Дене тәрбиесінің бала тәрбиесіндегі рөлі
Кіріспе
І тарау Мектептегі дене тәрбиесінің мәні мен мағынасы
1.1 Мектептегі дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастырудың түрлері ... ... ... ...3
1.2 Мектеп жасындағы оқушылардың дене тәрбиесінің негіздері ... ... ... ... ... 6
1.3 Мектептегі дене тәрбиесі жұмысын жоспарлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
ІІ тарау Дене тәрбиесінің бала тәрбиесіндегі рөлі
2.1 Мектептегі дене тәрбиесі сабағының балаларға беретін әсері ... ... ... ... ...11
2.2 Мектептегі дене шынықтыру сабағында төзімділікке тәрбиелеу негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.3 Мектепте ұлттық спорттық ойындарды ұйымдастырудың маңызы ... ... ..18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
Қолданылатын әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

Мектеп жасындағы балалармен жұмыстағы негізгі міндеттердің бірі – дене тәрбиесін дұрыс жүргізу болып табылады. Дене тәрбиесі – жалпы тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың, дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған. Ол тәрбиенің басқа түрлері – адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек тәрбиелерімен байланысты. Сондықтан да біздің елімізде дене тәрбиесі процесінде жалпы тәрбие мақсатынан туындайтын педагогикалық міндеттер де шешімін табады. Ден тәрбиесі білімі – дене тәрбиесі салаларының бірі; ол арнаулы білімді, қимыл-қозғалыс дағдылары мен іскерліктерді меңгеріп қамтиды. Дене тәрбиесі мәдениеті – жалпы мәдениеттің бір бөлігі, қоғамның адам денесін жетілдіру саласында қоғамдық — тарихи практика процесінде жиналған табыстарының жиынтығы. Ден тәрбиесі мәдениеті – дене тәрбиесі теориясының барлық ұғымдарының ішіндегі ең кең ұғым. Дене тәрбиесі теориясы – адам денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым. Ол педагогикалық ғылымдар жүйесіне енеді, психологиямен және педагогикамен, спорттың жекелеген түрлерінің теориясы және методикасымен тығыз байланыста болады. Осыған байланысты мектеп жастан бастап балалардың дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру, денсаулығын нығайту және жан-жақты дамыту, алдағы қоғамдық өмірге дер кезінде асыру маңызды болып табылады.
Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы мен өзектілігі: Курстық жұмыста мектептегі дене тәрбиесі сабағының бала тәрбиесіндегі рөлінің маңызы сөз болады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мектептегі оқушылардың мақсатты түрде дене тәрбиесі пәнін ұйымдастырып, дене дамуындағы қозғалғыштық қабілеттерінің оңтайлы іске асырылуын зерделеумен қатар, бала тәрбиесіндегі рөлін анықтау. Дене тәрбиесінің мақсаты - денсаулығы мықты, рухы сергек, Отанын қорғауға және ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыру болып табылады. Осы жас ұрпақты дене жетілдіруінің бастауыш сынып дене тәрбиесі сабағындағы жеңіл атлетика, гимнастика, жүзу бөлгінде, қимылды ойындар ерекше орын алады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Дене тәрбиесі мәселелеріне шолу;
- Дене тәрбиесіндегі қозғалмалы ойындардың маңызын анықтау;
- Балалардың қимыл-қозғалыстарын қалыптастыру жолдарын көрсету;

1. «Дене тәрбиесін өткізу және басқару»З .А.Есмағамбетов Қарағанды 2004 ж
2. «Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі» Ұ.Ж. Мұхамбетжанов, Астана, 2007ж
3.«Дене тәрбиесі әдістемесі» А.Құлназаров, Алматы 2002 ж
4. «Дене тәрбиесі әдістемелік нұсқау» С.Тайжанов Алматы 2004 ж
5. Дене тәрбиесінің негіздері» Е.Уаңбаев Алматы 2000 ж
6. «Дене мүмкіндіктерін тәрбиелеу» С.Тайжанов Алматы 2004 ж
7. «Дене тәрбиесі» С.Қасымбекова Алматы 2004 ж
8. Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңы 1997 ж
9. “Дене тәрбиесі” журналы, 2005ж.
10. «Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі» Т.Ш.Қуаныш
11. «Дене тәрбиесінің ілімінің негіздері» Қарағанды 2001ж З.Есмағанбетов
12. Қуаныш Т.Ш. «Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі».Алматы, 1996ж.
13. Аманбаев Р.Р., Қалдыбаев М.К. «Дене тәрбиелеу мәдениеті және спорт ілімі мен методикасының түсініктері». Алматы, 1992ж.
14. Тайжанов С. «Дене тәрбиесі әдістемелік нұсқау» Алматы 2004 ж
15. Кукушкин Г.И. Принципы подхода к изучению личности школьника. – Физическая культура в школе, 1998, № 4.
16. Қазақстан мектебі. 2001-7. Ұ.Мұхамеджанова. Дене жаттығуларын ұйымдастыру.
17. Қазақстан мектебі. 2002-9. С.Мұхтаров. Дене тәрбиесі сабағында.
18. “Ұлттық ойындар”. Алматы, 1989ж. Е.Хамитов
19. .Е.Уаңбаев «Дене тәрбиесінің негіздері» Алматы 2000 ж
20. А.Құлназаров«Дене тәрбиесі әдістемесі» Алматы 2002 ж

Мазмұны
Кіріспе
І тарау Мектептегі дене тәрбиесінің мәні мен мағынасы
1.1 Мектептегі дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастырудың түрлері ... ... ... ...3
1.2 Мектеп жасындағы оқушылардың дене тәрбиесінің негіздері ... ... ... ... ... 6
1.3 Мектептегі дене тәрбиесі жұмысын жоспарлау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..9
ІІ тарау Дене тәрбиесінің бала тәрбиесіндегі рөлі
2.1 Мектептегі дене тәрбиесі сабағының балаларға беретін әсері ... ... ... ... ...11
2.2 Мектептегі дене шынықтыру сабағында төзімділікке тәрбиелеу негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.3 Мектепте ұлттық спорттық ойындарды ұйымдастырудың маңызы ... ... ..18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
Қолданылатын әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Кіріспе
Мектеп жасындағы балалармен жұмыстағы негізгі міндеттердің бірі - дене тәрбиесін дұрыс жүргізу болып табылады. Дене тәрбиесі - жалпы тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың, дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған. Ол тәрбиенің басқа түрлері - адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек тәрбиелерімен байланысты. Сондықтан да біздің елімізде дене тәрбиесі процесінде жалпы тәрбие мақсатынан туындайтын педагогикалық міндеттер де шешімін табады. Ден тәрбиесі білімі - дене тәрбиесі салаларының бірі; ол арнаулы білімді, қимыл-қозғалыс дағдылары мен іскерліктерді меңгеріп қамтиды. Дене тәрбиесі мәдениеті - жалпы мәдениеттің бір бөлігі, қоғамның адам денесін жетілдіру саласында қоғамдық -- тарихи практика процесінде жиналған табыстарының жиынтығы. Ден тәрбиесі мәдениеті - дене тәрбиесі теориясының барлық ұғымдарының ішіндегі ең кең ұғым. Дене тәрбиесі теориясы - адам денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым. Ол педагогикалық ғылымдар жүйесіне енеді, психологиямен және педагогикамен, спорттың жекелеген түрлерінің теориясы және методикасымен тығыз байланыста болады. Осыған байланысты мектеп жастан бастап балалардың дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру, денсаулығын нығайту және жан-жақты дамыту, алдағы қоғамдық өмірге дер кезінде асыру маңызды болып табылады.
Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы мен өзектілігі: Курстық жұмыста мектептегі дене тәрбиесі сабағының бала тәрбиесіндегі рөлінің маңызы сөз болады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мектептегі оқушылардың мақсатты түрде дене тәрбиесі пәнін ұйымдастырып, дене дамуындағы қозғалғыштық қабілеттерінің оңтайлы іске асырылуын зерделеумен қатар, бала тәрбиесіндегі рөлін анықтау. Дене тәрбиесінің мақсаты - денсаулығы мықты, рухы сергек, Отанын қорғауға және ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыру болып табылады. Осы жас ұрпақты дене жетілдіруінің бастауыш сынып дене тәрбиесі сабағындағы жеңіл атлетика, гимнастика, жүзу бөлгінде, қимылды ойындар ерекше орын алады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Дене тәрбиесі мәселелеріне шолу;
Дене тәрбиесіндегі қозғалмалы ойындардың маңызын анықтау;
Балалардың қимыл-қозғалыстарын қалыптастыру жолдарын көрсету;
І ТАРАУ МЕКТЕПТЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ МӘНІ МЕН МАҒЫНАСЫ
2.1 Мектептегі дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастырудың түрлері
Дене шынықтыру деген тек қана денегі ғана шынықтыру емес, ол жанды да шынықтырады. Себебі, күнделікті спорттық жаттығулар үстінде адам өзін бір тиянақты тәртіпке тәрбиелеп, жігерін дмытады, жаттығу үстінде ол алдына қойған мақсатына жету үшін ерікті түрде дене қызметін үстінде ол алдына қойған мақсатына жету үшін ерікті түрде дене қызметін жасап соған үйренеді. Дене шынықтырумен қатар адамның денсаулығы да күшейеді. Сонымен дене шынықтыру әр түрлі дене жұмысын атқаруға ғана емес, одан басқа да толып жатқан жұмыстарды игеруге қажет және денсаулықты сақтаудың, оны шынықтырудың бірден бір кепілі таймайтын жолы, шыныққан дене жанды да шынықтыруға қажет, одан да жол ашады.
Дене шынықтырудың ерекше бір түрі және көпшілікке мәлім түрі физкультура мен спорт арқылы жасалады. Жас кезінен физкультурамен, спортпен шұғылданғандардың дене құрылысы жақсы дамып, күш-қайраты мол болады. Дене шынықтыру үстінде бұлшық еттердің аса жетіліп дамуынан басқа да көптеген организмнің пайдалы жетістіктер пайда болады. Спортшылардың қан тамыр жүйесі дамып, нығаяды, олардың қызметі жеңіл және пәрменді жүреді. Шыныққан дененің табиғатқа икемделгіштігі де анағұрлым жоғары болады.
Дене тәрбиесі базалық мазмұнын сапа тұрғысынан жаңарту сабақ берудің дидактикалық себептілік және адамгершілік-эстетикалық негіздерін одан әрі нығайтуды, дене тәрбиесін жетілдіру мақсатында оқушылардан жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамытуды көздейді.
Дене тәрбиесі құралдарының құрамында негізіне қоса қосалқы элементтер де болуы қажет. Сондықтан ашық алаңда немесе жабық орында пайдаланылатын оқу материалдары нақтылы мақсаттарды жүзеге асыру есебімен жасалуы керек. Бұл негізінен мына мәселелерге қатысты: мүсіннің өсіп дамуына жоспарлы ықпал ету, әртүрлі жаттығу түрлерін жүріспен, жүгіріспен, секірумен байланыстыра отырып, шыдамдылық көрсеткішін жақсарту. Мұндай педагогикалық міндеттерді орындауға жалпы дамытатын және арнайы дамытатын жаттығуларды шебер ұштастыруға үлкен мүмкіндік береді. Бұлай ұштастыру оқушыларды спорттық мінез-құлық жағдайына үйретеді, еркін қозғалысты іске асыруда олардың ерік-жігерін нығайтады.
Дене тәрбиесі жаттығулары.
Адамның арнайы дене тәрбиесі міндеттерін орындауға арналған қимылын дене тәрбиесі жаттығулары дейміз. Қимылдың бәрі емес, тек тәрбие міндеттерін шешуге бағытталып педагогика заңдылықтарына бағынған қимыл қозғалыстары ғана дене тәрбиесі жаттығулары деп аталады. Кейбір ұқсастықтары болса да дене тәрбиесі жаттығуларын еңбек тұрмыс қимыл қозғалыстарынан бөліп қарау керек. Кейбір қимыл-қозғалыстар (мысалы, отырып тұру) дене тәрбиесі жаттығулары емес ол бір ғана негізгі элемент. Дене тәрбиесі жаттығулары көп ретте қайталанатын күрделі қозғалыс. Қазіргі пайдаланып жүрген дене тәрбиесінің жаттығулары өте көп. Олардың мазмұны әр түрлі.
Дене тәрбиесі жаттығуларының тәсілі.
Жаттығулардың тәсілі әрқашанда дамып отырады. Дене тәрбиесі жаттығуларының тәсілі өзіне тән бөлімі бөлшегі болады. Жаттығулар тәсілінің негізгі - жалпы қозғалыс суретінен тұрады. Мысалы, ұзындыққа секіруді алсақ, ол екпіндеп жүгіру, серпілу, ұшу, жерге түсу болып бөлінеді.
Мұндай шешуші сәттер тәсілді толық және жақсы меңгеруге көмектеседі. Жаттығуды орындау 3 кезеңге бөлінеді:
1. Дайындық кезеңі - негізгі қозғалыс әрекетіне жақсы жағдай тудыруға арналған қимыл (ұзындыққа секіру алдында екпіндеп жүгіру).
2. Негізгі кезең - негізгі мақсатты орындауды шешетін қозғалыс (ұзындыққа секірудегі серпін жасау, ұшу кезеңі).
3. Қорытынды кезеңі - қозғалыстың аяқталу кезі (ұзындыққа секірудегі жерге түсу кезеңі).
Жаттығуларды топтау.
Дене тәрбиесі тәжірибесінде өте көп мөлшерде дене тәрбиесі жаттығулары қолданылады. Оларды тиімді пайдалану үшін жаттығуларды топтау қажет.
1) Дене тәрбиесі жүйесін тарихи қалыптасып қалған белгі бойынша топтау. Ол бойынша барлық жаттығулар төрт топқа бөлінеді.
а) Гимнастикалық жаттығулар
в) Ойын жаттығулары
с) Туристік жаттығулары
д) Спорттық жаттығулары
2) Белгілі дене қуатын дамыту бағытындағы жаттығулар:
а) Төзімділік пайда болуына әсер ететін жаттығулар.
в) Икемділікке арналған жаттығулар.
с) Комплексті қимылды талап ететін жаттығулар.
3) Дененің бұлшық еттерін дамытатын жаттығулар. Қолдың бұлшық еттеріне кеуде, аяқ, іштің бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.
4)Қозғалысқа арналған жаттығулар (жүру, жүгіру, ескек есу, снаряттағы гимнастика, жеке сайыс, т.б.)
5) Жаттығуларды күш қарқынына қарай топтау.
а) Өте жоғары қарқынмен орындалатын жаттығулар. (20 секунд аралығында орындалады).
в) Өте жоғары қарқынмен орындалатын жаттығулар. (20 секундтан 5 минутқа дейін).
Жүру үстінде орындалатын жаттығулар.
1. Сол аяқпен алға аттағанда, екі қолдың ұшын иыққа тигізу.
2. Оң аяқпен аттағанда екі қолды екі жаққа қарай созу.
3. Сол аяқпен алға қарай аттағанда, екі қолды жоғары көтеру.
4. Оң аяқпен аттағанда екі қолды жоғары көтеру.
ІІ Орындалу жылдамдығы жоғарымен бірдей, бірақ қолдың әрбір қимылы кезінде аяқпен екі адым жасау керек.
ІІІ. Бір қалыпты қолды алға жоғарырақ алақанды төмен қаратып ұстау.
1. Сол аяқпен алға аттағанда қолды артқа қарай жіберу.
2. Оң аяқпен алға аттағанда, қол кеуденің алдында иіледі де қолдың саусақтары қарама-қарсы шынтақтарға салынады.
3. Сол аяқпен алға аттағанда қолды екі жаққа созу.
4. Оң аяқпен алға аттағанда қолды бастапқы қалыпқа әкелу.
ІV Орындалу жылдамдығы үшінші жаттығумен бірдей, қолдың әрбір жасайтын қимылы да аяқты екі аттау керек.
Ептілік және оны дамыту әдістемесі.
Адамның жаңа күрделі үйлесімділігін тез меңгеру, өзінің қозғалыс әрекетін өзгертілген жағдайға байланысты тез басқаша құра алу кабілеттілігін ептілік дейміз.
Ептілік дамыту кезінде біз мынадай үш міндетті орындауымыз керек.
1.Күрделі қимыл қозғалыс үйлесімділігі қабілеттілігін күрделендіре отырып жетілдіру.
2.Қозғалыс әрекетін өзгертілген жағдайға байланысты құра алу қабілеттігін жетілдіру (спорттық қозғалмалы ойындар жағдайында).
3. Берілген қозғалыс әрекетін дәл қайталай алу қабілеттігін арттыру.
Ептілік тәрбиелеудің негізгі амалдары: жаңа немесе жаңадан пайда болған элементтері бар спорттық қозғалмалы ойындар гимнастика, акробатика жаттығулары. Жақсы үйренген жаттығуларды қайталау ептілікті дамытпайды. Сондықтан мұғалім әрбір дене тәрбиесі сабағында бір екі жаңа жаттығу немесе бұрын үйренген жаттығудың элементтерін жаңалап үйретіп отыруы қажет. Ептілік дамыту жаттығуларын сабақтың бірінші жартысында кіргізген дұрыс, өйткені организм балдырай бастағанда ол жаттығулар аз нәтиже береді. Ептілік бастауыш және орта мектеп жастарында, қозғалыс көру, есту, дене арқылы сезіну, анализаторлары екпінді өсу кезінде дамытқан тиімді.
Жоғары қимыл ептілігі.
Қимыл дағдысының жетілу процесі шексіз. Оның негізгі міндеттері оқушының тұрмыс, еңбек, спорттық әрекеті дағдыларын еркін меңгеруге үйрету. Дағдының тәжірибелік құндылығы осында. Егер оқушы спорт залында секірген биіктіктен табиғи ортада секіре алмаса, ол дағдының тәжірибелік құндылығы болмайды.
Сонымен жоғары қимыл ептілігі дегеніміз қалыптасқан қимыл дағдыларын нақтылы өмір жағдайларында қолдану шеберлігі (жүгіру, секіру және басқа өнеркәсіптік әскери әрекеттер) және үйрету мақсатының соңғы межесі. Алға қойған міндетті орындау үшін қимыл дағдысын мынадай жолмен жетілдіру керек: біріншіден, жаттығуды орындау тәсілінің даралығы, екіншіден, қимыл дағдыларын меңгерудің варианттарын игеріп көру, үшіншіден, меңгерген қимыл дағдысын әртүрлі қозғалыс әрекеттерінде пайдалану шеберлігін игеру, төртіншіден, өзгертетін әрекет жағдайына сай ауысып бейімделе білу қабілетін меңгеру, бесіншіден, жаңа қалыптасқан дағдыны ерте игерілген дағдымен әртүрлі бірлік таба қолдану шеберлігін меңгеру.
Қимыл дағдысын жетілдіру әртүрлі оқу әдістерінің көмегімен іске асырылады. Оның ішінде жетекші орынды ойын және тұтас үйрету әдістері алады. Қатені түзету немесе қозғалысты орындау тәсіліне өзгеріс кіргізу керек болса, бөлшектеп үйрету әдісі қоладнылады.
1.2 Мектеп жасындағы оқушылардың дене тәрбиесінің негіздері
Мектеп жасындағы балалардың денсаулығына, дене қуаты дайындығына, өмірге қажет әр түрлі қозғалыс шебердігі мен дағдысының қалыптасуына дене тәрбиесінің маңызы өте зор. Мектеп жасындағы оқушылардың дене тәрбиесінің міндеттері: сауықтыру міндеттері, білім беру міндеттері, тәрбие беру міндеттері. Өмірге қажетті қозғалыс шеберлігі мен дағдысын қалыптастыру және жетілдіру. Оқушылардың қалыптастыру керек қозғалыс шеберлігі мен дағдылары мынандай бес топқа бөлінеді (З.И.Кузнецов, 1968):
1) адамға кеңістікте қозғалуға көмектесетін қозғалыс шеберлігі мен дағдылары. Олар: жүру, жүгіру, суға жүзу, шаңғы тебу;
2) адам қозғалғанда оның денесін басқаруға керек дене қалыптары мен тұрыстарының дағдылары. Олар: негізгі тұрыс, бастапқы қалып, әр түрлі дене қалыптары, тұрыстары, саптық жаттығулар және т.с.с.;
3) әр түрлі қозғалыстарды спорттық құралдармен орындау дағдылары. Олар: доптармен, скакалкалармен, гантельдермен, гимнастикалық таяқтармен орындаулар;
4) қол, аяқ қозғалыстарын дененің басқа мүшелерінің қозғалыстарымен үйлестіре басқара білу дағдылары. Олар: аунап түсулер, ілініп тұрулар, жоғары көтерулер, тірелулер, тепе - теңдік сақтаулар;
5) Қолдан жасалған кедергілерден өтуді қамтамасыз ететін кешенді қозғалыстарды орындайтын дағдылар. Олар: тіреле секірулер, өрмелеулер, ұзындыққа және биіктікке секірулер;
Дене мәдениеті мен спорт саласында керекті білімді қалыптастыру. Оқушылар білуі керек: 1) дене тәрбиесі жаттығуларының ережелері мен жолдарын; 2) ағзаның негізгі жүйелеріне дене тәрбиесі жаттығуларының әсерін; 3) өз бетімен жаттықтырулардың ережелері мен әдістерін; 4) дене жаттығулары сабақтары, жаттықтырулары кезіндегі өзін - өзі бақылаудың негізгі тәсілдерін; 5) жанұядағы дене тәрбиесінің рөлін;
Мектеп жасындағы балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дене дамуы мен дене қуаты дайындығы. Ғалымдардың дәлелдеулерінше осы кезеңдегі негізгі денсаулық белгісі - оқушылардың дене дамуы. Балалардың бойы мен салмағына қарап олардың өмір сүру жағдайы мен сыртқы ортаның бала ағзасына жағымды, жағымсыз әсерін білуге болады. Балалардың бойы мен салмағы олардың денсаулықтарын анықтайтын санитарлы - гигиеналық, дәрігерлік - қоғамдық көрсеткіш болып табылады.
Мектеп оқушыларынан жылына екі рет, қыркүйек, мамыр айларында алынатын, олардың дене қуаты дайындығы деңгейін көрсететін сынақ жаттығулары. Осы көрсеткіштер бойынша оқушылардың дене қуаты қасиеттерінің даму деңгейін анықтап, келешек жұмыстарға өзгерістер енгізуге болады. Бұл стандарттық сынақ жаттығулары қарапайым және дене қуаты деңгейі туралы көп ақпараттар береді. 1. 1000 м жүгіру. Сынақ жаттығуы төзімділік деңгейін анықтауға арналған. 2. 10 м 5 рет қайталап жүгіру. Сынақ жаттығуы жылдамдық және ептілікті бағалауға арналған. 3. Кермеде тартылу (ер балалар). Сынақ жаттығуы қол мен иық деңгейінің күш төзімділігін бағалауға арналған. 4. Кермеде салбырай асылу (қыз балалар). Сынақ жаттығуы қол мен иық деңгейінің статикалық күш төзімділігін бағалауға арналған. 5. Шалқалап жатқан қалыпта 30 сек бойы кеудені көтеру. Сынақ жаттығуы кеудені көтеру бұлшық еттерінің күшін бағалауға арналған. 6. Отырған қалыптан алдыға еңкею. Сынақ жаттығуы омыртқа мен жамбас-сан буынының икемділігін өлшеуге арналған.
Мектеп оқушыларының дене тәрбиесі және спорт жұмыстары арнайы ұйымдастырылған екі түрде жүргізіледі. Ол дене тәрбиесі сабағы және басқа жаттықтыру жұмыстары деп аталады. Дене тәрбиесі үрдісін орындайтын негізгі түр - дене тәрбиесі сабағы. Дене тәрбиесі сабағы мұғалімнің басшылығымен, арнайы мемлекеттік бағдарлама, белгіленген сабақтар кестесі бойынша, 1-11 сынып оқушыларына міндетті түрде жүргізіледі.
Жаттықтыру жұмыстары оқушылардың қозғалыс белсенділіктерін жоғарылату, денсаулықтарын нығайту, дене жаттығуларына деген қызығушылықтарын арттыру, жаттығулардың ағзаға керектігін қанағаттандыру мақсатында төмендегідей топтарға бөлініп жүргізіледі. Олар: 1. Күн тәртібі ішіндегі сауықтыру жұмыстары.
2. Сыныптан тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстары.
3. Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорттық жұмыстар.
4. Жанұяда орындалатын дене тәрбиесі жаттығулары.
Оқу сабағы жалпы білім беретін мектептерде басқа пәндермен қатар сабақтар кестесі бойынша аптасына үш рет жүргізіледі. Дене тәрбиесі сабағының бір-біріне байланысты сабақтың мазмұны және сабақтың құрылымы деген екі түрі болады.
Мұғалімнің сабақ өткізуге дайындалуы. Сабақтың ойдағыдай өтуі, мұғалімнің жақсы даярлығына байланысты. Дайындық 12 түрлі дайындық іс-әрекеттері арқылы орындалады.
Барлық сабақтар мазмұнына байланысты құрама және пәндік сабақтар деп екі үлкен топқа бөлінеді. 1. Пәндік сабақтардың негізгі бөліміне оқу бағдарламасында берілген бір спорт түрінің негізгі жаттығулары кіргізіледі. Мысалы, шаңғы спорты, гимнастика, спорт ойыны волейбол ж.т.с.с. 2. Құрама сабақтарда, бір сабақтың негізгі бөліміне әртүрлі спорт түрлерінің негізгі жаттығулары кіргізіледі. Пәндік және кұрама сабақтар орындайтын міндеттеріне байланысты оқу, жаттықтыру, бақылау, құрастырылған сабақтар деп бөлінеді.
Денсаулықтары және дене қуаты дайындығы деңгейіне байланысты мектеп оқушылары үш топқа бөлінеді: негізгі, дайындық және арнайы. Арнайы дәрігерлік топтардың негізгі жұмыс міндеттері: денсаулықты нығайту, тыныс алу органдарының жұмыстарын жақсарту, ағзаны шынықтыру, дене қуаты жұмыс қабілеттілігін, дене тәрбиесі жаттығулары арқылы ақыл-ой жұмыс қабілеттілігін жоғарылату, ағзаның ауырудан әлсіреген дене қимылы белсенділігін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар теориялық білім беру және қимыл ептілігі мен дағдысын меңгеру жұмыстары жүргізіледі.
2.3 Мектептегі дене тәрбиесі жұмысын жоспарлау
Дене тәрбиесі сабағының тығыздығы, ол оқушыларға мұмкіншілік болғанынша көбірек жаттығулар орындату, оларды бос, тыныштық күйінде көп болдырмау. Дене тәрбиесі мен спорт тәжірибесінде сабақтың жалпы және қозғалтушы тығыздығы болады. Сабақтың бүкіл ұзақтығы кезінде педагогикалық тұрғыдан дұрыс пайдаланылған уақытты сабақтың жалпы тығыздығы дейміз. Педагогиқалық тұрғыдан дұрыс пайдаланылған уақытқа жататындар: дене тәрбиесі жаттығуларын орындау, мұғалімді тыңдау, көрсетілген жаттығуды бақылау, түсінгенді ұғыну, сабақ өтер орынды дайындау, тынығу және т.б. Педагогикалық ақталмаған уақытқа жататындар: мұғалімнің немесе оқушылардың сабаққа кешігуі, снарядтарға ауысқан кездерде болатын ұзақ бос тұрып қалушылықтар, тәртіп бұзуға байланысты үзілістер, құрал-жабдықтардың істен шығуы, мұғалімнің спорт залдан себепсіз шығуы және т.б.
Сабақтың жалпы үзақтығы кезінде дене тәрбиесі жаттығуларын орындауға кеткен уақытты қозғалтушы тығыздық дейміз. Қозғалтушы тығыздық сабақтың негізгі бір өнімділігін. сапасын көрсететін көрсеткіш.
Дене тәбиесі сабағында жүктеме мөлшерін анықтау, тамыр соғысын өлшеу, тіркеу хаттамасын жүргізу. Ол үшін сабақта белсенді, тәртіпті, дене тәрбиесі сабағында орташа үлгіретін бір оқушының тамыр соғуын әрбір 3-5 минут сайын 9-16 рет есептеп, хаттамаға тіркеп отырамыз. Әрбір 3 минут сайын тамыр соғысын өлшеулер орындалып, хаттама толық толтырылып, сабақ біткеннен кейін біз алынған мәліметтер бойынша оқушы ағзасындағы физиологиялық жүктеме өзгерістерінің қисық сызықтары графигін сызамыз. Дене тәрбиесі мұғаліміне педагогикалық талдау және бағалау екі түрлі мақсатта қажет болады. Бірінші - өзінің сабақ беруін, қандай дәрежеде бере алатынын бағалау, қандай мәселелерге назар аудару керек екенін білу. Екінші - әріптестерінің сабақ өткізулерін талдау, бағалау. Қазіргі кезде мектеп мұғалімдері білетін бірнеше педагогикалық сабақ талдау әдістері бар, ол әдістер көптеген әдебиеттерде жазылған. Соның бірі дене тәрбиесі сабағының гистограммасы ең бір оңай, дене тәрбиесі сабағының қалай өткенін тез анықтайтын әдіс.
Дене тәрбиесі жұмысын дұрыс жақсы ұйымдастыру үшін, жұмысты орнықты орындау үшін, орындаған жұмыстарды бақылау және есепке алуға, тіркеу жүргізуге өте үлкен мән беруіміз қажет. Бақылау, есепке алу, тіркеу оқу және сыныптан тыс жұмыстардың дұрыс орындалғанын білуге, оқу үлгірімін бақылауға көмектеседі. Мектеп тәжірибесінде есепке алу мен бақылау үш кезеңнен тұрады. Олар: алдын - ала есепке алу, ағымдық есепке алу және қорытынды есепке алу. Есепке алу жүйесінде жоғарда айтылған негізгі түрлерінен басқа статистикалық, бухгалтерлік, қолма-қол тексеру түрлері қолданылады. Негізгі есеп алу құжаты мектеп сынып журналы болып есептеледі.
Сыныптан тыс жұмыстарды есепке алу, олардың орындалуын бақылау үшін басқа жұмыс дәптері жүргізіліп, орындалғаны туралы белгілер қойылып отырылады. Есепке алу және бақылау құжаттарында дене тәрбиесі мамандарының саны, разряд орындағандар саны, спорт түрлерінен дайындаған төрешілер тізімі, жоспар орындалуы туралы мәліметтер, құрал-жабдықтар саны мен дұрыстығы, президенттік сынаманы тапсырушылар туралы мәліметтер жазылады. Осы көптеген жұмыстардың құжаттарын сауатты дұрыс жүргізу, толтыру, мектепке келген тексеру комиссияларына толық көрсете білу мақсатында біз барлық мектептегі жоспарлау, бақылау, есепке алу құжаттарын жеті топқа бөліп жүйеледік.
Дене мәдениеті ұжымның мүшелері мектеп мұғалімдері мен оқушылар. Дене тәрбиесі жұмыстарын ұжым мүшелері сайлаған кеңес басқарады. Ұжым кеңесінің төрағасы мектеп директоры. Ұжымның барлық жұмыстарын белгілейтін, ұйытқы болатын, жүргізетін дене тәрбиесі мұғалімдері. Дене мәдениеті ұжымы ең алдымен өзінің жылдық, тоқсандық жұмыс жоспарларын дұрыс ойластырып, құрастыруы қажет. Әрбір ай сайын өткізілетін ұжым кеңесінің отырыстарында осы жоспарлар, олардың орындалуы, адамдардың жауапершіліктері қатаң бақылануы, жұмыстары дұрыс бағаланулары керек. Мектептің дене мәдениеті ұжымының барлық құжаттарын дайындайтын дене тәрбиесі мұғалімі сауатты, білікті маман болуы қажет.
Дене мәдениеті ұжымының жалпы жиналысында мұғалімдер мен оқушылардың арасынан дене тәрбиесі мен спортқа қатысы бар, белсенді адамдар кеңес мүшелері болып сайланады. Кеңес құрамы 7-10 адам. Кеңес мүшелері арасынан төраға, төраға орынбасары, хатшы сайланады. Дене мәдениеті кеңесі жанынан көпшілік дене тәрбиесі, спорт шаралары, дене тәрбиесі белсенділерін дайындау, насихаттау және шаруашылық жұмыстарының комиссиялары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz