Шет тілін оқытудың әдістері
КІРІСПЕ
1. ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
1.1 ШЕТ ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕГІ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
1.2 АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕТУ ҚҰРАЛДАРЫ
2. ШЕТ ТІЛІН ЖАЗУҒА ҮЙРЕТУ
2.1 ШЕТ ТІЛІНДЕГІЖАЗУҒА ҮЙРЕТУ КЕЗІНДЕГІ ҚИЫНДЫҚТАР
2.2 ЖАЗУДЫ ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІСТЕРІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Шет тілін оқыту әдістемесі – шет тілін оқыту орындарында оқыту үшін қолданылатын, ғылыми негізделген теория.
Әдістеменің негізгі мәселелері мыналар:
1. Шет тілін оқытудың мақсаттары
2. Шет тілін оқытудың мазмұны
3. Шет тілін оқытудың әдістері мен тәсілдері
4. Әдістеменің басқа ғылым салаларымен байланысы
5. Оқыту құралдары
6. Әдістеменің негізгі қағидалары
Әдістеме педагогика ғылымымен, психология, лингвистка ғылымдарымен тығыз байланысты.
Педагогика – жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу жөніндегі ғылым. Педагогика ғылымында оқыту және оның әдістері негізгі қағида болып табылады. Шет тілін оқытуды үйрену үйрену үшін педагогиканы білу шарт. Педагогиканың бір саласы дидактика деп аталады. Дидактика мектепте оқытудың негізгі жолдарын зерттейді.
Әдістер – дидактиктердің айтуы бойынша, белгілі бір тақырыпты оқытудың жолдары.
Шет тілін оқыту, математиканы, тарихты оқыту әдістемелері сияқты дидактиканың негізгі қағидаларын қолданады және оны байытады.
Мысалы: «көрсету» принципі тұңғыш рет шет тілін әдістемесінде қолданылды.
Қазір ол дидактиканың негізгі принциптерінің біріне айналды және басқа да пәндерді оқытуда қолданылады.
Шет тілін оқыту дегеніміз – оқушыларда, тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу дағдысымен біліктілік қалыптастыру. Егер біз дағды мен біліктіліктің психологиялық мәнін түсінбесек, онда біз оларды қалыптастыра алмаймыз.
Шет тілін оқытуда психологяиның негізгі қағидаларын сөйлеу әрекетіне байланыстыра отырып пайдалану қажет.
Көрнекті психолог Н.И.Жинкин сөйлеу әрекетін зерттейә келіп, сөздер мен оларды мидың кинетикалық орталығы арқылы жүзеге асатының айтты. Мұғалім оқушыны тілге үйрету барысында, тыңдау мен сөйлеудің бар мүмкіндіктерін жасау керек. Екінші тілде сөйлеу дегеніміз – жаңа таңбалы білім алудың жаңа жолдарын игеру деген сөз. Осы жаңа жолды жасау тілді үйренуде маңызды орын алады.

1. Мектептегі шет тілі // Республикалық әдістемелік журнал //– Алматы,
2012.
2. Мектептегі шет тілі // Республикалық әдістемелік журнал //– Алматы,
2013
3. Мектептегі шет тілі // Республикалық әдістемелік журнал //– Алматы,
2010. №1 (43) .
4. http. Bilimdiler.kz/ustaz/agylshyn –tl-sabagynda

Шет тілін оқыту әдістемесі - шет тілін оқыту орындарында оқыту үшін қолданылатын, ғылыми негізделген теория.
Әдістеменің негізгі мәселелері мыналар:
1. Шет тілін оқытудың мақсаттары
2. Шет тілін оқытудың мазмұны
3. Шет тілін оқытудың әдістері мен тәсілдері
4. Әдістеменің басқа ғылым салаларымен байланысы
5. Оқыту құралдары
6. Әдістеменің негізгі қағидалары
Әдістеме педагогика ғылымымен, психология, лингвистка ғылымдарымен тығыз байланысты.
Педагогика - жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу жөніндегі ғылым. Педагогика ғылымында оқыту және оның әдістері негізгі қағида болып табылады. Шет тілін оқытуды үйрену үйрену үшін педагогиканы білу шарт. Педагогиканың бір саласы дидактика деп аталады. Дидактика мектепте оқытудың негізгі жолдарын зерттейді.
Әдістер - дидактиктердің айтуы бойынша, белгілі бір тақырыпты оқытудың жолдары.
Шет тілін оқыту, математиканы, тарихты оқыту әдістемелері сияқты дидактиканың негізгі қағидаларын қолданады және оны байытады.
Мысалы: көрсету принципі тұңғыш рет шет тілін әдістемесінде қолданылды.
Қазір ол дидактиканың негізгі принциптерінің біріне айналды және басқа да пәндерді оқытуда қолданылады.
Шет тілін оқыту дегеніміз - оқушыларда, тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу дағдысымен біліктілік қалыптастыру. Егер біз дағды мен біліктіліктің психологиялық мәнін түсінбесек, онда біз оларды қалыптастыра алмаймыз.
Шет тілін оқытуда психологяиның негізгі қағидаларын сөйлеу әрекетіне байланыстыра отырып пайдалану қажет.
Көрнекті психолог Н.И.Жинкин сөйлеу әрекетін зерттейә келіп, сөздер мен оларды мидың кинетикалық орталығы арқылы жүзеге асатының айтты. Мұғалім оқушыны тілге үйрету барысында, тыңдау мен сөйлеудің бар мүмкіндіктерін жасау керек. Екінші тілде сөйлеу дегеніміз - жаңа таңбалы білім алудың жаңа жолдарын игеру деген сөз. Осы жаңа жолды жасау тілді үйренуде маңызды орын алады.
Шет тілін үйренуде оқушының есте сақтау қабілетінің маңызы зор. Соңдықтан, мұғалім жаңа тақырыпты есте сақтау, есте ұзақ сақтау жолдарын білу керек. Есте сақтау қабілетінде ерікті, еріксіз болады. Бұл проблеманы зерттеген ғалым П.К.Зинченко еріксіз есте сақтау қабілеті бір нәрсені қайталап жаттағанда емес, керісінше осы нәрсе туралы белгілі бір қиындықтарды, мәселелерді талдағанда ғана іске қосылатының айтады. Ол үшін мынадай тәжірибе енгізілген. А тобындағы студенттерге жаттауға сөздер тізімі берілген. Ал Б тобындағы студенттерге сөздер берілмей, оларға ағылшын тілінде мәтін берілген және сөздермен жұмыстың түрлері мен сұрақтары берілген. Келесі сабақта екі топ студенттері бақылау жұмысын жазған, эксперимент Б тобы студенттерінің сөздері есте жақсы сақталғаның көрсетті.
1. ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Психология ғылымы әдістемеге көп көмек көрсетеді. Шет тілін үйренуде ана тілінің орны мен оның шет тілін үйрену кездеріндегі қызметі, әр түрлі дағды мен біліктілік түрлерінің сәйкес келуі, жаңа тақырыпқа арналған әдістер мен тәсілдерді таңдай білу, т.б. психология ғылымының негіздерін білу қажет.
Әдістеме ғылымы жүйке жүйесі физиологиясы ғылымымен де байланысты. Атақты орыс ғалымы Павловтың айтуынша адамның жоғары жүйке жүйесінің қызметі-сөйлеу және ойлау, жүйке жүйесінің ерекше қызметі. Бұл қызмет түрі тк адамда ғана дамыған. Павловтың тероиясы бойынша, дабылдар адамның сезу мүшелері арқылы келіп түседі. Адамның әрекетінің бір түрі - сөйлеу әрекеті.
Әдістеме ғылымы линвистика ғылымымен тығыз байланысты, себебі лингвистиканың негізгі проблемалары тіл мен ойлау, грамматика мен сөздік т.б. әдістемеге де қатысты бар.
Әдістемеде лингвистика ғылымының оқу материалын іріктеудегі зерттеулері негізге алынады. Көптеген атақты лингвистер лингвистика теориясын ғана зерттеп қана қоймай, оларды тілді оқытуда қалай пайдалану керек екендігін де зерттеген.
Шет тілің оқыту әдістемесінің басқа ғылымдар сияқты зерттеу мәселелері бар:
1. Шет тілін өз елімізде, шет елдерде оқыту жолдары
2. Әр түрлі мектептерде алдңғы қатарлы мұғалімдердің тәжірибесін зерттеу және қолдану
3. Тәжірибелер арқылы жаңа әдістемелік тақырыптар енгізу.
Соңғы кезде тәжірибе жасау әдіскерлер арасында кең тараған. Шет тілін оқыту әдістемесінде зерттеу қажет ететін проблема көп. Жаңа оқыту материалдары мен технологиясы жаңа идеяларды, шешімдерді, әдіс-тәсілдерді қажет етеді.
Оқу шет тілінде оқытылған мектептерде ағылшын пәнінің білімдік, тәрбиелік мақсаттары басқа пәндермен байланысты жүргізіледі.
Пән аралық байланыс 2 бағытта іске асырылады.
1. Шет тілінің орыс тілі және қазақ тілі грамматикасымен ұқсас жақтары және айырмашылықтары түсіндіріледі.
2. Оқушыларға тарихқа, жағрафияға, әдебиетке, еңбеккке қатысты мағлұматтары бар мәтіндер ағылшын тілінде беріліп оқытылады.
Осының нәтижесінде сабақта оқушылар аталған пәндерге қатысты материалдарды ағылшын тілінде сапалы түрде ұғып, сөздерді қатесіз айтуға, сауатты жазуға үйренеді.
Ағылшын пәні басқа өзге пәндермен тығыз байланысты, сондықтан мұғалім өзара байланыстыра өткізуге қолайлы тақырыптарды алдын-ала іріктеп, анықтап алады. Өйткені 2-ші тілді үйретуде жүргізілетін сөйлеу әрекеті тіл пәнің басқа пәндермен байланыстыруда үлкен қызмет атқарады.
Пәндердің бір-бірімен байланысы төмендегідей ағылшын тілі, ағылшын әдебиеті пәні мен мәтіндер арқылы байланыстырылады. Мұнда сабақ сайын өткізілетін көркем тілмен жазылған оқу материалдары (әңгіме, ертегі, мақал-мәтел т.б.) оқушының лексикалық сөздік қорларын молайтып, тілдің грамматикалық құрылымын жетілдіреді, байланыстырып сөйлеуге дағдыландырады.
Көркем шығармалар мазмұныңдағы ұлттық дәстүр, салт-сана, тәлім-тәрбиені сипаттайтын материалдарды ағылшын тілі сабақтарында дидактикалық материал ретінде пайдаланылады. Ағылшын тілі, қазақ тілі және орыс тілі пәндері тығыз байланысты бірлікте өткізіледі.
Ағылшын тілінің дыбыстық жүйесі мен орыс тілінің дыбыстық жүйесі, септік жалғауларының кейбір ұқсастықтары да айтылады. Сондай-ақ, оқушы өзінің үйренген сөздерін ағылшынша айтып, сөздік қорын байытып, тіл байлығын арттырады, ауызша сөйлеу тілі дамиды, тілдік білімі жетіледі,оқығаның, түсінгенің ағылшынша айту дағдысы қалыптасады.
Ағылшын тілі мен дүниетану пәндері арасында адам мен қоршаған орта, табиғат, өсімдіктер, жануарлар, аңдар, туған ауыл еңбектері, мамандық, халықтар достығы туралы әңгімелер, ертегі, мақал, жұмбақ, жаңылтпаш ағылшын тілінде оқылып, түсінбегендерін ағылшынша айтатын болады.
Ағылшын тілі мен математика пәні бойынша математикалық ұғымдар мен есептеуге байланысты сөздерді үйрету арқылы оқушының сөздік қоры молаяды. Мысалы: сандарды ағылшынша білу, қосу, көбейту, алу сан есімнің түрлеріне байланысты сөз тіркестерін, сөйлемдерді ағылшынша айтып дағдыланады.
Ағылшын тілі мен бейнелеу өнері арасындағы байланыс арқылы табиғат, ұлттық өнер бояулары, өрнек, сәндік бұйымдарын айтуға қолданылатын сөз және сөз тіркестері оқушының сөздік қорын молайтып, байланыстырып сөйлеуге дағдыландырады. Әсіресе, көп көңіл бөлетін жайт - ағылшын тілінде айтылатын сөдерге екпінді дұрыс түсіріп айту, адамдардың көңіл күйін, қуанышын, ренішін білдіретін сөздерді дұрыс дауыс ырғағымен айта білу.
Ағылшын тілі мен еңбек пәні арасындағы байланыс бұйымдардың көркемдігін, қажеттілігін, пайдасын, тиімділігін ағылшынша жеткізе білуден, ұлттық еңбек түрлері: ыдыс-аяқ, тағам әзірлеу киім тігу, т.б. байланысты сөздерге жасағаннан туындайды. Білім берудегі негізгі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, іскер, өзіндік ой-толғауы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жанды қалыптастыру болып табылады. Әр тілді оқытуды жүйелеу, жинақтау, танымдық қарым-қатынас жасау сияқты үш түрлі қызметі болады.
Осындай функциялар негізінде оқу процессінде білім мазмұнының тұжырымдамсы жасалынады. Тұжырымдамада тәрбие процессін байыта түсудің, жаңартудың, жетілдірудің мақсаты мен келешектегі даму жолдары анықталып, болжамдар жасалынады.
Атап айтқанда, оқу процессін жаңартудың негізгі ұстанымдарын дамыту, демократияландыру, реалистік шектеу саясаты интеграциялау жатады. Оқу-тәрбиесін жетілдіре түсудің мақсаты мен келешегін ғылыми анықтайтын, болжайтын иделар мен қағиданың ғылыми негізі жинақталады.
Бұл тұжырымдарды жалпы лингвистика, психология, лингводидактика, педагогика әдістемелік зерттеу жұмыстары, жалпы білім беретін мектептердегі басқа да тіл пәнінің идеялары басшылыққа алынады. Мақсаты - шет тілің оқыту арқылы өнегелік және эстетикалық жағынан жан-жақты дамыған, саяси-идеялық жағынан сенімді еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Бүгінгі оқыту процессінде қатынастық бағыт беру арқылы жалпы дүниеге деген көзқарасын қалыптастыру бірінші орында тұр. Осындай мақсаттармен қатар қазіргі кезде шет тілін жаңа әдістемелермен, ұстанымдармен оқыту қажеттілігі туып отыр. Қай тілдің болмасын механизімін үйрену үшін мынадай екі жағдайды ескерген жөн:
1. Сол тілдің жүйесі қалай құрылғаның
2. Ол тәжірибелік жағынан қалай меңгерілуі керек.?
Демек, қазақ тілінің құрылысы сияқты қатынастық тәсілде ұйымдастыру тиімді деп айтуға болады. Шет тілін оқытуда оқу материалдық тұжырымдаманы негізге алу тілдік материалды беруде және оны талдауда оның қызметтік жағын ескеру, білімнің базалық жылжымалы құрамдарын анықтау, оқыту әдістемесі мен тәрбиені интеллектуалды пайдалы және өнімді еңбекпен ұштастыру маңызды.
А.С.Выготский Мектепте оқуға даярлау балалардың алған білім, дағды, біліктерінің ауқымынан зор ақыл-ой үрдістерінің сапасына көбірек тәуелді болады. Сондықтан мұндай сапаға қол жеткізудің аса маңызды жақтарының бірі - балалардың бойында таңымды тудыратын тәсілді қалыптастыру болып табылады, - дейді. Бұл жерде оқушының алдына таңымдық міндеттерді қойып, оның белсенділігін арттыруға бола ма? - деген сұрақ туындайды.
Осы жөнінде К.Д.Ушинский оқушылардың бойында бақылағыштық, танымдық, танымдылық қасиеттерді дамыту үшін көрнекі оқытуды талдау негізінде олар үшін жаңа кейіпкерлер тудыратын, өзіңе таныс заттардың жаңа жақтарын ашатын оқу материалдары мен көрнекі құралды неғұрлым көбірек пайдалануға кеңес береді.
Өйткені, олар бір жағынан оқушылардың ой-өрісін, ауызекі сөйлеу тілін, жазу дағдысын, айналасындағы өмір туралы түсінігін кеңейтеді және оқушының білім деңгейіне сай болғандықтан нәтижелі болады, ал үлгерімі төмен оқушылар ескерусіз қалып қоймай, олардың теориялық білім мен дағдыларын дамытуға әсер етеді.
Көрнекі құралдарды оқушылардың оқу үрдісіндегі рөліне қарай. М.Махмұтов екі топқа бөледі:
1. Заттың бейнелік көрнекі құралы (картиналар, фотосуреттер, диапозитивті суреттер, кино үзінділері, табиғи нысандар, т.б.);
2. Таңбалы көрнекі құралдар (сызбалық көлемді модельдер, сызбалар, картиналар т.б.).
В.Занков: Оқушыларға затты және оның қасиеттерін көрсету бұл - сөзбен көрнекі бейненің оқушының бойында тиісті дәрежесінде қабысуына қол жеткізу деген сөз емес. Егер оқушы құбылыстың қасиетін өзі айыра алса және оған сөзбен өзі сипаттама берсе, онда оның бойында белгілі бір нысан туралы түсінік қалыптасады және қасиеттердің сөздік белгілері нақты образдармен байланысқа түседі, - деп тұжырымдайды.
Оқушылардың бақылауын ұйымдастырудың негізгі әдістемелік ережелері мен тәсілдерін профессор Т.Сабыров былай көрсетеді:
1. Мұғалім оқушылардың бақылауын ұйымдастыру үшін ең алдымен бақылаудың мақсатын, байқайтын нәрселердің мөлшерін немесе көлемін анықтап, жоспарын жасайды.
2. Бақылауда мүмкіндігінше оқушылардың барлық сезім мүшелерін қалыптастыру арқылы нәрселердің неғұрлым көп және әртүрлі қасиеттерін жан-жақты байытқан жөн.
3. Мұғалім бақылау кезінде оқушылардың сараптама мен синтез жасап, нәрселердің негізгі қасиеттерін айыру, топтастыру сияқты ойлау амалдарын қолданып, қорытынды шығаруына басшылық ете білуі қажет.
4. Бақылау кезінде мұғалім өз сөздеріне жұмыс істеуінің арасында дұрыс байланыс болуын қамтамасыз етіп, олардың өздігінен бақылау қабілетін мейлінше дамыту мақсатын көздеуі керек.
4.1 ШЕТ ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕГІ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі ең озық, тиімді әдістерін тәжірибелерін жалғастырып тың жаңалықтар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту қашанда жалғаса бермек. Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру оқушының өзі арқылы, оның іс - әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып жүзеге асырылады. Білім - жолы қиында қастерлі жол. Болашақ жастарды оқыту, тәрбие беру, қазіргі өмір ағысына бейімдеу ұстаз алдында тұрған ең басты міндет. Қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына кәсіби құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда. Кәсіби құзыреттілік - жеке тұлғаның кәсіби іс - әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігімен қабілеттілігінің бірлігі.
Білім берудегі мақсат тек білімді кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру керек екенін баса айтқан жөн. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 29 қаңтар 2011 жыл Қазақстан халқына жолдауында Мен қазіргі заманғы қазақстандықтар үшін үш тілді білу әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты еккендігін айтып келемін. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін- деді.
Олай болса, оқушыны ағылшын пәніне қызығушылығын тудырып дамытуды және жемістің нәтижесін көруді мақсат тұтқан әрбір мұғалім жолдауға жедел үн қосу керек деп білемін. Шетел тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау көру қабілеттерін жетілдіру. Мектептерде жаңа технологиялар арқылы оқыту шет тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады. Шет тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқыту өте маңызды. Қазіргі кезеңде мектептерде ағылшын тілін оқыту дұрыс жолға қойылған. Оқушылардың ағылшын тілін біліп ғана қоймай, оның тарихын, ұлттық мәдениетін білуге көп көңіл бөлінеді. Шетел тілін оқытудағы білімділік мақсаты - шетел тілінде сөйлеуді үйрету, байланыста бола алу мен ортақ тіл табысып, қарым - қатынасты нығайтуға ұмтылу болса, тәрбиелік мақсаты - өзге адамдарды тыңдау мәдениетін қалыптастыру негізінде өз пікірін айта алу және қорғауға үйрету.
Ұстаз шеберлігінің өзегі - тіл байлығымызды дәлірек айтсақ, ойды жүйелеуге қажет сөздік қорының деңгейімен және сөйлеу мәдениетіміз бен сабақтас екендігін байқар едік. Ол үшін ұстаз біріншіден, өзі еркін білетін тілде дәріс беру шарт. Екінші шарт - шәкірт түсінікті тілде сабақ алуы қажет. Демек түсінікті тілде білім беру кәсіби біліктілікті қалыптастырудың қағидалық аксиомасы екендігін әр кез басшылыққа алуға тиістіміз. Шетел тілдері сөздерінің мағынасын түсіндіру мәселесі туралы ғалымдар пікірі 2 топқа бөлінеді.
Бірі ана тілін мүлде қолданбау керек(И. Е. Аничков), олар шетел тілін оқытуды ана тіліне сүйеніп, шетел тілінде сөйлеу дағдыларына нұқсан келтіреді десе, енді біреулері (Л. В. Щерба, Т. Ф. Лапангова) керісінше ана тілінің интерференциясын азайтуға болатынын дәлелдеген. Шетел тілін меңгеру дағдысын қалыптастыруда ана тілін мүлде аластау арқылы емес, ана тілінің интервенциялық ықпалы арнайы әдіс - тәсілдердің көмегі мен жеңген дұрыс, деген пікір айтады. Ағылшын тілін үйрету мынадай тіл дамыту жұмыстары бойынша жүзеге асады.
1. Лексикалық жұмыс.
2. Граматикалық жұмыс
3. Фонеткалық жұмыс.
Тілді меңгеруде ең маңыздысы - лексика. Басқа білім салаларының ішінде лексиканың бірінші орын алу себебі мынада кейбір сөйлеушінің сөзінде граматикалық қателер кездескенімен адамдар арасында қатынас болуы мүмкін. Айтушының не айтқысы келгенін тыңдаушы түсінеді. Лексиканы меңгеру үшін түрлі әдіс - тәсілдер пайдаланылады. Нақты мағыналы сөздерді суреттер, зат, макет арқылы түсіндірген жөн. Абстрактілі мағыналы сөзді түсіндіру үшін аударманы қолдану және тіл көрнекілігі арқылы түсіндіру қажет. Ал тіл көрнекілігі дегеніміз - сөздің мағынасын контекст арқылы, синонимдер мен антонимдер, сөздің құрамдас бөліктерін талдау арқылы түсіндіру. Контексттерде грамматикалық құрылым, ондағы жаңа сөзбен басқа сөздердің барлығы оқушыларға бұрыннан таныс болуы қажет. Сонда оқушының назары жаңа сөздерге аударылады.
Яғни граматикалық материалды түсіндіруде қазақша мысал келтіріп, берілген мысалды ағылшынға аударып, екі тілдегі ұқсастық пен айырмашылықтарға тоқталамын. Содан кейін ағылшын тілінде жасалу жолын(ерекшелігін түсіндіріп өтетін граматикалық материалды бекіту үшін, практикалық жаттығулар көп жасалу керек, мүмкін болса, көбіне оқушылардың өз өміріне байланысты мысалдар келтірген жөн. Оқушыларды міндетті түрде сұрақ қоюға, сұраққа жауап беруге үйрету керек, бірақ ол жаттанды түрде болмауы тиіс. Әсіресе, төменгі сынып оқушыларына сұрақ қою кезінде өзімнің қолданатын әдісіме тоқтала кетейін:
Who? What do(ing)? Where? When?
Мысал: The children are playing in the yard now. - деген сөйлемді алатын болсақ, сөйлемдегі әр сөзге қойылатын арнаулы сұрақтарын анықтап алған жөн. Сонда оқушылар сөйлемдегі артикльдің, жалғаудың көмекші етістіктің орнын ауыстырып алмайды. Қысқасы, грамматикалық материалды өткенде, негізінен, ана тілімен салыстыра түсіндірген тиімді, оның ана тіліндегі біліміне сүйенген жөн. Оқушы бұл тілдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жете білгенде ғана, ол тілді дұрыс та, тез игере алады. Демек шетел тілін оқыту барысында оқушыларды тілдік материалмен таныстырып қана қою жеткіліксіз, оларға оның қалай қолданылатынын көрсетіп, дұрыс айтуға, жазуға, оқуға дағдыландырып төселдіру керек. Ол үшін мен оқушыларға фонетикалық жаттығулар жасатамын. Фонетикалық материалды меңгерту үшін, фонетикалық дағдыларды қалыптастыру және жетілдіру үшін жаңылтпаштар, тақпақтар, өлеңдер жаттатамын. Алғашқы кезде кейбір ұқсастау дыбыстардың айтылуына мән беремін Мысалы, know - білу. now - қазір mouth - ауыз. mouse - тышқан. Т. Б
Қазақстан Республикасының Білім туралызаңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттемелері атап көрсетілген. Соның бірі - білім беру жүйесіне оқытудың жаңа технологиясын енгізу. Осы бағытта оқушылардың ой - өрісі мен дүние танымын кеңейтіп, білім аясының мейлінше өсуіне оқушылардың қабілетіне қарай саралап оқытудың ықпалы зор. Мен өз тәжірибем арқылы сыныптағы оқушылардың білім дәрежесіне қарай топтап оқытудың нәтижелі болатындығына, балалардың сабаққа деген ынтасы, белсенділігі арта түсетініне анық көзім жетіп келеді. Ол үшін сыныптағы оқушыларды білім дәрежесіне қарай 3 топқа бөлемін. Яғни білім толық беске оқитындар - үздік топ, екінші топ - төрттіктер, үшінші топ - үштіктер.
Топқа бөлмес бұрын оқушылардың білім дәрежесі қалай бағалануы керек екендігін түсіндіремін. Яғни 5бағасын алатын оқушылар өз бетінше ізденіп, оқулық пен қатар қосымша әдебиеттер мен жұмыс істеуі керек, ал төрттіктер газет, журнал материалдары мен өз білімін ұштастыра отырып оқулықпен сабақтастыруы шарт, ал оқулық материалын толық меңгеріп, ойын толық жеткізуге шамасы келмесе, қосымша материалдармен ұштастыра алмаса, онда ол оқушы үштіктер тобына кіреді.
Мұндай саралап оқытудың көп пайдасы бар. Әр бала қысқа да нұсқа сөйлеуге үйренеді. Әрбір топтағы бала білуге құмарта түседі, төменгі топтар жоғары топқа өтуге, жоғарғы топ төменгі топқа түсіп қалмауға талпынады. Топқа бөлу кезінде менің оқушыларым алғашқыда өз еркімен бөлінді. Сонан соң оларға білім дәрежесін тексертетін сайыс ұйымдастырдым. Ең жоғары балл алғандар - І, онан төмен жинағандар ІІ және ІІІ топқа кіргізілді. Әр топтың өз басшысы болады, олардың қолында баға қойылатын өз журналы да болады. Ол әр топтағы оқушының білім дәрежесін, әр сабаққа дайындығын көрсететін айна іспетті. Нәтижесінде оқушылардың табиғи қабілеттеріне қызметтеріне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне дарындылық қасиеттерінің ашылуына толық жағдай жасалады. Әр оқушы ұстаздың басқаруы мен дұрыс тапсырмаларды + белгісімен өзі белгілеп отырады. Оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды. Оларды толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшеді. Бұл оқушылар арасында белсенділік туғызады және оқушының мемлекеттік стандарт деңгейінде білім алуына кепілдік береді.
4.2 АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕТУ ҚҰРАЛДАРЫ
Үйрету құралдарына оқу-тәрбиелеу процесін ұйымдастыру мен өткізу үшін көмек ретінде қолданылатын техникалық және техникалық емес құрал - жабдықтар, заттар жатады.
Мұғалім әрбір құралды қайда, қашан , қалай қолдануы және қандай нәтиже жетуге болатынын білгенде ғана құралдың пайдалы қолданылуына қол жеткізе алады.
Үйрету құралдарын топқа бөлу. Орта мектепте қолданылатын оқыту құралдарын мынадай топқа бөлуге болады:
1. Пайдаланылуына байланысты негізгі және қосымша
2. Оқушыға немесе мұғалімге арналған
3. Ақпаратты қабылдау түріне байланысы есту, көру, көріп есту
4. Техниканы пайдаланылуына байланысты техникалық және техникалық емес
негізгі оқыту құралына оқу-әдістемелік кешені: оқулық,мұғалімге арналған оқулық жатады. Бірақ, оқулық пен мұғалім кітабын пайдаланылғанда техникалық оқыту құралдары өте қажет.
Мысалы, 2 және 3 сыныпқа арналған оқу-әдістемелік кешенінде оқулықпен бірге дыбыстық жазба да бар.
Ал 4 және 5-сыныпқа арналған грамматиканы пайдалану ағылшын тілінің дыбысталуының айтылу дағдыларын үйретіп тыңдау және оқуды дамытады. Қосымша оқыту құралдарына компьютерлер мен бейне материалдар жатады.
Сонымен қатар, ағылшын тілі кабинетіндегі барлық құралдар қосымша құрал болып есептеледі.
2-сыныптадағы негізгі құралдарға-бағдарлама, мұғалім кітабы, оқулық, дыбыстық жазбалар, дидактикалық карточкалар жатады.
4-сыныпта- бағдарлама, мұғалім кітабы, оқулық, пластинкалар жинағы, көрнекілік жинағы, көрнекілік құралдар: суреттер, грамматикалық таблицалар, диафильмдер, кинофрагменттер, лингафондық практикум жатады.
5-сыныпта - бағдарлама, мұғалім кітабы, оқулық, пластинка,, көрнекіліктер жатады.
Қосымша құралдарға осы оқу-әдістемелік кешеніне кірмеген, міндетті емес құралдар : транспаранттар, кодоматериалдар, диафильмдер, тарату материалдары, ойыншықтар , т.б.заттар жатады.
1.Бағдарлама - бұл мұалімнің белгілі бір сыныпта жұмыс жүргізу үшін қолданылатын мемлекеттік құжаты. Мұғалім бағдарламаның түсініктемесін ұқыпты оқып,оқытудың мақсаты, мазмұнын біліп алу керек. Мысалы, 1985 жылғы түсініктемеде оқыту ауызша түрде жүргізіледі деген.
Бағдарламада оқушылардың сыныпта өзіндік жұмыс жүргізуін, олардың сыныпта тыс жұмытарына көңіл бөлінеді. Егер бағдарламада тіді оқыту бағыты өзгерсе, онда оқыту әдістемесі де згеруі тиіс.
Түсініктемеден кейін бағдарламаның өзі беріледі, онда оқытудың тақырыптары(үлгі) және оқытудың түрлеріне қойылатын талаптар көрсетіледі.
2. Екінші маңызды құрал - мұғалімге арналған кітап. Бұл оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнын беретін құрал. Жұмысқа кіріспес бұрын, мұғалім сабақ жүргізуге қажетті қағидаларды анықтап білуге тиіс. Сабақтың мақсаты мен мазмұнын анықтағаннан кейін, қандай құралман жұмыс жасайтындығын анықтакп алады. Құралдардың керегін таңадап, болмаса өз бетімен әзірлеуі тиіс. Содан кейін мқғалім кітаптың түгел мазм ұнымен түгел танысыуы керек. Онда әр тоқсандағы жоспар құрады. Мұғалімдік кітапты әр ұстаз әр түрлі жүргізеді. Мысалы, кейбіреулер бұл кітапты пайдаланбайды, сабақ жоспарын өздігінше құрады. Басқалары кітапты қолданғанда өзгертулер енгізеді. Бұл дұрыс емес. Немесе кітапты қолданып бәрін кітаптағыдай әзірлейді де, белгілі бір сабақтың ерекшеліктерін ескермейді. Бұл да толық дұрыс емес.
Кітапты қолданудың ең дұрыс түрі - оны толықтырып, сынып оқушыларының ерекшелігі мен қабілетін ескеріп, жоспар жасау. Оны тәртіппен кітап толықтырылса, оқытудың негізгі құралдары таңдалады.
3. Оқулық - ағылшын тілін оқытудың негізгі құралы. Ол белгілі бір сыныпқа арналған оқу-әдістемелік кешенінің жүйесін қалыптастырады.
Мысалы, 4 немесе 2 - сыныпқа арналған оқулықта оның ауызша оқуға негізделгені көрсетілген. 4-сынып оқулығының бірінші бөлімі ауызша кіріспе бөлім суреттерімен берілген. Ал 2- сыныпта тапсырмалары бар суреттермен берілген және қосымша дыбыстық жазбалары бар.
Оқулықтың негізгі бөлігі бөлімдерден (Units) тұрады. әр сабақтың құрылымы сөйлеуге үйретуді қалыптастыру жолдарын көрсетеді. Мысалы, 2-сынып оқулығындағы әр Units-тің бірінші бөлігі ауызша сөйлеуге арналған (Look and say), екінші бөлігі оқуғ (Read), үшінші бөлігі жазуғ (Write), ал төртінші бөлігі үй тапсырмасына (Home work) арналған.
Мұғалім оқушыны кітаппен таныстыруы керек: белгілерді түсіндіріп, сөздікпен жұмыс істеуді үйрету. Оқушы кітабын жақсы пайдалана білсе, ағылшын тілін өзіндік оқуға мүмкіндік болады.
4.Оқуға арналған кітап ағылшын тілін оқуға үйренуге арналған құрал. Үйге тапсырмалар беру өте қажет. Қосымша мәтіндерді оқу тәжірибелік, тәрбиелік, ағартушылық, дамытушылық бағыттарымен берілген. Оқу мәтіндерінің ерекшеліктері оқуға қызықтырады, сол үшін оқудың тұрақтылығын және оны бақылауды сақтау керек. Мәтіндердің әдістемелік ерекшеліктері бар., олардың соңында тапсырмалар мен сұрақтар беріледі.
5. Дыбыстық жазба (таспа). Шет тілін оқытуда дыбыстық жазбаның орны ерекше. Ол оқу құрамына кіреді және елтанушылық, лексикалық мәтіндер арқылы немесе әртүрлі диалогтар түрінде беріледі.
Ағылшын тілінде оқыту құралдары
Оқыту құралдары
Оқушыларға арналған
Мұғалімге арналған
1.Оқытудың негізгі құралдары
1. Оқулық
2.Оқуға арналған кітап
3.Оқытуды тыңдау-көру құралдары - сурет жинағы,диафильм,аппликация,диапозит ив,кинофрагмент, үн таспа,лингофондық практикум,дыбысты үй тапсырмасы үлестірмелі материал.
1.Бағдарлама
2.Оқулық
2.Оқытудың көмекші құралдары
Кодоскоп. Ойыншықтар,суреттер, карточкалар,сөздіктер, оқушыға арналған көмекші кітаптар
Әдістемелік әдебиеті: Шет тілі орта мектеп
журналы
2. ШЕТ ТІЛІН ЖАЗУҒА ҮЙРЕТУ
2.1 ШЕТ ТІЛІНДЕГІЖАЗУҒА ҮЙРЕТУ КЕЗІНДЕГІ ҚИЫНДЫҚТАР
Жазуға үйрету
Мақсаттары
Міндеттері
Жазбаша
Жаттығулар
Дайындық
Тілдік
Орфографияға үйрету
Каллиграфияға үйрету
Графикаға үйрету
Қағидалары
Жазу - ағылшын тілін оқытудағы қиын және маңызды іскерлік, жазу арқылы оқушылар ағылшын тіліндегі әріптерді, дыбыстарды қолдануға үйренеді, сөз қорын кеңейтеді, сөйлеу, оқу, тыңдап түсіну іскерліктерін дамытады. Жазу іскерлігіне коллиграфия, орфография және шығарма кіреді. Жазу өте қиын іскерлік болғандықтан, оны төмендегі бірліктерді дамыту арқылы үйрету керек:
1) Ағылшын әріптерін жаза алу біліктілігі
2) Дыбыстарды әріптерге немесе әріптер қосындыларына өзгерте алу біліктілігі
3) Сөздердің, фразалардың, сөйлемдердің орфографиясын түзей алу біліктілігі
4) Өздерінің ойларын жеткізу үшін әртүрлі жаттығулар жасай алу біліктілігі
Төмендегідей факторлар жазу біліктілігін дамытуға өте ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz