Елі сүйген, Елін сүйген Елбасы



Президент дегеніміз – өз елінің тәрбиелі тұтқасы. (Ж. Аймауытов)
Осыдан жиырма жыл бұрын егемендігімізді жариялап, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы біздің, яғни қазақ халқының аңсаған арманы еді.Менің Отаным осы күнге жеткенше үш жүз жылға жуық бодандықтың бұғауында, жетпіс жылдан аса кеңестік кезеңнің шырмауында болды.
Жер бетінде елінің тәуелсіздігін, халқының бостандығын ойламайтын жұрт жоқ шығар. Бұл тәуелсіздік – біз үшін басқа қонған бақ, астыға тиген тақ. Бақты бағалаған халықты бастайтын тақ иесі де болуы керек. Бұл – ежелден келе жатқан өмір заңы. Осыған байланысты ата тарихты ақтарсақ, ежелден ел басқарған ер жүрек батыр бабаларымызды, ұлы хандарды кездестіруге болады. Күллі қазақ халқын өз туының астына жинап, үш жүздің басын қосқан Абылай ханды, елінің азаттығы үшін аянбай қан мен тер төккен Кенесары атамызды айтсақ та жеткілікті болар.
Сол замандарда ел ақылды әрі айлалы ісімен, іскерлігімен сүйсіндіретін азаматтардың маңайына топтасқан. Басты біріктірер басшысыз елдің ел болуы қиын ғой.
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп, өз алдына ел қылуда Нұрсұлтан аға Әбішұлы Назарбаев қазақ халқының тұңғыш Елбасы болды. Ол кісінің бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты.
Маған қазір Нұрсұлтан аға ежелгі қазақтың тарих бетіне енген ұлы ғұлама, аты аңызға айналған тұлғаларымыздың жалғасындай көрінеді.
Қазақ халқы егемендігін алып, тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы елі үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.
Жалпы қазақ халқына осы тәуелсіз күндер оңай келген жоқ. Менің қазағым аштықты да, қызыл қырғынды да, Сталиндік репрессияны да бастан өткізді. Бірақ осы қиын - қыстау кезеңдердің бәрінде қазақ қазақтығын, елдігін көрсетіп, дәлелдеп отырды, қарсы келген дұшпанға айтарлықтай тойтарыс бере алды. Тіпті өзі қырылып қалса да дұшпанға берілмеді, ар - намысты таптатқызбады.
Міне, сондай қиын - қыстау замандардан өтіп, осы азаттықтың ақ таңы атқан күндерге жетіп отырмыз.

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Елі сүйген, Елін сүйген Елбасы

Президент дегеніміз - өз елінің тәрбиелі тұтқасы. (Ж. Аймауытов)
Осыдан жиырма жыл бұрын егемендігімізді жариялап, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы біздің, яғни қазақ халқының аңсаған арманы еді.Менің Отаным осы күнге жеткенше үш жүз жылға жуық бодандықтың бұғауында, жетпіс жылдан аса кеңестік кезеңнің шырмауында болды.
Жер бетінде елінің тәуелсіздігін, халқының бостандығын ойламайтын жұрт жоқ шығар. Бұл тәуелсіздік - біз үшін басқа қонған бақ, астыға тиген тақ. Бақты бағалаған халықты бастайтын тақ иесі де болуы керек. Бұл - ежелден келе жатқан өмір заңы. Осыған байланысты ата тарихты ақтарсақ, ежелден ел басқарған ер жүрек батыр бабаларымызды, ұлы хандарды кездестіруге болады. Күллі қазақ халқын өз туының астына жинап, үш жүздің басын қосқан Абылай ханды, елінің азаттығы үшін аянбай қан мен тер төккен Кенесары атамызды айтсақ та жеткілікті болар.
Сол замандарда ел ақылды әрі айлалы ісімен, іскерлігімен сүйсіндіретін азаматтардың маңайына топтасқан. Басты біріктірер басшысыз елдің ел болуы қиын ғой.
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп, өз алдына ел қылуда Нұрсұлтан аға Әбішұлы Назарбаев қазақ халқының тұңғыш Елбасы болды. Ол кісінің бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты.
Маған қазір Нұрсұлтан аға ежелгі қазақтың тарих бетіне енген ұлы ғұлама, аты аңызға айналған тұлғаларымыздың жалғасындай көрінеді.
Қазақ халқы егемендігін алып, тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы елі үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.
Жалпы қазақ халқына осы тәуелсіз күндер оңай келген жоқ. Менің қазағым аштықты да, қызыл қырғынды да, Сталиндік репрессияны да бастан өткізді. Бірақ осы қиын - қыстау кезеңдердің бәрінде қазақ қазақтығын, елдігін көрсетіп, дәлелдеп отырды, қарсы келген дұшпанға айтарлықтай тойтарыс бере алды. Тіпті өзі қырылып қалса да дұшпанға берілмеді, ар - намысты таптатқызбады.
Міне, сондай қиын - қыстау замандардан өтіп, осы азаттықтың ақ таңы атқан күндерге жетіп отырмыз.
Үстемдігін жүргізгісі келіп айқасқандарға Елбасы емеурінмен:
Шалқайғанға шалқай,
Пайғамбардың ұлы емес
Еңкейгенге еңкей,
Әкеңнен қалған құл емес,- деген аталы сөзді айтқан.
Сөйтіп жүріп, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалыпты. Еліне сөз айтып, мына бір ойын өлең жолдарымен халқына жеткізіпті.
Омырауы уыз ананың,
Алсам ба деп еміп алғысын.
Бөрілі байрақ бабаның,
Баянды етсем деп мәңгісін
Қолымды созсам бірлікпен
Қолдайтын халқым бармысың?
Мен болашақ ұстаз ретінде осы тақырыпқа эссе жазудан бұрын көп толғандым. Толғандым да, өз ойымды ақ парақтың бетіне түсіруді жөн деп шештім. Себебі ...Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақыты-толыққанды,тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандайда тәуекелге барамын... деген жүректен шыққан сөздердің иесі туралы бір эссенің ішіне сыйғызу мүмкін еместігін білемін.
Осынау мол тебіреністен туған сөздердің авторы, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан өз заманының аса дарынды тұлғасы.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев - ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған,тілін, тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын,салт-дәстүрін жетік білетін,ұлтын жан-тәнімен сүйетін,оның мәртебесін өсіріп келе жатқан, халқының үмітін, сенімін ақтап келе жатқан ұлтжанды азамат, қалың елінің жанашыры, қорыққанға қорған,тарыққанға пана,зарыққанға сана бола білетін өз елінің шын перзенті, алдағыны болжай білетін,ертеңгісін де оза ойлай білетін көсем, елдің жүгін көтеріп келе жатқан қара нары, халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған,өркениетті елдердің басшыларымен терезесі тең сөйлескенде сөз алатын,егескенде еңсесін басатын,елдескенде мейірімін шашатын сарабдал саясаткер.
Осынау ғасырлар бойғы армандап жеткен Тәуелсіздігіміздің әр жылы -- ғасырға бергісіз тарихи кезеңдер. Себебі, тәуелсіздік жолында еліміз үшін, оның болашағы үшін аса маңызды қаншама шешімдер қабылданып, қаншама айтулы тарихи оқиғалар жүзеге асты. Бабалардан мұраға қалған жердің иесі, егеменді елдің ертеңі - біздер, жастар, осы қол жеткізген табыстар мен жетістіктерімізді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЕЛІН СҮЙГЕН, ЕЛІ СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ
«ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН»
Оқушыларға патриоттық, интерноционалдық тәрбие беру
Жастарды патриотизмге тәрбиелеудің негізі – этнопедагогикалық тәрбие
Бастауыш сынып оқушыларын интернационалдық және патриоттыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздеулері
Қазіргі мектептерде оқушыларға патриоттық және интернационалдық тәрбие беру
Жоба авторы
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ АЯСЫНДА МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ РУХАНИ – АДАМГЕРШІЛІК ЖӘНЕ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА ТАРТУ
Патриотизм ұғымы және оның негізгі қағидалары
Батырлар жырындағы патриоттық тәрбие
Пәндер