Мемлекет механизмінің ерекшеліктері, қызметі
Кіріспе
1. Мемлекет механизм мазмұны
1.1 Мемлекет механизм түсінігі
1.2 Мемлекет механизмінің ерекшеліктері, қызметі
1. Мемлекет механизм құрылымы
1.1 Мемлекеттік биліктің заң шығарушы және өкілді органдары
1.2 Атқару органдары
1.3 Сот органдары
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер

Мемлекетті сан қилы қызметін атқаратын механизмі болады. Мемлекеттің механизмі – белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сиппатлатын мемлекет органдарының жүйесі. Әр мемлекеттің механизмі оның тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық, т.б. ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бірдей тән органдар болады. Негізінен, олар – құқықтық тәртіпті сақтайтын, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады. Мемлекет механизміне тән заңдылық – оның органдары тек мемлекет қызметін атқаруға қажет болғанда ғана құрылады. Екінші заңдылығы – бірінің қызметін бірі қайталайтын органдардың болмауы. Мемлекет механизмінің құрылымы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан және мемлекетттік қызметкерлердің, ұйымдық қаржылардан, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз етуге қажет ықтиярсыз көндіру күштерінен тұрады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Ата Заңы еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық, зайырлы және егеменді мемлекет белгілерін бекітіп айқындап берді. Өз дамуын кеңейте түскен мемлекетте ерекше орын алатын орган жүйесі болып мемлекеттік аппарат табылады. Конституцияда мемлекеттік аппарат тармақтарының әрқайсысына кең өкілеттік берілген.
Қарастырып отырған семестрлік жұмыстың тақырыбы «Мемлекет механизмі» деп аталады. Жұмыстың мақсаты – мемлекет механизмі ұғымы, нысандары, құрылымы, қағидалары туралы нақты әрі толық мазмұнын ашып беру.
Мемлекеттік механзм мемлекеттік органдардың жүйесін өзімен байланыстырады және мемлекет алдындағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру арқылы өз қызметін айқын көрсетеді. Қандай да болмасын мемлекеттің ең негізгі құрамды элементі – бұл механизм болып табылады.
Семестрлік жұмыстың тақырыбының мазмұнын толығымен ашып көрсету мақсатында төмендегідей сұрақтар қарастырылады. Олардың қатарына мыналар жатады:
- мемлекет механизмінің жалпы сипаты, нақтырақ айтқанда түсінігі, белгілері және нысандары;
- мемлекеттік аппараттың құрамын құрайтын мемлекеттік органдардың түрлеріне нақтырақ толық мәлімет беру,
- мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының негізгі принциптерін талдап беру.
Мемлекет – бұл қоғамды білдіре отырып, осы қоғамды басқаратын және оның интеграциясын (құрылуын) қамтамасыз ететін арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты болатын бұқаралық биліктің саяси – аумақтық, егеменді ұйымы.

1. Жоламан Қ. Д., Мұхтарова А. Қ., Тәукелев А.Н. Мемлекет жәнеқұқық теориясы. –Алматы, ҚазМу баспа орталығы.1999. 320б.
2. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы. 27б.
3. Булгакова Д.А. «Мемлекет және құқық теориясы». Оқу құралы. Алматы. «Заң әдебиеті» 2004ж. 106б.
4. Ағдарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Оқулық. – Алматы: «Наз» баспа компаниясы, 2003. 328б.
5. Қазақстан Республикасының «Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңы. //Егемен Қазақстан. 1995ж. 21 қазан. 3-5б.
6. Қазақстан Республикасының Конституциясы. –Алматы, «Жеті жарғы».
2000ж. 48б.
7. «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы. //Егемен Қазақтан 1999ж. 15 мамыр. 3-4б.
8. Амандықов С.К. «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы». Оқу құралы. – Астана. 2001ж. 348б.
9. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы. 574б.
10. Д.А. «Мемлекет және құқық теориясы». Оқу құралы. Алматы. «Заң әдебиеті» 2004ж. 106б.
11. Ағдарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Оқулық. – Алматы: «Наз» баспа компаниясы, 2003. 328б.
12. «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгеруер мен толықтырулар енгізу тралы» 2007жыл 21 мамырдағы № 254 ҚР Заңы.
13. Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы 2004 жыл

Мемлекетті сан қилы қызметін атқаратын механизмі болады. Мемлекеттің механизмі - белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сиппатлатын мемлекет органдарының жүйесі. Әр мемлекеттің механизмі оның тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық, т.б. ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бірдей тән органдар болады. Негізінен, олар - құқықтық тәртіпті сақтайтын, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады. Мемлекет механизміне тән заңдылық - оның органдары тек мемлекет қызметін атқаруға қажет болғанда ғана құрылады. Екінші заңдылығы - бірінің қызметін бірі қайталайтын органдардың болмауы. Мемлекет механизмінің құрылымы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан және мемлекетттік қызметкерлердің, ұйымдық қаржылардан, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз етуге қажет ықтиярсыз көндіру күштерінен тұрады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Ата Заңы еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық, зайырлы және егеменді мемлекет белгілерін бекітіп айқындап берді. Өз дамуын кеңейте түскен мемлекетте ерекше орын алатын орган жүйесі болып мемлекеттік аппарат табылады. Конституцияда мемлекеттік аппарат тармақтарының әрқайсысына кең өкілеттік берілген.
Қарастырып отырған семестрлік жұмыстың тақырыбы Мемлекет механизмі деп аталады. Жұмыстың мақсаты - мемлекет механизмі ұғымы, нысандары, құрылымы, қағидалары туралы нақты әрі толық мазмұнын ашып беру.
Мемлекеттік механзм мемлекеттік органдардың жүйесін өзімен байланыстырады және мемлекет алдындағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру арқылы өз қызметін айқын көрсетеді. Қандай да болмасын мемлекеттің ең негізгі құрамды элементі - бұл механизм болып табылады.
Семестрлік жұмыстың тақырыбының мазмұнын толығымен ашып көрсету мақсатында төмендегідей сұрақтар қарастырылады. Олардың қатарына мыналар жатады:
- мемлекет механизмінің жалпы сипаты, нақтырақ айтқанда түсінігі, белгілері және нысандары;
- мемлекеттік аппараттың құрамын құрайтын мемлекеттік органдардың түрлеріне нақтырақ толық мәлімет беру,
- мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының негізгі принциптерін талдап беру.
Мемлекет - бұл қоғамды білдіре отырып, осы қоғамды басқаратын және оның интеграциясын (құрылуын) қамтамасыз ететін арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты болатын бұқаралық биліктің саяси - аумақтық, егеменді ұйымы.
1. Мемлекет механизм мазмұны
Егемен ел атанған Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет құру үшін мемлекеттік органдарда кәсібилік, демократиялық қағидаларын ұстану керек. Кәсібилік қағидасына сәйкес мемлекеттік қызметкер кәсіби даярланған маман болуы тиіс.
Мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігі және этика мәселесі мемлекет құрылған сәттен бастап әрдайым күн тәртібінде тұратын мәселелердің бірі.
Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауында көрсетілгендей жаңа кадр саясатын жүргізу, жаңа басқару тобын құру, мемлекеттік органдарды еліміздің бүгіні мен болашағына қызмет жасайтын кадрлармен қамтамасыз етуді талап етеді.
Бүгінгі күннің басты талабының бірі - мемлекеттік органдардың , билік
басындағылардың мемлекеттің негізі, қозғаушы күші заңдарды жақсы білу, сол арқылы қарамағындағыларды заңбұзушылықтан сақтандырып отыруы.
Заң ғылымы жүйесінде Мемлекеттік органдар қызметінің және ұйымдастырылуының қағидалары зерттеу тақырыбы -- өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, жақсы, үлгілі мемлекет болу үшін жақсы басқару жүйесінің болу керектігі идеясы ертеден келеді (Аристотель, Платон, т.б.). Қазіргі көптеген демократиялық мемлекеттер -- құқықтық мемлекет құру жолын ұстанған. Ал құқықтық мемлекетте мемлекеттік органдарға жоғары талап қойылады, олардың жауаптылығы жоғарылайды.
Мемлекет дегеніміз -- өз аумағындағы халықты құқықтық жүйесі арқылы ұйымдастыратын, басқаратын күрделі саяси ұйым.
Мемлекет - арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратың және оның дамуының қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің, егеменді, саяси ұйымы.
Мемлекет қоғамды басқаруды жүзеге асыратын, өзінің барлық мүшелерінің мүдделері үшін тәртіпті қамтамасыз ететін, әрі үстем таптардың немесе билік жүргізуші топтың немесе халық топтарының мүддесін артықшылықтан қорғайтын биліктің ерекше ұйымы болып табылады.
Мемлекеттік механизм деген - мемлекеттік органдардың мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістері мен құралдарының жүйесі. Яғни, мемлекеттік механизм ұғымына - мемлекеттік билік, мемлекеттік аппарат, мемлекеттік билікті жүзеге асыру құралдары мен әдістері ұғымдары кіреді. Мемлекеттік орган -- мемлекеттік аппараттың бір буыны. Ол - мемлекет атынан белгілі бір мемлекеттік функцияны жүзеге асыруға бағытталады. Мемлекет механизмі түсінігімен қатар, теория және практика жүзінде мемлекеттік аппарат түсінігі де кеңінен пайдаланылып келеді. Биліктің бірден-бір бастауы - халық болғандықтан мемлекеттік органдар халықтың еркін, мүддесін ескеру қажет. Халық еркі сайлаулар, референдум, мемлекеттік қызметке орналасу теңдігі, т.б. жолдармен ескеріледі. Сондықтан, мемлекеттік органдар өз қызметінде демократиялық қағидаларды басшылыққа алуы тиіс. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының жоғарылығы, демократизм, биліктің бөлінуі, заңдылық, жариялылық, кәсібилік, сайланбалылық және тағайындамалық жүйенің бірлігі, т.б. қағидалар.
Мемлекет -- басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны.
Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік органдардың орындайтын қызмет бабы және істері өзгеріп отырады. Мемлекет қоғамға қызмет етуі керек, оның мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етуге, оның тіршілік етуіне қажетті жағадайларды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл жағынан мемлекеттің мүмкіндігі зор. Орасан зор материалдық, адам, ұйымдастыру ресурстарына, саяси-идеологиялық потенциалға, басқарудың, реттеудің және ықпал етудің әр алуан құралдарына иелік ете отырып, мемлекет экономиканың, әлеуметтік, рухани және басқа жағдайлардың дамуына оң әсер етіп, тұрақтылық пен тәртіпке қол жеткізуге, қоғамда қажетті моральдық- психологиялық ахуал қалыптастыруға оң ықпал ете алады.
Мемлекеттік органдарды ұйымдастырудың және оның қызметінің қағидалары, сөз талас қағида саны бойынша да жүргізіліп жатыр. Тербеліс омплитудасы мұнда өте үлкен. Ю.М.Козлов еңбектерінде тек үш қағиданы-федерализм, заңдылық, орталықтандыру және орталықсыздандыру айтса, Б.П.Елисеев он екісін айтты: федерализм, жүйелілік (төмен тұрған органдардың жоғары тұрған билікке бағынуы); орталықтандыру, орталықсыздандыру; өкілеттіліктері мен қызметтерін дифференциациялау және белгілеу; кәсібилік пен құзыреттілік; заңдылық; жариялылық; қызметтер мен белгіленген өкілеттіктерді бір бөліктің (жүйенің) оның басқа бөлігіне (ішкі жүйеге) беру жолымен бөліп беруі; заңшығарушы, атқарушы және сот билігінің өзара іс әрекет және келісіп қызмет атқару; азаматтардың билік органдарын құруда (сайлауда) қатысу; бақылау.
1.1 Мемлекет механизм түсінігі
Мемлекет механизмі -- бүл қоғамды мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ететін және мемлекеттік билікті жүзеге асыруға көмек ететін мемлекеттік органдар жүйесі.
Кең мағынада мемлекет механизмі үш құрамдас бөліктерден құралады: мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік аппарат пен мемлекеттік кәсіпорындар.
Мемлекеттік мекемелер -- бұл әлеуметтік, экономикалық, мәдени т.б. аяларда мемлекеттік функцияларды орындаудың тәжірибелік, тікелей қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар.
Мемлекеттік кәсіпорындар қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өнімдерді өндіру немесе қоғамға қызмет көрсету мақсатында шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін қүұрылады.
Мемлекетті аппарат бұл мемлекет алдында тұрған мәселелерді шешу мен функцияларды атқару үшін құрылған билік өкілеттіктерімен үлестірілген барлық мемлекеттік органдар жүйесі.
Тар мағынасында мемлекет механизмін мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін биліктік өкілеттіктермен үлестірілген мемлекеттік органдар жиынын құрайтын мемлекеттік теңестіреді. Өз кезегінде мемлекеттік орган мемлекеттік аппараттың бастапқы элементі болып табылады.
Әрбір мемлекеттік орган сәйкес міндеттермен жүктелінген, мемлекеттік қызметтің белгілі-бір түрін жүзеге асыру мақсатында мемлекетпен құрылатын мемлекеттік аппараттың біршама дербес, құрылымдық ерекшеленген буыны болып табылады. Ол өзінің міндеттерін жүзеге асыру үрдісінде мемлекеттің ұйымдық, материалдық пен мәжбүрлік күшіне сүйенеді.
Бірқатар авторлар мемлекеттік органдар қызметінің үш нысанын бөліп көрсетеді:
-- нормативті-құқықтық актілерді дайындап, шығаруға бағытталған құқықтық-творчестволық нысаны;
-- құқық нормаларын жүзеге асыратын мемлекет органдарының билеуші қызметінің нысаны ретінде құқықты атқарушы нысаны;
-- құқықтық нормалардың сақталуын қамтамасыз ететін мемлекеттің құқықтық қызметінің нысаны -- құқық қорғаушы нысан.
Мемлекеттік органдар ұғымын сипаттайтын ерекшелік нышандарға:
-- тапсырылған аяда белгілі-бір қызмет түрі арқылы мемлекет міндеттерін және функцияларын мемлекет атынан жүзеге асыру;
-- мемлекеттік кэсіпорындар мен мекемелерден ерекшеленетін белгілі-бір биліктік уәкілдіктерге ие;
-- белгілі бір міндеттерге ие болуы, яғни бекітілген функциялары, құқықтары мен міндеттердің болуы;
-- белгілі бір құрылыммен сипаттайды, яғни штат саны белгілі жеке бөлімшелерге бөлінеді және қызметінің аумақтық масштабы бар;
-- Заңмен бекітілген тәртіппен құрылады.
Мемлекеттік органдарға мемлекеттік-биліктік сипатты уәкілдіктерді үлестіру мемлекеттік органдардың маңызды нышаны болып табылады. Басқа нышандар жиыны арқылы ол бір жағынан, мемлекеттік ұйымдар (кәсіпорындар, мекемелер) мен мемлекеттік органдар арасында, екінші жағынан, мемлекеттік емес органдар мен ұйымдар арасында жеткілікті нақты айырмашылық өткізуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік органдарды сапалы түрде ерекшелеп, сипаттайтын негізгі қасиеті -- заң актілерін (нормативті-құқықтық актілер, қаулылар және т.б.) шығаруға уәкілдіктердің болуы.
1.2 Мемлекет механизмінің ерекшеліктері, қызметі
Мемлекеттің механизмі - белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сиппатлатын мемлекет органдарының жүйесі. Әр мемлекеттің механизмі оның тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық, т.б. ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бірдей тән органдар болады.
Негізінен, олар - құқықтық тәртіпті сақтайтын, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады. Мемлекет механизміне тән заңдылық - оның органдары тек мемлекет қызметін атқаруға қажет болғанда ғана құрылады. Екінші заңдылығы - бірінің қызметін бірі қайталайтын органдардың болмауы. Мемлекет механизмінің құрылымы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан және мемлекетттік қызметкерлердің, ұйымдық қаржылардан, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді қамтамассыз етуге қажет ықтиярсыз көндіру күштерінен тұрады.
Мемлекетттік органдар өкіметтік қызметтерін жүзеге асырудың барысында өзара тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен жөн.
Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың биліктік өкілеттіліктері болмайды. Олар экономика, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, спорт, және т.б. салаларда жалпы әлеуметтік қызметтерді атқарады.
Мемлекеттік қызметкерлер - бұлар басқару ісімен арнайы түрде айналысатын айрықша топ құрайтын санаттағы адамдар болып табылады. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы арнайы заң арқылы реттелінеді, онда мемлекеттік қызметкерлердің түрлері және міндеттері мен құқықтары айқындалып көрсетіледі.
Демократиялық құқықтық, әлеуметтік мемлекет ғасырлар сынағынан өткен принциптерге негізделіп құрылады. Мұндай мемлекеттердің механизмі мынандай органдардан тұрады:
1. Өкілдік органдар. Қазақстан Республикасында өкілдік органдар екіге бөлінеді:
1) Жоғары өкілдік орган - Парламент. Парламент - бірден - бір заң шығаратын орган.
2) Жергілікті өкілдік органдар - оюлыстық, аудандық, қалалық мәслихаттар.
2. Мемлекет басшысы. Қазақстанда мемлекет басшысы - Президент.президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және үкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамассыз етеді.
3. Атқарушы орган. Қазақстанда жооғары атқарушы орган - Үкімет. Жергілікті атқарушы органдар - әкімшіліктер.
4. Орталық басқару органдары. Қазақстанда оларға: министрліктер, мемлекеттік комитеттер, агенттіктер, ведомстволар жатады.
5. Сот органдары. Қазақстанда оларға: Жоғары Сот, жергілікті соттар, әскери соттар жатады.
6. Прокуратура. Ол заңдардың біркелкі орындалуын қадағалайтын орган.
7. Әскер. Оған мемлекеттің әр саладағы қарулы күштері жатады.
8. Барлау, қарсы барлау органдары.
9. Абақты, бас бостандығынан айырылған адамдарды ұстап тұратын орындар.
Мемлекеттік механизмінің негізгі құрылымдық бөлімі - мемлекеттік орган. Мемлекеттік орган дегеніміз - билік өкілеттіктерге ие, мемлекет қызметтерін жүзеге асырушы ұйым. Мемлекеттік орган мемлекеттік қызметкерлерден тұрады, бұлардың айрықша түрі - лауазымды тұлғалар болып табылады. Мемлекетік қызметкерлерді материалдық игіліктерімен қамтамассыз ету - қоғамның міндеті.
Мемлекеттік органның биліктік өкілеттері болады. Олар:
oo атқарылуы міндетті болып келетін нормативтік- құқытық актілерді қабылдау үшін берілген мүмкіндіктер;
oo мемлекетік органдар қабылдаған актілерді басшылыққа алып, алуан түрлі әдістерді қолдана отырып мемлекет бағдарламаларын жүзеге асыру, оларды орындауды қамтамассыз ету болып табылады.
Мемлекеттік органдар түрлі негіздер бойынша жіктеледі:
1. Туынды тәсілдер бойынша:
а) Бастапқы (өкілдік берілген) органдар, мысалы, мұрагерлік монархия, парламент, президент. Бұл органдар басқа қандай бір органдар арқылы құрылмайды;
б) Туынды (үкімет, прокуратура,т.б). Бұларды бастапқы органдар құрады және бұларға үкіметтік (биліктік) өкілеттерді солар береді.
2. Биліктік өкілеттіктердің көлемі бойынша:
а) Ең жоғары (үкімет);
б) Жергілікті (әкімшілік);
3. Құзырларының ауқымдылығы бойынша:
а) Құзырлары жалпылама болып келетіндері (үкімет);
б) Құзырлары арнайы түрде белгіленіп берілетіндері (ішкі істер органдары).
4. Билік бөлінісі қағидаттары бойынша:
а) Заң шығару органдары (Парламент);
б) Атқарушы(Әділет және т.б. министірліктері);
в) Сот органдары (соттар);
5. Шешім қабылдау тәртібі бойынша:
а) Алқалыоргандар, яғни шешімді алқалы түрде қабылдайттындар (Папламент,Үкімет және т.б.)
б) Жеке дара басшылық органдар, яғни шешімді жеке дара басшылықпен қабылдайтындар (Президент, министрліктер, комитер).
Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру мен оның қызметін атқаруын белгілеуде барлық мемлекеттік органдар үшін бірыңғай талаптар қойылады.
Талаптар - мемлекеттік органдарды құру және олардың қызмет атқаруларын айқындау тәсіл-амалдарының бастапқы идеялары, міндетті ережелері, негіздері.
Принцип түрлері:
1. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы қағидаты - адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік қызметкерлердің тануы, бұлжытпай қорғауы болатын міндеттерін айқындайды.
2. Демократиялық қағидат - азаматтардың мемлекеттік ооргандарды құру және олардың қызметтерін ұйымдастыру ісіне кеңінен қатысуды білдіреді.
3. Билік бөлінісі қағидаты - үкімет органдары мен лауазымды адамдар тарабынан болуы мүмкін басынушылықтар мен зорлық-зомбылықтарды бодырмаудың механизмдерін құрудың, жасаудың басты шарты мен негізі.
4. Заңдылық қағидаты - Конституцияны, заңдар мен заң актілерін барлық мемлекеттік қызметкерлердің міндетті түрде бұлжытпай орындауларын, сақтауларын қажет екендігін білдіреді.
5. Жариялық қағидаты - құқық субъектілерінің белгілі бір нақты мемлекеттік органдар тарабында атқарылып жатқан істер жөнінде мағлұмат алуын қамтамассыз етуді айқындайтын негіз.
6. Шынайы кәсіпқойлық қағидаты - мемлекеттік аппарат қызметтерінде кәсіби біліктілігі жоғары мамандарды пайдалану ісін іс жүзінде тәжірибеге енгізуді белгілеудің ең басты негізі.
7. Істерді атқаруда алқалылық пен жеке- дара шешім қабылдауларды үйлестіру қағидаты - мемлекеттік аппаратта демократиялық және бюрократиялық бастауларының ақылға қонымды шамада үйлесімді болуын қамтамассыз етудің алғышартының міндеттік негізі.
8. Сайланбалылдық пен тағайындаулардың үйлестірілуі қағидаты - мемлекеттік басқару ісінде жекелендіру мен орталықтандыру (бір орталыққа бағындыру) шараларының үйлесімділік дәрежесін (айқындау шартын) белгілейтін негіз.
9. Иерархиялық (сатылық) қағидаты - мемлекеттік аппартта мемлекет органдары әртүрлі деңгейлі дәреже алады, осыған байланысты басшылық бағыныштылықты немесе тең орында тұрады.
Мемлекеттің саяси режимі:
Саяси режим дегеніміз - мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру әдістерінің жиынтығы.
Саяси режімдердің түрлері:
а) демократиялық;
б) антидемократиялық;
Антидемократиялық саяси режіим өз кезегінде:
а) авторитарлық;
б) тоталитарлық;
в) фашистік режимдер болып жіктеледі.
Демократиялық саяси реждимнің белгілері:
1. Әр түрлі партиялардың, бірлестіктердің, қозғалыстардың Конституция шеңберінде еркін, бостандық жағдайында әрекет етуі, қызмет атқаруы.
2. Идеологиялық плюрализм, қоғамда әртүрлі идеологиялық ағымдардың, бағыттардың болуына және үстемдік етуші бірден-бір идеологияның болмауына жағдайлар жасалады.
3. Мемлекет өз органдарын, негізінен сайлау жолымен құрады.
4. Қоғамда демократиялық құқықтар мен бостандықтар орын алады. Оларды, шын мәнінде, қамтамасыз ету кепілдері жасақталады.
Антидемократиялық саяси режимнің белгілері:
1. Демократиялық партиялар мен ұйымдарға тыйым салынады;
2. Идеологиялық пікір алуандығы болмайды, мемлекетте үстемдік етуші идеология орнығады.
3. Сайлау жолымен құрылған органдар болмайды.
4. демократиялық құқықтар мен бостандықтар шектеледі.
5. Жаппай қуғын-сүргін және заңсыздықтар орын алады.
6. Авторитарлық режим антидемократиялық режимның бір түрі ретіндегі сипаты дербестенеді, яғни, нақты билеушілер түрінде көрініс табады, олар диктатура орнатады.
МЕМЛЕКЕТ ТИПТЕРІ
ҚОҒАМДЫҚ- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРМАЦИЯ ТИПІ
ӨРКЕНИЕТ ТИПІ
-ҚҰЛИЕЛЕНУШІЛІК МЕМЛЕКЕТ;
-ФЕОДАЛДЫ МЕМЛЕКЕТ;
-БУРЖУАЗИЯЛЫҚ МЕМЛЕКЕТ;
-СОЦИАЛИСТІК МЕМЛЕКЕТ;
-КӨНЕШЫҒЫС МЕМЛЕКЕТТЕРІ;
-КӨНЕАФИНДІК МЕМЛЕКЕТТЕР;
-КӨНЕРИМДІК МЕМЛЕКЕТТЕР;
-ОРТАҒАСЫРЛЫҚ;
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МЕМЛЕКЕТ;
МЕМЛЕКЕТТІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ - БҰЛ ОНЫҢ МӘНІ МЕН МАҚСАТЫН КӨРСЕТЕТІН ҚЫЗМЕТ АЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
ФУНКЦИЯЛАРДЫҢ ТОПТАСТЫРЫЛУЫ
ІШКІ
СЫРТҚЫ
ТАРАЛУ АЯСЫ БОЙЫНША
МАҚСАТТЫЛЫҒЫ БОЙЫНША
НЕГІЗГІ
НЕГІЗГІ ЕМЕС
ӘРЕКЕТ ЕТУ УАҚЫТТЫЛЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ
ТҰРАҚТЫ
УАҚЫТША
Мелекет механизмі белгілері:
- мемлекет механизмі басқарумен арнайы айналысатын адамдардан тұрады;
- тікелей үстем функцияларын жүзеге асыруда тығыз байланыста болатын күрделі органдар мен мекемелердің жүйесі;
- мемлекеттік аппараттың барлық буындарының қызметі - ұйымдастырушылық және қаржылық құралдармен, тиісті жағдайларда күштер әсер ету құралдарымен қамтамасыз етіледі;
- мемлекет механизімінің негізгі элементі мемлекеттік органдар болып табылады;
- мемлекет механизмі өз азаматтарының құқықтары мен мүдделеріне кепіл беруге және қорғауға міндетті.
Адамзат қоғамының дамуының әртүрлі саласында мемлекет механизмінің өзінің ерекшеліктері, өзіне тән құрылымы болды. Бұл экономикалық, әлеуметтік себептермен, мемлекет тұрғындарының ұлттық құрамымен, аумақ көлемі және басқа да факторлармен түсіндіріледі.
Мемлекет механизмі мемлекеттік биліктің жүзеге асуының негізгі субъектісі болып табылады. Мемлекет өзінің аппараты және органдары арқылы өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асырады, қоғамдық өмірдің тұрақталуы мен дамуына әсер етеді, елдегі демократияның тереңдеуіне септігін тигізеді.
1. Мемлекет механизм құрылымы
Қазіргі кездегі мемлекет механизмі өзінің күрделілігімен, оны құрайтын құрылымдар мен бөліктердің әралуандылығымен ерекшеленеді. Мемлекет механизмінің құрылымы деп оның ішкі құрылымын, оның элементтері мен буындарының орналасу тәртібін, олардың сәйкес келуі мен арақатынасын білдіруін айтамыз. Бұл құрылымға мыналар кіреді:
1) мемлекеттік органдар - бұл өздерінің тікелей үстем функцияларын жүзеге асыру барысында тығыз байланыста және өзара бағыныстылықта болатын мемлекеттік механизімінің бір элементі. Бұл органдардың ерекшелігі, олар мемлекеттік үстем өкілеттікке ие, атап айтқанда мемлекеттің күшімен байланысты құралдар, ресурстар мен мүмкіншіліктердіиеленеді, сондай-ақ жалпыға міндетті басқарушылық шешімдерді қабылдайды (мысалы, парламент, президент, үкімет, министрлік, мемлекеттік комитеттер және т.б.);
2) мемлекетткі ұйымдар - бұл мемлекеттік қорғаушылық қызметін жүзеге асыратын мемлекет механизмінің бір элементі (қарулы күштер, полиция, қаржы полициясы, ұлттық қауіпсіздік комитеті және т.б.);
3) мемлекеттік мекемелер - бұл үстем өкілеттіктері жоқ, бірақ, экономика, білім беру, мәдениет, денсаулық қорғау, ғылым, әлеуметтік салаларда мемлекеттің функцияларын атқару бойынша тікелей қызметті жүзеге асыратын мемлекет механизмінің бір элементі (кітапханалар, емханалар, ауруханалар, мектептер, ғылыми зерттеу институттары, жоғары оқу орындар және т.б.);
4) мемлекеттік кәсіпорындар - бұл үстем өкілеттіктері жоқ, бірақ, шаруашылық экономикалық қызметті жүзеге асыратын, өнім өндіретін не өндірісті қамтамасыз ететін, қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әртүрлі жұмыстарды орындайтын және әралуан қызметі көрсететін мемлекет механизмінің бір элементі (фабрика, зауод және т.б.);
5) басқарумен арнайы айналысатын мемлекеттік қызметшілер;
6) мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық және қаржылық, сондай-ақ мәжбүрлеу құралдары.
Мемлекет механизмі және оның құрылымдары уақыт өте өзгеріп отырады. Оларға ішкі (мәдени-тарихи, ұлттық-психологиялық, діни-өнегелілік ерекшеліктер, экономиканың даму деңгейі, елдің аумағының көлемі және т.б.) және сыртқы (халықаралық жағдай, басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасау және т.б.) факторлар әсер етеді.
1.1 Мемлекеттік биліктің заң шығарушы және өкілді органдары
Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, олар атқаратын қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттің органдар өкілеттігінің шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді:
1)Мемлекеттік билік органдары: Парламент, Президент және Маслихаттар;
2) Мемлекеттік атқару органдары; үкімет, министрліктер, ведомстволар, жергілікті басқару органдары, әкімдер. Мемлекеттік органдарының құрылу тәртібі мен алдына қойылған мақсаттары. Мемлекеттік органдар үш топқа бөлінеді: өкілетті органдар, атқару органдар және сот немесе құқық қорғау органдары.
Республика Президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады, ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Президент -- мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін жоғарғы лауазымды тұлға. Президент халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастыгын адам және азамат құқыктары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.
Атқару билік өкметінің қолында жиналған. Президенттік республикаларда өкімет саяси және ұйымдық тұрғыдан президент қамтитын атқарушы билік тармағына жатады. Парламенттің қатысуымен Президент басқарады әрі құрады, оның дербес құзыретті алқалы шешуші органы. Кабинет мүшелері бүкіл халық сайлаған Президент алдында дербес жауап береді. Үкіметтің нақты егеменділігі нақты мемлекет басшысының субъективтік пікіріне тікелей тәуелді. Қазақстан Республикасының үкіметі -- атқарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық ететін мемлекеттік орган. Оның заңдық ауқымы тұрғысынан -- Конституцияда және қолданылып жүрген заңдарда белгіленген. Бұл заңда Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 18 желтоқсандағы конституциялық күші бар жарлығымен бекітілген. Президент Үкімет мүшелерін тағайындағанда Конституцияның 64 бабының 1- тармағы бойынша парламенттің келісімін алуға тиіс. Ал үкіметті құру процедурасы өте күрделі және бірнеше кезеңнен тұрады. Сонымен Өкімет атқару билікті жүзеге асырады және бүкіл атқарушы органдардың жүйесіне басшылық жасайды. Қазақстан Республикасының Үкіметін Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Рес-публика Үкіметі аппаратының басшысы, Республика министрлері, мемлекеттік комитеттерінің төрағалары құрайды. Үкімет және нормативтік қаулылар қабылдайды және нұсқаулар береді.
Атқару органдарының қатарына мемлекеттік саясатты іс жүзінде дайындап, іске асыру, конституция мен заңдар талабын іс жүзіне асыру міндеті жүктелген органдар жатады.
Үкімет және салалық орталық, сондай-ақ, маңызды жергілікті атқарушы органдар мемлекет басшысына тікелей есеп береді және бакылауында болады, кейде оларды мемлекет басшысы тағайындайды және қызметінен босатады, толығымен дерлік соған бағынады. Сондықтан саяси-заң ғылымында мемлекет басшысы дәстүрлі түрде атқарушы органдар қатарына жатады, елдегі атқарушы вертикальдың шыны болып есептеледі. Алайда соңғы кездері Қазақстанда жәнеТМД-ның бірқатар елдерінде президент билік бірлігін бейнелейді, билік тармағының үстінен қарайды, олардың қалыпты қызмет атқаруын қамтамасыз етеді деген идея тарауда. Осы көзқарастардың алғашқысы (дәстүрлісі), президент атқарушы билікті басқарып қана қоймайтындығын, сондай-ақ мемлекет басшысы ретінде атқарушы биліктің шегінен шығатын бірқатар функцияларды (ол елдің қарулы күштерінің бас қолбасшысы болып табылады, Қазақстанның басқа елдердегі және халықаралық ұйымдардағы елшілері мен дипломатиялық өкілдерін тағайындайды және кері шақырып алады, кешірім жасау құқығы бар және т.б.) жүзеге асырады. Екінші көзқарас президентті билікті бөлу шегінен шығарып жібереді. Бұл мәселе қосымша зерделеп, талдау жасауды қажет ететін сияқты.
Заң шығарушы биліктің органдары.
Заң шығарушы органдар мемлекеттік аппарат құрылымында орталық орынды алады. Бүл органдардың негізгі мақсаты заңдық қызмет болып табылады. Қоғам мен мемлекеттің саяси өмірінде заң билігі органдарының ерекше рөлін көрсету үшін, жеке елдердің конституциялары парламент мемлекеттік биліктің жоғарғы органы болып табылатынына ғана сілтемей, сонымен қатар мемлекеттің жалғыз заңдық органы ретінде қарастырылуын бекіткен (Жапонияның 1947 жылғы Конституциясының 41 бабы). Осы мақсатта басқа мемлекеттер парламентпен қабылданатын заңдарда қандай сипатты ережелердің болуын көрсетеді.
Д. Локк заң билігі қажетілік бойынша жоғарғы болуы және қалған биліктер белгілі бір дәрежеде оның қол астында және оған тәуелді болуы керек. Себебі заң шығарушы билік мемлекеттік пен қоғамдық өмірдің құқтық қайнар көздерін бекітеді және елдің сыртқы мен ішкі саясатының негізгі бағыттарын анықтайды, демек атқарушы мен сот биліктері қызметінің нысандарын мен құқықтық ұйымдастырылуын анықтайды.
Мемлекет механизмінде заң шығарушы органдардың басты жағдайына ие болуы салдарынан, онымен қабылданатын Заңдардың жоғарғы құқықтық күшіне иеленеді және құқық нормаларына жалпыға міндетті сипатта болады. Дегенмен, заң шығарушы органдардың жоғарғы орган ретінде қарастырылуы абсолютті сипатта емес. Оның қызметінің шектері құқық принциптерімен, адамның табиғи құқықтарымен, бостандық пен әділеттік идеяларымен шектелген. Оны қызмет ететін конституциялық заңдардың сәйкес болуын қамтамасыз ететін арнайы конституциялық органдар мен халық бақылайды.
Сонымен қатар заң шығару функцияларын шоғырландыра отырып,
парламент бірқатар жағдайларда өзінің функцияларының біршамасын өзінің қол астындағы (өзі бақылайтын) органдарға тапсырады. Сөйтіп, АҚШ Конгрессі, РФ Федералдық жиналысы, ҚР Парламенті, Англия Парламенті, Францияның Ұлттық жиналысы мен Сенаты жоғарғы заң шығарушы органдар ретінде түрлі себептерге байланысты белгілі бір актілерді дайындап, қабылдауды өкіметке, жеке министрліктерге мен ведомстволарға тапсырады.
Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 16 қазандағы 2529 Конституциялық Заңына сәйкес Парламент -- заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы болып табылады.
Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенат әр облыстан, Республикалық маңызы бар қаладан және Республиканың астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың сайланатын депутаттарының жартысы әр үш жыл сайын қайта сайланып тұрады. Сенаттың жеті депутаттың Сенат өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды әрі олар әр үш жыл сайын қайтадан сайлануға тиіс емес. Мәжіліс жетпіс жеті депутаттан тұрады. Алпыс жеті депутат Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және сайлаушылар саны шамамен тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады. Он депутат бара-бар өкілдік жүйесі бойынша және біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдердің негізінде сайланады. Парламент депутаты бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды. Сенат пен Мәжіліс депутаттарын сайлау тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді.
Парламенттің үйлестіруші органдары Палаталар төрағаларының жанынан құрылатын Сенаттың Бюросы және Мәжілістің Бюросы болып табылады.
Бюролардың құрамында Палаталар төрағаларының орынбасарлары, Палаталардың тұрақты комитеттерінің төрағалары кіреді. Палаталардың Бюролары: Палаталардың комитеттері мен комиссияларының жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады; Палаталар үшін заңдардың жобаларын және Парламент пен оның Палаталарының өзге де шешімдерін қараудың кезектілігі жөнінде Ұсыныстар дайындайды; бірнеше комитеттердің құзыретіне жататын мәселелер бойынша комитеттердің бірлескен жұмысын ұйымдастыруға көмек көрсетеді және т.б.
Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Қазақстан Республикасының заңдары, соның ішінде конституциялық заңдар, Парламенттің жеке қаулылары түріндегі заң актілерін қабылдайды. Сенат пен Мәжіліс өз құзыретіндегі мәселелер бойынша дара сипатты қаулыларды қабылдайды. Парламент пен оның Палаталары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша үндеулер, декларациялар, мәлімдемелер және заң сипаты болмайтын өзге де актілер қабылдауға хақылы. Оларды қабылдау Парламент пен оның Палаталарының регламенттері белгілеген шарттар мен талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады.
Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, мыналарға:
* жеке және заңды тұлғалардың құқықтық субъектілігіне, азаматтық
құқықтар мен бостандықтарға, жеке және заңды тұлғалардың міндеттемелері мен жауапкершілігіне;
* меншік режиміне және өзге де мүліктік құқықтарға;
* мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын
ұйымдастыру мен олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметтің негіздеріне;
* салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге;
* республикалық бюджетке;
* сот құрылысы мен сотта іс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz