Тұтқыр пластикалық өнімдерді мөлшерлеуге арналған машинаның кинематикалық сұлбасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Пән: ОРЭМ
ОӨЖ № 1
Тақырыбы: Тұтқыр пластикалық өнімдеді мөлшерлеуге арналған машинаның кинематикалық сұлбасы.
Орындаған: Мажибек С. С
Оқутобы: ТО - 311
Тексерген: Джилкишева А. Г
Семей 2015ж
Мазмұны
Кіріспе 1. Тұшпара қалыптайтын автоматтың құрылысымен танысу. 1. 1 Кинематикалық сұлба 1. 2 СУБ-2-Н тұшпара автоматы құрылысының сипатамасы 1. 3 Кинематикалық сұлбаны тұрғызған кезде қажетті анықтаулар 1. 4 . Тұшпара жасайтын машина өнімділігін есептеу. 1. 5 Қозғалтқыш қуатын есептеу Пайдаланған әдебиеттер КіріспеАлғаш рет 1935 ж. Алексеев қолмен өндіру технологиясын тура қайталайтын түшпара жасайтын машинаны ойлап тапты. Ол көп ұялы жабылатын штамп түрінде болды. Штамп ашық тұрған кезде қамыр таспасы беріледі де, оған ет турамасының белгілі бір мөлшері түсіп тұрады. Штамп плитасы бір рет айналған кезде ет турамасы қамырмен жабылады, ал келесі айналымда оны штамптың қозғалмайтын бөлігі арқылы басып түшпараның қалыпталуы жүреді. Бұл машинаны қолдану қолмен қалыптаумен салыстырғанда еңбек өнімділігін айтарлықтай арттырған жоқ. 1936 жылы Вечканов түшпараны қалыптау машинасын ұсынды. Бұл машина көптеген принциптерге негізделіп жұмыс атқарады. Скрыпник, Усик және Богачев ұсынған СУБ маркалы бірнеше қалыптайтын барабаны бар түшпараны қалдықсыз жасайтын машина ең қолайлы болып есептелінді. Бұл машина өнеркәсіпте кеңінен қолданыс тауып, Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. . СУБ-3М түшпара автоматы (жалпы көрінісі) бұл машиналардың түрлері, кинематикалық сұлба жайында қарастырамын. СУБ-2-Н тұшпара автоматы құрылысының сипатамасын ашып көрсетемін. Кинематикалық сұлбаны тұрғызған кезде қажетті анықтауларды, яғни тісті және шынжырлы беріліс тістерінің саны, сынабелдікті берілістегі шкив бөліктерінің диаметрі, берілістердің беріліс қатынастары, қамырдың шнекке жалпы беріліс қатынасы, фарштың шнекке және ротациалық сорапқа жалпы беріліс қатынасы, жетекші барабанға таспалы транспортердің жалпы беріліс қатынасы. Сонымен қатар: аралық біліктердің айналу жиілігі, жұмысшы органдардың айналу жиілігі, жұмысшы органдар мен аралық біліктердің беріліс айналу моменттері анықталуы тиіс. Тұшпара жасайтын машина өнімділігін қалай есптейміз және қозғалтқыш қуатын есептеуді айтамын.
1. Тұшпара қалыптайтын автоматтың құрылысымен танысу.Түшпараны өндірудің технологиялық процесі келесі операциялардан тұрады:
- дайындық операциясы,
- мөлшерлеу-қалыптау операциялары,
- сонымен қатар қатыру және ормадау операциялары.
Дайындық процесі келесі қондырғыларда жүргізіледі:
- ет кескіш машиналарында, араластырғыштарда және т. б.,
- ал мөлшерлеу және қалыптау операциялары қолмен (үй жағдайында) және арнайы құралмен немесе өндірісте түшпара жасайтын машиналарда
Алғаш рет 1935 ж. Алексеев қолмен өндіру технологиясын тура қайталайтын түшпара жасайтын машинаны ойлап тапты.
Ол көп ұялы жабылатын штамп түрінде болды. Штамп ашық тұрған кезде қамыр таспасы беріледі де, оған ет турамасының белгілі бір мөлшері түсіп тұрады
Штамп плитасы бір рет айналған кезде ет турамасы қамырмен жабылады, ал келесі айналымда оны штамптың қозғалмайтын бөлігі арқылы басып түшпараның қалыпталуы жүреді.
Бұл машинаны қолдану қолмен қалыптаумен салыстырғанда еңбек өнімділігін айтарлықтай арттырған жоқ.
1936 жылы Вечканов түшпараны қалыптау машинасын ұсынды. Бұл машина келесі принциптерге негізделіп жұмыс атқарады:
- Қалыптайтын сопло қамыр түтікшесін үздіксіз беріп тұрады.
- Оның ішіне, периодты түрде сопло ортасында орналасқан түтік арқылы сығылған ауа қысымы арқылы, ет турамасының мөлшері беріледі;
- Ет турамасымен толтырылған қамыр түтікшесі қалыптайтын барабанға жеткізіледі.
- Нәтижесінде нақты тұрпаттағы және қамыр қалдықтары штамп арқылы бөлінген түшпара жасалынады. Бөлінген қамыр қалдықтары қайтадан шанаққа қайтарылады.
Скрыпник, Усик және Богачев ұсынған СУБ маркалы бірнеше қалыптайтын барабаны бар түшпараны қалдықсыз жасайтын машина ең қолайлы болып есептелінді. Бұл машина өнеркәсіпте кеңінен қолданыс тауып, Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.
1 сурет. СУБ-3М түшпара автоматы (жалпы көрінісі)
Бірақ қалдықсық қалыптау тұшпаралардың салмағының ауытқуына әкеледі және оларды стандартты қалыптарға механика арқылы орналастыруды айырықша күрделендіреді.
Бұл машиналардың түрлері:
- екі (СУБ-2) қалыптайтын барабанды,
- үш (СУБ-3) қалыптайтын барабанды,
- немесе алты (СУБ-6) қалыптайтын барабанды.
Әр барабанның орташа өнімділігі, таспаның жылдамдығы 5-7 м/мин болғанда, орташа есеппен 200 кг/сағ болады.
2 сурет. Кинематикалық сұлба
Автомат (1 сурет. ) келесі негізгі бөліктерден тұрады:
- 1 - тұрық,
- 2 - қамыр және ет турамасының екі шанақ,
- 4 - түшпараның тұрпатын беретін қондырғы,
- 9 - үш қалыптайтын барабандар,
- 12 - ет турамасын тұтынушы, оған ротациялық сорап кіреді.
1 - тұрық болат парағы мен бұрыштамалардан дәнекерленіп жасалған. Тұрық келесі қондырғылармен жабдықталған:
- 14 - электрқозғалтқыш,
- 3 - магнитті қосқыш,
- 17 - сына белбеулі жылдамдық вариаторы,
- сына белбеулі, шестернялы және тісті берілістер.
Жылдамдық вариаторы ет турамасының берілуін реттеу қызметін атқарады. Маховик (16) вариаторды басқару үшін конвейердің алдыңғы қабырғасына орналастырылған.
Қамыр бункерінің түбінде
- Қалыптайтын құрылғыға түтік арқылы қамырды жіберіп тұратын винтті шнек (20) орналасқан.
Ет турамасы бункерінің түбінде
- Негізгі станинаның алдыңғы қабырғасында орналасқан ротациялық сорапқа (12) ет турамасын жіберіп тұратын шнек (19) орналасқан.
Сорап қалыптайтын қондырғыға ет турамасын түтік арқылы жібереді. Қалыптайтын қондырғы баллонының цилиндрлі қабырғасында сопақша тесігі бар.
Баллонның ішімен түтікше өтеді, түтікшенің аяғы арнайы пішінде түрде болады да, ол баллонның тесігінен өткенде сопақша тесік пайда болады.
Осы сопақша тесік арқылы ығысқан түтік түрінде конвейерге қамыр беріледі.
Ығысқан аяқ жағы баллонның сүйір тесігінен шығатын түтік арқылы ет турамасы беріледі, бұл қамыр түтігінің іші (начинка) болады.
Конвейер тұрығы (18) түтіктерден дәнекерленіп жасалған және алынатын парақты болатпен қапталған құрылғы түрінде болады.
Конвейер аяғында орналасқан:
- 13 - жетекші барабан
- 7 - жетектегі барабан,
- ал ортасында 8 - түшпара қалыпталынатын жерде конвейер таспасын ұстап тұратын барабан.
Конвейер тұрығында екі жәшік орналасқан:
- біреуі 15 - құрал-саймандарға арналған,
- келесісі 7 - жетектегі барабанда орналасқан 5 - щетка арқылы таспадан түсірілетін қамыр кесінділерін жинауға арналған 6 - жәшік.
Конвейер тұрығы:
- 9 - үш қалыптайтын барабан мен оларды көтеретін және таспаға түсіретін механизмдер жабдықталған
Әр барабанның цилиндрлі беттігінде шахмат тәртібімен орналасқан екі қатар ұяшықтар бар.
Конвейер таспасы қозғалған кезде
- қалыптайтын барабандар айналады,
- және ет турамасы салынған қамыр түтікшелерінен түшпараны қалыптайды,
- қойылған арнайы тақтайшаларға алты қатар дайын түшпараларды тізеді.
Штамптайтын барабан мен қалыптайтын қондырғы арасында ворошителі бар 10 - ұн бункері орналасқан. Осы бункердегі тесіктің астымен өткен ет турамасы салынған қамыр түтігіне ұн себіледі. Бұл түшпаралардың штамптайтын барабан ұяшықтарына жабысып қалмауы үшін қажет.
Автоматты ажырату және қосу 11 - бақылау түймешесі арқылы іске қосылады.
1. 1 Кинематикалық сұлба2 суретте СУБ-3М түшпара автоматының кинематикалық сұлбасы көрсетілген
1- электрқозғалтқышынан 3 - сынабелбеулі беріліс, 6 - тізбекті беріліс, 10, 11 - шестернялар және 13 - тізбекті беріліс арқылы қозғалысқа келетіндер: 7 - қамырды жіберіп тұратын шнек, 16 - жетекші барабан, және 15 - ұн ворошителі.
14 - жылдамдық вариаторы және 20 - тізбекті беріліс арқылы қозғалысқа келетіндер:
- 18 - ет турамасын жіберіп тұратын шнек.
Өндірісте түшпара жасайтын машиналардың келесі түрлері шығарылады:
- П6-НПА ықшамды түшпара жасайтын машиналар, өнімділігі 60 кг/сағ,
- СУБ-2-67 - 400 кг/сағ.,
- ВЗ-ФПА. П6-ФПВ -600 кг/сағ.
СУБ-2-Н тұшпара автоматы мұздатқыш қондырғылары бар ет комбинаттары мен қоғамдық тамақтану өнеркәсіптерінде қамыр мен фарштан тұшпара жасауға арналған. Сонымен қатар осы автоматты ішінде картобы бар тұшпара (вареник) жасауға да қолдануға болады.
СУБ-2-Н тұшпара автоматы келесі негізгі бөліктерден тұрады:
- тұғыр, қамыр мен фаршқа арналған екі шанақ,
- тұшпараны қалыптайтын құрылғы,
- 2- штамптайтын барабандар,
- ротациялық сорап,
- ұн шанағы
- және таспалы транспортер;
Тұғыр табақшалы болатпен бұрыштамалардан дәнекерленіп жасалған құрылғы түрінде болады.
Тұғырдың ішінде электрқозғалтқыш, магнитті қосқыш, сынабелдікті жылдамдық вариаторы, сынабелдікті, шестернялы және шынжырлы берілістер жабдықталған.
Жылдамдық вариаторы қалыптайтын құрылғыға фаршты жіберіп тұратын жұмыс органының айналым санын реттеу үшін қажет.
Қамыр шанағының түбінде қалыптайтын құрылғыға түтік арқылы қамырды жіберіп тұратын шнек бар.
Фарш шанағының түбінде ротациялық сорапқа фаршты жіберіп тұратын шнек орналасқан. Бұл сорап та фаршты құбыр арқылы қалыптайтын құрылғыға қарай жібереді.
Қалыптайтын құрылғының әрбір ұяшығының цилиндрлі қабырғасында ойық тесігі болады, олар арқылы арнайы профильді құбырдан өтеді
Құбыр арқылы қамыр конвейер таспасына түсіп, қамырдың соңы қалыптайтын ұяшықтардың ойық тесіктеріне дейін созылады. Осыдан фарш салынған қамыр түтіктері шығады.
Конвейердің соңында:
- жетекші және жетектегі барабандар орналасқан,
- ал дәл ортасында тұшпара штапмталынатын жердегі конвейер таспасын ұстап тұратын барабан орналасқан.
Конвейер тұғырында таспадан көтеретін және қайта түсіретін механизмдері бар 2 штамптайтын барабан жабдықталған.
Штамптайтын барабан алдында ворошителі бар ұн шанағы орналасқан. Осы шанақтағы тесік арқылы астымен өткен фарш салынған қамыр түтігіне ұн себіледі.
1. 3 Кинематикалық сұлбаны тұрғызған кезде қажетті анықтаулар- тісті және шынжырлы беріліс тістерінің саны,
- сынабелдікті берілістегі шкив бөліктерінің диаметрі,
- берілістердің беріліс қатынастары,
- қамырдың шнекке жалпы беріліс қатынасы,
- фарштың шнекке және ротациалық сорапқа жалпы беріліс қатынасы,
- жетекші барабанға таспалы транспортердің жалпы беріліс қатынасы.
- аралық біліктердің айналу жиілігі,
- жұмысшы органдардың айналу жиілігі,
- жұмысшы органдар мен аралық біліктердің беріліс айналу моменттері анықталуы тиіс
Тұшпара жасайтын машина өнімділігі келесі формуламен есептелінеді:
М= 60 ⋅ X ⋅ Z ⋅ n ⋅ q, кг/ч
мұндағы:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz