Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.КАПИТАЛ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1Резервті капитал аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Резервтік капитал есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.БӨЛІНБЕГЕН ПАЙДА ЕСЕБІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
3.КАПИТАЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ БОЙЫНША БОЛАТЫН ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
3.1.Төленбеген капитал есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
3.2.Қайтарылып алынған капитал есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
3.3.Қосымша төленген капитал есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Қосымша төленбеген капитал есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
3.4.Негізгі құралдарды қайта бағалау оперециясы ... ... ... ... ... ... 20
4.ҚАЙТАРЫЛЫП АЛЫНҒАН КАПИТАЛ ЕСЕБІ ... ... ... ... ... ... 23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Кез-келген ұйымның немесе кәсіпкердің шаруашылық қызметін іске асы- рудағы басты мақсаты – пайда табу. Ұйым немесе кәсіпкер осы мақсатын іске асырудағы бірінші мәселе – ол капиталдың жеткіліктілігі.
Меншікті капиталдың рөлі сондай, тіпті Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар шаруашылық қызметпен айналысу үшін міндетті түрде белгілі-бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс, осы мүліктердің ақшалай көрінісі үйымның меншікті капиталы болып табылады. Меншікті капиталдың есебі бухгалтерлік есепте ең бір негізгі орын алады, өйткені ұйымның шаруашылық қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қаржыландыру көзі ол – ұйымның меншікті капиталы. Ал меншікті капиталдың талдауын жүргізу – меншікті капиталдағы өзгерістерді орынды бақылап, ұйымның қаржылық тұрақтылығын сақтап қалуға әсер етеді. Әрбір ұйым үшін анықтап алатын мәселе – шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін қаржы капиталының жеткіліктілігі, бос тұрған ақша-қаражаттарын айналысқа жібере отырып, эконмикалық өсуге жағдай жасау.
Капитал деп келешек игілікті өндіруді молайту үшін пайдаланатын қазіргі игілікті айтуға болады. Капитал латын сөзінен басты мүлік деген ұғымды білдіреді.
Капиталдың өсуі капиталистердің ақысыз иемденетін жалдамалы жұмыстарының еңбектерінен өндірілетін қосымша құн. Заттай және моральдық жағынан тозған, ескерген құрал-жабдықтарға кеткен шығындары амотизация жолы арқылы өтеліп отырады.
Нарықтық капиталға көшкен кезде капитал сөзі жиі айтылатын болады, бірақ капитал деп кез келген ақшаны айтады. Қандай да бір капитал болмасын өз қозғалысын белгілі ақша сомасы түрінде бастайды. Алайда ақшаның ақшамен және ақшаның капитал ретіндегі айырмашылығы бар. Ақшалар өз бетінше капитал бола алмайды. Мысалы егер ақшалар тауар айырбасын Т-А-Т формуласымен қызмет көрсетсе онда олар бұл бір жерде айналым қызметін орындайды.
Егер ақшаларды құнды еселеу құралы ретінде қолданса яғни алғашқы салынғанға қарағанда көп құн алу үшін көп болса, онда ақшалар капитал бола алады.
1) «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері» Кеулімжаев.
2) Қазақстан Республикасы Салық кодексі. 2008ж.
3) Толық экономикалық орысша-қазақша сөздік. Тоқсанбай С.Р.
4) «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» Алматы 2001ж. Дүйсенбаев К.Ш, Төлегенов Э.Т, Жұмағалиев Ж.Т.
5) Интернет.Дипломная работа «Учет и анализ собственного капитала».
6) Типовой план счетов бухгалтерского учета. Алматы 2007г.
7) Комментарий к корреспонденциям счетов типовых операций.Январь 2008г.
8) «Аудит негіздері» Алматы 2005ж. Абленов Д.О.
9) «Учет капитала предприятия» 2001г. Ануфриев В.Е.
10) «Анализ собственного капитала» 2000г. Ефимова О.В.
11) «Аудит» Қазақ Университеті, 2004ж. Байдаулетов М., Байдаулетов С.М.
12) «Қаржылық есеп» КеулімжаевҚ.К., Әжібаева Ж.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.А., Алматы 2001ж.
13) «Бухгалтерлік есеп» Радостовец В.К., Габдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И., Алматы 2003ж.
14) «Бухгалтерлік ақпарат жүйелері» Төлегенов Э.Т., Алматы, 2006ж.
15) «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп принциптері» Әбдіманапов Ә. Алматы 2006ж.
16) «Салық және салық салу» Үмбеталиев А.Д, КерімбекҒ.Е. Алматы,2006ж.
