Сүндет той туралы



КІРІСПЕ 3
1. Сүндет той туралы мазмұн 4
1.1 Сүндет той . мұсылманға міндет той 4
1.2 Тарихы мен сүндеттеу тәсілдері 6
2. Сүндет тойын ұйымдастыру 9
2.1 Сүндет той өткізудегі дастархан мәзірі 11
2.2. Сүндет той өткізу барысында үстел басындағы әдепті сақтау 13
2.3. Үстел дайындығы мен сервировкасы 15
2.4 Сүндет тойынындағы қызмет көрсету жағдайы 19
2.5 Сүндет тойының көрсеткіштерімен шығындары 21
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28
Тақырып өзектіліші: Еліміз тәуелсіздік алған жылдардың ішінде қоғамымызда, елімізде жеке тұлғаға деген көзқарас түбегейлі өзгерді. Еліміздегі халықтардың тұрмыс-жағдайы, хал-ахуалы жоғарылап келеді.Әртүрлі салтанатты жағдайларды атап өту, демалысты ұйымдастыру мәселелері бүгінгі таңда өзекті мәселенің бірі болып отыр. Сондықтан егемен еліміздің, қоғамдағы жеке тұлғаның бос уақытын, демалысын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Мейманхана, кафе, бар т.б. қоғамдық тамақтану орындары тұрғындардың демалысын ұйымдастыруда маңызы өте зор. Онда тек тамақ ішуге ғана емес, сонымен қатар, мерейтой немесе басқа да өмірдегі маңызды мерекелерге байланысты салтанаттарды атап өтетін, той салтанаты, ұжымдық тойлар, іскерлік немесе ресіми кездесулерді өткізу, жақын адамдар арасында жай демалыс өткізетін орын.Осындай демалыс орындарында Уйлену той өткізу туралы осы курстық жұмысты жазу барысында зерттеу жасалады.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Сүндет той техникалық ұйымдастыру, оны өткізу барысында демалысты көңілді өткізу қажетті шараларды зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеті:
- Сүндет тойды өткізуге тапсырысты беру;
- Тапсырыс берушінің міндеттері мен құқықтарын;
- Той өткізу барысында үстел басындағы этиканы сақтаудың маңыздылығы;
- Үстел сервировкасы;
- Тамақ, талғам мәселесі;
Зерттеу объектісі: халықтың мәдени-демалысын ұйымдастыру, салтанатты жағдайларда мерейтойларға, сүндет тойларына, көңілді кештерге байланысты Уйлену той ұйымдастыру әдістемесі.
Курстық жұмыстың субъектісі: Сүндет тойға шақырылған қонақтар олардың талғамы, дастархан мәдениетін меңгеруі.
1. Золотая книга этикета.-М.: Вече.-2005-309 стр.
2. Ковалев Н.М., Усов В.В. Кулинария для всех. –М.:Профиздат, 1992
3. Кристовер Э.-Т.Ресторанный бизнес: Как открыть и усаешно управлять рестораном: Пер. С анг.-М.: РосКонсульт,199
4. Лавреньева Е.В. Культура застолья ХІХ века: пушкинская пора.-М.: Терра-Книжный клуб,1999
5. Лазерсон И. Классиыческие кулинарные этюды: рецептуры европейской кухни.-СПб.: Питер,1998
6. Лощинский В.М. Сервировка и этикет стола. –Минск: Элайда,1999
7. Метель С.Н. меню для ресторанного гостя.-М.: Экономика,1992
8. Палли М. Справочник совершенного хозяина ресторана: 100 идей для достижения превоходства в конкурентной борьбе.-М.: «Современные ресторанные и розничные технологии», 1999
9. Укер Д. Введение в гостеприимство: Пер. санг.-М.: ЮНИТИ,1999
10. Усов В.В. организация производства и обслуживание на предприятиях общественного питания.-М.: Академия.2002.-416 ст
11. Жарков Ю.Д. Технология КДД. Учебник Масква 2002
12. Андреева И.Т Технология КДД уч Ростов на Дону,2005г.
13. Шубина К.Т Организация досуга и шоу программа уч Ростов на дану 2003
14. Үстел сервировкасы// 2007г -№ 1-6 \\ Пайдалы кезең- 16б

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
1. Сүндет той туралы мазмұн
4
1.1 Сүндет той - мұсылманға міндет той
4
1.2 Тарихы мен сүндеттеу тәсілдері
6
2. Сүндет тойын ұйымдастыру
9
2.1 Сүндет той өткізудегі дастархан мәзірі
11
2.2. Сүндет той өткізу барысында үстел басындағы әдепті сақтау
13
2.3. Үстел дайындығы мен сервировкасы
15
2.4 Сүндет тойынындағы қызмет көрсету жағдайы
19
2.5 Сүндет тойының көрсеткіштерімен шығындары
21
ҚОРЫТЫНДЫ
27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
28

КІРІСПЕ

Тақырып өзектіліші: Еліміз тәуелсіздік алған жылдардың ішінде қоғамымызда, елімізде жеке тұлғаға деген көзқарас түбегейлі өзгерді. Еліміздегі халықтардың тұрмыс-жағдайы, хал-ахуалы жоғарылап келеді.Әртүрлі салтанатты жағдайларды атап өту, демалысты ұйымдастыру мәселелері бүгінгі таңда өзекті мәселенің бірі болып отыр. Сондықтан егемен еліміздің, қоғамдағы жеке тұлғаның бос уақытын, демалысын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Мейманхана, кафе, бар т.б. қоғамдық тамақтану орындары тұрғындардың демалысын ұйымдастыруда маңызы өте зор. Онда тек тамақ ішуге ғана емес, сонымен қатар, мерейтой немесе басқа да өмірдегі маңызды мерекелерге байланысты салтанаттарды атап өтетін, той салтанаты, ұжымдық тойлар, іскерлік немесе ресіми кездесулерді өткізу, жақын адамдар арасында жай демалыс өткізетін орын.Осындай демалыс орындарында Уйлену той өткізу туралы осы курстық жұмысты жазу барысында зерттеу жасалады.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Сүндет той техникалық ұйымдастыру, оны өткізу барысында демалысты көңілді өткізу қажетті шараларды зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеті:
Сүндет тойды өткізуге тапсырысты беру;
Тапсырыс берушінің міндеттері мен құқықтарын;
Той өткізу барысында үстел басындағы этиканы сақтаудың маңыздылығы;
Үстел сервировкасы;
Тамақ, талғам мәселесі;
Зерттеу объектісі: халықтың мәдени-демалысын ұйымдастыру, салтанатты жағдайларда мерейтойларға, сүндет тойларына, көңілді кештерге байланысты Уйлену той ұйымдастыру әдістемесі.
Курстық жұмыстың субъектісі: Сүндет тойға шақырылған қонақтар олардың талғамы, дастархан мәдениетін меңгеруі.

1. Сүндет той туралы мазмұн
1.1 Сүндет той - мұсылманға міндет той

Сүндетке отырғызу... Иісі мұсылман баласы үшін ұлын сүндеттеу үлкен сауап. Бұл сүннеттің мәні мен мағынасы қандай? Бүгінде ұлан-асыр той жасап, баласының сүндет тойын жасап жатқандар аз емес. Бәз біреулер мұны ысырап деп түйсе, енді біреу ата-салты дегенді тілге тиек етеді. Дұрысы қайсы?
Сүндет - ислам дінінде ер баланың жыныс мүшесіндегі тері бөлшегін кесу арқылы жасалатын ғұрып. Сүндет әуел баста араб халқының әдет-ғұрпы болатын. Сүндет мәселесі Құранда баяндалмағанымен, көне араб поэзиясы мен хадистерде айтылған. Сүндет Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) сүннеті болғандығы үшін де мұсылман халықтарында ерекше маңызға ие болды. Меккеде ер балалар 3 - 7 жасында сүндетке отырғызылады. Бұл ғұрып "таїар" деп аталады. Сүндетке отырғызылатын баланың құрметіне арналып той-думан жасалып, балаға ең әсем киімдер кигізіп, атпен серуендетеді. Мысырда ұл баланы 5 - 6 жасында сүндеттейді. Сүндетке отырғызатын адамды ерекше құрметтейді. Қазақ халқында сүндеттеуді қожа-молдалар атқарып келсе, қазір көбіне медицина қызметкерлері жүзеге асырады. Бала сүндетке отырғызылған соң көрші-қолаңға қонақасы беріліп, Құран оқытылады.
Сүндеттеу медицина ғылымында циркумцизия (лат. Circumcisiо -- дөңгелек кесу) деп аталады. Ислам дінінде сүндеттелу өте үлкен мәнге ие. Өйткені ол үмбеті ретінде Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) ісін қайталауға, яғни, сүннет амалын жасауға жатады. Оған дәлел Әбу Хурайра жеткізген Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисі. Хадисте адам жаратылысының табиғи қажеттілігі ретінде мына бес нәрсені: сүндетке отыру, мұртты басу, қолтық пен ұятты жерді түктен таза ұстау, тырнақ қысқарту аталған. Сүндетке отырғызу ислам дінінен кіріп, кейін келе қазақтардың ұлттық әдет-ғұрпына айналған.
Сондай-ақ, сүндетке отырғызу тек мұсылмандық жол емес, оның ер адамның денсаулығына, ертеңгі күні ұрпағының өсіп-өнуіне де маңызы зор екені медицинада да дәлелденген. Сүндетке отыру адамның тән тазалығы мен жан тазалығы, тіпті болашақ отағасы үшін де, отанасы үшін де пайдалы өмір салты, қазіргі тілмен айшықтап айтқанда салауатты өмір салтының бір қыры екендігі айдан анық. Сүндеттелмегендерге қарағанда сүндеттелген ерлер қатерлі ісікке (рак) анағұрлым аз шалдығады. Жыныстық жұқпалы ауру туғызу қаупі сүндеттелмегендерде сегіз есе жоғары. Ал 10-30%-ы ғана сүндеттелген Кения, Замбия сияқты елдерде жыныстық ауруға шалдыққандар жергілікті тұрғындардың төрттен бірін құраған. Ал, Бенин және Камерун секілді шамамен әр бала сүндеттелетін Африка елдерінде жұқпалы ауруларға шалдыққандар тұтас алғанда 6%-дан аспаған.
