Халық педагогикасындағы тәрбиенің түрі – бесік тәрбиесі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
Жаратылыстану бағытындағы математика факультеті
СӨЖ
Тақырыбы: Халық педагогикасындағы тәрбиенің түрі - бесік тәрбиесі
Тексерген: Оралбекова Б. С.
Орындаған: Әбікен Д. Б.
Тобы: Т - 441
Семей 2015 жыл
Халық педагогикасындағы тәрбиенің түрлері өте көп. Олар - бесік, сұлулық, құрсақ, отбасы, адамгершілік, экономикалық, дене, экологиялық. Мен осы халық педагогикасындағы тәрбиенің түрі - бесік тәрбиесін алдым.
«Ел болу үшін, бесігіңді түзе»(М. Әуезов) деген сөздің мән-
мағынасына ой салсақ, ол-тәрбие ұрпақты дүниеге
келтіруден басталады; сол тәрбиенің дәстүрлік, салт-
саналық бастаулары мен бағдарларын жан-жақты
пайдаланып, даналықпен дамыта білу керек деген
өсиеттің мәнін ұғамыз.
Қазақ баласын ағаш бесікке салып тәрбиелейді. Бесік иіп кептірілген талдан жасалады. Екі басын қайың ағаштан да шауып жасауы мүмкін. Астыңа тақтай салып, дәрет жүретін жерді тесіп ойып қояды. Оған киізден түбек жасап кигізеді. Баланы орайтын кеудеше, аяқ жақты қымтайтын көрпешігімен (оны жөргек деп атайды) орап танып қояды, басына кішкене жастық салады. Баланы бесікте кіші дәретке отыруына қолайлы етіп қойдын асық жілігінен тесіп шүмек, үлкен дәретке арнап киізден түбек жасайды. Оған орта беліне дейін күл салады.
Бала бөлеген бесіктің үстіне 7 нәрсе жабады. Әр жабылған нәрсенің өзіндік мәні бар. мәселен, ең бірінші етіп бесік көрпе, одан кейін шапан, кебенек, тон, жабу, жүген және қамшы сияқты бұйымдар жабылады. Тон, шапан жабу-ер жеткенде бала халыққа қадірлі болсын деген тілек, ; жүген-ер жеткенде бала халықты қорғайтын азамат болсын; жүген жабу-ат ұстайтын азамат болу; кебенек, қамшы жабу-ел қорғайтын батыр болсын деген тілек.
Бесікке салғандарға бірнеше білезік, сақина, жүзік үлестіріледі. Ал бесікке салған бәйбішеге тваза матадан көйлек кигізеді.
Бесіктің бала тәрбиесіне ыңғайлылығына:біріншіден, көшіп қонғанда түйеге артып жүруге қолайлы, екіншіден, баланы емізгенге өте ыңғайлы. Баланы жөргектен шешіп жатпай-ақ ана бесікке асылып отырып та емізе береді. Тіпті анасы емізе отырып, мызғып та алады. Үшіншіден, бесік баланың денесінің тазалығына, ұйықтауына қолайлы. Баланың нәжісі (зәрі) денеге жайылмай шүмек, түбек арқылы кетеді. Денесі құрғақ болса, бала жайлы жатып, тыныш ұйықтайды. Ал, бала денесінің өсуі үшін ұйқы аса қажет. Бала қырық күнге дейін жиырма екі жиырма үш сағат, алты айға дейін жиырма жиырма бір сағат, ал бір жасқа дейін он сегіз жиырма сағат ұйықтайды. Ұйқысы тыныш болғаннан денесі тез өсіп жетіледі.
Бала қырқынан шыққан соң атасы мен әжесі немесе әке-шешесі ауыл-аймақты жинап, баланың қарын шашын алып, бесікке салу тойын жасайды. Бесікті көбінесе баланың нағашы жұрты алдын-ала арнайы жасатып, бесік тойына алып келіп таратын болған. Ондағы мавқсат жиен-жекжат өсе берсін, үрім-бұтағын, өрісім көпи болсын деген ой-пікір көзделген. Баланы бесікке салуды да үрім-бұтағы өскен, беделді қариялардың біріне тапсырған.
Ол әйел бесіктің жасау-жабдықтарын үйінен жасап әкеліп, ағаш бесікке саларды нәрестеден жын-шайтан аулақ болсын деген ниетпен бесікті отпен аластайды(отпен аластау біріншіден-діни ұғымға байланысты туған болса, екіншіден-микробтарды өлтіру, үшіншіден-иіс-қонысты кетіру), яғни гигиеналық тазалық көзделген.
Бесікке салушы бесіктің барлық жабдықтапрын орын орнына қойғаннан кейін, шашуға әкелген құрт, май, ірімшік, бауырсақ, қант, кәмпит, күміс ақшаны уыстап алып бесіктің түбек байлайтын тесігінен төмен өткізіп, бесік астынан қолын тосқандарға үлестіреді. Балалы болғысы келген жас әйелдерде ырым етіп шашудан дәм татып, қалтарына салып алады. Шашу үлестіріліп болған соң бесікті отпен аластайды.
Бесіктің арқалығына бірнеше жерден темірмен қарып белгі салады. бәйбішелер қырандай көреген болсын деп бесіктің арқалығына бүркіттің тұяғын байлайды, жын-шайтаннан, көзден сақтасын деп тұмар жаздырып немесе үкінін қауырсынын бесіктің басына тағады. Сұлу болсын деп басына айна, тарақ жастайды. Бесікті аластау кезінде:
Алас-алас, баладан алас,
Иесі келді, пәледен кеш!
Алас-алас пәледен алас,
Көзі жаманның көзінен алас,
Тілі жаманның тілінен алас,
Қырық қабырғасынан алас,
Отыз омырқасынан алас, -деп, пәле-жала, жын-шайтан, тіл-көзден сақтасын деген тілек айтылады.
Баланы туылғанына қырық күн толысымен, оны қырқынан шығару ырымын жасайды. Бір еркек қарын шашын алады, ал тұқымы өскен үбірлі-шүбірлі қария бәйбіше қырық қасық суды үстіне құйып тұрып: «отыз омыртқан жылдам бекісін, қырық қабырған жылдам қатсын»деген тілек айтады. Бала шомылдырған легеннің түбіне қырық құмалақ тас, сақина, жүзік сияқты заттар салынады. Сақиналарды бала шомылдыруға көмектескен әйелдер өзара бөліседі. Қарт бәйбішеге көйлектік мата, шашын алған еркекке тақия т. б. сыйлық беріледі. Қарын шашты шүберекке түйіп баланың киімінің иығына қадап қояды.
Бесікке салу тойына жиналғандар өлең айтып, әзіл-қалжын, ұлт ойындарын ойнап көңіл көтереді. Жас нәрестеге бәйбішелер бата беріп, немерелеріне сарқыт алып қайтады.
Бесікте бала емшектен шыққанша жатады. Ит көйлегі тозып, еңбектеп жүре бастаған кезде баланы бесіктен мүлде шығарып, анасы қойнына алып жатады. Бала бұл шамаға келгенде бесікті тазалап, үйдің ең сенімді жеріне сақтап қояды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz