Банк жүйесінің ұсынатын қызмет түрлерінің жағдайына және дамуына талдау жасай отырып, коммерциялық банктердің қаржы-несие саласындағы алар орны мен тиімділігі, негізгі бағыттары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1 Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуының теориялық.әдістемелік аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.1 Банк жүйесінің пайда болу тарихы және ежелгі банктік қатынастардың қалыптасу ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2 Қазақстан Республикасындағы банктік реформа: әдістемелік негіздері мен өткізу кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.3 Коммерциялық банктер . банк жүйесінің негізгі қаржылық институты ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

2 Нарық жағдайында банктік қызмет көрсету жүйесінің қазіргі жағдайы мен даму бағыттарын талдау («Еуразиялық банк» АҚ мысалында) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
2.1 «Еуразиялық банк» АҚ.ның ұйымдық.құқықтық негіздері мен қызмет ету бағыттарын бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
2.2 «Еуразиялық банк» АҚ.ның қаржылық қызметін және оның тұрақтылық деңгейіне ықпал ететін факторларды зерттеп.талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37
2.3 «Еуразиялық банк» АҚ.ның бан жүйесінде ұсынатын қызмет түрлерін, көрсететін операцияларын және мәмілелерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... .43

3 Қазақстан Республикасы банк жүйесінің дамуында коммерциялық банктердің ролін арттырудың перспективалы бағыттары ... ... ... ... ... .49

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 65
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 68
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық қатынастардың қарқынды дамуы жағдайында банктер барған сайын монополистерге айналып, барлық қаржылық капиталдарға ие болды. Сондай-ақ, олар делдалдық қызмет аясынан шығып, қайталама өндірістің барлық фазаларының өрісіне де енуде. Осыған байланысты банктер шаруашылық өмірдің орталықтарына, барлық экономика салаларының негізгі торабына айналып отыр. Қазақстан экономикасының нарыққа көшуі елімізде коммерциялық банктер қызметінің жаңа кезеңін ашып берді. Сөйтіп, еліміздің банк жүйесін дамыту мақсатында бірнеше реформалар жүргізілді. Осындай нәтижелі жүзеге асырылған іс-шаралар шеңберінде бүгінде коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ден астам түрлі өнімдер мен қызмет түрлерін ұсына алады. Операциялардың осындай көп түрі банктерге өз клиенттерін сақтап қалуға және тиімсіз жағдайдың өзінде де пайданы жоғалтпауға мүмкіндік береді. Сонымен, нарықтық қатынастарға бейімделген еліміздің перспективалық жобалар мен стратегиялар негізінде мақсатқа сәйкес дамуы үшін банктер мен банк жүйесінің тұрақтылығын арттыру негізгі міндеттердің өзектісі болуы тиіс.
«Банк» сөзі «banko» деген ағылшын тілінен аударғанда «айырбас столы» дегенді білдіреді. Жалпы, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі. Банктер негізінен нарықтық экономика жағдайында ең басты қаржы делдалда¬ры болып табылады. Өз қызметінің процесінде олар ақша нарығында тауарға айналатын жаңа талаптар мен міндеттемелерді тудырады. Мәселен, клиенттердің салымдарын қабылдай отырып, банк жаңа міндеттеме – депозитті жасайды, қарыз бере отырып қарыз алушы тұлғаларға жаңа талаптар қояды.
Банк капиталының Қазақстанға енгізілу мерзімі XIX ғасырдың аяқ кезін қамтиды. Революцияға дейінгі Қазақстанның көп салалы экономикасында несиенің әр түрлі формалары дамыған. Қазақстанның несиелік жүйесі негізінен Ресей империясының несиелік жүйесінің бір бөлігі ретінде: Мемлекеттік банк бөлімшелерінен, акционерлік, коммерциялық банктер филиалдарынан, өзара несие беру қоғамдарынан, қалалық қоғамдық банктерінен, ипотекалық несие банктері немесе ұсақ несие мекемелерінен және жинақ кассаларынан тұрды.
Қазіргі кезде банктік нарыққа және оны қадағалауға бағдар¬лан¬ған қызметті реттеу банктерге тиімді басшылық жасауды қамтамасыз ету, банктер бетпе-бет келетін міндеттерді уақытылы шешу, банктерді тиімді қызмет жүргізуге ынталандыру мен төлем қабілетсіз банктерді тарату болып саналады. Қазіргі еліміздің банктік нарығы бәсекелестік нарығы болып табылады. Осы жағдайда коммерциялық банктер жарнама арқылы өзінің танымалдығын арттыруға және қоғаммен араласатын іс-шаралар өткізу арқылы өзінің беделін өсіруге талпынады. Осы ретте коммерциялық банктердің көбіне тән қасиеті олардың «қаржылық супермаркетке» айналуы болып табылады. Онда банк клиенттеріне ақша-қаржылық қызметтің кез-келген түрін қолдана алады. Біздің бүгінгі жағдайымызда банктердің осылайша қызмет атқаруы дамудың және одан әрі қарай қызмет етуінің жалғыз көзі болып табылады. Мұны нарықтық қатынастардың дамуы мен нығаюы дәлелдеп берді.
1. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы №2444 Заңы.
2. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы №2155 Заңы.
3. «Ақшалай төлемдер және реттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңы // 29.06.1998 жыл.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 3 маусымдағы №213 Қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейлі банктерге арналған пруденциялық нормативтер» туралы Ереже.
5. ҚР ҰБ Басқармасының 2014 жылғы 16 қарашадағы №465 Қаулысымен бекітілген «Активтердің, шартты міндеттемелердің жіктелуі және оларды күмәнді және үмітсіз санаттарға жатқыза отырып, оларға қарсы провизиялар құру» туралы Ереже.
6. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы №1271 Жарлығы.
7. «Валюталық бақылау және реттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңы // 18.12.2005 жыл.
8. Правила проведения валютных операций в Республике Казахстан. Утверждены Постановлением Национального Банка Республики Казахстан от 29 октября 2005 года № 134.
9. «Екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөнiндегi талаптарды бекiту туралы» ҚРҰБ Басқармасы төрағасының 2007 жылғы 28 мамырдағы №56 Қаулысы.
10. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің регламенті туралы» ҚРҰБ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 23 маусымдағы №109 Қаулысы.
11. Жоламанова М.Т. Ақша. Несие. Банк. Оқу құралы: - Алматы: Еуразиялық нарық институты, 2011.
12. Банковские операции: учебное пособие / кол. авторов; под ред. О.И. Лаврушина. – М.: кнорус, 2007.
13. Мақыш С.Б. Банк ісі: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2009.
14. Жарковская Е.П., Арендс И.О. Банковское дело: учеб. пособ. Москва: Изд. «Омега-Л», 2011.
15. Умарова К.А. Банковское дело. Практикум: учеб. пособ. – Караганда: 2014.
16. Ғ.Сейітқасымов, Ж.Бекболатұлы, С.Кәрімжанов. Қазақстанның банк жүйесі. Оқу құралы. – Алматы, 2008.
17. Елемесова Р.Ү. Банк ісі: Оқу құралы. Қарағанды, 2014.
18. Смағұлова Р.О., Мәжіханова Қ.Ә., Тұсаева Ә.Қ., Сатыбалдиева Ж.Ш. Қаржы, ақша айналысы және несие: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2008.
19. Омурчиева Э.М., Осипов Е.Б. Қазақстан Республикасының банк құқығы: Оқу құралы. – Алматы: Бастау, 2009.
20. Шалабай С.И., Шалабаев М.И. Финансовый менеджмент и конкурентоспособность банков Республики Казахстан. Алматы - Экономика, 2008.
21. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 2010-2014 жылдардағы статистикалық бюллетендері. – Алматы.
22. Шаяхметова К.О. Банктік тәуекелдер: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2004.
23. Сейткасымов Г.С., Маулетов К.М. Финансовый анализ в коммерческом банке. - Астана, 2008.
24. Ларина О.И. и др. Деньги и финансовые институты: Краткий курс.- СПб.: Питер, 2012.
25. Ілияс А.Ә., Сәулембекова Ә.Қ. Төлем жүйесі: теория және практикасы: Оқу құралы. Алматы, 2007.
26. Искаков Ұ.М., Бохаев Д.Т., Рузиева Э.А. Қаржы нарығы және делдалдары: Оқулық – Алматы: Экономика, 2008.
27. Берік М. Ақша, несие, банктер: Оқ құралы – Алматы: Экономика, 2014.
28. Мирин Т. Банки: организация и персонал: Учеб-практич. пособие.- М.; Городец, 2013.
29. Банки Казахстана// Некоторые предложения методов управления активами и пассивами в коммерческих банках РК. №9. 2007.
30. «Еуразиялық банк» АҚ-ның 2009-2014 жылдардағы Жылдық есебі.
31. Талиф Х. Основы банковской деятельности: Учебник. – М.: Инфра, 2013.
32. Хамитов Н.Н. Банк ісі: Лекциялар курсы. Алматы, 2006.
33. Банковское дело. Учебник для студентов высших учебных заведений, обучающихся по экономическим специальностям. / Под ред. У.М. Искакова. – Алматы: Экономика, 2011.
34. Умарова К.А. Ыбыраева М.А. Ақша, несие, банк. Оқу-тәжірибелік құралы. - Қарағанды, 2003.
35. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылымы, қайта өңделген және толықтырылған. – Алматы: ИздатМаркет, 2004.
36. Сәбитов С.Р. Банк ісі: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2013.
37. Ілияс А.Ә. Ақша – кредит саясаты: Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2008.
38. Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Оқу құралы Алматы: 2000.
39. Гагарина П. Деньги и кредит: Учеб. пособие.- Калининград: Янтарный сказ, 2014.
40. «Еуразиялық банк» АҚ-ның 2010-2013 жылдардағы қаржылық есебі.
41. Ертілесова Ш. Ақша, несие, банктер. Оқу құралы – Алматы: 2013.
42. Грачева М. Банковская система в развитых странах: некоторые проблемы цифровых технологий - М.: Ось-89, 2006.
43. Бельгер Ф. Деньги. Кредит. Банки. Ценные бумаги. Практикум: Учеб. Пособие - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2013.
44. Қазақстан Республикасының Банк құқығы. Оқу құралы Л.Давыдова, Драйманов. Алматы жеті жарғы 2006.
45. Управление деятельностью коммерческого банка. Учебник / Под ред. О.И.Лаврушина – М.: Юрист, 2005.
46. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Оқу құралы/ Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА-ның академигі Сейітқасымов Ғ.С., 2-ші басылым, қайта өңделген және толықтырылған. – Алматы: ИздатМаркет, 2004.
47. Г.С.Сейткасымов, К.М.Маулетов, А.А.Мусина. Банковское дело: Курс лекций. Астана: Изд.Каз УЭФиМТ, 2008.
48. Жуков Е.Ф. Деньги, кредит, банки: практикум. Москва: Волтерс Клувер, 2010.
49. Кабушкин С. Управление банковским кредитным риском - М.: Новое знание, 2004.
50. Мақыш С.Б., Керімбекова Н.Н., Супугалиева Г.И. Ақша, несие, банктер: Практикум. – Алматы: Қазақ университеті, 2004.
51. Оспанова М.А. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары: Оқу кұралы.-Алматы: 2012.
52. Моисеев С.Р. Денежно-кредитная политика: теория и практика. – Учебное пособие. М.: Экономисть, 2005.
53. Смит А. Супер деньги: Поучительная история об инвестировании и рыночных пузырях. – Москва: Альпина Паблишерз, 2009.
54. Сейткасымов Г.С., Ильяс А.А. Банковский менеджмент: Астана, 2008.
55. Банковское дело: современная система кредитования. / Под ред. О.И.Лаврушина – М.: КНОРУС, 2005.
56. Додонова И.В., Кабанова О.В. Автоматизированная обработка банковской информации: учеб. пособ. - Москва: КНОРУС, 2010.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...4

1 Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуының
теориялық-әдістемелік
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.1Банк жүйесінің пайда болу тарихы және ежелгі банктік қатынастардың
қалыптасу
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .7
1.2Қазақстан Республикасындағы банктік реформа: әдістемелік негіздері мен
өткізу
кезеңдері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..11
1.3Коммерциялық банктер – банк жүйесінің негізгі қаржылық институты
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...27

2 Нарық жағдайында банктік қызмет көрсету жүйесінің қазіргі жағдайы мен
даму бағыттарын талдау (Еуразиялық банк АҚ
мысалында) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...34
2.1Еуразиялық банк АҚ-ның ұйымдық-құқықтық негіздері мен қызмет ету
бағыттарын
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...34
2.2Еуразиялық банк АҚ-ның қаржылық қызметін және оның тұрақтылық
деңгейіне ықпал ететін факторларды
зерттеп-талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37
2.3Еуразиялық банк АҚ-ның бан жүйесінде ұсынатын қызмет түрлерін,
көрсететін операцияларын және мәмілелерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... .43

3 Қазақстан Республикасы банк жүйесінің дамуында коммерциялық банктердің
ролін арттырудың перспективалы бағыттары ... ... ... ... ... .49

Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .62
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..65
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 68

Қысқартылған сөздер тізімі

РЕПО – Қысқа мерзімді капиталды тартуға арналған қаржы құралы
ЖШС – Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
АҚ – Акционерлік қоғам
АҚШ – Америка Құрама Штаттары
ҚРҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісі
КСРО – Кеңес Социалистік Республикалар Одағы
ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы
АБЖ – Автоматты банк жүйесі

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық қатынастардың қарқынды дамуы
жағдайында банктер барған сайын монополистерге айналып, барлық қаржылық
капиталдарға ие болды. Сондай-ақ, олар делдалдық қызмет аясынан шығып,
қайталама өндірістің барлық фазаларының өрісіне де енуде. Осыған байланысты
банктер шаруашылық өмірдің орталықтарына, барлық экономика салаларының
негізгі торабына айналып отыр. Қазақстан экономикасының нарыққа көшуі
елімізде коммерциялық банктер қызметінің жаңа кезеңін ашып берді. Сөйтіп,
еліміздің банк жүйесін дамыту мақсатында бірнеше реформалар жүргізілді.
Осындай нәтижелі жүзеге асырылған іс-шаралар шеңберінде бүгінде
коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ден астам түрлі өнімдер мен қызмет
түрлерін ұсына алады. Операциялардың осындай көп түрі банктерге өз
клиенттерін сақтап қалуға және тиімсіз жағдайдың өзінде де пайданы
жоғалтпауға мүмкіндік береді. Сонымен, нарықтық қатынастарға бейімделген
еліміздің перспективалық жобалар мен стратегиялар негізінде мақсатқа сәйкес
дамуы үшін банктер мен банк жүйесінің тұрақтылығын арттыру негізгі
міндеттердің өзектісі болуы тиіс.
Банк сөзі banko деген ағылшын тілінен аударғанда айырбас столы
дегенді білдіреді. Жалпы, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың
айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда
болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын
ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып,
банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты
түсіндіріледі. Банктер негізінен нарықтық экономика жағдайында ең басты
қаржы делдалдары болып табылады. Өз қызметінің процесінде олар ақша
нарығында тауарға айналатын жаңа талаптар мен міндеттемелерді тудырады.
Мәселен, клиенттердің салымдарын қабылдай отырып, банк жаңа міндеттеме –
депозитті жасайды, қарыз бере отырып қарыз алушы тұлғаларға жаңа талаптар
қояды.
Банк капиталының Қазақстанға енгізілу мерзімі XIX ғасырдың аяқ кезін
қамтиды. Революцияға дейінгі Қазақстанның көп салалы экономикасында
несиенің әр түрлі формалары дамыған. Қазақстанның несиелік жүйесі негізінен
Ресей империясының несиелік жүйесінің бір бөлігі ретінде: Мемлекеттік банк
бөлімшелерінен, акционерлік, коммерциялық банктер филиалдарынан, өзара
несие беру қоғамдарынан, қалалық қоғамдық банктерінен, ипотекалық несие
банктері немесе ұсақ несие мекемелерінен және жинақ кассаларынан тұрды.
Қазіргі кезде банктік нарыққа және оны қадағалауға бағдарланған
қызметті реттеу банктерге тиімді басшылық жасауды қамтамасыз ету, банктер
бетпе-бет келетін міндеттерді уақытылы шешу, банктерді тиімді қызмет
жүргізуге ынталандыру мен төлем қабілетсіз банктерді тарату болып саналады.
Қазіргі еліміздің банктік нарығы бәсекелестік нарығы болып табылады. Осы
жағдайда коммерциялық банктер жарнама арқылы өзінің танымалдығын арттыруға
және қоғаммен араласатын іс-шаралар өткізу арқылы өзінің беделін өсіруге
талпынады. Осы ретте коммерциялық банктердің көбіне тән қасиеті олардың
қаржылық супермаркетке айналуы болып табылады. Онда банк клиенттеріне
ақша-қаржылық қызметтің кез-келген түрін қолдана алады. Біздің бүгінгі
жағдайымызда банктердің осылайша қызмет атқаруы дамудың және одан әрі қарай
қызмет етуінің жалғыз көзі болып табылады. Мұны нарықтық қатынастардың
дамуы мен нығаюы дәлелдеп берді.
Коммерциялық банктер – банктік жүйенің ажырамас негізгі бөлігі болып
табылады. Олар макродеңгейде ақша-несие айналымының мәселелерін шешуге,
халық шаруашылық комплекстің дамуына ат салысады. Көп мөлшердегі капиталды
иемдену арқылы олар ірі инвесторларға да айнала алады, яғни халық
шаруашылығының дамуына әсер ете алады және экономиканың көптеген
секторларының перспективаларын анықтай алатын болады.
Коммерциялық банктер несие беру жүйесінің негізгі қатысушысы ретінде
сипатталады. Яғни, бұл банктер бүкіл экономикаға қызмет көрсете отырып,
шаруашылықтарға, кәсіпкерлерге, жекелеген тұлғаларға несиелер береді,
тұтынушыларға неғұрлым жақындай отырып, өндіріс саласы мен айналым дамуына
зор ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, коммерциялық банктер клиенттер үшін
бүкіл операциялық қызметтерді орындайтын ақша нарығының жұмыс жасаушы
әмбебап буыны ретінде қатысады.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – банк жүйесінің ұсынатын қызмет
түрлерінің жағдайына және дамуына талдау жасай отырып, коммерциялық
банктердің қаржы-несие саласындағы алар орны мен тиімділігін, негізгі
бағыттарын ашып көрсету.
Дипломдық жұмыстың мақсатына байланысты келесідей міндеттер беріліп,
оларды шешу жолдары қарастырылды:
- ел экономикасының дамуына коммерциялық банктердің тигізер
ықпалын айқындау;
- банктік қатынастардың пайда болуы мен даму ерекшеліктерін
теориялық тұрғыдан зерделеу;
- Қазақстан аумағына банк капиталының енуін және Кеңес үкіметі
тұсындағы банк ісінің монополиялануын ашып көрсету;
- Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуын және елімізде
жүргізілген банктік реформалардың жетістіктерін сипаттау;
- нарықтық қатынастар жағдайында коммерциялық банктер
қызметінің ұйымдастырылуы мен жүргізілу ерекшеліктерін
талдау;
- қазіргі жағдайда коммерциялық банктер қызметінде кездесетін
келеңсіз мәселелерді шешуге қатысты нақты ұсыныстар жасау.
Зерттеудің пәні болып банк жүйесінің дамуына мүмкіндік беретін
коммерциялық банктердің қызметін жетілдіру мәселелері таңдалды.
Зерттеу объектісі ретінде Еуразиялық банк АҚ алынды.
Зерттелетін проблемалардың әдістемелік мәселелерін негіздеуде және
шешуде қазіргі экономикалық теорияның іргелі қағидаларына сүйеніп, зерттеу
жүйелі талдауға негізделінген және нақты проблемаларға саралау мен топтау
әдістерін қолданып, салыстыру арқылы статистикалық, кестелік мәліметтерді
талдаудың көмегімен шешімін тапқан.
Дипломдық жұмыс құрылымы қысқартылған сөздер тізімінен, кіріспеден, үш
тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және
қосымшалардан тұрады.
Дипломдық жұмысты жазу барысында әлемдік экономикалық ғылым
классиктерінің еңбектері, отандық және шетелдік ғалымдардың, экономистердің
монографиялары мен баспасөз мақалалары, қатынастарды реттейтін заңнамалық
және нормативтік-құқықтық, статистикалық құжаттар қолданылды. Сондай-ақ,
банк жүйесі қызметін реттейтін ҚР Заңдары мен басқа да нормативтік-құқықтық
актілер, ҚР Президентінің Жарлықтары, Жолдаулары, ҚР Үкіметінің қаулылары,
ресей және отандық оқу әдебиеттері, ҚР Ұлттық банктің, әр түрлі
деңгейлердегі конференциялардың материалдары, журналдар, сондай-ақ
республикалық статистикалық талдау негізінде алынған талдамалық зерттеу
материалдары және Еуразиялық банк АҚ-ның қаржылық-есептік мәлеметтері
пайдаланылды.

1 Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуының
теориялық-әдістемелік аспектілері

1.1Банк жүйесінің пайда болу тарихы және ежелгі банктік қатынастардың
қалыптасу ерекшелігі

Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны
туралы ғана емес, сондай-ақ олардың қандай операцияларды орындағандығы
туралы да толық мәліметтер қалдырмаған секілді.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура
тұсында және ең бастысы, Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуе)
XIV-XV ғғ. пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының
ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар-
ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда
болған делінеді [11].
XVI-XVII ғғ. Венецияда, Генуеде, Миланда, Амстердамда, Гамбургте,
Нюрнбергте саудагер-клиенттер арасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды
жүзеге асыру үшін жиробанктер құрыла-ды. Жиробанктер өздерінің клиенттері
арасында белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалған ақша бірліктері
арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінің бос ақша қаражаттарын
жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар комнанияларға
ссудаға берді.
Ал кейбір мамандар, банкті одан да ерте мерзімде – феодализм тұсында
пайда болған деп айтады. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктердің
төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттігінен пайда болғандығын алға тартады.
Дегенмен де, деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі
мың жылдық тарихы бар екендігін айтуға болады.
Өкінішке орай, банк сөзінің өзі бізге оның мәнін ғана белгісіз етіп
қоймай, алғашқы несиелік мекеме туралы біздің жорамалымыздың ақиқаттығына
күмән туғызады.
Банк сөзі banko деген ағылшын тілінен аударғанда айырбас столы
дегенді білдіреді. Бұл айырбас столы тауарлармен сауда жасалатын
алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың
әр түрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі
болмағандықтан, олармен сауда-саттық барысында әр түрлі формадағы монеталар
кездескен. Банктер пайда болардың алдында ақша-сауда капиталының өкілдері
саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әр түрлі елдің
ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар
бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз
алу үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге
айналады.
Біздің түсінігімізде, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың
айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда
болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын
ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып,
банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты
түсіндіріледі.
Тарихшылардың пікірінше, б.э.д. 2300 жыл бұрын холдейлердің сауда
компаниялары пайда болып, олар өздерінің тікелей қызметтерімен қатар,
ссудалар берген. Олар б.э.д. VI ғ. Ежелгі Вавилонда салым операциялары:
салымдарды қабылдау және оларға пайыз төлеу операцияларының жасалғандығын
еске сала кетеді. Мұндай операциялар б.э.д. IV ғ. Ежелгі Грецияда да
жасалған. Бір айта кететіні, ежелгі гректер салым қабылдай отырып, белгілі
бір ақы төлеу арқылы ақшалар айырбасын жүргізіп отырған көрінеді.
Сонымен, бұл алғашқы банктік операцияларды орындаған кімдер деген сұрақ
туады. Тарихшылардың пайымдауынша, олар жекелеген тұлғалар және қолында
шоғырланған ақшалай қаражаттары бар шіркеу мекемелері екен. Шіркеулер
құндылықтарды сақтайтын ең сенімді орындар болған. Сол уақыттары белгілі
гректің шіркеулері (Дельфа, Дело, Само, Эфсе) ақша сақтаумен айналысқан.
Эфседегі Артемид шіркеуінде Кіші Азия жағалауындағы елдердің салымдары, ал
Дельфадағы Аполлон шіркеуінде барлық еуропалық Грецияның бос ақша
қаражаттары шоғырланыпты.
Алғашқы банктер жинақталған зор ақша байлықтарының қозғалыссыз жатуға
болмайтынын, оларды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу қажеттігін
түсінеді.
Ежелгі банктер несиелік операциялар жүргізумен қатар салым иелеріне
біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктердегі
салым иелерінің бір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы жүргізілді.
Банк қызметтерінің қолайлылығы іскер адамдардың назарынан тыс қалмады.
Банктің клиенттер қатары ақырындап ұлғая түсті. Банктер өз кезегінде
клиенттер арасында жасалатын келісімшарттарды құруда сенім қызметтерін
көрсетіп, сауда-саттықта делдал қызметін атқарды. Есеп айырысуларды
жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің банктік билеттерін шығарды.
Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді. Ағылшын елінде алғашқы
акционерлік банк – Ағылшын банкі 1694 жылы құрылып, үкіметтен банкнота
шығаруға құқық алады.
Әрине, мұның бәрі алғашқы банктердің капитализмнің мануфактура
жағдайында, банкирлер үйлері ретінде пайда болғанын куәландырмайды. Мұндағы
несие беруші мен қарыз алушылардың болуы банктердің пайда болуының тек
алғышартын ғана сипаттайды.
Ендеше, осы жерде несие берушінің қандай жағдайларда банкке айналғаны
таңғалдырады. Сонымен бізге белгісіз болатын келесі бір нәрсе – бұл
несиенің жеке нысаны мен банктік несие арасындағы айырмашылықтың болуы.
Банктік несие бойынша несиелік қатынастың бір тарабы жеке тұлға емес,
несиелік мекеменің қалай болғаны түсініксіз болуы мүмкін.
Бұл сұраққа жауап беру үшін қазіргі кездегі сөздіктердегі банк ұғымына
мән берелік. Анықтамалық басылымдарда банк ірі несиелік мекеме ретінде
сипатталады. Несиелік істің даму деңгейіне байланысты және несие
берушілердің несиелік операциялары бір жүйеге айналу нәтижесінде жеке несие
беруші өзінің несие беруін тоқтатады. Несие тек қана тұтыну мақсатына ғана
берілмей, шаруашылық операциялардың қажеттілігін де қанағаттандыра
бастайды. Несиелік мәмілелер жасаумен бірге несие беруші өзінің
клиенттерінің тапсырмалары бойынша есеп айырысу және басқа да операцияларды
жүзеге асырады. Сөйтіп, банктер ақша шаруашылығының осы даму сатысына өте
отырып, барлық операцияларды бірдей көрсететін біртұтас орталыққа айналады.
Демек, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура сатысынан да бұрын, яғни
мемлекеттің құрылуы кезеңінде пайда болған дегенге негіз бар. Мұндай
қатынастардың құл иеленушілік қоғамында болғандығына тарих куә.
Ежелгі Римде банк және несие құқының нормалары болған. Осы нормаларға
сәйкес, б.э.д. III ғ. айырбас ісіне мамандандырылған Римдік банкирлерді
кумулияр деп атады. Оларға несиелік операцияларды жүргізуге рұқсат
етілмеген. Тарихшылардың айтуынша, Ежелгі Вавилон банктері тек қана несие
беріп қоймай, сондай-ақ жер бөлімшелерін сатып алу-сату, және басқа да
операцияларды орындаған [13].
Банктік мекемелердің қызметі сан алуан. Қазіргі қоғамда банктер әр
түрлі операциялармен айналысады. Банктер арқылы халық шаруашылығын
қаржыландыру, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, кей жағдайларда делдалдық
мәмілелер мен мүлікті басқаруға байланысты қызметтер жүзеге асырылады.
Банктің мәнін ашуға екі жақты тұрғыдан келуге болады: заңи және
экономикалық. Бірінші жағдайда, ең бастысы банктік операциялар ұғымының
маңызы артады. Олардың қатарына банк қызметі туралы заңда көрсетілген
операциялар тізімі жатады.
Қай жағынан алсақ та банктің мәнін заң тұрғысынан қарау жеткіліксіз
болып табылады. Банктің мәнін айқындау оның қызметінің заңмен қатынасын
білумен ғана шектелмейді. Банктің мәнін, оған рұқсат етілген операцияларын
анықтайтын заң емес, оны істің экономикалық жағы және банктің жаратылысы
анықтайды.
Банктің мәнін талдағанда оның бастапқы атқарған қызметтерін (валюта
айырбасы, несие беру, есеп айырысу) жоққа шығаруға болмайды. Жалпы, кез
келген құбылыстың мәнін танып білуде, оның қандай операцияларды орындайтыны
немесе орындағандығы туралы сұраққа жауап іздеудің қажеті шамалы, бұл жерде
ең бастысы, оның сапасына және басқа институттардан өзара айырмашылығына
мән берген дұрыс.
Банктің мәнін басқа институттардан өзара айырмашылығына байланысты
қарастырсақ, банк ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын болып
саналады. КСРО тұсында кәсіпорын ретінде тек фабрика, зауыт, немесе
материалдық өнім жасайтын өндіріс аясында түсінілген. Бірақ экономиканың
басқа да буындарына кәсіпорын деген атақты иеленуге ешқандай да тыйым
салынбаған.
Ежелгі Русьте кәсіпорын деп қандай да бір іспен немесе қызметпен
айналысатын субъектіні айтқан. Сондықтан да белгілі бір қызметпен
айналысатын банк сияқты субъектіге банк – бұл кәсіпорын деп айту өзінше
дұрыс нәрсе. Мұнымен біз нүкте қоюға тиіс емеспіз, себебі кәсіпорын - бұл
біздің ойымыздағының бәрін толығымен ашпайды.
Сонымен бірге ол дұрыс нақтылауды қажет етеді, себебі, банк шын мәнінде
фабрика да, зауыт та емес. Ол бұлардан өзіндік ерекше қызмет көрсетуіне
қарай ажыратылады, Ең бастысы – банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан өзара
ажыратылатыны, оның қызметінің өндіріс аясында емес, айналыс және айырбас
аясында жүзеге асуына байланысты болуы.
Банктің ерекше кәсіпорын ретінде шығаратын өнімі материалдық өндіріс
аясының өнімдерінен өзара ажыратылады, ол жай ғана тауар шығармайды, оның
тауары ерекше, яғни ақша, төлем құралдары түрінде шығады.
Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан
ерекшелігі оның несие беруінен байқалады. Оның негізгі өнімі несие
болғандықтан, банкті – несиелік мекеме деп атаған.
Сондай-ақ, банк өнеркәсіптік кәсіпорындардан өзінің эмиссиялау сипатына
да байланысты ажыратылады. Ол тек қана акциялар мен басқа да бағалы
қағаздар шығарып қоймайды, сол сияқты басқа эмитенттердің бағалы қағаздарын
есепке алу және сақтауға байланысты операцияларды жасайды.
Банкті сауда, делдал кәсіпорыны десе болады. Жалпы, банктің саудамен
ұқсас болуы кездейсоқтық емес. Шынында да, банктер де ресурстарды сатып
алып, оларды сатумен айналысады.
Сауда кәсіпорыны да өз кезегінде банкке ұқсайды, яғни ол да банктің
кейбір қызметтерін көрсетеді. Мысалы ірі сауда кәсіпорындары да банк сияқты
белгілі мөлшерде ақшалай немесе заттай несие беруі мүмкін. Сауда
кәсіпорынынан банктің іргелі айырмашылығын оның негізінен байқауға болады.
Банктің негізі деп оның басты өнімі – несие ісі түсіндіріледі.
Сонымен, қазіргі түсінікте коммерциялық банк - бұл ерекше өнім
шығарумен айналысатын кәсіпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз ақшада
төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие институты болып
табылады.
Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы заңның
1-бабына сәйкес, банк – осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға
құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.
Банктік қызмет – бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты
қызметті білдіреді. Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктік операцияларға
мыналар жатады:
заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардың корреспондент шоттарын ашу және жүргізу;
заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау,
айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;
аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен
байланысты тапсырмаларын орындау;
есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге
борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен
ақшалай нысанда несиелер беру;
заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің
тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу
операцияларын жүргізу;
сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның
мүддесіне сай, ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын
басқару;
клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ
олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке
қатысушылардың таза позициясын анықтау;
сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы
қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметін көрсету, сондай-
ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру;
ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын
мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
төлем карточкаларын шығару;
банкнота мен монеталарды және бағалы заттарды инкассациялау және жөнелту;
шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдасытыру;
төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын);
чек кітапшаларын шығару;
бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;
аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;
ақшалай нысанда орындалуды көздейтін, банктік кепіл-хаттарды беру;
үшінші тұлғаның атынан ақшалай нысанда орындалуды көздейтін банктік
кепілдеме беру.

1.2Қазақстан Республикасындағы банктік реформа: әдістемелік негіздері
мен өткізу кезеңдері

Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстан экономикасы Ресей экономикасының
бір бөлігі ретінде әр деңгейде дамып келді. Қазақстанның шаруашылығы бір
жағынан, Ресейдің және әлем нарығының тауар айналысына, екінші жағынан,
темір жолдарын салу жұмыстарын жедел қолға алу тиімділігін қатар қарастыра
отырып, темір жолдарды жүргізу арқылы Қазақстанның ауыл шаруашылық өнімдері
мен шикізаттары (ет, тері, жүн және т.б.) сыртқа шығарылып отырған.
Қазақстанның Ресей нарығына интенсивті түрде енуі, нәтижесінде Ресейлік
орталық-өнеркәсіптік аудандарымен өзара экономикалық байланысы одан әрі
кеңейді.
Банк капиталының Қазақстанға енгізілу мерзімі XIX ғасырдың аяқ кезін
қамтиды. Революцияға дейінгі Қазақстанның көп салалы экономикасында
несиенің әр түрлі формалары дамыған. Қазақстанның несиелік жүйесі негізінен
Ресей империясының несиелік жүйесінің бір бөлігі ретінде: Мемлекеттік банк
бөлімшелерінен, акционерлік, коммерциялық банктер филиалдарынан, өзара
несие беру қоғамдарынан, қалалық қоғамдық банктерінен, ипотекалық несие
банктері немесе ұсақ несие мекемелерінен және жинақ кассаларынан тұрды.
Ресейдің мемлекеттік банкі 1860 ж. өз қызметін бастап, барлық несие
жүйесіндегі – Орталық банк: болып саналады және оның айналысқа қағаз
ақшаларды шығаруда монополиялық құқығы болды. Ресейдің мемлекеттік банкі
барлық акционерлік, коммерциялық банктердің, есеп-ссудалық операцияларының
үштен бір бөлігіне жуығын, салымдар мен ағымдық шоттардың жартысынан көбін
тартып отырған. Басқа мемлекеттердің Орталық эмиссиялық банктерінен Ресей
мемлекеттік банкінің айырмашылығы, ол тек банктерді несиелеп қана қоймай,
сол сияқты өнеркәсіп, сауда және дайындау ұйымдарын да қатар несиелеумен
айналысқан.
Мемлекеттік банктік бөлімшелері Қазақстан аумағында ірі сауда-өнеркәсіп
қызметтерінің орталығы болып саналатын Оралда (1876 жыл), Қызылжарда (1881
жыл), Семейде (1887 жыл), Омбыда (1895 жыл) және бұрынғы Верныйда (қазіргі
Алматы) (1912 жыл) ашылып жұмыс жасады.
Ірі коммерциялық банктер қатарында саналатын Сібір сауда-банкісінің
(1872 жылы құрылған) 57 филиалының жетеуі Қазақстанның бірқатар
аудандарында, яғни Омбыда (1894 жыл), Семейде (1898 жыл), Қызылжарда (1905
жыл), Верныйда (1908 жыл) Ақмолада (1909 жыл) Қостанайда (1911 жыл) және
Керекуде (1916 жыл) орналасты.
Филиалдары жағынан екінші орынға ие болатын Орыстың сауда-өнеркәсіп
банкісінің (1916 жыл) бөлімшелері Қызылжарда (1904 жыл), Қостанайда (1908
жыл), Оралда (1909 жыл) және Омскіде (1916 жыл) ашылды.
Сонымен қатар, Ресей империясында ең ірі банктерге енетін Орыс-Азия
банкісінің (1910 жыл) филиалдары Омбыда (1898 жыл), Верныйда (1903 жыл)
және 1907 жылы Семейде құрылды.
Екіден филиалдары бар Қазақстанда сыртқы сауда үшін Орыс банкі мен
Волжекамский коммерциялық банкі жұмыс істеді. Осылардың біріншісі Омбы
(1909 жыл) мен Керекуде (1909 жыл), ал екіншісі Омбыда (1905 жыл) және
Семейде (1907 жыл) өз бөлімшелерін ашты.
Қызылжарда, Семейде және Оралда Ярослав-Костромскі жер банкісінің
агенттіктері ашылып, қызмет көрсетті.
Жалпы, бірінші дүниежүзілік соғыстың бастапқы кезеңінде Қазақстанның әр
аудандарында Мемлекеттік банктің – 6 бөлімшесі, акционерлік-коммерциялық
банктердің – 18 филиалдары, 12 – өзара несие беру қоғамдары, 8 – қалалық
қоғамдық банктер, сол сияқты 345 – несиелік және ссудалық серіктестіктер
жұмыс істеді. Несиелік мекемелердің санының көбі жағынан Ақмола бірінші
орынға ие болды.
Мемлекеттік банк бөлімшелері болмаған аудандарда, қарапайым
операцияларды жүргізу міндеті қазына иелеріне жүктелді. Қазына иелері
тікелей қазыналық палаталарға, солар арқылы мемлекеттік қазына иелеріне
бағынышты болды. Біртіндеп қазына иелерінің жүргізетін операциялары жылдам
өсе түсті, мысалға:
- жіберілген вексельдер бойынша комиссиялық және есептік төлемдерді
алу;
- жай және шартты ағымдық шоттарды ашу;
- мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу және оларды сақтау; өмірлік
салымдар бойынша пайыз төлеу және т.б.
Қазына иелері Қазақстан аумағында үш қазыналық палаталарға: Омбы,
Орынбор және Түркістан палаталарына бағынды [16].
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында ең басты Қазақстандағы
банктер – бұл мемлекеттік банктер болды және олар төмендегідей
операцияларды жүзеге асырды:
вексельдерді есепке алу;
тауарларды кепілге ала отырып, ссуда беру;
тауар құжаттарын кепілге ала отырып, ссуда беру;
ауыл шаруашылыққа ссуда беру;
бағалы қағаздарды кепілдікке алып, ссуда беру;
қайта есепке алу операцияларын жүргізу;
вексельдер үшін арнайы шоттар ашу;
бағалы қағаздарға арнайы шоттар ашу;
ұсақ несие мекемелеріне ссуда беру;
барлық есеп-ссудалық операцияларымен айналысу;
меншікті бағалы қағаздар шығару;
салымдық және ағымдағы шоттар ашу.
Вексельдерді есепке алу операцияларымен айналысу мемлекеттік банктің
1960 жылғы жарғысына сай көзделген. Вексельдерді есепке алу төлеу уақытынан
6 ай бұрын мерзімде жүргізіледі. Әрбір несие алушыға несие беру кезінде
оларды вексельді есепке алу немесе вексель бойынша арнайы шоттардағы қарызы
есепке алына отырып, берілетін несиенің сомасын азайту немесе арттыру жайлы
сұрақтарды банк мекемелерінде болатын есептік және ссудалық комитеттер
өзара талқыға салып шешті. Сонымен қатар, олар клиенттердің несиелік
қабілетіне қарай жіктей отырып, оларға берілетін несиенің шекті көлемін
бекітті. Мысалға: III разряд – 10 мыңға дейін, II разряд – 20 мыңға дейін,
ал I разряд – 30 мың сомға дейінгі несие алуға мүмкіндік берілді.
Вексельдік несиелердің ең көп мөлшері сауданың үлесіне тиді. Сол
кездері сауданың үш түрі болған: айырбас, жәрмеңке және стационарлық. Бұлар
шаруашылықтың үш типіне: көшпелі, жартылай көшпелі, және отырықшылыққа сай
қалыптасты.
Қазақстандағы коммерциялық банктердің филиалдарының қызметі активтік
операциялары бойынша: вексельдерді есепке алу; тауарларға және тауарлық
құжаттарды есепке ала отырып, ссуда беру; бағалы қағаздармен жасалатын
операциялар қамтылды.
Тауарларды есепке алу арқылы ссуда беру екі формада жүзеге асты:
Заттай, яғни кепілдікке берілген тауарлар банк мөрімен басыла отырып
сақталынды, немесе оларды жауапты адамдардың сақтауында қалдырды.
Жеке-заттай, яғни бұл жағдайда тауарлар кепіл берушінің жауапты сақтауында
болды. Қаншалықты Мемлекеттік банктің өзіндік сақтау қоймалары
болмағандықтан да, тауарларды ескере отырып, ссуда беру көбіне осы екінші
формасында жүзеге асырылды.
Сонымен коммерциялық банк активтеріндегі вексельдерді есепке алу 30-36
%, ал тауарларды есепке ала отырып, ссуда беру 23-28 % үлеске ие болды.
Жергілікті коммерциялық банктер. 1909-1913 жылдары өнеркәсіптік өрлеу
жылдарында Мемлекеттік және акционерлі-коммерциялық банктермен қатар сауда
және өнеркәсіптік кәсіпорындарды несиелендіруші жергілікті несиелік
мекемелер: өзара несие беру қоғамдары және қалалық қоғамдық банктер жүзеге
асырып отырды. Олар несие жүйесіндегі ортаңғы буын ретінде орта және ұсақ
буржуазияларға тікелей қызмет еткен.
Қазақстанда, Ресейдің басқа аудандарымен салыстырғанда, өзара несие
беру қоғамы кеш пайда болды.
Өзара несие беру қоғамының қаражаттары: мүшелік жарна қосудан, ағымдық
шоттардағы қаражаттар мен қоғам мүшелерінің салымдарынан құралды. Бұл
қоғамның басты мақсаты өз мүшелеріне несие берумен шектелді. Осы қоғамның
жарғысына сай, әрбір қоғам мүшесі өзі қосқан жарнасының он есе көлемінде
несие алуға құқылы болды. Бұл қоғамның мүшелерін саудагер, үй иеленушілер,
шенеуліктер және т.б., сол сияқты ұсақ және орта буржуазиялар жатты.
Қызметінің сипаты жағынан өзара несиелеу қоғамдарының коммерциялық
банктерден айырмашылықтары болмады. Олар да салымдар қабылдап, ағымдық
шоттар ашты, вексельдерді есепке ала отырып, ссуда берді және тауарлармен
байланысты операциялармен айналысты. Сауда және өнеркәсіп кәсіпорындарын
несиелеу барысында, олар мемлекеттік және акционерлік-коммерциялық
банктердің қаражаттарын пайдаланды.
Жарғысына сәйкес, өзара несие қоғамдарының капиталы мынадай үш көзден
құралды:
1) Айналым капиталынан (мүшелердің қосқан жарнасынан);
2) Босалқы капиталдан (түскен пайдадан 10% мөлшерінде аудару
негізінде);
3) Арнайы капиталдардан.
Меншікті капитал басқа банктегідей екінші дәрежелік рөлді ойнайды, яғни
ол банк қаражаттарының басты көзі – салымдарға жол берді. Бірақта олардың
акционерлік банктерден айырмашылығы, оларда салымдар басқа адамдар
қаражаттары болып табылса, мұндай қоғамдарда салымдар екі топқа бөлінді:
қоғам мүшелерінің салымдары;
сырттан келушілердің салымдары.
Вексельдік несиелеудің ашылу сомасының:
55,8 % - сауда және өнеркәсіп клиенттері;
15,9 % - ауыл шаруашылық клиенттері;
13,7 % - үй иеленушілерге;
9,7 % - шенеуніктердің үлесіне тиселі болды.
Мұндай қоғамдардан несие алу қарыз алушыларға біршама арзанға түсті.
Орташа есеппен ссудалық пайыз мөлшері - 9-10 %, ал салымдар бойынша
төленетін пайыз мөлшері - 4-5 % құрады.
Қалалық қоғамдық банктер. Қалалық қоғамдық банктердің өзара несие беру
қоғамдары сияқты, тауар өндірісінің өсуі және сауда-өнеркәсіп
буржуазияларының арзан банк иелігіне деген сұранысынан туындады.
Қалалық қоғамдық банктердің өзара несие беру қоғамдарынан айырмашылығы,
олардың ұйымдастырылу құрылымына байланысты қалыптасты. Олар негізінен
қалалық басқарманың негізінде жүргізіліп және олардың қадағалауында бола
отырып, олардың алдында есеп берді. Қалалық қоғамдық банктерге негізінен
сауда және өнеркәсіп буржуазиялары мен үй иеленушілер қожалық етті. Бұл
банктердің жарғылық қорының ең төменгі мөлшері 10 мың сом шамасында, ал
міндеттемесі негізгі және қосымша капиталдан бес мәрте мөлшерінде
қалыптасуға тиіс болған.
Осындай банктердің бірі болып ең алғаш 40 мың сандық жарғылық капиталы
бар 1871 жылы Қызылжар қалалық қоғамдық банкі құрылды. Оның басты
операцияларына:
- салымдар қабылдау; вексельді есепке алу;
- бағалы қағаздар, тауарлар, бағалы заттар және жылжымайтын мүліктерді
кепілге ала отырып ссуда беру жатты.
Банктің негізгі клиенттер қатарының: 78,6% - саудагерлер мен
өнеркәсіпшілер, 25,1% - үй иеленушілер, сол сияқты, 21,4% - ауыл
шаруашылығы клиенттерінің үлесіне тиді.
Ұсақ несие беру мекемелері және жинақ кассалары. Қазақ ауылдарының
капиталистік қатынастарға өтуі барысында көптеген тауар өндірушілер және
ауыл буржуазиялары үшін ұсақ несие беру мекемелерінің тағы бір формасы:
несиелік кооперациялар пайда болды.
Несиелік кооперациялардың Қазақстан аумағындағы даму тарихын екі
кезеңге бөліп қарауға болады:
Бірінші кезең: XIX ғ. соңы мен 1909 жылға дейін материалдық базаның
жеткіліксіздігінен несиелік кооперациялар баяу дамыды.
Екінші кезең: 1909 жылы басталған өнеркәсіптік өрлеумен байланысты
несиелік кооперациялар қатары жылдам қарқынмен ұлғая түсті.
Несиелік кооперативтердің ішінде несиелік серіктестіктер кеңінен дамыды
және олардың құрамы таза қазақтардан құралды. Несиелік кооперация негізінен
шаруа шаруашылығынан, ауыл адамдарына тікелей қызмет көрсетті. Несиелік
кооперативтердің капиталы айналым қаражаттарынан (негізгі, қосымша, арнайы
капиталдар, пайда және пайыздар) құралды.
Сонымен қатар, Қазақстанда ұсақ несиелік мекемелерінің бір түрі ретінде
қырғыздың ссудалық кассалары қызмет көрсетті. Олар негізінен жазық дала
төңірегінде XIX ғасырдың 70 жылдарында пайда болып, олардың айналым
капиталдары: ішкі істер министрлері қаражаттарынан алым-салықтардан және
пайдадан құралды.
Қырғыздың ссудалық кассаларының жарғысына сай ссуданың берілуі екі
жақты:
а) қысқа мерзімді – 12 айдан аспайтын мерзімге, яғни ұсақ шаруашылық
қажеттерін қанағатандыруға арналған;
ә) ұзақ мерзімді – 5 жылдан аспайтын уақытқа, халықтың басынан кешкен
зияншылық жағдайларына берілген.
Қысқа мерзімді ссуда (3 сомнан 30 сомға дейінгі мөлшерде) уездің
бастықтарының рұқсатымен берілсе, ал ұзақ мерзімді ссудалар (200 сомға
дейін) облыстық басқарманың шешімімен берілді.
XX ғасырдың басында, Қазақстан аумағында жинақ кассалар кеңінен дамыды.
Жинақ кассалары ақшалай қаражаттарды тартумен қатар, салым иелері үшін
тартылған қаражаттар есебінен мемлекеттік пайыздық қағаздарды сатып ала
отырып, оларды сақтауға қабылдаған. Жинақ кассаларында жинақталған
ақшалар, қайтадан ұлттық банктер арқылы ссудаға берілген.
Салым иелерінің біршама бөлігі (13,4 %) – жағдайы бар бай клиенттер,
қалғанының бәрі ең төменгі топтағыларды құрайтындар, яғни олардың
кітапшаларында небәрі – 6,5 сом болса, ең жоғарғы топтағылардың
салымдарында – 122 есе жоғары мөлшерде болған.
Жинақ кассаларына жинақталған едәуір ақша қаражаттарды мемлекеттік
облигацияларға және теміржолшылардың зайымдарына, сол сияқты жер
банктерінің қағаздарына патшалық өкіметпен бақылаусыз жағдайларда ауыстыра
отырып пайдаланылды.
1917 жылы Қазан революциясынан кейін, банк ісінде мемлекеттік
монополиялық ұйымдастыру қағидалары жүзеге асты. Бастапқыда мемлекеттік
банк құрылып, жеке, коммерциялық және басқа банктерді ұлтшылдандыру
нәтижесінде мемлекетке тиесілі салалық және аумақтық банктер етіп қайта
құрылды. Банктік жүйенің тағы бір басты буындары ретінде мемлекеттік еңбек
жинақ кассалары қызмет етті. Мемлекеттік банктермен бірқатар Кеңес
үкіметінің бастапқы жылдарында мемлекеттік емес несиелік мекемелер:
кооперативтік және жеке меншікке негізделген, оның ішінде шетел капиталының
қатысуымен құрылған мемлекеттік-капиталистік банктер қатары жұмыс істеді.
1922 жылы несиелік және ссуда-жинақ серіктестіктері және олардың
одақтары ұйымдасып, ауылды қалпына келтіру мақсатында қызмет көрсетті.
1924 жылы ауыл шаруашылық кооперацияларына несиелік операцияларды
жүзеге асыру барысында салымдар қабылдау, ссуда беру және есептеу барысында
делдалдық қызмет атқаруына рұқсат беріледі.
1924 жылдан бастап, жеке сауда өнеркәсіпті несиелеуге арналған өзара
несие беру қоғамдары, сол сияқты мемлекеттік капиталистік акционерлік
оңтүстік-шығыс банкі және шетелдік капиталдың қатынасуымен Ресейдің
коммерциялық банкі құрылды.
Экономикалық социалистік секторларының кеңінен етек алуы барысында
кооперативтік және жеке несиелік ұйымдар өз мәнін жоғалтып, қызметін
тоқтатуға мәжбүр болды. Сөйтіп, ауыл шаруашылығын толығымен ұйымдастыру
бағдарламасы несиелік кооперацияларды қажетсіз деп санағандықтан да, олар
1931 жылы жойылды. Сауда аймағынан және өнеркәсіптен жеке сектордың
қудалануы нәтижесінде өзара несие беру қоғамдары қызметтерін тоқтатты.
Басқа несие ұйымдарының қызметтері 1922-1925 жылдары құрылған мемлекеттік
салалық банктерге: Өнеркәсіп банкісіне, Цекомбанкке, Всекомбанкке және
Орталық ауыл шаруашылық банктеріне өтті.
1930-1932 жылдары КСРО-ғы жүргізілген несиелік реформа нәтижесінде жаңа
қағидаға негізделген салалық банктер қатары ұйымдастырылды. Сонымен,
күрделі капитал жұмсалымдарын қаржыландыру мақсатында төрт мамандандырылған
банктер құрылды.
Өнеркәсіп және электр шаруашылығындағы күрделі құрылысты қаржыландыру
банкі 1959 жылы Құрылыс банкі болып құрылды.
Көптеген несиелік серіктестіктермен республикалық ауыл шаруашылық
банктері негізінде құрылған Ауыл шаруашылық банкі 1959 жылы қысқарып,
оның қызметі Мемлекеттік және Құрылыс банктері арасында бөлініп беріледі.
Кооперациядағы күрделі құрылысты қаржыландырудың банкі (Всекобанк) 1936
жылы жойылып, оның активі мен пассиві 1959 жылы қысқарған Сауда банкісіне
жүктеледі.
Коммуналдық және тұрғын-үй құрылысын қаржыландыру банкі (Цекомбанк)
1959 жылы қысқарып, оның қызметі де Құрылыс банкі мен Мемлекеттік банк
арасында бөлінді.
Бұл құрылған салалық банктер қызметтерінің басты бағыттары салаларды
қаржыландыру және ұзақ мерзімді несиелеуді көздеді.
Ал, КСРО-ның Мемлекеттік банкісінде халық шаруашылығының барлық
салаларын қысқа мерзімді несиелеу қызметі шоғырланды. Сонымен қатар,
Мемлекеттік банктің рөлі орталық және барлық несиелік жүйенің жетекшісі
ретінде одан әрі арта түсті. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп-
айырысу және ағымдық шоттары Мемлекеттік банкте жинақталады.
Барлық республикада, оның ішінде Қазақстанда барлық банктердің
республикалық мекемелері жоғары тұрған ұйымға бағынуы, банк ісін
орталықтандыру қағидасына сай сақталады.
Бір банкте ақша айналысының шоғырлану қағидасы бойынша, әр кәсіпорын,
ұйым немесе мекеме тек қана бір банкте өзінің есеп айырысу немесе ағымдық
шотын ашуға тиісті болды. Демек, олар, осы банкте өз қаражаттарын сақтай
отырып, банктерден несие және нақты ақшалар алды, сол сияқты барлық қолма-
қолсыз ақша арқылы есеп айырысуды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасындағы банктік жүйенің қалыптасуы мен дамуы
төмендегідей үш банктік реформаға тікелей байланысты:
1987-1988 жылдардағы банктік реформалар;
1995 жылғы банктік реформа;
1996-1998 жылдардағы банктік реформалар.
1987-1988 жылдардағы банктік реформалар. Қазақстандағы несие жүйесінің
қайта құру тұысындағы дамуы, КСРО-да соңғы рет жүргізілген банктік реформа
(1987-1988 жылдардағы) сәйкес келеді. Банктік реформа нәтижесінде: КСРО-ның
Мемлекеттік банкі және Құрылыс банктерінің мекемелері негізінде - КСРО
Өнеркәсіп-құрылыс банкі, КСРО Агроөнеркәсіп банкі және КСРО Тұрғын үй-
әлеуметтік банкі құрылды. Сол сияқты, кезінде КСРО-ның Мемлекеттік банкі
құрамында келген жинақ кассалары негізінде - КСРО Жинақ банкі, Сыртқы сауда
банкі негізінде – КСРО Сыртқы экономикалық банкі құрылды. Сол уақыттан
бастап, Мемлекеттік банк кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалық және несиелік
есеп айырысу қызметін көрсетуді тоқтатты. Сөйтіп, КСРО-ның Орталық
банкісіне айналды [19].
Қазақстанда жоғарыда аталған мамандандырылған банктердің республикалық
кеңселері (филиалдары) ашылып қызмет ете бастады.
КСРО-ның Өнеркәсіп-құрылыс банкісіне несиелік саясатты жүргізу, негізгі
қызметі ретінде несиелеу жүйесінің тиімділігін арттыру, капитал жұмсалымын
қаржыландыру мен несиелеу, сондай-ақ өнеркәсіпте, құрылыста, көлік пен
байланыста, мемлекеттік қамсыздандыру жүйесінде есеп айырысу жұмыстарын
ұйымдастыру қызметтері бекітіліп берілді. Сонымен қатар, бұл банк осы
шаруашылық салаларындағы кәсіпорындар мен бірлестіктердің есеп айырысу,
ссудалық және басқа шоттарды жүргізді. Осындай несиелік есеп айырысу
қызметтерінің түрлерін ауыл шаруашылық кешені кәсіпорындарында
Агроөнеркәсіп банкі, әлеуметтік аумақтағы және сауда саласының
кәсіпорындары мен ұйымдарында Тұрғын үй әлеуметтік банкі, халыққа қызмет
көрсетуге бағытталған Жинақ банкі жүргізді.
Сыртқы экономикалық банк, экспорттық және импорттық операциялар бойынша
есеп айырысуды ұйымдастырды.
Мамандандырылған банктер құрылымы әкімшіл-аумақтық қағидаға сәйкес
құрылды. Республикалық банктер одақтас республикаларда және банктің
басқармалары саласында ұйымдастырылды. Аудан немесе қала деңгейінде бұл
банктер өздерінің мекемелерін ашады. Әр мамандандырылған банктің бір
мекемесі әр аудандағы өзіне тиісті клиенттерге ғана қызмет көрсеткен. Жинақ
банкісінің мекемелері аудандармен қоса ұжымшар және кеңшарларда жұмыс
жасады.
Жинақ банкісінен басқа мамандандырылған банктердің төменгі буындары
мамандандырылуына қарамай-ақ, сол аудандардың барлық клиенттеріне бірдей
қызмет көрсетті. Шындап келгенде, мамандандыру тек банктің жоғарғы басқару
деңгейінде ғана жүргізілді, ал төменгі деңгейдегі мекемелер әмбебап
мекемелерге айналған болатын.
Мамандандырылған банктер санына байланысты оларда төрт несиелік жоспар
болған. Бұл банк клиенттерінің әр түрлі болып келуі несиелік ресурстарды
құрауға байланысты бірқатар мәселелерді тудырды. Банктен банкке өзара
аймақаралық есеп айырысу жүйесі арқылы құйылатын қаражаттардың
бақылаусыздығы арта түсті. Әр банк өз ресурстар көлемінде жұмыс жасауы
үшін, оларға Мемлекеттік банкте ашылатын корреспонденттік шоттар бойынша
банкаралық есеп айырысуға өту қажет болды.
Мемлекеттің ықпалымен бөлінген коммерциялық банктердің де
мамандандырылған банктер сияқты, әр банктің белгілі бір салаларында
(өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық, сыртқы сауда) өзіндік монополиясы
болды. Олар өз кәсіпорындарын өте төменгі пайызбен қаржыландырып және
несиелеп отырды, яғни, мұнда, бұл кәсіпорындардың өміршеңдігі және
пайдалылығы есепке алынбады. Мұндай банктердің активтерінде мемлекеттік
зиян шегіп отырған кәсіпорындардың уақыты өткен, төленбеген, яғни, сапасыз
ссудалар қатары арта түсті.
Жалпы банктерді мамандандыру идеясы банк жүйесінің жұмысын тығырыққа
әкеліп, ол монополияландырудан құтылмады және несиелік механизмге
түпкілікті өзгеріс енгізе алған жоқ. Сонымен қатар, КСРО Мемлекеттік
банкінің рөлі біршама төмендеп, ол мамандандырылған банктердің жұмысына
ешқандай әсер ете алмады.
Мұндай жағдайда, банк реформасын батыс үлгілерінде қалыптасқан екі
деңгейдегі банктік жүйеде жүзеге асыруға ғана қол жеткізілді.
1987 жылғы реформаға дейінгі банктік жүйенің мынадай кемшіліктері
болды:
- вексель айналысының болмауы;
- кәсіпорындардың қарыздарын кешіруі, әсіресе ауыл шаруашылығына
қатысты;
- шаруашылықтың барлық аяларында артық несиелеу операцияларының
байқалуы;
- банк мамандандырылуының жойылуы;
- кәсіпорындарындағы басқа да несие көздерінің болмауынан туындаған
монополизмнің орын алуы;
- пайыз мөлшерлемесінің төменгі деңгейде болуы;
- экономиканың әр саласының қызметіне қойылатын (несие базасында) банк
бақылауының әлсіздігі;
- бақылауға жатпайтын несиелік және банктік ақшалардың басып шығарылуы.
1987 жылғы банктік жүйені қайта ұйымдастыру бұрынғыша әкімшілік сипатқа
ие болып қала берді, тек қана бұл жерде үш банктің монополиясын бірнеше
банктер монополиялары ауыстырды.
1987 жылғы банк жүйесін қайта ұйымдастырудың оң жағынан теріс жақтары
басымырақ болды, атап айтсақ:
- банктер бұрынғы меншік нысанында, яғни мемлекеттік болып қала берді;
- олардың монополизмі толық сақталып, монополистердің саны өсті;
- реформа жаңа экономикалық тетіктердің жоқтығына қарамай-ақ
жүргізілді;
- кәсіпорындар белгілі бір банктерге бекітілгендіктен, олардың несие
алу барысында банктерді таңдау мүмкіндігі болмады;
- клиенттер арасында несиелік ресурстарды бөлу тігінен жалғаса берді;
- ақша нарығы және несиелік ресурстар, саудаға түсетін орындар
құрылмады;
- банк аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындар артып кетті;
- ағымдық және ссудалық шоттарды бөлу барысында банктік соғыс шыға
бастады;
- қайта ұйымдастыруда несиені қайтарудың басты көздері ретіндегі
сақтандыру мекемелерінің қызметтері жайлы қозғалыс болмады.
Бұл реформаның оң жақтары ретінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды
тәртіпке келтіруімен қатар, банк қызметінің мамандандыруын қысқартты десе
болады.
Сонымен 70 жыл бойы КСРО-ның банк жүйесінде, оның ішінде Қазақстанда
қатаң түрде орталықтандыру мен шоғырландыру, әкімшілік әдістері кеңірек
орын алады. Сол уақыттардан қалыптасып келген ақша-несие қатынастары
жаңадан туындай бастаған нарықтық қатынастарға сәйкес келмеді.
Социалистік эксперимент жүргізу барысында ғасырлар бойы қалыптасып
келген қаржы-несие институттары мен қаржы нарығының құралдары жойылып
кеткен болатын. Сөйтіп, утопиялық, идеологиялық тұжырым негізінде
монобанктік жүйе қалыптасып, мұнда мемлекеттік банк барлық несиелік жүйені
өзіне бағындырып және бәсекелестік элементтерін өзі реттеп отырады.
1989 жылдан бастап, елімізде алғашқы коммерциялық банктер,
кооперативтік және жеке банктер қатары жұмыс істеді. Сол жылы алғаш
құрылған коммерциялық банктерге – Интеринвестбанк, Крамдсбанк, қазіргі
Казкоммерцбанк және т.б. жатады.
1995 жылғы банк реформасы. 1991 жылы Қазақстан Республикасы өз
егемендігін жариялағаннан бастап нарықтық қатынастардың талаптарына сай
келетін меншікті банк жүйесін құруға бетбұрыс жасады.
1990 жылы желтоқсан айында қабылданған ҚазКРО-ғы банктер және банктік
қызмет туралы алғашқы Заң Қазақстандағы банктік реформаны жүргізудің
бастапқы кезеңдерін қамтиды.
Бұл банктік реформа Ұлттық Банктің 1995 жылға арналған Қазақстандағы
банктік жүйені реформалау бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды.
Нарық экономикасына өту жағдайында және экономикалық дағдарысты жоюда,
макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде Қазақстан Республикасы банк
жүйесі маңызды рөл атқарады.
Қазіргі уақытта қалыптасқан екі деңгейлі банктік жүйенің қызмет етуіне
байланысты жасалған талдауда, олардың көрсетіп отырғанындай, кемшіліктердің
басым бөлігі банк қызметін реттейтін нормативтік базаны жасаудағы артта
қалушылық және оның іске асырылуына іс жүзінде бақылау жасау тетіктеріндегі
кемшіліктерімен сипатталады.
Қазіргі танда Қазақстан Республикасындағы жұмыс жасап отырған банктік
жүйенің қалыптасуын үш кезеңге бөледі:
І-кезең. 1988-1991 жылдары (КСРО-ның тұсында) – мемлекеттік салалық
мамандандырылған банк қызметінің бір бөлігін республикалардағы сол
банктердің тиісті бөлімшелеріне беру арқылы қайта түрлендіру; алғашқы
коммерциялық банктер құру; КСРО Мемлекеттік банкіне орталық банктің
жекелеген қызметтерін беруге байланысты бастапқы қадамдар жасау кезеңі.
II-кезең. 1992 жылдың аяғы 1993 жылдары – рубль аймағында бола отырып,
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық банктің бірқатар қызметтерін
орындауға біртіндеп кірісуі, коммерциялық банктердің экстенсивті (сандық)
түрде қалыптасуы және дамуы, ұлттық нормативтік базаның қалыптасуының
бастапқы кезеңі.
Ш-кезең. 1993 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейінгі, яғни айналысқа
Ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттық Банкінің ақша-несие аясының
қызмет етуіне толық жауапкершілік алу, бюджет және банктермен қарым-қатынас
орнатудың классикалық қағидаларын енгізу, банктердің қызметін реттеу
жүйесін нығайту кезеңін білдіреді.
1995 жылғы банктік реформалауға дейінгі жұмыс жасаған банктік жүйенің
басты кемшіліктеріне мыналарды жатқызуға болады:
а) Ұлттық (орталық) банк қызметіне байланысты:
- мемлекеттің қаржы саясатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің басқару қызметін ұйымдастыру
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУЫ
Банк менеджменті және оның даму ерекшеліктері
Маркетингтегі баға құрудың теориялық негіздері
Коммерциялық банктердің қаржылық жағдайының теориялық негіздері
Қазақстандағы орта және шағын кәсіпкерлікті несиелеу проблемаларын талдау
Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіруді ұйымдастыру
Банк қызметінің жобалауын басқару
Банктер нарықтық қатынастар жағдайындағы өзіндік ерекшелігі бар кәсіпкерліктің дербес түрі
«Банк Центр Кредит» АҚ-ның мысалы негізінде Қазақстанда шағын және орта бизнесті несиелендіруді ұйымдастыруды жетілдіру
Пәндер