Алғашқы қауымдық қоғамдағы биліктің және құқықтық нормалардың ерекшеліктерін көрсетіп құқықтық сипаттамасын беру


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Алғашқы қауымдық қоғамдағы биліктің құқықтық сипаттамасы және ерекшеліктері . . . 6

1. 1 Биліктің құқықтық сипаттамасы . . . 6

1. 2 Қоғамдағы биліктің функциялары . . . 9

1. 3 Биліктің объектілері және субъектілері . . . 13

2 Құқық нормасының құқықтық сипаттамасы және ерекшеліктері . . . 16

2. 1 Құқық нормасының түсінігі, түрлері . . . 16

2. 2 Құқық нормасының құрылымы . . . 19

3 Құқық нормасын талқылаудың түсінігі және әдістері . . . 22

3. 1 Құқық нормасын талқылаудың түрлері . . . 22

3. 2 Құқық нормасын талқылаудың әдістері, құқықтағы кемістіктер (олқылықтар) және оны болдырмаудың әдістері . . . 34

Қорытынды . . . 39

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 42

Кіріспе

Саясаттың негізгі мәселесі билік болғандықтан, саясатта билік теориясы үлкен орын алады. Билік саясаттың саяси институттар мен барлық саяси әлемнің мінін түсініп-білуге көмектеседі.

Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде билік қоғамдық сипатта болды. Мұнда қауым болып тайпаларды басқарды. Құл иеленушілік құрылыста құл иеленушілер және құлдар пайда болып, теңсіздік туды. Бір таптың екінші бір тапты бағындыру қажеттілігі туды. Осылай билік аппараты дүниеге келді, адамдарды еркінен тыс, ықтиярсыз еркіне көндірген мекемелер пайда болды.

«Билік» сөзі әр мағынада қолданылады. Оны ықпал ету бағытына объектісіне байланысты былай бөлуге болады: Ата-аналар билігі, мемлекеттік билік, экономикалық билік, саяси билік, әлеуметтік билік, құқықтық билік, әскери билік, рухани билік, т. с. с. Бірақ биліктің толық мағынасы мемлекеттік-саяси салада ғана айқындалады. Сондықтан саяси билік биліктің ең негізгі түріне жатады.

Биліктің басқа түрлерімен салыстырғанда саяси биліктің мынадай ерекшеліктері бар оның өктемдік сипаты, оның бүкіл қоғамның атынан билік жүргізуі, басқарумен кәсіби айналысатын адамдардың мүддесін қорғауы, басқа мекемелерге қарағанда билік органдарының тәуелсіздігі, қоғам өмірінің жұмыс тәртібін белгілеуде жеке-дара құқығы, мемлекет шеңберінде ашық күш қолдана алуы, т. с. с.

Саяси билік бар жерде тенсіздік бар. Мұнла біреулер билеуге құқықты да, екіншілері оларға бағынуға міндетті. Бұл теңсіздік неден туады? Саяси биліктің қарамағында теңсіздікті қамтамасыз ететін әдіс-құралдары бар. Оған жататындар: экономикалық қор ол қоғамдық өндіріс пен тұтынуға керек басқа да материалдық құндылықтар, құнарлы, шұрайлы жерлер, пайдалы қазба байлықтары, т. б. жатады. Әлеуметтік әдіс-құралдар оның ішінде үстемдік етіп отырған билік өзін қолдайтын, оның одан әрі өмір сүруіне мүдделі адамдарды топтастырады. Ондай рөлді ең алды мен оның мәртебелі, абыройлы, көптеген жеңілдіктерді пайдаланатын қызметкерлері орындайды. Күш жұмсау құралдары. Олар мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси билікті құлатуға әрекет жасаушыларға мүмкіндік бермейді. Оған әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура. т. б. жатады. Ақпарат құралдары. Радио, теледидар. баспасөз, т. с. с. ақпарат құралдары өз елдеріндегі жағдайларды ғана емес, дүние жүзінде не болып не қойып жатқанын көріп-біліп отырады. Шын мәнінде сөз, баспасөз бостандығы берілген, оппозициялық партиялары бар елдерде ақпарат құралдарының маңызы арта түседі. Ақпараттық қор. Білім мен ғылым мағлұматтарын алу, оларды тарату бүгінгі күні алдыңғы қатарлы орынға шығуда [1, 94б. ] .

Сонымен бірге биліктің бейнесін, қоғамдағы рөлін, қызметін және болашағын бағалау үшін оны жүйелеп, топтастырудың мәні зор. Билік түрлері өзара байланысты бірқатар белгілермен өзгешеленеді.

Саяси билік таптық, топтық және жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді.

Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады.

Ал біздің мемлекетімізде 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа конституциясы саяси билікке нақтылы легитимділік берді. Онда Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялады. Оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі құқықтары мен бостандықтары Қазақстан Республикасы - призиденттік басқару нысанасындағы біртұтас мемлекет. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы-халық. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бөлінеді, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады. Республика президенті мемлекет басшысы, оның ең жоғары лауазымды тұлғасы болып табылады. Ол - халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары бостандықтарының рәмізі әрі кепілі. Парламент - заң шығару қызметін жүзеге асыратын республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруға арналған. Конституциялық Кеңес республиканың бүкіл аумағында Қазақстан Республикасының Конституциясы үстінен қарауды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып табылады.

Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамға ұмтылу құқық нормаларының белсенді және реттеуші әрекетін талап етеді. Өйткені заңды тұрғыдан құқықтық мемлекет пен оның жария билігінің мәні зорлық-зомбылықты болдырмайды және тек қана құқыққа сәйкес әрекет етеді.

«Нормативтік құқықтық акт - референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат».

Осылай, нормативтік акт термині кең мағынада қолданылады құқықтың кез-келген қайнар көзін белгілеу үшін. Бұл мағынада біз, мысалы, заңдар мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер туралы айтамыз. Басқаша сөзбен айтқанда нормативтік құқықтық акт түсінігіне сөздің дәлме-дәл мағынасында әртүрлі деңгейдегі актілер кіреді: жоғары билік пен басқару органдарынан бастап жергілікті өкілетті және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару және сәйкесінше жергілікті кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар әкімшіліктеріне дейін. Онда жеке тұлға, оның мүдделері және қажеттіліктері тұрғысынан ең маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін көптеген құқықтық нормалар білдіріледі.

Басқа құқықтың қайнар көздерінің (соттық және әкімшілік прецеденттер, құқықтық дәстүрлер) В. Н. Хропанюк дұрыс белгілегендей жалпы реттеуші маңызы жоқ. Қоғамдық қатынастарды реттеуде олар қосалқы немесе қосымша роль ойнайды. Олар белгілі тәртіп ережелерінің қолданылуы, жеке жағдайлардың қайталануы барысында бірте-бірте пайда болады. Сондықтан, заң нормалары көрсетілген нысандарды өзінде жалпы және жеткілікті анық білдіруді көрсете алмайды.

Нормативтік құқықтық акт - тиісті құқық шығарушы және құқық қолданушы органдармен, немесе мемлекеттің лауазымды тұлғасымен не бүкілхалықтық республикалық референдумда қабылданады. Құқықтық норма - мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, лауазымды тұлғалар, барлық азаматтар орындауға міндетті мемлекет белгілеген және бекіткен, орындалуы міндетті мінез- құлық ережелері. Ережелерді жүзеге асыру сендіру тәсілімен ғана емес, мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен де қамтамасыз етіледі. Құқықтың үстем нормасы ретінде Конституция қоғамдық қатынастарды, Республиканың қоғамдық құрылысы мен саясатының негіздерін баянды етеді, азаматтардың құқықтырын, бостандықтары мен міндеттерін, мемлекеттің мақсаттары мен ұйымдастыру принциптерін белгілеуді қамтиды. Құқық субъектілерінің нақты шеңберіндегі қоғамдық қатынастар құқықтың саласық нормаларымен реттеліп отырады.

Құқықтық норма - мемлекет таныған, қамтамасыз еткен, қоғамдық қатынастарға араласып түсушілердің құқықтары мен міндеттерін туындататын, олардың әрекеттерін үлгі, эталон, масштаб, өлшем есебінде реттей алатын жалпыға бірдей міндетті ереже - норма. Құқықтық норма - заңға сәйкес келетін мінез - құлық, жүріс - тұрыстың айырымдылық белгісін білдіреді [2, 174б. ] .

Курстық жұмыстың өзектілігі: әр қашанда дамыған елдерде биликтің тұрақтылығы жүзеге асыруы әлі күнге дейін даулы мәселелердің бірі, сондықтан толық зерттеуді талап етеді, себебі бір қоғамда міндетті түрде биліктің тұтастығы және тұрақтылығы қажет.

Құқықтық нормалардың өзектілігі оның түрлері мен әдістері және құқықтық норманы талқылау - бұл норманың нақты мазмұнын түсіндірумен байланысты құзыретті мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және жекелеген азаматтардың қызметі. Талқылау барысында норманы қолданудың талабы, құқықтық қатынастарға қатысушыларды құқықтары мен міндеттері, құқық нормаларын бұзған үшін заңды жауапкершіліктің шаралары анықтау жолымен реттеуге, жетілдіруге бағытталған.

Курстық жұмыстың мақсаты: алғашқы қауымдық қоғамдағы биліктің және құқықтық нормалардың ерекшеліктерін көрсетіп құқықтық сипаттамасын беру:

Курстық жұмыстың міндеттері:

- биліктің, және құқықтық нормалардың ерекшеліктерін көрсетіп құқықтық сипаттама беру;

- биліктің объектілерін және субъектілерін сипаттау;

- биліктің атқаратын қызметтерін көрсетіп сипаттау;

- Құқықтық норманының құрылымын көрсетіп әдістерін анықтау;

- құқық нормасын талқылаудың әдістері, құқықтағы кемістіктер (олқылықтар) және оны болдырмаудың әдістерін зерттеу.

1 Алғашқы қауымдық қоғамдағы биліктің құқықтық сипаттамасы

және ерекшеліктері

1. 1 Биліктің құқықтық сипаттамасы

Саясаттың негізгі мәселесі билік болғандықтан, саясатта билік теориясы үлкен орын алады. Билік саясаттың саяси институттар мен барлық саяси әлемнің мінін түсініп-білуге көмектеседі.

Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн-Халдун (1332-1406) адамның басқа жан-жануарлардан ерекшелігі - ол билік үшін күреседі деген екен.

Ағылшын философы, қоғам қайраткері Бертран Рассель (1872-1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деген [3, 241б. ] .

Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс (1902 - 1979) экономпкалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деп тұжырымдаған.

Билік туралы мынандай тұжырымдамалар бар: Телеологиялық, бихевиористік, инструменталистік, структуралистік, конфликтілік. Сонымен билік деп біреудің екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады.

Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде билік қоғамдық сипатта болды. Мұнда қауым болып тайпаларды басқарды. Құл иеленушілік құрылыста құл иеленушілер және құлдар пайда болып, теңсіздік туды. Бір таптың екінші бір тапты бағындыру қажеттілігі туды. Осылай билік аппараты дүниеге келді, адамдарды еркінен тыс, ықтиярсыз еркіне көндірген мекемелер пайда болды.

«Билік» сөзі әр мағынада қолданылады. Оны ықпал ету бағытына объектісіне байланысты былай бөлуге болады:

Ата-аналар билігі.

Мемлекеттік билік.

Экономикалық билік.

Саяси билік.

Әлеуметтік билік.

Құқықтық билік.

Әскери билік.

Рухани билік, т. с. с.

Экономикалық қор. Қандай саяси билік болмасын оған қаржы-қаражат керек. Мысалы: сайлау науқаны уақытында көп қаржы жұмсалады. Мемлекет тарапынан бөлінген қаражат жетістпегендіктен шетелдерде үміткерлер жеке бай адамдардың бірлестіктердің көмегіне сүйенеді. Билеуші аппаратты ұстап тұру үшін көп қаражат керек. Және үкімет басына келушілер өз реформаларын ала келеді.

Әлеуметтік әдіс-құралдар. Үстемдік етіп отырған билік өзін қолдайтын, оның одан әрі өмір сүруіне мүдделі адамдарды топтастырады. Ондай рөлді ең алды мен оның мәртебелі, абыройлы, көптеген жеңілдіктерді пайдаланатын қызметкерлері орындайды.

Күш жұмсау құралдары. Олар мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси билікті құлатуға әрекет жасаушыларға мүмкіндік бермейді. Оған әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура. т. б. жатады.

Ақпарат құралдары. Радио, теледидар. баспасөз, т. с. с. ақпарат құралдары өз елдеріндегі жағдайларды ғана емес, дүние жүзінде не болып не қойып жатқанын көріп-біліп отырады. Шын мәнінде сөз, баспасөз бостандығы берілген, оппозициялық партиялары бар елдерде ақпарат құралдарының маңызы арта түседі.

Ақпараттық қор. Білім мен ғылым мағлұматтарын алу, оларды тарату бүгінгі күні алдыңғы қатарлы орынға шығуда.

- Телеологиялық анықтама - Билікті белгілі бір мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді;

- Бихевиористтік анықтама - Бұл тұжырымдама бойынша билік басқа адамдардың жүріс - тұрысын, өзін өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс - әрекеттің негізгі түрі;

- Инструменталисттік анықтама - Мұнда билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды пайдалану, қолдану мүмкіндігі деп біледі;

- Структуралисттік анықтама - Билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастың ерекше түрі деп ұғады;

- Конфликтілік анықтама - билікті дау- жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіреді.

Ең алдымен ескерер жайт, билік пен баскару белсенді, ынталы, үстемдік етуші субъект мен салыстырмалы тұрғыда белсенді емес, бағынышты субъектінің арасындағы субъект-субъектілік қатынастардың нәтижесінде пайда болады. Бағынышты тарап биліктік катынастарда билік ықпалының объектісі болады. Бірақ биліктік қатынастың қай жағы болмасын өз мұдделері мен қүқықтары бар шынайы, әрекетшіл субъектілер болып табылатындықтан олардың арасындағы биліктік қатынастар өзара келісім жағдайында ғана пайда болып, тиімді қызмет етуі мүмкін.

Биліктік қатынастардың ерекше проблемасы билік құрушы субъектінің басқару құқығына келіп тіреледі: неге осы субъект билік құру құқығына ие және неге бағыныштылар, одан келетін биліктік импульстерді әрқилы дәрежеде қабылдап, орындауға міндетті [4, 301б. ] .

Олар мынадай жағдайлармен қалыптасты:

Адамдар қауымдастығының табиғи тарихи дамуының, оның құрылымдануының, басқару функцияларының күрделенуінің нәтижесінде жолға қойылды. Афины мемлекеті мұндай дамудың классикалық мысалы бола алады. Афины демократиясының идеологы Аристотель - отбасын, адамдар қонысын, мемлекетті ең жоғарғы сатысыңда мемлекеттік билік пайда болатын әлеуметтіліктің даму сатылары деп кездейсоқ есептемеген.

Билік пен биліктік қатынастардың шығу көздерінің әр түрлі болуына қарамастан, қауымдастықтың тұтастығын сақтау, экономикалық, әлеуметтік, саяси жөне құқықтық кеңістікті ұйымдастыру сияқты биліктің негізгі функциялары биліктік қатынастарды демократияландыра және гуманитарландыра отырып, оларды біртіндеп өзгертеді.

Билікке кұқық соңдай-ақ басқарушылардың қолында әрқилы билік көздерінің болуымен де қамтамасыз етіледі, бұлар:

Экономикалық. Билік құрушының экономикалық ресурстарға ие болу және басқару кұқьны. Бұл меншікке ие болу, оны басқару, экономикалық ресурстарды бөлу, экономикалық көтермелеу мен жазалау кұқығы. Сондықтан да, экономикалық тұрғыдан үстем сословиелер, таптар, экономикалық элита билік органдарында берік позицияларды иеленеді.

Идеократтық. Идеология бұқара халыққа биліктің ыкпал етуінің құралы ретінде пайдаланылады. Бұқара санасының жанды жерлерін идеологиялық тұрғыдан өңдеу, оларға назар аудару, осы проблемаларды өз мақсатына пайдалану үшін идеялықтеориялық кестені қалыптастыру және бұқараның осыған тиісті мінез-құлқын дағдыландыру - биліктің осы көзінің қызметіне жатады. Дін мен шіркеу биліктің аса күшті идеократтық көзі болды. Осы қайнар көздің негізінде клерикалды саяси қозғалыстар, клерикалдық, теократиялық билік пайда болды. Биліктің аса күшті идеократтық көздеріне өзгеше ойлауды кудалау мен идеялық қысым көрсету тән болған фашизм, национал-социализм, коммунизм секілді тоталитарлық режимдер ие болды.

Акрараттық. Қазіргі танда БАҚ-тарға ие болу және басқару бұқаралық санаға тікелей немесе жанама әсер етудің құралдарына айналуда. БАҚ саяси басымдықтарды анықтап, адамдардың әуестіктерін кзлыптастырып, оларды саяси жағдайға бағыттап бұқара санасын манипуляциялауы мүмкін. Қазіргі саяси тәжірибе көрсетіп отырғандай, кім БАҚ-қа ие болса, сол бұқараның көңіл-күйі мен жүріс-тұрысына өте күшті әсерін тигізеді. Ақпарат виртуалдық шынайылықты қалыптастырып не бұқараны тыныштандырады, не керісінше дүрліктіреді.

Авторитарлық. Билік субъектісінің беделінен туындайтын билік көзі. Бедел мәжбүрлемей, күштемей бағындырудың құралы ретінде кез келген билікке қажетті. Авторитаризм, авторитарлық - билік органдарының белгілі бір құрылымдарына, билікті жүзеге асырудың өзіндік өдістеріне ие билік құрудың ерекше формасы.

Харизматикалық. Харизма (гр. сөзі charisma - құдай берген қабілет) - билік функциясын орындау үшін оны иеленуші субъектінің бойындағы ерекше икемділіктің, қабілеттің бар болуы. Харизма - бұқаралық сананың құбылысы. Бұқара халық қана лидерде харизматикалық қасиеттердің бар екенін танып, оны билік тұғырына көтереді, оған табынады әрі бағынады. Алайда биліктің бұл көзі мәңгілік емес. Уақыт өте келе билік құрушы субъектінің харизмасы көмескілене бастайды, бірақ идеологиялық көтермелеу арқылы оны ұзартуға болады.

Психологиялық. Билік құру жинақталған іс-өрекет болғандықтан билеушілердің де, бағынушылардың да психологиялық қабылдауының ерекшеліктерін қалыптастыратын психологиялық негіздерге ие екендігі сөзсіз. Сондықтан қоғамдағы бір адамдарда баскдруға, лидерлікке, билік құруға деген табиғи психофизиологиялық қабілет дамыса, оған керісінше, басқаларында бағыну, бас ию сияқты касиеттер басым болады [5, 105б. ] .

Күштеу. Биліктің өзіне төн ерекшеліктерінің бірі - мәжбүрлеу оның қоғамда күштік көзінің бар екендігін көрсетеді. Бұл бағынушыға қатынаста күш көрсету, мәжбүрлеу акцияларының әрқилы формалары. Алайда, өркениеттің дамуымен күштеп мәжбүрлеу тек мемлекеттік биліктің атрибуттық белгісі болып саналады. Ал күштеп мәжбүрлеудің кез келген басқа тәсілі озбырлық, құқықтық емес акция, жеке адамдардың қарапайым құқықтарын бұзу ретінде қарастырылады. Мемлекеттік биліктің мәжбүрлеу функциясының өзі заңдармен белгіленген, ол тек белгілі бір құқықтық шеңберде ғана мүмкін болатын іс-әрекет. Формальды-бюрократиялық. Өркениеттің дамуымен биліктің киелілігі акральдылығы) жоғалып кетеді де, биліктік іс-әрекеттің рутинизациялануы пайда болады.

1. 2 Қоғамдағы биліктің фукциялары

Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады. Олар:

  1. Қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру;

2) Оның саяси жүйесін қалыптастыру;

3) Әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару;

4) Үкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық жасау;

5) Саяси және басқа қатынастарды бақылау;

6) Белгілібір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты құру;

7) Қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау;

8) Дау-дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу;

9) Қоғамдық келісімге, мәмілеге келу т. с. с. [6, 2045б. ] .

Қоғамда билік өзара тығыз байланыстағы 3 деңгейде ұйымдастырылып, қызмет етеді:

- Жоғары орталық саяси институттар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдарды басқару органдары кіретін өте ірі деңгей;

- Орта буынды аппараттар мен мекемелерді қамтитын және аймақтық, облыстық, аудандық шенбердегі жергілікті әкімшілік билік кіретін орта деңгей;

- Адамдар, кішігірім топтар, ұйымдар, одақтар, өндіріс және басқа ұжымдар арасындағы қоғамдық қатынастардың негізі, арқауы болып табылатын, саяси және қоғамдық өзін-өзі басқару өрісін құрайтын кіші деңгей.

Ал демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқару мақсатында, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі деп үш тармакқа бөледі. Оның негізін салушы ағылшын ойшылы Джон Локк(1632 - 1704) пен француз ғалымы Ш. Л. Монтескье (1689 - 1753) болды.

Заң шығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, соғыс ашып және әскермен қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады халықаралық келісім шарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын анықтайды. Конституция атынан оның жұмысына арнайы органдар бақылау жасайды.

Атқарушы билікке үкімет пен әкімшілік жатады. Оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады. Атқарушы билік заң шығарушы биліктің бақылауында болып, олардың алдында есеп береді. Оның жұмысы заңға негізделіп, заң шеңберінде іс істеуі керек. Сырттай қарағанда ол заң шығарушы билікке тәуелді. Бірақ іс жүзінде ол саяси жүйенің маңызды бөлігіне айналған және қоғамдық өмірде зор рөл атқарады. Үкімет саяси шешімдер қабылдайды, ал әкімшілік ол шешімдерді жүзеге асырады [7, 301б. ] .

Сот билігі адамдардың құқығын қорғайды, заң бұзушылықтан сақтайды, парламент не президент қабылдаған заңдардың, конституциялы жарғылардың сәйкестігін анықтайды. Оны халық немесе өкілетті мекемелер қалыптастырады. Ол заң шығарушы немесе атқарушы билікке тәуелсіз. Өз жұмысында тек заңды ғана басшылыққа алады. Егер жоғарғы сот мемлекеттік органның немесе қызмет адамының шешімін конституцияға қарсы десе, ол шешім толығымен күшін жояды. Соттың маңызды принциптеріне жариялылық, айыпкердің өзін қорғауға және сот үкімін бұздыру туралы шағым арыз беруге құқығы жатады.

Биліктің бейнесін, қоғамдағы рөлін, қызметін және болашағын бағалау үшін оны жүйелеп, топтастырудың мәні зор. Билік түрлері өзара байланысты бірқатар белгілермен өзгешеленеді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің сыртқы функциялары
Саяси биліктің халықтың атынан жүзеге асуы
Мемлекетке дейінгі кезеңдегі әлеуметтік нормалардың ұғымы және түрлері
Қауымдық-рулық құрылыс
Мемлекеттің құқықтық табиғаты
Жеке тұлға, құқық және мемлекет
Құқықтың тарихи типтері
Құқықтық сана - мемлекет пен құқық және криминология теориясының категориясы
Мемлекет нысанының түсінігі
Мемлекеттің құрылым нысаны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz