Азаматтық қорғаныс мәселелерінің шешілу деңгейлері. Халықтың Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттері мен міндеттері



1. Азаматтық қорғаныс мәселелерінің шешілу деңгейлері
2.Халықтың Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардағы іс.әрекеттері мен міндеттері
3.ӘДЕБИЕТТЕР
Осы заң Қазақстан Республикасының халқын, объектілері мен аумағын азаматтық қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді әрі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және олардың салдарын жоюға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс iстеуінің ұйымдастыру қағидаттарын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік материалдық резервін қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының ұйымдастырылуы мен қызметін айқындайды.
1. Азаматтық қорғаудың негізгі міндеттері:
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдынс алу және олардың салдарларын жою;
2) халықты және объектiлердi қорғау;
3) төтенше жағдайлар туындаған кезде авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу арқылы адамдарды құтқару және эвакуациялау;
4) азаматтық қорғау күштерін құру, оларды даярлау және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға ұдайы әзірлікте ұстау;
5) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың мамандарын даярлау және халықты оқыту;
6) табиғи және техногендік сипаттағы қауіпті факторлардың, қазіргі заманғы зақымдау құралдарының ықпал ету әсерін жою, азайту жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу;
7) қорғану құрылыстарының қажетті қорын, жеке қорғану құралдарының және азаматтық қорғаныстың басқа да мүлкінің қорларын жинақтау және әзірлікте ұстау;
8) адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы іс-қимыл тәртібі туралы халықты, орталық және жергілікті атқарушы органдарды хабардар ету;
9) азық-түлікті, су көздерін (шаруашылық-ауыз су мақсаттары үшін су жинау орындарын), тамақ өнімдерін, жемшөпті, жануарлар мен өсімдіктерді радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) уланудан, эпизотийден және эпифитотийден қорғау;
10) өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
11) хабардар ету және байланыс жүйелерін ұйымдастыру, дамыту және ұдайы әзірлікте ұстау;
12) қауіпті факторлардың зақымдау әсерін азайту немесе жою жөніндегі іс-шаралардың мониторингін жасау, оларды әзірлеу және іске асыру болып табылады.
2. Азаматтық қорғаудың негізгі қағидаттары:
1) аумақтық-салалық қағидат бойынша ұйымдастыру;
2) азаматтық қорғау күштері мен құралдарының төтенше жағдайларға жедел ден қоюға, азаматтық қорғанысқа және авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге, зардап шеккендерге шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге ұдайы әзірлігі;
3) жариялылық және халық пен ұйымдарды болжанып отырған және пайда болған төтенше жағдайлар, олардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi қабылданған іс-шаралар туралы хабардар ету;
4) авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезінде ақталған тәуекел және қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.
1. Өмір-тіршілік қауіпсіздігі: оқулық / Құраст. С. Арпабеков.- Алматы, 2004.
2. "Тіршілік қауіпсіздігі" курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы. І кітап / ТЖ және АҚ Республикалық курстары.- Алматы, 2008.
3. "Тіршілік қауіпсіздігі" курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы. ІІ кітап / ТЖ және АҚ Республикалық курстары.- Алматы, 2008

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: 1. Азаматтық қорғаныс мәселелерінің шешілу деңгейлері 2. Халықтың Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттері мен міндеттері

Орындаған: Курисхан А
Тобы: Е-515
Тексерген:Нуржуманов Ж.М

Семей 2015

Жоспар;
1. Азаматтық қорғаныс мәселелерінің шешілу деңгейлері
2.Халықтың Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттері мен міндеттері
3.ӘДЕБИЕТТЕР

1. Азаматтық қорғаныс мәселелерінің шешілу деңгейлері
Осы заң Қазақстан Республикасының халқын, объектілері мен аумағын азаматтық қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді әрі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және олардың салдарын жоюға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс iстеуінің ұйымдастыру қағидаттарын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік материалдық резервін қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының ұйымдастырылуы мен қызметін айқындайды.
1. Азаматтық қорғаудың негізгі міндеттері:
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдынс алу және олардың салдарларын жою;
2) халықты және объектiлердi қорғау;
3) төтенше жағдайлар туындаған кезде авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу арқылы адамдарды құтқару және эвакуациялау;
4) азаматтық қорғау күштерін құру, оларды даярлау және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға ұдайы әзірлікте ұстау;
5) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың мамандарын даярлау және халықты оқыту;
6) табиғи және техногендік сипаттағы қауіпті факторлардың, қазіргі заманғы зақымдау құралдарының ықпал ету әсерін жою, азайту жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу;
7) қорғану құрылыстарының қажетті қорын, жеке қорғану құралдарының және азаматтық қорғаныстың басқа да мүлкінің қорларын жинақтау және әзірлікте ұстау;
8) адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы іс-қимыл тәртібі туралы халықты, орталық және жергілікті атқарушы органдарды хабардар ету;
9) азық-түлікті, су көздерін (шаруашылық-ауыз су мақсаттары үшін су жинау орындарын), тамақ өнімдерін, жемшөпті, жануарлар мен өсімдіктерді радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) уланудан, эпизотийден және эпифитотийден қорғау;
10) өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
11) хабардар ету және байланыс жүйелерін ұйымдастыру, дамыту және ұдайы әзірлікте ұстау;
12) қауіпті факторлардың зақымдау әсерін азайту немесе жою жөніндегі іс-шаралардың мониторингін жасау, оларды әзірлеу және іске асыру болып табылады.
2. Азаматтық қорғаудың негізгі қағидаттары:
1) аумақтық-салалық қағидат бойынша ұйымдастыру;
2) азаматтық қорғау күштері мен құралдарының төтенше жағдайларға жедел ден қоюға, азаматтық қорғанысқа және авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге, зардап шеккендерге шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге ұдайы әзірлігі;
3) жариялылық және халық пен ұйымдарды болжанып отырған және пайда болған төтенше жағдайлар, олардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi қабылданған іс-шаралар туралы хабардар ету;
4) авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезінде ақталған тәуекел және қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.

2.Халықтың Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттері мен міндеттері
Халықты қорғау қағидасы - бұл бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайда халықты қорғау тәртібін анықтайтын ҚР Үкіметі белгілеген ереже.
Халықты бейбіт уақыттағы төтенше жағдайдан және осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау, қорғаудың негізгі үш тәсілі арқылығ, кешенді шараларды өткізумен іске асырылады:
* Қорғаныс ғимараттарына адамдарды жасыру;
* Тұрғындарды көшіру мен бытыраңқы орналастыру;
* Халықтың өзін - өзі қорғау құралдары мен қамтамасыз ету.
Халықты қорғаныс ғимараттарына жасыру халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, әсіресе жау шабуылының қауіпі туған жағдайда қорғанудың негізгі және ең сенімді әдісі. Қорғаныс ғимараттары - бұл панахана, радиациядан қорғау орындары және қарапайым панаханалар. Халықты панаханаға жасыру арқылы қорғаудың ең басты жолы - қорғаныс ғимараттарын әрдайым дайын ұстау. АҚ дабылы болғанда халықты тезірек панаханаларға кіруге оқыту. Сондай - ақ, ТЖ болғанда панаханалар мен радиациядан қорғайтын орындарды басқару пунктері ретінде де қолдана алады.
Халықты көшіру, әсіресе бейбіт уақытта болғанда ТЖ-ға сонымен қатар, соғыс уақытында қала тұрғындарын осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғауға тән. Халықты жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету. Жеке қорғаныс құралдары радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттар мен бактериалды құралдардың ағзаға, теріге және киімге түсіп кетуінен қорғауға арналған.
Олар төмендегідей бөлінеді:
* Тыныс алу органдарын қорғау құралдары (ауаны сүзетін және ауаны кіргізбейтін газқағарлар, респираторлар, шаңнан қорғайтын мата маскасы (ПТМ - 1) және мақта мата таңғышы);
* Теріні қорғау құралдары (арнайы оқшаулап қорғайтын киім)
Жеке қорғаныс құралдарын қолдану - халықты қорғаудағы басты шаралардың бірі.
Халықты қорғау Республикамыздағы АҚ - ның басты міндеті, себебі адамдар - ең жоғары құндылық болып табылады, сондықтан олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету - бейбіт және соғыс уақытындағы ТЖ алдын алу мен іс - қимылдар бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жүйесінің барлық шараларының басты мақсаты.

Инжененрлік шаралар. Тұрғындарды эвакуациялау.
Халықты инженерлік қорғау шаралары: алдын ала бүкіл республика аумағында; экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларымен бірге; жеке жүргізіледі. Панахана АҚ топтарына жатқызылған қалаларда және аса қажетті нысандарда тұрғызылады. Радиациядан қорғайтын панаханалар - қала сыртында (қауіпсіз аймақта) салынады. Халық қорғаныс ғимараттарын дұрыс пайдалануға үйрену қажет, халыққа хабарлау жүйесі АҚ дабылы мен ТЖ қауіпі пайда болу кезіндегі іс-әрекетті беру жөніндегі ақпаратты беруге тұрақты даярлықта болуы тиіс.
Қорғаныс ғимараттары - бұл инжерелік ғимараттар, ол халықтың радиоактивтік, химиялық, бактериалдық және жарылғыш заттармен зақымдануын төмендетуге арналған.
Эвакуация - адамдардың өмірін сақтау және өндірістің жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында халық пен материалдық құндылықтарды төтенше жағдайлар аймақтарынан және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан ұйымдасқан түрде әкету шығару.
Эвакуацияланған барлық халық қауіпсіз аймаққа орналыстырылған пункттерде тіршілік қызметіне қажеттілермен аз шамада қамтамасыз етілуге тиіс.
Төтенше жағдай тәртібін енгізе отырып, соғыс кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда эвакуациялауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар жүргізеді.
Халықты эвакуациялау сабақтас тәсілмен-халықты жаяу немесе көліктің барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үлестіру жолымен жүзеге асырылады.
Төтенше жағдайлар қауіпі туындағанда халықты қауіпті аймақтардан қауіпсіз жерлерге уақытша көшіру жүзеге асырылады.

Өзін өзі тексеру сұрақтары
1. Тұрғындарды қорғау бойынша шаралар өткізу кезеңдері.
2. Негізгі принцптері.
3. Инжененрлік шаралар.

Дәріс №10. Халықты қорғау құралдары.

Жалпы сұрақтар
1. Инжененрлік шаралар.
2. ТЖ кезінде қорғаныс ғимараттарын пайдалану.
3. Ғимараттың жұмыс істеу режимі.
4. Жеке қорғаныс құралын пайдалану, олардың түрлері.
5. Негізгі принцптері.

Қорғаныс ғимараттары - халықты қорғаудың негізгі құралы. Қорғаныс ғимараттары - бұл арнайы мақсаттағы инженерлік ғимараттар. Олар халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, радиациялық және химиялық қауіпті объектілердегі авариялар кезіндегішыққан радиациялық заттардан, зақымдағыш факторлардың ықтимал қайталануынан, жарылыстардың, сондай - ақ, зілзаладан, авариялар мен апаттардан қорғайды.
Бұл ғимараттар қорғаныстық ерекшеліктеріне байланысты панаханалар және радиациядан қорғайтын паналау орындары болып бөлінеді. Сонымен қатар, адамдарды қорғау үшін қарапайым панаханалар да қолданылуы мүмкін.
Панахана ғимараттары былайша жіктеледі:
а) мақматы бойынша: кәсіпорын қызметкерлері мен халықты, басқару органдары мен медицина мекемелерін орналастыру үшін. Өте берік ғимараттар мемлекеттік органдар мен әскери басқару үшін салынады және онда адамдардың ұзақ уақыт болатындығы ескерілген. Жұмысшылар мен қызметкерлерді қорғау үшін ғимараттар кәсіпорын аумағында, ал халықты қорғау үшін оар тұратын жерлерге салынады.
б) орналасқан жері бойынша: жапсарлас салынғандар және жеке тұрғандар. Жапсарлас салынған панахана ғимарат құрылғыларымен қатарорналасқандықтан анағұрлым арзан. өйткені онда коммуникация желілері бар. Сонымен қатар, жапсарлас салынғандар панахана ғимараттың қирауынан үйінді астында қалуы мүмкін. Ал жеке тұрған ғимараттар мұндай қауіпке ұшырамайды.
в) сыйымдылығы бойынша:
* Шағын - 300 адамға дейін
* Орта - 300-600 адам
* Үлкен - 600 ден астам адам
Панахана желдеткішпен, санитарлық - техникалық қондырғылармен, улағыш радиоактивті заттар мен бактериалдық құралдардан ауаны тазалайтын құралдармен жабдықталуға тиіс.
Радиациядан қорғайтын орын. Бейбіт және соғыс уақытында, ТЖ кезінде паналайтын адамдардың қорғалуын қамтамасыз ететін қорғаныс ғимараттары радиациядан қорғайтын ғимараттар деп аталады.


Радиациядан қорғайтын ғимараттар адамдарды радиоактивті зақымдалу жағдайында сәуле тиюден, тыныс органдарын, тері мен киімді радиоактивті заттардың түсуінен қорғайды. Қарапайым үлгідегі панаханалар. Халықты қорғау жүйесінде қуыс үлгісіндегі қарапайым панахана салудың үлкен маңызы бар,. Қарапайым панахана ретінде қуыс, траншея, окоп, блиндажды пайдалануға болады. Оны халық қыска мерзімде салады. Қуыс ашық немесе жабық болуы мүмкін. Ашық қуыс радиоактивті сәуле мөлшерін 2-3 есеге, жабық 40-50 есег азайтады. Әдетте, оның тереңдігі 200 см, жоғарғы ені 120 см, төмендегі ені 80 см болады, ал ұзындығы паналайтындардың санына қарай. Жабық қуысты диаметрі 18-20 см бөренеден, темір бетон плитасынан жасайды, оның төбесінің үстіне рубероидпен, полиэтиленді пленканы немесе қалыңдығы 20 -30 см топырақ төсейді.
Жеке қорғаныс құралдары арналуына қарай келесі топтарға бөлінеді:
* оқшаулағыш сырт киім;
* тыныс алу мүшелерін қорғау құралдары;
* арнайы қорғаныс киімі;
* аяқты, қолды қорғау құралдары;
* басты, бетті, көзді, есту мүшелерін қорғау құралдары;
* биіктен құлаудан қорғайтын және басқа да қорғаныс құралдары;
* теріні қорғайтын құралдар;
аралас қорғаныс құралдары;
Тыныс алу органдарының жеке қорғаныс құралдары - сүзгіш, оқшаулағыш. Респираторлар. Қызметтік принцптеріне байланысты ТАОЖҚҚ сүзгіш және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық қорғаныс туралы
Азаматтық қорғаныс мәселелері туралы
Азаматтық қорғаныс мәселелері
Азаматтық қорғаныс мәселелерінің шешілу деңгейлері
Тіршілікті қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық және теориялық негіздері
Азаматтық қорғаныстың міндеттері
Төтенше жағдайлардағы ішкі істер органдары әрекеттерінің негіздері
«Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің негізгі міндеттері»
Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар
Жұмыс орнындағы ауаның зиянды заттарынан қорғау
Пәндер