Тұрғызылатын өндірістік ғимараттарды тексеру және сынау алдындағы құжаттарды дайындау


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультеті
«Геодезия және Құрылыс» кафедрасы
«5В072900 Құрылыс» мамандығы
«Ғимаратты және үймеретті сынау» пәні
СРО
Тақырыбы:
«Тұрғызылатын өндірістік ғимараттарды тексеру және сынау алдындағы құжаттарды дайындау»
Орындаған: Тынысбеков С. Е.
СТ - 217
Тексерген: Уркинбаева Ж. И.
Семей 2015
ҒИМАРАТТАР МЕН ИМАРАТТАРДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
Осы нормативтік құжаттың ережелері келесідегілерді әзірлеуге қажетті ақпараттарды алу мақсатымен тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттардың барлық типтерінің техникалық күйлерін тексеруге және бағалауға қолданылады:
- бар құрылыстың ғимараттарын, имараттарын сақтау, қалпына келтіру, қайта құрылымдау немесе бұзу жөніндегі ұсыныстар;
- бар құрылыстың ғимараттарын күрделі жөндеу, күшейту және қайта құрылымдау жобалары.
Осы нормативтік құжаттың ережелері мыналарға:
сейсмикалық қауіпті аймақтарда пайдаланылатын ғимараттар мен имараттарға, сондай-ақ апаттар мен жер сілкіністері нәтижесінде зақымданған ғимараттар мен имараттарға; мамандандырылған ұйымдардың нормативтік және әдістемелік талаптарына сәйкес өткізілуі тиіс газ, лифт және басқа инженерлік жабдықтарды техникалық тексеруге қолданылады.
Осы нормативтік құжат «Ғимараттардың және имараттардың табиғи бұзылуын бағалау ережелері» ҚР ҚБҚ 1. 04-07-2002 - ын және азаматтық және өндірістік ғимараттар мен имараттарды тексеруді ұйымдастыру мен жүргізудің жалпы тәртібін регламенттейтін өзге нормативтік-әдістемелік құжаттарды дамытуда әзірленді.
Ол бұрын қолданылған «Тұрғын ғимараттарды техникалық тексеру жөніндегі ереже» ВҚН 57-88(р) нормативтік құжатын ауыстырады.
Негізгі өндіріс ғимараттары мен инженерлік имараттарды техникалық тексеру кезінде, сондай-ақ өндірістің жеке салалары мен имараттың түрлері [24…32] бойынша қолданыстағы нормативтік құжаттарды басшылыққа алу керек.
Имараттарды техникалық тексерудің жалпы әдістемесі
Имараттарды (негізгі өндірістің ғимараты, арнайы ғимараттар және инженерлік имараттар) техникалық тексерудің жалпы әдістемесі келесідегідей кезеңдерден тұрады:
- имараттарды алдын ала тексеру;
- имараттарды толық аспаптық тексеру.
Имараттарды алдын ала тексеруге мыналар кіреді:
- техникалық құжаттаманы зерттеу;
- бар және келешектегі технологиялық процесстің, пайдалану режимдерінің ерекшеліктерімен танысу;
- құрылымды алдын ала тексеру;
- түйіндесулердің анық апаттық немесе апат алдылық күйде болатын және оларды уақытша бекіту, олардың орналасу аймағында адамдар мен жабдықтардың болуына арналған қауіпсіз шарттарды қамтамасыз ету жөніндегі кезек күттірмейтін шараларды қабылдауды талап ететін құрылымдық элементтерін табу;
- толық заттық қарау, құрылымдарды өлшеу, көріністік бақыланған ақауларды, зақымдарды табу және бекіту;
- құрылымның техникалық күйін көріністік бақыланған ақаулардың, зақымдардың жиынтығы мен сипаты бойынша шамамен бағалау;
- толық аспаптық тексеруге арналған таңдамалы учаскелерді анықтау (таңдамалы учаскелер құрылымдарды сынаудың қажетті түрлеріне арналған МСТ-тың талаптарына сәйкес көтеруші құрылымдардың түрі мен күйіне байланысты анықталады) ;
- Апаттық күйде болатын құрылымдарды тапқан жағдайда, бірінші кезекте қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шараларды орындау керек (адамдардың құлауы мүмкін аймаққа енуін болдырмау, құрылымның құлауын болдырмайтын уақытша бекітпелерді орнату және т. с. с. ) .
Имаратты алдын ала тексеру процесінде келесідегілердің дамуының бар екендігі, сипаты және дәрежесі белгіленеді:
- құрылымдарды дайындауға байланысты ақаулардың;
- құрылымдарды тұрғызуға байланысты ақаулардың;
- жобаның кемшіліктерімен байланыстырылған ақаулардың;
- жобамен қарастырылмаған статикалық жән
- динамикалық күштік әсерлерден болатын зақымдардың; сондай-ақ құрылымды пайдаланудың ережелерінің бұзылуларымен туатын ақаулар мен зақымдардың.
Тұрғын, қоғамдық және қосалқы өндірістік ғимараттардың техникалық күйін (қоғамдыққа жақын құрылымдық шешімдер арқылы) профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау жоспарлық және кезектен тыс қараулар процесінде «Ғимараттың және имараттың табиғи тозуын бағалау ережелері» ҚР ҚБҚ 1. 04-07-2002-ге сәйкес жүргізіледі.
Шектерінде тұрақты қауіпті өндірістік факторлар әрекет ететін аймақтарды қауіптілік белгілерімен және белгіленген нысандағы жазбалармен белгілеу керек.
Тұрақты әрекет ететін қауіпті өндірістік факторлар аймағына мыналар жатады:
- оқшауланбаған ток жүргізуші желілер мен электр қондырғыларына жақын аймақтар;
- крандардың, машиналардың және жабдықтардың және олардың бөліктерінің және жұмыс органдарының аймақтары;
- құрамында шекті рұқсаттықтан жоғары шоғырлардағы зиянды заттар бар немесе қарқындылығы шекті рұқсаттықтан жоғары шу әрекет ететін аймақтар.
Ғимаратты толық тексеру құрылымдық сұлбаларды, элементтердің өлшемдерін, материалдың күйін және бүтіндей алғанда құрылымды дәлдеу үшін орындалуы тиіс.
Ғимаратты, оның күрделі жөндеуін, жаңартылуын немесе қайта құрылымдануын жобалауға арналған толық тексеру жөніндегі техникалық қорытындыны мыналар құрауы тиіс:
- негізінде қорытынды құрастырылған құжаттық деректер тізімі;
- имараттың тарихы;
- қоршаған жергілік жерді баяндау;
- сыртқы қарау бойынша ғимараттың жалпы күйін баяндау;
- ғимараттың табиғи және ескіріп тозуын анықтау;
- ғимараттың құрылымдарын және олардың сипаттамалары мен күйін баяндау;
- ғимарат құрылымдарының бөлшектері мен өлшеулері бар сызбалары;
- қолданылатын жүктемелердің есебі және көтергіш құрылымдардың, негіздіктердің және іргетастардың тексеру есептері;
- өлшем жоспарлары мен ғимараттың кесінділері, шурфтардың жоспарлары мен кесінділері, ұңғымалар, ашудың сызбалары;
- учаскенің геологиялық және гидрогеологиялық шарттары, негіздіктің топырағының құрылыстық және тоңдық сипаттамалары (қажетті жағдайда), пайдалану шарттары;
- ғимараттың апаттық күйінің себептерін талдау (егер мұндайлар бар болса) ;
- қасбеттер мен зақымданған құрылымдардың фотосуреттері;
- қорытындылар мен ұсыныстар.
Жұмыс орталарына жемірлік әсер етудің негізгі көздерін белгілеу, өндірістің нақты технологиясы және мерзімді қарау кезінде алынған құрылымды қалыпты пайдаланудың бұзылуы туралы деректерді ескеріп, технологиялық жоба, технологиялық нұсқаулар, құрылыстық жобалауға арналған техникалық тапсырма немесе техникалық қызметтермен және ғимараттарды, кәсіпорын имараттарын пайдалану қызметтерімен беріген өзге құжаттар негізінде жүргізу керек.
Тексерілетін ғимарат пен имарат ауданындағы сыртқы ортаны зерттеу кезінде жемірлі агенттердің әсер ету аймақтары анықталады.
Ауаның сынамасы ауа райының тымық және желді күндері таңдап алынады. Екінші жағдайда жемірлік агенттердің таралу аймағы желдің бағытына сәйкес табылады. Бұл жағдайда келесідегідей заңдылықтарды қабылдау керек:
- лас ауаны жеке тұрған құбыр кезегімен лақтыру арқылы жер жанындағы шоғырлар құбырдан кете отырып, құбыр биіктігінен 20-ға максимум өседі.
- лас ауаны ғимараттың жанында тұрған құбыр арқылы лақтыру арқылы жер жанындағы шоғырлар құбырдан кете отырып, максимум өседі және ғимараттың 2…3 биіктігіне максимум өседі.
Жауын-шашында болатын құрылыс құрылымдарының материалдарына жемірлі химиялық заттардың құрамы мен шоғырын анықтау үшін зертханалық талдау үшін сынамаға қысқы кезеңде қарды жазда жаңбыр суын таңдап алу керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz