Ақпарат және оны өрнектеу жолдары ақпаратты өлшеу


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
Пән:Информатика
СӨЖ
Тақырыбы:Ақпарат және оны өрнектеу жолдары Ақпаратты өлшеу
Информатика ұғымы Ақпараттық технологиялар және техника
Есептеу техникасының даму тарихы
Орындаған:Телтай А. Н
Группа:УА-503
Тексерген:Кайсанов С. Б
Семей 2015-09-20
Кіріспе
Ақпаратты шындығында да ғылыми ұғым ретінде қарастыруға болады. Өйткені бұған дейін ақпараттың кұрылымы мен қасиеттері барлық ғылым салаларында зерттелінді. Мысалы, физика - ақпарат таситын сигналдардың қасиеттерін зерттейді. Табиғаттағы көптеген құбылыстардың сигнал шығаратыны белгілі. Ал тіркелінген сигналдар белгілі бір мәліметтерді құрайды. Мәліметтер түрленіп, тасымалданып, әдістердің көмегімен қолданыс табады. Мәліметтер мен әдістердін өзара әсерлесуінен ақпарат түзіледі. Өлі табиғаттағы процестер үздіксіз энергия алмасу түрінде өтеді. Энергия алмасумен қатар тірі табиғатта бағытталған зат алмасу процесі жүреді. Зат алмасу мен энергия алмасу процестерінің арасындағы өзара байланыс ақпарат алмасу турінде өтеді немесе оны ақпараттық процесс деп атайды. .
Ақпаратты шындығында да ғылыми ұғым ретінде қарастыруға болады. Өйткені бұған дейін ақпараттың кұрылымы мен қасиеттері барлық ғылым салаларында зерттелінді. Мысалы, физика - ақпарат таситын сигналдардың қасиеттерін зерттейді. Табиғаттағы көптеген құбылыстардың сигнал шығаратыны белгілі. Ал тіркелінген сигналдар белгілі бір мәліметтерді құрайды. Мәліметтер түрленіп, тасымалданып, әдістердің көмегімен қолданыс табады. Мәліметтер мен әдістердін өзара әсерлесуінен ақпарат түзіледі. Өлі табиғаттағы процестер үздіксіз энергия алмасу түрінде өтеді. Энергия алмасумен қатар тірі табиғатта бағытталған зат алмасу процесі жүреді. Зат алмасу мен энергия алмасу процестерінің арасындағы өзара байланыс ақпарат алмасу турінде өтеді немесе оны ақпараттық процесс деп атайды.
Мәліметтер - ақпараттың құрамдас бөлігі. Тіркелу әдісіне сәйкес мәліметтер әртүрлі тасуыштарда сақталады және тасымалданады. Ең кең тараған мәліметтерді тасуыш кағаз болып табылады. Заттың оптикалық қасиеттерінің өзгерісі лазерлік сәулелердің көмегімен жазылатын тасуыштар СD-ROM-да қолданылады. Магниттік касиеттердің өзгерісін колданатын тасуыштар ретінде магниттік таспалар мен дискілерді алуға болады . . .
Тізім немесе кесте түрінде бейнелеуге келмейтін, реттелмеген мәліметтерді иерархиялық түрде бейнелейді. Бұл тәріздес құрылымдар бізге күнделікті өмірден таныс. Негізінен түрлі ғылыми жүйелеуде кеңінен қолданылады.
Иерархиялық құрылымдардағы әрбір элементтің адресі құрылымның төбесінен берілген элементке дейінгі жолмен анықталады. Мысалы, Раіnt программасын іске косатын командаға әкелетін жол былай көрсетіледі:
Іске қосу → Программалар → Стандартт → Раіnt (Пуск→Программы→Стандартные→Раіnt)
Ақпарат
Қоғамның қазіргі кездегі дамуының ең басты - белгісі бұл өндірістің, тұтынудың және адам әрекеттерінің барлық салаларында ақпарат жинаудың артуы болып табылады. Адамның бар өмірі - қалай да болсын - ақпарат алу, жинау және өңдеумен байланысты.
Біз өмір сүріп отырған ғасырға автомобиль, электр, авиация, атом энергиясы, космонавтика, электрондық техника ғылымының жылдам даму, кітап басып шығару мен радиоқабылдағыштың арасы 440 жуық жыл болса, радио мен теледидар арасында 30, ал алғашқы транзистор мен интегралдық схеманың арасы 5 жыл болған.
Ақпарат - адамның өзіне қарағанда әлдеқайда көне құбылыс. (Жартастағы суреттер, "Жазбалар ғибадатханасы", Майя өркениетінің иероглифті тақталары да, ежелгі египеттіктердің папирустары, гректердің абак тастары) .
Ақпарат деген не?
Ақпарат" термині латынның түсіндіру, баяндау мәлімет деген ұғымдарды білдіретін "іпforтаtіо" сөзінен шыққан. Бұған қарамастан ақпарат түсінігі ғылымдағы ең көп пікірталас тудырған түсініктердің бірі. Ақпараттың анықтамасының көп болуына байланысты үш теориялық жолы бар.
Бірінші теория (К. Шенон) сандық ақпараттық тұрғыдан қарастырып, оқиғаның анықталмағандығының (энтропия) өлшемі ретінде, оның көлемі оны алу ықтималдығына тәуелді. Бұл теория ақпаратты кодтауға, өлшеуге негіз болады.
Екінші теория ақпаратты метерияның қасиеті ретінде яғни кибернетиканың пайда болуы кез-келген хабарлама ақпарат болады деп пайымдайды. В. М. Глушков "Ақпаратты тек әріптермен шимайланған кітап беттері, адам тілі ғана емес табиғат құбылыстары да жеткізеді" деген яғни ол материядан тыс болған емес болуы мүмкін емес. Оны сақтауға өндеуге және жинауға болады.
Үшінші теория ақпарат - бұл білімнің әрекеттегі, пайдалы, "жұмыс істеуші" бөлігі. Бұл теориялар бір-бірін толықтырады.
Сонымен ақпарат, бұл - айналадағы дүние туралы анықталмағанды (белгісізді) анықтайтын мәліметтер. Олар сақтау, түрлендіру, беру және пайдалану объектісі болып табылады.
Кибернетиканың "атасы" Ноберт Винердің "Ақпарат- сыртқы дүниеден біздің оған бейімділуіміздің және біздің сезімдеріміздің бейімделуінің процесінде алынған мазмұнды көрсету" деген. Ақпарат көздері символдық, мәтіндік, графикалық тәсілдермен берілуін тудырады. (құжаттар, аудио жазбалар, түрлі құжаттар, фотосурет, схема) .
Ақпарат қасиеттерін үш аспектіде қарастыруға болады:
- техникалық тұрғыдан - дәлдік, сенімділік сигнал беру жылдамдығы;
- семантикалық - мәтіннің мағынасын кодтар көмегімен беру;
- прагматикалық - объектінің мінез-құлқына қаншалықты тиімді әсер етуі.
Ақпаратты беру сақтау және өңдеу процестері ақпараттық процестер деп аталды.
Ақпарат және басқару
"Ақпарат" және басқару түсініктерінің бірігуі XX ғасырдың 40-жылдары Н. Винердің кибернетиканы ашуына мүмкіндік туғызды. Кибернетика тұңғыш рет техникадағы, қоғамдағы және тірі организмдердегі ақпараттық процестердің ортақтығын көрсетті. "Ақпарат" ұғымын қолдану биология, нейрофизиология, генетика ғылымының дамуына маңызды ықпал етті. Н. Винер жанды, жансыз, жасанды жүйелердегі басқару жүйелерінің көптеген ортақ белгілері бар екені жөнінде ой айтты. Ұқсастықтарды айқындау - басқарудың жалпы теориясын жасауға жетеледі. Бұл идея мәселелерді шешетін компьютерлер пайда болғаннан кейін ғана шешіле бастады. Кибернетиканы жеке объектілерді (станоктарды, кәсіпорын құрылғыларын, автомобильдерді, т. б) басқарудан бастап, тұтас кәсіпорын салаларын, банк жүйелерін, байланыс жүйелерін, тіпті адамдар қоғамдастығын басқарудың аса күрделі жүйелеріне дейін күрделірек дәрежесі әр түрлі автоматтық немесе автоматгандырылған басқару жүйелерін жасау және пайдалану саласында қолданбалы информатика ретінде қарастыруға болады.
Информатика
Адам өзінің ісінде ақпарат жиымдарын пайдалануын дамытып келеді. Мысалы, егер 1940 жылдан 1950 жылға дейін ақпарат көлемі, 10 жылда екі есе көбейсе, қазіргі кезде 2-3 жылда осындай екі еселену болады. Ақпаратпен жұмыс істегенде, оны сақтаудың, жіберудің, іздеудің, өңдеудің қолайлы тиімді түрімен байланысты көптеген мәселелерді шешуге тура келеді. Бұдан ақпараттың қасиеттерін зерттеу керек. Мұнымен информатика ғылымы шұғылданады.
Информатика - ақпарат алу, жіберу, өңдеу, сақтау, ұсыну процестерін зерттеумен, қоғам өмірінің барлық саласына ақпараттық техника мен технология жасау, ендіру және тиімді пайдалану мәселелерін шешумен шұғылданатын ғылыми техникалық іс-әрекет саласы, ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарының бірі.
Информатика:
- ақпарат жинау, сақтау, жіберу, өңдеу және беру әдістері мен құралдарын зерттеумен байланысты - техникалық;
- ақпараттың мәнін сипаттау тәсілін анықтайтын, оның сипаттау тілдерін зерттейтін - семантикалық;
- ақпаратты кодтау әдістерін сипаттайтын - прагматикалық;
- ғылыми-ақпараттық іс-әрекеттің кейбір түрлерін, оның ішінде
индекстеуді, автоматты реферлеуді, машиналық аударманы формальдау
және автоматтандыру мәселелерін шешумен байланысты
синтактикалық
мәселелер топтарын зерттейді.
Информатика сөзі 60 жылдардың басында француз тілінде ( іпformаtіon - ақпарат және automatigue - автоматика) ақпартты автоматты түрде өңдеуді белгілеу үшін пайдаланылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz