Аударманың түрлері. Аударма мәдениетаралық қарым-қатынас құралы



КІРІСПЕ
1. АУДАРМА МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ.ҚАТЫНАС ҚҰРАЛЫ
2. Аудармаға қойылатын талаптар.
3. АУДАРМА ТИПОЛОГИЯСЫ
4. Ауызша аударма.
5. Жазбаша аударма.
6. Ілеспе аударма.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Аударма – бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл. Тіл ғалымдарының деректерін негізге ала отырып,қазіргі таңда дүниеде 2796 тіл бар екенін ескерсек, аударма қызметінің қаншалықты маңызды екенін білеміз. Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар,халықтар арасындағы тәжірибе алмасудың дәнекері. Аударма сөз, әдебиет, публицистика ғылымдарының ажырамас бір бөлігі. Әрі халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы. Аударма халықтың мәдени өмірінің бір саласы, халықтар арсындағы үзілмейтін үрдістің бірі,адамзат аударма арқылы араласып құралады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда аудармашылық іс-әрекет өте көп мөлшерде жүзеге асып жатыр, сондықтан екі тілдегі мәтіндер мен сөйлеуде ауызекі немесе коммуникативті теңестірулер өзіндік лингвистикалық тәжірибе жүзінде жүзеге асады. Бұл жерде тілдік бірлікті қолдануда екі тілдің ұқсастығы мен өзгешеліктері ескеріледі, осыған байланысты тілдің өзіне тән құрылымы мен сол тілдің ауыз екі сөйлесуде іске асуындағы ерекшеліктер байқалады, бұрынырақ бұл өзгерістер тілді зерттеу әдісінде назардан тыс қалып қоятын.
Аударманың лингвистикалық теориясының дамуына қосалқы күш болған нәрсе машиналар арқылы аударма жасау жүйесін құру болды. Тез арада басып шығаратын электронды–есептегіш машиналардың пайда болуы үлкен сенім ұялатты. Барлық аударманы тез және арзан бағаға аударып беретін компьютерлер аудармашының орнын басты.
Компьютерлер шифрленіп қойған яғни жасырылған хабарламаларды аударуда нәтижелі қолданылды, тілдің көмегімен шифрленген түпнұсқа да аударылды. Машинамен аударылған алғашқы аудармалар айтарлықтай нәтиже бермеді, бірақ жаңа дәуір компьютерлері үлкен көлемде еске сақтау қабілетімен бұл жұмысты еш қиындықсыз атқарады деген сенім болды.
Алайда уақыт өте келе машинамен аударылған аудармалардың негізгі мәселелері (проблемалары) оның есте сақтау қабілетімен байланысты емес екендігі анықталды. Бұл қиындық машиналарға аударма кезінде кездесетін қиындықтарды адам сияқты жеңіп шығатын программаның енгізілмегенінен болды. Осы жерде адам аударманы қалай сәтті жасайды деген сұрақ туды, бұған ешкім жауап бере алмады, өйткені аударма кезіндегі адам қабілетінің ерекшелігі түпкілікті зерттелмегеді. Сондықтан машинаның көмегімен пайдаланатын көптеген лингвистер енді өздерінің назарын аударманы аударатын адамдардың қабілетін зерттеуге аударды, осы жерден машина мен аударуда кездесетін қиындықтарды жеңетін амалдар іздеді.
1. Аударманың лексика-стилистикалық мәселелері. – Алматы: Ғылым, 1987.
2. Талжанов С. Көркем аударма туралы. – Алматы, 1962.
3. Жақыпов Ж.А. Аударматануды аңдату. – Қарағанды, 1997.
4. Комиссаров Н. Теория перевода. – Москва, 1990.
5. Айтбаев О.А. Аудармадағы фразеологиялық құбылыс. – Алматы, 1975.
6. Сатыбалдиев Ә. Рухани қазына. – Алматы, 1987.
7. Смағұлова Г. Өлең контексі прагматикасы. – Алматы, 1987.
8. Қазақ тілі энциклопедиясы. – Алматы, 1997.
9. Бектаев К- Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. - Алматы: Алтын қазына, 2001.
10. Ахметова С.Г., ТұрсынбаеваЖ..Б., Ысқакова Ж..Ы., Яровая Е.Ф. Заң терминдерінің казақша-орысша. орысша -қазақша аныктамалық сөздігі.- Алматы: Жеті жарғы, 2001.
11. Ағылшынша-қазақша сөздік. -Алматы: Мектеп, 2004.
12. Кеңесбаев I. Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер. - Алматы, 1987.
13. Токсейітов Р.К. Экономикалық анықтамалық сөздік. Экономический словарь-справочник. - Караганды: Болашак-Баспа, 1999.
14. Бүркітбай Г. Қазақ тілі түсіндірме сөздіктерінде арабизмдердің лексикографиялануы. Филолог . ғыл. канд. дисс. Алматы, 2003. – 143 б. Әбдірахман Ә.Ә. Құран Кәрімдегі тұрақты тіркестер мен термин сөздердің қазақ тілінде берілуі // Филолог . ғыл. канд. дисс. Автореф. Алматы, 2004.
15. А.Қ.Жұмабекова, Г.А.Жұмашева «Аударма терминдерінің қысқаша түсіндірме сөздігі». Алматы, 2005 ж

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Аударма - бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл. Тіл ғалымдарының деректерін негізге ала отырып,қазіргі таңда дүниеде 2796 тіл бар екенін ескерсек, аударма қызметінің қаншалықты маңызды екенін білеміз. Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар,халықтар арасындағы тәжірибе алмасудың дәнекері. Аударма сөз, әдебиет, публицистика ғылымдарының ажырамас бір бөлігі. Әрі халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы. Аударма халықтың мәдени өмірінің бір саласы, халықтар арсындағы үзілмейтін үрдістің бірі,адамзат аударма арқылы араласып құралады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда аудармашылық іс-әрекет өте көп мөлшерде жүзеге асып жатыр, сондықтан екі тілдегі мәтіндер мен сөйлеуде ауызекі немесе коммуникативті теңестірулер өзіндік лингвистикалық тәжірибе жүзінде жүзеге асады. Бұл жерде тілдік бірлікті қолдануда екі тілдің ұқсастығы мен өзгешеліктері ескеріледі, осыған байланысты тілдің өзіне тән құрылымы мен сол тілдің ауыз екі сөйлесуде іске асуындағы ерекшеліктер байқалады, бұрынырақ бұл өзгерістер тілді зерттеу әдісінде назардан тыс қалып қоятын.
Аударманың лингвистикалық теориясының дамуына қосалқы күш болған нәрсе машиналар арқылы аударма жасау жүйесін құру болды. Тез арада басып шығаратын электронды - есептегіш машиналардың пайда болуы үлкен сенім ұялатты. Барлық аударманы тез және арзан бағаға аударып беретін компьютерлер аудармашының орнын басты.
Компьютерлер шифрленіп қойған яғни жасырылған хабарламаларды аударуда нәтижелі қолданылды, тілдің көмегімен шифрленген түпнұсқа да аударылды. Машинамен аударылған алғашқы аудармалар айтарлықтай нәтиже бермеді, бірақ жаңа дәуір компьютерлері үлкен көлемде еске сақтау қабілетімен бұл жұмысты еш қиындықсыз атқарады деген сенім болды.
Алайда уақыт өте келе машинамен аударылған аудармалардың негізгі мәселелері (проблемалары) оның есте сақтау қабілетімен байланысты емес екендігі анықталды. Бұл қиындық машиналарға аударма кезінде кездесетін қиындықтарды адам сияқты жеңіп шығатын программаның енгізілмегенінен болды. Осы жерде адам аударманы қалай сәтті жасайды деген сұрақ туды, бұған ешкім жауап бере алмады, өйткені аударма кезіндегі адам қабілетінің ерекшелігі түпкілікті зерттелмегеді. Сондықтан машинаның көмегімен пайдаланатын көптеген лингвистер енді өздерінің назарын аударманы аударатын адамдардың қабілетін зерттеуге аударды, осы жерден машина мен аударуда кездесетін қиындықтарды жеңетін амалдар іздеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Аударманың түрлерін анықтау болып табылады.
Курстық жұмыста белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі міндеттер қарастырылады:
oo Аудармаға қойылатын талаптар;
oo Ауызша аударма;
oo Жазбаша аударма;
- Сөзбе сөз аударма;
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, тараушалардан, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.АУДАРМА МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ҚҰРАЛЫ

Аударма - адам қызметінің байырғы түрлерінің бірі. Адамзат тарихында бір-бірінен тілінің бөліктігіне қарай топтасқан адамдар қауымдастығы құралысымен-ақ әртүрлі тілді қауымның, топтың өзара түсінісіп, тілдесуіне дәнекер болатын "қос тілді" адамдар-тілмаштар пайда болған. Халық тіршілігінде жазу-сызу қалыптасқан соң сөйлеушіге ілесе, қосарласа отырып, ауызша аударатын тілмаштар легіне аударуды жазбаша түрде жүзеге асыратын тәржімашылар қатары қосылды. Жазба аудару қалыптасқан тұстан бастап-ақ тәржімә халықтың мәдени-қоғамдық өмірінің алуан тіршілігімен қатар өріліп, біте қайнасып жататын күрделі құбылысқа айналды.
Аударма-күрделі көп қырлы құбылыс. Оның жекелеген аспектілері түрлі ғылыми зерттеулерге арқау болар еді. Бұл-адамзат қызметінің ежелгі түрі. Басынан бастап маңызды әлеуметтік функцияны атқарып, тіл аралық қатынасты мүмкін етті. Қазіргі кезде сот отырысы, нотариустың қатысуымен құжаттарға қол қою сияқты маңызды іс-шараларға ауызша аудармашының қатысуы іскерлік өмірімізде ажырамас бөлікке айналды.
Аударма-халықтың рухани қызметінің, мәдени өмірінің бір саласы, халықтардың арасында үзілмейтін үрдістердің бірі. Оның тұтастай алғанда әлем әдебиетіндегі, жекелеген халықтардың мәдениетіндегі рөлі айрықша маңызды. Осы ғасырда өркениетті елдердің барлығында да аударма жұмысымен шұғылдану өте-мөте белсенділік танытып отыр, Еуропа зиялы қауымның бүгінгі дәуірді "аударма ғасыры" деп аталуында мән бар, себебі нақ сол ой-санасы жоғары қауым бұл арнаны жер бетіндегі күллі ұлттармен ұлыстардың келісім-татулығын, бейбіт қарым-қатынастарын қалыптастыруға сүйеу бола алатын басты тіректердің бірі деп таниды.
Әлемдік әдебиетпен әлемдік өркениеттегі таңдаулы мәдениет қазыналардың бірін-бірі байыту мүддесіндегі аударма ісінің маңыздылығы соншалықты, 1948 жылдан бері қарай ЮНЕСКО-да дүниежүзі тілдеріндегі аударма әдебиетінің жылма-жылғы тізімі жасалып, ресімделіп отырады. Демек аударма ісі-қоғамдық құрылымдағы қайшылықтарға, саяси ағымның екпініне тәуелсіз. Сөз жоқ, бір тілден екінші тілге аудару ісіне жүктелген міндет әр заманның талап-мақсаттарына сай әр қилы болды. Қазіргі заман деңгейіне қарағанда, арғы-бергі тарихта, бастапқыда ауызша, кейіннен біріңғай жазбаша қалып алған тәржіма саласынан қазақ халқы үшін мәдени-танымдық, қоғамдық-әлеуметтік сан түрлі қызметінің екі арнаға қарай тоғысатынын көруге болады: оның бірі - білім-ғылымды, оқу-оқыту ісін дамытуға қосқан үлесі; яғни ағартушылық қызметі; екіншісі - қаза әдеби тілінің қалыптасуына, тілдің сөздік қорының, ғылыми аталымдар жүйесінің қосқан үлесі; жазба әдебиет нұсқасы ретінде тілді байыту қызмет.
Ұлттық мәдениетті өркендетудің, әлемдік әдебиет нұсқаларымен, көршілес, туыстас халықтар әдебиетін оқып-үйренудің, жалпы алғанда, әлемдік өркениетке жақындаудың негізгі ұтымды көзінің бірі ретінде танылған аударма жұмысының дұрыс жолға қойылу қоғам мүшелерінің энтилектісін көтеру мен қатар, халықтар арасындағы экономикалық, саяси, мәдени байланыстарды нығайтуға жол ашатындығын ұғынған зиялы қауым өкілдері осы процеске белсене араласты.
Аударма - көпмағыналы сөз. Ол, біріншіден, бір тілді екінші бір тілде сөйлету үрдісін білдірсе, екіншіден, осы тілде айтылғанныңжазылғанның келесі тілге қалай жеткенін, яғни іс-әрекеттің нәтижесін, өнімін білдіреді. Ғылыми әдебиеттерде аударманың аталмыш бұл екі сипатын бөліп қарау бар. Бұл, біздің ойымызша, дұрыс емес сияқты, өйткені, ең алдымен, бұл екі ұғым (үрдіс пен оның өнімі) әрдайым өзара тығыз қатыста, ажыратуы қиын байланыста болады: үрдісі десек,оның нәтижесі алдын-ала өзінен-өзі ұйғарылып отырады. Егер аудару іс-әрекетінің кезеңдері мен жекелеген сәттері белгілі болса, оның өту барысының сипаты арқылы түпкі нәтиже болатын тілдік туындының белгілі бір ерекшеліктерін түсіндіруге болады. Не болмаса, керісінше, аударудың нәтижесіндегі өнім мен түпнұсқа мәтіннің байланыстарының ерекшеліктеріне сүйеніп, аудару үрдісінің мәтіннің байланыстарының ерекшеліктеріне сүйеніп аудару үдерісінің қозғалысы, қалай өткерілгені туралы ұйғарым-тұжырымдар жасауға болады.
Аударма мынадай тұстарда қолданылады.
1. Диалектіден оның әдеби тіліне;
2. Әдеби тілден оның диалектісіне (негізінен, жазбаша түрде емес, ауызша түрде болатын үдеріс);
3. Бір диалектіден екінші бір әдеби тілге (керісінше болуы мүмкін емес, яғни бір әдеби тілден екінші бір тілдің диалектісіне аудару қажетті жұмыс емес);
4. Бір тілден екінші бір тілге;
5. Туыстас тілдер арасында;
6. Тегі бөлек тілдердің арасында;
7. Көне дәуір тілінен жаңа дәуір тіліне аударудың адамзат мәдениеті, қоғам дамуы үшін маңызы зор (осы тұста көне түркі жазба жәдігерлерін, аударып жүрген ғылымдардың ұлтымыздың тарихы үшін сіңірген еңбектерінің айрықша екенін атап кету артық емес).
Аудармада да, тіл сияқты, Адамдар қарым-қатынастың аса маңызды құралы". Осы маңыздылығына байланысты түпнұсқадағы ойды басқа тілде толыққанды, айқын жеткізу қажеттігі туады, аударма тілдің түпнұсқа тілінің қалыптарына сәйкестенуі, ыңғайлануы келіп шығады. Бұл - аударманың түсінікті болуының негізгі шарты.
Аударманың ең жиі талап етілетін түрлерінің бірі-ауызша аударма.
Ауызша аударма-түпнұсқа мен оның аудармасы тіркелмеген нысанда аудару процесінде туындайтын түрі.
Аудармашының түпнұсқаны акустикалық нысанда (есту арқылы) қабылдап, оны ауызша нысанда өз аудармасы арқылы айтылатын аударма ауызша аударманың классикалық үлгісі болып табылады. Ауызша аударманың шағын екі түрі бар: ілеспе аударма және кезекті аударма.
Кезекті аударма - бұл ауызша дәйекті аудару тәсілі. Аудармашы шешеннің барлық сөзді немесе жартысын аяқтап, сөйлеуді доғаруынан кейін аудара бастайды. Ауызша кезекті аудару кезінде аудармашының іс-әрекеті шешеннің сөйлеу қарқынындағы уақытпен қатаң шектеледі. Мұндай кезекті аударма аудармашыға шешеннің айтқандарын талдауға және керекті сөздерді таңдауға аз уақыт береді. Түпнұсқа үзінділерінен қабылдаудың біржақтылығы оны орындағаннан кейін аударманы кейіннен салыстыруға немесе түзетуге, анықтамалық әдебиеттерді қарауға мүмкіндік бермейді.
Кезекті аударманың қарабайыр нұсқасын желілік деп атауға болады және көбінесе қасында ілесіп жүргенде әрі экскурсияларда пайдаланылады.
Сөйлеушінің сөздері әрқашан қысқа бола бермейді. Осындай жағдайларда жазу техникасын білу қажет болады.
Аудармашы үшін аса күрделі тұстарды, сондай-ақ цифрларды, күндерді, есімдер мен атауларды аңғарып, жазбаша тез жазып ала білуі өте маңызды. Әдетте аудармашылар кезекті аударуды хаттамалық іс-шараларға қатысу кезінде, делегацияларға ілесіп жүргенде, іскерлік келіссөздерге қызмет көрсеткенде қолданады.
Ауызша аударма-аудару үшін аудармашыға қажетті сөйлеушінің сөздерін үзіліспен аудару. Бұл үзілістер көп емес. Аудармашы сөз сөйлеген уақытқа аударманы құрастырып, үзіліс уақытында оны орындайды. Ауызша кезекті аударма кезінде аудармашының аудару дайындығы өте жоғары болуы тиіс және арнайы дайындықты талап етеді. Бірақ ілеспе аудармаға қарағанда сонша ұзақ емес. Ауызша аудармашылар тақырыптық салаларға мамандалады. Аударманың осы түрі қозғалыс кезінде, аралау барысында (құрылыс обьектілеріне жұмыс істеуде, экскурсия жасауда) шағын келіссөздерде өте тиімді.
Кезекті аударма-оны тыңдағаннан кейін мәтінді ауызша аудару. Кезекті аударманы жазумен, абзацты-фразаны аударумен, біржақты, екіжақты аударумен ажыратады.
Алайда кезекті аударманың өз кемшіліктері де бар. Біріншіден, өте көп уақыт алады. Екіншіден, сөйлеушінің сөзі мен оның аудармасы аралығында уақыт көп болғандықтан, соңғысында қатерлерге көбірек жол беріледі.
Ілеспе аударма-ауызша аударманың ерекше түрі. Бұл ретте аудармашы сөйлеушінің сөзімен бір мезгілде аударманы, яғни негізгі мәтінді есту арқылы жүзеге асырады. Ілеспе аударма парақтан аударуды да білдіреді (жазбаша мәтінді оны қабылдау процесінде және алдын ала оқымастан ауызша аудару).
Сөйлеушіге аудармашының аударып үлгеруі үшін мағыналық топтар арасында үзіліс жасауының қажеті жоқ. Сондықтан баяндама, хабарлама үзіліссіз айтылады. Бұл аудитория тыңдаушыларының назарын ұстап тұруға, оны сезінуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге тілді білмейтін мырзалардан бұрын баяндамашының тілін түсіндіреді, елең еткізетін, күлкілі және тіпті келеңсіз оқиғаларды болдырмайды.
Ілеспе аударма - аударманың барлық түрлерінің ең күрделісі және қиыны да, жауапты екендігі күмәнсіз. Осыған қарағанда аударманың әр-түрі түрлі қабілеттер мен мінезді талап етеді. Ауызша аудармашы жинақтала білуге тиіс: оның міндеті ақпаратты осы жерде және қазір барынша толық жеткізу. Оның сөздіктерді ақтаруға, мамандармен кеңесуге мүмкіндігі жоқ. Ол жоқтан бар жасауы тиіс. Ауызша аудармашыға қандай қасиеттер қажет: тапқырлық, дұрыс ақыл-ой және жалпы эрудиция көмегімен өз біліміндегі олқылдықтарды еңсере білу. Барлық ақпаратты тыңдаушыларға қиналмай жеткізу үшін артистизм де, баяндамашыға айнала білу де қажет.
Тілдік дәнекерлік дегеніміз - әр тілді коммуниканттардың екі тілді білетін тілдік дәнекердің көмегімен қарым-қатынас жасауы. Бұл лингвоэтникалық кедергі жағдайында қарым-қатынас жасауға неғұрлым кең мүмкіндік туғызады. Белгілі бір жағдайларда өзінің тиімділігі жағынан тілдік дәнекер арқылы қарым-қатынас жасау іс жүзінде әдепкі бір тілді қарым-қатынаспен теңесе де алуы мүмкін.
Тілдік дәнекерлік қай - қайсысы болсын өзіне тән ерекше қоғамдық қажеттілікті қанағаттандырады. Дегенмен басты міндетіміз - аударма қанағаттандыратын қоғамдық мұқтаждық, қажеттілікті көрсетіп беруге тырысу.
0.1 Аударма ғылымының және оның қалыптасу тарихы.
ХХ ғасырдың отызыншы жылдарының өзінде М.М.Морозов, Я.И.Рецкер, А.В.Федоров сынды осы саланың білгір мамандары аударма бойынша маңызды жұмыстар атқарып, олардың ізімен Н.Б.Аристов, И.М.Берман, Л.С.Бархударов т.б. ғалымдар 50-60 жылдарда аударматанудың іргесін бекіте түскен. Қазақ тіл білімінде аударматану мәселесі - ХХ ғасырдың соңғы жылдары ғана қолға алынған жаңа салалардың бірі.
Қазақ тіл білімінде Ө.Айтбайұлының аударма ғылымы және оның қалыптасуы туралы зерттеулері, А.Алдашеваның аударматанудың лингвистикалық және лингвомәдени негіздерін айқындауға арналған ғылыми зерттеулері аударма теориясы мәселелеріне арналды.
Аударма туралы толығырақ және нақты теорияны В.Н.Комиссаров ұсынды. Аудар - ма теориясының міндеті - шығарманың түпнұсқа мен аудармасының арасындағы ара қатынастардың заңдылықтарындағы ізін табу, аударманың жеке элементтерін барлап байқаудан туған тұ - жырым, қағидаларды ғылыми негізге сүйеніп қорытындылау және аударма практикасына көмек көрсететін, практик аудармашыға себін тигізетін межені белгілеп беру. Сонымен, аударма теориясының негізгі зерттейтін объектісі - түп - нұсқа мен аударманың арасындағы ара қатынас және оны пайымдау мен қорытындылауды керек ететін нақты жайларға көшкен формаларының айырмашылығы.
Соңғы жылдары аударма және оның тарихы, теориясы мен тәжірибесі жайында көптеген ғылыми жұмыстар қорғалды. Мәселен, ағылшын тілді әдебиеттен аударылған әңгімелер алғаш рет Г. Түсіпованың кандидаттық диссертациясында М. Твен, О. Генри, С. Моэм, Дж. Лондон секілді авторлардың стильдік ерекшеліктері түпнұсқадан талданып, оларды қазақ тіліне аударудағы әдіс тәсілдер толыққанды көрсетілді.
Ал, Е. Солтанаеваның ХХ ғасырдың соңғы ширегіндегі қазақ-орыс әдеби байланыстары атты диссертациялық жұмысында қазақ-орыс әдеби байланыстарының жекелеген факторлары қарастырды. Д. Дүйсебаевтың М. Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясының парсы тіліне аударылуы атты кандидаттық диссертациясында М. Әуезов қаламынан туған құнарлы, орамды ойлардың парсы тіліне аударылу тәсілдеріне сараптама жасалынған.
Аударма әрекетінің шығармашылық сипаты, аудармашылық әрекеті ғылыми анализ бен теориялық сипаттаудың объектісі бола алмайды дегенді білдірмейді. Аударманың ғылыми теориясының негізі XXғ.-дың ортасына ьаман аударма проблемасына тілтанушылар көңіл аудара бастағанда жасала бастады.Оған дейін аударманың лингвистика ғылымының қатысы жоқ деп саналды.20-ғ-дың ортасына қарай тілтанушыларға аудармашылық әрекетке өз көзқарастарын түбірімен өзгертуге тура келеді.Себебе ол кезеңде бірінші орынға саяси,коммерциялық,ғылымии-техникал ық, іскерлік материалды аудару қойылады.Оларға афтордың жеке стилінің маңызы болмады.Осыған байланысты аударманың негізгі қиындықтары аударма процесіне қатысатын 2 тілдің тілдік жүйелер құрылысындағы айырмашылықтарға байланысты екендігін айта бастады.Тілдік жүйе тілдік бірліктермен тілтанушылар айналысатын болғандықтан,және сонвмен бірге аударма дәлдігіне талаптардың өсуі,тілдік бірліктердің аудармада бірліктері бар екендігін көрсетіп,аударманың лингвистикаға қатысы бар екенін түсіне бастады.
Аударманы лингвистикалық тұрғыдан зерттеу қажеттігі жаппай аудармашылар даярлауда міндетінен туындады.20-ғ-дың ортасында аудармамен тек қана талантты аудармашылар ғана айналысып қойған жоқ,басқа да аудармашылар қажет болды.Аудармашылар дайындау үшін көптеген елдерде аудармалық мектептер,факультеттер мен институттар құрыла бастады.Олардың міндеттері жоғары білікті аудармашылар дайындау болды.Әдетте аудармашыларды дайындау шет тілдері оқытылатын жоғарғы оқу орындарында жүргізілді.Шет тілдернен сабақ беретін оқытушыларға оқу бағдарламасын,оқулықтар жасауларына тура келді.Ал ол жұмыстарды атқару үшін,аударма процесінің мәнін ашу керек болды және аударма барысы мен нәтижесіне әсер ететін лингвистикалық,экстралингвистикалық факторларды анықтай алу керек болды.
Тілтанушы мамандарға жоғары білікті аудармашылар даярлайтын тиімді курстар құру үшін тиісті деңгейде ғылыми база жасау керек болды,
Аударманың лингвистикалық аспектілерін нақты зерттеуді кеңес тілтанушылары бастады.1950 жылы Я.И.Рецкер өзінің Ана тіліне аударудағы заңды сәйкестік деген мақаласын жазды.Онда ол аудармашының аударма вариантын таңдауы тіпті де еркін емес екенін,оның заңды,яғни аударма процесіне қатысатын екі тілдің бірліктерінің сәйкестігімен анықталатынын сендіре айтты.Я.И.Рецкер бұл тәсілдерді заңды сәйкестілік деп атады,және 3 түрлі сәйкестік болатынын анықтады:эквиваленттер,аналогтар және адекватты ауыстырулар.Сөйтіп, сәйкестік ұғымы зерттеу практикасына нақты енді.Аударма процесінің тілдік заңдылықтарын анықтау үшін аудармаларды олардың түпнұсқаларымен салыстыру тәсілі ерекше маңызды болды.Соңғы онжылдықтарда аудармалық сәйкестілік мәселесімен көптеген авторлар айналысты.А.С.Бархударов Тіл және аударма деген еңбек жазды.1953ж.А.В.Федоровтың Аударма теориясына кіріспе атты еңбегі жарық көрді.Онда алғаш рет аударманың лингвистикалық теориясын жасаудың қажеттігі мен мүмкіндігі айтылды.Аударманың лингвистикалық аспектілеріне арналған еңбектер шетелдерде де көптеп шыға бастады.
Лингвоаудармалық зерттеулер 20-ғ-дың 70-жылдарында жемісті дамыды. Аударманың лингвистикалық теориясын жасауда үлкен үлесті кеңес ғалымдары қосты.Олардың еңбектеріне тән нәрсе - аудармалық зерттеулердің лингвистикалық негізін нақты анықтауға тырысу және аударманы тілдік ғылымдардың объектісі ретінде қарастыру болды.Зерттеулер нақты жасалған аудармалардың негізінде жүргізілді.Ондай аудармаларды оригиналдарымен олай салыстыру тіларалық қатынасты тілдік жүйелердің ерекше заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.Бұл тұста Ю.В.Ванниковтың Аудармалық пәндердің бірегей комплексі деген еңбегін атап өтуге болады.Бұл еңбекте аударма теориясының негізгі бөлімдерін топтастырудың жалпы принциптеріжасалған және аударманың жалпы,жеке,арнайы теориялары деген ұғымдардың анықтамаларын ұсынды.
1973 жылы В.Н.Комисаровтың Аударма жайлы сөз және 1980 жылы Аударма лингвистикасы деген еңбектері шықты.Бұл жұмыстарда аудармаға лингвистикалық анализ жасау принциптрін жасауға,аудармалық эквивалент,аударма процесін және аударма модельдерін суреттеу тәсілдеріне көңіл бөлінді,бірінші рет аударма прагматикасы,аударма нормасы ұғымдары енгізілді.
Лингвоаудармалық мәселе А.Д.Швейцердің Аударма және лингвистика деген еңбегінде қарастырылды.А.Д.Швейцердің аударма процесінде грамматикалық трансформациялардың лексикосемантикалық қайта жасаудың болатынын анықтады.
1974жылы Я.И.Рецкердің Аударма теориясы және аудармалық практика деген еңбегі шықты.Ол еңбегінде автор аудармалық заңды сәйкестілік теориясының негізін жан-жақты айтып берді.Еңбекте сәйкестілік типтерінің классификациясы,аудармадағы әр түрлі лексикалық,грамматикалық,трансформа циялардың түрлері суреттеледі.Автор фразеологиялық бірліктерді аудару мәселесіне және аударма мазмұнынын модальды,экспрессивті асектілеін беру мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.Осы кезеңде кеңес ғалымдарының зерттеулерімен бірге аударманың лингвистикалық теориясы шеңберінде шетел тілтанушыларының еңбектерінің де маңызы зор болды.
Аударманың лингвистикалық теориясын жасауға арналған еңбектердің көпшілігінде аударманың жалпы теориялық проблемалары азды-көпті нақты қос тілге қатысты аудармалық сәйкестіліктерді жан-жақты суреттеу негізінде қарастырылады. Осы зерттеулердің нәтижесінде тек қана жалпы аударма теориясы ғана емес, жеке, арнайы аудама теорияларының негізін жасау мүмкін болды.
Соңғы онжылдықта аударманың жекелеген түрлерін зерттеуге арналған аударманың арнайы теориясы едәуір дамыды. Мұндай зерттеулер де жалпы алғанда аударма мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік жасап, жалпы аударма теориясының кейбір жағдайларын нақтылауға көмек жасады. Әсіресе әр түрлі ауызша аударма ғылыми - техникалық аудармаларды зерттеу табысты дамып келеді.

0.2 Аудармаға қойылатын талаптар.
Аударма процесінде аударма өніміне және аудармашыға қойылатын талаптарды да ғалымдар түрліше атайды. Мысалы, Л.К.Латышев аударма қызметінің өніміне - аударылатын мәтінге қойылатын бірінші және басты талап турасында былай дейді: ... ол (мәтін) шығыс мәтінге коммуникативтік тұрғыда балама болуы керек, яғни адресатқа (тыңдаушыға немесе оқушыға) әсер етуі шығыс (аударатын) мәтіннің әсерімен бірдей болуы керек; ШТ (шығыс тіл) адресаттары мен КТ (кіріс тіл) адресаттарының мәтіннің екі нұсқасын да қабылдаудағы және оларға жауап берудегі (реакция) алғышарттар объективті түрде бірдей (яғни олардың жеке қасиеттеріне байланыссыз) болуы қажет. Ал екінші талап - ШТ мен КТ мәтіндердің барынша мүмкін болған семантика-құрылымдық жақындығы (әрине мұны таза буквализмге бару деп ұқпау керек). Бұл жақындық аудармада автор (тұпнұсқа авторы!) ойының сәйкестігін барынша сақтауға, шығыс тілдегі мәтіннің аударылатын тілдегі мәтінде дұрыс орналасуының ауқымын (диапозон) арттырады (сәйкесінше шығыс тілдегі мәтіннің кіріс тілдегі мәтіннің орынбасар болуына, яғни дұрыс аударылмауына алып келетін жағдайлардың санын азайтады), аударма процесінің және аудармашылық шешімнің объективтілігін арттырады
Бұл аталған талаптар әрине аударма жанрының барлық түріне жалпы қойылатын басты талаптар болып табылады. Негізінде аударманың түрлеріне байланысты (мысалы, көркем, ғылыми, саяси, ресми, жарнама т.б.) бұдан өзге де Ксымша талаптарды көптеп атауға болады (Мұнда біз қосымша деген сөзді тырнақшаға алып отырған себебіміз: аударманың бір саласында қосымша саналатын талап екінші түрінде негізгілердің қатарына жатуы мүмкін).
Аударма өніміне қойылатын тағы бір талап - коммуникативті-функционалдық баламалылық. Алайда бұл талап аударма өнімінің коммуникативтік тиімділігіне байланысты болады. Аудармашы жасайтын мәтін аударма қызметінің өнімі болып табылады және төмендегі шарттарға негізделген болуы тиіс:- коммуникативті-функционалдық тұрғыдан шығыс мәтінге балама болуы тиіс;
- Шығыс мәтіннің семантика-құрылымдық тұрғыдан барынша мүмкін болған деңгейде ұқсас болуы керек (әрине бұл бірінші шартқа қайшы келу дегенді білдірмейді);
- шығыс тілдің мәтінінен аударма талаптарының шегінен шығып кететін ауытқулар болмауы тиіс
Аудармаға қойылатын талаптарды Х.Савори төмендегіше санамалайды:
1. Аударма түпнұсқаның сөздерін беруі керек.
2. Аударма түпнұсқаның мағынасын беруі керек.
3. Аударма түпнұсқа тәрізді оқылуы керек.
4. Аударма аударма тәрізді оқылуы керек.
5. Аударма түпнұсқаның стилін беруі керек.
6. Аударма аудармашының стилін беруі керек.
7. Аударма түпнұсқаға сай шығарма ретінде оқылуы тиіс.
8. Аударма аудармашыға сай шығарма ретінде оқылуы тиіс.
9. Аудармада автор қосқан (добавления) және түсірген (опущения) сөздер болуы мүмкін.
10. Аудармада автор қосқан (добавления) және түсірген (опущения) сөздер болмауы керек.
11. Өлең аудармалары қара сөз түрінде аударылуы тиіс.
12. Өлең аудармалары өлең түрінде аударылуы тиіс
Аударма қаншалықты шығармашылық әрекет десек те, аудармашы ойына не келсе, соны істей береді деген пікірден аулақ болуымыз қажет. Аударма түпнұсқаның мазмұнын толық жеткізіп, қабылдаушыға (оқырманға) дәл сондай әсер ету керек екені, әрине, сөзсіз. Аударма әрекеті - аудармашының когнитивті-коммуникативті іс-әрекеті болғандықтан, оның туындысы - аударма - түпнұсқаның мазмұны мен эмоционалдық, стильдік реңін бұзбай жеткізуі қажет.
Сонымен, нақты айтсақ, аудармаға қазіргі таңда қойылатын талаптар қандай? Қазіргі аударматануда аударманың (қандай түрі болмасын, барлығына тән) сапасын бағалайтын бес негізгі критерий белгіленген. Біріншіден мазмұнның сәйкестігі, аударманың мазмұнындағы олқылықтар деректік қате деп саналып, оның сапасына үлкен нұқсан келтіреді. Екіншіден, аудармаға деректік сәйкестіктен басқа да талаптар қойылады. Олардың негізгісі - аударма тілінің ереже, заңдылықтарына сай болу. Аударма мәтінде тілдік қателер болса (жазылым жағынан - орфографиялық, сөйлем құру жағынан - синтаксистік, сөздердің септелу, жіктелу жағынан - морфологиялық, сөздерді қолдану жағынан - лексикалық т.б.), ондай аударма да қанағаттанарлық деп саналмайды.
Үшіншіден, жоғарыдағы екі көрсеткіш орындалған күнде түпнұсқа авторының коммуникативтік мақсаты аудармада дәлме-дәл болып шықпаса, оның сапасы төмендейді. Мұндай олқылықтар (түпнұсқа жарық көргенде автордың алға қойған негізгі мақсаты аудармада сәл өзгеріп кетсе) кейбір сөздердің, сөз тіркестерінің, идиомалар мен қанатты сөздердің астарлы мағыналарын түсінбегендіктен, яғни екінші тілді жаратқан халықтың ұлттық мәдениетін жете білмегендіктен пайда болады.
Төртіншіден, аудармада түпнұсқа тілінің нейтралды, қалжың, ысқақ т.б. реңін сақтауды көздеген жөн. Ол үшін мәтіннің коннотацияларын жеткізу қажет.
Бесіншіден, аударма түпнұсқада белгіленген автордың көзқарасын аудармашы онымен келіспесе де сақтап қалу керек. Олай болмай, мәтіннің жалпы идеясы түпнұсқаға сай болмай, сәл де болса, бұрылып кетсе, оны аударма деп санауға болмайды.
Бұл талаптар, әрине, жалпы, негізгі, аударманың барлық түріне ортақ. Ілеспе аударманың тағы бір жалпы талабы бар. Ол ілеспенің ауызекі тілге негізделетініне байланысты. Нақты айтсақ, ауызекі тіл арқылы қатынас құру дегеніміз сөйлеуші мен қабылдаушының сөйлеу кезінде бірімен бірі байланыста болып, сөйлеуден әсер алуы. Түпнұсқа авторы тыңдаушыларына сөйлеу арқылы қандай әсер етсе, ілеспе аудармашы да өз тыңдаушыларына (аударма тілін қабылдаушыларға) сондай әсер етуі керек.
Аударма мәтінінің басты қызметі адресатқа әсер ету болғандықтан, негізінен эстетикалық және танымдық қызмет атқарады. Ол қызметтерді төмендегіше санамалауға болады:
1) интеллектуалды-ақпараттық қызмет;
2) эмотивті қызмет;
3) эстетикалық қызмет;
4) қозғау салу, бұйыру қызметі;
5) ерекше мән берілетін қызмет;
6) байланыстырушылық қызмет (контактная функция)
Біз аударма жанрларының барлық түріне қатысты талаптарды төмендегіше топтастырамыз:
1. Дәлдік. Аудармашы автордың ойын толығымен аудармада жеткізуі тиіс. Мәтіндегі ойлардың негізгі сипаты ғана сақталмауы тиіс, сонымен бірге айтылған ойдың ньюанстары мен белгілері де сақталуы тиіс. Автордың айтқан ойларын жеткізе отырып, сонымен бірге аудармашы өз жанынан ештеңе қосуға, толықтыруға және оны түсіндіруге тиіс емес.
2. Ықшамдылық. Аудармашы көп сөзді болмауы керек, ойлары барынша ықшамды және мәнерлі (үйлесімді) түрде мазмұндалуы тиіс.
3. Айқындылық. Аудармада тілдің жеңілдігі мен ықшамдылығы аса қажет. Қабылдауға қиындық туғызатын күрделі және екі ұшты оралымдардан бас тартқан жөн. Ой қарапайым әрі айқын, баршаға түсінікті тілмен жеткізілуі тиіс.
4. Әдебилік. Аударма әдеби тілдің жалпыға бірдей тұтастай нормасына сай жасалуы қажет. Әрбір сөйлем түпнұсқаның синтаксистік құрылымындағы аударма тіліне жат ешқандай тұспалдау байқатпай, нақты және табиғи түрде айшықталып тұруы тиіс. Шетелдік сөздерге калька жасаудан бойды аулақ салып, сөздіктер мен анықтамалық әдебиеттің көмегіне сүйене отырып, аударма тілінде балама терминдер табуға тырысу керек.

1. АУДАРМА ТИПОЛОГИЯСЫ

Аударма тілдік өзгешеліктерге байланысты ана тілден басқа тілге аудару, өзге тілден өз тілге аудару деп екі түрге бөлінеді. Аударма барысында ана тілінен басқа тілге аудару біршама қиын болады. Өйткені, аудармашылардың басым көпшілігінде өзге тілмен бейнелеу қабілеті ана тіліндегісіндей бола қоймайды. Сондықтан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аударма теориясының міндеттері
Аударма түрлерінің қазіргі жіктемесі
Мәдениетаралық қарым - қатынас және көркем аударма
Тілдік бірліктің лексикалық мағынасы
Аударма аумағындағы концепцияның аудармашының тілдік тұлғасы
Тіларалық коммуникация
Американдық саяси дискурс
Шетелдік юморларды аудару
Аударма түрлері. Мәтінді аудару барысында аударма түрлерін
Бір тілде сөйлейтін адамдар белгілі бір мәдениеттің өкілдері
Пәндер