Азық-түлік қауіпсіздігін және өнімдердің экспортын ұлғайтуды қамтамасыз ететін елдің бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешендер


Жоспар
- Кіріспе . . . 3 -бет.
1. 1. Қазақстан Республикасындағы агроөнеркәсіптік кешен . . . 4-бет.
- Негізгі бөлім . . . 8-бет.
2. 1. Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Заңы
2. 2. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту проблемалары . . . 13-бет.
2. 3. Агроөнеркәсіптік кешенді жетілдіру . . . 18-бет.
- Қорытынды . . . 60-бет.
3. 1. Агроөнеркәсіптік кешеннің проблемаларын шешу жолдары
4. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 63-бет.
5. Қосымша . . . 64-бет.
Кіріспе
Аграрлы қатынастар экономикалық теория мен практикада ең маңызды әрі күрделі мәселе болып табылады.
Аграрлы деген ұғым латын сөзі («agraria» - жер деген мағынаны білдіреді) . Жерді иелену және қолдану байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынастарды аграрлы қатынастар дейміз.
Бұл қатынастардың ерекшелігін өзі сонда, көбінесе бұлар экономикалық және табиғи факторлардың өзара іс-әрекетімен, аграрлы еңбек өнімділігін арттырудағы өнеркәсіп ролінің өсуімен анықталады. Сондай-ақ жерді игеру және жерді қолданумен де өте тығыз байланысты.
Бүкіл халықтық референдумда 1995-ші жылы 30-шы тамызда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясында былай делінген: «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ Заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін» (6 бап, 3-ші пункт) .
Осындай заңға 1995-ші жылы 25-ші желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының « Жер туралы» заңын жатқызамыз. Онда жерді иеленудің және жерді қолданудың детальдары дәйектілікпен ашылған. Алдыменен кез келген шаруашылық субъектілерін (ұжымдық немесе жекелеген) қызықтыратын нәрсе ауыл шаруашылығы өндірісі жағдайының ерекшеліктері. Сондықтан осы ерекшеліктерді барынша ашуымыз керек. [1]
Мақсаты: Азық-түлік қауіпсіздігін және өнімдердің экспортын ұлғайтуды қамтамасыз ететін елдің бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешенін дамыту.
1. 1. Қазақстан Республикасындағы агроөнеркәсіптік кешен
Қазақстанның аграрлық-өнеркәсіптік кешені ауыл шаруашылығын, сондай-ақ ауыл шаруашылық шикізаттарын ұқсататын және халық тұтанатын заттар өндіретін өнеркәсіп салаларын қамтиды. Машина жасау және химия өнеркәсібінің ауыл шаруашылығына машиналар мен жабдықтар, минералды тыңайтқыштар мен әр түрлі химикаттар беретін салалары да осы кешенге жатады. Технологиялық, экономикалық және ұйымдық тұрғыдан қарағанда бұл салалардың бәрі өзара тығыз байланысты және біртұтас жүйе құрады. Бұл күрделі шаруашылықты басқаруды оңайлату, оны қызметін жоспарлау және қаржыландыру үшін 1990 жылы республикада аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің орнына Ауыл шаруашылығы министрлігі құрылды. Оның негізгі міндеті - ауыл шаруашылық өндірісінің тұрақты өсуін және халық тұтынатын заттар шығаруды қамтамасыз ету.
Жерді иеленудің және шаруашылықты жүргізу әдістерінің алуан түрлілігі негізінде Қазақстанның аграрлық-өнеркәсіптік кешенін дамыту қазіргі кезеңдегі аграрлық саясаттың аса маңызды бағыты болып отыр. Колхоздармен және совхоздармен қатар, ұқсатуы кәсіпорындар, жалгерлер, кооператорлар, шаруалар мен азаматтардың жеке қосалқы шаруашылықтың ұйымдары тең экономикалық мүмкіндіктерге ие болуда.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы - Қазақстан аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің негізгі буыны. Онда еңбекке қабілетті халықтың 23%-дан астамы жұмыс істейді, ол республиканың халық шаруашылығы өндіретін бүкіл өнімнің 25%-ын береді. Қазақстан бидай егісінің көлемі, қой мен ешкінің саны жөнінен көршілес жатқан елдердің ішінде алдыңғы орынды алады. Көптеген мөлшерде астық, ет, жүн және басқа өнімдер сататын Қазақстан ауыл шаруашылығының зор халықаралық маңызы бар.
Жер қоры
Қазақстанда республикааралық маңызы бар ірі ауыл шаруашылығының дамуына ең алдымен оның орасан зор жер қоры - атап айтқанда жыртуға жарамды жерлер, жайылымдар, шалғындықтар мен шабындықтардың болуы себепкер болады. [2]
Комплекстің мәні мен функциялық құрылымы туралы айтқанда, аграрлық-өнеркәсіптік ұдайы өндіріс процесі өзара байланысты негізгі бес сатыдан қалыптысататынын атап өту қажет, олар:
- ауыл шаруашылығы мен басқа да салалар үшін өндіріс құрал-жабдығын өндіру және өндірістік қызметтер көрсету;
- ауыл шаруашылығы өндірісі; ауыл шаруашылығы өнімін дайындау, тасымалдау, сақтау, ұқсату;
- азық-түлік;
- ауыл шаруашылығы шикізатынан киім, аяқ киім, талшықтар өндіру;
- кешеннің өнімін халыққа жеткізу.
Аграрлық-өнеркәсіптік кешені төрт саладан тұрады.
І сала - ауыл шаруашылығына және басқа салаларға өндіріс құрал-жабдығын беретін өндіріс салалары; трактор және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, мал шаруашылығы үшін машиналар жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі үшін машиналар жасау, минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар, химияландыру заттарын өндіру, құрама жем және микробиологиялық өнеркәсіп, селолық өндірістік құрылыс, мамандырылған автотранспорт, мелиорациялық техника, аграрлық-өнеркәсіп кешені үшін басқа да жабдықтар мен приборлар өндіру. Бұл саланың міндеті - аграрлық-өнеркәсіп кешенін өндіріс құрал-жабдығымен қамтамасыз ету.
ІІ сала - ауыл шаруашылығы (өсімдік шаруышылығы мен мал шаруашылығы) ; колхоздар-совхоздар, жеке қосалқы және шаруалар шаруашылығы; арендаторлар мен кооператорлар.
ІІІ сала - ауыл шаруашылығы өнімін тұтынушыға жеткізетін, яғни ауыл шаруашылығы өнімін дайындау, сақтау, тасымалдау, ұқсату және өткізумен айналысатын сала мен өндіріс. Оған жеңіл өнеркәсіп (ауыл шаруашылығы шикізаттары), тағам-дәм, ет, сүт, балық, ұн-жарма және құрама салалары, азық-түлік тауарлары мен сауда жасау және қоғамдық тамақтандыру жатады.
IV сала - аграрлық-өнеркәсіп кешеннің өнім өндіруді дамытудың, сондай-ақ адамдардың тіршілік әрекетінің жалпы жағдайын қамтамасыз ететін инфрақұрылым. [3]
Ауыл шаруашылық жерінің жалпы көлемі 222, 3 миллион гектар, оның ішінде егістік жер 36 миллион гектар, жайылымдық жер 182 миллионнан астам гектар және шабындық жер 5 миллиоға жуық гектар құрайды. Әрбір жан басына шаққанда шамамен 2, 2 гектар жерден келеді. Бұл дүние жүзіндегі ауыл шаруашылығы жағынан дамыған көптеген елдердегіде әлдеқайда көп. Соңғы жиырма жылдың ішінде жыл сайын орташа есеппен 24 миллион тоннаға жетеғабыл ет, 3, 5 миллион тоннадан астам сүт және 100 мың тоннаға жуық жүн өңдірілді.
Қазақстанда ауыл шаруашылығы дақылдарының 60-қа жуық түрі өсіріледі, сүтті және етті ірі қара, жүнді, етті-майлы және қаракөл қойлар, жылқы, түйе, шошқа, құстың бірнеше түрлері, марал, сондай-ақ ара мен балық, мамық жүнді аң шаруашылығы бар. Республиканың агроөнеркәсіптік кешенінің бірінші сферасы (І - қор шығаратын) машина жасау, микробиологиялық және химиялық өнеркәсіппен айналысады.
Агроөнеркәсіп үшін машина жасаумен Павлодар трактор зауыты, Ақмола эрозияға қарсы техника шығару өңдірістік бірлестігі және «Манкентживмаш», «Актюбсельмаш» пен Мамлют машина жасау зауыттары мал шаруашылығы үшін машина жасаумен айналысады. Бұдан басқа, бөтен саладағы, оның ішінде қорғаныс зауыттарында да ауыл шаруашылық машиналарының кейбір түрлері және қосымша бөлшектері шығарылады.
Химиялық өнеркәсіп саласында Жамбыл және Ақтөбе облыстарындағы кәсіпорындар минеральдық тыңайтқыштар шығарады. Мұндай өнімдерді жолай өнім ретінде Қарағанды металлургия және Өскемен титан-магний комбинаттары да шығарады. Шымкенттегі «Фосфор» өндірістік бірлестігі өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарын шығаруды жүзеге асырады. Микробиологиялық өнеркәсіптің басын Шымкент гидролиз, Түркістан жемдік дәрілер және Степногорск «өркениет» сияқты үш зауыт біріктіріп тұр.
Республика агроөнеркәсіп кешенінің екінші сферасында (ІІ - ауыл шаруашылығы) экономикалық реформалардың басында 2200 кеңшар және басқа мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен 406 ұжымшар жұмыс істеді.
Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің үшінші сферасы (ІІІ - дайындау, сақтау және т. б. ) тамақ, ет-сүт және ұн-жарма өнеркәсібі кәсіпорындарынан, дайындау, сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығын өндірістік-техникалық, транспорттық, агрохимиялық, мал дәрігерлік-санитарлық және суландыру жөнінен қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдардың жүйесінен және агроөнеркәсіп кешенінің басқа да салаларынан тұрады.
Нақты түрде мемлекеттің қазіргі экономикада рөлі ұсақ-түйекке (мысалы, бұрын біздің тәжірибемізде болғандай, дән себу, егін жинау және басқалары) араласпай, бүкіл халық шаруашылғы үшін маңызды деген салаларға араласпауы керек. Алдыңғы қатарлы ірі индустриялы елдерде тауар өндірісінде мемлекеттік сектор бар болғаны 20-30 проценттей болып келеді. Шетелдерде мемлекет ұлттық өнімді бөлуге араласады. Мысалы, Швейцарияда мемлекет ұлттық өнімнің 27 процентін қайта бөледі, Жапонияда 33%, АҚШ-та -36%, Германияда-45%, Италияда-43%. Бұл елдерде мемлекет жаңа экономикалық құрылымдар жасау, кәсіпкерлік қызметтің барлық түрлерін кеңінен өрістету бағытында неғұрлым батыл күш-жігер жұмсайды. Біз әзірге бұл мәселелерде шабандық көрсетіп, жасқаншақтыққа бой ұрамыз. [5]
Негізгі бөлім
2. 1. Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Заңы
3-тарау. АГРОӨНЕРКӘСIПТIК КЕШЕНДI ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ АУМАҚТАРДЫ
ДАМЫТУДЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ
9-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық
аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу
1. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу азық-түлік қауiпсіздiгін, агроөнеркәсіптік кешен өнiмi нарықтарының тұрақтылығын қамтамасыз етуге, кәсіпкерлiктің тиiмдi жүйесiн құруға, отандық өнiмнiң бәсекелестiк артықшылығын қолдауға, сондай-ақ, өсiмдiк шаруашылығын, мал шаруашылығын, балық шаруашылығын, ауыл шаруашылығы шикiзатын қайта өңдеудi және тамақ өнеркәсiбін дамыту үшiн жағдай жасау арқылы ауыл халқының тұрмыс деңгейiн көтеруге, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсiздiктi, техникалық жарақтандыру мен басқа да iлеспе қызмет салаларын қамтамасыз етуге, ауылдық аумақтардың әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.
2. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу:
1) агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында кредит берудi дамыту;
2) агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялау;
3) сатып алу және тауар интервенцияларын жүргізу;
4) мамандандырылған ұйымдар құру;
5) агроөнеркәсiптік кешен тауарларының экспорты мен импортын реттеу;
6) агроөнеркәсіптiк кешендi техникалық жарақтандыру;
7) агроөнеркәсіптiк кешендi ақпараттық-маркетингтiк қамтамасыз ету;
8) агроөнеркәсіптiк кешенді ғылыми, нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету және ол үшін кадрлар даярлау;
9) ауылдық аумақтардың әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымының дамуын инвестициялауды жүзеге асыру;
10) ауылды оңтайлы қоныстандыруды ұйымдастыру;
11) ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсiздiктi қамтамасыз ету;
11-1) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйінің мониторингі және оны бағалау шығындарын қаржыландыру;
12) салықтық, бюджеттiк, кедендiк-тарифтiк, техникалық реттеу шаралары мен Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес өзге де шараларды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
3. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды мемлекеттiк реттеудiң осы баптың 2-тармағында белгiленген iс-шаралары:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiне;
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес көзделген бағыттар бойынша қаржыландырылады.
Осы ic-шараларды қаржыландырудың жыл сайынғы көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен және мәслихаттардың жергiлiктi бюджет туралы шешiмдерiмен белгiленедi.
Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012. 07. 10 № 33-V (2012. 01. 01 бастап қолданысқа енгізіледі), 13. 06. 2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 03. 07. 2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) . [6]
«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысы
Бүгінгі күні экономиканың аграрлық секторындағы қолданыстағы заңнамалық база толығымен нарықтық экономика талаптарына сәйкес келеді, халықаралық тәжірибе нормаларына бағытталған, ең бірінші тауар өндірушілердің кәсіпкерлік ықыласын қорғауға және қолдауға бағытталған.
Жүйелі жүргізілген өзгерістердің нәтижесінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы нарыққа бағытталған болды. Ауылда нақты мүлік иесі пайда болды, ауыл тұрғындарының санасы өзгерді, нарық көзқарасына негізделген жаңа өндірістік қарым-қатынастар нығайды.
1997 жылдан бастап жалға беру және кепіл беру қарым-қатынасы, өңірлік жер нарықтарын қалыптастыру, жерлерді пайдалану көрсеткіштерін ескере отырып, жердің пайдаланылмағаны үшін санкциялар қолдану дами бастады.
Осы уақытта, қалыптасқан жағдай аграрлық саланың даму стратегиясын тұжырымдамалық анықтауды талап етті. Оның негізгі бағыттары Қазақстанның 2030 дейін даму стратегиясында анықталған болатын. 2030 стратегиясы шеңберінде ауыл шаруашылығы өндірісінің бәсекеге қабілетті шараларында экономикалық өсуді қамтамасыз етуді, тиімді іске асырылатын жалпы сипаттағы және арнайы мемлекеттік қолдау шараларының қолдану жолымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру тұрақтылығы қарастырылатын Ауыл шаруашылығы министірлігі 2000 - 2002 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту бағдарламасын (бұдан әрі- Бағдарлама) әзірледі.
Аталған Бағдарлама шеңберінде астық нарығын мемлекеттік реттеуге заңнамалық база құрылды. 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Астық туралы» Заңы қабылданды, оның негізгі ережелерін нақтылайтын заңға қосымша нормативті-құқықтық актілер әзірленді және қабылданды, элеваторларды лицензиялау бойынша жұмыс аяқталды, асыл тұқымды мал шаруашылығын және таңдаулы тұқым шаруашылығының жүйесі реттелді.
Бірақ, агроөнеркәсіптік кешендегі кейбір тұрақтылық жағдайына қарамастан 2002 жылы қайта өңдеу бойынша ауыл шаруашылығы техикасының және құрал-жабдықтардың тозуы, топырақтың құнарлығының төмендеуі, агротехнологияларды сақтамау, егістіктің және ауыл шаруашылығы малдарының өнімділігінің төмендеуі, АШТӨ-де айналым қаражатының дайындығы, өндіріс түсімінің және өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі сияқты өтпелі кезең мәселелері сақталып қалды.
Экономиканың одан әрі өзгерістер логикасы агробизнестің тиімді құрылымын құрумен, агротехнологиялардың деңгейін жоғарлатумен, ауыл шаруашылғы өндірісін маркетингтік стратегияға көшірумен, ішкі нарықта импортты ауыстырумен, жакын және алыс шет елдермен экспортты жандандырумен байланысты аграрлық саланың жаңа сапалы деңгейіне өтуін талап етті.
Осыған байланысты, 2002 жылы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында алдағы 3 жылды - ауылды көтеру жылдары деп атады және Үкіметтің алдына ауылды дамыту бойынша шараларды жинақтау туралы міндет қойды.
Осы міндетті шешу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы № 889 Жарлығымен бекітілген 2003 - 2005 жылдарға арналған мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы әзірленді (бұдан әрі - Мембағдарлама), оның негізгі мақсаты тиімді агробизнесті құру арқылы елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бәсекеге қабілетті АӨК өнімін өндіру және сату, мемлекеттік қолдау шарларын рационализациялау болып табылатын.
Мемлекет бағдарламаны іске асыру аясында агроөнеркәсіп кешенінің заңнамалық базасын одан әрі жетілдіру және ұлғайту бойынша, оны әлемдік тәжірибелік нормалармен сәйкестендіру бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді. Бұл ретте маңызды орынды табиғи ресурстарды қолдануда мемлекет пен АШТӨ арасында жауапкершілікті бөлуге және жаңа жеке меншік бастаманы дамытуға мүмкіндік беретін Жер, Су және Орман кодекстерін қабылдау болып табылды.
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы», «Су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативі туралы», «Жануарлар әлемін қорғау, өсіру және пайдалану туралы» заңдар қабылданды, олардың негізгі ережелерін нақтылайтын қосымша заң актілері бекітілді, элеваторларды лицензиялау бойынша жұмыстар аяқталды. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы», «Астық туралы», «Ара шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне механикалық көлік құралдары және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік техникалық тексеру мәселесін есепке ала отырып тұжырымдамалық өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Жер кодексінде бекітілген ауыл шаруашылық жерлеріне жеке меншік институтының маңыздылығын атап өткен жөн. Жер қатынастары қайта құру мәселелерінде тарихи қадам жасалды және ауыл шаруашылығына арналған жерлер нарық айналымына тартылды.
Су кодексін және басқа да заңға қосымша актілерді қабылдаумен су шаруашылығы саласында нақты реттеуге жағдайлар жасалған, олардың жұмысы реттелді, мемлекеттік органдардың ғана емес су пайдаланушылардың да міндеттері мен қызметтері нақтыланды, мемлекеттік бақылаудың сынды жүйесі құрылды.
Жаңа Орман кодексіне енгізілген нормалар жергілікті атқарушы органдарға орман қорларын қолданылуда, қайта өндірісте, сақтау рөлі мен жауапкершілігін жоғарлатуға, аталған ортаға жеке меншікті қызықтыру үшін жол ашты.
Мемлекет өнімнің сапасы мен кауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қолданып жатыр. Бұл мақсатпен Қазақстан Республикасының «Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Заңы қабылданған, онда өндірушілердің өнімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету жауапкершілігі ескеріледі.
Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату және ветеринариялық жүйені халықаралық стандартқа сәйкестендіру мақсатында 2009 жылы 24 шілдеде Қазақстан Республиканың «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне ветеренария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы мен оны іске асыру үшін бірнеше нормативтік-құқықтық акт қабылданған.
Елдің АӨК-нің тұрақтылығын көтеру мен оның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2009 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды.
2. 2. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту проблемалары
АӨК-де республиканың тәуелсіздігі жарияланған сәттен бастап елдің бүкіл экономикасында едәуір құрылымдық өзгерістер болды. Орталық жоспарлы экономикадан бас тартқаннан кейін саланың түпкілікті қайта қалыптастыруға бағытталған шаралар кешені жүзеге асырылды.
Жалпы қайта қалыптастырудағы саяси қорытындыда мемлекеттік меншік жеке меншікке өзгертілді, сондай-ақ нарықтық экономиканың құқықтық негізі құрылды. Экономикалық салдары өндірістік және жер қатынастарының өзгеруі, баға белгілеуді кредит жүйесін ырықтандыру, бәсекелі нарықтық инфрақұрылым құру болып табылды.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің одан әрі дамуы аграрлық сектордың даму стратегиясын тұжырымдамалық белгілеуді талап етті.
Осы бағытта 2000 - 2002 жылдары бәсекеге қабілетті салалық ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық өсуін қамтамасыз етуді және ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерінің өндірістерін тұрақтандыруды көздеген Ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту бағдарламасы іске асырылды.
Сонымен қатар АӨК-дегі жағдайдың қайсыбір тұрақтануына қарамастан, салада ауыспалы кезеңнің бірқатар проблемалары сақталып қалды. Аграрлық салада одан арғы экономикалық өзгерістер логикасы сапалы жаңа өсу деңгейіне өтуді талап етті.
Осы міндетті шешу үшін Қазақстан Республикасының 2003 - 2005 жылдарға арналған мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы іске асырылды. Осы жылдары АӨК-нің нарыққа бағдарланған заңнамалық базасын қалыптастыру, оны халықаралық тәжірибенің нормаларына сәйкес келтіру бойынша бірқатар жұмыс жүргізілді. Бағдарламаның іске асырылуы тамақ өнімдерінің негізгі түрлері бойынша елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тиімді бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік өндірісі дамыту үшін қажетті жағдайлар жасауға мүмкіндік туғызды.
Алайда, еліміздің АӨК-де әлі де болса, бірқатар кемшіліктер бар - саланың құрылымды-технологиялық жаңғырту қарқынының төмен болуы, нарықтық инфрақұрылым дамуының қанағаттанғысыз деңгейі, ауыл шаруашылығы өндірісінің ұсақ тауарлығы, саланың қаржылық тұрақсыздығы, саланы дамытуға жеткіліксіз жеке инвестициялардың кіруі, білікті кадрлардың тапшылығы және т. б.
Бұдан басқа, саланың инвестициялық қызметіне әсер еткен қаржы, ал одан кейін азық-түлік дағдарысы қосымша проблемаларды тудырды. Сонымен қатар, Қазақстандағы ауыл шаруашылығы экономиканың перспективалы секторларының бірі болып саналады.
Осыған орай үлкен және жауапты міндеттер алда тұр - экономиканың аграрлық секторын сапалы жаңа даму деңгейіне көтеру, сол арқылы оның жоғары бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, бұл әсіресе Ресей мен Беларусь елдерімен бірігу жағдайында, ал кейіннен Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру кезінде өзекті болып табылады.
Атап айтқанда, осы міндеттерді шешуге осы Қазақстан Республикасында АӨК-ді дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама бағытталған.
Атап айтқанда, осы міндеттерді шешуге осы Қазақстан Республикасында АӨК-ді дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама бағытталған.
2012 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1640, 2 млрд. теңгені құрады, бұл ретте өндіріс өсімі 2011 жылмен салыстырғанда 13, 9% құрады, бұл соңғы 8 жылда ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады. Ауыл шаруашылығы өндірісінің үлесі елдің жалпы ішкі өнімі көлемінде (ЖІӨ) 6, 3% құрады.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімі өндірісінің көлемі
Қазіргі уақытта жалпы өнім өндірісі салада жұмыс істейтін 1 адамға шамамен 3 000 АҚШ долларын құрайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz