Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жаңа дәуірін бастаған «алыптар тобындағы» ірі ақын, іргелі прозаик және драматург бейімбет майлиннің алатын орнын анықтау



Кіріспе 3
1. Бейімбет Майлиннің өмірі 4
1.1 Ақындығы 6
1.2 Жырлағаным . кедейдің жыры 7
1.3 Бейімбет Майлин . суреткер 12
2. Бейімбет Майлиннің прозалық шығармалары 14
2.1 «Шұғаның белгісі» қазақ прозасының үздік үлгісі 14
2.2 Майлин әңгімелері . ауыл өмірінің көркем шежіресі 18
2.3 Замандас тұлғасы 21
Қорытынды 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 26
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Курстық жұмыстың негізгі мақсаты қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жаңа дәуірін бастаған «Алыптар тобындағы» ірі ақын, іргелі прозаик және драматург Бейімбет Майлиннің алатын орнын анықтау. Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығына жалпы сипат беру. Бейімбет прозасының ерекшеліктеріне тоқталып, тақырыпты толық ашу. Прозасын лексикалық жағынан қарау, поэтикалық көркемдегіш тілінің негізгі түрлеріне тоқталу. Оның ағартушылық, адамгершілік сарыны, туған халқын, Отанын сүйгіш сезімі, қорлыққа, әділетсіздікке төзбеуі, жаман мінез, қылықтар мен әлеуметтік міндерді сынап, сықақ ету дәстүріне, әңгімелеріне шолу жасау.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, жеті тақырыпшадан, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
«Бейімбет еңбектері жаңа өміріміздің шежіресі еді, биік бе¬лесіне енді шыға бергенде үзіліп кетті».
Ғабит Мүсірепов.
Қалам қызметіне ерте (1912 жылдан) араласқан Майлиннің ширек ғасыр
ішінде жазған таңдаулы поэзиялық, прозалық, драмалық, шығармалары —
біздің бүгінгі сөз өнерімізге қосылған қымбат қазына.
Қазіргі қазақ әдебиетінің негізгі жанрларын қалыптастырып, дамытуға
сіңірген ерекше еңбегін, бүгінгі қазақ аулының жаңа тарихындағы
жиырмасыншы-отызыншы жылдардьң көркем шежіресін жасауда атқарған
айрықша қызметін өз алдына қойғанда, Бейімбет Майлин өзінен кейін
қолына қалам ұстағандарға анық екі қырымен берді. Саңлак суреткер
өлшеулі ғана шығармашылық ғумырында өлшеусіз еңбек суйгіштігімен
«жаушылық — жазу, жақсы жазу, жақсы жаза алсаң, қалам құрғатпай жазу»
екенін тынымсыз іс - әрекетімен қолма-қол дәлелдеп кетті. «Әңгіме —
шеберлік мектебі» деп Федин айтқандай, құдіретті зергер әрі қысқа, әрі нұсқа
новеллалары арқылы шын мәніндегі әдеби шеберліктің мектебін ашып, осы
жанрдағы шынайы, тап-таза, мөп-мөлдір реализмнің үлгісін көрсетті.
Қараңғы ауылдағы әлі де шырышы бұзылмаған ескілікті, алуан түрлі әділетсіздіктерді көріп, білімі тайыз, саяси тәжірибесі шағын жас ақынның аз уақыт жете түсіне алмай, толғанған, тосырқаған, тіпті кейде: «Бұл қалай?» - деп күдер үзіп, торыққан да жайлары болады. Бұл ретте сол кездегі ұлтшыл интеллигенцияның да азын – аулақ әсері болуы ғажап емес. Бірақ ондай сезімдер мен әсерлерден ойшыл ақын, қайтадан өзінің бастапқы сарқылмас қайрат, талабына мінеді, мойымас мықты сенімінен енді еш қайтпайды.
1. Серік Қирабаев «Революция және әдебиет» Алматы «Жазушы»
2. Прозашы ақын. Бейімбет Майлин туралы естеліктер. – Алматы, «Жазушы» баспасы, 1994 жылы.
3. Бес ғасыр жырлайды. І том. – Алматы, 1981 жылы.
4. Бес томдық шығармалар жинағы. І том. – Алматы, 1983 жылы.
5. / Бейімбет Майлин / / Қаратаев М. Дала жұлдызы , – Алматы, «Ғылым» баспасы, 1982 жылы.
6. Жұмалиев Қ. Жайсаң жандар. – Алматы, «Жазушы» баспасы, 1969 жылы.
7. Қаратаев М., Нұртазин Т., Қирабаев С. Қазақ совет әдебиеті. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 1968 жылы.
8. Қазақ поэзиясының Құлагері. / / Қаратаев М. Әдебиет және эстетика. – Алматы, «Жазушы» баспасы, 1970 жылы.
9. Қирабаев С. Әдебиет және дәуір талабы. – Алматы, «Жазушы» баспасы, 1976 жыл.
10. Осы жүйрік ақын. / / Дербісалин Ә. Мезгіл және қаламгер. – Алматы, «Ғылым» баспасы, 1968 жыл.
11. Соғайын сөзімнен бір сұлу сарай. / / Нұрғалиев Р. Арқау. – Алматы, «Жазушы» баспасы, 1991 жыл.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3
Бейімбет Майлиннің өмірі 4
Ақындығы 6
Жырлағаным - кедейдің жыры 7
Бейімбет Майлин – суреткер 12
Бейімбет Майлиннің прозалық шығармалары 14
Шұғаның белгісі қазақ прозасының үздік үлгісі 14
Майлин әңгімелері – ауыл өмірінің көркем шежіресі 18
2.3 Замандас тұлғасы 21
Қорытынды 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 26

Кіріспе

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Курстық жұмыстың негізгі мақсаты
қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жаңа дәуірін бастаған Алыптар тобындағы
ірі ақын, іргелі прозаик және драматург Бейімбет Майлиннің алатын орнын
анықтау. Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығына жалпы сипат беру.
Бейімбет прозасының ерекшеліктеріне тоқталып, тақырыпты толық ашу.
Прозасын лексикалық жағынан қарау, поэтикалық көркемдегіш тілінің негізгі
түрлеріне тоқталу. Оның ағартушылық, адамгершілік сарыны, туған халқын,
Отанын сүйгіш сезімі, қорлыққа, әділетсіздікке төзбеуі, жаман мінез,
қылықтар мен әлеуметтік міндерді сынап, сықақ ету дәстүріне, әңгімелеріне
шолу жасау.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, жеті тақырыпшадан,
екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бейімбет еңбектері жаңа өміріміздің шежіресі еді, биік белесіне енді
шыға бергенде үзіліп кетті.

Ғабит Мүсірепов.
Қалам қызметіне ерте (1912 жылдан) араласқан Майлиннің ширек ғасыр
ішінде жазған таңдаулы поэзиялық, прозалық, драмалық, шығармалары —
біздің бүгінгі сөз өнерімізге қосылған қымбат қазына.
Қазіргі қазақ әдебиетінің негізгі жанрларын қалыптастырып, дамытуға
сіңірген ерекше еңбегін, бүгінгі қазақ аулының жаңа тарихындағы
жиырмасыншы-отызыншы жылдардьң көркем шежіресін жасауда атқарған
айрықша қызметін өз алдына қойғанда, Бейімбет Майлин өзінен кейін
қолына қалам ұстағандарға анық екі қырымен берді. Саңлак суреткер
өлшеулі ғана шығармашылық ғумырында өлшеусіз еңбек суйгіштігімен
жаушылық — жазу, жақсы жазу, жақсы жаза алсаң, қалам құрғатпай жазу
екенін тынымсыз іс - әрекетімен қолма-қол дәлелдеп кетті. Әңгіме —
шеберлік мектебі деп Федин айтқандай, құдіретті зергер әрі қысқа, әрі
нұсқа
новеллалары арқылы шын мәніндегі әдеби шеберліктің мектебін ашып, осы
жанрдағы шынайы, тап-таза, мөп-мөлдір реализмнің үлгісін көрсетті.
Қараңғы ауылдағы әлі де шырышы бұзылмаған ескілікті, алуан түрлі
әділетсіздіктерді көріп, білімі тайыз, саяси тәжірибесі шағын жас ақынның
аз уақыт жете түсіне алмай, толғанған, тосырқаған, тіпті кейде: Бұл
қалай? - деп күдер үзіп, торыққан да жайлары болады. Бұл ретте сол
кездегі ұлтшыл интеллигенцияның да азын – аулақ әсері болуы ғажап емес.
Бірақ ондай сезімдер мен әсерлерден ойшыл ақын, қайтадан өзінің бастапқы
сарқылмас қайрат, талабына мінеді, мойымас мықты сенімінен енді еш
қайтпайды.
1.1. Бейімбет Майлиннің өмірі

Бейімбет (Бимағамбет) Жармағамбетұлы Майлин 1894 жылы бұрынғы
Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде
қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданы, Майлин кеңшарында туған. Екі
жасында әкеден жетім қалған Бейімбет бір байдың сауыншысы болып жүрген
анасының қолында тәрбиеленеді. Жетіге жеткен соң өзі де сол байдың қозысын
бағып, кейін атының делебесін ұстайды. Бейнет пен жоқшылықтың ащы дәмін
ерте татқан жас бала кәрі әжесінің жылы құшағында бұйыға тербеліп отырып,
оның:
Өмірімде көргенім күндік, құлдық,
Бұл жалғанда бар ме екен біздей мұңдық?—
деген гөй-гөйінің зар сырын жанымен ұғады. Әжесі көне жырларды көп
білетін, өзі де аздап өлең шығаратын ақынжанды адам екен. Соның әсері
болса керек, Бейімбет қаршадайынан өнерге құмартып өлеңге әуестенеді.
Майлин алғаш рет ауыл молдасынан сауат ашып, хат таниды. Содан
соң өзі есігінде жүрген бай үйінде тұратын Әбдірахман Сатыбалдин деген
татар мұғалімнен дәріс алады. Одан әрі іргелес көрші ауылдағы басқа бір
Әбдірахман Арғынбаев дегеннің медресесіне түсіп, екі жыл (1910-1912)
оқиды.
(Шұғаньң белгісіндегі бас кейіпкердің учитель болуы және Әбдірахман
атануы тегін емес-ті). Өз бетінше кітап оқып, көп ізденеді, қалаға барып,
білімін одан әрі көтеруге талаптанады.
1913-1914 жылдарда Майлин Троицкідегі Уазифа мектебінде, оны
бітіргеннен кейін Уфа қаласындағы Медресе - Ғалияда окиды. Сол жылдары
медресе шәкірттерінің әдеби үйірмесіне қатысып, өзі секілді талапкер
жастармен бірге Садақ атты қолжазба журнал шығарысады. Садақтьң әрі
редакторы, әрі белсенді авторы болған Бейімбет осы журналдың 1914 жылғы
үшінші нөмірінде өзінің тырнақ алды прозалық туындысы Шұғаның белгісін
жариялайды. Бұл Ғалия шәкірттері мен ұстаздарының арасында
авторының атын шығарып, талантын танытқан тамаша шығарма болатын.
Бейімбет Майлиннің медресеге сабақ беретін белгілі татар жазушылары
Мәжит Ғафуримен, Ғалымжан Ибрагимовпен шығармашылық байланысы,
медреседе өзімен бірге оқитын башқұрт ақыны Сайфи Құдашпен достығы осы
кезден басталады. Солармен ынтымақтаса жүріп, Бейімбет екі жылдай орыс
тілін үйренуге көп күш салады; Гоголь, Лев Толстой, Чехов, Горький
шығармаларымен түпнұсқадан танысады.
Бірақ денсаулық жағдайына байланысты Медресе - Ғалияның оқуын аяқтай
алмай, 1915 жылы дәрігерге көрінбек болып Троицк қаласына қайтып оралады
да, осы тұста Айқап журналында қызметте жүрген Сұлтанмахмұт
Торайғыровпен, Мұхамеджан Сералинмен танысады. Журналда бірнеше
өлеңдер жариялайды. 1916 жылы еліне келіп, 1919 жылға дейін қаламгерлік
кызметімен қатар ауыл жастарына ұстаздық етеді. Бұл бір орасан қиын, ойлы-
қырлы, бұралаң жолдары көп күрделі кезең еді. 1916 жылғы маусым жарлығы
кезінде елдің ер-азаматтары қылыштарын көкке қайрап, екі жақты езгіге —
патша жендеттерінің талауына, жергілікті жемқорлардың қанауына қарсы
ұлт-азаттық көтерілісіне аттанғанда, Бейімбет оларға сәт-
сапарьтілеп, күрес адамдарын ашық айқасқа, берік сапқа тұруға шақырды
(Қанды тұман)
Ойбай-ау, қайдасыңдар? Аттаныңдар!
Бері кел, шашау шықпа, топтаныңдар!—
дей тұрғанымен, осы қозғалыс бірсыпыра жерлерде, сәтсіздікке ұшырағанда
кенет торығып, келер күннен үміт үзе жаздайды да, 1917 жылдың ақпанында
патшаның тақтан кұлағанына қуанып қайта жадырайды (Қазаққа)
Келді теңдік, туды теңдік басыңа,
Қатын, еркек, кәрі менен жасыңа
Туысқандық, құрдастыққа асыға
Алалықты араңдағы жой, қазақ!
Бұрынғыдай байың, жарлың шашылма!
Бірлікпенен жұмыс атқар басыл да,
Азынаулақ миың болса басыңда,
Партия штат, дау-шарыңды қой, қазақ!
Ақпан революциясының нәтижесінде шынымен-ақ келді теңдік, туды теңдік
деп асығыс түйін түйгеніне қарамастан, осы өлеңдегі ел-жұртты бірлікке
шақырған акын үнінің асқақ рухы, азаматтық әуені әлі күнге
маңызын жойған жоқ. Әсіресе оньң туған халқына тіке тіл қатып Азынаулақ
миың болса басыңда, бұрынғыдай байың, жарлың шашылма! Алалықты араңдағы
жой, қазақ! Партия, штат дау-шарыңды қой, қазақ! деп нені болса да
ашық, айтқан ақылы — дәл бүгінгі сөз, жариялылық пен демократия, қазіргі
қайта құру кезіндегі ұраны секілді.
Бірақ ол тұстағы жағдай да, заң да жалпыға мәлім. Соған сәйкес ендігі
өмірі мен өнерін түгел және біржола Қазаннан кейінгі жаңа заманға
бағыштаған Бейімбет Майлин 1919-1921 жылдары ауылдағы кеңес жұмысына
араласады. 1922 жылы Сәкен Сейфуллиннің шақыруымен Орынборға келіп,
баспасөз қызметіне қызу кіріседі. Орталық газет бетінде жиі – жиі әңгіме-
очерктер жариялап, Қызыл Қазақстан журналында Шұғаның белгісін
жаңадан жөндеп бастырады, кітап баспасынан өлеңдер жинағын шығарады.
1923 жылы Майлин Қостанай қаласына барып, Ауыл деген жаңа газет
шығарысады. Көптеген новеллалары, сықақ әңгімелері, белгілі Раушан
коммунист повесі осы газет бетінде жарық көреді. 1925 жылы өлкелік
өкіметтің арнайы шақыруымен республиканьң сол кездегі астанасы
Қызылордаға келіп, қайтадан баспасөз және баспа орындарында (1934 жылға
дейін) әр алуан қызметтер атқарады. 1934—1937 жылдары Қазақ әдебиеті
газетінің бас редакторы болып істейді.
Осылармен қатар, ұйымдасқан күнінен бастап үздіксіз Қазақстан жазушылар
ұжымыньң құрамында болып келген Бейімбет ұлан-ғайыр әдеби еңбекті
ұйымдастыру, ұйым жұмысын басқару, жас әдебиетшілерді тәрбиелеу ісіне
жүйелі қатысып, үнемі ат салысып отырады. ' Бұл жылдарда Майлин -
суреткер өз дәуірінің ұлы, өз заманының үні болудың үлгісін көрсетті.
Әсіресе оның шағын және орта көлемді эпика түрінде ай сайын, апта сайын
толассыз туып, мерзімді газет-журнал беттерінде үздіксіз жарияланып
жататын әдеби шығармалары жиырмасыншы - отызыншы жылдардағы ауыл өмірінің
әрі түзу айнасы, әрі көркем шежіресі іспетті. Сол кездегі жаңа шаруа
тұрмысы мен тіршілігінің
Бейімбет бейнелемеген сыры да, сымбаты да сирек шығар.
Осы жылдар ішінде жазушының өзі қалам тербеген барлық жанрда елу бес
кітабы жарық көріп, жалпы жұртқа кеңінен таралып еді. Б. Майлин 1938 жылы
дүние салды.

1. Ақындығы

Бейімбет Майлин — ақын. Әдебиеттегі алғашқы адымын өлеңнен бастады және
қазақ поэзиясының дамуына өзіне лайық үлес қосты.Майлин — реалист. Оның
поэзия, проза, драматургия салаларының қай-қайсысында жазған шығармаларын
алып қарасақ та, тұнып тұрған шындық, ақиқаттан ауып басқан бір де бір
адымы болған емес.Ендеше, шыншыл суреткердің әдеби туындыларының болмыс-
бітімін, сыр-сипатын, қажет жағдайда тіпті күнгейімен қоса көлеңкесін
сарапқа салған тұста да оның өзіне ұқсамауға, яғни ақиқат шындықтан
алшақтауға болмайды.
Қазақ поэзиясының дамуына өзіндік үлес қосты дегенде біз қазақ өлеңін
көркемдік жағынан еуропалық биікке көтеріп, оның мазмұнды пішінін тотыньң
түгіндей құбылта құлпыртқан Абайдан әрі өрлетіп әкетті демейміз.
Әділіне келсек, Бейімбет өлеңдерінің өрімі — жеңіл түрі, ырғағы,
ұйқасы...
— Абай реформаларынан көш кейін жатады.
Демек, кейбір зерттеулерде айтылып жүрген Бейімбет — қазақ өлеңінің

асқан шебері деген пікір ұшқары, ағат. Мазмұн мен пішін жағынан қатар
салмақтап байқасақ, оның суреткерлік шеберлігі әңгімелеріне қарағанда
өлеңдерінде бәсең, әлсіз.
Олай болса, Майлин поэзиясының қадір-қасиеті неде?
Екі нәрседе — жырлаған тақырыбында және бейнелеген образында біріншіден,
Бейімбет қазақ кедейінің тұрмысы мен тіршілігін қазақ поэзиясында өзіне
дейін болмаған аумақта, кең, терең және жан-жақты суреттеді. Екіншіден,
Бейімбет қазақ кедейінің мінезі мен мүсінін қазақ поэзиясында өзіне дейін
болмаған деңгейде дәл, тіпті типтік һәм символдық дәрежеде (Мырқымбай)
тарихи жағынан нақты және өрбу, өсу үстінде сомдап соқты.
Осы екеуінің устіне енді Бейімбет өлеңдері мен поэмаларының тұла бойына
күн шуағындай тарап, ұшқын атып, сәуле шашып жатқан әрі жылы, әрі шымыр
юморды (эзіл-әжуәні) қоссақ, жалпы Майлин ақындығыньң өзгелерден окқшау
тек өзіне ғана тән ерекшелігі белгіленді де, оның, жоғарыда айтылғандай,
казіргі қазақ поэзиясының дамуына қосқан улесі анықталады.

2. Жырлағаным - кедейдің жыры

Суреткердің өнері өмірімен, яки өз басынан кешкен ғумыр-
тіршілігімен тығыз байланысты. Ол өмірде нені жете таныса, өнері арқылы
жұртқа да соны танытады. Осы ақиқат тұрғысынан қарасақ, Бейімбеттің
дүниеге көзін ашқаннан көргені-баққаны көбіне ауыл өмірі. Төңкерістің
бұрынғы, төңкеріс қарсаңындағы және одан кейінгі қыр тіршілігі, дала
тұрмысы. Сондықтан оның ширек ғасыр бойы, сөз өнерінің қай жанрында
болсын, жазған шығармалары түгел ауыл өміріне арналуы тегін емес. Осыны
өзі де білген. Жаңа әдебиет журналының 1931 жылғы 6-7 сандарында ол өзі
туралы: Менің бұл күнге дейін жазған тақырыбым ауыл туралы ғана болып
келеді,— деп ашып айтты. Өндіріс өмірін суреттеуге мен әлі күнге дейін
кірісе алғаным жоқ. Өйткені әлі күнге дейін өндіріс өмірімен
таныстығым жоқ.
Бейімбеттің дала жырындағы — ауыл әуеніндегі өзіне дейінгілерден оқшау
ерекшелік те дәл осы арадан келіп шығады.
Сенің зарың — зарлайтыным өмірде,
Сенің арың — арлайтыным өмірде.
Сен жыласаң — көзден жасым тамшылар,
Сен қуансаң — қайғы, шерім аршылар.
Бейімбет Майлиннің Кедейге деген өлеңіндегі осы жолдар — оның ақындық
кредосы — қаламгерлік бағдарламасы. Ол өзінің онша ұзақ емес өнер жолында
осы мақсатынан бір сәт тайып, табан аударып көрген жоқ.
Өйткені оның өмірде де, өнерде де серті тұрақты, берік және мәңгілік ант
еді.
Кедей деп туғам, кедей деп өлем.
Не көрсем де кедеймен көрем.
Кедей қуанса, кедей жұбанса,
Бір елі көкке тимейді төбем.
Жырлағаным — кедейдің жыры.
Сырлағаным — кедейдің сыры.
Сырым да бір, жырым да бір,
Мен дағы сол кедейдің бірі.
Ұлы күн.
Жоғарыда аталған жорық ақыны Махамбеттің дала тақырыбындағы толғау
жырында аһ ұрған арман, өкініш аралас өршіл романтизм сарыны
желі тартып жатса, Абайдан төгілген шалқыма сырда ауыл көшіп кеп қонып
жатқан сәнді де салтанатты жазғы жайлаудың мәре-сәре көңілді, көркем
көрінісі таза реалистік сипатта суреттелсе, Бейімбеттегі дала кейпі — ауыл
кескіні мүлде басқа: ол дала тіршілігіне, даладағы ауыл тұрмысына кезінде
әр шиеленістің бірден-бір себебі саналған таптық тұрғыдан, дәлірек
айтқанда, өзінің шықан тегі кедейдің көзімен қарайды. Мұның өзі заңды да.
Ең үлкен ерекшелік осында жатыр.
Әдебиеттің таптығы деген қатал да қиын қағида әдеби шығармашылықтың
шешуші шартына айналған жағдайда Бейімбеттің бұған басқа көзқараста болуы
мүлде мүмкін емес еді.
Ауыл өміріне кедей мүддесі мен мұратының тұрғысынан қараған Бейімбет
шығармаларының идеялық мазмұнында, сөз жоқ, қазақ қоғамындағы қилы-қилы
қайшылықтар, адамдар арасындағы әлеуметтік теңсіздіктер желі тартып
жатты.1915 жылы жазған Жазғы қалып деген өлеңінде ақын қыс өтіп, жаз
жетіп, табиғат түлеп өзгергенмен ауыл өміріндегі атам заманнан келе жатқан
ескілік, кертартпа салт-сана, жер дауы, жесір дауы — кесір дауы әлі
өзгермей, қыс болса, әмеңгерге жесір сатып, аянбай көз жасына белден
батып жүрген ақсақал, қарасақалдардың әдептен тыс нысапсыз әдет-ғұрпын
аяусыз әшкерелейді.Ауылда деген өлеңінде автор надан ортада үйден-үйге
қыдырып ет те шай — тапқаны тек тамақ ішкен қаракетсіз жалқауларды
сынаса, Садақбайда ел ішін алтайдай бүлдіріп, топ, жік партия құрып,
жұртты орға жықпақ болып жүрген саяси алаяқтарды түйрейді.
Майлин жырлаған қазақ ауылы екеу — төңкеріске дейінгі ескі ауыл,
төңкерістен кейінгі жаңа ауыл. Екеуінің де сыр-сипатын ақын тек қана
кедей дүрбісімен көреді, көрсетеді, таниды, танытады. Ал кедей деген кім,
кедейлік деген не? Мұны Майлиннен артық білген ешкім тағы да жоқ. Мұны
1913 жыл медреседе оқып жүрген кезде жазған алғашқы өлеңінен-ақ
(Мұқтаждық) анық аңғаруға болады:
Ай, мұқтаждық, кесел болып тұрдың ғой!
Талапкерге қарсы тұзақ, құрдың ғой!
Қолды созып, бойды жазып жүргізбей,
Ауруы жоқ бір мүгедек қылдың ғой.
Ақынның түсінігінше, мұқтаждықтың ең кесірлі жері — талапты жастың
қалтасын қағып, түбінен жел гулететіні ғана емес, ілгері бассам деген
аяғын кері тартып, жалындаған жүрегін сөндіретіні. Содан соң амал жоқ:
Шарасыздық күнге ұшырап байғұстар
Садаға ушін жанын байға жалдайды.
Бейімбет өзінің тұрақты тақырыбына осының бәрін тұрлаулы түрде
көріп-біліп, ұғып-түйіп, саналы түрде келді.
Ал енді бай деген кім, байлық деген не?. Майлин бұған да (Мал,
Байлыққа, Қарынға) кедейдің көзімен қарайды. Бұл тұста да түйін-
тұжырым берік. Мәселен, мал —Майлиннің ұғымында Бальзактың
түсінігіндегі ақша секілді,— санасызды санға қосқан, сөйтіп оның өзін
патша, өзін би еткен байлық. Малы .бардың қолында бәрі бар. Тілесе,
тіпті:
Малы барлар Мекке барар жалақтап,
Сөзін сыйлы, елді аузына қаратпақ.
Мұсылмандық белгісі.
Дәл осы арада ақынның шыншылдығымен қатар сыншылдығы да айрықша
айшықпен көзге туседі. 1912 жылы он сегіз жасар Бейімбеттің Медресе-
Ғалиядағы қолжазба журнал Садақта тұңғыш жарияланған осы өлеңінде
Қазан төңкерісіне дейінгі әбден тозығы жеткен, тарих сахнасынан шығып
бара жатқан ескі ауылдың тоңмойын тұр-тұрпаты, ауылдағы малдылар мен
жалдылардың ала-құла топас сыр-сипаты, томырық мінез-құлқы, байлар мен
жалшылардың ала-құла ара-қатысы ащы сықақ, уытты мысқыл арқылы
біршама білгірлікпен суреттеле тұра, жалпы қазақтардың діншілдігі көбіне
жасанды екені, асылы, қазаққа ислам жөнді дари қоймағаны әжуамен
аңғартылады. Шіркін, несін айтасың, біздің қазақ баласы — шын мұсылман
деп қағыта қалжыңдап алады да, мұның мұсылмандығының түрі күніне бес
намаздың жалғызын-ақ оқып ап, құдайға беталды құла түз құлдық ұра беру
деп күледі. Байлар бұл тұста да баяғы қалпы арамза, алдампаз, алаяқ
молдаға зекет ретінде көтерем тай, қотыр қой беріп, соңыра о дүниеге
барғанда бәрі түгел жұмақ төрінен бір-ақ шықпақ! Осыны аяусыз сынға алған
ақын өлеңінің аяғын астарлы кекесінмен бітіреді:
Барлық қазақ, иемденіп, жұмақты,
Басқаларға орын қалмай жүрмесін.
Майлин юморы мен сатирасы осылайша ақындығының алғашқы адымдарынан
бастап-ақ әрбір өлең жолдарының ара-арасынан шымыр-шымыр қайнап шығып,
күллі поэзиясының өнбойына шым-шым ете берген еді.Көне ауылдың қоғамдық
қоршауы мен әлеуметтік ортасындағы кедергі- кеселді, адам басындағы
кесапат-келеңсідікті, керенау-кердеңдікті найзадай түйрейтін осынау ащы
да болса ашық, адал, ақжарқын күлкісін ақын өзінің аңызға айналған әйгілі
ұнамды кейіпкері Мырқымбай мінезін, қылығы мен құлқын, әдеті мен ғұрпын,
сайып келгенде, санасы мен салтын әзілдеген тұста да іркіп көрген емес.
Мырқымбай - қазақ әдебиетінде бұрын - соңды мұншалық бедерлі
бейнеленбеген, дәлірек айтқанда, мұншалық жан-жақты жинақталмаған және
дараланбаған, ұтымды мүсінделмеген және мінезделмеген тың тип. Ол —
Төңкеріске дейін байдың малын бағып, шөбін шауып, ғұмыр-тіршілігін
құлдық пен қорлықта, азап пен бейнет астында өткізген_төңкерістен кейін
ол, өз еркі өзіне тиіп, енді малға ие, жерге қожа болып, адам санатына
қосылған.
Келе-келе өмірге көзін ашып, оңы мен солын танып, енсесін көтере белін
жазып, қашаннан шерге толы көкірегіне енді азаттықтан туған қуаныш енген
соң аздаған жел бітіп, асып бара жатқан ерлік болмағанмен біршама
ожарерлікке басып, төңірегіне тентектік көрсете бастаған жалаңаяқ жалшы —
кейде кеж, кердең, кейде томырық, тұйық, кейде оспадар, ожырай, өзінің
оқығаны жоқ, қараңғы, тұрмыстан тоқығаны да жоққа жақын көрбала, бірақ
әйтеуір күш біткен, ниеті дұрыс, пиғылы адал еңбек адамы — кедей. Дәл
осындай сауатсыз шаруаға тән сыр мен сипатты шындық шеңберінде өндіре,
өрбіте кейде тіпті өсіре баяндау арқылы Бейімбет ел аузында аңызға
айналыпкеткен атақты образ-символын айшықтайды.
Мырқымбай —жиынтық кейіпкер — тип. Мырқымбай деген есімнің өзінде
әжуамен пернеленген астар бар, атына заты—болмысы, бітімі, мінезі, қылығы,
қимылы, қауқары түгел сыйып тұр. Мырқымбай десе мырқымбай!..
Мырқымбай! Мырқымбай! Мырқымбай!
Бай, бай, бай, бай!
Жүрмейсің жәй. Нең, бар еді?
Әй, құдай-ай!..
Мырқымбай
.
Бұл — Мырқымбайды тұңғыш көруіміз, заман ағымына, заң байыбына жөндеп
бара алмайтын парықсыз, доғал, сотқар баласының ат сұраған ауылнайды жер-
жебіріне жете балағаттап, анайы бейбастық, жасағанына өкініп діңкесі
құрыған әке не қыларын білмей:
Бай, бай, бай, бай!
Жарым ес-ай!
Құның ба ед! Бір шолақ тай! деп ызаға булығып, зығыры қайнайды. Ал
баласы бәрібір түкке түсінбейді.
— Әке-ау, мұның не?— деп аңырады,
Ауылнай құдай ма еді?
Әкімді құдай деп, шұлғимыз да отырамыз ба?
Осының өзінде кәдімгідей логика, керек десеңіз тіпті заңдылық бар.
Майлин бұл жерде де ақиқаттан аттамайды, шындықтың шекарасынан
шықпайды. Бұл тұстағы (1922) Мырқымбай бұдан бес жыл бұрынғы бай мен
болыс тепкісінің астында жатқан тулақ Мырқымбай емес, оянған көзін ашқан,
кеудесіне әжептәуір намыс біткен ширақ Мырқымбай. Бұл бүгінде өмір-
күрес екенін біршама ұққан, бірақ соның парқын дұрыстап түсіне бермейді
, күресу — қарсы келгенмен қалайда қарсыласу, қармаса беру, атқа мінген
адам көрінбесе теке көзденіп кету, омыраулау, ақылына көнбеу, айтқанына
жүрмеу деп біледі.
Күйгелек әке де қояр емес, өз-өзінен өжіктеп, баж-баж етеді;
Бар, шақырып кел!
Сары атты бер!
Қол қусырып, аяғына жығылсаң,
Ашуын тастадым дер!'
Тоңмойын бала торс ете, шалқасынан түседі;
— Бара алмаймын.
Оған пенде бола алмаймын!
Тентіретіп жіберсең де,
Бұл тіліңді ала алмаймын!
Баланьң дөкірлігі мен әкенің өкініші көрініс береді. Осы арқылы сол
кездің бір алуан ащы шындығы қолма-қол жария болады, адамдар арасындағы
алауыздық қыңыр қиястықтан, жөн білмейтін жетесіздіктен екені өлең-
диалогтен анық әрі әдемі аңғарылады. Осылайша, оқушының көз алдында
бір адамньң құлқы бір топ адамның мінезі, яки Мырқымбай мырқымбайлыққа
ұласады. Сонда Мықымбай — бір адамның кескінін ғана емес, бүкіл бір
әлеуметтік ортаның кейпі, сыры, сипаты. Мырқымбайдың типтік бітімі де осы
арада жатыр. Бейімбеттің жиырма шақты өлеңі мен екі поэмасының
әрқайсысында әр қырынан көрініп, кезеңді шындықты көркем жинақтау арқылы
мінезі мен мүсіні мейлінше мол тұтасып-тұлғалана берген Мырқымбай келе-
келе осылайша образ-символға айналған. Мырқымбайға ыза болып күйіп-
піскенмен, әкенің де баладан асып баражатқан ештеңесі жоқ. Бала шорқақ
болса, әке қорқақ, екеуі бір сөлкебайдың екі жағы секілді. Әкенің балаға
сары атты ауылнайдың жетегіне байласаң қайтеді? деп зар қаққандағы халі
мен қалпы жалпы қоғам қамын ойлаған көшелілігі емес, қай заманда болмасын,
әйтеуір атқамінер атаулыдан ығып, ығысып қалған үркелектігі, үрейсіздігі,
құр қаудырлаған қауқарсыз қалбағайлығы.
Мырқымбай туралы өлеңдер топтамында сөз бен сурет, ой мен образ осылай
жымдасқан. Майлин поэзиясында өзіне тән мәнер мен машық, өзгеден ерекше
өрім мен өрнек бар десек, оны дәл осы арадан іздеген жөн.

1.4. Б.Майлин - суреткер

Суреткер-өз заманының ұлы, өз дәуірінің үні. Ол өзі өмір сүріп
отырған мезгіл мен мекендегі қандай құбылысқа болса да енжар, бейтарап
қарай алмайды. Оны бәрі тебірентеді, ол бәріне араласады. Ендеше оның
қаламынан туған шығармалар да бір емес, бірнеше тақырыпқа жазылады, бір
емес, бірнеше зәру жәйтке кұрылады. Оның көркем туындыларының мазмұны мен
пішіні де, жанры мен жанрлық турлері де осыдан келіп шығады. Бұл табиғи
нәрсе!
Мәселен, Майлин поэзиясында тегі мен түрін автордың өзі белгілеп,
поэма деп ат қойып, айдар таққан шығарма жоққа жақын. Оның оқиғалы ұзақ
жырлары сюжетсіз шағын өлеңдерімен аралас-құралас бірге жүр.
Көңіл айту деген өлеңде байы тәркіленіп жер аударылған бәйбішенің
жаңа тәртіпке көндіге алмай өткен күнін аңсап зар жылағанын мысқылдаса,
Жайлыбайда жалғыз қатын деген өлеңде Зейнеп сұлудың жалғыз атты
Жайлыбайға жібі түзу жар болғысы келмей, малы көп, қалтасы қалың мырзаның
қақпақылына түсіп, арбағанына әуейі болған неке бұзарлығын сынайды.

Демек, Бейімбет теңдік, азаттық дегенді арқаланып, бас бостандығын
алған білімсіз әйелдердің білместік жасағынан, жаңа заманның жаңа адамына
жат қылығын кешірмейді. Оның қолдайтыны — жаңа заманға лайық жаңа
адам, жас та болса бас болуға айналған ақылды қыз (Бибігул деген
қарындас) — еңбек адамы...
Майлин шығармашылығын зерттеушілер оның оқиғалы, сюжетті ұзақ өлеңдерін
күллі қысқа өлеңдерінің ара-арасынан іріктеп алып, поэмалар ретінде талдап
жүр.
Жоғарыда аталған махаббат тақырыбындағы поэмалардың ішінен Разия қыз
(1919) бен Маржанды (1933) бөліп қарастыруға болар еді. Бұлардың бірінде
Разия атты бай қызы Әлім деген кедей жігітпен көңіл қосады, бірақ арманына
жете алмай, екеуі де ақ бандылардың оғына ұшады, екіншісінде
Маржан қыз не егде жалшы Тасқараға, не жас қойшы Сәлімге қосыла алмай ,
екеуінің де өліміне себепші Самалық байдың озбырлығына душар болып,
қайғылы халге ұшырайды.

Басқа поэмаларда осындай коғамдық маңызы үлкен әлеуметтік мәселелерді
қозғайды. Кемпірдің ертегісі (1927) он алтыншы жыл оқиғасына, Қанай
(1928) азамат соғысына арналса, Бөліс (1927) аулындағы жер бөліс жайын
суреттейді. Бұлардан бұрынырақ жазылған Өтірікке бәйге (1922), Хан
күйеуі (1923) ертегі-аңыз, қиял-ғажайып сюжеттерге кұрылған.Турасын
айтқанда, осылардың қай-қайсысы да қазіргі қазақ әдебиетінің өскен, өркен
жайған биігінен, қоспасыз суреткерлік шеберлік тұрғысынан пайымдасақ, осы
күнгі әбден жетілген шын мәніндегі шынайы поэмалардың алғашқы
баспалдақтары, бүгінгі биігімізге кешегімізден келетін көне сүрлеу
секілді. Әрине, әрқайсысында да кезеңді шындық көтеріледі, идеялық жағынан
да айқын нысана бар,бірақ өлеңдік жағы солғын, композициялық құрылымы
болбыр екенін айтпасқа болмайды.
Сондықтан да біз Бейімбет өлеңдері мен поэмаларына нағыз әдебиетшінің
биік талғамы белгілеген нағыз көркемдік критерийлерін өлшем етіп, шыншыл
шолу жасасақ екі нәрселерін айрықша атау жөн ғой дейміз. Оның бірі:
Майлиннің юморы мен сатирасы.

2. Бейімбет Майлиннің прозалық шығармалары
2.1. Шұғаның белгісі қазақ прозасының үздік үлгісі

Шеберлік демекші, Бейімбет Майлиннің драматургиядағы шеберлігі жүребара
(Майдан тұсында) жетілсе, көркем прозадағы шеберлігі тура алғашқы
қадамынан (Шұғаньң белгісінен) басталды. Осы ғасырдың оныншы жылдарының
орта тұсында (1914-1915) Майлин Шұғаның белгісін жазып, қолжазба
журналда (Садақ) жариялағанда қазақ прозасы жанр ретінде жаңа туып-
қалыптаса бастаған еді. Десек те, дәл осы шығарма суреткерлік шеберлік
тұрғысынан пайымдағанда, күні бүгінге дейін қазақ повесінің үлгісі болып
қалып отыр.
Повестің оқиғасы дәстүрлі қалыпқа салынған. Кедейден шыққан Әбдірахман
деген мұғалім жігіт Есімбек деген байдың Шұға деген сұлу қызына ғашык
болады. Жігітті қыз да сүйеді. Бұл, әрине, байларға ұнамайды. Олар жала
жауып, Әбдірахманды айдатып жібереді. Бұған күйзелген Шұға айықпас дертке
ұшырайды. Қызының халіне қиналған Есімбек болысқа айтып, Әбдірахманды
амалсыз босаттырады. Әбдірахман сүйікті Шұғасын көруге асығып келсе,
қайран ару бұл дүниемен біржола қоштасқан екен, оның өзіне жазып
қалдырған хатын оқып, көз жасы көл болады.
Ал осында не тұр? Мұндай оқиға жұртқа таныс, ауыз әдебиеті мен жазба
әдебиетінің талай шығармаларына мазмұн болған. Дәстурлі дейтін себебіміз
де сондықтан. Майлин — суреткердің шеберлігіне қатал сын да дәл осы жерде
болатын.
Шебер қолдан шыққан сыршыл, шыншыл сондықтан оқушыны баурап, үйіріп
әкететін әдемі, әсерлі повесть қандай болуы керек? Бәрінен бұрын
композициялық құрылымы қиыннан қиысқан қызық, арналы, желілі, тұтас болуы
керек. Ол үшін сюжет өріміндегі кезең-кезеңдерді (басталу, байланыс,
даму, шарықтау, шешім) рет-ретімен, қисынды түрде ұтымды өрбіту шарт.
Бейімбет, міне, осы шартты ойдағыдай орындаған.
Қысқа-қысқа он үш тараудан тұратын шап-шағын повесть былай басталады:
Біз елден шыққанда күн де сәскелікке жақындап еді. Ұшпалы сұр бұлттар
көшкен керуен сықылды тіркесіп оңтүстікке қарай жылжып ұшып, күннің көзі
біртіндеп ашыққа шығып, жылы шырайлы нұрын шаша бастады.Бұл — әсем
пейзаж. Дала, күз, сәске, бұлт, күн... Оқушының көз алдына табиғат суреті
жайыла қалады және жай сурет емес, жанды сурет, қозғалады, қимылдайды.
Бұлттар жөңкіле көшіп барады, күннің көзі біртіндеп ашыққа шығады, бұл да
қарап тұрмайды, күледі шұғыла шашады.
Автор осы суретке оқушы назарын әбден аударып алады да, оған ізінше
Біз екеу едік деп мәлімдейді. Бұлар кімдер? Бірі автор, екіншісі қасына
ерген жолдасы —Қасымжан сиректеу сақал-мұрты бар, қара бұжыр. Портретті
де жай сыза салмайды, жандандырады Пішініне қарағанда, бір түрлі
сөйлемпаз адам деп қояды. Шынында да солай, жол бойындағы Шұғаның
белгісі атанған обашықтан ағыл-тегіл әңгіме туғызып тыңдаушысын ұйытып
әкетеді:Бұл қызық әңгіме, тыңдаңыз,— деді. Сөзді бастап та
жіберді.Жазушының шеберлігі сондай, бірінші тарау сөйтіп табан аузында
әңгіме ішіндегі әңгімеге, немесе прологке айналып шыға келеді де, сюжет
екінші тараудан (Қасымжан аузымен) қайта басталады. Бала күнімізде анау
көрінген төбенің басында талай асық ойнап едік... Ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейімбет Майлиннің өмір жолы
Бейімбет Майлин туралы
Ана туралы әңгімелер циклі
Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы қалыптасуы
БЕЙІМБЕТ МАЙЛИННІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Тарихи трагедия табиғаты
Қазақ драматургиясы
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Ғ. Мүсіреповтің әңгімелеріне жүйелі талдаулар жасап, оның еңбектерінің қазақ әдебиеті тарихындағы алатын орны мен ролін анықтау
Бейімбет Майлиннің баспасөздегі қызметі
Пәндер