Ауыспалы егістерді жобалау, енгізу және орындау



Кіріспе
1.Ауыспалы егістер туралы жалпы түсінік.
Негізгі бөлім
2.1. Ауыспалы егістерді жобалау
2.2. Ауыспалы егістерді енгізу
2.3. Ауыспалы егістерді орындау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Ауыспалы егістер одан өндірілетін өсімдік өнімдерінің басты түрлері (астық, малазығы, көкөніс, картоп), өсіру технологиясы, биологиялық ерекшеліктері, әр түрлі дақыл топтары мен парлардың арақатынасы және ауыспалы егістегі танаптар саны бойынша жіктеледі.
Ауыспалы егістерден алынатын өнім түрлері бойынша оның типі анықталады. Осы белгісі бойынша ауыспалы егістер егістік, малазықтық және арнайы болып үшке бөлінеді.
Егістік ауыспалы егіс деп, негізінен астық, техникалық дақылдар және картоп өсіруге арналған ауыспалы егістікті айтады. Бұл ауыспалы егіс типінде аталған дақылдар осындағы бүкіл егіс көлемінің жартысынан артығы болуы керек.
Малазықтың ауыспалы егіс дегеніміз негізінен малазықтық дақылдар (біржылдық және көпжылдық шөптер, сүрлемдік жүгері, малазықтық тамыржемісті дақылдар) өсірілетін ауыспалы егіс. Малазықтық дақылдардың ауыспалы егістегі сыбағалы салмағы 50 пайыздан кем болмауы шарт. Малазықтық ауыспалы егіс мал фермасы жанындағы және шабындық-жайылымдық болып екі түрге бөлінеді. 1) Ферма жанындағы ауыспалы егіс дегеніміз танаптары мал фермаларына жақын орналасып, жем-шөп дайындауға арналған малазықтық ауыспалы егіс. Олар негізінен шырынды, көк балауса және жасыл конвейр мал азықтарын дайындайтын дақылдарды өсіруге арналған. 2) Шабындық-жайылымдық ауыспалы егісі шабындық және мал жайылымы үшін негізінен көпжылдық және біржылдық шөптер өсірілетін малазықтық ауыспалы егіс. Ауыспалы егістің бұл түрі ірі жем шөп, яғни пішен даярлау және малдарды жаю үшін арналған.
Малазықтық ауыспалы егістің ең басты көрсеткіші – бір гектардан алынатын жемдік өлшем мен қорытылатын протеин, витаминдер болып табылады.
Арнайы ауыспалы егіс деп егіп-өсіруі үшін арнайы жағдайлар мен агротехниканы керек ететін дақылдар өсірілетін ауыспалы егісті айтады.
Бұған күріш, темекі, көкөністер және топырақты эрозиядан қорғауға арналған ауыспалы егістер жатады. Мысалы, күріш егу үшін танаптар ерекше дайындалады, оны егетін атыздар тақтайды тегіс болуы керек, әйтпесе атызды сумен толтырғанда, судың қалыңдығы оның әр тұсында әр түрлі болып қалуы мүмкін, ондай жағдайда дақылдың өнімі күрт төмендейді. Көкөніс, темекі егу үшін де топырақты өте жақсылап баптау керек, бұл егістерден алынатын өнімдерді адам тікелей пайдаланылатын болғандықтан мұндай дақылдарға минералдық тыңайтқыштарды таңдап беру керек. Бұл ауыспалы егісте егілетін дақылдар қол күшін көп қажет етеді. Сондықтан өнімді мол алатындай етіп қажетті жағдай жасап, яғни уақытысында суарып, жөндеп күтпесе арнайы ауыспалы егіске себілген дақылдар оларды өсіруге жұмсалған қаражатты өтей алмай, шаруашылыққа зиян әкелуі мүмкін.
2.1. Ауыспалы егісті жобалау дегеніміз ондағы алмасу тәртібі бойынша берілген ауылшаруашылық дақылдары мен пардың тізбегі. Ауыспалы егіс жобалары, алғы егістерден басталып, танаптарды арамшөптермен көбірек ластайтын дәнді масақты дақылдармен (арпа, сұлы, жаздық бидай) аяқталады.
Негізгі әдебиеттер:
1.Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш., Егіншілік, оқулық, Алматы, 2005
2.Жаңабаев Қ.Ш., егіншілік оқулық 2006
Қосымша әдебиеттер:
1.Жаңабаев Қ.Ш.,Саудабаев Т.С., Сейтов И.С., Өсімдік шарушылығы өнімдерін өндіру технологиясы, Алматы, «Қайнар» 1994

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік Университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Ауыспалы егістерді жобалау, енгізу және орындау

Орындаған: Садыкова Айжан
Топ: АГ-213
Тексерген: Сагандыков С.Н

СЕМЕЙ 2015
Жоспар:
Кіріспе
1.Ауыспалы егістер туралы жалпы түсінік.
Негізгі бөлім
2.1. Ауыспалы егістерді жобалау
2.2. Ауыспалы егістерді енгізу
2.3. Ауыспалы егістерді орындау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Ауыспалы егістер одан өндірілетін өсімдік өнімдерінің басты түрлері (астық, малазығы, көкөніс, картоп), өсіру технологиясы, биологиялық ерекшеліктері, әр түрлі дақыл топтары мен парлардың арақатынасы және ауыспалы егістегі танаптар саны бойынша жіктеледі.
Ауыспалы егістерден алынатын өнім түрлері бойынша оның типі анықталады. Осы белгісі бойынша ауыспалы егістер егістік, малазықтық және арнайы болып үшке бөлінеді.
Егістік ауыспалы егіс деп, негізінен астық, техникалық дақылдар және картоп өсіруге арналған ауыспалы егістікті айтады. Бұл ауыспалы егіс типінде аталған дақылдар осындағы бүкіл егіс көлемінің жартысынан артығы болуы керек.
Малазықтың ауыспалы егіс дегеніміз негізінен малазықтық дақылдар (біржылдық және көпжылдық шөптер, сүрлемдік жүгері, малазықтық тамыржемісті дақылдар) өсірілетін ауыспалы егіс. Малазықтық дақылдардың ауыспалы егістегі сыбағалы салмағы 50 пайыздан кем болмауы шарт. Малазықтық ауыспалы егіс мал фермасы жанындағы және шабындық-жайылымдық болып екі түрге бөлінеді. 1) Ферма жанындағы ауыспалы егіс дегеніміз танаптары мал фермаларына жақын орналасып, жем-шөп дайындауға арналған малазықтық ауыспалы егіс. Олар негізінен шырынды, көк балауса және жасыл конвейр мал азықтарын дайындайтын дақылдарды өсіруге арналған. 2) Шабындық-жайылымдық ауыспалы егісі шабындық және мал жайылымы үшін негізінен көпжылдық және біржылдық шөптер өсірілетін малазықтық ауыспалы егіс. Ауыспалы егістің бұл түрі ірі жем шөп, яғни пішен даярлау және малдарды жаю үшін арналған.
Малазықтық ауыспалы егістің ең басты көрсеткіші - бір гектардан алынатын жемдік өлшем мен қорытылатын протеин, витаминдер болып табылады.
Арнайы ауыспалы егіс деп егіп-өсіруі үшін арнайы жағдайлар мен агротехниканы керек ететін дақылдар өсірілетін ауыспалы егісті айтады.
Бұған күріш, темекі, көкөністер және топырақты эрозиядан қорғауға арналған ауыспалы егістер жатады. Мысалы, күріш егу үшін танаптар ерекше дайындалады, оны егетін атыздар тақтайды тегіс болуы керек, әйтпесе атызды сумен толтырғанда, судың қалыңдығы оның әр тұсында әр түрлі болып қалуы мүмкін, ондай жағдайда дақылдың өнімі күрт төмендейді. Көкөніс, темекі егу үшін де топырақты өте жақсылап баптау керек, бұл егістерден алынатын өнімдерді адам тікелей пайдаланылатын болғандықтан мұндай дақылдарға минералдық тыңайтқыштарды таңдап беру керек. Бұл ауыспалы егісте егілетін дақылдар қол күшін көп қажет етеді. Сондықтан өнімді мол алатындай етіп қажетті жағдай жасап, яғни уақытысында суарып, жөндеп күтпесе арнайы ауыспалы егіске себілген дақылдар оларды өсіруге жұмсалған қаражатты өтей алмай, шаруашылыққа зиян әкелуі мүмкін.
2.1. Ауыспалы егісті жобалау дегеніміз ондағы алмасу тәртібі бойынша берілген ауылшаруашылық дақылдары мен пардың тізбегі. Ауыспалы егіс жобалары, алғы егістерден басталып, танаптарды арамшөптермен көбірек ластайтын дәнді масақты дақылдармен (арпа, сұлы, жаздық бидай) аяқталады.
Бұрынғы ірі кеңшарлар мен ұжымдық шаруашылықтар таратылып, олардың орындарына жекеменшік, фермерлік және басқада ұсақ шаруашылықтардың пайда болуына байланысты дақылдар территория бойынша емес, әр танапта уақыт бойынша алмасуы, немесе бүкіл ауыспалы егіс игерілмей олардың буындары қолданылуы мүмкін. Сондықтан, егіншілікте төмендегідей ауыспалы егіс жобалары, не олардың буындары болуы мүмкін.
Қазақстанның солтүстік астықты аймағында қолданылатын ауыспалы егістік жобалары
Егістік, дәнді-парлы, 3 танапты
ауыспалы егістер

1. Ықтырмалы пар
2. Жаздық бидай
3. Жаздық бидай немесе арпа
Малазықтық, дәнді-отамалы,
2 танапты ауыспалы егіс

1.Сүрлемдік жүгері
2.Арпа немесе сұлы

Егістік, дәнді-парлы-отамалы,
4 танапты ауыспалы егіс
1. Ықтырмалы-пар
2. Жаздық бидай
3. Жаздық бидай
4. Арпа
Малазықтық, дәнді-отамалы,
3 танапты ауыспалы егіс

1.Сүрлемдік жүгері
2.Жаздық бидай
3.Арпа

Арнайы, топырақ қорғайтын 10 жылдық айналымды 5 танапты ауыспалы егіс
1 танап 3 жылғы көпжылдық шөп+пар
2 танап 4 жылғы көпжылдық шөп+жаздық бидай
3 танап 5 жылғы көпжылдық шөп+жаздық бидай
4 танап жаздық бидай+1 жылғы көпжылдық шөп
5 танап арпа + 2 жылғы көпжылдық шөп
Бұл ауыспалы егіс топырағы жеңіл, құмдауыт жерлерде, желі күшті соғатын аймақтарда қолданылады. Бидай, көпжылдық шөп, және пар ауыспалы егісте ені 50 не 100 метр болатын жолақтарда орналасады. Мұндағы таза пардың үлесі 10 пайыз, дәнді масақты дақылдардікі - 40 пайыз, ал шөптікі 50 пайызды құрайды.
Қазақстанның орталық және батыс облыстарында қолдануға болатын ауыспалы егістер жобалары
Егістік, дәнді-парлы, 5танапты ауыспалы егіс
1.Таза пар
2.Жаздық бидай
3.Жаздық бидай
4.Арпа
5. Жаздық бидай
Егістік, дәнді-парлы 4 танапты
ауыспалы егіс
1.Таза пар
2.Күздік бидай, не қарабидай
3.Тары
4.Арпа

Қазақстанның шығысында орналасқан шаруашылықтарда қолдануға болатын ауыспалы егістер жобалары.

Егістік, дәнді-парлы-отамалы 5 танапты ауыспалы егіс
1.Екпе пар (бұршақ)
2.Күздік бидай
3.Жаздық бидай
4.Күнбағыс
5.Арпа

Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында орналасқан облыстардың ылғалмен қамтамасыз етілген және жартылай қамтамасыз етілген тәлімі жерлерінде қолдануға болатын ауыспалы егістер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыспалы егісті жобалау
Ауыспалы егістегі алғы дақылдар
Ауыспалы егісті ұйымдастыру әдістемесі
Егістік жерлерді орналастыру
Aқмoлa oблысы Eрeймeнтaу aудaны Қaрaтaл ЖШС жыртылғaн жeрiн рeттeстiру жәнe кaдaстрлық құнын aнықтaу жoбaсы
Ауыспалы егіс жерлерін және олардың территорияларын ұйымдастыру
Орман қорының жері
Ауыспалы егіс жүйелерін ұйымдастыру
Ауыспалы егіс және қайталап егу және ауыспалы егістерді құрудың принциптері
Ішкішаруашылық жерге орналастырудың теориялық, жалпы әдістемелік негіздері
Пәндер