік техниканы, интернет , телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы - жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі ағылшын тілінде еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді.
Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі ең озық, тиімді әдістерін тәжірибелерін жалғастырып тың жаңалықтар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту қашанда жалғаса бермек. Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру оқушының өзі арқылы, оның іс - әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып жүзеге асырылады. Білім - жолы қиында қастерлі жол. Болашақ жастарды оқыту, тәрбие беру, қазіргі өмір ағысына бейімдеу ұстаз алдында тұрған ең басты міндет. Қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына кәсіби құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда. Кәсіби құзыреттілік - жеке тұлғаның кәсіби іс - әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігімен қабілеттілігінің бірлігі.
Бұл жұмыстың басты мақсаты компьютер желісін және мультимедиялық - электрондық құралдарды шет тілі сабағында тиімді қолдану, нақтылап айтқанда ағылшын тілі сабағында презентацияларды және мультимедиялық - электрондық құралдарды мектеп қабырғасында және білім беру процесінде терең қолдану. Ағылшын тілі - ұлы әдебиет тілі.
Осыған орай жаңа экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларда Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру сапаларын арттыруға, стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулер педагогикалық үрдіске жаңа талаптар жүктейді.
Елбасы бекіткен Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың 2003-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақпараттық технологиялар саласындағы ақпараттық теңсіздікті төмендетудің және білім деңгейін арттырудың шешуші тұтқасы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі: Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын еңгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін, нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа жүйесіне көшу үшін әр мұғалім, жеке тұлға күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа ақпараттық технологияларға, әлеуметтік, тұлғалық және жеке құзыреттіктерге ие болуы тиіс. Бұл талаптар күнделікті әдістемелік жұмыстың жүйелі түрде ұйымдастырылуы негізінде жүзеге асырылады.
Білім беру саласында түрлі технологиялар еңгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану - басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық - коммуникативтік технологияның бір өзі атқара алады.
Тіл тағдырын жетілдіру көп ретте мектепте атқарылатын жұмыс деңгейіне байланысты. Өйткені, өскелең ұрпақтың балғын санасына бай тіліміздің нәрін сіңдіріп, көкірегіне ұялатуға әр пән мұғалімі ауқымды істер атқаруы тиіс.
Оқыту тілі өзге тілде жүргізілетін мектептерде тіл үйрету туралы жазылған әдістемелік және ғылыми материалдарды зерделей келе, ақпараттық технологияларды пайдалану туралы мәселеге тоқталуды жөн деп санап, осы тақырыпта жинақтаған іс - тәжірибемді ортаға салмақпын.
Ақпараттық технология - ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық - технологиялық құралдардың жиынтығы.
Ағылшын тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі - ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен - күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық - коммуникативтік технология арқылы оқыту - тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.
Сонымен қатар оқушылар интелектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.
Тіл үйретуде ақпараттық технологияларды пайдалану тиімділігі:
Ауызша айтсаң - тез ұмыттым,
Көрсетсең - есте сақтаймын,
Іске кіріссең - үйренем.
(қытай мақалы)
Орта мектептерде ағылшын тілін оқыту жүйесі қарапайым және бастапқы, негізгі, орта және ортадан жоғары деңгей бойынша базалық және пәндік құзыреттерді жүзеге асыра отырып, ағылышын тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде оқыған тілде сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту, бір-бірімен сабақтас, жүйелі тақырыптарды коммуникативтік тұрғыдан ұсына отырып, оқушыларға ағылышынша тілдік қатынасты игерту мақсатын көздейді. Осы аталған мақсатқа қол жеткізу үшін оқытудың ақпараттық технологияларын пайдаланған орынды. Қазіргі кезде сабақта ақпараттық технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз. Ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы: Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек, - деген. Расында да, тек ғана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді.
Олай болса, оқушыны ағылшын пәніне қызығушылығын тудырып дамытуды және жемістің нәтижесін көруді мақсат тұтқан әрбір мұғалім жолдауға жедел үн қосу керек деп білемін. Шетел тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау көру қабілеттерін жетілдіру. Мектептерде жаңа технологиялар арқылы оқыту шет тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады. Шет тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқыту өте маңызды. Қазіргі кезеңде мектептерде ағылшын тілін оқыту дұрыс жолға қойылған. Оқушылардың ағылшын тілін біліп ғана қоймай, оның тарихын, ұлттық мәдениетін білуге көп көңіл бөлінеді. Шетел тілін оқытудағы білімділік мақсаты - шетел тілінде сөйлеуді үйрету, байланыста бола алу мен ортақ тіл табысып, қарым - қатынасты нығайтуға ұмтылу болса, тәрбиелік мақсаты - өзге адамдарды тыңдау мәдениетін қалыптастыру негізінде өз пікірін айта алу және қорғауға үйрету.
Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан - жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады.
Ағылшын тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:
:: лексиканы оқып үйретеді;
:: сөйлеу ырғағын;
:: диалог, монолог және рөлдік ойындарды;
:: хат жазуға үйретеді;
:: грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі.
Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруда көп ізденіп, жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруді, әр - түрлі әдіс-тәсілдерді білуді қажет деп санаймын және мен өз сабақтарымда қолданамын. Және мен өз сабағымда "Messages электронды оқулықтарын жиі қолданамын.
Жаңа ақпараттық құралдарды ағылшын тілі сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер:
:: үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі;
:: оқушыларың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;
:: сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады;
:: оқушылардың шығармашылығын арттырады;
:: оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;
:: грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;
:: оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;
:: пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады;
Көбіне мен ағылшын пәнінде компьютерді жаңа сабақ түсіндіргенде, грамматикалық құрылымдарды өткенде және қорытынды сабақта қолданамын.
Қазіргі заманда ғылымсыз жан - жақты дамыған өркениетті елдердің қатарына қосылу мүмкін емес. Ал мектеп мұғалімдерінің бүгінгі заманға сай берілген сабақтары осы мәселелерді шешуші күш болып отыр.
Пән мұғалімдері арасында да үнемі үзілмес байланыс болуы керек деймін. Мысалы: қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі мұғалімдері бір тақырыпты бір уақытта бастап, пәндер арасында тым құрығанда атауларын бала үш тілде біліп, байланыстыра отырып тіркес, сөйлем, қысқа біліп, байланыстыра отырып тіркес, сөйлем, қысқа әңгіме құра білсе бір оқу жылы ішінде біршама жетістікке жетер еді демекпін. Әрине, барлығын байланыстыру, жүйелеу оңай жұмыс емес, бірақ белгілі бір жетістікке жету үшін, тілдердің үш тұғырлылығының болуы үшін, нәтижесін көруге болатын сияқты. Үш тілді болу - қазіргі заман талабы. Өркениет көшінен қалмай, соған сәйкес қадам жасауға, толыққанды білім алуға қол жеткізуге үлесімізді қосуымыз керек.
Компьютердің білім беру құралы ретінде кең таралуының негізгі алғы шарттары:
1. Компьютер шексіз ақпарат әлемінде енуге және ақпаратты жүйелі түрде талдап, сараптауға мүмкіндік береді. Ақпаратты алудағы жоғары жылдамдық адамның ақпараттық мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды.
2. Компьютер адамның зерттеу - танымдық әрекетінің әмбебап құралы ретінде ерекшеленеді.
3. Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі - оның қатысымды құрал бола білуі. Яғни, білімгер, ол арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады. Бұл - мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері. Тіл үйренуде бұл мүмкіншіліктер ең маңызды болмақ.
4. Құрал бітімгерлерге өз әрекеттерінің нәтижесін айқын көрсете алады. Білім алуда дұрыс шешім жасай білуге деген оқушылардың өзіндік тәсілін, стратегиясын қалыптастырады.
5. Компьютердің көмегімен жаттығулардың кешенді түрлерін аз уақытта орындау мүмкіншілігі туындайды.
Ағылшын тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі - ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен - күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық - коммуникативтік технология арқылы оқыту - тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.
Сонымен қатар оқушылар интелектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.
Қорыта келгенде ағылшын тілі сабағында компьютер және т.б. жаңа ақпараттық құралдарды пайдалану заман талабы.Жаңа замандағы - Жаңа Қазақстанымыздың дамып келе жатқан қадамында оқу процессіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізілуі де, келешекте компьютер заманы болатынына көз жеткізеді.

2. Ағылшын сабағында қазақ мәдени тақырыбында сандық әңгімелерді пайдалану
2.1 Ағылшын тілі сабағында қазақ әңгімелерін қолдана отырып, оқушылардың тілдерін дамыту

Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. Надан жұрттың күні - қараң, келешегі тұман,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет - оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру.
Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Ағылшын тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру бүгінгі жоғары және орта мектепте ағылшын тілін оқыту теориясы мен әдістемесінің педагогикалық мәселелерінің бірі. Оқушы қабілеті дегеніміз оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді.
Қазақстан-2030 атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізділерінің бірі-жоғары интелектуальды жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу. Сондықтан, ұстаз-мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі- жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн. Оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологияларының бірі-деңгейлік саралау технологиялардың элементтерімен қатар ақпараттық технологияны да қолданып жүрмін.
Қазіргі қоғамымызда болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты әрбір мұғалім оқытудың сан қилы әдістері мен формаларын білуі қажет. Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу, жауапкершілік сезімін қалыптастыру мұғалімнің басты талабы. Жаңа талаптарға сай көптеген оқыту технологиялары бар. Солардың бірі - профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы. Бұл технология оқушының ой-өрісінің дамуына, пәнге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Әрбір тарау бойынша деңгейлік тапсырмалар - дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен еске сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасын қамтамасыз етеді. Еліміздің, қоғамның экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты азамат тәрбиелеп шығару ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы басты міндетті. XXІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адам қалыптастыру бағытындағы білім беру ісі - бүгінгі күн талабы. Бұл талапқа жету жолы-білім берудің тиімді жолдарын таңдай білу. Сондай тиімді жолдардың бірі - ағылшын тілі пәнін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту. Оны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдесін ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытудың жаңа технологияларын алдымен жете меңгеріп, одан соң оқу мазмұнына, оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдап пайдаланудың маңызы зор.
Осы технологияны қолдану негізінде әрбір бала бойындағы дара қабілет анықталады, әр оқушы әр сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай, соны өзі игеріп, ізденіп, пікір таластыру деңгейіне жетіп, даму үстінде болады.
Академик В.Л.Беспальконың анықтамасы бойынша педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы. Ал педагогикалық жүйе дегеніміз оқытудың әдістемелік жүйесі, формасы мен құралдары мен оған сәйкесті дидактикалық дербес деңгейлік принциптердің талаптарына сәйкес жаңа тұрпаттағы оқулықтар және оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалары берілген жұмыс дәптері. Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың әр түрлі білім дәрежесіне сай ұсынылады.
Деңгейлік тапсырмаларды орындағанда мұғалім - бақылаушы, кеңесші.
Деңгейлік тапсырмаларды қолдануда оқушылардың ақыл-ой еңбегін жетілдіру талабы қойылады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар оны орындау әдістемелік кешенімен ұсынылады.
Деңгейлік тапсырмалардың тиімділігі: оқу шығармашылық сатыға мұғалім арқылы емес, оқушының өзі, іс-әрекеті арқылы жүзеге артады. Бұл технологияның негізгі ерекшелігі, ұтымдылығыда осында. Мұнда оқушының шығармашылық білігі қалыптасады.
Бүгінгі күннің ұстаздарына қоғамымыздың экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын әлемдік талапқа сай келетін білімді, мәдениетті азамат дайындап, тәрбиелеп шығару міндеті жүктеледі. Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын ізденіп әзірлену- ғалымдар мен тәжірбиелі ұстаздардың бірлесе отырып атқарар ісі.
Білім беруді ақпараттандандыру процесі мұғалімдерге технологияны өз қызметтеріне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды. Ақпараттық - коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты. Бүгінгі күні мектебімізде интернет желісіне қосылған компьютерлік кабинет, жаңа үлгідегі жабдықталған интерактивті тақтасы бар кабинеттер жұмыс жасауда. Бұл тақталар, компьютерлер тектен тек құрылып жатқан жоқ, яғни кез - келген мұғалім ақпараттық технологияларды тиімді, ұтымды пайдалана білуі керек деген сөз.
Күнделікті сабаққа бейне, аудио қондырғыларын, теледидар мен компьютерді қолдану айтарлықтай нәтиже беретіні белгілі. Күрделі оқып үйретуші программалармен, электронды оқулықтармен жұмыс істеу өте қызықты және оқытуды белсендіріп, педагогикалық әсерін тигізеді. Әрине, бұның бәрі сабақ жақсы техникалық, программалық және әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілген кезде, ал мұғалім компьютермен еркін жұмыс істей алған кезде ғана туады. Мультимедиа, Интернет технологияларының кең етек жаюы ақпараттық технологияларды толық білім сапасына енгізіп, оқытудың жаңа тиімді құралы етуге болатынын дәлелдейді.
Білімді ізгілендіруді шешу проблемасы оқушылардың белсенді шығармашылық мүмкіндіктерін, оның интеллектуальдық және адамгершілік бостандығын дамытуға көмектесетін жағдай жасақтаумен байланысты. Ал бұл өзгерістер мәдениеттану, аксиологиялық, тұлғалық-әрекеттік, полисубъектілік (диалогтік) және жеке шығармашылық тұрғысынан қарастыру негізінде жүзеге асады.
Мәдениеттану тұрғысындағы бағыт білімнің тұлғалық-бағдарлы парадигмасы негізінде дамиды және біліми үрдіс оқушының қоршаған әлем мен ақпараттық іс-әрекетте толық мәнді тіршілігін қамтамасыз ететін мәдениетті оқушы тұлғасының қалыптасуына, оқушыны жалпы және ақпараттық мәдениетті таратушы ретінде қалыптастырумен сипатталады.
Аксиологиялық тұрғыдан қарастыру білімді оқушының қоршаған әлемге, өз әрекетіне, адам ретіндегі өзіне деген көзқарасын анықтайтын жалпы адами құндылықтар жүйесін қалыптастыруға бағыттайды. Адамның құндылық қатынасы оның психологиялық жағдайын, қанағаттанғандығын және өмірінің толықтығын, оның мәнін анықтаса, ал құндылық жүйесі тәртібі мен әрекетін, ынталық қажеттілік саласын, бағыттылығын, оларды өз әрекетінде басшылыққа алу дайындығымен анықталады.
Тұлғалық-әрекеттік тұрғыдан қарастыру білім мақсатына сәйкес қажетті білім, білік және дағды жүйесін меңгертуден оқушының жеке тұлғалық әлеуетін дамытуға бағыттайды. Тұлғалық-әрекеттік бағыт оқушының оқу үрдісінде, кәсібінде өз өмірлік әрекеті мен жеке мүддесін жүзеге асыратын белсенді субъект ретінде қалыптасуымен сипатталады.
- оқушыларға тапсырмалар мен оларды орындау тәсілдерін, формаларын таңдауға мүмкіндік беру;
- қабілетті балаларға мүмкіндік деңгейлердегі тапсырмалар бойынша жұмыс ұйымдастыру;
- жоба әдісі негізінде оқушыларды зерттеу жұмыстарына баулу;
- мұғалім мен оқушының арасындағы ашық қарым-қатынас, сенімділік, диалог негізінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шет тілі сабағының түрлері
Компьютерлік технологияның мүмкіндіктері
Шетел тілін оқыту әдістемесін меңгеру
Сабақ процесінде танымдық қызығушылықты арттырудың тиімді шарттары
Компьютерлік технологияны пайдалану тәсілдері
Шеттілдік қатынастық сөз-тілдік негіздері
Әдістемелік даярлық
Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруда шетел тілінің интегративті тәсілдерін пайдалану
Пәнді шет тілі арқылы зерделеу
Кіріктірлген оқыту бағдарламасы
Пәндер