Австриялық зерттеуші ғалымдар тіптен үлкен жаңалық ашты. Олар СПИД-ке шалдыққан ер кісілердің басым көпшілігінің сүндеттелмегендер екендігін дәлелдеді. 2000 жылы Американың медициналық ассоцациясы (Аmerican Medical Association AMA) сүндеттеудің несеп қуық жолдарында сирек кездесетін қатерлі, жұқпалы аурулардан, инфекциядан қорғайтындығын мәлімдеді.
Бұрынғы кезде сүндеттелген балаға арнап кең әрі ұзын сүндетжейде, сүндеткөрпе тігетін болған. Оны бала жара толығымен жазылғанша киген. Дәрігерлердің айтуынша, сүндеттелген бала синтетикалық талшық қосылған киім кимегені дұрыс.
Бар жақсысын баласына, ұрпағына арнаған қазекем құрсақтой, шілдехана, бесіктой, қырқынан шығару, тұсаукесерден кейін сүндет той жасаған. Сүндет той жасау бала қарақұлақтанып қатарға қосылғандығынан бастап ат жалын тартып мініп, азамат атанғандығының алғашқы белгісі саналады. Мұндайда бай-қуатты адамдар ат шаптырып, балуан күрестіріп ұлан-асыр той жасаған.
Ашамайлы атқа міндің, Мұсылмандық таққа міндің, Сүндетке отырғаның -- иманды болғаның. Тойын той - лап, думанды болғаның, -- деп баланың көңілін өсіріп, дәрежесін көтеріп бағады. Балаға ата-әжесі, ата-анасы психологиялық жағынан сен енді нағыз жігіт болдың деген сияқты жігерлендіру сөздерін айтып та ауырсыну - ды сездірмеуге тырысады.
Кез келген ұл баланың арманы -- жігіт болу, азамат болу, сол себепті ол да іштей бұл күнді күтеді, асығады. Дәстүр бойынша осы күні балаға бастан-аяқ жаңа киім кигізіп, екі иығына үкі қадайтын болған. Содан кейін өзінің ашамайлы бәсірелі тайына мінгізген, ал оның аты - на қоржын салған. Қасына сәнді киінген 1-2 бозбаланы ілестіріп, ағайын-туғанға тойдың қуанышын жеткізуге жіберетін болған.
Сүндет тойдың басқа тойлардан ертеректегі ерекшелігі -- тойға сүндеттелетін баланың өзі шақыратындығында. Тіпті, жолаушы барып та шақырып келген. Өйткені бұл -- баланың есейгендігінің белгісі. Өз тойына шақырып келген балаға барған жерінде шашу шашқан. Атының жалына орамал, шүберек байлап, қоржынына тәтті салған. Сыйлығын беріп жіберген. Ол бала ауылына келгенде бізді де осы күнге жеткізсін деген ниетпен елдің салған шашуынан барлығы бөлісіп алған екен. Ал тойға келген туған-туыстар, жекжат-жұрағаттар балаға міндетті түрде сый алып келген. Тіпті, кейбір туыстары бала тойға шақырып барған кезде-ақ атаған малын жетектетіп жіберген.
Қазақта бала үшін нағашы жұртының орны бөлек. Баланың нағашы жұртынан, бір жерде -- қырық серкеш, енді бірі -- қырық шұбар тай дейді, яғни жиеннің нағашысынан алатын үлесі болады. Нағашы жұрты жиенінің сүндетке отыруына орай, ертеңгі күні төлі өсетіндей етіп, осы үлестің бір бөлігін -- малын айдап келген. Оны өздеріне міндет әрі үлкен дәреже санаған. Баланың, анығы ер-азаматтың ауқатты болуы осылай өзіне тиесілі жеке мал басының жиналуынан басталады. Бұл бұрынғыдан қалған ұғым. Қалай болғанда да, бала сүндет тойында үлкен сыйға, құрметке ие болған.
Десек те, бүгіндері сүндет тойды ысырап қылатындардың қатары да қалыңдай бастағанымен, ұлан-асыр той жасап, даңқын асырғысы келетіндер де жоқ емес. Не десең де, бар жиғанын баласының жақсылық қуанышына арнаған ұлттың ұрпағы емеспіз бе?! Тек, өткізіп жатқан тойдың мәні мен маңызын өсіріп отырған ұл-қызыңыз ұғынып өссе екен деген тілек қана бар бізде...
Ербосын Орын, облыс имамының орынбасары: Сүндеттеу-Пайғамбарымыздың істеген амалдарының бірі. Үлкен сауаптардың бірі. Мал сойып, құран бағыштау...Мүмкіндік болып жатса, ол да сауап. Ал сүндет той жасау шариғатта қарастырылмаған. Ол ұлттық салт, ғұрпымыз ғой. Құран кәрімде 3 адамның тілегі кері қайтпайды делінген. Соның бірі қонақтың тілегі. Егер елді жинап, сүндет той жасап, үлкеннің батасын алып жатса, ол да құба-құп. Тек дастарханыңыз адалынан болса болғаны. Тойға жиналған қонақтар балаға ақ батасын беріп, ақ тілегін тілеп жатса, қабыл болады, иншалла.
Әйгерім Ералиева, ата-ана: Біз екінші ұлымызды сүндеттедік. Аллаға шүкір, мал сойып, құран бағыштап, ағайын-туғанның, үлкендердің батасын алып жатырмыз. Той-халықтың қазынасы. Жиған -- тергенің тойға шашылсын деп тілеген ұлттың ұрпағы болғасын, сүндет той жасап, балалардың қуанышын тойлағанды жөн деп санаймын. Тек, қазіргідей аста-төк еткендерге қарсымын. Өз шама-шарқыңа қарап, мүмкіндігің келіп жатса, ұлыңа сүндет той жасап, ұл-қызыңның қуанышын тойлаған дұрыс.

1.2 Тарихы мен сүндеттеу тәсілдері

Сүндет - ислам дінінде ер баланың жыныс мүшесіндегі тері бөлшегін кесу арқылы жасалатын ғұрып. Сүндет әуел бастаараб халқының әдет-ғұрпыболатын. Сүндет мәселесі Құранда баяндалмағанымен, көне араб поэзиясы мен хадистерде айтылған.
Сүндет Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) сүннеті болғандығы үшін де мұсылман халықтарында ерекше маңызға ие болды. Меккеде ер балалар 3 - 7 жастарында сүндетке отырғызылды. Бұл ғұрып"таїар" деп аталады. Сүндетке отырғызылатын баланың құрметіне арналып той-думан жасалып, балаға ең әсем киімдер кигізіп, атпенсеруендетеді. Мысырда ұл баланы 5 - 6 жасында сүндеттейді. Сүндетке отырғызатын адамды ерекше құрметтейді. Қазақ халқында сүндеттеуді қожа-молдалар атқарып келсе, қазір көбіне медицина қызметкерлері жүзеге асырады. Бала сүндетке отырғызылған соң көрші-қолаңға қонақасы беріліп, Құран оқытылады.
Оның тарихына қарасақ, б.э.д. 2500 жж. ежелгі Мысыр елінде кең қолданылғандығын көреміз. Сүндеттелген перғауын бейнесі мен ересектеу екі баланы сүндетке отырғызу рәсімі көрсетілген папирус суреттерінің Каир мұражайында сақталғандығы осының айғағы. Тіпті, ол көптеген Африка елдерінде де баланың есею нышаны ретінде қалыптасқан.
Мыңдаған жылдардан бергі құрал саймандардың өзгергені секілді, сүндеттеу тәсілдері де уақыт талабына сай өзгеріп отырған. Сүндеттеу тәсілдерінің ең негізгілері мыналар:
1. Еркін әдіс (ағылш. free hand): хирургтардың новокайн арқылы жансыздандырып, арнайы аспаппен сүндетке отырғызуы, тамырлардың тігілуі. Бұны классикалық әдіс деп те атауға болады.
2. Дәстүрлі әдіс: дін мамандарының өткір ұстарамен кесіп, жараға таза күлді кесемен төңкеріп жасайтын әдіс. Бұл сүндеттеудің бұрыннан кең тараған түрі.
3. Арнайы құрал пайдалану; сүндетке отырғызуға медицина мамандары араласқалы бері оған Gomco Clamp пен PlastiBell (қоңырау) секілді арнайы құралдар ойлап табылды. Алайда, балаға бір апта көлемінде тағылып, ұшын байлап, терінің өз бетінше түсіп қалуын қамтамасыз ететін бұл қыстырма құралдар аса тиімді деп есептелмеуде. Бұдан бөлек, электр құралын пайдалану арқылы косметикалық әсермен қанатпай жасалатын басқа да сүндеттеу тәсілдері баршылық.
Бүгінгі күні дүниежүзі бойынша ер адамдардың алтыда бір бөлігі сүндетке отырады екен. Соңғы статистика бойынша, әсіресе, солтүстік Америкада профилактикалық әрі гигиеналық мақсатта жас балалардың тоқсан пайызы сүндеттеледі. Әлем тұрғындарының 1,5 миллиардын құрап отырған мұсылмандарды былай қойғанда, Канада, Аустралия, Жаңа Зеландия, Англия секілді бірқатар мемлекеттерде баланы сүндетке отырғызу бүгінгі күні қалыпты үрдіске айналған. Сүндеттеуге Викторияндық кезеңде көңіл бөле бастаған ағылшын тілді бұл елдерде 20 ғ. алғашқы жартысында сүндетке отырғызу жақтаушылармен қатар Дэвид Голлахер секілді оған қарсы шығушылар да бар. Қарсы шығушылар пікірлері бойыенша: сүндет мұсылмандар мен еврейлерге ғана тән діни міндет, өзге дін өкілдеріне қатысы жоқ. Ол гигиена сақтау қиынға соғатын ыстық аймақтарда қолданылған. Бүгінгідей гигиенаны сақтау мүмкіндіктері жоғары кезде оның қажеті жоқ. Ол құмарлықты тежейді. Балаға ауыр тиеді
АҚШ тың педиатрлық академиясы 1989 жылы осы мәселеге орай жаңа туған нәрестелерге арналған ауыртпайтын әрі қауіпсіз препарат табылғандығын ресми мәлімдеді. Бүгінгі күні Вашингтонның Балалар емханасының медициналық орталығында (Childrens Hospital Medical Center) ата аналардың қадағалауымен жаңа туған балаларға жасалатын барлық хирургиялық операциялар кезінде ауруды басатын анестезия пайдаланылуда. Сондай ақ, бұл педиатрлық академия 1999 жылы сүндеттің медициналық тұрғыдан пайдалы екендігін жариялаумен қатар, баланы сүндетке отырғызу отырғызбау мәселесін ата аналардың өздері шешкені мақұл деп тапты. Бұған қоса, сүндеттеуде қалыптасқан діни, мәдени, эстетикалық көзқарастармен де санасу керектігін ескертті.
2000 жылғы баяндамасында Американың медициналық ассоцациясы (Аmerican Medical Association AMA) сүндеттеудің несеп қуық жолдарын сирек кездесетін қатерлі, жұқпалы аурулардан, инфекциядан қорғайтындығын мәлімдеді.
Американың акушер және гинекология академиясы да (American Academy of Obstetricians and Gynecologists ACOG) Педиатрлық академия мен медициналық ассоцацияның мәлімдемелереін мақұлдап, сүндеттеуге ескішілдіктің сарқыншағы ретінде қарауға ешқандай да медициналық негіз жоқ екенін жариялады.

1 Сүндет тойын ұйымдастыру

Қазақ халқында сүндеттеуді қожа-молдалар атқарып келсе, қазір көбіне медицина қызметкерлері жүзеге асырады. Бала сүндетке отырғызылған соң көрші-қолаңға қонақасы беріліп, Құран оқытылады.
Сондай-ақ, сүндетке отырғызу тек мұсылмандық жол емес, оның ер адамның денсаулығына, ертеңгі күні ұрпағының өсіп-өнуіне де маңызы зор екені медицинада да дәлелденген. Сүндетке отыру адамның тән тазалығы мен жан тазалығы, тіпті болашақ отағасы үшін де, отанасы үшін де пайдалы өмір салты, қазіргі тілмен айшықтап айтқанда салауатты өмір салтының бір қыры екендігі айдан анық. Сүндеттелмегендерге қарағанда сүндеттелген ерлер қатерлі ісікке (рак) анағұрлым аз шалдығады. Жыныстық жұқпалы ауру туғызу қаупі сүндеттелмегендерде сегіз есе жоғары.
Қазақта қалыптасқан дәстүр бойынша ер баланы бес-жеті не тоғыз жасында сүндетке отырғызады. Шариғатта дін мұсылман баласы, пайғамбар үмметі балиғат жасына жеткенше сүндеттелуі тиіс.
Сүндетке отырғызбас бұрын әрбір ата-ана баласын алдын ала психологиялық тұрғыдан дайындайды. Алдымен бір, екі, үш, төрт, бес, шүметайымның басын кес! деп тақпақ үйретеді, сүндетке отырғаннан кейін ғана сен нағыз жігіт боласың деп күнделікті құлағына құя береді. Осындай әңгімелерге әбден бойы үйренген бала осы бір күнді асыға күтіп, іштей дайын болып жүреді. Бұрынғы кезде сүндеттелген балаға арнап кең, әрі ұзын сүндетжейде, сүндет көрпе тігетін болған.
Оны бала жара толығымен жазылғанша киген. Дәрігерлердің айтуынша, сүндеттелген бала синтетикалық талшық қосылған киім кимегені дұрыс. Кейбір аймақтарда сүндеттелген баланың жататын төсек орнын да арнайы әзірлеп, әсемдеп безендіреді.
Сүндет тойын өткізетін сәтті күн алдын ала белгіленеді. Бұрындары сүндет тойға қонақтарды баланың өзі шақыратын болған. Бұл баланың өзіне деген сенімін арттырып, ер жетіп, жігіт болғанын сезіндіретін тағы бір психологиялық әдіс болса керек. Өз тойына шақырып келген балаға барған жерінде шашу шашқан. Атының жалына орамал, шүберек байлап, қоржынына тәтті салған. Сыйлығын беріп жіберген. Ол бала ауылына келгенде бізді де осы күнге жеткізсін деген ниетпен елдің салған шашуынан барлығы бөлісіп алады екен. Ал тойға келген туған-туыстар, жекжат-жұрағаттар балаға міндетті түрде сый алып келген. Тіпті, кейбір туыстары бала тойға шақырып барған кезде-ақ атаған малын жетектетіп жіберген.
Сүндет тойында ауқатты адамдар ат шаптырып, көкпар тартқан. Қазіргі қала шарттарында сүндет тойды жағдайы бар адамдар жан- жақтағы жекжат-жақындардың басын қосып, мейрамханаларда атап өтеді. Тойдың ойын-сауық бағдарламасының басқа тойлардан айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Қонақтарға жасалатын кәде-жоралғылар да әдеттегідей. Кей кездері тойды ертерек бастап, сүндеттелген баланың достарын, ағайын-туыстың балаларын да шақырады. Мұндайда ойын-сауыққа сиқыршы, клоун секілді балалар бағдарламасын да қосқанның артықтығы жоқ. Бала-шаға өзінше мәре сәре болып, сүндеттелген ұл құрбы-құрдастарымен ойнап, қызыққа кенеледі.
Сүндет той жайлы мына бір өлең жолдарынан -ақ қазақ үшін сүндет тойдың маңыздылығын көре аламыз:
Дос-жараңдар келіңіздер сүндет той,
Болмайды той күнде мұндай думан той.
Ер жігіт боп аттың жалын тартпақшы
Болсын тойым бар жиғанды жуған той.
Болып жатыр біздің үйде сүндет той,
Ер балаға азаматтық міндет қой.
Ел ісіне араласар ертеңгі ер,
Жауқазындай өрлей өсші гүлдеп бой.
Сүндет тойды салыпсың,
Ер жігіт боп қалыпсың.
Әкесіне мақтаулы,
Азамтсың, алыпсың.
Құрал-сайман сайлаймыз,
Шөтектің басын майлаймыз.
Мұсылман қып ұлымды,
Сүндет тойын тойлаймыз.
Ер жігіт бол ел сыйлар,
Еліңе керек жер жинар.
Адалдықты ту еткен,
Арамдыққа жан қинар.
Біссіміллә, деп кестім,
Ер жігіт болып өстің.
Азамат боп арқалы,
Басын баста көштің.
Мұсылман боп қалыпсың,
Керексіз затты алыпсың.
Қуатты болсын, сүндет той,
Қойынға ақша салыпсың.
Өтедің парызыңды мұсылмандық,
Емес бұл ұялғандық, қысылғандық.
О, Алла рахымыңа мың бір алғыс,
Жаратқан, бізді жерде мұсылманғып.
Енді, ұлым, аттың жалын тартып мінсін,
Арқалап елдің жүгін артып жүрсін.
Ерке ұл болмай елдің үлкен ұлы болсын,
Жақсы іске бастау болып шалқып күлсін.
Жаратқан, ұлды бердің, дара бердің,
Ендігі есі түзу сана бергің.
Сүндетке отырғыздық, тойлаудамыз,
Есті ұл, ер-азамат дана бергін.
Сүндеттелдің, мұсылмандық міндетіңмен,
Жүрші,ұлым, пайғамбар сүннетімен.
Ерлерге лайық жақсы істер жасап жүрші,
Пайғамбарым мақтанар үмметімен.
Сүндеттелдің 5-жаста,
Ендігі ойға ес таста.
Азамат бол арқалы,
Көсем болып, көш баста.
Сүндеттеліп, балақаным жатырсың,
Қорықпайтын ештеңеден батырсың.
Ер жігітке лайық ісің көбейсін,
Бақыт тілеп өмір таңын атырсын.

2.1 Сүндет той өткізудегі дастархан мәзірі

Той - Бұл үлкен қабылдау қажет жағдайларда, әдетте, буфет ұйымдастыру, қонақтар саны (осы ресми қабылдау болуы мүмкін, мерейтойлық, отбасылық мереке немесе өзге де арнаулы іс-шара). Қонақтар еркін таңдау бар залында.
Қонақтар тамақтанып, үстелдің орналастырылған, олардың тамақ және сусындар таңдау және фуршет немесе қасындағы тұрған ішеді. Кез келген уақытта, олар қашып алуға болады оны аяқтау үшін күтпестен банкет.
Кестелер банкет залында буфет немесе хаттармен тіктөртбұрыш түрінде орнатылады: P T W . Кестелер арасында және қабырғаларға кестелерде қашықтық Сондықтан бөлме қонақтары еркін қозғалысы үшін (1,5 м) жеткілікті болды. қабырғалар немесе Бөлменің бұрыштары кішкентай дөңгелек немесе шаршы үстел қамтыды жоғары темекі, салғыштың, сіріңкені мен гүл шоқтарын қойды дастархандар, вазалар, қағаз майлық.
Мәзір Банкет - буфет тағамдар негізінен тұрады, оның диапазоны басқа мәзір банкеттер қарағанда әлдеқайда кең. Кейде Банкет мәзірі - швед Мұндай қой, шошқа немесе Түркия тағанда ретінде екінші ыстық ыдыс-аяқ қамтиды қуырылған бүкіл соавт., ыстық тағамдар ретінде қызмет етеді, ол. Бұрын Ет тушасы қалыптастыруға, содан кейін шағын тілімдерге кесіңіз. Бұл тағамды жеп, гипермаркеттер тағамы мен жеңіл құрылғыларды пайдалану. Барлық тамақ дайындалады Олар бір-тұрды, ыңғайлы болу үшін, шағын сыбаға (қиып алу) Fork.
Қоғамдық тамақтандыру - халық шаруашылығы эконо- микасының өте айрықша кіші саласы. Кез келген ел үш ін қоғамдық тамақтандыру зор экономикалық рөл атқарады, өйткені ол халықты тамақпен қамтамасыз етіп қана қоймай, көп жұмы с орнын құрып, халықты жұмы спен қамтиды, көп адамдардың санын олар демалуға, балаларымен, до- старымен және т.б. демалуға ж ұм сай алатын уақытты тамақ әзірлеуге жұмсаудан босатып, халықтың өмір сүру сапасын да арттырады.
Қоғамдық тамақтандыру түтынушылардың талғамы мен сүранысының өзгеруіне жылдам ден қояды, яғни ол нарық ортасындағы өзгерістерге де тез бейімделеді. Сөйте тұра осы күнге дейін қоғамдық тамақтандыру әлемнің бірде-бір елінде экономиканың жеке саласына жеке бөлінген жоқ, тек Сауда саласының қүрамындағы кіші сала ретінде қарастырылады.
Қоғамның тамақтандырудың осы ахуалы оның тек бір ғана функциясының - жеке (бөлшек) сатып алушыға өнім сатудың есебінен ғана орнықты. Сонымен бірге қоғамдық тамақтандыру түтынушыларға көп қырлы қызмет көрсететін қызмет ретінде әр түрлі функ- цияларды атқарады, сонымен бірге бизнес ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады, сол себептен оны эко- номиканың жеке саласы ретінде қарастыруға болады.
Қоғамдық тамақтандырудың ерекш е рөлі оның елі- мізде шағын және орта бизнестің дамуына ықпал ету- мен байланысты, осы орайда еліміздегі қоғамдық тамақ- тандыру кәсіпорындарының көбі шағын нысанда ұйым- дастырылғанын да атап өтуге болады, тек мейрамхана Мейрамхана бизнесінің маркетингі Мейрамхана бизнесінің маркетингі бизнесі объектілерінің шамалы ғана санын ірі кәсіпорынға жатқызуға болады. Осы үрдіс көне заманнан бастау алады, сол себептен оны орнықты әрі тұрақты деп атауға болады.
Мәселен, қоғамдық тамақтандыру индустриясының алғашқы объектісі ретінде 20-дан астам адам симайтын, ал келушілерге 5-6 адамнан аспайтын ұжым қызмет көрсететін мейманхана мен тавернаны атауға болады. Қлавдии Алпии заманында алғашқы рет тас төселген жол (Аппиев жолы) салу басталған Рим империясында та- верналарда 5-10 адам жұмыс істеген.
Орта ғасырларда Англия мен Германияда 7-15 адам- нан көп адам жұмыс істеген таверна мен трактир (латьш тілінен іхасіо - қонақ етемін) болған жоқ. Қазіргі уақытта АҚШ-та мейрамхана ісі саласындағы шагын бизнес 78,6 %-ды құрайды. Қоғамдық тамақтандыру орындары шатыр, киіз үй, керуен-сарай, шайхана және т.б. түрінде болған
Шығыста түтынушыларға қызмет көрсетумен 3-7 адам ай- налысты. Осындай тамақтандыратын орындар негізінең ба- зарларда және жолаушылар түнейтін жерлерде не болма- са сегіз жолдың торабында ұйымдастырылған, сондықтан олар көбінесе бекет үйі деп аталған, алайда сол үйлерде келушілерге шамалы ғана адам саны қызмет көрсеткен.
Қазіргі әлемде мейрамхана ісі саласындағы шағын бизнес Германияда - 79%-ға жуықты; Францияда - 69,4%-ды; Итали- яда - 82,2%-ды; Скандинавия елдерінде - 73,5%-дьі құрайды. Демек, тұрақты дамитын мейрамхана ісі мемлекеттегі орта таптың қалыптасуына көп әсер етеді

2.2. Сүндет той өткізу барысында үстел басындағы әдепті сақтау

Ас ішуге арналған асханалық құралдар тамақ ішуді жеңілдетеді. Егер бұл құралдарды дұрыс пайдалануды білмесе, тамақ ішуге көмектесуге аналған бұл құралдар, пайда тигізудің орына адамға ыңғайсыздық туғызатын кедері болады. Сондықтан, дастарханда асхана құралдарын өзінің бағытымен пайдаланудың маңызы өте зор, бұл өте күрделі емес. Тәрелкінің оң жағында орналасқан қасықтар мен шанышқыларды ас ішкен кезде оң қолмен, ал сол жағында орналасқандарды сол қолмен ұстайды. Десерттік құралдардың ұстайтын сабы оң жақтағысын оң қолмен, солға қарап тұрған сабын сол қолмен ұстайды. Дастархан барлық ережеге сәйкес дайындалса, дастарханға ұсынылатын ас мәзірінің санын, қойылатын асханалық құралдарға қарап білугеболады. Егер бірнеше шанышқы қойылса, оның тәрелкіден ең алшақ тұрғанынан бастап қолданылады. Тамақтың түрі ауысқан сайын, сол ас мәзіріне байланысты құралдар да ауысады. Тамақты ортақ ыдыстан алған кезде асханалық құралдар, соның ішінде шанышқы мен қасық қолданылады. Бұл жағдайда шанышқы немесе қасықтағы тамақтың дастарханға түсіп кетпеуін қадағалау керек. Қасықты ұстағанда сұқ саусақпен оның ұшын, ал қасықтың негізгі бөлігін ортаңғы саусақпен ұстау керек. Бұл кезде бас бармақпен қасықтың жоғарғы жағынан ортаңғы саусаққа қарай, ал сұқ саусақпен оны жанынан ұстау керек. Кеспені ішкен кезде, қасықпен алынған тамақ төгіліп - шашылмайтындай мөлшерде алынады. Қасық тікесінен емес, жанымен ауызға жақындатылып, ауызға құйылады, ең бастысы сораптап ішуден аулақ болу керек.
Егер кеспе ыссы болса, онда қасықпен былғалап суыту керек емес, қажетті температураға жеткенше күте тұрған абзал. Кеспенің қалғанын ішкен кезде тәрелкені еңкейтіп, қасықты да соның ыңғайына оңайлап ұстау керек. Кеспе ішіліп болған кезде қасықты шалқасынан қаратып бос тәрелкеге салады.
Қасық үнемі оң қолда, сұқ саусақпен қасықтың сабын бас жағына қарай ұстап, дәл осы саусақпен тамақты кескен кезде пышақтың сабын қысып ұстайды, қалағн саусақтар алақанға қарай ыңғайланып, бүлгіледі.
Шанышқыны сол қолға, тісін төмен қаратып ұстайды.
Тамақ алға қойылған кезде, пышақпен кесілмейтін тамақ болса, шанышқыны оң қолда ұстайды, ал шанышқымен тамақ жер кезде тамақты оның иілген бөлігімен қасық тәрізді тәрелкіден алып деу өте ыңғайлы болғанымен, сырттай қарағанда әдемі көрінбейді.
Тәжірибеде үстел басында тамақ ішудің екі түрі бар:американдық - яғни тауық немесе еттің үлкен түйірін пышақпен кесіп алғаннан кейін шанышқыны сол қолдан оң қолға ауыстырылады.
Ет немесе басқа тағамдарды кескенде өзіне қарай бағыттап, кеседі, тек өзі жейтіндей бір түйірден кеседі, бәрін түгел турап тастау әдепсізділікке жатады. Дастархан басында өзін ыңғайсыз жағдайда болудан сақтану үшін баланы кішкене кезінен бастап қасық пен шанышқыны дұрыс ұстауға дағдыландыру керек.
Ұсақ туралған тағамдар шанышқыға ілікпесе, оны қасық тәрізді ыңғайлап алып, тамақты пайдаланамыз. Тамақ ішу кезінде пышақтың өткір бөлігімен тамақты шанышқыға демдейді. Шаншқыны немесе пышақты ұстаған кезде тәрелкеге еңкейтіп ұстайды. Шанышқымен тамақты алғанда пышақпен тамақты үстіне салмайды, тек жай көмекші қимылдар жасайды. Тамақты пышақ пен шанышқының көмегімен жегенде, оларды екі қолымен ұстап отырады, тіпті шанышқыны қолданған кезде де. Бұл құралдарды пайдаланбаған кезде оларды дастарханның үстіне емес, тәрелкенің жанына қояды. Егер тек шанышқының қолдансаңыз, пышақты сізге кедергі болмайтын жерге, тәрелкенің оң жағына қояды.
Егер дастархан да үзіліс болса, онда асханалық құралдарды тәрелкенің үстіне қайшыландырып қояды: пышақты - өткір жағымен солға, шанышқыны
-дөңес келген шығыңқы жағын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың музыкалық фольклорын ұйымдастыру
Салтанатты мереке, тойлар
Ұлттық салт- дәстүрлерін көмекші мектепте оқу- тәрбие үрдісінде пайдалану
Халықтық педагогика идеяларының жанұя тәрбиесіндегі психологиялық негіздері
Қазақ халқының салт-дәстүрлері жайында
Жылқы малына байланысты тілдік единицаларды “ғаламның тілдік бейнесі” теориясы тұрғысынан зерттеу
Жасөспірім және заң туралы
Халықтың тәрбиелік дәстүрлері
Қазақтың ұлттық салт – дәстүрлері туралы ырымдар
Қытайдағы қазақтардың отбасылық әдет-ғұрыптары
Пәндер