Академиялық сөйлеу кезіндегі шешендік өнер. Көркем шығарма стилі. Оның түрлері, эстетикалық қызметі


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: 1. Академиялық сөйлеу кезіндегі шешендік өнер.
2. Көркем шығарма стилі. Оның түрлері, эстетикалық қызметі.
Тексерген: Жақсыбаева Ф. З.
Орындаған: Парасатова Т. С
Топ: КЯ-313
Семей 2015
Жоспары:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім.
1. Академиялық сөйлеу кезіндегі шешендік өнер.
2. Көркем шығарма стилі. Оның түрлері, эстетикалық қызметі.
Қорытынды
Шешендік - ұшқыр ойдың қас қағымда тілге оралымдылығы, байламы; дер кезінде дәл мағынасын дөп басар бейнелілігі; мәнді, ойлы сөздердің мәйекті мақал мен мәтелге айналуы; дау-дамайда қазылық, мәмілегерлік; ара қатыста елшілік, жаугершілікте бітімгерлік; ұрпаққа, қалың қауымға өсиет. “Алажағым кетсе де, айтажағым кетпесін” дейтін қазақтың сөзге қонақ беруі.
Шешен (жезтаңдай, ділмар, айыркөмей, орақ ауыз, от тілді, сөзуар, тапқыр) - тілге жүйрік, сөз қисынын тауып айтатын халық қалаған сөз шебері. Ел-жұртты елеген, халқы қалаған азаматтарды ардақтаудың ана тілімізде атаулары мен дәріптеу, бейнелеу сөздерін айтып тауысу қиын. Оны қазақ теңеп те, бейнелеп те, асқақтатып та айта білген. Ел намысын қорғаған ерлерді «нар», «арыстан», «арыстан», «ерім», «азаматым» деген сияқты теңеулермен мадақтап, ардақтаумен бірге әділді «қара қылды қақ жарған»; шешенді «ердің құнын екі ауыз сөбен шешкен»; шеберді «темірден түйін түйген»; жомартты «атын түсіп беретін мырза»; адалды «сүттен ақ, судан таза»; сұлуды «ай мен күндей»; әдептіні «қыз мінезді жігіт»; бәйбішені «бес биенің сабасындай»; баланы «тойған қозыдай»; бойжеткенді «оймақ ауыз, күлім көз», деп дәріптеген. Жақсы адамдарды көріп, білмесе де сырттай сүйініп, ұрпағына үлгі еткен.
Қазақ ауыз әдебиетінің айрықша жанрының тағы бірі - шешендік сөздер. Шешендік өнер -ақындық, жыраулық, жыршылық айтыс секілді қазақ әде-биетінің өзіндік ерекшелігін көрсететін негізгі жанр-ларының бірі. Шебер сөйлеу, айтқан сөзің нысанаға дөл тиюді үйрену үшін ежелгі шешендік сөздерді жаттау, оның қыры мен сырын жете меңгерудің мәні зор. Өйткені халық даналығы: мақал, мәтелдерде сөз мөйегі, ойды үшқыр ай-тудың үлгілері молынан кездеседі.
Шешендік сөздер көркем әдебиеттің жанрлары: ерте-гі, батырлар жырлары, мақал-мөтелдер, жүмбақ, жаңылт-паштар, қара өлең, термелер т. б. ойыңды өрістетіп, тапқ-ырлыққа баулып, үлгі-насихат арқылы тыңдаушының та-ным дүниесін кеңейтіп, биік адамгершілік қасиеттерге үндеп қана қоймайды, олар сонымен қатар, қазақ дала-сында олеуметтік қызмет атқару ерекшелігімен де дара-ланады. Сондықтан да дана халқымыз шешендікті терең меңгерген адамды киелі санап, жүйесін тауып сөйлеген сөзге тоқтаған, шешендікті «шешендік өнер» деген сөз тіркесімен атауы да тегіннен-тегін болмаса керек.
Шешендік сөз парасатты ойға, үшқыр шешімге, тап-қыр логикаға қүрылады. Шешендік сөз айтылған ойға әрі қисынды, әрі жедел жауап қайтару. Яғни, шешендіктің басты қасиеті - тапқырлық, шапшаңдық.
Жалпы сөз тапқырлығында шешендердің алатын ор-ны ерекше.
Оның монісіне байыптап қарасақ, шешендердің ба-сым көпшілігі билер, батырлар, жыраулар. Олардын дауы-на, айтысқан жиыны үстіне екінің бірі кірісін, араласа алмаған. Дегенмен, шешендік өнер тек билерге, болмаса жырау, батырларға ғана тән дер болсақ, үлкен қателікке үрынар едік.
Шешендік өнердің қайнар көзі
Төл әдебиетіміз ХУ ғасырдан басталады. Ендеше ақын-жыраулардың толғау, термелері, айтыстары т. б. осы шешендік сөздердің алғаш-қы баспалдақтары. Сондай-ақ, аты аңызға айналған Асан, Жиренше, Абыз, Қарашаш, Әнет баба, Жетес би, Төле би, Қазыбек, Әйтеке т. б. билер мен шешендер туралы өңгіме-лер, насихат өлеңдер де шешендік өнердің алғашқы табал-дырығы екендігінде шүбә жоқ.
Сонымен ХҮ ғасыр төріне көз салсақ, Асанқайғы есімі қазақ сахарасының қай түкпірінде болмасын аян. Шежіре қарттардың Асан атын естімегені, оның бірер ауыз нақылын, шешендік толғамдарын білмейтіні кемде-кем. Ол сонау 1456 жылдары Жәнібек, Керей көшін тоқтатпақ болып, туған жерді қимай былай деп толғайды:
Еділ менен Жайыцтың
Бірін жазга жаітасаң,
Бірін цысца қыстасаң,
Ал қолыңды маларсың
Алтын меиен куміске!
Шешендік тек тарихи құбылыс қана емес, қоғамдық құбылыс. Түрлі тарихи қиын кезендерде шешендік қоғамға қызмет етті. Шешендік өнердің тарихына көз жіберсек, шешендік әсіресе тәуелсіздік жолындағы күресте өте-мөте белсенді қызмет атқарды. Шешендер тіпті жер дауы мен жесір дауын қозғаса да, түбі елдікке, бірлікке, теңдікке барып тірелді. Сондықтан да әйгілі шешендердің тайпа көсемдері, ханға кеңесші билер, қол бастаған батырлар болуы тегін емес еді. Немесе біз білетін шешендердің әрі би, әрі қолбасшы, әрі батыр, әрі жырау-философ болуы да осы ұлы мұраттан туындағаны белгілі. Кейін қоғамдық-әлеуметтік жағдайдың өзгеруіне байланысты, идеология да өзгерді: бұрынғыдай халық жиналыстарында саяси-әлеуметтік тақырыптарда пікірталасы немесе үгіт-насихат сөздері кеңінен жүзеге аспады, қоғам мүшелерінің саяси белсенділігі төмендеді. Енді шешендер мен шешендік сөздердің, шаршы топтың сипаты өзгерді: шешендер білім-ғылым, оқу-ағарту, тәлім-төрбие, мэдениет-өнер тақырыптарын қозғаған көркем сөз иелері- ақындар мен жазушылар, ғалымдар, журналистер болса, тындаушы топ-білім-ғылым, оқу-ағарту, мәдениет саласындағы көпшілік. Кейінгі қоғамда шешендік өнердің көрінетін орындары-жоғарыдағы тақырыптарға арналған жиналыс, конференция, съезд, симпозиум, семинар, диспуттар еді. Шешендік сөздің сипатына қарай ягни нені айту, қайда айту, қалай айту талаптарына орай, шешендік өнер тіл мәдениетін кетеретін шарттардың бастысына айналды. Шешендік сөз енді өлең түрімен емес, таза қара сөзбен айтылатын болды.
Соңғы жылдары, яғни еліміз тәуелсіздік алып, дербес мемлекет болғаннан бастап шешендік өнердің қажеттілігі күн санап артып келеді. Елдін тоуелсіздігі өзімен бірге ойлау тәуелсіздігін, санадағы, танымдағы тәуелсіздікті, тіл тәуелсіздігін қоса алып келді. Демократиялық қоғам өмірдің барлық саласыида сөйлеу еркіндігін камтамасыз етті, әр түрлі саяси көзқарастағы топтар қалыптасты, дін тақырыбында шешіліп сөйлеуге мүмкіндік туды. Еліміздің конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл болып қабыддануына байланысты сот істері қазақ тілінде жүргізіле бастады. Республикадағы телеарналар мен радиохабарлардың тең жартысы қазақ тілінде дайындала бастады, қазак баспасөз басылымдарының тілі өткірлене түсті. Осының бәрі қазақ тілінде шешен сөйлеу талабын күшейте түсері сөзсіз. Шешендік өнерді зерттеп, окулық жазған Г. З. Апресян қазіргі шешендікті мазмүнына қарай былайша бөледі:
1) Әлеуметтік- саяси мәндегі шешендік.
2) Академиялық шешендік.
3) Сотта айтылатын шешендік.
4) Әлеуметтік тұрмыста қолданылатын шешендік.
5) Діни қызметте қолданылатын шешендік.
Шешендік өнер - ежелгі Грекия мен Рим заманынан бермен қарай көптеген халықтардың мәдени, рухани, өмір тіршілігіндегі өнердің бір түрі. Грек шешендiк өнерiнiң игi әсерi арқасында көне Римде де бұл өнер дами бастады. Бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi III ғасыр Рим мен Грек елдерiнде эллиндiк дәуiр деп аталып, әдеби-мәдени құндылықтардың алмасуымен сипатталады. Бұл сипат шешендiк өнерге де тiкелей қатысты. Байырғы салалары: бейнелі сөз, шешендік сын, шешендік өсиет, шешендік нақыл, шешендік дау, шешендік толғау. Әр қайсының әсерлі өңі, сұлулығы, татымдығы, дуалылығы, зерделігі адам ой жүйесіне, жан-дүниесіне, сезіміне мықты қозғау салады, жүрек тебірентеді. Тыңдаушының еркі мен сезімін билейді, толғандырады.
Шешендік сөздер ағып тұрған поэзия, тұнып тұрған философия. Ақ өлеңмен өрілген сөз тұнығы: сырлы теңеу, астарлы сын, жинақы ой, жұмбақты меңзеу, қисынды толғам, тылсымды талай. Бәрі тіл құдіретінің, пікір түйінділігінің, таңғажайып ой толғағының әмбебап туындысы.
Өмір құбылыстарына байламды шешендік сөздер орны-орнына қойылса шебер шендестіріледі. Сырланып, әрленіп, татымы нәрленсе ойды шалқытып, сезімді тербеп адам көңілін ұйытады.
Сұлу, өрнекті әр шешендік сөздің өзіне тән терең мағыналы және астарлы жүктемесі бар. Жүйелі, байыпты айтылса досқа пір, дұшпанға зіл, шат көңілге шабыт, қам көңілге демеу, батырға айбынды ұран болар әрі тәтті, әрі қатты, әрі майда, әрі өткір алмас тіл.
сақталған
Көркем әдебиет стилі немесе көркем сөз - ойды және сезімді образ арқылы бейнелейтін айрықша өнер. Тіл көркем шығармада ерекше эстетикалық қызмет атқарады.
Тіл адам баласының іс-әрекеттерінің барлық жақтарын тегіс қамтиды. “Тілдің қимыл өрісі шексіз”. Адам өз ойын жеткізу үшін ғана сөйлесіп қоймайды, көңіл күйін, эмоциясын білдіру арқылы басқа адамдардың да сана-сезіміне әсерін тигізеді. Ол әсер сөйлеу тілімізде айтушының өз түсінігі бойындіа, өз ойын тіл құралы ар-қылы жеткізе білуінен болса, көркем шығармалар- жазушының өмір тануына, дүние сезінуіне, көзқарасына сол өмір фактісін жи-нақтап, қорытып бейнелі тілмен жазу мәнерінен болады. Сөйлеу тілімізде сөздер бұрыннан машықталған үйреншікті қалыпта жұм-салады, ал көркем шығармада сөздер сараланып, белгілі стильдік мақсатта қолданылады. Көркем сөзбен жазылған әдеби шығарма - өмір фактілерін жан-жақты терең қамтитын жанды организм. Онда адам да, аң да, құс та, табиғат та - бәрі де қатысады. Тұрмыс-салт, шаруашылық, экономика салаларынық калпы, даму жолдары көрсетіледі. Қөркем шығармада көптеген кейіпкерлер болады. Олар жағымды, жағымсыз образдарға бөлініп, топталады. Олардың әрқайсысының өз алдына жеке-дара сырт пішіні - портреті - жасалып, іс-әрекеттері, ой-өрісі, өмір тануы суреттеледі. Ол кейіпкерлердің тіл ерекшеліктері болады. Сөйтіп типтік образдар жасалады. Шығармалардағы адамдар табиғат қоршауында әрекет жасайды. Мұның бәрі шығарманын идеялық мазмұнын, көркемдік ерекшелігін айқындауда маңызды роль атқарады. Шы-ғарманың көркемдік қасиеті ондағы қайталаусыз жасалған әр алуан образдар мен өмір құбылыстарыньщ картиналары бейнелеулер арқылы көрінеді. Мысалы:
Азуы - алмас, тілі - у,
Арам көңіл, ала ту,
Кең жемсаулы, кең қарын,
Найзадай түйреп қолдарын
Қорқау қасқыр - “жан” жүрді1.
С. Мұқанов осы бір шумақта бұқара халықты рақымсыз езіп, жаншып, өктемдігін жүргізген қиянатшыл заманның мейірімсіз өкілдерінің жиренішті кескін-кейпін ұтымды теңеу, эпитеттер ар-қылы оқушынын, көз алдына елестетеді.
Осындай суреттеуге М. Әуезовтен тағы бір мысал: Қызылды-жасылды қылып сәнмен жиылған жақсы үйлерде қалыц көрпе, құс жастықтарға көмілген жуан билер, күндіз-түні семізді кертіп жеп, кекірігі азғанша майға бөгіп жатқан. Бұлар, малына інет келген ауылдыц иттері сияқты, жоны шығып, қуйрығын сыртқа салып, көзі қызарып құтырғандай қанталап, қауып түсетін сияқты түр көрсетеді2.
Немесе, …долданып құтырған Қоқыштар, Сэрсендер жуан-жуан жақсы киімді, боқтығы күшті үлкендер…
Бұл мысалдардан образды сөздердің атқаратын қызметі ерекше сезіледі. Сонымен бірге мұнда сөз қолдану, сөйлем құрылысы, тіпті контекст - барлығы да экспрессивті берілген. Автор тілдің экспрессивті-эмоционалды тәсілдерін шебер пайдаланган. Жазушы суреттеп отырған шындықты оқушы көзбен көргендей айқын сезі-неді. Мұнда жағымсыз образ тілдік тәсілдерді бейнелі, экспрессивті қолдану арқылы жасалған. Осылайша сөзді метафоралы қолдану арқылы жасалған образдар тез қабылданып, ойда ұзақ сақталып, сөз қолданысы тұрақталып, бейнелі сөздердің үлгісі молығады.
Образ жасаудың сөзді метафоралы түрде қолданудан басқа да көптеген тәсілдері бар. Оны төмендегі мысалдан көруге болады: Бақтығұл атқа мінісімен: “Эйдэ, тарт!”- деп тебініп жіберіп, қоз-галып кетті. Көп сәйгүліктің аяғы сатыр-сұтыр басып, шымды жерді дүңк-дүңк еткізіп, үстеріндегі ер-тұрман, қару-сайман бір-біріне шалдыр-шылдыр, тықыр-тықыр соқтығып, ымырт қараңғылығын қуалай тартып береді3.
Автор мұнда әр түрлі дыбыстарды еліктеуіш сөздер арқылы бейнелеп отыр. Осы түста оқушы көп аттың түяғы тиген жердің дүңкілін, ер-түрманның шылдырын айқын естіп түрғандай сезінеді.
Көркем шығарма тілі - проблемалық мәселе. Көркем шығар-маны жасайтын - жазушы. Шығармадан жазушының өзіндік ерекшелігі, шеберлігі, стилі байқалып отырады. Шеберлік мәселе-сін шығарманын, тілінен бөлек алып қарауға болмайды. Шеберлік мәселесі тілге тікелей қатысты. Сондықтан да жазушының ше-берлігі жайында сөз еткенде, ең алдымен оньщ, тілінен бастаған жөн1,
Шеберлік дегеніміздің өзі - тар шеқберде алғанда, адам бей-несі, табиғат көрінісі, қимыл, іс-әрекет сияқты әдебиеттік түрлі образдарды жасау үшін кажетті сөздерді талғап, ұқыптылықпен қолдана білу. Мұндай образдарды жасау үстінде сұрыпталатын сөздерге әрқашан да жаңа мағына, қосымша реңдер берілетіні белгілі. Сөздердің ондай жаңа қосымша марынасы мен реңдері образды ойды эстетикалық жағынан байытып отырса ғана құнды болмақ. Образды ой дегеніміз - суреттелетін зат, құбылыстың формасын сөз арқылы шебер бейнелей білу.
Қөркем әдебиет - “сөз арқылы әдемі түрде суреттелетін ис-кусство”. Әдебиетшілер болсын, тілшілер болсын көркем шығарма тілін сөз еткенде, екеуінің де негізгі объектісі - әдеби шығарма. Өйткені әдеби шығарманың негізгі құралы - тіл. Жазушылар да құрылысшылардьщ кірпіштен салған биік әсем мұнарасы сияқ-тандырып өмірдегі сан алуан қүбылыстарды бейнелі сөз өрнегі арқылы қиюластырып, көркем образдар жасайды. Көркем образ жазушының шеберлігіне, оньщ жалпы халыктық тіл байлығын жетік меңгеріп, шұрайлы сөз образдарын қолданып шебер суреттей білуіне байланысты. Сонымен бірге жазушы шығармасының тілі, онық стиль ерекшелігі шығарманьщ мазмұн, идеялық жақтарымен байланысты қарастыруды қажет етеді.
... жалғасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz