Ақша айналысының эволюциясы


Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы “Ақша айналысының эволюциясы”. Бұл тақырыпты алғандағы мақсат еліміздің ақша айналысының атқаратын рөлін, яғни алатын орнын, маңыздылығын, тәуелсіз елімізге қажеттілігін атап көрсету.
Экономикалық құрылымда бұл тақырыптың алатын орны ерекше. Бұл курстық жұмыс материалдың көлемімен және ұсынылған тақырыптардың санымен белгіленбейді. Ол зерттеудің тереңдігімен және деңгейімен, экономикалық ғылымның маңызды мәселелерін талдаудың әдістерімен белгіленеді.
Дамыған елдердің қазіргі таңдағы экономикасының нарықтық болуымен ерекшеленеді. Нарықтық экономика негізгі экономикалық мәселелерді ең тиімді жолмен шешетін жүйе болып шықты. Ол бірнеше ғасырлар бойы құрылды, өркениет формасын қабылдады және болашақта бүкіл әлем елдерінің экономикалық кейпін анықтап отырады.
Курстық жұмыс тек қана ақша айналысын теориялық бағытта қарастырып қоймай, сондай-ақ олардың практикалық жақтары, Қазақстан Республикасындағы нарықтық экономика жағдайында атқаратын қызметтері мен рөлі жан-жақты қарастырылған.
Ақша айналысы қазіргі нарықтық экономикада маңызды элементтердің бірі болып табылады. Себебі ақша құрылымының есебін ескермеген жағдайда халық шаруашылығы жағдайларын, экономикалық саясаттың мақсаттарын анықтау және тәжірибелік іс шараларын өткізу кезінде көптеген қателіктер болуы мүмкін. Ақша айналысының тұрақтылығы оның жақсы функциялануының ерекше маңыздылығын береді.
Тарихи дамудың барысында ақша қатынастары бірнеше маңызды өзгерістер мен қиыншылықтарды бастан кешірді. Соның салдарынан ол экономикалық жағдайға үлкен әсерін тигізді. Ақша айналысы мен валюталық бағамның тұрақтылығы экономикалық жағдайлардың жақсаруының, нарықтағы тепе - теңдіктің қамтамасыз етілуінің алғышарты болып табылады.
Осы процестерді игеру қазіргі таңда Қазақстан экономикасындағы аса маңызды және қажетті мәселелердің бірі болып саналады.
Курстық жұмыстың мақсаты - ақша айналымының теориялық негіздерін қарастыру және оның құрылымына ерекше көңіл бөлу мен жеке сипаттау болып табылады. Сондай - ақ, шетел тәжірибесін қарастыра отырып, оны қолдана отырып және негізге ала отырып, Қазақстан Республикасында пайдалануға мүмкіндік беретін жағдайларды қарастыру.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді атқарған жөн:
- ақша айналымының түсінігі мен мәнін ашу;
- оның түрлері мен құралдарын жеке сипаттау;
- ақша айналымының формаларын құрастыру;
- Қазақстан Республикасында ақша айналысын қарастыру;
- курстық жұмысқа жалпылама қорытынды жасау;
Курстық жұмыстың ақпараттық негізіне отандық және шетелдік экономист ғалымдарының оқулықтары, ғылыми мақалалары жатады. Ал осы курстық жұмыстың объектісі қазіргі таңдағы ақша айналымының ерекшеліктері болып саналады.
Берілген курстық жұмыс кіріспе, 3 бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде ақша айналысының негізгі мағынасы мен құрылымына, маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақшаны жан-жағынан - бұрынғы, қазіргі және болашақтағы позициялары қарастырылды.
Ақша айналысы дегеніміз - қолма-қол және қолма-қол емес түрінде үзіліссіз қозғалыста жүретін ақша белгілері. Айналыста жүретін тек қолма - қол ақша, ол ақша айналымының тек бір бөлігі. Демек ақша айналысы деген - белгілі бір мезгілде қолма-қол ақшамен өтелген барлық төлемдер сомасына тең ақша айналымының бөлігі.
Ал екінші бөлімінде ақша айналысының заңы және оны басқару мен реттеу әдістері талданды.
Ақша айналысы заңының мәні - ақшаның айналыс құралы қызметін орындауы үшін қажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысы бір аттас ақша өлшемінің айналым санына бөлгенге теңесуі керек.
Ақша тек айналыс құралы ғана емес, сонымен бірге төлем құралы қызметін де атқаратындықтан айналысқа қажетті ақша мөлшері де несиеге сатқан тауарлар сомасына байланысты азаяды. Қарыз міндеттемелерінің бірсыпырасы қолма қол ақшасыз есеп айырысқанда өтеледі, яғни олар қарыз талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу жолымен де өтеледі. Сөйтіп несиенің даму дәрежесі ақша мөлшеріне кері әсерін тизігеді: тауардың неғұрлым көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа шығарылған әлдеқандай ақша мөлшері шаруашылықтың және халықтың тұрақты ақша қорын құрайды.
Ал үшінші бөлімінде Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы ақша айналысының даму барысы және оның жетілдіру мәселелері мен оларды шешу жолдары қаралған болатын.
2002 жылға қарағанда еліміздің жалпы халықаралық резерві қазіргі жағдайда 13 есеге өсіп отыр. Бұл жерде айтып өтетін жайт, мемлекетіміздің Ұлттық Қорының активтері 2002 жылы 1240 млн. АҚШ долларын құраса, 2013 жылы ол 45511 млн. АҚШ доллары болды. Мұның өзі Ұлттық қор бюджеттік және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған, ал мұнай кірістерінің көп бөлігін Ұлттық қорда жинақтау барынша жүйелі фискалдық саясат жүргізуге, индустриялдық-инновациялық даму стратегиясында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға, сондай-ақ болашақ ұрпақтың Қазақстанның мұнай және басқа шикізат ресурстарының игілігін пайдалану мүмкіндігіне ие болуына жол ашуда.
Яғни, ақша айналымының жетілдіру нәтижесінде Қазақстан экономикасының ұдайы өндірісін қамтамасыз ету қазіргі заман талабына жауап береді. Соңғы кездерде тез - тез болып тұрған әлемдік және аймақтық қаржы дағдарысына жауап ретінде, қаржы дағдарыстың теріс әсерін азайту, сонымен бірге ЖІӨ-нің өсу динамикасын сақтауда Қазақстан Республикасындағы ақша айналымын реттеу саясаты үлкен маңызға ие.
Шетел тәжірибесінен келіп шығып, банктердің валюталық саясаттың қонымды әсері ретінде күтілмеген зияндарды кемейтіру және бірнеше негізгі еркін айналымдағы валюталар - АҚШ доллары және евро бойынша ақша айналысының оң әсерін сақтау бойынша, валюта позицияларын мүмкіндігінше кеңейту үшін, ашық валюта позициясын қалыптастыру ұсынылады.
Бұл ұсыныстарды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің қаржылық тәуелсіздігін нығайтып, экономиканың дамуына үлкен үлес қосуына мүмкіндік жаратады.
1 Ақша айналысы және оның негізгі элементтері
1. 1 Ақша айналысының сипаттамасы және оның даму эволюциясы
Қайта құру кезеңіне дейін «ақша айналымы» мен «ақша айналысы» ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма-қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы бұған кең мағына бергендіктен ол қолма-қол және қолма-қолсыз айналым мағынасын сипаттайды. Бұл жағдайда қолма-қол ақша қозғалысы тұрғындарын ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырса қолма-қаолсыз ақша өндіріс қаражаттарының бөлуінің қарастырады.
Ақша белгілері әр түрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма-қол рубль тұтыну заттары және қызметтері жиынтығымен қамтамасыз етілсе қолма-қолсыз рубль - бөлуге арналған өндіріс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етіледі. Мұндай жүйе мен қана орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайында ғана мүмкін болады, себебі ол уақытта кәсіпорындар мен халықтық қолында қанша ақша, қанша тауардың болатынын және олардың қандай бағада атылатыны белгілі болған.
Ақша айналысы мен ақша айналымы арасындағы шек жойылуы. Тауар айналымы процесіндегідегі қолма-қол ақша қозғалысы және төлемақының жүзеге асыру негізінде қызмет көрсету, сонымен бірге кәсіпорындар мен қаржы-несие мекемелерінің арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасу-ақша айналысы деп аталады.
Ақша айналысының объективті негізі - тауар өндірісі мен тауар айналысы болып табылады. Тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшін қолданылуы, ақшаның әрдайым қозғалысты, яғни айналыста болуына мүмкіндік жасайды. Тауар сатып алынғаннан кейін, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналысты әрқашан жүреді.
Жалпы ақша айналысының көлемі тауар бағаларының сомасынан әрдайым артық болады. Ақшаның қызметі тек сату-сатып алумен шектелмейтінін түсінеміз.
Ақша айналысын реттеудің элементі - қолма-қол ақшаның қолдану азайту болып келеді. Бұл мәселе біздің елімізде кәсіпорындар арасындағы есеп айырысулары қолма-қол ақшаның қолданылуын шектеу, есеп айырысу чектерін ендіру арқылы ғана шешіледі.
Банк жүйесін реформалау және ақша банкнотасын өндіруге байланысты өзінің меншікті қуатын енгізуін. Қазақстандағы қолма-қол ақшамен байланысты жағдайда түбірімен өзгертті.
Дамыған елдерге бұл процесс кеңінен дами түсуде: оларда қолма-қолсыз ақша айналысы өріс алып жатыр. АҚШ-та халықтың есеп айырушыларының 25-27% - ды ғана қолма-қол ақшамен, ал қалғаны, несиелік карточкалар, т. б. көмегімен жүргізіледі. Қолма-қол және қолма-қолсыз ақша өзара тығыз байланысты, сондықтан оларды болу қажет емес. Ақша өз айналысында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға өтеді. Мысалы, кәсіпорынның бөлшек саудасынан түскен түсім банке түскеннен соң оның есеп айырысу шотында қолма-қолсыз ақша қаражаттарына айналады да, ол бұдан өз жеткізушілеріне ақша аударуы мүмкін.
Бүкіл ақша айналысы: қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар болып бөлінеді.
Сондай-ақ:
-өнімді өндіру және соту процесін, яғни тауарлы сипаттағы есеп айырысуларымен байланысты ақша айналымы;
-тауарлы емес сипаттасы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;
-ақша айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл, қағаз, неше ақшалар көмегімен жүзеге асырылды. [2]
Экономикалық санат ретінде ақша натуралдық шаруашылықтан тауарлы шаруашылыққа ауысу кезеңінде пайда болды. Шығарылған өнімнің түгелімен өндірушінің жеке басының керегіне жаратылған кезең натуралды шаруашылық болып есептелетіні белгілі. Кейін өндіріс құралының жетілуіне байланысты, ал кейде табиғаттың өзі туғызған жағдайына байланысты адамдардың шығарған өнімдерінің көлемі олардың жеке басының керегіне жарататын көлемнен артық болатын жағдай туды. Сөйтіп, адамдар өндірілген өнімді, өздеріне керек, басқа өнімге айырбастап алуына мүмкіншілік алды. Осының нәтижесінде » айырбастау » деп аталатын процесс шықты. Айырбастау үшін өндірілген өнімнің » тауар » деп аталатын болған соң, натуралдық өндірістің орнына тауарлы өндіріс пайда болды.
Жоғарыда көрсетілген қозғаушы күштердің салдарынан, өнім өндірушілер өздерін бір түрлі, не бірнеше түрлі өнім шығаруға бейімдейтін болды. Ал өздеріңе керек басқа өнімдерді өздері шығарған өнімнің артығына ауыстырып алатын болды.
Сонымен, ақшаның пайда болуына алдын ала екі экономикалық жағдай туғызылды:
- натуралдық шаруашылықтың орнына тауарлық шаруашылық келді, енді айырбастау операциясы өріс алды;
- өнім өндірушілердің арасында бір жағынан мүліктік жекеленушілік пайда болды, екінші жағынан белгілі бір түрлі тауар өндіруге мамандандырушылық туды.
Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар - барлық басқа тауарлардың бір - бірімен өзара айырбасталу құралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе көлемдегі формасынан жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның рөлі бір тауарға нық бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент рөлін белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.
Сөйтіп, айырбастаудың тауарлық нысаны ақшалай нысанға көшті. Оның үстіне, әр түрлі тайпаларда ақшының міндетін атқаратын тауарлар әр түрлі. Мысалы: Ежелгі гректер, римдіктер, славяндар ақша орнына мал пайдаланған; Скандинав елдерінде, ежелгі орыстар - аңның, болмаса малдың терісін пайдаланған; Қытайда - тұз, Моңғолияда - шай, тағы сол сияқты. Бірақ, осының өзінде де, айырбастауда көптеген қиыншылықтар кездесті. Айтылған заттарды санау, өлшеу, оларды бір жерден екінші жерге тасу, сақтау, іріктеу деген қызметтері көп болды. Міне, осы жағдайлар және тауар өндіру мен оны айырбастаудың көлемінің өсуі ақшаның міндетін атқаратын тауардың біртектілігін, оңай бөлшектенетінін, сақтағанда бұзылмайтын және тасымалдауға қолайлы болуын талап етті. Ал мұндай қасиеттер кейбір түсті және құнды металдарға ғана тәлім болатын. Адамзат дүниесінің даму жолының әр кезеңіңдегі ақшаның міндетін әр түрлі металдар атқарады: қола, мыс, күміс, алтын.
Металл ақшаларының артықшылығы, олар - біркелкі, төзімді, ұсақталынады, және т. б. Металл ақшалардың кең таралуымен ақша есебінің салмақтық жүиесі нақтылана түсті.
Кейін келе металдардың арасында басты роль алтын мен күміске өте бастады, өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса қажетті сапаға ие.
Әрине, металдар бұған дейінгі ақша формаларын бірден ығыстырып шығарып тастаған жоқ. Ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келді. Бірақ б. э. дейін XII ғасырда салмағы көрсетілген құймалар пайда бола бастаған. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бірліктері фунт стерлинг, ливр (жарты фунт), марка (жарты фунт) салмақ бірліктері атауымен аталады. Алғашқыдағы белгілі массасы бар формассыз металл ақшаларды кейін келе әр түрлі массадағы біркелкі формасы бар металл ақшалар ауыстыра бастады.
Монеталардың пайда болуы - ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады.
Біріншіден, ақша шыққаннан кейін тікелей тауар айырбастаудың тар шегі біраз кеңейтілді, яғни базар пайда болды, ал ол базарда екі ғана кісі емес, бірнеше тауар иелері қатынасады.
Екіншіден, ақша пайдаланудың арқасында бір ғана әрекетпен бітетін айырбастау процесі (бір тауарды беріп, екінші тауарды алу Т - Т), әр уақытта, әр жерде істелетін екі әрекетке айналды:
- бірінші әрекет, тауарды ақшаға сату (Т - А)
- екінші әрекет, алған ақшаға басқа жерде, басқа уақытта басқа тауар сатып алу (А - Т)
Үшіншіден, тауар өндірушілер сатқан тауардан алған ақшасын енді, керекті тауар сатып алғанға дейін, сақтауға мүмкіншілік алды. Ал мұның өзі ақшаны жинауғажәне оны басқаларға қарызға беруге болады деген сөз, яғни бұл несиенің пайда болуына әсер етті.
Осындай өзгерістердің нәтижесінде, ақшаның қозғалыс жолы тауардың қозғалыс жолынан бөлініп шықты. Енді ақша шыққаннан кейін, ақша өз алдына, тауар өз алдына айналатын болды.
1. 2 Ақша айналысының негізгі элементтері
Экономикасы дамыған елдердің осы заманғы ақша жүйесі алтын - қағаз және кредит ақшаларына бөлінбеген жүйеге негізделген. Олардың әр біреуі ұзақ уақыт бойы дербес дамыса да әрі ұлттық ерекшеліктерге ие болса да, олар көп жағынан бір - біріне ұқсас.
Сонымен қатар, әрбір дамыған елдің осы заманғы ақша жүйесінің мәнін толық ашуға мүмкіндік беретін тек өздеріне ғана тән ерекшеліктері бар.
АҚШ - тың ақша жүйесі. АҚШ - тың ақша бірлігіне айналымға 1786 жылы енгізілген АҚШ доллары жатады. Доллардың атауы бірқатар еуропалық елдердің айналыста болған күміс толерден шыққан. Қысқартылған белгісі - $. Бір доллар 100 центке тең. Бүгінгі таңда айналымда 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100 долларлық құны бар купюралар мен 1, 5, 10, 25, 50 центтік құны бар тиындар және 1 доллар қолданылады.
Қолма - қол ақша эмитенттеріне Қаржы Министрлігі (қазына мекемесі) және федералдық резерв жүйесі (ФРЖ) жатады. Қазына мекемесі айналымға 1 - ден 10 долларға дейін құны бар ұсақ купюрлі ақша белгілерін, сондай - ақ 100 долларды шығарады, монеталар күмістен, никельден және мыстан дайындалады. Қазына мекемесі ш ығарған купюрдың айрықша белгісіне ондағы «Құрама штаттар билеті» дейтін жазу, - «UNITED STATES NOTES» жатады. Қолма - қол ақша белгілерінің негізгі массасын айналымға ФРЖ шығарады. Онда «FEDERAL RESERBE NOTES» дейтін жазу болады, сондай - ақ оларды шығарған федералдық резервтік банктің нөмірі көрсетіледі. АҚШ - тағы қолма - қол ақшасыз ақша эмиссиясы басқа шетелдерге және коммерциялық банктерге жүзеге асырылады. Олармен айналымға чектер, вексельдер, пластикалық карточкалар, электрондық ақшалар шығарылады. Экономикалық айналымда қолма - қол ақшасыз ақшаның үлес салмағы көп әрі бұл үлес салмақ өсу тенденциясына ие. АҚШ - та ақша массасы классикалық ақша - кредит саясатының құралдарымен реттеліп, басқарылады: құнды қағаздардың ақша нарығындағы операциялар, банктің есептік мөлшерлемелерінің өзгерісі, коммерциялық банктер мен кредит жинақтаушы мекемелердің міндетті резерв талаптарының өзгерісі.
«Еуро» еуропалық валюта зонасы. Бүгінгі таңда Еуропалық Одақта (ЕО) ақша жүйесі бар. Ол Еуропаның 24 дамыған елі кіретін еуропалық ұжымдық «евро» ақша бірлігінде негізделген. ЕО - ның еуропалық ақша жүйесі 2002 жылы құрылды және евроның ақша бірлігі алдымен қолма - қол ақшасыз айналымының есеп айырысу бірлігі ретінде енгізілді, ал 2004 жылы қолма - қол ақша айналымына банкноттар мен монеталар түрінде қағаз ақшалар шығалылды.
Ресейдің ақша жүйесі. 1995 жылдың 12 сәуірінде қабылданған «РФ орталық банк туралы» РФ заңына сәйкес жұмыс істейді. Ресесйдің ресми ақша бірлігіне рубль жатады. 1 рубль 100 копейкке тең. «Рубль» атауы Киев Русь тұсында пайда болған. Ол кезде ақша бірліктері гривна деп, ал, екіге тең бөлінгені рубль деп аталады. Алтын мен рубльдің ресми арақатынасы белгіленбеген. Басқа ақша белгілері мен суррогаттардың шығалылуына тыиым салынған. Заңды төлем күші бар ақша түрлеріне банктің барлық активтерімен қамтамасыз етілген әрі Ресей Банкінің сөзсіз міндеттемелері болып табылатын банкноттар мен ұсақ металл монеталар жатады. Қолма - қол ақшаны шығарудың, олардың айналымын ұйымдастырудың және РФ аумағынан оларды алып тастаудың айрықша құқығы Ресей Банкіне тиесілі.
Ақша айналымын ұйымдастырумен байланысты шығындарды кеміту мақсатында 1998 жылдың 1 қаңтарынан арақатынасында ақшаны ірілендіру (деноминация) жүргізді. РФ - да жүргізілген реформалардың нәтижесінде айналымға Ресей Банкінің 5, 10, 50, 100 және 500 рубльдік құны бар банкноттар, 1, 5, 10, 50 копейкалық құны бар тиындар, 1, 2 және 5 рубль енгізілді.
1. 3 Ақша айналымының экономикалық мәні және оның құрылымы
Қазіргі таңдағы төлем жүйесі қаржылық және операциондық құрамдаушылардың өзара қатынастарына байланысты жұмыс жасайтын өте күрделі механизм болып табылады. Экономикада пайда болып жатқан алуан түрлі операцияларды жүргізу қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті әртүрлі құрылымдар бар. Бірақ, банктер әрқашанда есеп айырысу процесінің ортасында болды, өйткені, банкаралық аударымдар және соның ішінде, ОБ-те сақталушы депозиттерді аудару бастапқы төлемдер бойынша есеп айырысуды қамтамасыз етеді.
Банктер арқылы жасалатын ақшалай төлемдер мен есеп айырысулар қоғамдағы экономикалық қатынастардың іс жүзінде барлық түрін жүзеге асырады. Есеп айырысулар қолма-қол ақша көмегімен де және қолма-қолсыз жолмен де жүргізіле алады. Экономиканы реформалау кезеңдерінде шаруашылық механизмінің іскерлігін жоғарылатудың негізгі шарттарының бірі - елдің қолма-қол емес ақша айналымын басқаруды әрі қарай жетілдіру болып табылады.
Бірақ, ең алдымен, қолма-қолсыз ақша айналымын қарастыруға көшпестен бұрын, қолма-қол ақша айналымының мәнін зерттеу қажет, өйткені, қолма-қолсыз ақша айналымы оның құрамдас бөлігі болып табылады. Банк шаруашылығы үшін базалық болып табылатын ақша айналымы сияқты түсінікке экономикалық әдебиеттерде бірмәнді және барлығымен мақұлданған трактовка жоқ.
Қайта құрылу кезеңдерi басталғанға дейiн «ақша айналымы» және «ақша айналысы» түсiнiктерi нақты жеке дараланып ерекшелендi. Ақша айналысы түсiнiгi тек қана қолма-қол ақшалар қозғалысын бiлдiредi. Ақша айналымы қолма-қол және қолма-қолсыз айналымдарын да бейнелей отыра кеңiрек ұғымды бiлдiредi. Тауарлар айналымы, қызметтер көрсетiлу мен төлемдер жүргiзу процестерiнде, сонымен қатар кәсiпорындар мен қаржы-несиелiк мекемелер арасында қолма-қол ақшалардың қозғалысы ақша айналысы болып табылады. Берілген анықтамада ақша айналысы тек кәсіпорындар мен қаржы-несиелік мекемелерді қамтыған, ақша айналымына қатысатын субъектілер толық ескерілмеген. Ақша айналымы қолма-қол және қолма-қолсыз түрдегi ақша белгiлерiнiң үздiксiз қозғалу процесiн бiлдiредi. Сонымен қатар, нарықтық экономика терминдерiнiң анықтама сөздiгiнде ақша айналысы: еңбекақы төлеу, тауарларды өткiзу, қызметтер үшiн есеп айырысу және басқа төлемдер жүргiзу процестерiндегi ақшаның үздiксiз қозғалуы - ретiнде сипатталады.
С. К. Семенов бойынша: «ақша айналысы - белгілі бір уақыт аралығындағы ақшалай төлемдер мен есеп айырысулардың сомасы», ал, «ақша айналымы - экономикадағы тауарлар мен қызметтер айналымына қызмет көрсетуші қолма-қол және қолма-қолыз ақшалардың қозғалысы».
О. Л. Рогованың пікірі бойынша «формалары әртүрлі, бірақ, мәні бірдей барлық ақшалай (сонымен бірге, қаржылық және несиелік) қатынастарды синтездейтін және өзара теңдестіретін байланыстар жүйесі - ақша айналымы» деп аталады. Ақша айналымының бұл анықтамасы оның сапалық сипаттамасына сүйенген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz