Ислам діні Қазақстанда



Жоспар

І Кіріспе

Ислам діні Қазақстанда

ІІ Негізгі бөлім
Ислам діні Кеңес дәуірінде
Исламдағы ата.ананың алатын орны

ІІІ Қорытынды
Ислам діні Қазақстанда
Қазақстан мешіттері

Әлемнің түрлі ұлтты, тілді, нәсілді 1 миллиард 300 милионнан астам халқы ұстанып отырған ислам дінінің тарих сахнасына көтерілгеніне де он-бес ғасырдан асты. Ол жазирату-л-араб деп аталатын осы күнгі Араб түбегінде дүниеге келді. Алла тағала қасиетті Құран Кәрімді осы елдегі Құрайш тайпасынан шыққан Абд Аллаұлы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымызға уахи етті.
Алла тағала адам баласын қараңғылық зұлматы мен адасушылықтан – қайырым, шапағат, рақым, мейірім, яғни тура жолға салу үшін әр кездері пайғамбарларын жіберіп отырды және оларды белгілі бір қауымдардан шығарды. Пайғамбарларға Алла тағала қасиетті кітабы - өмір сүру заңын да қоса жіберді. Адам баласы соны басшылыққа алып, айқын да дұрыс жолмен жүрсін деді. Бірақ олар пайғамбарларды тыңдамады, жөн сөзді теріске балап, жаһил тірліктерін жалғастыра берді. Ақырында Жаратушы иеміз қиянатшыл қоғамдарды жойып жіберді.
Алла тағала адамдарға «Алла тартқан желіден (діннен) бекем ұстап, айрылмаңдар» («Әл имран» сүресі, 103 аят), «Ақиқатында, Аллаға қабыл дін – Ислам діні» («Әл Имран» сүресі, 19 аят) деп таза да ақиқат дін – исламды жіберді. Адам баласы қасиетті Құранды басшылыққа алып, ешкімге де, ешнәрсеге де қылдай қиянат жасамай өмір сүрсін, қоғамы әділ де иманды болсын деп дұрыс жолды көрсету үшін Құран кәрімді Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымызға уахи етті.

Алла елшісі (с.ғ.с.) бұрынғы пайғамбарлардай белгілі бір қауымға ғана емес, бүкіл адамзат пен ғаламға рахым етіп жіберілген. Ол туралы Алла тағала: «Ей, Мұхаммед! Сен болмағанда мына он сегіз мың ғаламды жаратпаған болар едім», - деген. Мұса (ғ.с.) және Иса (ғ.с.) пайғамбарлар да Тәурат пен Інжілдің йаһудилер мен христиандар өзгертпеген бұрынғы нұсқаларының 40-қа жуық жерлерінде Мұхаммедтің (с.ғ.с.) болашақта дүниеге келетіндігін болжай айтқан.
Ол хақында мысалы Иса (ғ.с.): «Әй, Исраил ұрпақтары! Сендерге мені Алла жіберген, өзімнен бұрын келген Тәуратты растаушы, өзімнен соң Ахмед атты пайғамбар келетіні туралы қуанышты хабар әкелуші пайғамбармын...» («Ас-Саф» сүресі, 6-аят), - дейді. Ахмед те, Мұхаммед те, Махмуд та «мақтаулы», «мақталған» деген мағынаны білдіреді. Демек, Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ақиретке дейін мақталып, абыройы үстем бола бермек.
Ислам жаһандағы барлық жанға тыныштық пен қайырым, әділдік, жақсылық пен игілік тілейді. Үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға шақырады. Ол адам баласын жанындағыларға жақсылық жасап, ізгілік дәнін себуге, тарыққанға таяныш, жылағанға жұбаныш, ата-анаға мейірімді, әдепті болуға үндейтін нағыз гуманизмге толы дін.
Міне осындай бірлікке, ынтымаққа негізделіп, ізбасарларын имандылыққа ұйытатын, рух тазалығын уағыздайтын асыл дін идеясын ту еткен мұсылмандар аз жылдардан соң Араб түбегінен шағындап шығып, осы күнгі Сириия, Палестина, Ирак жеріне жетті, Исламды ту еткен араб қосындарының бір бөлігі Қызыл теңізден өтіп Мысырға табан тіреді, соңыра әрі қарай қазіргі Мағриб араб елдеріне де байрағын желбіретті. Ливия, Тунис, Алжир, Марокко исламға мойынсұнды.
711 жылы мағрибтық мұсылмандар жаңа дінді жалау етіп Атлант мұхиты мен Жерорта теңізін бөліп жатқан Гибралтар бұғазынан өтіп, Андалусияға (Испанияға) аяқ басты. Олар сондай-ақ Испания мен Франция арасындағы Пиреней тауларына да жетті. Кейінірек Ислам діні Солтүстік Африка ғана емес, Орталық Африканың да біраз жерлері мен елдеріне тарады.
Араб жасақтары тек Батысқа ғана емес, сондай-ақ осы күнгі Кіші Азия мен кавказ тауларына да ат басын бұрды. Бірте-бірте жаңа дін Мауараннаһр деп аталған орта Азиядағы түркілер өлкесіне де жетті. Бұхара мен Самарқан, Шаш (Ташкент) пен Отырар, Хорезм өлкесі де исламды қабылдады.
Сөйтіп Ислам діні IX-X ғасырларда сұнниттік бағытта бірте-бірте түркілер әлемінде де нығая бастады. Әйтсе де ғылым мен білім, ізгілік пен игілік әкелген дініміздің қазақ жеріне түгел тарап, біржола орнығуына әлі де біраз уақыт қажет еді.
Ия, түркі тайпаларын исламдандыру бірнеше ғасырларға созылды. Бұл ретте Талас маңында арабтардың 751 жылы қарақытайлармен болған шешуші шайқасы үлкен рөл атқарды.
Исламдандырудың келесі кезеңі елімізді Қарахан әулеті (X-XI ғ.) мен моғолдар (XIV-XV) билеген кезге тұс келді. Бұл кездері Ислам мемлекеттік дін болды.
Ислам орта ғасырларда қазақ даласында бұрын болған қалалар мен қорғандар, қамалдар мен кенттердің ірге тасын нығайтып қана қоймай, өзге де шаһарлардың ірге тебуіне ықпал етті. Исламды уағыздайтын мешіттер мен медреселер, ғылым-білім ошақтары бой көтерді. Отырардың шығысындағы Сайрам, Манкент, Тараз, Түймекент, Құлан, Меркі, Аспара, Баласағұн, Шу қалалары ғана емес, Сыр бойындағы Сүткент, Ясы (Түркістан), Қарнақ, Сауран, Иқан, Қауған, Өзкент, Аркөк, Қыпшақ, Жент, Асанас, Сығанақ, Баршынкент, Қаратаудың теріскейіндегі Құмкент, Ақтөбе, Бабата, Саудакент, Созақ қалалары жандана бастады. Бұл шаһарлардың көпшілігі араб, парсы дүниесі мен ондағы ғылыми-мәдени ошақтармен байланыста болды. Жергілікті халықтың көзі ашық, көкірегі ояу азаматтары Шаш (Ташкент), Бұхара, Самарқан, Мерв, Термез, немесе одан арғы Теһран, Исфаһан, Шираз және оның да арғы жағындағы арысы Каир, берісі Бағдад, Басра, Дамаскідегі білім ошақтарына барып тағлым алуға тырысты. Бұл ретте Сырдың оңтүстігіндегі Хорезм елімен де бабаларымыздың мәдени, рухани байланысы әсте де үзілмеген.
Араб тілі бірнеше ғасырлар бойы Орта Азияда ғылым мен білімнің тілі болды. Отырарлық Әбу Нәсір әл-Фараби, Исхақ әл-Фараби, Исмаил әл-Жауһарилер Таяу және Орта Шығыс елдерінде білімін молықтырып, әлем мәдениетінің алтын қорынан орын алатын классикалық шығармалар қалдырды. Дегенмен X-XII ғасырларда тек араб тілі ғана емес, сондай-ақ бірте-бірте жергілікті халықтың түркі тілінде де шығармалар дүниеге келе бастады. Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашғари, Қожа Ахмет Йассауи салған дәстүрді XVI-XVII ғасырларда Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали би Қосымұлы Жалайырилер жалғастырды. Сөйтіп Ислам өркениеті орта ғасырлардан күні кешеге дейін Орта Азия халықтарының әдебиеті мен мәдениетіне, рухани өміріне үлкен әсер етті. Елімізден шыққан араб, парсы, түркі тілді ғалымдардың бір тобы философия, тарих, мәдениет, астрономия, логика, музыка, әдебиет пен тіл, медицина саласындағы еңбектерімен аты шықса, енді бірі қасиетті Құран мен тафсир, шариғат, мазһабтар, фиқһке арналған шығармаларымен де ел құрметіне бөленген. Бұл ретте Бұрһан ад-Дин Ахмад әл-Фараби, Имад ад-Дин Әбу-л Қасым әл-Фараби, Қауам ад-Дин әл-Фараби, Маула Мұхаммед әл-Фараби, Молла Ахмет әл-Женди, Хусамад-Дин әл-Хұсейн ас-Сығнақи, Әбу Абд Алла әл-Баласағұни, Әбд әл-Ғафур әл-Кердери, Хафиз ад-Дин әл-Кердерилерді атауға болады.

Сайрамдық Ахмад әл-Исфиджаби, Әли әл-Исфиджаби атты ғұламалар да өзінің терең ойлы туындыларын дін Ислам ғылымына арнаған. Сайрамнан сондай-ақ әл-Қади әл-Байдауи, Әбу-л Хасан Әли әл-Байдауи секілді қазылар да шыққан. Соңғы екеуі – туған жері Сайрамда көз жұмған. Орта ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанға софылық ілім де тарады. Ол көбінесе көшпелі тіршілік кешкен жұртта Ислам дінінің мықтап орнығуына, халықтың тұрмыс-тіршілігіне, әдебиеті мен мәдениетіне әсер етті.
XIX ғасырда Қазақстанның патшалық Ресей отарына айналуы, феодализмның ыдырап, капитализмнің күш ала бастауы діни руханиятқа да әсер етпей қойған жоқ. Сондай-ақ Таяу Шығыста басталған діни-ағартушылық қозғалыс әсері Орта Азия мен Қазақстанға да жетті. Соған байланысты діни істерге реформа жасау қажеттігі көтерілді. Бұрынғы қалыптасқан дәстүрлі қадимшілер мен жаңашыл жадидшілер сынға түсті. Ия, халқымыздың көзі ашық, көкірегі ояу азаматтары елінің дініне де көңіл бөлгендіктен мұсылмандардың басын қосып, діни істерді заман талабына сай жүргізетін ұйым құруға тырысты.
Сөйтіп 1906 жылдың көктемінде Верныйда Түркістан өлкесі мұсылмандарының I құрылтайы өтті, оған 100-ге жуық делегаттар қатысты. Құрылтай қаулысында бүкіл Ресей мұсылмандарының діни-руханият мәселелерімен айналысатын мұсылмандар діни бас басқармасын құру, мүфтиден бастап азаншыға дейінгі дін қызметкерлерін жергілікті әкімшілік емес, халықтың өзі сайлауы, вакуфтер ашу, мешіттер салу және оларды жөндеуге рұқсат беру, мектептер мен медреселерді реформалау қажеттігі атап көрсетілді.
Сөйтіп сол жылдары Жетісуда өзге де саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар сияқты діни қауымдастық та ресми түрде тіркелген. Ия, Ислам көптеген ғасырлар бойы қазақ халқының жүрер жолы, арқа сүйер рухани тірегі болып келді. Дей тұрғанмен Совет дәуірінде қылышынан қан тамған атеизм Ислам дінінің қолданылу аясын тарылтқан үстіне тарылта түсті.
IV Пайдаланылған әдебиеттер

1. Рүстемов Жанарыстан Әзімханұлы «Ислам жайлы қате түсініктер» Шыкент – 2006
Мухммад Юсуф «Ислам тәлімдері»Алматы – 2007

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І Кіріспе
Ислам діні Қазақстанда
ІІ Негізгі бөлім
Ислам діні Кеңес дәуірінде
Исламдағы ата-ананың алатын орны
ІІІ Қорытынды

Ислам діні Қазақстанда
Қазақстан мешіттері

Әлемнің түрлі ұлтты, тілді, нәсілді 1 миллиард 300 милионнан астам халқы
ұстанып отырған ислам дінінің тарих сахнасына көтерілгеніне де он-бес
ғасырдан асты. Ол жазирату-л-араб деп аталатын осы күнгі Араб түбегінде
дүниеге келді. Алла тағала қасиетті Құран Кәрімді осы елдегі Құрайш
тайпасынан шыққан Абд Аллаұлы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымызға уахи етті.
Алла тағала адам баласын қараңғылық зұлматы мен адасушылықтан – қайырым,
шапағат, рақым, мейірім, яғни тура жолға салу үшін әр кездері
пайғамбарларын жіберіп отырды және оларды белгілі бір қауымдардан шығарды.
Пайғамбарларға Алла тағала қасиетті кітабы - өмір сүру заңын да қоса
жіберді. Адам баласы соны басшылыққа алып, айқын да дұрыс жолмен жүрсін
деді. Бірақ олар пайғамбарларды тыңдамады, жөн сөзді теріске балап, жаһил
тірліктерін жалғастыра берді. Ақырында Жаратушы иеміз қиянатшыл қоғамдарды
жойып жіберді.
Алла тағала адамдарға Алла тартқан желіден (діннен) бекем ұстап,
айрылмаңдар (Әл имран сүресі, 103 аят), Ақиқатында, Аллаға қабыл дін –
Ислам діні (Әл Имран сүресі, 19 аят) деп таза да ақиқат дін – исламды
жіберді. Адам баласы қасиетті Құранды басшылыққа алып, ешкімге де,
ешнәрсеге де қылдай қиянат жасамай өмір сүрсін, қоғамы әділ де иманды
болсын деп дұрыс жолды көрсету үшін Құран кәрімді Мұхаммед (с.ғ.с.)
пайғамбарымызға уахи етті.

Алла елшісі (с.ғ.с.) бұрынғы пайғамбарлардай белгілі бір қауымға ғана емес,
бүкіл адамзат пен ғаламға рахым етіп жіберілген. Ол туралы Алла тағала:
Ей, Мұхаммед! Сен болмағанда мына он сегіз мың ғаламды жаратпаған болар
едім, - деген. Мұса (ғ.с.) және Иса (ғ.с.) пайғамбарлар да Тәурат пен
Інжілдің йаһудилер мен христиандар өзгертпеген бұрынғы нұсқаларының 40-қа
жуық жерлерінде Мұхаммедтің (с.ғ.с.) болашақта дүниеге келетіндігін болжай
айтқан.
Ол хақында мысалы Иса (ғ.с.): Әй, Исраил ұрпақтары! Сендерге мені Алла
жіберген, өзімнен бұрын келген Тәуратты растаушы, өзімнен соң Ахмед атты
пайғамбар келетіні туралы қуанышты хабар әкелуші пайғамбармын... (Ас-Саф
сүресі, 6-аят), - дейді. Ахмед те, Мұхаммед те, Махмуд та мақтаулы,
мақталған деген мағынаны білдіреді. Демек, Мұхаммед пайғамбарымыздың
(с.ғ.с.) ақиретке дейін мақталып, абыройы үстем бола бермек.
Ислам жаһандағы барлық жанға тыныштық пен қайырым, әділдік, жақсылық пен
игілік тілейді. Үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға шақырады. Ол адам
баласын жанындағыларға жақсылық жасап, ізгілік дәнін себуге, тарыққанға
таяныш, жылағанға жұбаныш, ата-анаға мейірімді, әдепті болуға үндейтін
нағыз гуманизмге толы дін.
Міне осындай бірлікке, ынтымаққа негізделіп, ізбасарларын имандылыққа
ұйытатын, рух тазалығын уағыздайтын асыл дін идеясын ту еткен мұсылмандар
аз жылдардан соң Араб түбегінен шағындап шығып, осы күнгі Сириия,
Палестина, Ирак жеріне жетті, Исламды ту еткен араб қосындарының бір бөлігі
Қызыл теңізден өтіп Мысырға табан тіреді, соңыра әрі қарай қазіргі Мағриб
араб елдеріне де байрағын желбіретті. Ливия, Тунис, Алжир, Марокко исламға
мойынсұнды.
711 жылы мағрибтық мұсылмандар жаңа дінді жалау етіп Атлант мұхиты мен
Жерорта теңізін бөліп жатқан Гибралтар бұғазынан өтіп, Андалусияға
(Испанияға) аяқ басты. Олар сондай-ақ Испания мен Франция арасындағы
Пиреней тауларына да жетті. Кейінірек Ислам діні Солтүстік Африка ғана
емес, Орталық Африканың да біраз жерлері мен елдеріне тарады.
Араб жасақтары тек Батысқа ғана емес, сондай-ақ осы күнгі Кіші Азия мен
кавказ тауларына да ат басын бұрды. Бірте-бірте жаңа дін Мауараннаһр деп
аталған орта Азиядағы түркілер өлкесіне де жетті. Бұхара мен Самарқан, Шаш
(Ташкент) пен Отырар, Хорезм өлкесі де исламды қабылдады.
Сөйтіп Ислам діні IX-X ғасырларда сұнниттік бағытта бірте-бірте түркілер
әлемінде де нығая бастады. Әйтсе де ғылым мен білім, ізгілік пен игілік
әкелген дініміздің қазақ жеріне түгел тарап, біржола орнығуына әлі де біраз
уақыт қажет еді.
Ия, түркі тайпаларын исламдандыру бірнеше ғасырларға созылды. Бұл ретте
Талас маңында арабтардың 751 жылы қарақытайлармен болған шешуші шайқасы
үлкен рөл атқарды.
Исламдандырудың келесі кезеңі елімізді Қарахан әулеті (X-XI ғ.) мен
моғолдар (XIV-XV) билеген кезге тұс келді. Бұл кездері Ислам мемлекеттік
дін болды.
Ислам орта ғасырларда қазақ даласында бұрын болған қалалар мен қорғандар,
қамалдар мен кенттердің ірге тасын нығайтып қана қоймай, өзге де
шаһарлардың ірге тебуіне ықпал етті. Исламды уағыздайтын мешіттер мен
медреселер, ғылым-білім ошақтары бой көтерді. Отырардың шығысындағы Сайрам,
Манкент, Тараз, Түймекент, Құлан, Меркі, Аспара, Баласағұн, Шу қалалары
ғана емес, Сыр бойындағы Сүткент, Ясы (Түркістан), Қарнақ, Сауран, Иқан,
Қауған, Өзкент, Аркөк, Қыпшақ, Жент, Асанас, Сығанақ, Баршынкент,
Қаратаудың теріскейіндегі Құмкент, Ақтөбе, Бабата, Саудакент, Созақ
қалалары жандана бастады. Бұл шаһарлардың көпшілігі араб, парсы дүниесі мен
ондағы ғылыми-мәдени ошақтармен байланыста болды. Жергілікті халықтың көзі
ашық, көкірегі ояу азаматтары Шаш (Ташкент), Бұхара, Самарқан, Мерв,
Термез, немесе одан арғы Теһран, Исфаһан, Шираз және оның да арғы жағындағы
арысы Каир, берісі Бағдад, Басра, Дамаскідегі білім ошақтарына барып тағлым
алуға тырысты. Бұл ретте Сырдың оңтүстігіндегі Хорезм елімен де
бабаларымыздың мәдени, рухани байланысы әсте де үзілмеген.
Араб тілі бірнеше ғасырлар бойы Орта Азияда ғылым мен білімнің тілі болды.
Отырарлық Әбу Нәсір әл-Фараби, Исхақ әл-Фараби, Исмаил әл-Жауһарилер Таяу
және Орта Шығыс елдерінде білімін молықтырып, әлем мәдениетінің алтын
қорынан орын алатын классикалық шығармалар қалдырды. Дегенмен X-XII
ғасырларда тек араб тілі ғана емес, сондай-ақ бірте-бірте жергілікті
халықтың түркі тілінде де шығармалар дүниеге келе бастады. Жүсіп
Баласағұни, Махмұт Қашғари, Қожа Ахмет Йассауи салған дәстүрді XVI-XVII
ғасырларда Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали би Қосымұлы Жалайырилер
жалғастырды. Сөйтіп Ислам өркениеті орта ғасырлардан күні кешеге дейін Орта
Азия халықтарының әдебиеті мен мәдениетіне, рухани өміріне үлкен әсер етті.
Елімізден шыққан араб, парсы, түркі тілді ғалымдардың бір тобы философия,
тарих, мәдениет, астрономия, логика, музыка, әдебиет пен тіл, медицина
саласындағы еңбектерімен аты шықса, енді бірі қасиетті Құран мен тафсир,
шариғат, мазһабтар, фиқһке арналған шығармаларымен де ел құрметіне
бөленген. Бұл ретте Бұрһан ад-Дин Ахмад әл-Фараби, Имад ад-Дин Әбу-л Қасым
әл-Фараби, Қауам ад-Дин әл-Фараби, Маула Мұхаммед әл-Фараби, Молла Ахмет әл-
Женди, Хусамад-Дин әл-Хұсейн ас-Сығнақи, Әбу Абд Алла әл-Баласағұни, Әбд әл-
Ғафур әл-Кердери, Хафиз ад-Дин әл-Кердерилерді атауға болады.

Сайрамдық Ахмад әл-Исфиджаби, Әли әл-Исфиджаби атты ғұламалар да өзінің
терең ойлы туындыларын дін Ислам ғылымына арнаған. Сайрамнан сондай-ақ әл-
Қади әл-Байдауи, Әбу-л Хасан Әли әл-Байдауи секілді қазылар да шыққан.
Соңғы екеуі – туған жері Сайрамда көз жұмған. Орта ғасырларда Орта Азия мен
Қазақстанға софылық ілім де тарады. Ол көбінесе көшпелі тіршілік кешкен
жұртта Ислам дінінің мықтап орнығуына, халықтың тұрмыс-тіршілігіне,
әдебиеті мен мәдениетіне әсер етті.
XIX ғасырда Қазақстанның патшалық Ресей отарына айналуы, феодализмның
ыдырап, капитализмнің күш ала бастауы діни руханиятқа да әсер етпей қойған
жоқ. Сондай-ақ Таяу Шығыста басталған діни-ағартушылық қозғалыс әсері Орта
Азия мен Қазақстанға да жетті. Соған байланысты діни істерге реформа жасау
қажеттігі көтерілді. Бұрынғы қалыптасқан дәстүрлі қадимшілер мен жаңашыл
жадидшілер сынға түсті. Ия, халқымыздың көзі ашық, көкірегі ояу азаматтары
елінің дініне де көңіл бөлгендіктен мұсылмандардың басын қосып, діни
істерді заман талабына сай жүргізетін ұйым құруға тырысты.
Сөйтіп 1906 жылдың көктемінде Верныйда Түркістан өлкесі мұсылмандарының I
құрылтайы өтті, оған 100-ге жуық делегаттар қатысты. Құрылтай қаулысында
бүкіл Ресей мұсылмандарының діни-руханият мәселелерімен айналысатын
мұсылмандар діни бас басқармасын құру, мүфтиден бастап азаншыға дейінгі дін
қызметкерлерін жергілікті әкімшілік емес, халықтың өзі сайлауы, вакуфтер
ашу, мешіттер салу және оларды жөндеуге рұқсат беру, мектептер мен
медреселерді реформалау қажеттігі атап көрсетілді.
Сөйтіп сол жылдары Жетісуда өзге де саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар
сияқты діни қауымдастық та ресми түрде тіркелген. Ия, Ислам көптеген
ғасырлар бойы қазақ халқының жүрер жолы, арқа сүйер рухани тірегі болып
келді. Дей тұрғанмен Совет дәуірінде қылышынан қан тамған атеизм Ислам
дінінің қолданылу аясын тарылтқан үстіне тарылта түсті.

Ислам діні Кеңес дәуірінде
Қазан төңкерісінен кейін 20-ы жылдар соңына дейін Кеңес үкіметі дінге
кеңшілікпен қарады. Сол себепті мешіттер мен медреселер өз жұмысын
жалғастыра алды.

1920 жылы Орынборда мұсылмандардың тағы бір құрылтайы өтті.
1921 жылы республикада ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Діни сананы қалыптастыру мәселелері
«Қазіргі діни лаңкестік білдірушілік ахуал әрекеттерінің насихат жұмыстарына тигізер зардаптары»
Дін тарихы Республика жерінде таралған негізгі діндер
Қазақстандағы жаңа діни ағымдардың таралуы, себептері мен салдары
Ислам діні қазақ жерінде таралуы.Ислам дінінің әлеуметтік және негізгі бағыттары
Қазақстандағы ислам эволюциясы
Қазақстандағы діндер
Қазақ жеріндегі ислам діні және шаман діні
Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы діни ахуал
Діни басқарма тұсында
Пәндер