Пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыруға қойылатын талаптар



I.Кіріспе
1.Пестицидтердiң (улы химикаттардың) қауiпсiздiгiне
қойылатын талаптар" техникалық регламентi
II.Негізгі бөлім
1.Пестицидтердiң (улы химикаттардың) Қазақстан
Республикасы нарығындағы айналымының шарттары
III.Қорытынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер
Осы "Пестицидтердiң (улы химикаттардың)
қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" Техникалық регламентi (бұдан әрi -
Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы
Экологиялық кодексiне, Қазақстан Республикасының "Өрт қауiпсiздiгi
туралы" 1996 жылғы 22 қарашадағы, "Өсiмдiктер карантинi туралы" 1999
жылғы 11 ақпандағы, "Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк
қауiпсiздiк туралы" 2002 жылғы 3 сәуiрдегi, "Өсiмдiктердi қорғау
туралы" 2002 жылғы 3 шiлдедегi, "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық
салауаттылығы туралы" 2002 жылғы 4 желтоқсандағы, "Техникалық реттеу
туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы, "Химия өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi
туралы" 2007 жылғы 21 шiлдедегi заңдарына сәйкес әзiрлендi.
Осы Техникалық регламенттiң талаптары осы Техникалық
регламентке 1-қосымшада көрсетiлген Қазақстан Республикасының сыртқы
экономикалық қызметiнiң тауарлық номенклатурасындағы (ҚР СЭҚ ТН)
тауарлар жiктелiмiне сәйкес жiктелетiн, техникалық реттеу объектiлерi
болып табылатын пестицидтерге (улы химикаттарға) және олардың әсер
ететiн заттарына таралады.
Осы техникалық регламентте мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
әсер етушi зат - препараттық нысандағы пестицидтiң (улы химикаттың) биологиялық тұрғыдан белсендi бөлiгi;
биологиялық препарат (биопрепарат, биопестицид) - әсер ету
бастамасы микроорганизм немесе оның тiршiлiк әрекетiнiң өнiмi болып
табылатын препарат;
гербицид - қажетсiз өсiмдiктердi жоюға арналған пестицид (улы химикат);
зиянды организмдер - топыраққа, өсiмдiкке және ауыл шаруашылығы
өнiмiне керi әсер ететiн зиянкестер, арамшөптер және өсiмдiк аурулары;
инсектицид - өсiмдiктердi зиянды жәндiктерден қорғауға арналған пестицид (улы химикат);
пестицидтер (улы химикаттар) айналымы - пестицидтердi (улы
химикаттарды) енгiзудi (импорт) және шығаруды (экспорт), сондай-ақ
онымен байланысты өлшеп орау, орау, таңбалау, сақтау және тасымалдау
процестерiн қоса алғанда, пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу (сату
немесе жеткiзу процестерi (кезеңдерi);
пестицидтер (улы химикаттар) - зиянды организмдерге және аса
қауiптi зиянды организмдерге қарсы, сондай-ақ өнiмдi жинар алдында
кептiру, жапырақтарын түсiру және өсiмдiктердiң өсуiн реттеу үшiн
қолданылатын химиялық, биологиялық және басқа да заттар;
1.А.О. Сағитов, Г.Ж. Исенова, Г.О. Рвайдарова, Ө.С. Нұржанов, Т.Ж. Қалмақбаев. «Өсімдікті химиялық қорғау»- Алматы, Айтұмар баспасы-2013 жыл.
2. Елешов.Р.,Бекмағамбетов.А. Агрохимия, 1999. Елюбаев.С, Е
3. Асанов Жуматай. Химиянын ауыл шаруашылыгындагы рөлі. Алматы-1994.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемілекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыруға қойылатын талаптар

Тобы:АГ-413
Орындаған:Мұратбек Алтынай
Тексерген : Қаламов Бахытбек

Семей 2015ж
Жоспар

I.Кіріспе
1.Пестицидтердiң (улы химикаттардың) қауiпсiздiгiне
қойылатын талаптар" техникалық регламентi
II.Негізгі бөлім
1.Пестицидтердiң (улы химикаттардың) Қазақстан
Республикасы нарығындағы айналымының шарттары
III.Қорытынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер

"Пестицидтердiң (улы химикаттардың) қауiпсiздiгiне
қойылатын талаптар" техникалық регламентi
Осы "Пестицидтердiң (улы химикаттардың)
қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" Техникалық регламентi (бұдан әрi -
Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы
Экологиялық кодексiне, Қазақстан Республикасының "Өрт қауiпсiздiгi
туралы" 1996 жылғы 22 қарашадағы, "Өсiмдiктер карантинi туралы" 1999
жылғы 11 ақпандағы, "Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк
қауiпсiздiк туралы" 2002 жылғы 3 сәуiрдегi, "Өсiмдiктердi қорғау
туралы" 2002 жылғы 3 шiлдедегi, "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық
салауаттылығы туралы" 2002 жылғы 4 желтоқсандағы, "Техникалық реттеу
туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы, "Химия өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi
туралы" 2007 жылғы 21 шiлдедегi заңдарына сәйкес әзiрлендi.
Осы Техникалық регламенттiң талаптары осы Техникалық
регламентке 1-қосымшада көрсетiлген Қазақстан Республикасының сыртқы
экономикалық қызметiнiң тауарлық номенклатурасындағы (ҚР СЭҚ ТН)
тауарлар жiктелiмiне сәйкес жiктелетiн, техникалық реттеу объектiлерi
болып табылатын пестицидтерге (улы химикаттарға) және олардың әсер
ететiн заттарына таралады.
Осы техникалық регламентте мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
әсер етушi зат - препараттық нысандағы пестицидтiң (улы химикаттың) биологиялық тұрғыдан белсендi бөлiгi;
биологиялық препарат (биопрепарат, биопестицид) - әсер ету
бастамасы микроорганизм немесе оның тiршiлiк әрекетiнiң өнiмi болып
табылатын препарат;
гербицид - қажетсiз өсiмдiктердi жоюға арналған пестицид (улы химикат);
зиянды организмдер - топыраққа, өсiмдiкке және ауыл шаруашылығы
өнiмiне керi әсер ететiн зиянкестер, арамшөптер және өсiмдiк аурулары;
инсектицид - өсiмдiктердi зиянды жәндiктерден қорғауға арналған пестицид (улы химикат);
пестицидтер (улы химикаттар) айналымы - пестицидтердi (улы
химикаттарды) енгiзудi (импорт) және шығаруды (экспорт), сондай-ақ
онымен байланысты өлшеп орау, орау, таңбалау, сақтау және тасымалдау
процестерiн қоса алғанда, пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу (сату
немесе жеткiзу процестерi (кезеңдерi);
пестицидтер (улы химикаттар) - зиянды организмдерге және аса
қауiптi зиянды организмдерге қарсы, сондай-ақ өнiмдi жинар алдында
кептiру, жапырақтарын түсiру және өсiмдiктердiң өсуiн реттеу үшiн
қолданылатын химиялық, биологиялық және басқа да заттар;
пестицидтердiң (улы химикаттардың) қауiптiлiк сыныбы - адамның
өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаның жағдайына зиянды әсерiн
тигiзетiн қасиеттерiн анықтау үшiн пестицидтердi (улы химикаттарды)
қауiптiлiк түрлерi және санаттары бойынша бөлу;
пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыру - тыйым салынған
немесе жарамсыз болып қалған пестицидтердi (улы химикаттарды),
сондай-ақ олардың ыдыстарын Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес кәдеге жаратуға немесе жоюға бағытталған iс-шаралар;
пестицидтердiң (улы химикаттардың) қалдық көлемi - өсiмдiк
шаруашылығы өнiмi мен қоршаған орта объектiлерiндегi химиялық заттардың
мөлшерлiк көрсеткiшi, оның көмегiмен олардың адам мен жануарлар үшiн
қауiпсiздiгi бағаланады;
пестицидтердiң (улы химикаттардың) қауiпсiздiгi - қауiптi
факторды iске асыру мүмкiндiгi мен оның салдарының ауыртпалығы
дәрежесiнiң үйлесiмдiлiгi ескерiле отырып, азаматтардың өмiрiне,
денсаулығына, қоршаған ортаға, оның iшiнде өсiмдiктер мен жануарлар
әлемiне зиян келтiруiне байланысты пестицидтердiң (улы химикаттардың)
жол беруге болмайтын қатерiнiң болмауы;
пестицидтiң (улы химикаттың) қауiптiлiгi - адамға және қоршаған ортаға қолайсыз әсер ету мүмкiндiгi;
пестицидтер (улы химикаттар) қауiпсiздiгiнiң паспорты - пестицидтердiң (улы химикаттардың)
сипаттары және оларды қолдану кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
жөнiндегi шаралар туралы деректердi қамтитын құжат;
пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттiк тiркеу - нәтижелерi
бойынша Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы
заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының
аумағында қолдану құқығына арналған тiркеу куәлiгi берiлетiн,
препараттарды биологиялық, токсикологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық
және экологиялық бағалау процесiн аяқтайтын рәсiм;
пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау) -
пестицидтердi (улы химикаттарды) бастапқы компоненттер негiзiнде
дайындаудың технологиялық процесi;
пестицидтi (улы химикатты) қолдану жөнiндегi ұсынымдар - халықтың
денсаулығын және қоршаған ортаны пестицидтiң (улы химикаттың) зиянды
әсерiнен қорғауды қамтамасыз ететiн, пестицидтi (улы химикатты) қолдану
тәртiбi мен қауiпсiздiк талаптары туралы мәлiметтердi қамтитын,
өндiрушiнiң (жеткiзушiнiң) құжаты;
пайдалану (қолдану) регламентi - пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдану шарттары мен тәртiбiне қойылатын талаптар;
пестицидтердi (улы химикаттарды) сәйкестендiру - пестицидтердiң
(улы химикаттардың) елеулi белгiлерi олардың сипаттарына ұқсастығын
белгiлеу;
пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiзiмi - Қазақстан
Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген, тiркелген
пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiзбесi;
пестицидпен (улы химикатпен) фумигациялау - бу немесе газ түрiнде
пестицидтi (улы химикатты) зиянкес организм тiршiлiк ететiн ортаға
енгiзу;
пестицидтiң (улы химикаттың) шектi рұқсат етiлген концентрациясы
(бұдан әрi - ШРК) - ұзақтығы шектелмеген уақытта күн сайын әсер еткен
жағдайда ауру немесе адам денсаулығы жағдайының ауытқуын тудырмайтын
пестицидтiң (улы химикаттың) әсер етушi затының көлем (ауа, су), салмақ
(тамақ өнiмдерi, топырақ) немесе сыртқы (жұмыскерлердiң терiсi)
бiрлiгiндегi саны;
препарат - физикалық-химиялық қасиеттерiне, уыттылығына,
пайдаланылу мақсаты мен тәсiлiне (эмульсия концентраттары, суспензиялық
концентраттар, түйiршектелген, микрокапсуландырылған препараттар,
дымқылданылатын ұнтақтар және тағы басқалар) байланысты пестицидтi (улы
химикатты) қолдану нысаны;
родентицид - зиянды кемiргiштермен күресуге арналған пестицид (улы химикат);
фунгицид - өсiмдiктердi таз ауруларынан қорғауға арналған пестицид (улы химикат).
Пестицидтердiң (улы химикаттардың) Қазақстан
Республикасы нарығындағы айналымының шарттары
4. Осы Техникалық регламентте белгiленген талаптарға сәйкестiк
пестицидтердiң (улы химикаттардың) нарықтағы айналымының қажеттi шарты
болып табылады.
5. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға түскен
пестицидтер (улы химикаттар) мемлекеттiк тiркеуден өтедi және Қазақстан
Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген пестицидтердiң (улы
химикаттардың) тiзiмiне енгiзiледi.
6. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) әрбiр партиясы буып-түюге,
таңбалауға, зат белгi жапсыруға және оларды дұрыс түсiруге қойылатын
техникалық регламенттiң талаптарына сәйкес буып-түйiледi және
таңбаланады.
Пестицидтердi (улы химикаттарды) таңбалау үшiн iлеспе құжаттарға
(қауiпсiздiк паспортына, ерекшелiгiне, пестицидтердi (улы химикаттарды)
өндiруге (формуляциялауға) арналған нормативтiк және техникалық
құжаттамаға) сәйкес және нақты пестицидтердi (улы химикаттарды), оның
iшiнде пестицидтермен (улы химикаттармен) жұмыс iстегенде туындайтын
апат (төтенше) жағдайларда, қауiпсiз қолдану шаралары туралы барлық
қажеттi ақпарат пайдаланылады.
Ақпаратты ыдыстың затбелгi жапсырмасында орналастыру мүмкiн
болмаса, әрбiр орама бiрлiгiне пестицидпен (улы химикатпен) жұмыс iстеу
кезiндегi алдын ала сақтық шаралары жазылып, оны қолдану жөнiндегi
ұсынымдар қоса берiледi.
7. Пестицидтерге (улы химикаттарға) арналған орамалар мен ыдыс
өнiмдi қауiпсiз сақтауды, тасымалдауды және өткiзудi қамтамасыз етедi.
Орама мен ыдыс үшiн адамды, қоршаған ортаны пестицидтердiң (улы
химикаттардың) қауiптi сипаттарынан қорғауға арнайы лайықталған және
пестицидтердiң (улы химикаттардың) құрамдас заттарының қиратушы немесе
өзге де бүлдiрушi зиянды ықпалына төзетiн және олармен тұтану және
(немесе) күштi жылу шығару; тез тұтанатын, улы немесе тұншықтыратын
газдар бөлу; басқа да химиялық белсендi және қауiптi заттар шығаруды
тудыратын реакцияға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пестицидтер және химиялық құрамы
Пестицидтердің ыдырау механизмі
Қауын дақылының өсіру технологиясы
Өрттердің алдың алу
Пестицидтердің қоршаған ортаға және адам организміне әсері
Топырақ құрамындағы ауыр металдардың май бұршаққа әсерін бағалау
Химиялық улы заттар
Арамшөптер және өсімдіктерді қорғау мәселелері
Қара топырақты аймақ 817 мың гектар
Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік реттеу
Пәндер