17) «Бухгалтерлік есеп жүргізудің тәжірибелік әдістемелері» Мырзалиев Б.С, Әбдішүкіров Р.С. Алматы,2006ж.
18) «Аудит теориясы» Сәтмырзаев А.А, Укашев Б.Е. Алматы,2000ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.КАПИТАЛ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1Резервті капитал аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Резервтік капитал
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...10
2.БӨЛІНБЕГЕН ПАЙДА ЕСЕБІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
3.КАПИТАЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ БОЙЫНША БОЛАТЫН ОПЕРАЦИЯЛАР
ЕСЕБІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
3.1.Төленбеген капитал есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
3.2.Қайтарылып алынған капитал есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
3.3.Қосымша төленген капитал есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Қосымша төленбеген капитал есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
3.4.Негізгі құралдарды қайта бағалау оперециясы ... ... ... ... ... ... 20
4.ҚАЙТАРЫЛЫП АЛЫНҒАН КАПИТАЛ ЕСЕБІ ... ... ... ... ... ... 23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

КІРІСПЕ

Кез-келген ұйымның немесе кәсіпкердің шаруашылық қызметін іске асы-
рудағы басты мақсаты – пайда табу. Ұйым немесе кәсіпкер осы мақсатын іске
асырудағы бірінші мәселе – ол капиталдың жеткіліктілігі.
Меншікті капиталдың рөлі сондай, тіпті Қазақстан Республикасының заңына
сәйкес кәсіпорындар шаруашылық қызметпен айналысу үшін міндетті түрде
белгілі-бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс, осы мүліктердің ақшалай
көрінісі үйымның меншікті капиталы болып табылады. Меншікті капиталдың
есебі бухгалтерлік есепте ең бір негізгі орын алады, өйткені ұйымның
шаруашылық қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қаржыландыру көзі ол
– ұйымның меншікті капиталы. Ал меншікті капиталдың талдауын жүргізу –
меншікті капиталдағы өзгерістерді орынды бақылап, ұйымның қаржылық
тұрақтылығын сақтап қалуға әсер етеді. Әрбір ұйым үшін анықтап алатын
мәселе – шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін қаржы капиталының
жеткіліктілігі, бос тұрған ақша-қаражаттарын айналысқа жібере отырып,
эконмикалық өсуге жағдай жасау.
Капитал деп келешек игілікті өндіруді молайту үшін пайдаланатын қазіргі
игілікті айтуға болады. Капитал латын сөзінен басты мүлік деген ұғымды
білдіреді.
Капиталдың өсуі капиталистердің ақысыз иемденетін жалдамалы жұмыстарының
еңбектерінен өндірілетін қосымша құн. Заттай және моральдық жағынан тозған,
ескерген құрал-жабдықтарға кеткен шығындары амотизация жолы арқылы өтеліп
отырады.
Нарықтық капиталға көшкен кезде капитал сөзі жиі айтылатын болады, бірақ
капитал деп кез келген ақшаны айтады. Қандай да бір капитал болмасын өз
қозғалысын белгілі ақша сомасы түрінде бастайды. Алайда ақшаның ақшамен
және ақшаның капитал ретіндегі айырмашылығы бар. Ақшалар өз бетінше капитал
бола алмайды. Мысалы егер ақшалар тауар айырбасын Т-А-Т формуласымен қызмет
көрсетсе онда олар бұл бір жерде айналым қызметін орындайды.
Егер ақшаларды құнды еселеу құралы ретінде қолданса яғни алғашқы
салынғанға қарағанда көп құн алу үшін көп болса, онда ақшалар капитал бола
алады.

1.КАПИТАЛ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы
барысында, яғни шаруашылық қызметпен айырылысу үшін белгілі бір
мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарда аталған мүліктердің
ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы
болып саналады.Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы болып
саналады. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан
Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де
ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай
және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома
яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан
таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен
ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған,
қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен
құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың
қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Кәсіпорын мүліктің құрамы
Ұйымның барлық мүлкі ( қызмет атқарушы капиталы) айналыстан тыс
және айналыстағы активтер болып екіге бөлінеді. Мүліктерді қызмет
атқару мерзіміне қарай негізгі (айналымнан тыс) активтер және
айналымдағы активтер деп екіге бөлінеді.
Негізгі (айналымнан тыс) активтер негізгі құралдардан, материалдық
емес активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан,
аяқталмаған құрылыстан құралады. Жалпы айналымнан тыс активтер
шаруашылық субьектінің материалдық - техникалық базасын жасауға және
дамытуға арналады.
Ал айналымдағы активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында
пайда табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша
қаражаттары, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлық –
материалдық қорлар, дебиторлық борыштар және басқа да активтер
жатады.
Кәсіпорын мүліктерінің (капиталының) құралу көздері
Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы
қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының
көздері болып мыналар саналады:
- жарғылық капитал;
- резервтік капитал;
- бөлінбеген пайда.
Кәсіпорындар өздерінің қызмет атқаруы барысында
меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал
олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар,
алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.
Жарғылық қор меншік иесінің (кәсіпорынның) жарғысында
қаралған қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржылардың
сомасы болып табылады.
Меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай
ұйымның жарғылық қоры мынадай түрлерге бөлінеді:
Кәсіпорындардың (толық серіктестік, сенім серіктестігі,
жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар
серіктестік, жабық және ашық акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.
Өндірістік кооператив мүшелерінің мүлік жарналары (үлестері).
Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да
құрылтайшылық құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы
органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға
тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.
Қосымша төленген капитал – қоғамның өзінің акцияларын олардың
атаулы (наминалдық) құнынан артық бағаға сатқан жағдайда пайда
болған құн айырмашылығынан туындайды.
Қосымша төленбеген капитал – кәсіпорынның өзінің меншігіндегі
негізгі құралдары мен инвестицияларын қайта бағалаған уақыттағы
олардың құнының өскен сомасынан және тағы да басқа жағдайлардан
туындайды.
Резервтік (сақтық, сақтаулы) капитал – келешекте (алдағы уақыттарда)
болуы мүмкін зияндармен шығындардың орнын толтыруға арналып
кәсіпорынның өзінің таза пайдасынан (табысынан) бөлінген меншіктік
капиталының бір бөлігі. Резервтік капиталдың мөлшері мен құрылу
тәртібі Қазақстан Республикасының заңдары мен ұйымның (қоғамның)
жарғысында қаралады (көрсетіледі).
Бөлінбеген пайда (табыс) – кәсіпорынның жалпы кірісінен
(пайдасынан) барлық жұмсалған шығындарды бюджетке төленген салық
сомаларын, кірістен (пайдадан) басқадай бағыттарға пайдаланған
сомаларын шегеріп тастағандағы қалған бөлігі болып табылады.

1. Резервті капитал аудиті

Резервтік капитал (қор) күшіндгі заң актілерінің баптарына сәйкес және
құрылтайшыларының құжаттарында қаралған тармаққа сәйкес шаруашылықтың
күтпеген шығындарын (зиянды) жабу үшін, сондай-ақ есепті жылдың табысы
жетпеген жағдайда инвесторлардың табысын төлеу үшін құрылады. Бір сөзбен
айтқанда, резервтік капитал дегеніміз шаруашылықтың сақтандыру капиталы.
Резервтік капиталға бөлінбеген қаржылар шаруашылықтың тұрақты жұмыс
істеуінің және үшінші тұлғаның мүддесін қорғаудың кепілдігі болып саналады.
Осылай құралған қаржы көзі шаруашылықтың үшінші тұлғаның алдындағы
міндеттемесін орындайтығына олардың сенімін арттырады.
Резервтік капиталды құру міндетті және ерікті сипатта болуы мүмкін.
Бірінші жағдайда, ол Қазақстан Республикасының Заң актілерінде қаралған
баптарға сәйкес құрылса, ал екіншісінде – шаруашылықтың құрылтайшыларының
жүргізіп отырған саясатына сәйкес құрылады. 1996 жылғы 12 қарашада №2
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының
қаулысымен бекітілген қаржылық қорытынды есепті дайындау және тапсыру үшін
тұжырымдық негіздемеде резервті құру шаруашылықты және несие берушілерін
зиян шегудің салдарынан қосымша қорғау үшін жарғысында немесе заңда
қаралады деп атап көрсетілген.
Егер құрылтайшыларының құжаттарында резервтік қор құру қаралмаса, онда
шаруашылыққа өз еркімен қор құруына рұқсат етілмейді.
Акционерлік қоғам және басқа да ұйымдық құқықтық нысанда құрылған
субъектілілерге Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес міндетті
түрде резервтік қор құру қаралса, резервтік капитал бабы бойынша
құрылтайшыларының құжаттарында жарияланған жарғылық капиталдың кемінде 15%
мөлшерінде резервтік капиталға бөлініп жинақталған сомасын көрсетеді.
Резервтік капитал қоғам мемлекеттік тіркеуден өткізілген кезден бастап екі
жылдың ішінде қалаптастырылуға тиіс. Қоғамның резервтік капиталы қоғамның
таза табысынан жыл сайын қаржы бөлу жолымен қалыптастырылады. Жыл сайын
бөлінетін қаржының мөлшерін қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы
белгілейді.
Тұтынушыларға құрылған резервтік қор және оның көлемі туралы ақпарат
маңызды болғандықтан, аудитор құрылтайшыларының акционерлерінің оған
табысты бағыттау және оның мөлшері туралы қабылданған шешімді, сондай-ақ
резервтік капиталдың есебінен шаруашылықтың шеккен зиянын шығысқа шығарып
жабудың негізділігін анықтауға тиісті. Аудитор тексеру барысында мынандай
мәселелерге назар аударып анықтауға тиісті:
— резервтік капиталды құру тәртіптерінің сақталғандығын;
— резервтік капиталдың жарғылық капиталмен салыстырғанда мөлшерінің
сақталғандығын;
— резервтік капиталдың есебінен жабылған шығындардың заңдылығын;
— резервтік капиталдың есебінен төленген дивидендтерді және олардың
құрылтайшыларының құжаттарында қаралғандығын;
—  резервтік капиталдың баланстағы көрсеткішінің Бас кітаптағы, есеп
регистрларындағы, машинажазбалардағы мәліметтеріне сәйкестігін;
— резервтік капиталды тиімді пайдаланудың резервтерінің құрастыру бойынша
ұсыныстар жасауға.
Резервтік капиталды бухгалтерлік есептің қаржы-шаруашылық қызметінің
типтік жоспарында 5400 Резервтік  капитал бөлімшесінің 5310 Заңда
бекітілген резервтік капитал және 5340 Басқа да резервтік капитал
шоттарында көрсетеді. Бұл бөлімшенің шоттары, заң актілеріне және
құрылтайшыларының құжаттарына сәйкес құрылатын, шаруашылықтың резервтік
капиталының жағдайы туралы ақпараттарды жинақтау үшін бекітілген.
Резервтік. капиталға бөлу 5310 Заңда бекітілген резервтік капитал, 5340
Басқадай резервтік капитал шоттарының кредитінде және 5410 Бөлінбеген
табыс (жабылмаған зиян) шотының дебетінде көрсетеді. Резервтік капиталды
пайдалану 5310 Заңда бекітілген резервтік капитал, 5340 Басқадай
резервтік капитал шоттарының дебетіндегі жазулардың негізінде бақыланып,
мына шоттар арқылы корреспенденцияланады:
6120 Дивиденд бойынша есеп айырысу бөлімшесінің шоттары мен 4130
Басқадай несиелік борыштар және есептеулер бөлімшесінің Басқадай
шоттарында есепті жылғы табыстың жетпеген немесе табыс алынбаған кезде
серіктестікке қатысушыларға табыстарын және дивидендін төлеуге, 5500
Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) бөлімшесінің шаруашылықтың есепті
жылғы немесе бұрынғы жылдың зиянын жабуға.5
Демек, аудитор резервтік капиталды тексерген кезде, оның дұрыс құрылуына
және пайдалануына байланысты Резервтік капитал бабы бойынша, жылдың
басындағы және аяғындағы көрсеткіші бойынша, журнал-ордер №13 мәліметтері
бойынша Бас кітапта келтірілген 5300 Резервтік капитал бөлімшесінің
шоттарындағы қалдықтарымен салыстырып анықтауы қажет. Аудитор ұзақ мерзімді
активтерді қайта бағалау операцияларының жоғарыда аталған шоттарда дұрыс
көрсетілуін тексергенде қайта бағалаудың нәтижесінде негізгі құралдардың
және ұзақ мерзімді инвестициялардың құнының артқан сомасын 2400 Негізгі
құралдар, 2000 Инвестициялар және 3100 Қаржылық инвестициялар
бөлімшелерінің тиісті шоттарының дебетінде жазылған айналыммен салыстырса,
ал негізгі құралдарды қайта бағалауға байланысты жазылған реттеу сомасын
2410 Негізгі құралдардың тозуы бөлімшесінің тиісті шоттарына жазылған
айналыммен салыстырады. Қызмет ету мерзімінің ішінде бөлінбеген табысқа
жатқызылмай, шығысқа шығарылған негізгі құралдардың қайта бағалану сомасын
5400 Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) бөлімшесінің 5410 Есепті жылға
бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) немесе 5430 негізгі емес қызметтен
табыс бөлімшесінің 6210 Құнды қағаздарды сатудан табыс шоттарының
айналымдарымен салыстырып тексереді. Қайта бағалаудың үкіметтің шығарған
қаулысына сәйкес статистикаға және талдау агенттігінің белгілеген
мөлшерінен ауытқымағандығына назар аударуды талап етеді.
5020 Қосымша төленбеген капитал бөлімшесінің тиісті шоттарының
кредитіндегі айналымы журнал-ордер №13 және шоттардың сипаттамасы жазылған
минижазаларда дұрыс көрсетілгендігін тексеру қажет. Баластың қосымша
төленбеген капитал бабы бойынша қалдығын 5020 бөлімшенің шоттарының Бас
кітаптағы және басқа да есеп регистрларындағы мәліметтерімен салыстыруға
тиісті.
Резервтік капитал өндірісті дамытуға, кәсіпорынның қызметі тоқтаған
жағдайда еңбек ақы және бюджетке салық төлеуге инфляциялық зиянды жабуға,
акционерлік қоғам кеңесінің шешімі бойынша жарғылық капиталды толықтыруға,
қайта бағалау сомаларын жабуға және акционерлік қоғамның дамуының басқа
бағыттарына пайдаланылады. .Аудитор резервтік капиталдың қаржылары
материалдық көмек көрсетуге және кәсіпорын персоналына еңбек ақы мен сый
ақы төлеуге жұмсалатын фактілерге кездесіп қалуы мүмкін. Сондықтан аудитор
резервтік капиталдың пайдаланылуын барлық орындалған операцияларға талдау
жасау жолымен егжей-тегжейлі тексеруге тиісті.
Резервтік капиталдың құрылуы міндетті және ерікті сипатта болуы мүмкін.
Бірінші жағдайда ол Казақстан Республикасының заңына сәйкес, ал екіншіде –
кәсіпорынның құрылтай кұжаттарында белгіленген тәртіпке немесе оның есеп
саясатына сәйкес құрылады.6
ҚР Каржы Министрлігінің Қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсырудың
тұжырымдамалық (концептуалдық) негізін бекіту туралы бұйрығының
(29.10.2002ж.) 16-тарауының 66-параграфында Резервтік капиталдың құралуы
кәсіпорын (ұйым) мен оның кредиторларын зиянның зардаптарынан қосымша
қорғауды қамтамасыз ету үшін заң актілерінде немесе құрылтай құжаттарында
қарастырылады делінген. Егер кәсіпорынның құрылтай құжаттарында резервтік
капиталды құру қарастырылмаған болса, онда кәсіпорынның оны құруға құқығы
жоқ.
Резервтік капитал бухгалтерлік есептің типтік шот жоспарындағы 5410
Резервтік капитал бөлімшесінің 5510 Заңмен белгіленген резервтік
капитал және 5340 Басқа да резервтік капитал шоттарында есепке алынады.
Бұл бөлімшенің шоттары заңға және құрылтай құжаттарына сәйкес құрылған
резервтік капиталдың жағдайы туралы ақпараттарды жинақтауға арналған.
Резервтік капиталға аударым жасау 5310 Заңмен белгіленген резервтік
капитал, 5340 Басқа да резервтік капитал шоттарының кредитінде және 5400
Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) шотының дебетінде көрсетіледі.
Казақстан Республикасының Акционерлік қоғамдар туралы заңында қоғамның
резервтік капиталын пайдалану тәртібін анықтау Директорлар кеңесінің ерекше
міндетіне жатқызылған. Сондықтан аудитор резервтік капиталға бөлінбеген
табыстан аударым жасау және оның мөлшері туралы Директорлар кеңесі
шешімінің бар екендігін, сонымен бірге осы резервтің есебінен зиянды
есептен шығарудың негізділігін анықтауға тиісті.
Резервтік капиталдың пайдаланылуы 5310 Заңмен белгіленген резервтік
капитал, 5340 Басқа да резервтік капитал шоттарының дебеті және 3033
Дивиденд және қатысушылардың табыстары бойынша есеп айырысу бөлімшесі
шоттарының, Басқа да кредиторлық борыштар бөлімшесінің Басқалары
шотының кредиті бойынша көрсетіледі – есепті жылдың табысы болмаған
жағдайда резервтік капиталдың есебінен дивиденд және серіктестік
қатысушыларына табыс есептелгенде; 5400 Бөлінбеген табыс (жабылмаған
зиян) бөлімшесі шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі – есепті жылда
немесе өткен жылдарда кәсіпорынның шеккен зияны резервтік капиталдың
есебінен жабылғанда. Осы жазулардың негізінде резервтік капиталдың
пайдаланылуына бақылау жасалынады.
Резервтік капиталдың өзгеруі құрылтай құжаттарының ережелеріне сәйкес
жүзеге асырылады. Мысалы, резервтік капитал меншікті акцияларды қайтарып
сатып алуға жұмсалуы мүмкін. Компанияның акцияларды қайтарып сатып алуы
оның қаржылық қызметінде келеңсіз жағдайлар болған кезде ақшаның едәуір
шығып кетуін болдырмау мақсатында, акциялардың санын және олардың бағамын
жасанды түрде реттеп отыру үшін қолданылуы мүмкін.
Акциялардың қайтарып сатып алынуы не осы мақсат үшін құрылған резервтің
есебінен не болмаса бөлінбеген табыстың есебінен жүзеге асырылады. Қайтарып
сатып алынған акциялар оларды төлеп алуға шығарылған нақты шығындар бойынша
есепке алынады.7
Сонымен, аудиторға резервтік капиталға тексеру жүргізу кезінде оның
құрылуы мен пайдаланылуының дұрыстығын, баланстың Резервтік капитал
бабында көрсетілген жылдың басындағы және аяғындағы қалдықтардың Бас кітап
пен бухгалтерлік есеп регистрлеріндегі 5310 Заңмен белгіленген резервтік
капитал, 5340 Басқа да резервтік капитал шоттарының қалдықтарымен
сәйкестігін анықтау қажет.
Меншікті капиталдың келесі негізгі элементі қосымша төленген капитал
болып табылады. Ол меншікті акциялардың сатып-өткізу құнының олардың
номиналдық құнынан артық сомасы. Ол жөнінде ақпараттарды жинақтау үшін 5020
Қосымша төленген капитал шоты пайдаланылады. Акциялар бойынша сый-ақы,
яғни, меншікті капиталдың сатып-өткізу құнының олардың номиналдық құнынан
артық сомасы 5020 Қосымша төленген капитал шотының кредиті және ақша
қаражаттары шоттарының (1050,1040,1010) немесе Басқа да дебиторлық борыш
бөлімшесінің 1260 Басқалары шотының дебетінде көрсетіледі. Аудиторға
қосымша төленген капиталдың мөлшерін анықтаудың дұрыстығын тексеру,
баланстан осы бап бойынша қалдық сомасын 5020 Қосымша төленген капитал
шотының кредиті бойынша есеп регистрлерінің мәліметтерімен салыстыру қажет.

2. Резервтік капитал есебі

Резервтік капитал – акционерлік қоғамның және басқа да тараптардың
табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі.
Резервтік капитал субьектінің негізгі (оперетивтік) Қызметінен
алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған
жағдайда, дивиденттерді төлеуге пайдаланылады. Ризервтік капиталды
құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы
заңдармен анықталады. Ризервтік капитал жарғылық капиталмен және
басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде
көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып
табылады.
Ризервтік капиталдың есебі 5410 – ші Ризервтік капитал
бөлімшесінің мынадай пассивті шоттарында жүргізіледі: 5410 – ші
Заңдармен белгіленген ризервтік капитал .
Акционерлік қоғамдар мен басқа да ұйымдар өздерінің таза
пайдасы есебінен жоғарыда айдылғандай резервтік капитал құрады.
Бұл резервтік капиталдың мөлшері қоғамның жарғысында
белгіленеді. Резервтік капиталдағы жинақталған сома алдын ала
болжанбаған (есептелмеген), төтенше жағдайлардан болатын
шығындарды жабу үшін жұмсалады. Жалпы резервтік капиталдағы
жинақталатын сомаларды жұмсау тәртібі акционерлік қоғамының
жарғысында бекітіледі. Резервтік капиталдың жұмсалуына байланысты
азаюы келесі есепті кезең ішінде қоғамның жарғысында
көрсетілген мөлшерге мөлшерге тең етіп қайта қалыптастыруды
қажет етеді. Кәсіпорындарда резервтік капиталдың есебі Резервтік
капитал бөлімінің:
Заңмен белгіленген резервтік капитал
Басқадай резервтік капитал
- деп аталатын шотттарда есептеледі.
Резервтік капитал ұйымының таза пайдасы есебінен қалыптасқан
уақытта бухгалтерлік есепте:
Д – т: Ағымдағы жылдың бөлінбеген табысы шоты,
К – т: Заңмен белгіленген резервтік капитал немесе Басқадай
резервтік капитал деп аталатын шотттар түрінде жазу жазылуы
тиіс.
Ал кәсіпорынның резервтік капиталындағы жинақталған сомасы
жұмсалынғанда бухгалтерлік есепте:
Д – т: Заңмен белгіленген резервтік капитал немесе Басқадай
резервтік капитал шоттарының тиісті,
К – т: Есепті жылдың бөлінбеген табыс (жабылмаған зияны);
Өткен жылдардағы бөліндеген табыс (жабылмаған зиян);
Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысу немесе тағы
да басқа шоттардың тиістілері түрінде екі жақты жазу
жазылады.
Акционерлік қоғамдар немесе басқа да ұйымдар өздерінің тапқан
таза пайдасының есебінен әр түрлі бағытттарға байланысты
қорлар құруына болады. Бұндай бағытта құрылған қор сомаларын
керекті уақытында жұмсағаннан кейін қайта қалыптастыру кәсіпорын
үшін міндетті болып саналмайды. Ол аталған қорлардың есебі
Басқадай резервтік капитал деп аталатын шотта жүргізіледі.
Заңдармен белгіленген резервтік капитал есебі. Шаруашылық жүргізуші
серіктестіктің (ЖШС, АҚ және басқалар) резервтік капиталы
құрылтайшылардың құжаттарында (жарғысында, құрылтайшылардың
шарттарында) белгіленеді, сондай – ақ белгіленген тәртіп бойынша
мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жыл сайын түскен таза табыстан аударып
отыру акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді. Оның мөлшері
жарияланған жарғылық капиталдың 15% - нан кем болмауы керек.
Резервтік капиталдардың қалыптастырған (құрған) кезде 5510 шоты
дебиттеледі де, 5410 шоты кередиттеледі.
Резервтік капитла қаражаттарыи пайдалану 5410 – ші шоттың
дебиттінен мына шоттардың кредитінде көрініс табады:
3030, 3397 – артықшылығы бар акциялар бойынша төлем жасауға қажет
қаржысы болмаған жағдайда серіктестіктердің резервтік капиталының
ішіндегі дивидендтердің есебінен төлеген кезде; 5510 - ші шот
Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зыяны), 5520 – шот
Өткен жылдаржың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) - зиян шеккен
соманы резервтік капиталдың есебінен жапқан кезде.
Басқа да резервтік капитал есебі, 5410 – ші Басқа ба резервтік
капитал шотында жүргізіледі. Бұл шотта заң тәртібімен көзделген ең
төменгі мөлшерден тыс жасалған резервтік капиталдар есептелінеді.
5410 – шоттың дебеті мен кредиті бойынша шоттар кореспонденциясы
5410 – шоттың корреспанденциясына ұқсас. Бұндай резервтер кәсіпорынның
өз қалауы бойынша қалыптастырылады.
№ Операциялардың мазмұны Дебиттелетін шот Кредиттелетін шот
1 Акционерлік қоғамның 5510 5410
жарғысында белгіленген
мөлшерде резервтік
капитал сомасының
қалыптасуы
2 Акционерлік қоғамның 5510
жарғысында белгіленген
мөлшерден артық
резервтік капитал
сомасының қалыптасуы
3 Кәсіпорынның ағымдағы 5410 3030,3397,
жылда пайда таппауына
немесе тапқан пайдасының
жетіспеуіне байланысты
ртықшылығы бар акциялар
бойынша девидент төлеу
үшін жұмсалған резервтік
капитал сомасы
4 Кәсіпорын есепті 5410 5510,5520,
кезеңдегі немесе
алдыңғы (өткен) жылдағы
жабылмаған зияндарын
жабуға жұмсалған
резервтік капитал сомасы
5 Ағымдағы жылғы зиянды 5410 5510
жабуға бағытталған
резервтік капитал сомасы
6 Өткен (алдынғы) жылдың 5410 5520
жабылмаған зиянын өтеуге
бағытталған резервтік
капитал сомасы
7 Акционерлердің қабылдаған5410 5020,5010,5030,
қаулысына сәйкес
резервтік капиталдың
сомасы есебінен
субьектінің жарғылық
капиталын арттыруға
бағытталған сома

Резервтік капитал құрылтайшылық құжаттарға сәйкес акционерлік
қоғамды өз калауынша құрады. Оны басқа ұйымдар да құруы мүмкін.
Акционерлік қоғамдағы резервтік капитал залалдарды жабуға, сондай –
ақ қоғамның облигациясын жабуға және басқа қаражат болмаған
жағдайда акцияны сатып алуға арналған. Серіктестікте резервтік
капиталды пайдалану бағыттары жарғы бойынша анықталады.
Резервтік капитал жыл сайынғы таза табыстан аудару жолымен
құрылады.
Жыл сайынғы аудару мөлшері акционерлердің жалпы жиналысында
белгіленеді.
Резервтік капиталды пайдалану жағдайында көрсетілген шамаға дейін
оны толтыру үшін аударым жаңғыртылады.
Резервтік капиталдың қолда бар ақшасы мен қозғалысы туралы
ақпаратты алу үшін 5410 Резервтік капитал бөлімше шоты
пайдаланылады.
Резервтік капиталдың құрылуы:
5510 Бөлінбеген табыс (жабылмаған залал) шот дебеті
5410 Құрылтайшылық құжаттармен белгіленген резервтік капитал шот
кредиті
5460 Басқадай резервтік капитал шот кредит
Резервтік капиталдың құрылуы:
а) Құрылтайшылардың шешімі бойынша резервтік капитал есебінен
төленген есептелген дивиденттер (үлесақы) сомасына:
5410 Резервтік капитал шот дебеті
3030 Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айырылысу, 3030
Қарапайым акциялар бойынша есеп айырылысу; 3030 Қатысушылар табысы
бойынша есеп айырылысу шоттар кредиті.
ә) резервтік капиталдың қаражат есебінен жабылған залал сомасына:
5410 Резервтік капитал шот дебиті
5510 Бөлінбеген табыс (Жабылмаған зиян) есептік жылдың, 5520
Бөлінбеген табыс (Жабылмаған зиян) өткен жылдың шоттар кредиті.
2.БӨЛІНБЕГЕН ПАЙДА ЕСЕБІ

Кәсіпорынның қорытынды табысынан бюджетке төленетін салықтарын
салықтарын және табыстың есебінен өтелетін басқадай шығындарды
төлегеннен қалған сомасы есепті жылдың бөлінбекен пайдасы
(жабылмаған зияны) болып табылады. Ұйымдарда бөлінбеген табыстың
(жабылмаған зиянның) есебі:
- Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны);
- Өткен жылдардағы бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)
- деп аталатын шоттарда жүргізіледі. Бөлінбеген пайда көбейгенде
(келіп кірістелгенде) Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған
зиян)шотты кредиттелінеді. Ал керісінше бөлінбеген пайданың
жұмсалуы немесе осы жылғы шекккен зиян Есепті жылдың
бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян) шотының дебитінде жазылады.
Мысылы:
- есеп беретін жылғы шаруашылық субьектісінің шеккен қорытынды
зиянның сомасына:
Д – т: Есепті жылдың бөліндеген кірісі (жабылмаған зиян) шоты,
К – т: Жинақтық кіріс(зиян) шоты түрінде бухгалтерлік жазу
жазылады.
- ұйым өзінің кіріс есебінен резервтік қор құрған уақытта
оған тиісті сомаға:
Д – т: Есепті жылдың бөліндеген кірісі (жабылмаған зиян) шоты,
К – т: Заңмен белгіленген резервтік капитал немесе Басқадай
резервтік капитал шоттарының тиістісі, түрінде бухгалтерлік жазу
жазылады.
- Акционерлік қоғамның (кәсіпорынның) акционерлерге
(серіктестіктерге) дивиденд ретінде төлейтін немесе төлекен
сомасына:
Д – т: Есепті жылдың бөліндеген кірісі (жабылмаған зиян) шоты,
К – т: Артықшылығы бар акциялар бойнша есеп айырысу,
Орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін алынған
аванс және тағы да басқа щоттарының тиісті түрінде
бухгалтерлік жазу жазылады.
- Акционерлерге (серіктестерге, қатысушыларға) девиденттерді
төлегеннен қалған есеп беретін жылдың бөлінбеген кірісі
сомасына:
Д – т: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жарғылық капитал есебінің шоттар корреспонденциясы
Бухгалтерлік есептің типтік шаруашылық операцияларының шот корреспонденциялары
Кассадағы ақша қаражат есебінің синтетикалық есебі
Бухгалтерлік есептің принциптері
Жарғылық капиталының есебі
Бухгалтерлік баланс аудиті
Қайтарылып алынған капиталдың есебі
РПК Бектау ЖШС
Капиталдар туралы
Қысқа мерзімді активтер есебі: ақша қаражаттары және дебиторлық борыштар
Пәндер