Шет тілін оқытудың ұстанымдары және мазмұны
КІРІСПЕ
1. ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ҰСТАНЫМДАРЫ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ
1.1 АУЫЗША ЖӘНЕ ЖАЗБАША ҚАРЫМ.ҚАТЫНАСҚА ҮЙРЕТУ
1.2 ВЕРБАЛДЫҚ ЕМЕС СӨЙЛЕУ ҚҰРАЛЫ
2. ШЕТЕЛ ТІЛІН СӨЙЛЕТІП ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕРІ
2.1 СӨЙЛЕТУ КЕЗІНДЕГІ ҚИЫНДЫҚТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ
2.2 ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА ТІЛДІК ІСКЕРЛІККЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1970-1980жж. Лингвистикалық зерттеулерді бағыттылығына себепші болған әдістемелік жағынан радикалдық бетбұрыс шет тілдерде қарым-қатынастың қалыптастыру қыбілеттерінің айқын байқалған прагматикалық бағыттылығында анық көрінеді
Қазіргі әдістемелік ғлымның терминологиялық аппараты келесі категориялармен толықтырылады:
1) сөйлеу қабілеті;
2) коммуникативтік біліктілік;
3) қарым-қатынастың әлеуметтік факторлары;
4) буынды тілдік тұлға.
Аталмыш оқу әдістемелік құралдың негізгі мақсаты –тіл білімнің қазіргі жағдайы мен болашақтағы даму және оқушылардың лингва-мәдени дайындығының деңгейімен сапаға қойылған талаптары туралы түсініктеме беру. Қазіргі тіл білімінің дамуы мен қызмет көрсету саласының күрделілігі мен динамикалығы өзінің субъектілеріне жаңа талап қояды. Мұғалім тек қана өзінің пәнінде оқытудың жекек иновациялық-технологияларын мүлтіксіз білуге тиіс емес, сонымен қатар оның негізінде жаткан заңдылықтыңң мәнін түсіну және олардың бастамасы мен болашақтағы дамуын көру. Аталмыш құрал болашақ ұствз студенттерде шет тілін оқыту теориясы ғылым саласы ретінде және ауызша-жазбаша қарым-қатынастың дамуында, оның оқу үрдісінің құрылу заңдылықтары туралы жалпы түсініктемелерді қалыптастыру. Бұл әдістемелік ғылымның дамуының тілдер иен мәдениеттерді оқыту және зерттеу үрдістерін мәдени аралық порагдималық зерттеулерге ізбасарлық бет бұруымен байланысты өтпелі кезеңінде аса маңызды.
Соңғысы ең табиғилық түрде әдістемелік ғылымның ұғымдық категориялық аппаратының қайта ұғынуын, жаңа тәсілдердің негізін, тілдерге үйретудің құралдары мен амалдарын, мұғалімнің өзіне артылығын функционалды міндетінің спецификасын талап етеді.
Қазір оқытуда алға қойылған мақсаттарды, мазмұн мен нақты жағдайларды ескере отырып, әдістеме пәні оқытудың ғылыми негізделген мақсаты мен мазмұны болып табылатын теориялық және қолданбалы ғылым ретінде түсінуді жалпы көпшілік мойындады. Шет тілді оқыту әдістемесі бірқатар ғылымдармен байланысты және олар анықтаған фактілер мен жасаған заңдылықтарын пайдаланады.

1. Білім туралы Қазақстан Республикасы Заңының ресми мәтіні. 2006 жылдың 15-ақпанына дейінгі нұсқа, 2бас., Алматы «Жеті жарғы», 2006-132б
2. Артемов В.А. Психология обучения иностранным языкам,-М.: Просвещение, 1969
3. Околесов О.П.Системный подход к построению электронного курса для дистанционного обучения // Педагогика.-1999
4. Зимняя И.А. Психология обучения инностранным языкам в школе.-М.: Просвещение, 1991.- 222с.
5. Амандықова Г.Н., Мұхтарова Ш.Е., Баймұқанова Б.С., Бисенғалиева А.Н. Шет тілін оқыту әдістемесі: оқу құралы.-Астана: Фолиант, 2007.-264бет.
6. Имрамзиева С.Д. Ролевая игра на уроках инностранного языка. // Білім ҚазҰПУ. №4(46) Алматы,2009.-С.115-116.
7. Джакупов С.М.Управление позновательной деятельностью студентов в процессе обучения,- Учебное издание.-Алматы,2002.-С.115
2. Артемов В.А. Психология обучения иностранным языкам,-М.: Просвещение, 1969
3. Околесов О.П.Системный подход к построению электронного курса для дистанционного обучения // Педагогика.-1999
4. Зимняя И.А. Психология обучения инностранным языкам в школе.-М.: Просвещение, 1991.- 222с.
5. Амандықова Г.Н., Мұхтарова Ш.Е., Баймұқанова Б.С., Бисенғалиева А.Н. Шет тілін оқыту әдістемесі: оқу құралы.-Астана: Фолиант, 2007.-264бет.
6. Имрамзиева С.Д. Ролевая игра на уроках инностранного языка. // Білім ҚазҰПУ. №4(46) Алматы,2009.-С.115-116.
7. Джакупов С.М.Управление позновательной деятельностью студентов в процессе обучения,- Учебное издание.-Алматы,2002.-С.115
КІРІСПЕ
1970-1980жж. Лингвистикалық зерттеулерді бағыттылығына себепші болған әдістемелік жағынан радикалдық бетбұрыс шет тілдерде қарым-қатынастың қалыптастыру қыбілеттерінің айқын байқалған прагматикалық бағыттылығында анық көрінеді
Қазіргі әдістемелік ғлымның терминологиялық аппараты келесі категориялармен толықтырылады:
1) сөйлеу қабілеті;
2) коммуникативтік біліктілік;
3) қарым-қатынастың әлеуметтік факторлары;
4) буынды тілдік тұлға.
Аталмыш оқу әдістемелік құралдың негізгі мақсаты - тіл білімнің қазіргі жағдайы мен болашақтағы даму және оқушылардың лингва-мәдени дайындығының деңгейімен сапаға қойылған талаптары туралы түсініктеме беру. Қазіргі тіл білімінің дамуы мен қызмет көрсету саласының күрделілігі мен динамикалығы өзінің субъектілеріне жаңа талап қояды. Мұғалім тек қана өзінің пәнінде оқытудың жекек иновациялық-технологияларын мүлтіксіз білуге тиіс емес, сонымен қатар оның негізінде жаткан заңдылықтыңң мәнін түсіну және олардың бастамасы мен болашақтағы дамуын көру. Аталмыш құрал болашақ ұствз студенттерде шет тілін оқыту теориясы ғылым саласы ретінде және ауызша-жазбаша қарым-қатынастың дамуында, оның оқу үрдісінің құрылу заңдылықтары туралы жалпы түсініктемелерді қалыптастыру. Бұл әдістемелік ғылымның дамуының тілдер иен мәдениеттерді оқыту және зерттеу үрдістерін мәдени аралық порагдималық зерттеулерге ізбасарлық бет бұруымен байланысты өтпелі кезеңінде аса маңызды.
Соңғысы ең табиғилық түрде әдістемелік ғылымның ұғымдық категориялық аппаратының қайта ұғынуын, жаңа тәсілдердің негізін, тілдерге үйретудің құралдары мен амалдарын, мұғалімнің өзіне артылығын функционалды міндетінің спецификасын талап етеді.
Қазір оқытуда алға қойылған мақсаттарды, мазмұн мен нақты жағдайларды ескере отырып, әдістеме пәні оқытудың ғылыми негізделген мақсаты мен мазмұны болып табылатын теориялық және қолданбалы ғылым ретінде түсінуді жалпы көпшілік мойындады. Шет тілді оқыту әдістемесі бірқатар ғылымдармен байланысты және олар анықтаған фактілер мен жасаған заңдылықтарын пайдаланады.
Әдістеме байланыстары сан алуан, шартты түрде 3 топқа бөлуге болады. Біріншіден, әдістеме лингвистика мәліметтеріне сүйенеді. Лингвистиканың шет тілдері сабақтарында оқылатын пән де болып саналатын тілді өзінің зерттеу объектісі етіп қарастыратыны белгілі. Әдістеме негізгі лингвистикалық ұғымдармен заңдылықтарды пайдаланды, пайдаланады да, себебі олар оқыту ерекшелігін айқындап отыр. Тек соңғы жылдары лингвистердің адамға сөйлеу қимылдарын жасау қабілетіне дайындығы тұрғысынан тілдік тұлға ретінде қарауы шет тілін оқытудың әдіснамалық негіздерін қайта қарауды қажет етті.
Екіншіден, әдістемеде психологиямен тығыз байланыс бар. Психологияда объект ретінде адам психикасының табиғи, әлеуметтік, нақты тарихи жағдайда психикалық функциясының қызметі мен дамуы ерекшеліктерінің алынатыны белгілі. Бұл заңдылықтарды білу шет тілін оқытумен айналысатын маман адамға білімді, дағды мен шеберлікті меңгерту үрдісін тиімді де нәтижелі құруына көмектеседі.
Осыған байланысты әдістеме үшін мақсатты педагогикалық ықпалдың әсерімен оқушыларда психикалық қасиеттер мен үрдістер функциясының заңдылықтары мен механизмдерін зерттейтін педагогикалық психология мәліметтерінің мәні ерекше. Соңғы уақытта әдістемеде психология мен лингвистиканың тоғысында туған және сөз тудыру (ойды айту) мен сөзді тану (сөзді түсіну) механизмдерін зерттейтін ғылымның жаңа саласы - психолингвистиканың маңызы артып келеді. Бұл әдістемеге шет тілдік сөйлеу қызметінің әр түрлерін оқыту модельдерін жасауға көмектеседі.
Үшіншіден, әдістеме ішінара және жалпы қатынаста лингводидактика мен тәрбие теориясының ортақ қағидаларына негізделеді, себебі лингводидактика мен тәрбие теориясы жалпы оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтарын, ұстанымдары мен ережелерін қалыптастырады, ал әдістеме нақты пәнге, біздің жағдайымызда „Шет тілі" пәні қатысты осы қағидаларды нақтылайды. Дидактика адамның шет тілдік қатынасы қабілеттерінің механизмінің функциясы мен жасақталу қабілеттеріне қатысты заңдылықтарды қалыптастырса, әдістеме осы мәліметтерді нақты оқулықтарда, жаттығулар жүйесінде, оқыту құралдарында, оқу үрдісінде өткереді.
Сөйлеу мен ақпаратты жеткізу үрдістерін зерттейтін басқа ғылымдарға қарағанда лингвистика, психология, дидактика әдістемемен барынша тығыз байланыста. Сондықтан бұл ғылымдар шет тілге оқыту әдістемесіне базалық болып аталады.
1. ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ҰСТАНЫМДАРЫ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ
Нақты оқу үрдісінің маңызды функциясы мұғалім мен оқушылардың, оқушылардың бір-бірімен қарым қатынасын орнықтыратын ерекше түрде құрастырылған қатынас немесе қатынастың ерекше түрі ретінде қарастыру қажет. Оқу үрдісі субъектілерінің бірлесіп келісілген қызметінің үрдісі ретінде көрінеді. Оқушылардың басқа тілде сөйлеу тәжірибесін меңгеруі мен жаңа мәдениет пен ұлттық құндылықтарды тануы осындай қарым-қатынастың нәтижесі болып табылады.Оқытумен тәрбиелеу мақсатында оқытушының оқушыға нысаналы ықпалы туралы 60-70 жылдарда педагогика ғылымының орнына білім берудің жаңа тұлғалық-бағдарлық тұжырымдамасы келді.Білім берудің тұлғалық-бағдарлық бағыты оның мазмұнын түбегейлі өзгертті, онда:
оқушылардың әлеуметтік тәжірибені, яғни қоғамда,нақты социумда қалыпты өмір сүруге қажетті білімдер мен шеберліктерді меңгеруге ықпал етуге;
мектеп оқушысының еркін ойлау қабілетін ынталандыруға;
мектеп оқушысының бойында дүниетанымды қалыптастыруға, тұтас әлем көрінісін жасауға,
өз дамуын саналы жоспарлай білуін,соңғысының динамикасын түсінуге және өз бетінше оқуға үйренуін дамытуға;
оқушының бойында өзіндік дамуына ықпал ететін жеке басының әлем суретінің жасақталуын бақылау құралы ретінде ынта, әдет, жүйелеу білім алу қасиеттерімен қабілеттерінің жүйесін дамытуға тиіс.Шет тілді оқыту жүйесі жалпы білім беру жүйесінің бір элементі болғандықтан жоғарыда айтылғандар оған да қатысты. Тұлғалық-бағдарлық бағыт, оқушының тілдік тұлғасына бағыт ұстау шет тілді оқытудың негізгі ұстанымы болып табылыды.
Оқыту ұстанымдары - оқыту үрдісінің сипатын анықтайтын негізгі қағидалар, олар таңдап алынған бағыт пен сол бағытқа сәйкес жолдардың негізінде жасақталады. Оқытудың айқын жасалған ұстанымдары оқытудың қандай мазмұнын қалай іріктеп алу, қандай тәсілдер мен материалдарды пайдалану туралы мәселені шешуге көмектеседі.
Шет тілді оқытуды оқушының бойында екінші тілдік қасиеттерін қалыптастыруға бағдарлау ұстанымы оның үйреніп жүрген мәтіндік қызметті жүзеге асыру қабілеті мен дайындығын, өзге мәдениет пен социум өкілдерімен тең тұрғыда араласу қабілетін дамыту міндетін өзекті етеді.
Пәнді оқыту жүйесі оқушының тұлғасына, оның нақты сұрақтары мен ынтасына, дамудың социомәдени және жеке бағдарламаларына бағдар ұстанғанда ғана бұл қағиданы өткеру мүмкін болмақ.
Осылайша шет тілді тұлғалық - бағдарлық оқыту мұғалімнің білім беру қызметін, сондай-ақ оқушының тіл үйрену қызметін қайтадан ой елегінен өткізуді қажет етеді. Оқушы оқу үрдісінің басты субьектісіне айналады. Мұғалім оқушыны мазмұнды меңгеруге қызықтыратын ынталандырушы модератор ролінде қалып қимайды, әрі жәрдемші болып табылады.
Оқу үрдісі оқу материалының басымдылығы тұрғысына құрылмайды, оқу-тәрбие үрдісінің субъектісі ретінде оқушының қайнар көзі болып табылады. Осы қағиданы өткеру үшін тәжірибеге мақсатты білім мен шеберлікті жинақтау еме, әр оқушының тұлғасын өзі ұйымдастыртын және өткеретін механизмдерді қалыптастыру болып табылатын технологияны еңгізу қажет. Әңгіме шет тілін оқытудың тілдік аспектілерінің тар шеңберімен мүдделері саласына шығу туралы болып отыр.
Тілді оқыту дегеніміз оқушының өзара байланысты коммуникативтік және социомәдени дамуын ескертіп, мәдениетікке оқыту.
Тілді дамыту дегеніміз концептуальды жүйелер әлемінде тиісті айырмашылықтарды меңгеру. Тілдің көмегімен көрсетілетін әлем суретінің тұп нұсқалылығын проблемасы ерекше мәңге ие болады. Шет тілді оқыту үрдісі басқа (өзге тілді) тілдік қауымдастықтың нышандары көрінген коммуникация (мәтіндік қызмет өнім) бірлігі ретінде тұпнұсқалық инофондқоры мәтінге арқа сүйеуге тиіс. Мұндайда әңгіме әлеуметтік мәнді, арнайы мәдениет танымдық ақпарат жайлы болды, соны меңгергенде оқушы белгілі бір деңгейде өзге этномәдени қауымдастық өкілдерінің лингвокогнитивтік сипаттарына назар аудара алады, оның мәтіндік қызметін түсініп, өзінің төл мәдениетін жақсырақ сезінеді. Оқыту үрдісі сөйлесу деңгейінде оқушылардың енжарлығын болдырмауға тиіс, демек коммуникативтік қызметті өз бетінше жүзеге асыру қабілетін дамытуға тиіс.
Соңғысы оқыту үрдісіне тежеусіз меңгеру мүмкіндігін береді, сөйтіп оны барлық жағынан екінші тілді табиғи тілдік жағдайда меңгеру үрдісіне жақындатады. Сөйтіп құр еліктеуден гөрі оқытудың мазмұнды аспектілеріне екпін түсіретін және ойлау жүктемесін мәнді ететін оқытудың шығармашылық, әлеуметтік түрлерімен тәсілдері басым түседі.
Оқушылар мен сол тілде белсенді қарым-қатынас орнағанда ғана шығармашылықпен айналысуға үйренуге болады. Сондықтан бірінші кезекте тіл жүйесін меңгеруге бағытталған қатынас амалдар оқу үрдісінің субъектісі - оқушы мен оқыту үрдісіне іскерлік сипат берушілерді біріктіретін оқытудың жаңа, интерактивті түрлерімен алмастыруға тиіс.
Шет тілді оқытумен үйренудің тағы бір ұстанымы пәнді оқытудың қызметтік негізі оқушының сыртқы және ішкі (ойлау) белсенділігімен байқалады. Сөйлеу белсенділігін тек мұғалім танытып, ал оқушы сұрағанда ғана белсенділік көрсететін дәстүрлі жаппай жұмыс оқытудың дербес, топтық және ұжымдық түрлерінің пайдасына қысқарды. Нақты тілдік қатынас жағдайын ынталандыратын тәсілдерді пайдалануға тиімді болып табылады.
Оқушы саналы (ойлайтын) және жеке (дербес) қызмет істейтін индивидум ретінде оның сөйлеу қызметі (тілді меңгеруде) тілді меңгеру мен сол тілде араласуды жалпы, үнемі өзгертіп отыратын сөйлеу тәжірибесінің ықпалында болды. Олай болса оқу үрдісі әр оқушының бойындағы іскерлік қабілетін, білімі мен сөйлеу тәжірибесін, әсері мен көңіл-күйін белсендіруге және осы тұлғалық қасиеттерін дамытуға тиіс.
Сондықтан оқу үрдісін оқушы белгілі бір коммуникативтік міндеттерді шешетіндей, қажеттілікті сезінетіндей және өз ойын жүзеге асыратындай мүмкішілікке ие болатындай, яғни өз ойынан жұмыс істей алатындай етіп құру керек. Айтылымды мәтіндік қызмет деңгейінде тұпнұсқалық жағдай шегінде тудыру және түсіну қабілетіне оқыту басты назарда болуға тиіс.
Шет тілін меңгеру үрдісі көбіне шет тілдер жүйелерінің арасындағы айырмашылықтан гөрі оқытудың жеке алғы шарттарына қатысты. Тілдің екі жүйесін салыстыруға әдістемелік сілтемені оқушының еркін сезінуіне ықпал ететін оқытудың мазмұны мен технологияның пайдасына қысқартқан жөн. Оқушылыр тілді үйрену мен сол тілде сөйлесудің, оқи алудан бастап өз тілдік құралдарды пайдаланумен қиын жағдайдан шыға білуге түрлі стратегиялар мен технологиялар мен меңгеруге тиіс, яғни ол:
- оқушының жеке басына, оның ңақты сұраныстары мен уәжіне, социомәдени дамуына, жеке бағдармаларына бағытталса;
- оқушы ең алдымен өзіне қатысты жеке үрдісті сезінсе;
- мұғалім әр оқушының оқуға құлшынысын дәл тауып, оны тілді ойдағыдай меңгеруге бағыттай білсе;
- іскерлік, шығармашылық сипатқа ие болса;
- пәнді меңгерудің қисындылығын мен жүйелілігіне емес, оқушының жеке басын дамыту қисынына, ішкі жан-дүниесіне бағытталса;
- оқушылардың өз белсенділігін танытуына, бір-бірімен орналасқанда қуаныш, қанағаттанғандық сезінуге, сабақ оқуға қажеттілігінің бәріне ынталандырса;
- ана тілі мен шет тілі жүйелерінің арасындағы айырмашылыққа емес, оқыту мен оқыту жағдайларының жеке алғы шарттарын ескерсе, оқушылардың оқу кезінде шет тілді меңгеру үрдісі табысты болмақ.
Оқыту мазмұнына келер болсақ, оқытушы (мұғалім қызметі) мен оқу материалын қолға алғандардың (оқушы қызметі) өзара байланысты қызметі сияқты категориялармен арақатынаста болмақ.
Шет тілді оқыту мазмұны көп компонентті, оған мыналар енеді:
- коммуникативті қызмет салалары, тақырыптар, жағдайлар, коммуникативті және әлеуметтік рольдер, сөйлеу қызметі мен сөз материалы (мәтіндер, сөйлеу үлгілері және т.б.) ;
- тіл материалы, оны рәсімдеу ережелерімен қолдану дағдылары;
- ќатынас құралы ретінде, ішінде интермәдени жағдайларда шет тілді тәжербиелік меңгеру деңгейін сипаттайтын арнайы (сөйлеу) шеберлік кешені;
- оқып жүрген тіл елінің ұлттық-мәдени ерекшеліктерімен ақиқаттарын білу жүйесі;
- оқу кезінде тілді меңгеру мәдениетімен сол тілде сөйлейтіндермен қарым-қатынас мәдениетін қамтамасыз ететін ой еңбегінің ұтымды тәсілдері, оқу және орнын толтыру шеберліктері.
Шет тілі мазмұнының негізгі компоненнтерінің сипаттамасына қысқаша тоқталайық. Сөздің тиісті типтері өткірілетін қатынас саласы, яғни тілді практикалық қолдану саласы әлеуметтік өзара әрекеттестіктің тиісті салаларында талқыланатын пәнді құрастыратын тақырыптардың жиынтығын көрсетеді. Бұл аталған салалары шеңберінде сабақта қарастыру нысаны бола алатын тақырыптар мен тақырыпшалардың шеңберін анықтауға негіз болды. Бұл жерде әңгіме тақырыптарды шоғырландырып қарау, яғни оқу үрдісінде бір тақырыпты оқытудың әрбір келесі кезеңінде оқушының жасына қарай өзекті проблемаларды қосу нәтижесінде тереңдетіп, кеңейту мүмкіншілігіне жайлы болып отыр.
Тілдік қатынас құралдарын (сөздер, грамматикалық құбылыстар және т.б.) және сол құралдарды меңгеру дағдыларын білмейінше коммуникативтік шеберлікті дамыту мүмкін емес. Сондықтан шет тілді оқыту мазмұнына, тілдік білім (тіл бірліктерін ойлы айтылымға айналдыратын жүйелер, ережелер ретінде үйренетін тілдің негізін, мәні түрлі тілдерде түрлеше айтылатын ұғымдарды білу) мен тілдік дағдылар енгізілді. Олар тілдік материалдың барлық түрлерін фонетикалық, лексикалық, грамматикалық оқытудың әрбір сатысы үшін алынған шағын көлемде оқытудың ойдағыдай пайдалану, сол сияқты белгілі бір коммуникативтік пиғылды (таңдануды, наразылықты, ортақ іске шақыруды және т.б.) білдіретін әдепті сөйлеу формулалары мен сөз формуларын қолдану қажет.
Шет тілін оқыту мазмұны оқушыларды сөз қатынасының жаңа тәсілін ғана емес, сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетін, оқылатын тіл елінде сөйлеу дағдысының ұлттық -мәдени ерекшелігін білуге бағыттап отыруы керек. Ол оқушының бойында басқа қоғамның қазіргі өмірінің, тарихы мен мәдениетінің түрлі салалары туралы түсінік қалыптастыруға тиіс. Мұндайда оқушыларға тілді сол қолданыстағы елді мекендеген халықтардың мәдениеті арқылы пәнді оқытудың алғашқы қадамынан бастап үнемі жүзеге асыруға тиіс. Осыған байланысты социомәдени білім, эквивалентсіз лексиканы, оқылатын тіл елінде қабылданған мінез-құлық этикетін, георграфиялық, табиғат-ауа райы, саяси ерекшеліктерін, сол елдің тарихынан негізгі мәліметтерді, шетелдік құрдастарының өмірін, ұлттық дәстүрлерін, мерекелерін білу, оларды өз тәжірибесімен салыстыра білу өзекті болмақ. Шет тілді оқыту мазмұнының социомәдени компонентінің мәні бөтен өмір салтын жарнамалау емес, оқушылардың жалпы, әлеуметтік, мәдени дүниетанымын кеңейту, оларды саналы және зияткерлік қызметке, өз социумы мен басқа мәдениет өкілдерінің мінез-құлық ерекшеліктеріне төзе білуге ынталандыру.
Оқу үрдісінің сапасы мұғалімнің кәсіби шеберлігінен де, оқушының оқу пәнінің міндеті мен мазмұнын түсініп қабылдауына да тең дәрежеде қатысты. Оқушы сөйлеу дағдысы мен әдеттерін меңгеру қызметін тиімді де нәтижелі құруға, оқушылармен, мұғаліммен дұрыс қатынас орнатуға, кітаппен жұмыс істеуге үйренуге тиіс. Сондықтан оқушының тіл үйрену стратегиясын құрайтын оқу шеберлігі шет тілді оқыту мазмұнының маңызды компоненті ретінде айарықшаланып тұрады. Оған жататындар:
Зияткерлік үрдістермен байланысты шеберліктері:
- шет тілдегі тілдік құбылыстарды қадағалау, шет тілімен ана тіліндегі тілдік құбылысты салыстырып, салғастыру.
- белгілі оқу міндетіне сәйкес қажетті (елеулі) негізгі ақпаратты іздеп, табуды жүзеге асыру.
- ақпаратты алдын ала білу, естігенді, оқығанды бағалау.
- хабардың негізгі мазмұнын тіркеу.
- хабардың негізгі идеясын тұжырымдау (ауызша, жазбаша)
- жоспар жасау, тезисті тұжырымдау.
Оқу қызметін ұйымдастырумен және корреляциясымен байланысты шеберліктер:
- түрлі режимдерде (жеке, қос-қостан, топпен) жұмыс істеу;
- анықтама материалдарын пайдалану;
- өз іс-әрекетіңді бақылау, оны объективті бағалау;
- мұғалімнен, жолдастарынан қосымша түсінік беруді өтіну.
Орнын толтыру шеберліктері
- лингвистикалық және контексуалды болжамды., сөздіктерді, мәтінде әр түрлі тіректерді пайдалану;
- сұхбаттасушының сөзін қайталап немесе өзгертіп айтып, оның айтқанын түсінгеңді дәләлдеу.
- әңгімені басқа тақырыпқа бұру.
Шет тілді оқыту мазмұнына сондай-ақ пәннен және оны меңгеру үрдісінен туынданған эмоциялық қызметте енеді. Өзара қатыстылығынан оқыту мазмұнын құралатын оқыту жүйесінің үш маңызды элементі: оқу материалы-мұғалім-оқушы. Оқу материалы мұғалім қызметінің ынта-қажеттілік саласына ықпал етіп оның тұлғасы, шығармашылық тәжірибесі, эмоциональды саласы арқылы оқушыға, оның тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді
1.1 АУЫЗША ЖӘНЕ ЖАЗБАША ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА ҮЙРЕТУ
Ауызша және жазбаша қарым-қатынас төрт түрлі сөйлеу қызметі арқылы іске асырылады. Олар: сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу. Бұларды оқыту, бір-бірімен байланыстырумен іске асырылады, бірақ әрқайсысына жеке-жеке көңіл бөлу қажет. Олардың кез-келген түрін іске асыруда бірдей психикалық процесстер мен психолингвистикалық заңдылықтар негізін табады. Шынайы қарым-қатынас кезінде адам кез-келген мәтінді оқып, оны таңдайды, және осында әр түрлі керекті ақпаратты еске сақтау және қайта жаңғырту үшін қандай да бір тірек конспект жазу керек. Яғни, бұл қарым-қатынас түрлерінің арасында байланыс жатыр және үлкен олардың арасына шекара қою мүмкін емес. Сондықтан оқу процессінде сөйлеу мен жазбаша және ауызша мәтіндерді түсінуге үйрету тығыз байланыста үйрету керек, және керісінше мәтінді оқып, тыңдағаннан кейін оқушылар бұл мәтіннің мазмұнын айтып бере немесе жазып бере алады. Оқу, сөйлеу, тыңдау және жазуды дифференциалды үйрету кезінде продуктивті және рецептивті материалын таңдау үлкен көңіл қажет етеді. Рецептивтік және продуктивтік ауызша іс-әрекеттің ерекшілігін ала отырып ауызша және жазбаша қарым-қатынас кезінде де дұрыс жаттығулар таңдау керек. Қазіргі кезде қарым-қатынас келесі түрде түсіндіріледі. Қатысушы адамдардың белсенділігі кезінде қандай да бір белгілер (сонымен қатар тіл белгілері) көмегімен өзінің серіктестік қоғамын құрайды. Осыған байланысты қарым-қатынастың маңызды мінездемесін табуға болады:
1) кез-келген қатынас қандайда бір мотив пен мақсаттан басталады, яғни кез-келген нәрсені айтуда, тыңдауда, жазуда қандай да бір мақсат бар. Негізінен қарым-қатынас- бұл себебі бар мақсатты процесстер жиынтығы және бұл жиынтық адамның басқа адамдар мен қарым-қатынас жасауында көмек болады.Оқу процессінде негізінен оқушының ауызша емес іс-әрекеттерінің қарым-қатынастың құралын және қызметін үйрететін себептер тудыру керек. Оқушы өзінің ауызша және жазбаша емес іс-әрекеттерінің себебін жақсы түсіне білу керек. Ол сөйлеген кезде және сөйлем құрағанда, мәтін оқу кезінде қандай нәтиже күтіп тұрғанын алдын ала сезе білуі керек;
2) Қарым-қатынас дегеніміз- кез-келген мақсатты игеруге көмектесетін жай ақпараттар алмасуы емес, бұл - сқушылардың мақсатында тілдік емес мазмұны бар, бір-бірімен тығыз байланысу процессі. Және бұл жерде тіл бұл байланысты жүзеге асыруға көмектесетін құрал. Сондықтанда шетел тілін оқытуда оқушылар арасында тек қана коммуникативтік қызмет емес, сонымен қатар заттың коммуникативтік процессті қарым-қатынасы болу керек.
3) Адамдар арасындағы белсенді қарым-қатынас өзінің арасындағы бір-бірімен түсіну мен бір-бірінің әсерімен ерекшелінуі мүмкін. Бірақ ауызша қарым-қатынас процессі әр кезде де түсінушілікті бола бермейді. Бір-бірін түсінуге оқушылар арасындағы әлеуметтік және психологиялық кедергілер бөгет жасауы мүмкін. Ал мәдениеті әр түрлі оқушылар арасында мәдениетті кедергілер бөгет жасайды. Әлеуметтік бөгеттер дегеніміз мәдениеттің әр түрлілігі. Психологиялық факторлар - оқушылар арасындағы келіспеушілік: мәдени бөгеттерге оқушылар арасындағы әр түрлі мәдени дәстүрлер, әдеттер сонымен қатар шаруашылықтың өзгешілігі жатады. Сондықтанда оқу процессі кезінде оқушыларды шетел тілінде тек қана дұрыс сөйлемдерді құру емес, тілді тасушылармен жасай білу керек. Шетел тілін оқытудағы негізгі мақсаттарын игеру, мәдениет аралық қарым-қатынасты дамыту, тек қана осы шарттармен жүзеге асырылады, бұл дегеніміз оқыту, мақсатқа жету құралы болып қарым-қатынас саналады.
Қарапайым дәстүрлі сабақ Қарым-қатынас сабақ
Сөйлеу мотиві
Оқушылар мұғалім талап Оқушылыр өздері білмеген
еткендіктен ғана және жақсы қызықты ақпаратты білу
баға алу үшін ғана сөйлейді. үшін, айту үшін сөйлейді
Сөйлеу мақсаты
Оқушылар қатесіз сөйлеуге Оқушылар өзіндік қажеттіліктерін
тырысады, бірақ сонда да іске асырады, яғни білмегенін
мұғалім олардың тілдік білуге тырысады. Өзіндік
қателеріне көңіл аударады достары арасында әр түрлі
Оқушылар үшін ең маңыздысы тапсыпмаларды келісіп шешеді,
жаттығуларды дұрыс қатесіз басқалармен жаңалықтармен
орындау. бөліседі.
Сөйлеудің мазмұны
Мұғалім оқушылардың не Оқушылар өзінің ойын, көз-қара-
туралы сөйлейтін алдын-ала сын, тілектерін білдіреді, және
шешеді, бірақ бұл жағдайда бұл жағдайда ол тақырыптар
бұлай сөйлеудің оқушыларға оқушыларға мәлімді және
ешқандай әсері болмайды. қызыкты.
Қарым-қатынас құралдары
Оқушылар толық сөйлемдермен Оқушылар өздерінің ойларын,
сөйлеуді және олардың негізгі көз-қарастарын әр түрлі қарым-
мақсаты қате жібермеу. қатынас құралдарын (мимика
және жестер) қолдана
жеткізеді.
Сабақты ұйымдастыру
Сабақ үстіндегі талдаулар Сөйлеуші оқушылар бір-бірін
бүкіл топпен өткізіледі. зерек тыңдайды, және олар үшін
Оқушының сөзіне басқалардан ең маңыздысы қалай айтылған
гөрі мұғалім құлақ салады. емес, ал керісінше не туралы
Және мұғалім оқушының айтылғандығы,
не туралы айтқанына емес,
қалай айиқанына назар аударады.
Қарым қатынас құралы
Қарым-қатынастың екі құралы бар: вербальды және вербальды емес. вербальды қарым-қатынас құралдары, оларға сөйлеу қызметінің түрлері жатады, ең алдымен олардың ішінен келесі түрлерін белгілеп көрсетуге болады:
а) продуктивті түрі: сөйлеу және жазу;
б) рецептивті түрі: тыңдау және оқу.
Бұл екі түрді айыру міндетті түрде керек, өйткені бұлардың әрқайсысы спецификалды және өз механизміне негізделген. Өздеріне тән сәйкестермен қатар, оларға тән ерекшеліктер бар, бір топқа кіретін, мысалы тыңдау мен оқу. Осыдан мынадай қорытынды шығарамыз: ауызша қызмет көрсеткіштерінің әр түріне сай өзінің қабылдау жолдары бар.
Кейбір жағдайларда сөйлеу және жазу белсенді және белсенсіз, ал тындау және оқу белсенсіз болды. Осындай ұғымдар мүлдем ескіріп кеткен, белсенсіз қызметтің болуы мүмкін емес. Қызмет дегеніміз адамның ішкі және сыртқы белсенділігі. Белсенсіздік-бұл іс-әрекетсіздік. Басқа жағынан қарағанда оқу кезіндегі белсенділік сөйлеу белсенділігімен салыстырғанда айрықша.
Белгіленген негізгі сөйлеу қызметінің түрлеріне басқа қосымша дауыстап оқу, аударма жасау және т.с. (Шубин Э.П.). Олардың қайталануы әбден мүмкін: сөйлеу және тыңдау сияқты негізгі қызмет түрлерін ауызша аударма жасауға болмайды. Методикада сөйлеу түрлеріне монологтар және диологтар жатады. Олардың әрқайсысында оқу кезінде назар аударатын өз спецификасы болады және бұған қарсы шығу қиын. Негізінен қарым-қатынас жағынан алсақ, монологтық сөйлеу деген жоқ. Бұл туралы сәйкес тақырыптарда көп айтылады.
1.2 ВЕРБАЛДЫҚ ЕМЕС СӨЙЛЕУ ҚҰРАЛЫ
Бұл келесі құралдар жатады:
1) паралингвистік (интонация, паузация, дем, дикция темп, дауыс, ритмика (ырғақ), тон, мелодика);
2) экстралингвистик (есік қағу, күлкі, жылау және басқа да дыбыстар);
3) кинесикалық (жесттер, мимика, көздің контактысы);
Проксемистік (тұрыстар, дене қозғалыстары және дистанция)
Ғалымдардың ойынша коммуникативтік процесс толық болмайды, егер біз оның вербальды емес құралдарына ауытқысақ. Вербальды емес құралдар қарым-қатынас нені енгізеді. Олар:
1) вербальды мәліметтердің бастапқы немесе кейінгі бөлімдеріне назар аударады;
2) вебральды түрде жеткізілгендердің бәрін таң қалдырады;
3) айтылатын ойдың мазмұнына қарсы келетін мағыналарды көрсетеді;
4) паузаларды толықтырды және түсіндіреді. Бұл оның ойын жалғстырғысы келумен керекті сөздерді іздестіруін көрсетеді;
5) сөйлеушілер арасындағы қарым-қатынасты сақтайды және сөйлемдер үйлесімділігін арасындағы қарым-қатынасты сақтайды және сөйлемдер үйлесімділігін тәртіпке келтіреді;
6) жеке сөздердің немесе сөйлемдердің орнын ауыстырады;
7) кеш болса да вербальды мәліметтер мазмұнының орнын басады;
Бұл мұғалімге не үшін керек? Вербальды емес қарым-қатынас құралдарын меңгере отырып мұғалім:
- оларды қатысушылар жұмысын бағалау және уақытты үнемдеу мақсатымен қолдана алады-жағымды қарым-қатынас тонусын жасау, қарым-қатынасты сақтау;
- қатысушылардың сөйлеу белсенділігіне ықпал ету;
- сөйлеу материалдарын еске сақтауын ұйымдастыру.
Мұғалім сабақ жоспарын жасай отырып, өзінің де вербалдық емес тәртібін алдын ала жоспарлау керек, өйткені ол қатысушылар психикасына үлкен әсер ету күшін өзінде сақтауы мүмкін.
Вербалды емес құралдар тек қана продуктивті ғана қызметінде қолданылады деп ойлау дұрыс емес. Пиктограммалар, белгілер, текстердің орналасуы, шрифтер, абзацтар және тағы осы сияқты, осының барлығы оқарман үшін вербалды емес тіл болып табылады. Сонымен қатар тыңдаушы мимиканы, дене қозғалыстарын, интонацияны оқи білу керек.
Қарым-қатынас формалары. Қарым-қатынас негізінде екі форма арқылы жүзеге асырылады: ауызша және жазбаша. Бұлардың әрқайсысында өзіндік спецификалары бар.
1) Ауызша форма:
а) интонацияның байлығы;
б) паралингвистік информацияның молдығы (мимика, жест);
в) белгілі темппен әйтпесе ситуация мен уақытша байланыс жоғалады;
г) жоғары сатыдағы автоматтандырылғандық, бұнда ырғақ негізделген;
д) сөйлеушімен байланыс (егер радио арқылы берілген ақпарт болмаса);
е) сөйлеу құралдарының спецификалық жинағы және өзінің құрамы (жазбаша формадағы орын тастау мұнда норма болып саналуы мүмкін);
ж) қандай да бір уақыт бөлшегіне қайтып келуге болмайтындықтан сөйлеуші сөзінде уақыттан дұрыс қолдануына назар аудару керек.
Ауызша сөйлеу формаларының спецификасын оқу кезінде үлкен роль атқарады.
2) Жазбаша формасы. Қарым-қатынастың жазбаша формасында басқаша белгілер тән:
а) сөйлеу құралдарының спецификалық құралдары (жазбаша түрде жиі қолданылатының бәрі ауызша түрде қолданылмайды);
б) ауызша түрге қарағанда құрылымдық қиындығы иолылырақ;
в) құру кезіндегі үлкен сана-сезім, өйткені жазушы адам ойлану мүмкіндігі бар және алдын ала жоспарлау, ал оқып жатқан адамда ойлану мүмкіндігі бар;
г) толымдылық және ашықтық, өйткені сөйлеушімен қарым- қатынас жиі жоғалады және берілген ситуациямен міндетті түрде қарым-қатынас;
д) басқа да интонациялық белгілердің, актуалды бөлінудің тәсілдері.
Мысалы, сөз тәртібі. Әбден мүмкін жазбаша түрдің негізгі ауызша сөйлеудің белгіленген түрінің болуы (Б.В. Биляев), ал сөйлеу қызметінің формасы психологиялық, лингвистік жоспарлармен коммуникация теориясы жағынан ерекшеленеді. Осының барлығы оқу процесінде көрініс таппауы мүмкін емес.
Шетел тілі грамматикасына үйретудің басты мақсаты - оқушыда осы тілге тән ерекше механизмдерді қалыптастырып, осы механизмдердің кез-келген уақытта жұмыс істеуіне дайын болуына әсер ету. Басқа сөзбен айтқанда, мұғалімнің негізгі міндеті - грамматиканы оқушының басында қалатындай етіп ұғындыру.
Артық теорияландырудан қалай алшақтануға болады? И.Л. Бим осы сұрақтарға былай жауап береді:
Грамматиканы үйретуді өзіндік мақсат ретінде емес, сөз түрлендіру, сөзжасам, сөздердің орын тәртібін меңгерудің амал-тәсілдері ретінде қарастыру.
Активті және пассивті грамматикалық минимумды меңгерудің сөйлеудегі маңыздылығын ескере отырып, оны іріктеу.
Грамматикалық минимумның тұрақты да автоматтандырылған пайдалануын қамтамасыз ету.
И. Л. Бим бойынша грамматиканы үйретуде келесі екі мақсатты айқындауға болады:
1) оқушыларды мазмұнына назар аудара отырып, дұрыс ауызша сөйлем құруға үйрету.
2) оқушыларды аудирование немесе оқу кезінде грамматиканың тармақтарын ажырата білуге үйрету
2. ШЕТЕЛ ТІЛІН СӨЙЛЕТІП ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕРІ
Сөйлеу- адамның сөз әрекетінің бір түрі, яғни сөз әрекетінің түрлерінен адам өз ойын басқаға жеткізіп, дәлелдей алады. өз көңіл-күйін, қуанышын, ренішін білдіреді, сендіреді. Сөйлеудің 2 түрі бар. Оның бірі монолог, екіншісі диалог. Бұлар бір-біріне ұқсас болғанымен, олардың арасында елеулі айырмашылықтар бар. Монолог жеке адамның біреуге арнап айтқан сөзі, бұл сөйлеудің ерекшілігі сол бұл жерде бір адам сөйлейді, басқалары тыңдайды. Ал диалогта аз дегенде 2 адам сөйледі ( диа - екі деген мағынаны білдіреді). Бұл жерде сөйлеушілер кезек-кезек сөйлейді, яғни диалогтың екі жақтылығында. Диалогқа, яғни сұқбатқа қатысушылар саны екі және одан да көп болуы мүмкін. Диалог мазмұнына байланысты сөйлеушілердің көңіл-күйі, дене қимылы, мимикасы өзгеріп тұрады. Сол себепті диалогқа үйрету кезінде алдымен оқырмандардың, немесе үйренушілердің сұраққа жауап бере алуын,біреудің әңгімесін қолдай алуын,әңгімені жалғастыра алуын, бұйрық бере алуын, шақыра алуын біреуге өтіне алуын қадағалап осыған сәйкес жұмыстар жүргізу қажет.
Алдымен үйретушілер тірек сөздерді қолданып, игерілген сөз тіркестерін, барлық грамматиканы қолдана отырып, біреумен әңгіме жүргізе алатын болады. Сөйлеу көлемі әр оқушыға 5-6 реплика болу керек. Оқушы барлық сүйеніштерді пайдалана отырып, өтініш айтуға, бұйрық беруге, өз ойын жеткізуге үйренеді, өзінің басқа біреумен келісетінін- келіспейтінін білдіреді, пікір айтуға үйренеді, қайта сұрауға үйренеді.
Диалогқа үйретуде көретін кинофилтм, бейне фильмдердің, арнайы оқылған әңгімелердің маңызы зор. Студенттер осы тақырыптарға байланысты әңгімелесіп, олардың кейпкерлері туралы өз ойларын бір-біріне айтады, келісетін-келіспейтіні туралы әңгімелеседі. Бұл сәтте әр студент 2-3 репликадан айтып, бір- бірімен дауласуға да болады.
Жалпы диалог репликадан тұрады. Диалог түрінде сөйлеуге үйретудің объектісі реплика болып табылады. Оның екі түрі бар. Бірі көршісін әңгімеге тарту және оның сөйлеуіне тұтқа ( қозғаушы болатын реплика) ( репликаның бұл түрін түрткі реплика) деп атаймыз.
Ал екінші репликаның түрі- жауып реплика, яығни қозғаушы репликаға жауап беретін реплика түрін атаймыз. Репликалардың бұл 2 түрінің бір-бірімен тығыз байланыстылығы сонша, олар бір-бірінің туып өрбуіне себепкер болып отырады. Репликаның екі түрі бірігіп бір диалогтық бірлестік туғызады. Егер студенттерді бірлестікке үйрете алсақ олар сөйлеуге тез үйренеді. Ал егер студенттер жеке репликалармен шектеліп қалса, онда бұл репликаларды біріктіре алмайды. Жалпы шет ел тілдерін оқыту әдісі бойынша диалог түрінде сөйлеуге үйрету саласында сұрақ-жауап беруге үйрету қажет деген ұғым. Әрине диалогта сұрақтар мен жауаптар үлкен орын алады.
Бірақ, диалогтық бірлестікті сұрақ-жауап беру деп қана түсінбеу керек. Тіршілікте болып жатқан әр жағдайда қажетті тірек сөздермен бұйыра, шақыра, өтіне алу мүмкіндіктеріне жеткізу деп те түсіну қажет. Мысалы, біреуді қонаққа шақыру, біреуге телефон соғу, біреуді құттықтау, шақыруды қабылдау, қабылдамау, бір мекемеге бір нәрсе хабарлау.
Мысалы Н.И. Гез деген ғалым шетел тілдерін оқыту әдістемесінде көптеген диалогтық бірлестіктерді тізіп береді:
- сұрақ-қарсы сұрақ;
- мәлімдеме- соған байланысты тұрған сұрақ;
- іліп алма реплика ( реплика-подхват), яғни бір хабар- сол хабарды жалғастаратын реплика, өтініш-сұрақ.
Сонымен қатар, сөйлеушілердің репликаларының функционалдық ара қатынасын мынандай 3 топқа бөлуге болады.
1) ақпаратты хабарлау - сөзбен жауап қайтару, толықтыру, қосымша ақпарат сұрау;
2) ақпарат сұрау- оған сөзбен жауап беру, ақпарат беруден бас тарту;
3) өтініш , ұсыныс, кеңес түрінде іс- әрекетке қозғау салу сөзбен жауап беру, ақпаратты хабарлау ( өкініш білдіру, ұсынысты қабылдау, күмәндану).
Алдымен диалог құру үшін сөз үлгілерін үйрету керек. Сөз үлгілері дегеніміз- түрлі сөйлем үлгілері. Егер біргеуге бір нәрсе туралы айту керек болса, хабарлау керек болса, онда сөз үлгісі ретінде хабарлы сөйлем қолданады, ал біреулерден ақпарат сұрау, мәлімет алу алу керек болса, онда сөз үлгісі ретінде сұраулы сөйлемдердің үлгілері қолданылады. Біреуді бір нәрсеге жұмсау үшін, бұйрық беру үшін бұйрық райлы сөйлемдердің үлгілері қолданылады.
Бұл сөйлемдерді қолдану үшін, студент осы сөйлем үлгілерінің бәрімен жұмыс істей алуы қажет, тек сонда ғана олар сөз үлгілерін өз сөзінде қолдана алады. Сұрақ-жауап бірлестіктеріне үйрету үшін, мұғалім алдымен өзі оқушыларға сұрақтар қояды, содан оқушылар бір-біріне сұрақ қояды да, оларға басқа оқушылар жауап береді. Бұл сұрақ-жауап бірлестігіне үйрету кезінде мынадай ойынды қолдынуға болады. Мысалы, бір асықты алып бір студентке сұрақ қоямын, студент жауап беріп асықты келесі студентке жібереді. Осындай тізбекепен сұрақ-жауап жүріп отырады. Студенттерді сұрақ қоюға үйрету үшін, алдымен бір затты көрсетіп, сол затты қазақ тілінде атайды. Одан кейін 2-ші сұрақ қойылады. Заттың ол зат екеніне күмәндана сұрақ қойылады.
Қазіргі кездегі ең тиімді әдіс түрлері деп рольдік ойындарды, дөңгелек үстел және сайыс сабақтарды айтар едім.
Сөйлесуге, үйретуге, дағдыландыруға қажетті тапсрмалар түрлері.
Егер өтілетін тақырып экология табиғат туралы болса төмендегідей тапсырмаларды қолдануға және ситуацияларды беруге болады. Ситуацияларды негізге ала отырып мини диалогтан бастап, диалогты күрделендіре беруге болады. Қазақстанның экологиялық жағдайлары нашар қалалары туралы әңгіме, мәтін оқи отырып осыған талдау жасауға жұмылдыру. Мысалы, Семей полигоны, Балқаш, Арал тағдыры атты мәтіндерді оқыдық, талдадық, сөз тіркестерімен жұмыс істедік.
Ситуацияның бірінші түрі: сіз қала сыртында дем алып жүрсіз, біреулер қоқыс тастап, таза жерді ластап жатыр. Сіз көршіңіз екеуіңіз осы тақырыпқа дауласыңыз.
Ситуацияның екінші түрі: теледебат. Сіз хабарды жүргізушісіз, халық сізге Қазақстанның экологиялық жағдайы туралы сұрақ қояды (халық студенттердің көбі).
Ситуацияның екінші түрі: қаланың ортасына Жанармай колонкасын салады, ал сіздер сол жердің тұрғындары болып қарсылық білдірдіңіздер.
Ситуацияның төртінші түр: бір мекеме басшысы өз зауытының шығатын қоқыс туралы мәлімет беріп оның қоғамға зиянды еместігін дәлелдейді, оған халық сұрақ қояды (түрлі сұрақтар қойылады, қолдайды, өтінеді, сұрайды, қарсы болады). Студенттер бір нәрсеге сенетінін, келісетінін, қолдайтынын көрсете алатын жағдайда болуы керек. Диалогпен жұмыс істей отырып, түрләі әдістерді қолдана отырып жаңа тақырыпты өткен маттериалдармен тығыз байланыстыра отыру қажет. Егер тақырып отбасы болса, барлық тірек сөздер осы тақырып төңірегінде болу қажет. Диалогқа үйретуде студенттердің алдына қойылған міндеттер төмендегідей болу қажет.
- әңгімені толық тыңдап, сөйлесушімен арадағы әңгіме белсенді араласу, өз ойын, өз пікірін айту, басқалардың әңгімесін қолдай білу;
- жаттанды диалогты ғана емес, кезөкелген жағдайды әңгімеге араласа білу;
- өз еліің, өз отбасың туралы еркін сөйлесе алуға үйрету.
Тіл үйренуде ең маңызды нәрсе - сөйлей білу мен ауызша айтылғанды қабылдай білу. Тіл үйрету тәжірибесі арқылы, сөйлеу дағдысын дамытудың басқа дағдыларды қалыптастыруға қарағанда өте ауыр екені дәлелденген. Тілдің көмегімен іс жүзінде қарым-қатынас жасау, адамдар арасындағы пікір алмасудың, байланыстың қажеттілігі болған кезде жүзеге асады. Сөйлеу - тіл әрекетінің ауызша (естудің көмегімен) іске асатын түрі.
Ф.Кайнцтің пікірінше: ең жетілген тіл - айтушының тілді тілдік жағдайға негіздеп, тілдік белгілерді мазмұнмен сәйкестендіре білген жағдайында жасалады. Ол бұндай тілді құлшыныстық немесе кенеттен болған деген терминдермен атайды. Сөйлеуші өзінің ойын қалыптастыруда өзінің белсенділігін басшылыққа алады, заттық-мағыналық мазмұн мен тілдік материалды таңдайды, тілдің мәнерлі құралдарын кірістіреді. Монологтік пікір білдіру - бұл арнайы қалыптастыруды қажет ететін ерекше және күрделі білім. Монологтік пікір білдіру - бір тұлғаның белгілі бір жағдайды бағалауына, ойын білдіруге т.б. қатысты ашық пікірін байқататын сөзі. Монологтік тіл - тілдік емес ақпарттардың аз қолданылатын тілдік түрі болып табылады. Бұл тілдің белсенді және еркін түрі. Оны жүзеге асыру үшін сөйлеуші бір тақырыпты алып, соның негізінде өзінің пікірін білдіруі қажет. Монологтік тіл - тілдік емес ақпараттың аз қолданылатын түрі.
Сонымен бірге бұл тілдің ұйымдастырушылық қасиеті бар түрі. Сондықтан оны жүзеге асыру үшін тек жекелеген пікірлерді немесе сөйлемдерді ғана емес, тұтас хабарды жеткізе білу дағдысы да болуы керек.
Монологтік тілдің нәтижелілігі коммуникативтік мақсатқа қарай тілдік құралдарды және ойды білдірудің кейбір тілдік емес коммуникативтік құралдарын (әсіресе интинацияны) дұрыс таңдай білумен тығыз байланысты.
Сөйлеуші өзінің тілінде, мысалы, растаудың, өтініштің, шақырудың, келісудің, келіспеудің әр түрлерін, сұрақтың түрлі типтерін, ұсыныс, күтпеген жағдай, теріске шығару, сендіру, келіспеушілік т.б. жағдайлардағы көңіл-күйлерді де білдіре алуы керек.
С.Д. Канцельсонның мына ережесінің маңызы өте зор: жалпы алғанда, кез-келген монолог білімді сөз жүзінде білдіру болып табылады, ал білімді сөз жүзінде білдірудің түрі мен көлемі сөйлеушінің стратегиясы мен ситуациялық жағдайларға байланысты өзгеретін ауызша ақпаратты қажет етеді
Жекелеген зерттеушілер монолог туралы мынандай пікірлер айтқан:
1) екінші тұлғаға қаратып айтудан қандай да бір себеппен бас тартып, барлық назар ойдың логикалық жүйелілігі мен мазмұнына аударылғанда монолог синтаксистік бейтарап болады;
2) бір тұлғаның нақты біреуге қаратып сөйлеуінде немесе шешендік сөзде біреулерге қаратып айтылатын монолог сөйлеу монологі болады. Бұндай монолог тілдесу барысында тыңдаушыны өзіне қаратып алуды көздейді. Бұл диологтегі монолог. Сондықтан бұнда шешендік сөзге тән: лепті сөйлемдер, жалпылау сөйлемдер, шешендік тілдік формалар, ішкі диолог, өткір афоризмдер, т.б. аудиторияға әсер ету құралдары көп қолданылады.
Бұл жағдайда ақпараттың көлемі мен сипатын, қандай тілдік құралдарды
таңдауды сөйлеуші өзі анықтайды. Сөйлеушіге оның айтқан пікірін қабылдаушыны анықтау мен ойдың жүйелілігін сақтау әсіресе қиындық тудырады.
Табиғи тілдік байланыс жағдайында таза күйіндегі монолог сирек кездеседі. Көбіне ол диологтік тілдің элементтерімен араласып келеді, яғни диологтегі монолог болып табылады. Арнайы әдебиетте монологті олардың стилистикалық ерекшеліктері мен қоғамдық әсеріне қарай жіктеу кездеседі. Мысалы, В.В. Виноградов монологтің төрт типін бөліп көрсетеді: сендіру монологі, лирикалық монолог, драмалық монолог, хабарлау типіндегі монолог.
Монологтік тілді үйретуде қолданылатын жұмыстардың типтері біртұтас болуы қажет. Тіл үйренушінің тілді білуге деген ынтасын оята білу мен тіл үйренушінің өзінің тіл үйренуде алға жылжып бара жатқанына көзін жеткізу қажет. Бұл шет тілін үйренуге деген қызығушылықты арттырады.
А.А. Леонтев тілдік әрекеттің құрылымын мынандай үш кезеңнің өзара байланысы ретінде қарайды:
1) тіл әрекетін жоспарлау;
2) тіл әрекетін іске асыру;
3) салыстыру мен бақылау.
А.А. Леонтевтің осы көрсеткендерінің ішінде тілдік интенцияны қалыптастыру және айтылатын пікірді іштей жоспарлау деген кезеңдер бар. Олар сөйлеуге дейінгі жоспарға жатады.
А.А. Леонтевтің теориясындағы іштей бағдарлаудың маңызы сөйлеуге дейінгі кезеңмен шектелмейді. Ол сөйлеу компоненттерінің басқаларының да негізі болып қаралады.
Тілдік пікір білдіруді іштей жоспарлау былай болуы мүмкін. Сөйлеушінің пікір білдіру жоспары пайда болған соң, бағдарламаның бірінші бөлшегін обьективтік тілдік кодқа айырбастауы мен бірінші сөз пайда болғанша сөйлеу моделіне түсіру ережесіне салу процесі жүреді.
Жоспарлаудан тілдік код арқылы жүзеге асыруға өткенге дейін мынандай механизмдер болады:
- сөздерді таңдау;
- жоспарлаудан оны жүзеге асыруға өту;
- грамматикалық болжамдар;
- синтаксистік нұсқаларды таңдау мен салыстыру;
грамматикалық міндеттемелерді бекіту мен шығару;
Жоспарды жүзеге асырумен қатар пікір білдіруді жоспарлау әрі жалғасады.
И.А.Зимнияның жіктеуі бойынша сөйлеу құрылымы үш кезеңдік бөлшектерден тұрады. Олар: әсер етушілік-мотивациялық, аналитикалық-синтетикалық, орындаушылық.
Әсер етушілік-мотивациялық бөлімде адамның, кейін сөйлеушінің басқа адамға әсер етуі түрінде жүзеге асатын, пікір білдірудің белгілі бір мақсатының, себебінің әсерімен туатын вербальді түрде қарым-қатынас жасау тілегі пайда болады.
Рухани себептердің барлығы үш топқа бөлінеді: интелектуальдік, моральдік, эмоционалдық-эстетикалық.
Интелектуальдік себептер оқушының танымдық әрекетінің, білімге құштарлығының, білімінің аясын кеңейтуге деген тілегінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz