Қайта жаңғыру дәуірі мен Реформация кезеңінің мәдениеті



Батыс және орталық Еуропа мәдениеті тарихындағы орта ғасырлық мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дәуірі екі ұлы мәдени қозғалысты — Қайта жаңғыру дәуірі мен Реформацияны камтиды. «Ренессанс» деген атпен белгілі болған Қайта жанғыру дәуірі аксүйектік сипатта болса, ал Реформация қозғалысы — діни бағытта жүзеге асырылды. Қайта жаңғыру идеялары бұқара халықтың арасынан гөрі, қоғамның үстемдік етуші таптарының арасында кеңінен тараса, ал Реформация идеялары бүкіл халык тарапынан кең қолдау тапты. Қайта жанғыру дәуірі мен Реформацияның өзара қарым-қатынастары әрі күрделі, әрі бір қалыпты емес, бірақ соған қарамастан бұл мәдени төңкерістер жаңа заманның жаршысы, адамзат баласының мәдениет саласындағы жарқын кезеңдерінің бірі болды.

Қайта жаңғыру мәдениеті
Қайта жаңғыру мәдениеті (Ренессанс) деп аталатын алғашқы буржуазиялық. мәдениет — XIV ғ. аяғында XV г. басында Еуропада, оның ішінде Италияда қалыптасты.
Қайта жаңғыру дәуірін Еуропаның көптеген мемлекеттері, атап айтқанда: Франция, Испания, Нидерланды, Польша, Чехия, Венгрия, Англия, Балқан елдері және т.б. бастарынан кешірді. Бұл кезеңде итальян қоғамы Грекия мен Римнің көне мәдениетіне ерекше мән беріп, көне мәдени мұраларды жаңғыртумен қызу айналыса бастады. Тұңғыш рет Еуропа діни идеялар негізінде емес, жалпы адамзаттық гуманистік идеялар рухында бірігуге мүмкіндік алды. Бұл дәуір адамзат тарихындағы сындарлы заман болды. Еуропа бастан кешірген бүл өтпелі кезең — қоғамдық-саяси және мәдени өмірде елеулі орын алды: Экономика саласында — бұл географиялык ашулар заманы мен капиталдың алғашқы қорлану заманы, отарларды жыртқыштықпен бөліп, басып алынған халықтарды айуандықпен тонау

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қайта жаңғыру дәуірі мен Реформация кезеңінің мәдениеті

Батыс және орталық Еуропа мәдениеті тарихындағы орта ғасырлық
мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дәуірі екі ұлы мәдени қозғалысты —
Қайта жаңғыру дәуірі мен Реформацияны камтиды. Ренессанс деген атпен
белгілі болған Қайта жанғыру дәуірі аксүйектік сипатта болса, ал Реформация
қозғалысы — діни бағытта жүзеге асырылды. Қайта жаңғыру идеялары бұқара
халықтың арасынан гөрі, қоғамның үстемдік етуші таптарының арасында кеңінен
тараса, ал Реформация идеялары бүкіл халык тарапынан кең қолдау тапты.
Қайта жанғыру дәуірі мен Реформацияның өзара қарым-қатынастары әрі күрделі,
әрі бір қалыпты емес, бірақ соған қарамастан бұл мәдени төңкерістер жаңа
заманның жаршысы, адамзат баласының мәдениет саласындағы жарқын
кезеңдерінің бірі болды.

Қайта жаңғыру мәдениеті
Қайта жаңғыру мәдениеті (Ренессанс) деп аталатын алғашқы буржуазиялық.
мәдениет — XIV ғ. аяғында XV г. басында Еуропада, оның ішінде Италияда
қалыптасты.
Қайта жаңғыру дәуірін Еуропаның көптеген мемлекеттері, атап айтқанда:
Франция, Испания, Нидерланды, Польша, Чехия, Венгрия, Англия, Балқан елдері
және т.б. бастарынан кешірді. Бұл кезеңде итальян қоғамы Грекия мен Римнің
көне мәдениетіне ерекше мән беріп, көне мәдени мұраларды жаңғыртумен қызу
айналыса бастады. Тұңғыш рет Еуропа діни идеялар негізінде емес, жалпы
адамзаттық гуманистік идеялар рухында бірігуге мүмкіндік алды. Бұл дәуір
адамзат тарихындағы сындарлы заман болды. Еуропа бастан кешірген бүл өтпелі
кезең — қоғамдық-саяси және мәдени өмірде елеулі орын алды: Экономика
саласында — бұл географиялык ашулар заманы мен капиталдың алғашқы қорлану
заманы, отарларды жыртқыштықпен бөліп, басып алынған халықтарды айуандықпен
тонау заманы, отаршылдық соғыстар заманы болды. Саясат саласында —
тәуелсіздік үшін күрес заманы болды. Жаңадан калыптасып келе жатқан жас
буржуазия мүдделері басымдылық танытып бюргерлік мәдениеттің барған сайын
ұлттық сипатқа ие бола бастау заманы. Толассыз соғыстар, отаршылдардың
айуандық әрекеттері және соның нәтижесінде тереңдей түскен таптық
қақтығыстар, халыққа қырғидай тиген түрлі аурулар эпиде-миясы, талай
дарынды еркін ой иелерін отқа жаққан инквизиция оттары, толассыз діни
соғыстар — осылардың бәрі Еуропа халықтарының өткен тарихы, дәуір сипаты
болды.
Қайта жаңғыру мәдениеті төрт кезеңге бөлінеді. Жоғарыда көрсетілген
белгілер енді ғана ене бастаған кезең готорнессанс (қайта жаңғыру
қарсаңы) деп аталады. Екі ғасырға созылған бұл тарихи кезеңнің әр ғасыры
(XIII ғ. дученто, XIV ғ. — треченто деп аталады) тамаша дарынды адамдарды
өнер сахнасына шығарды. Солардың бірі — Қайта жаңғыру мәдениетінің
бастауында болған ұлы Данте Алигьери (1265-1321 ж.). Ұлы дарынның қыл
қаламынан шыққан атақты комедияларының кереметтігі соншалық, оның талантына
бас иген ұрпқтары бұл туындыны Құдіретті комедия деп атады. Данте,
Франческо Петрарка (1304—1374 ж.) және Джованни Бокаччо (1313—1375 ж.)
Қайта өрлеу (жаңғыру) дәуірінің дарынды өнер қайраткерлері және итальян
тілінің негізін қалаушылар болды. Олардың шығармалары дүниежүзілік
әдебиетке қосылған тамаша туындылар қатарынан орын алды. Мысалы,
Петрарканың Мадонна Лаураның өмірі мен өнеріне арналған сонеттері өзінің
тірі кезінде-ақ әлемге әйгілі болды. Оның жолын қуушылардың бірі
Декамеронның анторы атақты Боккаччоның гуманистік идеяларға толы
реалистік новеллалары — дүниежүзілік әдебиет саласындағы соны құбылыс болып
саналады.
Қайта жаңғыру мәдениетінін, басты назары адам тұлғасына аударылды. Адам
бойындағы ізгі қасиеттерді жан-жақты көрсету арқылы оны биік дәрежеге
көтеру және оның ар-намысын, абыройын қорғау — басты орынға қойылды. Міне,
сондықтан да болар, шынайы гуманизм адамның бостандық алуға, бақытты
болуға, өз кабілетін дамытуға құқығы бар екендігін жария-лады, адамдар
арасындағы қарым-қатынаста тендік, әділдік, адамды сүю және адамгершілік
принциптерін жақтады. Ерекше атап өтетін бір жайт, Қайта жаңғыру заманының
гуманизмі адамды дін бүғауынан босатуға бағытталды, яғни дін мен шіркеу
ықпалын әлсіретуге барынша күш салды. Ендеше, бұл дәуірдің гуманистік
идеялары — рухани төңкерістің негізі болды, ал өз кезегінде бұл төңкерістер
буржуазиялық революциялар толқы-нымен және жаңа Еуропаның мәдениеттің
қалыптасу процесімен тығыз байланысты болды.
Қайта жаңғыру мәдениетінде басты назардың адамға, оның табиғатына
аударылу сырын қалай түсіндіруге болады? Қоғамдағы мұндай түбегейлі
өзгерістің — әлеуметтік-экономикалық факторларға, оның ішінде тауар-ақша
қарым-қатынастарының дамуына тікелей байланысты болды. Адамның
тәуелсіздігін сезіне бастауына, енді ғана туындап келе жатқан еркіндікке
қол жеткізуіне, ең бірінші кезекте қала мәдениеті себепкер болды. Италия
қалаларында тамаша ірі өнеркәсіп орындарының болғаны тарихтан белгілі.
Италия баска мемлекеттермен сауда-саттық жасауға ерекше мән берлі. Италия
калалары Батыс елдерімен де, мұсылман елдерімен ле сауда-саттық жасады.
Эномикасыиың одан әрі дамып қалa мәдениетінің гулденуінс әкеліп соқты,
ал қала мәдениетінің ықпалымен жаңа адамдар қалыптасты. Бірақ жаңа
адамдардың қалыптасуы әлі де болса орта ғасырлық заман ықпалына байланысты
болды, қаншама уақыт өтсе де христиандық дәстүрлердің қаймағы шайқалмаған
болатын. Сондықтан да болар адамдар орта ғасырлық шырмаудан шыға алмай
аласұрды. Міне, осындай тарихи кезеңде көне мәдени мұраларды тірілтуге
деген жаппай құлшыныс жаңа адамдардың қайталанбайтын, ерекше мәдениеттің
кайнар бұлағын ашуына мүмкіндік берді.
Бұл мәдени төңкерістің барысында Қайта жаңғыру даналарының басты
назарында Платон сияқты көне заман ойшылдарының ілімдерінің болуын қалай
түсіндіруге болады. А.Ф. Лосев осы орайда тамаша ғылыми түжырым жасап, бұл
жағдайды неоплатонизммен. байланыстырды. Оның пікірінше, Қайта жаңғыру
дәуірінің өкілдері мәдениетті ортағасырлық догматтан тазартты оны қайта
карау арқылы кайта жаңғыртып, жаңа мазмұн берді. Ол мәдениет тарихындағы
неоплатонизмнін түрін атап көрсетті. Олардың біріншісі — көне замандық —
космология - екіншісі — орта ғасырлық — теологиялық, жаңғырған —
антроцентристік неоплатонизм. (Г.В. Драч. Куль-турология. Ростов-на-Дону.
1995, с. 217.) Көне заманның неоплатонизмі Платон ілімін қайта қарай
отырып, рухтың табиғатын, заттар козғалысын, космостық айналыстың
ақикаттьгғын космологиялық тұрғыдан түсіндіруге әрекет жасаса, орта
ғасырлык неоплатонизм табиғат пен дүниеден жоғары өмір сүретін, жоқтан
болмыс тудыратын абсолюттік жан теориясына негізделді. Жоғарыда атап
көрсетілген антропологиялық жаңғырған неоплатонизм бір жағынан, көне
заман неоплатонизмінін көмегімен материалдық дүниені жоғары көтеріп,
орнықтыруға тырысса, екінші жағынан оның орта ғасырлық неоплатонизммен
ортақ қасиеттері, белгілері бар. Демек, сұлулық пен әсемдікке толы дүниені
аңдап-түсіну — жаң-ғыртушылық дүниетанымдық мақсаттардың бірі болып
саналады. Қүдай жандандырған дүние әр уақытта да адам назарында болған, оны
қатты қызықтырған. Қайта жаңғыру дәуірінде өнер салаларының ішінде сурет
салу және т.б. ұдайы даму үстінде болды. Шындығында да, дүниені танып-
білумен катар оны шынайы жеткізе білуде суретшілердің мүмкімдіктері мол,
олай болса олардың дүние-танымдық мақсаттарды шешудегі белсенділігінің сыры
да осында болса керек. Ал бұл жағдай итальяндық Қайта жаңғыру дәуірінің
көркемдік сипатта болуына тікелей осер етті.
Дүниені дүр сілкіндірген, бүл күндері Париждегі Лувр музейінің інжу-
маржаны болып отырган Мона Лиза — Джоконда туындысы ғасырлар бойы көрген
адамды таң қалдырып келеді. Леонардо Джоконданы салуда ұзақ еңбектенді,
қажымай-талмай жетілдіре түсудің нәтижесінде артына баға жетпес асыл мұра
калдырды. Оның көркем мұрасы сан жағынан алғанда онша көп болмаса да, оның
бірде-бірін мыңмен айырбастауга болмайды, бәлкім оның қаламының қүдіреті де
осында болар.
Осы орайда өнер тарихыпдағы ұлылардың бірі — Рафаэль Санти (1483—1520
ж.) нағыз кемелді шағында — 37 жасында кайтыс болғанына қарамастан артына
мәңгілік өшпес мұра қалдырды. Оның атақты туындысы — Сикст мадоннасы
Меккедегі қара тас арабтар үшін қандай киелі болса, Сикст мадоннасы
еуропалықтарға да сондай касиетті дүние. Рафаэль өзінің әйгілі болған
шығармалары Афины мектебі, Конестабиле қүдай — ана, Парнас және
басқаларында гуманизм идеяларын кеңінен насихаттап адамның әлі де ашыла
коймаған рухани мүмкіндіктерін ашып көрсетуге тырысады.
Адамзат қоғамына мәңгілік рухани азық болған шығармалардың авторы,
тасқа тіл бітірген теңдесі жоқ мүсінші, тамаша қыл қалам шебері, сәулет
өнерінің сарбазы, өнердің кай саласының болсын майталманы — атақты
Микеланджело еді. Оның өнерінің ішіндегі қай туындысыи алсацыз да алдымен
адамды, оныц ақыл-парасатын, оның бойындағы ізгілік қасиеттерді аңғарамыз.
Микеланджелоныц атақты мүсіндері — Давид, Моисей, Бүғаудағы қүл,
Өлім халіндегі құл жоне т.б. қатар Қүдай — ана — Дони, Кашино
түбіндегі шайқас сияқты суреттерінде қасірет шеккен халықтың қилы тағдыры,
оның азаттық үшін күресі, ана жүрегі, ана махаббаты, сәулелі болашақ пен
өмірдің сан-салалы көріністері нанымды берілген. Оның атақты Давид мүсіні
туралы Вазарий таңдана былай деп жазды: Микеланджелоның қолынан шықкан
Давидтің алып мүсіні казіргі кез бен ежелгі дүниеде Грекия мен Римде
жасалған мүсіндердің даңқын тартып алды (Л. Любимов. Батыс Еуропа өнері.
Алматы, 1982, 184-бет). Шындығында да, тұла бойы ерлік пен күшке толы, өз
ісінің әділдігіне сенімді, қуатты да сүйкімді Давидтің мүсіні азаттық
ансаған елдің айбынды батырының, табиғат күштерін бойына жинақтаған ұлы
адамның бейнесі болатын. Давид мүсіні дүниеге келген күн — Италияда
ұлтгық. мейрам болып жарияланды, бұл өнер туындысына, жалпы өнер атаулыға
деген халықтың асқан құрметі болатығі.
Италияның даңқын асырған ұлы суретшілердің бірі — Джотто ди Бон доне
(1276—1337 ж.) болды. Иуда ишараты — талантты суретшінің ең әйгілі
шығармасы. Көп адам қатысқан бұл композициядағы басты тұлғалар — Христос
пен Иуда. Христос бейніесінен ізгіліктің, адамгершіліктің, сабырлылықтың
белгілерін байқайтын болсак, ал екінші бір кейіпкер Иуданың бойынан бір
көргенде-ак озбырлық пен сатқындық қасиеттерін жазбай танисыз. Екі
жүзділік, күншілдік, зұлымдық сияқты жағымсыз қылықтар кейіпкердің жүзінен
де, кимылынан да айқын көрінеді, ізгілік пен зұлымдық арасындағы ымыраға
келмейтін күрес — шығарманың негізгі идеясы. Орасан зор шеберлікпен
жазылған бұл туынды Джоттоның есімін бүкіл Италияға әйгілі етті. Көзінің
тірісінде-ақ ол Флоренцияның ұлы азаматы деген абыройлы атакқа ие болды.
Қайта жаңғыру кезеңінде талай өнер саңлақтары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Қытай мәдениеті
Қайта өрлеу мен Реформация дәуіріндегі саяси- құқықтық ілімдер мен гелиоцентризмнің мемлекет пен қоғамды басқарудағы рөлі
Қайта жаңғыру дәуірі мәдениеті
Қайта өрлеу мәдениеті
Қайта жаңғыру мәдениеті (Ренессанс)
Қайта жаңғыру дәуірі
ӘЛЕМДІК МӘДЕНИЕТТЕР МЕН ӨРКЕНИЕТТЕР
Қайта жаңғыру (Ренессанс)
Қайта өрлеу дәуірі музыкасы
Қытай тарихы туралы
Пәндер