1990 жылдан бастап Қазақстанның әкімшілік-аймақтық даму тарихы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚР Білім және Ғылым Министрлігі.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Баяндама

Тақырыбы : 1990 жылдан бастап Қазақстанның әкімшілік-аймақтық даму тарихы

Тексерген : Тойкин С. Х.

Орындаған : Мұхамадияров Е. Қ.

Семей 2015

ЖОСПАР :

  1. ҚР туралы жалпы мәлімет
  2. ҚР - ның әкімшілік - аумақтық реформасы.
  3. Пайдаланылған әдебиеттер
  1. ҚР туралы жалпы мәлімет

Қазақстан Республикасы - унитарлы мемлекет. Әкішілік құрылымы бойынша құрамына 14 облыс, 86 қала, соның ішінде 3 республикалық маңызы бар қалалар (Астана, Алматы, Байқоныр), 168 аудан, 174 ауылдық округ кіреді.

Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан - Шығыс Еуропамен Орталық Азияда орналасқан мемлекет.

Басқару түріне байланысты - Президенттік Республика. 2011 жылдың 15 қаңтарында өткен Президенттік сайлау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды (бұл қызметте 1990 жылдан бері) . Атқарушы орган Үкімет басшысы - Серік Нығметұлы Ахметов.

Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, соның ішінде әлемдегі құрлықтағы ең ұзақ шекара солтүстігінде Ресеймен - 6 467 км құрайды. Оңтүстігінде - Түрікменстан - 380 км, Өзбекстан - 2 300 км және Қырғызстан - 980 км, ал шығысында - Қытаймен - 1 460 км шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы - 13392, 6 км[6] . Батыста Каспий теңізімен, оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады[7] .

Бaтысында Еділдің төмeнгі ағысынан, шығысында Алтай тауларына дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі Батыс-Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азовжәне Қара теңіздерге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан - ең үлкені.

2015 жылдың 1 қаңтарында елдегі тұрғындар саны - 17 417 447 адам бұл әлем бойынша 63-орын. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орын алады (2 724 900 км²) .

Елдің астанасы - Астана қаласы. Мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Ресми тілі - орыс тілі.

Қазақстанның ұлттық құрамы aлуан түpлі. Хaлықтың үлкен бөлігінқазақтар құрайды, пайыздық үлесі - 63. 1%, орыстар - 23. 6%, украиндар - 2. 9%, өзбектер - 2. 8%, немістер - 1. 5% ұйғырлар - 1. 4%, татарлар - 1. 3%, басқа халықтар - 4. 3%. [8] Халықтың 70 пайызын мұсылмандар құрайды, проваславты христиандар - 26%, қалғаны басқа дін өкілдері. [9]

Экономикалық көрсeткіштері бойынша дамушы экономика ретінде қарастырылады. Елдің жалпы ішкі өнімі - құрайды. Экономиканың негізгі бағыты отын-энергетика саласындағы шикізат өндіру, ауылшаруашылығы (егіншілік) . Елдің негізгі валютасы - теңге.

1991 жылдың 16 желтоқсан күні КСРО-ның ыдырауына байланысты өз егемендігін жариялады және халықаралық қауымдастық тарапынан тәуелсіз мемлекет ретінде мойындалды. 1992 жылдың 2 наурызынан бастап БҰҰ-ның толыққанды мүшесі. Сонымен қатар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымына, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына және Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы сияқты басқа да бірнеше халықаралық ұйымдардың құрамына кіреді.

  1. ҚР - ның әкімшілік - аумақтық реформасы.

Ұлттық топонимиканы жаңғырту мақсатында, ежелгі тарихи-географиялық атаулардың әкімшілік-аумақтық бірлігі қалпына келтірілді. Сонымен қоса, орыс тіліндегі қазақ топонимикалық атауларын ретке келтіру арқылы көптеген облыстардың, қалалардың, аудандардың және басқа елді мекендердің атаулары өзгертілді. Атаулардың атын өзгерту жергілікті халық депутаттары кеңесінің ұсынысы бойынша және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Мемлекеттік ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде жүзеге асырылды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Қазақ-стан Республикасы жеке әкімшілік-аумақтық бірлігінің жеке атауларының қайта өзгертілуі және орыс тіліндегі қазақ топонимикаларын ретке келтіру туралы» 1993 жылғы 4 мамырдағы қаулысына сәйкес бірқатар облыстар, қалалар, аудандар, ауылдар және басқа да елді мекендердің атаулары қайта өзгертілді.

Осы қаулыға сәйкес Джамбул облысы - Жамбыл; Жамбыл облысының Джамбул қаласы - Жамбыл; Жамбыл облысының Джамбул ауданы - Жамбыл; Жамбыл облысының Чу қаласы - Шу; Жамбыл облысының Чу ауданы - Шу ауданы; Жамбыл облысының Джувалин ауданы - Жуалы; Жамбыл облысының Курдай ауданы - Қордай; Жезқазған облысының Джездинский ауданын - Жезді; Жезқазған облысының жұмысшы поселкесі Джезды - Жезді; Жезқазган облысының жұмысшы поселкасы Джезказған - Жезказған; Талды-Курган облысы - Талдықорған; Талдықорған облысының Талды-Курган қаласы - Талдықорған; Оңтүстік Қазақстан облысының Джетысай қаласы - Жетісай; Оңтүстік Қазақстан облысының Джетысай ауданы - Жетісай ауданы; Алматы облысының Энбекши казах ауданы - Еңбекші қазақ; Алматы облысының Иссык қаласы - Есік; Алматы облысының Джамбул ауданы - Жамбыл; Солтүстік Қазақстан облысындағы Джамбул ауданы - Жамбыл ауданы; барлық ауыл кеңестері мен елді мекендерінде (ауыл, поселке, жұмысшылар поселкесі), ауыл кеңестерінде Джамбул атын Жамбыл ауданы және Жамбылға сәйкес Жамбыл деп өзгертілді. Сонымен қатар облыстар мен аудандарға да жаңа атаулар берілді: Актөбе облысы бойынша - Қарабұтақ ауданын Әйтеке би; Ново-россия ауданын Хромтау; Алматы облысы бойынша - Нарынқол ауданын Райымбек; Жезқазған облысы бойынша - Приозерный ауданын Тоқырау; Қарағанды облысы бойынша - Егіндібұлақ ауданын Қазыбек би; Көкшетау облысы бойынша - Володар ауданын Айыртау; Қостанай облысы бойынша - Боровской ауданын Мендіқара; Маңғыстау облысы бойынша - Ералиев ауданын Қарақиян; Павлодар облысы бойынша - Краснокут ауданын Ақтоғай; Ермак қаласын Ақсу; Талдықорған облысы бойынша - Андреев ауданын - Үйгентас; Киров ауданын - Көксу; Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша - Лепсі ауданы - Қазығұрт; Бугунск ауданы Ордабасы; Шымкент қаласының Дзержинск ауданын - әл-Фараби: Пахтааральск ауданы - Мақтаарал атауларына өзгертілді Бірқатар облыстардың аумақтық кұрылымы қайта қаралып біріктірілді және соған сәйкес олардың шекарасы да өзгерді. Әкімшілік-аумақтык реформаның барысында Жезқазған облысы Қарағанды об-лысымен, Көкшетау Солтүстік Қазақстан облысымен, Семей Шығыс Қазақстан облысымен біріктірілді. Ал Талдықорған облысы Алматы облысына қосылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 23 мамырдағы «Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыс-тарының әкімшілік-аумақтық құрылымдарының өзгеруі туралы» (аудан-дарды біріктіру арқылы) Жарлығы бойынша бұл облыстардың ішкі кұрылымында өзгерістер болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркістан қаласы мен агломерациясының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1867-2009 жж.)
Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы
Қазақстанның халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде халықаралық аренаға шығуы
Отаршылдық кезеңіндегі қазақ халқы руханилығының даму ерекшеліктер
Зерттеудің сарапталып, сыннан өтуі
Біріккен Ұлттар Ұйымы аймақтық жанжалдарда
Моңғолиядағы социалистік құрылыс жылдарындағы қазақ диаспорасы
Шешілуі міндетті саяси мәселелерді реттеу
Түркістан қаласының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1867-2009 жж.)
Қазақстан моноқалаларының орналасу ерекшелігі және дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz