Тәуке ханның ішкі және сытқы саясаты


Жоспар
Кіріспе . . .
- Тәуке ханның ішкі және сытқы саясаты . . .
- Тәуке ханның «Жеті жарғысы» . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер . . .
Кіріспе
Тәуке болып ханымыз,
Рахат тауып жанымыз,
Он сан алаш бірігіп,
Ойран болды жауымыз.
(Халық өлеңі)
Елді елдікке, ынтымаққа, бірлікке бастайтын және сол жолда жанын сала күрескен ерлерді туғызатын заман. Қазақ халқы өзінің бұрыңғы-соңғы тарихында басынан небар қилы замандарды өткізген. Олай болса талайлы тағдыр өмірден із-түссіз өте шығуы мүмкін емес. Тарихтың терең-терең қатпарларына көз жіберер болсақ, елдің есі мен санасында ұзақ уақыттан бері сақталып келе жатқан небір орасан оқиғалардың соқпақтарынан аңғарамыз. Сол соқпақтардың бойында еліне елеулі еңбек сіңіріп, қаһармандық қызмет атқарған ірі-ірі әлі күнге дейін сайрап жатыр. Халық өз басына қатер төнген шақтрда, тағдыры таразы басына түскен алмағайып сәттерде бар күш-қайратын әлгі зобалаңға қарсы қойып, ақыл-парасатымен, білегінің күшіме арашаға түсіп, сол жолда шыбын жанын аямаған, елінің, ұлтының тәуелсіздігін, бостандығын қорғаған нар тұлғалы, алып азаматтардың ерлігін де, есімін де еш уақытта ұмытпайды. Қайта уақыт өткен сайын қадір-қасиетін арттырып, төбесіне көтере түседі.
Көп жылдар бойы ұлтымыздың тамыры тереңге кеткен тарихы және елінің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен аяулы тұлғаларының есімін атауға тыйым салып, коммунистік-тоталитарлық идеологияның үстемдік етуімен басылған әдебиеттерде өткен өміріміз бір сорлы, басқа ел емес, тіпті өзіміз шошитын құбыжық өмір болып суреттелінді. Тек тәуелсіздікке қолымыз жеткеннен кейін тарихымызға деген көзқарас, құштарлық арта түсіп, еліміздің өткенін тану жиналған астықпен, қазылған кенмен тепе-тең бағаланып, өшіп қалған есімдерді қайта тірілтіп жатырмыз.
Міне, осыған орай заманындағы Тәуке хан сондай ардақты есімдердің ішінен ерекше орын алады. Бұған тарих куә, халқымыздың ой-санасы куә. Әдетте қазақ хандары хақында мәселе көтергенде біз негізінде Абылай, Кенесары туралы деректерді баспасөз беттерінде молынан жариялап келеміз және халқымыз негізінде осы екі тұлға төңірегінде мәліметтермен аңыз әңгімелерге қанық. Ал Тәуке хан туралы зерттеулер мүлдем жоққа тән. Оның себебі Тәуке хан туралы мәліметтердің сол заманнан бері архив қазналарында сақталмауы және тарихи зерттеулерде ізденіс болмағандығы. Жалпы жарық көрген тарихи әдебиеттердің беттерінде Тәуке хан туралы мәлімет өте жұтаң, тіпті бір-екі ауыз сөзбен шектелетіні бәрімізге аян.
Тәуке ханның ішкі және сытқы саясаты
Тәуке ханның қазақ елінің қасиетті қаласы Түркістанда ақ киізге көтеріліп, бүкіл үш жүздің ханы болып сайланғаннан кейін қазақтың сол заманындағы қоғамының ішкі және сыртқы саясатында ерекше көңіл бөліп, сол кезеннің өзінде-ақ ұлт мемлекеттілігін халықаралық деңгейге, биік дәрежеге көтеруге аянбай күш салады. Атап айтатын болсақ, Тәуке хан қазақ мемлекеттілігін нығайту үшін ең алдымен бет-бетімен ру-руға бөлінген, бір-бірімен қырылысып жатқан елінің ұлттық бірлігін сақтауға аянбай күш салады. Елдің басын біріктіру мақсатында ру басшыларының алауыздылық қимыл-әрекеттерін қолдағы бар тәсілдің бәрін қолданып тыюды мақсат етті. Қазақ қоғамында дау, жанжалдың, негізі көшпелі елдің мал жаятын жайылымының, қоныстың тарлығынан туып отырған. Экстенсивтік көшпелі қоғамда мал өрістің тарылуы басқа аймаққа көшуге мәжбүр етеді, басқа рулардың қоныстарына мал жаюға тура келетіні ақиқат. Малдың өсіп-өнуі, жетіліп семіруі тек жерге байланысты. Тәуке хан ішкі саясатта ең алдымен осы мәселені шешуге ат салысты. Ең алдымен үш жүздің жайлау, қыстау және күзеулерін Қазақстан территориясының ерекшеліктерін ескерумен бөлуге назар аударады. Үш жүздің білгір билерінің басын қосып, айларға созылған кеңестен кейін жайылымдардың барлығын тарихи қалыптасқан пайдалану негізінде бөлінеді. Бұдан былай жайылымды ру-ру болып пайдалануға берілді және әр ру белгіленген аймақтың шеңберінде ғана көшіп-қоннуға мүмкіндігі бар. Белгіленген жер межесінің шеңбері рудағы түтін басының санына және мал мөлшеріне қарай бөлініп отырды. Ендігі уақытта көшпелі қазақтар руларымен белгіленген жерге ие бола алған, сол жайылымның шеңберінде ғана мал жайып, көшіп-қонатын болған. Жерді пайдалану барысында дау туған болса, ру басшылары, билер әділеттілікпен шешіп отырған.
Тәуке хан ішкі саясатында қолдағы бар мүмкіншіліктерді пайдалана отырып, қайткен күнде де ру арасындағы алауыздықты тыю үшін сонымен қатар ел басқару ісін жақсартуды күн тәртібіне қойды. Бір орталықтан басқарылатын қазақ мемдекеттілігін құру үшін бірінші санатта тұрған мәселе Шыңғыс хан ұрпағынан тараған, сұлтан, төрелердің және ерекше статусқа ие болған қожалардың, қазақ қоғамындағы құқықтық жағдайларын өзгертуге ден қояды. Ондағы мақсатты мемлекеттік басқару ісіне әр ортадан шыққан қабілетті, туа біткен дарынды адамдарды тарту еді. Қазақ қоғамында Шыңғыс хан заманынан қалыптасқан дәстүр бойынша ел басқару ісін өнер, ақылдылық, беделдік парасатпен емес, жиі-жиі жағдайда тек тұқым қулаған атағымен алып отыратын болған. Көшпелі қазақ қоғамын зерттеуге үлкен үлес қосқан көрнекті ғалым, академик С. З. Зиманов былай деп атап көрсетеді: «Қазақстан территориясында Шыңғыс ханның және оның балаларының, немерелерінің үстемдік ету дәуірі барлық жердегідей қорқыту және халықты қарыспай бағындырумен көзге түсіп, жаңа ұрпаққа мұра ретінде сол өкіметтің беделінің алдында табынуды және олардың тұқымдарының ең жоғарғы билікті іске асыруға жаралғандығын мойындатты. Және мұндай көзқарас адамдардың санасына әбден сіңгеніне байланысты бұл қағиданы бұзу шындап зардап туғызуға әкеп соқтыратыны сөзсіз еді». 1 Төре тұқым атанған бұл топтар қазақ қоғамында элитарлық дәрежеге ие болғандықан қарапайым халықпен неке құруды Шыңғыс хан ұрпақтарының беделін түсіру, хан ұрпағының қанын бұзу деп таныды. Тек қана өз іштерінен қыз алысқан олар экзогамиялық табу тәртібін орындамағандықтан ұрпақтың ой-өрістік, даналық сапасының төмендеуіне әкеп соқтырған ешқандай дәлелді қажет қажет етпейді. Оны адамзаттың неке құру заңдылығы мыңдаған жылдар бойы дәлелді.
Тәуке хан қолдағы бар мүмкіншіліктерді пайдаланумен халықтың, ел басшыларының санасына ел арасында өзінің ақыл-парасатымен, батырлық әрекеттерімен ел басқару ісіне бейімі бар дарынды тұлғаларды тарту қажеттілігін сіңіруді саясатының ең басты мақсаттарының бірі деп таныды.
«Билер кеңесі» Тәуке хан құрған мемлекеттілікті нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Халық мүддесіне қызмет еткен, ішкі және сыртқы саясат жүргізуде тиімді, даналық қызмет атқарғанына тарихтың өзі куә. «Билер кеңесі» негізінде Сырдарияның бойында орналасқан Битөбе, Мәртөбе 2 сияқты жерлерде шақырылып тұрған. Тарихтан мәлім, Тәуке ханның тұсында, әсіресе 1698-1717 жылдар аралығында қазақ елінің территориясына жоңғар феодалдары баса-көктеп кіріп, бейбіт өмір сүріп жатқан көшпелі қазақ халқының кең даласын қанға бояды. Дәл осындай қиын-қыстау кезеңде Тәуке ханның ірі қолбасшылық, реформаторлық қасиеттері айқын көрінді. Ішкі әскери стратегиялық саясатта Тәуке хан қазақ даласында шайқастың бірнеше тактикасын ойлап, тауып, жаудың қарулы күштері ме жасақтарын әлсіретіп барып, ойсырата соққы беруді дағдыға айналдырды. Қазақ әскері негізінде Шыңғыс хан құрған әскери басқаруды қайта жандандырды.
Тәуке хан орнатқан тәртіп бойынша әр ру басшылары мен билер өз елінің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жауға аттанатын азаматтарын ер-тұрманмен, сәйгүлік атпен, қар-жарақпен қамтамасыз етуге міндетті. Мойнына қару асынған қаруы бар қазақ әр уақытта ел қорғаушысы ретінде танылуымен қатар, аса құрметтік дәрежеге көтерілгенін бізге жеткен жазбалардан байқаймыз. «Аттаң!» деген хабармен қару ұстай алатын азамат атқа қонып, жаушы жеткізген хабарме белгіленген жерге жиналған. Қазақ тарихы хақында құнды еңбектер жазған Көшке Кемеңгерұлы былай деп жазды: «Ауропаның кінәсіздері сияқты халықтан оқшауланып кетуге қазақ хандарының бөлек әскері болмады. Халық милициясы ретінде әр азамат қару алып жауға аттануға халуы бар еді. Шаруаға аттануға азаматты зорлау болмаса да, әлеумет кезінде қарусыз адам, әскер санатына қосылмаған адам төмен бағаланушы еді. Тәуке заңында қарулы алымның жиырмадан бірін төлейтін болған, қарусыз үлкенге қарулы жас орын бермейтін болған. Қарусыз азамат алқасында дауысқа ие емес». 3
Қорыта айтатын болсақ, ақылы асқан әз Тәуке хан өз заманының ірі тұлғасы ретінде қазақ елін бір орталықтан басқарылған, оның тыныштығы мен тәуелсіздігін қамтамасыз еткен мемлекеттілік құрды деп айта аламыз. Бұл тарихи ақиқат.
Тәуке ханның «Жеті жарғысы»
Тәуке ханның реформаторлық қызметінің сапынан ерекше орын алатын мәселе - қазақ қоғамының құқықтық жүйесін қалыптастыруы. Мемлекетті нығайтып, тәртіп орнату үшін тиімді, халық мүддесіне сай келетін, орындалуы арнайы тетіктермен қамтамасыз етілетін заң жүйесі болуы шарт. Бұл қағиданы Тәуке хан аса көрегенділікпен түсінген. Құқық жүйесін жасау қызметіне қазақ қоғамынан өздерінің қара қылды қақ жарған әділ шешімдерімен елге танымал болған билерді тарта білді. Олардың негізгі өзегін «Үш пайғамбар» атанған Төле би, Қаз дауысты Қазбек және Әйтеке биқұрады. Соның негізінде дүниеге қазақ қоғамының ұлттық Хартиясы - Жеті Жарғысы» дүниеге келді. Ол тек қана сол заманның талаптарына сай келетін құқықтық құжат емес. Оның мәні және мазмұны жағынан көшпелі қазақ халқының этикалық, шаруашылық ұйымдастыру және географиялық ерекшеліктерге сай қабылданған аса құнды құқықтық ескерткіш болып табылады.
«Жеті Жарғының» әрбір бабы қазақ халқының әлеуметтік практикасының жемісі, ұлтты қорғау үшін, көшпелі және талқылау барысында идеялық пікірталас, билердің данагөйлігінің қорытындысы. «Билер кеңесі» бекіткеннен кейін ауызша түрде ел арасында таралған.
Әз Тәукенің «Жеті Жарғысына» теориялық-ғылыми тұғырдан талдау жасап қарасақ оның әрбір бабы, талаптары мен реттеу функциялары сол заманның тарихи жағдайларына дәлме-дәл сәйкес келетінін байқаймыз. Тіпті кейбір мәселелерді заң нормасына айналдыруда заман талабынан асып, көрегенділіктің нағыз данышпандылығын танытқанын аңғармасқа болмайды. Атап айтсақ, бұл құқықтық құжат қазақ халықының ұлттық бірлігін нығайтуға рулар арасында алауыздықты тежеуге, жоңғар шапқыншылығына қарсы елді бір тудың астына топтастыруда өлшеусіз роль атқарды.
Тәуке хан 1718 жылы дүние салды. «Жеті Жарғыны» қазақ халқы негізінде ХІХ ғасырдың ортасына дейін қолданып келді.
«Жеті Жарғы» негізінде жеті әдеттік құқықтық жүйеден тұратын қоғамдық қатынастарды реттейтін салалардың жиынтығы. Бір сөзбен айтқанда, Жеті Жарлық: жер дауы, жесір дауы, құн дауы, бала тәрбиесі және неке, қылмыстық жауапкершілік, рулар арасындағы дау, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету»
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz