Сауат ашу теориясы
КІРІСПЕ
1. Сауат ашу теориясы
1.1 Сауат ашу кезеңдерінің бөлінуі
1.2 Сауат ашу барысында жазуға қойылатын талаптар
1.3 Cауат ашу кезеңінде баланың тілі мен ойын дамыту
2. Сауат ашу кезіңде колданылатын көрнекі құралдар
2.1 Оқу және тіл дамыту методикасы
2.2 Сауат ашу кезінде жүргізілетін оқу.тәрбие жұмыстары
2.3 Сауат ашу кезеңінде баланың тілі мен ойын дамыту жұмыстары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Мемлекеттік тілді оқытудың мақсаты – оқу өзге тілде жүретін мектеп оқушыларының бастауыш мектепте қазақша қарым – қатынас тілінің негіздерін игеруіне, дұрыс оқып, дұрыс жазуға машықтануына яғни, тілдің орфографиясы мен орфоэпиясының заңдылықтарын түсіндіруге бағытталады. Негізгі мектепте бала бастауышта алған білімін жалғастырып, білім мазмұнын «қоршаған орта» тақырыптары арқылы толықтырып, грамматикадан алған білімдерін тәжірибеде дұрыс қолдануға дағдыланады. Жоғары сыныптарда тілдік конструкцияларды сөйлеу әрекетінде еркін қолдану, тілдің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік құрылымын, стилистикалық ерекшеліктерін танып, оны теориялық жүйелеу мен өз бетінше сөздік қорын байыту әрекетін қамтамасыз етуі қарастырылады. Аталған мақсаттарды іске асыру үшін алға қойылатын міндеттер: оқушыларға сөйлесу әрекетінің түрлерін күнделікті қарым – қатынас деңгейінде меңгерту.
Мемлекеттік тілдің өз қызметін толық атқаруы үшін Қазақстанды мекендейтін халықтардың ол тілді үйренуі, білуі, оқуы, оны мейлінше сыйлау – парыз. Еліміз көп диаспоралы мемлекет болғандықтан, басқа ұлттарға қазақ тілін үйрету үшін қазақ тілінің мамандары оларға үлкен көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс. Оқушылар көрнекілікке назар сала, бақылай отырып, оның мазмұнын ашатын мағлұматтарды өз беттерінше жинақтайды. Мұғалімнің міндеті – бақылаған кезде неге мән беру керектігіне бағыт беріп отыру. Көрнекілікті пайдалануға қазақтың ұлы педагогы Ы. Алтынсарин да зор көңіл бөлген.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттін дәстүрлі мұрасымен қауырт даму жолына түсуі, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы халыққа білім беру жүйесінде, оның ішінде бастауыш және орта мектептегі оқу - тәрбие процесіне қойылатын талаптарды күрделендіре түсті.
Қазіргі жалпы білім беретін мектеп жан – жақты дамыған.
Әрбір жеке тұлғаның бойындағы жетістіктің де олқылықтың да негізі бала кезде, оның ішінде бастауыш мектепте берілетін білім мен дағдыға байланысты болатыны белгілі.
Тіл дамыту жұмысын мектептерде белгілі бір жүйемен жүргізу қажеттілігіне, балалардың ойын ауызша, жазбаша білдіруге үйретудің маңыздылығына ағарту ісінің көптеген қайраткерлері (Ф.И. Буслаев, К. Д. Ушинский, Н.А. Корф. және т.б.) аса мән берген.

1. ҚР Білім туралы Заңы. Астана. 2004 жыл.
2. Н. Ә. Назарбаев «Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек» // «Егемен Қазақстан». 31 тамыз. 2000 жыл.
3. Аханов Қ. «Қазақ тілі» оқулығына нұсқау. – Алматы, 1975. – 52 б.
4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – 1990. – 448 б.
5. Балақаев М., Серғалиев М. Оқулық. - Алматы: Зият Пресс, 2004. - 140 б
6. Басымов Қ.А. Грамматиканы оқыту жөнінде // Ауыл мұғалімі, 1938. - №4, июль, - 26-27 б.
7. Кәтенбаева Б. Қазақ тілінен методикалық нұсқау. – Алматы, 1993
8. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы, 1988. – 240 б.
9. Қазақ тілінің оқу бағдарламалары. – Алматы, 1995. – 25 б.
10. Бастауыш мектеп. Журнал № 7. 2011 жыл
11. Қазақстан мұғалімі 16 сәуір. 2008 жыл.
12. Бастауыш мектеп. Журнал №1. 2012 жыл
13. Бастауыш мектеп. Журнал №9. 2001 жыл.
14. Рахметова С. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың ғылыми - әдістемелік негіздері: педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авторефераты. - Алматы: 1994
15. Сауранбаев Н. Ана тілін оқыту туралы // Халық мұғалімі, 1941. - №11. – 6-8 б.
16. Г.И. Уайсова, А.Е.Жұмабаева «1 сынып Сауат ашу». Оқулық «Алматыкітап баспасы» 2012ж.
17. Бабаев С.Б. «Бастауыш мектеп педагогикасы» Алматы, Нур-пресс, 2007 ж.

Мемлекеттік тілді оқытудың мақсаты - оқу өзге тілде жүретін мектеп оқушыларының бастауыш мектепте қазақша қарым - қатынас тілінің негіздерін игеруіне, дұрыс оқып, дұрыс жазуға машықтануына яғни, тілдің орфографиясы мен орфоэпиясының заңдылықтарын түсіндіруге бағытталады. Негізгі мектепте бала бастауышта алған білімін жалғастырып, білім мазмұнын қоршаған орта тақырыптары арқылы толықтырып, грамматикадан алған білімдерін тәжірибеде дұрыс қолдануға дағдыланады. Жоғары сыныптарда тілдік конструкцияларды сөйлеу әрекетінде еркін қолдану, тілдің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік құрылымын, стилистикалық ерекшеліктерін танып, оны теориялық жүйелеу мен өз бетінше сөздік қорын байыту әрекетін қамтамасыз етуі қарастырылады. Аталған мақсаттарды іске асыру үшін алға қойылатын міндеттер: оқушыларға сөйлесу әрекетінің түрлерін күнделікті қарым - қатынас деңгейінде меңгерту.
Мемлекеттік тілдің өз қызметін толық атқаруы үшін Қазақстанды мекендейтін халықтардың ол тілді үйренуі, білуі, оқуы, оны мейлінше сыйлау - парыз. Еліміз көп диаспоралы мемлекет болғандықтан, басқа ұлттарға қазақ тілін үйрету үшін қазақ тілінің мамандары оларға үлкен көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс. Оқушылар көрнекілікке назар сала, бақылай отырып, оның мазмұнын ашатын мағлұматтарды өз беттерінше жинақтайды. Мұғалімнің міндеті - бақылаған кезде неге мән беру керектігіне бағыт беріп отыру. Көрнекілікті пайдалануға қазақтың ұлы педагогы Ы. Алтынсарин да зор көңіл бөлген.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттін дәстүрлі мұрасымен қауырт даму жолына түсуі, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы халыққа білім беру жүйесінде, оның ішінде бастауыш және орта мектептегі оқу - тәрбие процесіне қойылатын талаптарды күрделендіре түсті.
Қазіргі жалпы білім беретін мектеп жан - жақты дамыған.
Әрбір жеке тұлғаның бойындағы жетістіктің де олқылықтың да негізі бала кезде, оның ішінде бастауыш мектепте берілетін білім мен дағдыға байланысты болатыны белгілі.
Тіл дамыту жұмысын мектептерде белгілі бір жүйемен жүргізу қажеттілігіне, балалардың ойын ауызша, жазбаша білдіруге үйретудің маңыздылығына ағарту ісінің көптеген қайраткерлері (Ф.И. Буслаев, К. Д. Ушинский, Н.А. Корф. және т.б.) аса мән берген.
Қазақ бастауыш мектептерде оқыту ісінің негізін қалаған ағартушы ғалымдар (Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынұлы және т.б.) әдістемелік еңбектерінде оқушылардың сауат ашу кезеңінде сөздік қоры мен сөйлеу дағдысын қалыптастыруға баса назар аударды.
Сауат ашу кезеңіндегі оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту мәселелері Т. Шонанұлының, Ж. Аймауытовтың, М. Жұмабаевтың еңбектерінде қозғалды. Кейінірек қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеушілер Қ. Жұманов, Ғ. Бегалиев, С. Жиенбаев, Ш. Сарыбаев, И. Ұйықбаев т.б. сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту жұмыстары әдістемесін арнайы зерттеу объектісі ретінде талдамаса да, өз еңбектерінде бұл мәселеге тоқталып өтті.
Сондықтан бүгінгі таңда бастауыш мектеп оқыту жүйесінде мынадай қайшылықтар бар екені анық байқалады:
- Қазақстан Республикасының жаңадан қабылдаған Бастауыш білім беру тұжырымдамасына сәйкес бастауыш сыныпта меңгерілген білім, білік, дағдылардың деңгейіне қойылатын мемлекеттік стандарт талабы мен бұрынғы оқу бағдарламаның арасында;
- Сауат ашу кезеңінде оқушының тілін дамыту жұмыстарын тиімді әдістемемен қамтамасыз ету қажеттілігі мен оның іс жүзілік тұрғыда жасалмауы арасында;
Зерттеу объектісі - бастауыш мектеп оқушыларының тіл дамыту процесі.
Зерттеу бұйымы - сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту әдістемесі.
Зерттеу мақсаты - сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту жұмысының әдістемесін ғылыми тұрғыдан негіздеп жасау және оның тиімділігін, сауат ашу кезінде қолданылатын көрнекілік құралдарды анықтау.
Зерттеу болжамы - Сауат ашу барысындағы тіл дамыту әдістемесі оңтайлы жасалса, онда оқушының дүниетанымын кеңейтумен бірге оз ойларын жүйелі түрде баяндауға, байланыстырып сөйлеу дағдыларын берік қалыптастыруға мүмкіндік береді.
1. Сауат ашу теориясы
Сауат ашудың негізгі мақсаты -- оқу, жазу дағдысының негізін қалау; балаларды тындауға, оқуға, жазуға үйрету, балаларда сөздің дыбыстык, құрылысы туралы түсінік қалыптастыру, әріп таныту, әуелі буындап, сонан соң тұтас сөзді, сөйлемді, мәтінді оқуға үйрету, сауатты жазу негізін қалыптастыру, өз бетінше оқуға, кітапқа қызығушылығын ояту, ауызша диалогтық және монологтық сөйлеуін дамыту.
Қандай пән болмасын оны оқытудың ойдағыдай іске асуы сауат ашу жұмысының нәтижесіне байланысты. Сондықтан бір жылда ма, екі айда ма, үш айда ма әйтеуір оқушы толық сауаттанып шыққанда ғана сауат ашу әдістемесінің мақсатына жеткені деп есептеуге болады.
Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негізіне олардың жасалуы тіл білімінің басты бір саласы -- фонетика болып табылады.
Адам баласының тілі -- дыбыстық тіл. Тіл дыбыстары -- әрбір тілдің өмір сүруінің тәсілі. Егер сөздер -- дыбыстардың тіркесі ретінде айтылмаса, онда тілдің өзі: 1) қатынас құралы; 2) пікір алысу құралы; 3) танымдық құрал; 4) ойлау құралы болмас еді.
Тілдің дыбыстық жағы оның замандар бойы өмір сүруіне, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыруына мүмкіндік жасады.
Тілдің дыбысталу жағы -- сөздер мен грамматикалық тәсілдердің өмір сүруінің формасы болып табылады. "Сөздік пен грамматикалык құрылыс тілдің мазмұнын құрайды да, дыбыстық жағы оның материалдық жамылғышын", оның физикалық формасын құрайды деуге болады.
Тіл дыбыстары сөз ішінде айтылады. Бірақ белгілі дыбыс арнаулы бір сөздің құрамында қолданылуымен шектеліп қалмай, одан белгілі дәрежеде оңашаланып, абстракцияланады. Бұған дәлел -- дыбыстардың барлық сөздерде кездесетіндігі.
Тілдегі лексикалық, грамматикалық кұбылыстар тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық күбылыстармен әрдайым байланыста, карым-қатынаста, яғни бір дыбыс тірекесімен айтылады.
Сонымен тілдің барлык жағдайларында және қызметінде көрінетін дыбыстық құрамдары мен тәсілдерін және тілдің дыбысталу түрі мен жазба түрінің арасындағы байланыстарды фонетика зерттейді. Фонетика лексикамен, грамматикамен, морфологиямен, синтаксиспен байланысты болады.
Мектепте дұрыс оқыту, дұрыс жаздыру әдістемесінің көптеген мәселелері фонетикаға негізделеді.
Сауаттылыққа үйрету тілдің жазба түрі мен ауызша түрінің арасындағы айырмашылықтар мен күрделі байланысты бірдей ескерген жағдайда ғана нөтижелі болмақ. Тілдің орфографиясы мен орфоэпиясына қатысты алуан түрлі мәселелерді оқып меңгеру -- ең алдымен, тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғаты мен фонетика заңдарын жете білуді кажет етеді.
Бұрын жазуы болмаған халықтардың алфавиті мен графикасын жасау, сондай-ақ бұрыннан жазуы бар халықтардың орфографиясын өңдеп жетілдіру мәселелері фонетикаға негізделе отырып шешіледі. Тілдің орфографиялык нормасы да фонетиканың басты мәселелерінің бірі болып салады.
Шет тілді оқып үйрену де, ең алдымен, сол тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғатын танып білуден басталады. Шет тілді оқытуда ондағы дыбыстардағы ерекшеліктер ана тіліндегі дыбыстармен салыстырыла үйретіледі. Шет тілді оқытуда да фонетика әдістерін колданады. Бұл әдіс шет тілдегі дыбыстар мен сөздердің, сөз тіркестерінің айтылуын үйретіп, саналы түрде меңгерту үшін, шет тілі мен ана тілінің артикуляциясын бір-бірімен салыстырып отыруды басшылыққа алады.
Фонетика ғылым ретінде жалпы және жеке фонетика болып бөлінеді. Жалпы фонетика жалпы тіл білімінің бір саласы ретінде адамдардың сөйлеу аппаратының дыбыстық мүмкіндігін айқындайды, тіл дыбыстарының классификациясын, принциптерін белгілейді.
Қазақ тілінде 38 дыбыс бар. Олар дауысты,дауыссыз болып, екіге бөлінеді. Бұлайша болу дыбыстардың буын құрау кызметіне негізделеді. Қазақ тілінде 13 дауысты дыбыс буын құрайды да, 25 дауыссыз дыбыс буын құрай алмайды. Дауыстылар: а, о, о, о, е, ы, і, ү, ү , е, э, и, у. Дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ. "У" дыбысы дауыстыдан кейін келсе, буын құрай алмай, үнді дыбыс болады (бау, тау т.б.); ендеше, "у" бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс қызметін атқарады.
Дыбыстарды дауыстылар, дауыссыздар деп топтастырғанда балаларға әсіресе олардың акустикалық жақтары мен физиологиялық жақтары баса үйретілуі қажет.
Физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда, дауыстыларды айту үстінде ауа: 1) кедергіге ұшырамай, тосқауылсыз, еркін шығады; 2) дыбыстау мүшелеріне күш түспей, лепсіз, бірқалыпты шығады; 3) созып айтуға келеді. Ал дауыссыздарды айтқанда ауа: 1) кедергіге ұшырайды; 2) тосқауылдан өту кезінде дыбыстау мүшелеріне күш түседі де, ауа лап етіп шығады; 3) созып айтуға келмейді.
Дауыстылар мен дауыссыздардың жасалуын Бодуэн де Куртенэ: дауыссыз дыбыста қысым -- дыбыстау аппаратының бір ғана мүшесіне түссе, дауыстыда бүкіл дыбыстау аппаратына жайылады да, жалпылама өтеді -- деп, айқындаған болатын.
Сөйтіп, тіліміздегі дыбыстарды дұрыс айтып үйрену -- сауат ашу кезіндегі ерекше көңіл аударатын жұмыс. Мұнда дауыстылар мен дауыссыздар салыстырмалы түрде айтылады, балалар бұл дыбыстардың қалай айтылатынын әрі аңғарады, әрі өздері айтып үйренеді.
Мұғалім тілдің артқы тандайға қарай жайылуы мен бүктеліңкіреп айтылуынан жуан дауыстылар (а, о, ы, ү), тілдің тандайдың алдыңғы жағына жуықтауынан жіңішке дауыстылар (ә, ө, і, ү, е) шығатынымен таныстырады. Әсіресе айтылуы қиындық келтіретін дыбыстар -- дауыссыздар. Тіпті кейбір балалар дыбыстарды мектепке келгенде айта да алмайды (мысалы, "р", "с"). Осыған орай, кейбір дауыссызды айтқанда тілдің ұшы күрек тіспен жымдасып, бірден кілт ажырап кететінін ("д", "т"), кейбіреулері астыңғы еріннің үстіңгі ерінге немесе тіске тиюінен (п, б, м, ф, в), енді біреулері тіл ұшының астыңғы тіске жуысуынан (с, з), ал тілдің артық шенінің жұмсақ таңдайға жуықтасуынан (к, қ, ғ, х), жұтқыншақтың тарылуынан ("һ") дыбысының пайда болатынын байқатып айтқызып балаларды дағдыландырады.
Сауат ашу кезеңінде балалар дыбыстарды айтуға дағдыланумен бірге олардың қалай таңбалатынымен де танысады. Дыбыстардың таңбасын білу, әріптерді үйрену -- сауатты болудың алғашқы баспалдағы. Әріптерді білу арқылы жазуды меңгереді.
Сауат ашу кезінде балалар сөздің дыбыс, буын құрамын меңгереді, сөйлеммен танысады. Буындардан қалайша сөз құрауға болатынын біледі, жаңа сөздер үйреніп, сөздік қорларын байытады, практикалық түрде қазақ тілінің нормасына сай сөйлем кұрастырып, оз ойларын айтып беруге дағыдалана бастайды.
Мұғалім балаларға айтылатын дыбыстарды қағаз бетіне түсіру үшін және оларды оқу үшін бұл дыбыстардың белгілі бір графикалық таңбалармен белгіленетіндігін айтады.
Бірінен кейін бірі рет-ретімен орналасқан өріптердің жиынтығы алфавит деп аталады. Қазақ тілінде орыс графикасы арқылы белгіленген 42 әріп бар. Олар: а, ө, б, в, г, ғ, д, е, е, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, і, ы , ү, ү, о, о, п , р, с, т, у, ф, х, һ, ц , ч, ш, щ, э, ю, я, ь (жіңішкелік белгі), ъ (жуандық белгі). Қазақ тілінде бір таңба екі дыбысты белгілейтін жағдайлар да бар: е, я, ю, у, ц, ч, щ.
Дыбыс тіркестерінің, сөздердің дұрыс айтылу ережелері орфоэпия (гр. Созі огіһоз -- тура, дұрыс, ероз -- сөйлеу) деп аталады.
Қазақ тіліндегі сөздердің айтылуы мен жазылуында аса көп айырмашылык жоқ. Дегенмен сөз ішіндегі және сөз аралығындағы дыбыстардың барлығы бірдей айтылуынша жазылмайды. Үндестік заңына сай, қатар келген екі дыбыс бір-біріне ықпал жасап, өзгеріліп естіледі (түңгі-түнгі, Амангелді- Аманкедді, Жампейіс-Жанпейіс, башшы-басшы, баралмай-бара алмай т.б.).
Оқу-жазуға үйретудің алғашқы кезеңдерінде анық естілетін, созып айтуға келетін және дыбысталуы мен таңбалануы бірдей дыбыстардан құралған сөздер іріктеліп алынады. Балалар сауат ашу кезінде өздері көріп түрған не жазған әріптерінен буын құрай алады. Олар талдау арқылы сөздің қандай буындардан, дыбыстардан құралып тұрғанын ажыратса, жинақтау арқылы дыбыстардан буын, буындардан сөз құрап үйренеді. Дара айтуға және басқа дыбыстармен қосып айтуға ең қолайлы келетін дыбыстар дауыстылар болады, сонан кейін үнді дауыссыздар мен үяң дауыссыздар. Ең қиындары -- қатаң дауыссыздар. Сондықтан да оқу-жазуға үйреткенде ең алдымен дауыстылар, сонан соң дауыссыздарды оқытқан орынды болады. Өйткені сауат ашудың ең алғашқы кезінде балалар бірден екі әріпті біріктіріп оқи алмайды. Алғашқы кезде бала бір-екі әріпті қабылдай алады. Үйрене келе, бірте-бірте жалғас тұрған әріпті де қабылдайды. Бірінші әріптен екінші әріпке көшіп, екі әріпті қосып оқи алатын кезде, созып айтуға болатын дыбыстардың берілгені жөн. Сондай-ақ алғашқы кезде оқуға ұсынылған сөздер буын жағынан да жеңіл (ашык, буын) көбінесе жуан дауыстылар мен созып айтылатын дауыссыздардан құралғаны қолайлы.
Балалар жуан буынды оқып үйрене бастаған кезде, жіңішке буындарды оқуға онша қиналмайды.
Сауат ашу кезінде дыбыстар және буын түрлерімен қатар сөздің құрамындағы дыбыстардың аз-көптігінің де әсері болады. Яғни, алғашқы сабақтарда екі-үш дыбысты сөздер үйретілгені дұрыс. Бірақ казақ тілінде екі-үш дыбысты ашық буыннан құрылған сөздер өте аз. Сондықтан бір-екі сабақтан кейін-ақ бірнеше дыбыстан (өткен әріптердің қайталанып келуі арқылы) құрылған сөздер мен түйық буын қатар өтіледі. Екі дыбысты ашық және тұйық буыннан үдету амалымен үш немесе төрт дыбысты сөздер құрастырылып үйретіледі (Шо-ра, ша-на, ал, ал-ма, ар-ша, Са-ра т.б.).
Сөздің ауыспалы, келтіріңкі мағынада қолданылуы бірде метафора арқылы, бірде метонимия арқылы, кейде синекдоха тәсілдсрі аркылы беріліп отырады. Метафора (гр. -- теі, орога ауысу) -- белгілерінің ұқсастығына қарай, сөз мағынасының ауысуы. Мысалы, орыстың ғылымы, өнері дүниенің кілті (Абай). Метонимия (гр. -- теіопушіа атын ауыстыру) -- заттың не құбылыстың атауы, екінші затқа не құбылысқа белгіленетіні (өзара іргелес, шектес болуына қарай ауысуы). Мысалы, Жүрегім менің қырық жамау (Абай. Синекдоха (гр. -- sупеkdосһа) -- бірге жобалап түсіну. Мысалы, Басың нешеу?
Сөзді үйрену барысында балалар мынадай амалдарға дағдыланулары тиіс: 1) сөздің мағынасын айту;
2) сөзді тағы қандай мағынада қолдануға болатынын айту;
3) осы мағынаны тағы қандай сөздермен білдіруге болатынын айту;
4) сөйлеуде лексикалық құралдарды дұрыс пайдалану;
5) мағына жағынан ұқсас немесе қарама-қарсы сөздердің қолданылуын аңғарту.
1.1 Сауат ашу кезеңдерінің бөлінуі
Дайындық кезеңде бөбектерді бір коллективке ұйымдастыру жұмысына баса назар аударылады. Өйткені 6-7 жасар баланың мектепке оқуға түсуімен байланысты жаңа жағдайға , жаңа адамдарға ( мұғалімге, балаларға) үйрену , олармен қарым - қатынасқа түсу балаларға басында әжептәуір салмақ түседі. Мұнда балалардың барлығы бірігіп, әсіресе бір-бірінен сұрап, анықтау арқылы орындайтын тапсырмалар беру оларды жақындастырады. Сонымен қатар балаларды біріктіруде ойын ерекше рол атқарады.
Дайындық кезеңінде оқуға , жазуға әзірлік жасалады. Мұғалім балалардың білім дәрежесімен танысады; қалай сөйлей алатындары, қандай өлең-тақпақтар білетіндері анықталады.
Бұл кезеңде мынадай жұмыстарға баса көңіл аударылады;
Балалардың сөздік қорын анықтау
1. Балаларға ауызша қысқа-қысқа сөйлемдер құратып, өз ойларын айтып беруге дағдыландыра бастау.
2. Балалардың тіліне , сөйлеу мәнеріне көңіл аудару; тіл мүкістіктері , кейбір дыбыстарды анық айта алмау жақтарын жою бағытында жұмыстар ұйымдастыру.
3. Мұғалімнің және жолдастарының сөзін тыңдай білуге дағдыландыра бастау.
4. Сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы ауызша түсінік беріп, сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа жіктеуге дайындық. .
5. Жазуға дайындық жұмыстары жасалады: партаға дұрыс отыру, қарындаш-қаламды дұрыс ұстау, дәптерді партаға дұрыс қою, сия сорғыш, өшіргішті пайдалану сияқты жұмыстармен қатар балалар дәптердің сызығымен таныстырылады:өздері тік, көлбеу, ирек сызықтар сызып дағдыланады.
Оқушылардың қолын жазуға жаттықтыру үшін мұғалім әріп элементтеріне ұқсас фигуралар жасап, оны оқушыларға сыздырады.
Дайындық кезеңінде балалардың зейін, ерік,қиял т.б ерекшеліктеріне баса назар аударылады.
Бүл кезеңде жүргізілетін жұмыстың ерекшелігінің бірі балалардың мектепке дайындық дәрежесінің әр түрлілігі . осыған орай , жекелеген балаларға қалай ықпал жасау жолдарымен жұмыс түрлері ойластырылады.
Алғашқы сабақтарда балалардың тілімен ойын дамыту жолында алуан түрлі жұмыстар ұйымдастырылады: әңгімелесу, көркем шығармалар оқу, ауыз әдебиет үлгілерін жатқа айту, өлеңдер жаттау,сурет,экскурсия бойынша әңгіме барысында мұғалім өзі қоятын сұрақтарын ойластырады.
Дайындық кезеңде мектеп тәртібі, оқу құралдарымен оқу жабдықтарын пайдалану тәртібін үйретуге ерекше көңіл аударылады. Кеспе әріптердің кассасын жасату және оны пайдалану жұмыстарына жаттықтыру да осы кезеңде іске асырылғаны жөн. Өйткені әріп таныту кезеңінде балаларға қойылатын талап тым көбейіп кетеді де олар үлгере алмай қалады. Дайындық кезеңіндегі сабақтардың жүйесін былайша көрсетуге болады: Сөйлем және сөз тақырыбына арналған сабақ( ауызша) .
1. Мұғалімнің ертегі айтып беруі, әңгіме оқып беруі.
2. Айтылған ертегі немесе оқылған әңгіме бойынша сұрақ-жауап түрінде әңгімелесу.
3. Тыңдағандарын оқушылардың өздеріне айтқызу.
4. Әңгімені сөйлемге ажырату.
5. Сөйлемдердегі сөздерді табу.
6. Ертегідегі немесе әңгімедегі ең қызық суреттелген жерлерді балаларға айтқызу. Ертегіні диалог түрінде ролге бөліп айтқызу.
Сөз және буын тақырыбы бойынша сабақ.
1. Әліппенің алғашқы беттеріндегі суреттер бойынша әңгіме жүргізу .
2. Оқушылардың айтқандарын сөйлемге талдау.
3. Сөйлемдерді сөзге талдау.
4. Сөздерді буынға талдау.
5. Сөздің алғашқы немесе соңғы буындарын жауып қойып, оны оқушыларға тапқызу.
6. Әңгімелеген заттардың суреттерін салу немесе пластилинмен жасату.
5.1 Сауат ашу барысында жазуға қойылатын талаптар
Оқушылар жазу ережесін сақтап отырғанда ғана дұрыс жазуға үйрене алады. Жазуға негізінен мынадай талаптар қойылады:
А) әріпті дұрыс жазу, дәптердің көлденең сызығынан ауытқымау;
Ә) әріптердің элементтерін жазғанда ұзынды-қысқалы етпей, тегіс, бірдей жазу;
Б) әріптердің бірін оңға, бірін солға қисайтпай, барлық әріпті бірдей, оңға қарай, сәл көлбете жазу;
В) әріптердің, сондай-ақ сөздердің арасындағы қашықтықты бір қалыпты сақтап(сөздер бір-бірінен м әрпінің көлеміндей қашықтықта болуға тиіс) отыру;
Г) бірте-бірте жазу қарқынын тездете түсу.
Бұл талаптар бастауыш мектептің барлық сыныптарында да жазу жұмысының барысында орындалып отыруға тиіс.
Жазуға кірісерде алғашқы күннен бастап орындалуға тиісті гигиеналық талаптар:
а) дәптер партаның үстіне, баланың кеудесінің қақ ортасына тура келетіндей болып, сәл көлбетіле (оңға 65) қойылады;
ә) бала басын оңға не солға, иықтарын, кеудесін алға не артқа қисайтпай, аяқтарын қатар қойып, алдына түзу қарап отырады Бұл олардың омыртқалары, көкірегі дұрыс жетілу үшін қажет.
б) балалар табандарын еденге еркін басып отырады. Тізені қатты бүкпей, бір аяқты екінші аяқтың үстіне қоймай, аяқтарын я алға, яартқа сілтемей отырғаны дұрыс;
в) партаға көкіректі тіремеу керек. Өйткені бұл тынысты тарылтады, жаңа өсіп келе жатқан кеудені бұзады.;
г) қаламды ұстағанда саусақ қаламұштан үш сантиметрдей жоғары тұратындай болып және қаламның жоғарғы жақ ұшы оң иықтың тұсына дәл келетіндей жағдайда болғаны жөн;
д) жазғанда баланың көзі мен дәптер аралығындағы қашықтық 25-30 см сақталуға тиіс.
Сауат ашу кезінде жазу сабақтарында алалар әріп элементтерін немесе жекелеген әріптерді жазғанда ұзақ уақыт жазып отырмауын қадағалау керек. Өйткені ұзақ уақыт бір-екі элементті немесе бір әріпті жаза берсе, бала шаршайды да, сабаққа зейін қоюдан қалады, сондықтан үш- бес минут жазғаннан кейін қолдарына демалыс беріп, сонан соң құрамында үйреніп отырған әрпі бар сөздерді жазуға көшкені дқрыс.
Жұмыс түрі өзгергенде балалар да оған зейін қоя бастайды.
Сауат ашу барысында балалар сөздер мен сөйлемдерді естерінде ұстап жазуға үйренулері қажет.Ол үшін айтылуы мен жазылуының арасында ешбір айырмашылық жоқ сөздер алынады және бұл кезде әріптердің таңбасы арқылы берілген сөздер мен сөйлемдерді көшіріп жазу ұсынылады, ал сауат ашу аяқталғаннан кейін, баспа таңбалы әріптер жазылған текстер көшіртіледі. Осы жұмыстардың бәрінде де оқушылар жазуға кіріспес бұрын сөздер дыбысқа, буындарға талданады.

а) әріпті дүрыс жазу, дәптердің көлденең сызығынан ауытқымау;
о) әріптердің элементтерін жазғанда ұзынды-қысқалы етпей, тегіс, бірдей жазу;
б) әріптердің бірін оңға, бірін солға қисайтпай, барлық әріпті бірдей, оңға қарай, сәл келбете (45) жазу;
в) әріптердің, сондай-ақ сөздердің арасындағы қашықтыкты бір қалыпты сақтап (сөздер бір-бірінен м әрпінің келеміндей қашықтықта болуға тиіс) отыру;
г) бірте-бірте жазу карқынын тездете түсу.
Бүл талаптар бастауыш мектептің барлык сыныптарында да жазу жұмысының барысында орындалып отыруға тиіс.
Жазуға кірісерде алғашқы күннен бастап орындалуға тиісгі гигиеналык, талаптар:
а) дәптер партаның үстіне, баланың кеудесінің қақ ортасына тура келетіндей болып, сол келбетіле (оңға 65) қойылады;
о) бала басын оңға не солға, иықтарын, кеудесін алға не артқа қисайтпай, аяқтарын қатар қойып, алдына түзу қарап отырады. Бұл олардың омыртқалары, көкірегі дұрыс жетілу үшін кажет.
б) балалар табандарын еденге (партаның табан тақтайына) еркін басып отырады. Тізені қатты бүкпей, бір аяқты екінші аяктың үстіне қоймай, аяктарын я алға, я артқа сілтемей отырғаны дұрыс;
в) партаға көкіректі тіремеу керек. Өйткені бүл тынысты тарылтады жаңа өсіп келе жатқан кеудені бұзады;
г) қаламды ұстағанда саусақ қаламұштан үш сантиметрдей жоғары тұратындай болып және қаламның жоғарғы жақ үшы оң иықтың тұсына дәл келетіндей жағдайда болғаны жөн.
д) жазғанда баланың көзі мен дәптер аралығындағы қашықтык. 25-30 см сақталуға тиіс.
Сауат ашу кезінде жазу сабақтарында балалар әріп элементтерін немесе жекелеген әріптерді жазғанда ұзақ уақыт жазып отырмауын қадағалау керек. Өйткені үзак, уақыт бір-екі элементті немесе бір әріпті жаза берсе, бала шаршайды да, сабаққа зейін қоюдан қалады, сондықтан үш-бес минут жазғаннан кейін қолдарына демалыс беріп, саусакты жаттықтыру сәті өткізіледі. Сонан соң күрамында үйреніп отырған дыбыс бар сөздер ойлап тауып, талдауға немесе ойын, мысалы, "Қай әріпті жоғалттым" ойнауға болады. Сонан соң ғана жазуға көшкені дұрыс. Жұмыс түрі өзгергенде балалар да оған зейін қоя бастайды.
Сауат ашу барысында балалар сөздер мен сөйлемдерді естерінде үстап жазуға үйренулері кажет. Ол үшін айтылуы мен жазылуының арасында ешбір айырмашылық жоқ сөздер алынады және бұл кезде әріптердің таңбасы аркылы (жазба таңбасы) берілген сөздер мен сөйлемдерді көшіріп жазу ұсынылады, ал сауат ашу аяқталғаннан кейін, баспа таңбалы әріптер жазылған мәтіндер көшіртіледі. Осы жұмыстардың бәрінде де оқушылар жазуға кіріспес бұрын сөздер дыбысқа, буынға талданады.
5.2 Cауат ашу кезеңінде баланың тілі мен ойын дамыту
Соңғы психологиялық зерттеулерге қарағанда бастауыш сынып балаларының өзін теориялық ойлауға, жалпыдан жекеге көшу, заттармен құбылыстардың арасындағы байланысты аңғаруға үйретуге болатыны анықталады.
Егер мектепке оқуға түскен бала әлі заттармен құбылыстардың негізгі белгілерін айыра алмайтын болса, мұның өзі олардың тәжірибесінің аздығынан, білімнің жеткіліксіздігімен шашыраңқылығынан деп түсінген жөн.
Осыған орай, 1-сынып оқушыларының заттар , құбылыстар туралы елестерін анықтап, бір жүйеге келтіру қажет. Бұл жұмыс әуелі әліппеде берілген сөздер арқылы жүргізіледі. Сөздік қорды байыту заттар мен құбылыстар және олардың арасындағы байланыстар жөніндегі елестерді анықтаумен қатар жүріп отыруға тиіс.
1-сынып балалары естігендері, көргендері, кейбіреулері оқығандары жөнінде айтып бере алады. Алайда олардың сөйлемдері нашар, жүйесіз құрылған, белгілі бір жоспармен айта алмайды. Ойы негізгі нәрседен басқаға тез ауысып кетеді. Мысалы: ойынның түрлері жөнінде әңгімелегенде, шешесімен барып, дүкеннен ойыншық сатып алғанына ауысады т.с.с. Егер мұғалім әңгімені дұрыс салаға бағыттап отырмаса, тіл дамыту құр мылжың болып кетуі мүмкін. Мұндағы негізгі міндеттің өзі - балаларды белгілі бір жүйемен сөйлеуге үйрету ғой. 1-сынып оқушылары сурет бойынша сөйлегенде де ұсақ бөліктерге көбірек тоқталады. Мұның өзі де олардың ойының жинақы еместігін көрсетеді. Ал текст бойынша сөйлегенде көбіне сөзбе-сөз айтуға, яғни текстің сөзімен баяндауға тырысады.Бұл құбылыс олардың көбінесе естің жұмысына сүйенетінін байқатады.Сондықтан балаларды ойлауға, сөздерді көре білуге, оның мағынасын ұғынуға үйрету жағына баса назар аудару қажет.
1-сынып оқушысы дыбыстық талдауды меңгеру барысында дыбыстар тобын еркін ұғына алады, негізгі типтік дыбыстарды абстракциялайды, осының арқасында жазуға үйренеді.
Оқуды меңгеру барысында да оқушылар әрбір жеке дыбысты, оның әрпін естерінде ұстау емес, дауысты, дауыссыз дыбыстардың негізгі қасиеттеріне үйренеді. Мұнда балалардың көрнекі-бейнелік ойлауы пайдаланылады.
Оқушылардың тілін дамыту әліппедегі текстер мен суреттер арқылы жүргізіледі. Әліппеде бағана-бағанамен берілген сөздер өмірдің әр саласын қамтиды: балалар мен .үлкендер өмірі, табиғат құбылыстары, баланы қоршаған сан алуан заттар, өсімдіктер, жануарлар дүниесі т.б.
Оқушылар әр топтағы заттармен, олардың қызметімен, неден жасалғанымен танысады. Соңында оларды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz