Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы.Инфеция түрлері және оларға сипаттама. Иммунитеттің механизмдері



1. Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы
2. Инфеция түрлері және оларға сипаттама
3. Иммунитеттің механизмдері.
4. Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық ,жалпы физиологиялық факторлары(температура,гормондар,ингибиторлар,интерферондар)
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Вирус (лат. vīrus - «у») – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан –кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді.
Вирустар тек клетка ішінде ғана тіршілік ететіндігіне орай олардың клеткаға тигізетін зардабының да өзінше ерекшеліктері бар.Вирустық аурулардың пайда болуы және дамуы үшін вирустар ағзаларға еніп көбейе алатын сезімтал клеткаларға жетуі қажет.

Вирустың организмге ену жолдары әр түрлі:
• Алиментарлық(жем,шөп,су арқылы) жол,оған мысал:аусыл ауруы,ірі қара асқазан ішек аурулары т.б.
• Тыныс жолы арқылы ену(мысалы:ірі қараның парагрип ауруы,шошқа обасы т.б);
• Трансмиссивтік жол-вирусты қоңыздар,маса ,шіркейлер,кенелер таратады;
• Вирустар тері арқылы таралады(жарақаттанған және жарақаттанбаған тері),олар құс ,қой және ешкі шешегі т.б;
• Жыныс мүшелері арқылы таралады;
• Лас аспаптардан малдәрігерлік көмек көрсету кезінде таралады;

Вирустың таралу жолдары:
Синтезделген жаңа вириондар организмге келесі жолдармен таралады:
1. Шектелген таралу –вирус бір жасушадан басқа жасушаға беріледі. Бірақ, бұл кезде ішінде вирус бар фагоциттер арқылы вириондар лимфалық түйіндерге түседі, сондықтан «шектеліп таралу» түсінігі салыстырмалы термин;
2. Виремия – вирустың қан ағымымен ең маңызды таралу жолы. Бұл кезде вирус қан плазмасында еркін айналымға түседі – плазматикалық виремия деп атайды, немесе вирус қанның түйіршік (форменные) элементерімен бірлесіп айналымға түседі – жасушалық – ассоциацияланған виремия. Плазматикалық виремия екі фазада атқарыла алады: біріншілік – бұл кезде вирус енген жерден бастап таралады, және екіншілік – бір қатар ағзалар мен тіндерге вирустың ауқымды зақымдаушы әсерінің нәтижесінде болады.
1. Жалпы вирусология. Ш. Мырзабекова. // Алматы. – 1994. – 176 бет.
2. Жалпы және жеке вирусология. А.Ә.Стамқұлова, К.Құдайбергенұлы, Б.А.Рамазанова.// Алматы. – 2010. – 380 б.
3. Лурия С. Общая вирусология. М. – 1981. – 680с.
4. Л.Б.Борисов. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология. //Москва. – МИА. – 2005. – 736с.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: 1)Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы.Инфеция түрлері және оларға сипаттама
2)Иммунитеттің механизмдері.Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық ,жалпы физиологиялық факторлары(температура,гормондар,ин гибиторлар,интерферондар)

Орындаған:Халелова Жансая
Тексерген: Омарбеков Е.О.
Тобы: ВС-303

Семей 2015 ж.

Жоспары:
* Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы
* Инфеция түрлері және оларға сипаттама
* Иммунитеттің механизмдері.
* Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық ,жалпы физиологиялық факторлары(температура,гормондар,ин гибиторлар,интерферондар)
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Вирус (лат. vīrus - у) - тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан - кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді.
Вирустар тек клетка ішінде ғана тіршілік ететіндігіне орай олардың клеткаға тигізетін зардабының да өзінше ерекшеліктері бар.Вирустық аурулардың пайда болуы және дамуы үшін вирустар ағзаларға еніп көбейе алатын сезімтал клеткаларға жетуі қажет.

Вирустың организмге ену жолдары әр түрлі:
* Алиментарлық(жем,шөп,су арқылы) жол,оған мысал:аусыл ауруы,ірі қара асқазан ішек аурулары т.б.
* Тыныс жолы арқылы ену(мысалы:ірі қараның парагрип ауруы,шошқа обасы т.б);
* Трансмиссивтік жол-вирусты қоңыздар,маса ,шіркейлер,кенелер таратады;
* Вирустар тері арқылы таралады(жарақаттанған және жарақаттанбаған тері),олар құс ,қой және ешкі шешегі т.б;
* Жыныс мүшелері арқылы таралады;
* Лас аспаптардан малдәрігерлік көмек көрсету кезінде таралады;

Вирустың таралу жолдары:
Синтезделген жаңа вириондар организмге келесі жолдармен таралады:
1. Шектелген таралу - вирус бір жасушадан басқа жасушаға беріледі. Бірақ, бұл кезде ішінде вирус бар фагоциттер арқылы вириондар лимфалық түйіндерге түседі, сондықтан шектеліп таралу түсінігі салыстырмалы термин;
2. Виремия - вирустың қан ағымымен ең маңызды таралу жолы. Бұл кезде вирус қан плазмасында еркін айналымға түседі - плазматикалық виремия деп атайды, немесе вирус қанның түйіршік (форменные) элементерімен бірлесіп айналымға түседі - жасушалық - ассоциацияланған виремия. Плазматикалық виремия екі фазада атқарыла алады: біріншілік - бұл кезде вирус енген жерден бастап таралады, және екіншілік - бір қатар ағзалар мен тіндерге вирустың ауқымды зақымдаушы әсерінің нәтижесінде болады. Плазматикалық виремия әдетте қысқа мерзімді, өйткені плазматикалық вирустар жылдам бейтарапталанады және вирус - антиденекешені макрофагтармен жойылады. Жасушалық - ассоциацияланған виремия - қанның формалық элементтерімен ассоциацияланған вирустың қан ағымымен таралуы. Мұндай құбылыс қан айналымындағы жасушаларда - моноциттерде, лимфоциттерде, сирек жағдайда эритроциттерде вирустардың репродукциялануы кезінде болады. Осындай виремия кезінде вирус көбінесе аз деңгейде табылады және оларды бөліп алу өте қиын. Мұндай виремия да (висна вирусы және иммунды - тапшылық вирусынан басқаларда) ұзаққа созылмайды. Жасушалық ассоциацияланған виремия қарапайым ұшық вирусына (тромбоциттермен таралады) және гемадсорбциялық қасиеті бар (грипп, парамиксовирустар - олар эритроциттермен таралады) вирустарға тән, бірақ аталған жасушаларда вирустардың репродукциялануы болмайды.
3. Шеткейлік жүйке тармақтарымен (периферические нервы) таралу. Вирустардың осындай таралу жолы қызамық және ұшық вирустарына тән. Поливирустар және реовирустар жүйке талшықтарымен және қан ағымымен де тарала алады. Нерв арқылы таралуы бойынша бір вирустың әр түрлі штаммдарының арасында айырмашылығы болуы мүмкін.
Сонымен, вирустың организмге енуі, оның репродукциялануы, әр түрлі ағзаларға, тіндерге және жасушаларға таралуы нәтижесінде инфекциялық процесс дамып, иесінің организмінде әр түрлі клиникалық көріністер байқалады.
Вирустық инфекциялардың түрлері:
Қазіргі кезде вирустық инфекциялардың келесі түрлерін ажыратады:
1. Түсікті (абортивная) инфекция - нақты организмде репродукцияланудың толық циклын атқара алмайтын вирустарға тән, бірақ мұндай инфекцияның иесінің организміне тигізетін әсері жоқ деуге болмайды. Мысалы: кеміргіштерде SV40 вирусы қоздыратын инфекция пермиссивті емес, бірақ жасушаларда трансформациялық процесс дамуына әкеледі. Пермиссивтілі емес деген термин - жасуша ішіне енген вирустың репродукциялануын қолдай алмайтын жағдайды білдіреді.
2. Жедел (жіті ) инфекция - соңында иесінің иммундық жауабы арқылы вирустан толық арылатын жағдай.
3. Кейіннен латентті инфекцияға айналатын жедел инфекция. Бұл кезде белсенділігінің қайталану және организмннен шығу кезеңдері алмасып, вирус инфекциялық емес (неинфекционный) жағдайда болады. Инфекцияның осындай түрін қоздыратын вирустардың белгілі бір жағдайларда жасушалардың біреуінде өнімді (продуктивная) инфекция, ал басқа жасушаларда пермиссивті емес инфекция қоздыру қабілеттілігі болады.
4. Кейіннен персистентті инфекцияға айналатын жедел инфекция. Бұл кезде инфекциялық вирус тұрақты бөлінеді, немесе зақымданған тінде кездеседі. Иесінің иммунды жауабы жедел инфекция кезінде вирусты жоя (элиминирлей) алмаған жағдайда персистентті инфекция пайда болады.
5. Баяу, үдемелі (прогрессирующий) инфекциялар. Бұл инфекциялар айналымға түспейтін (циркуляцияланбайтын) агенттерге тән (приондар), олар бас миын зақымдайды. Иесімен оған енген вирус арасындағы күрес вирустың элиминациялануымен немесе инфекция персистентті, болмаса латентті түрімен аяқталады. Персистентті инфекцияға айналуы үшін вирус, иесінің иммунды реакциясынан қашықтау механизмін пайдаланады. Вирустардың сол үшін пайдаланатын стратегиясы өте спецификалы және иммундық жүйенің әр түрлі деңгейін зақымдайды.
Персистентті вирустық инфекциялар кезіндегі иммунды жүйенің қашықтану мысалдары:
Синтезделуін немесе жетілдірілуін басып тастау жолымен цитокиндердің әсерін тосқауылдау.
Цитокиндермен сигнал беруді интерференциялау.
Эффекторлық цитокиндік функцияның интерференциялануы.
Вирустың секвестрленуі.
Жасушалардағы антиген презентациясының тосқауылдануы.
Киллерлік жасушалардан қашықтану.
Жасуша апоптозының тосқауылдануы.
Антиденелер және комлементтен қашықтануы.
Персистентті және латентті инфекциялар қандай жағдайда қалыптасуы мүмкін? Біріншіден - жасуша бұзылуының болмауы, яғни цитопатиялық эффект дамуының болмауы. Жедел инфекция кезінде вирустың репродукциялануы көбінесе жасушаның бұзылуына әкеледі және ол организмннен вирустың жылдам эллиминациялануына әсер етеді. Екіншіден - вирустық геномды қолдаудың белгілі механизмі болады, өйткені ол персистенциялану кезінде тұрақты кездеседі. Үшіншіден - персистентті вирусқа иесі жағынан әсер ететін иммунды жауаптың болмауы немесе күрт төмедеуі.
Бұндай жағдайлар қалай іске асырылады?
1. Цитолитикалық эффектінің шектелуі. Өнімді инфекция кезінде жасушалар бұзылуымен сипатталмайтын вирустар кездеседі және мұндай вирустар персистенциялануға бейім келеді. Мысалы: В гепатит вирусы - ол гепатоциттерді аз мөлшерде зақымдап өнімді инфицерлейді немесе ешқандай зақым келтірмейді. Бірақ, цитолитикалық инфекция қоздыратын вирустардың арасында да олардың персистенциялануы тіркелген. Мұндай вирустар үшін олардың репродукциялануы вирустық геномның экспрессиясының шектелуімен қабаттас жүруі қажет. Осындай шектелу пермиссивті емес жасушаларда геномның экспрессиясын төмендететін реттеушілік (регуляторный) бақылау кешені бар вирус болса байқалады. Мысалы: сенсорлық нейрондар қалыпты цитолитикалық ұшық вирусы үшін пермиссивті емес және осындай нейрондарда ұшық вирусының геномы үлкен жылдамдықпен экспрессияланады немесе тіпті экспрессияланбайды (мұндай жағдайда латентті инфекция қалыптасады). Терінің базальді қабаты папиллома вирусы үшін пермиссивті емес, сондықтан латентті инфекция қалыптасады. Бұл вирустар жасушалар айналасында зақымдану, жасушалық дифференциация сияқты ж.т.б. өзгерістер пайда болғанға дейін латенттік жағдайын сақтайды. Мұндай өзгерістер осы вирустар ұшін кейбір кезде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы. Инфеция түрлері және оларға сипаттама
Вирустар, түрлері және организмге орналасуы
Вирустардың органимге енуі, таралуы, орналасуы. Инфекция түрлері және оларға сипаттама
Инфекция түрлері және оларға сипаттама
Вирустардың организмге таралуы, енуі, орналасуы.Инфекцияның түрлері және оларға сипаттама. Иммунитеттің механизмдері
Иммунитеттің механизмдері. Иммунитеттің гуморальдық, клеткалық, жалпы физиологиялық фактролары
Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы туралы ақпарат
Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы. Инфекция түрлері және оларға сипаттама. Иммунитеттің механизмдері. Иммунитеттің гуморальдық, клеткалық, жалпы физиологиялық фактролары туралы ақпарат
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы.Инфекция түрлері және оларға сипаттама. Иммунитеттің механизмдері.Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық,жалпы физиологиялық факторлары
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы жайлы
Пәндер