Буынның жасалуы, түрлері Екпіннің түрлері. Бунақ-ритмикалық топ.Дыбыстардың алмасуы.Сингармонизм заңы


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: 1 . Буынның жасалуы, түрлері 2. Екпіннің түрлері.
Бунақ-ритмикалық топ 3. Дыбыстардың алмасуы 4. Сингармонизм заңы
Орындаған: Заманбеков Д. Д
Тексерген :Қалиева С. Е
Топ:ФИ-503
Семей қаласы 2015
Жоспар
1. Буынның жасалуы, түрлері
2. Екпіннің түрлері. Бунақ-ритмикалық топ
3. Дыбыстардың алмасуы
4. Сингармонизм заңы
Буынның жасалуы, түрлері. Біздің сөзіміз айтылуы жағынан ең кішкене единицалар - буындарға ажырайды. Сөздерді, буындарды жеке фонемаларға жіктеуді лингвистикалық талдаудың нәтижесі деп қарау керек.
Жанып тұрған май (балауыз) шамға таяу отырып сөйлегенде, ол жалп-жалп етіп тұрады. Мұның өзі сөздің буын жігін аңғартады. Өйткені ауа сөздің құрамындағы дауыстыларды айтқанда еркін шығады да, дауыссыздарды айтқанда кедергіге ұшырайды. Сонда буын өкпеден келе жатқан ауамен тікелей байланысты болады.
Буын - фонациялық ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке дыбыс, не дыбыстар тобы. Қазақ тілінде буынның маңызы ерекше. Фонетикалық негізгі заңдар осы буынның төңірегінде өрбиді.
- Буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болуға тиіс және оның саны біреуден артық болмауға тиіс. Сонда сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады деген сөз. Балаларға дегенде, дұрысы бір-ақ дауысты фонема(а) бар. Алайда бұл сөз төрт буыннан (ба-ла-лар-ға) тұрады. Бір фонема бірнеше буынның құрамында қайталанып келе береді.
- Буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің әрбір буыны лексикалық немесе грамматикалық мағынасы бар бөлшектерге тура келіп қалады. Мәселен, ат-ты-лар-ғадейтін төрт буынды сөздің 1-буыны(ат) - түбір, 2-буыны(ты) - сын есім тудыратын жұрнақ, 3-буыны(-лар) - көптік жалғау, ал 4-буыны(-ға) - септік жалғау. Мұны кездейсоқ сәйкестік деп түсіну қажет. Буында мағына болуы міндетті емес:ба-ла-ла-ры-на, а-ты-ңа, ке-лі-сі-мі-міз, жар-қы-рай-дыт. б.
- Тіліміздегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды (мәселен, ба-ла-ла-ры-мыз-ды, қа-на-ғат-тан-дыр-май-ды), не жіңішке буынды (жі-лін-шік-те-рі-не, бөл-ті-рік-те-рін бе-ре-ке-лі) болып келеді. Мұның өзі тілдің үнемді қызметіне негізделеді. Егер тілімізде аралас буынды сөздер кездесетін болса, онда олар кірме сөз болғаны:мұғалім, қабілет, қажет, педагог, методика, параллелипедт. б. Буынның жуан, жіңішкелігі қазақ тілінде дауыстыларға байланысты.
- Тіліміздегі байырғы сөздер, сондай-ақ буындар да екі дауыссыздан басталмайды. Орыс тілінен енген біраз сөздің біздің тілімізде жазылуы соның айғағы:бөрене (бревно), жеребе (жребий), кереует (кровать), кінәз (князь), үстел (стол) . Сондықтан да байырғы сөздердіСмаил, Сқақ, Рза, Сланов, Рсалдытүрінде жазу тіліміздің табиғатына сай келмейді. Ертеректе енген үстел (стол) осының айғағы. Ал Октябрь революциясынан бергі жерде орыс тілі арқылы енген сөздер екі, тіпті үш дауыссыздан да бастала береді: стиль, спорт, спринт, стратегият. б.
Қазіргі қазақ тіліндегі буындар дыбыстық құрамы жағынан мынадай болып келеді:
- бір дыбысты:а-та, ә-же, ө-ре, ү-кі, і-рі ;
- екі дыбысты:ба-ла-сы, бі-лі-мі, де, не, же-лі, та, те, да-ла;
- үш дыбысты: бас, ант, өрт, ұлт, ырс-ырс;
- төрт дыбысты:серт, қарт, сырт-сырт, бұлт;
- бес дыбысты:пункт, спорт, текст, скетч, старт, фланг, трест, стенд;
- алты дыбысты:спектр, спринт.
Қазақ тіліндегі буынның түрін Қ. Жұбанов алтыға, Н. Сауранбаев төртке бөлсе, І. Кеңесбаев үшке бөліп қарастырған. Ал фонетист С. Мырзабеков «Құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың орын тәртібіне қарай қазіргі қазақ тіліндегі буынның екі түрі бар: ашық буын және тұйық буын . Бұлай бөлу буынның теориялық та, практикалық та мәніне сай келеді және есте сақтауға ыңғайлы» - дейді.
Есте дұрыс сақтау үшін буын құрамында кездесетін дауыстыны шартты түрде А, дауыссыздарды В әріптерімен таңбалап, буынның түрлерін, оның дыбыстық құрамын былай өрнектеп көрсетуге болады.
- Ашық буын-жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып дауыстыға бітетін буын. Мұның дыбыстық құрамы:
- А:а, ә, а-на, ә-же, е-не, о-қы, ұ-зақ, ы-дыс;
- ВА:ба-ла-сы, бі-лі-мі, де, не, же-лі, та, те, да-ла;
- ВВА:ста-нок, ста-қан, сти-мул, гра-нат, пла-кат;
- ВВВА:стра-тегия, стра-тосфера;
- Тұйық буын- соңы дауыссызға аяқталатын буын. Дыбыстық құрамы:
- АВ:ат, ай, үй, әл-ден;
- АВВ: ант, өрт, ұлт, өрт-те, ыңқ-ыңқ, акт;
- ВАВ:бас-тар, бас-тық, тас-тай, бұл-бұл;
- ВАВВ:қант, жалт-жұлт, қарт;
- ВАВВВ:пункт, Маркс, фильтр;
- ВВАВ:шкаф, шлем, шпал, хлор, хром;
- ВВАВВ:спорт, старт, стенд, трест;
- ВВАВВВ:спектр;
- ВВВАВ:штрек, штрих, шприц[1] .
Екпіннің түрлері. Бунақ-ритмикалық топ. Екпін - тілдің дыбыс жүйесіндегі негізгі суперсегменттік бірліктердің бірі. Сөз ішінде не сөз тіркесінде басөа буынға өарағанда бір буынның ерекше көтеріңкі күшпен айтылуын екпін дейміз. Тіл-тілде, негізінен, екпіннің үш түрі кездеседі: бір буын ерекше күшпен, қарқынды айтылуы динамикалық екпін болса, айтылу тоны, әуені, ырғағы арқылы ерекшеленуі музыкалды екпін, ал бір буын өзгелерден дауысты дыбыстың созылыңқы айтылуына, санына қарай ерекшеленуі квантантивті екпін деп аталады. Бұл екпіннің фонетикалық қызметі жағынан да бір тілдерде екпін орны тұрақты болып, ол сөз бөлшектерін бір бүтін етіп, сөз бен сөздің шегін бөліп, жігін ажырату құралы болса, келесі бір тілдерде сөз екпіні орнына фразалық екпін болып, ол мағыналық бірлікке енген бірнеше сөз тобын екіншісінен бөліп көрсетуге қызмет етеді. Динамикалық екпінді ғылымда экспирациалы, артикуляциялы, интенсив екпін деп, қазақ тілінде тегеурінді екпін деп атаса, музыкалық екпінді бірде мелодиялы, біресе тондық, әуездік екпін деп те атайды, ал квантатив екпін - сандық екпін, мөлшер екпіні деп те аталып жүр.
Ал тіл-тілде сөйлемдегі сөздің, не буынның, не дыбыстың оқшаулануына байланысты екпіннің бірнеше түрі кездеседі. Олар:
- Сөз екпіні - әр сөздің жеке ұғымын, сөздің бейнесін танытады.
- Ой екпіні - сөйлем ішіндегі көңіл аударуға қажетті нақты бір сөзді бөлектеп айту, сол сөзге ой екпінін түсіру болып табылады.
- Көңіл күй екпіні - сөйлеушінің көңіл - күйін білдіреді.
- Лебізді немесе динамикалық екпін - сөз ішіндегі буынның біреуі басқа буындардан айрықша күшті айтылуы мүмкін.
- Үнді (музыкалық, тоникалық) екпін - бір буынның айтылу тонының ырғағы арқылы ерекшеленеді.
- Тіркес екпіні - сөз тіркесі немесе түгел сөз шумағы бір ғана екпінге ие болуы мүмкін.
- Негізгі және көмекші екпін - екі немесе үш буынды сөздің немесе көп буынды сөздің бір буыны негізгі екпінге ие болады.
Буақтар - өзіндік екпін, ритммен айтылатын сөздер тобы.
Адам өз ойын сөйлем арқылы білдіретіні белгілі. Сөйлеу кезінде сол сөздер кейде жеке тұрып, көбіне екіден, тіпті үш - төрттен топ құрап айтылады. Мысалы, Үш күндік жолдың бүгінгі соңғы күніне шәкірт бала барын салды. Осында үш күндік жол, соңғы күн, шәкірт бала, барын салды дегендер өзара тіркесіп, топ құрап тұр. Сөйлеу кезінде де бұлар жұбын жазбай, әрқайысысы өзіндік ырғаққа ие болады. Текбастауыш болып тұрған бала сөз өзінің алды - артында тұрған анықтауыш, баяндауышты бауырына тартып шәкірт бала барын салды түрде тұтаса айтылуға тиіс. Осындай топтар ритмикалық топтар деп аталады.
Ритм (грекше ретті өлшем, ырғақ) - кейбір белгілері жағынан өзара бірдей немесе біршама жуық элементтердің қайталануы. Бұл әсіресе өлең жолдарынан аңғарылады. Өлеңге тән буын, бунақ, ырғақ сияқты негізгі элементтердің әр тармақ, шумақта қайталануында белгілі бір тәртіп, жүйе болады. Бұл жөнінде А. Байтұрсынов жақсы айтып кеткен. Ритимикалық топ деп отырғанымыз - бунақ. Сонда сөйлем бунақтарға, бунақ сөздерге, сөздер буындарға, буын дыбыстарға ажырайды [2] .
Дыбыстардың алмасуы
Дыбыстық құбылыстар - сөздің құрамында болатын әр алуан дыбыстық өзгерістер. Мұның бәрі де айтуды жеңілдетуден туады. Сөз ішіндегі фонемалардың өзгеруң негізінде дыбыс алмасулары үш түрде пайда болады:
1. Шектік (позициялық) өзгерістер. Бұл - дыбыстардың бір сөз ішінде орналасқан шектің тигізген әсерінен пайда болатын өзгерістер. Тіліміздегі кейбір дыбыстардың кідірістен не бұрын, не кейін қолданылуы; кей дыбыстардың сөздің не буынның нақтылы шегінде айтылуы; сөз ішінде екпін түскен буындардан екпіні жоқ басқа буындардың алыс, не жақын тұруы; қазақ тіліне жат кірме дыбыстардың қолданылуы сияқты жағдайлар қазақ тілі фонемаларының негізгі өзіндік қасиетін түгел сақтап қалуына әрқашан қолайлы бола бермейтіндіктен, шектік өзгерістер пайда болып отырады.
Шектік (позициялық) өзгерістер әр түрлі фонетикалық жағдайлармен байланысты бірнеше түрде кездеседі:
1. Протеза - сөз алдынан басы артық дыбыстың қосылуы. Қазақ тілінде протеза болатын негізінен қысаң дауыстылар. Олар л, р дыбыстарынан басталатын сөздердің алдынан қосылады: лаж-ылаж, лай-ылай, рас-ырас, леген-ілеген, рет-ірет, рух-ұрух, ру-ұру, Лұқпан-Ұлұқпан.
2. Эпентеза - сөз ішінде дауыссыздардың арасына дауысты дыбыстың қыстырылуы. Қазақ сөздерінің буын құрамында біртектес екі дыбыс қатар қолданылмайды. Ауызекі сөйлеу тілінің әдетінде сөздер ішіндегі дыбыс тіркесінің арасында артық дыбысты қосып айту кездеседі: бөрене - бревнo, жеребe - жребий, кереует - кровать, кінәз - князь, үстел - стол .
3 . Эпитеза - протезаға қарама-қарсы құбылыс, дыбыстың сөздің соңынан қосылуы. Дауыссыздардың тіркесімен ачқталған басқа тілдерден ауысқан сөздерді айтуға олардың соңына артық дыбыс дәнекерленіп айтылып отырады: мүлде - мүлдем, досым - достым, факт - факті, банк - банкі, киоск - киоскі, Омск - Омскі т. б.
4 . Элизия - бунақтағы сөздердің арасында қатар келген екі дауыстының алдыңғысының түсіп қалуы. Мысалы: сары уыз - сарұуұз, қара ит - қарійт, торы ала - торала, бара алмады - баралмады, ала ешкі - алешкі т. б. Мұны контактілі элизия дейді. Ал осы кезге дейін редукция түрінде танылып келген еріні - ерні, мұрыны - мұрны сияқты құбылысты контактісіз элизия дейді. Өйткені екінші буындағы (ерін, мұрын, орын) дауыстының түсуі тек қосымшаның басындағы дауыстымен байланысты болып келеді.
5. Редукция (терминнің мағынасы бәсеңдеу дегенді білдіреді) - ашық буынды сөз ішінде келген қысаң дауысты дыбыстың әлсіреп, көмескіленуі. Редукциялану нәтижесінде дауысты дыбыс мүлдем түсіп қалмайды, күңгірт естіледі. Мысалы, жапрақ - жапырақ, құрлыс - құрылыс, мағна - мағына, топрақ - топырақ, үзліс - үзіліс т. б.
6. Гаплология - сөз ішіндегі біркелкі буындардың бірінің түсіп қалуы, бұл буынға екпін түспеудің салдарынан пайда болады. Мысалы, балалар - баллар, араластыр - арластыр, қарызға алма - қарызалма, келемін - келем т. б.
7. Аферезис - элизияға қарама қарсы құбылыс, яғни бунақта қатар келген екі дауыстының кеінгісінің түсуі. Бұл тілімізде сирек ұшырасады. Оның өзінде алдыңғы сөз бір буынды әрі ашық буынды болу керек. Мұндай сөздер санаулы: да, же, бұ (л), о (л), не, шылаулар - да, де, та, те…Не істейін? Не ішесін? деген тіркестерді тез, жылдам айтқанда нестейін? нешесің?-ге жуықтайды .
2. Игерулі ( комбинаторлық) тек қана сөз ішіндегі, сөз аралығындағы, сөздің мағыналы бөлшектерінің арасындағы іргелес тұрған немесе бір - бірінен алшақтап тұрған бір фонеманың екінші фонемаға ілгерінді, кейінді, кейде тоғыса келіп тигізетін ықпалынан пайда болады. Әсер, ықпал әртүрлі болғандықтан, игерулі өзгерістер бірнеше түрде болады (аккомодация, диссимиляция, метатеза) :
1. Aккомодация (лат. - бейімделу, ұқсату ) морфемалар жігінде қатар келген дауысты және дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, бейімделіп айтылуы. Бұл құбылыс бойынша қазақ тілінде, негізінен дауыстылар дауыссыздарға күштілік жасап, өз ықпалын жүргізеді, көбіне дауыстың қатысы және айтылуы жағынан өзіне бейімдеп тұрады. Мысалы: тамақ-ы - тамағы, ақ алма - ағалма, қара көз -қарагөз дегендерде дауыстылар дауыстың қатысы жағынан дауыссыздарды игеріп тұр.
2. Диссимиляция (ұқсамау) - дыбыстардың комбтнаторлық өзгерістерінің бір түрі ретінде қарастырылады. Ассимиляцияда көрші дыбыстар бір-бірімен үндесіп, ұқсап тұратын болса, диссимиляцияда керісінше, сөз ішінде бірдей немесе ұқсас дыбыстардың біреуі өз орнын ұқсастығы жоқ дыбысқа береді.
Яғни диссимиляция - бір сөзішінде артикуляциялық ұқсастығы жоқ екі немесе одан да көп дыбыстың келуі. Мысалы: молда - молла, коридор - колидор, бөлмелер - бөлмедер, таңдай - таңлай, түндік - түңлүк т. б.
- Игерусіз (спонтандық немесе тарихи дағдылы) өзгерістер- бұл өзгерістерде көршілес дыбыстардың бір - біріне тигізген ешқандай ықпалы болмайды; барлық позицияда дыбыс өзгерісі өзге дыбыстың ықпалына көнбей, өздігінен ауытқып отырады. Мысалы, сөз - сөйлем, көз - көзде - көр, бау - байла, тағам - дәм, мысық - мышықт. б. Осы мысалдардағы негізгі фонемалардың ауытқып, алмасып қолданылуына қазір ешбір фонетикалық жағдай әсер етіп тұрған жоқ. Тіл дамуының өте ерте кезіндегі тіл заңдылықтарының әсерімен өзгеріп, ұзақ уақыт бойы сөйлеуде қалыптасып кеткен құбылыстар болуы мүмкін. Яғни спонтандық өзгерістер бойынша бір дыбыс екінші дыбысқа тәуелді болмайды, бір дыбысты өзге дыбыс игере алмайды. Сондықтан дыбыстардың бұл сияқты өзгерістерінигерусіз өзгерістердеп атайды .
Дыбыс үндестігі (сингармонизм заңы)
Адамзат баласының тілі - дыбыстық тіл. Біз өз ойымызды осы дыбыстардың тіркесі, тізбегі арқылы білдіреміз.
Тіл дыбыстары, әдетте, жеке-дара күйінде айтылмай, сөз ішінде немесе сөздердің аралығында бір-бірімен тіркесіп, өзара тізбектелген түрде қолданылады. Сөздердің құрамындағы немесе сөздердің аралығындағы дыбыстар біріне-бірі ықпал етіп, бірімен-бірі өзара үндесіп айтылады. Дыбыстардың өзгеріп үндесуі олардың айтылуда бір-біріне артикуляциялық жақтан әсер етуінің нәтижесінде іске асады.
Қазақ тілінде дауыстылардың үндесуі сөз ішінде жуан дауысты дыбысы бар буыннан кейін, оған сәйкес жуан дауыстының келуі ( а-ғаш-тар-ға, қо-быз-дың ) жіңішке дауыстының келуі ( еңбек-ке, өзен-дер ) түрінде болады. Ал түбір сөздің соңындағы қатаң дауыссыздан кейін қосымшаның да қатаң дауыссыздан басталуы ( тамақ-қа, сүт-тің ) немесе ұяң дауыссыздан кейін қосымшаның да ұяң дауыссыздан басталуы ( күз-ге, қаз-дар) дауыссыздардың бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесуі болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz