Көркем шығармадағы психологизм жайлы



Бүгінгі Қазақстан үлкен қоғамдық сілкіністен өтіп келе жатыр. Басқа елдер, басқа жұрттар баяғыда жүріп өткен жолға енді түскен қазақ жұртьг егемендік алғаннан бергі он екі жылдың ішінде басынан қаншама замана кешті. Әрине, қоғамдағы болып жатқан құбылыстар әдебиетке көлеңкесін түсірмей қоймайды. Кеңес заманындағы құндылықтар, қалыптасқан идеалдар алмасқан осындай шытырман кезеңде болашақ қазақ әдебиетінің бағыт-бағдарын, бет-бедерін айқындайтын жаңа: бір үрдістің нобайы шалынды. Осы орайда өткен жеті-сегіз жыл бедерінде түрлі басылым беттерінде жарық көрген бірқатар прозалық шығармаларды зерделей отырып әңгіме қозғағанды жөн көрдік. Талғат Кеңесбай өзінің «Лениннің бәтеңкесі» (ҚӘ. 28.07.2000) атты әңғімесінде бүгінгі тіршіліктің күрделі бейнесін бедерлеуге ұмтылған. Әңгіме тұтастай алғанда — үлкен эксперимент. Әлбетте, қай жазушы болса да өзінің әрбір кезекті шығармасында жаңа ой айтуға тырысады. Ал жаңа ой дегенініз — жаңа форма. Демек, эксперимент. Талғат өзінің ұзақ ойланып сомдап шығарған әңгімесін бастан аяқ жаңа формаға бағындырғысы келген сияқты. Әңгімеден, жазушының бұрынғы прозасының нышанын да таба алмайсыз. Шығарманы оқып отырғанда ХХ-шы ғасырдың басындағы, Грета Гарбо қатысқан дыбыссыз фильмді көріп отырғандай әсер аласыз. Әңгіменің, бірден кейіпкердің түс көруінен басталуы, төл сөздердің, тіпті диалогтардағы сөйлемдердің тырнақша арқылы тұйықталып жеке-жеке тұруы, міне, осының барлығы модернистік фильмнің сценарийін елестетеді.
Заманында, қазақ сыны елеусіз қалдырған, Роллан Сейсенбаевтың бір әңгімесінде осы әңгімені айтып беріп отырған бас кейіпкер, роман жазып жатқан жазушы сейілдемек болып көшеге шығады. Ұмытпасам, я көшеде, я сыраханада бір кластас досымен ұшырасып қалады, соған еріп үйіне барады. (Әңгіменің толық сюжеті есімде жоқ. Ертеректе оқығанмын, көңілімде әсері ғана қалыпты). Міне, осы жерде алдынан өмірдің сұмдық драмасы ашылады. Қаншама боямасыз сырға қанған жазушы үйіне қайтып келғеннен кейін «пәленбай жүз бет өтірік» деп романның қолжазбасын күресінге лақтырып жібереді. Бүл, сол кез үшін өте шебер жазылған әңгіме еді. Жазушының өзіндік жеке кейіпкерінің топ ішінде, басқа персонаждармен араласып жүруі біз үшін таңсық болғанымен, Батыстың дамыған әдебиеттері үшін үйреншікті нәрсе. Талғаттың әңгімесіндегі бас кейіпкер де — Жазушы. Бірақ басқа жұрттан алапасы артқан еңселі адам емес. Көптің бірі. Тіпті, десеңіз, көп адамнан несібесі кем. Мінезінде күйректік басым. Алайда табиғат құбылыстарын, өмір көріністерін қабылдау дағдысына қарап отырып, оның алмағайып заманда туған үлкен суреткер екенін танисыз. Әңгімедегі кейіпкерлер — болашақ персонаждар. Жазушының басындағы күйзеліс — болашақ көрікті шығармалардың кепілі. Әрине, әңгіменің өнебойындағы депрессивтік көңіл-күй, бүгінгі дамыған прозаның кілтипандарынан бейхабар әдепкі оқырманды бей-жай қалдыруы мүмкін. Бірақ ол — болашақ түлеудің табалдырығындағы бей-жай күй.
Нұрғали Ораздың «Ешкім мекен етпейтін арал» атты әңгімесін кейінгі жылдары жарық көрген тамаша әңгімелердің бірі дер едім. Шығарма Нұрғалидың өз прозасынан андағайлап бөлек түр. Кафеде болған отырыстан кейін оңаша қалған орта жастардағы еркек пен жасамыс әйел арасындағы бір кештің әңгімесі өрістей келе үлкен пайымдауларға жеткізеді. Күнделікті күйкі тіршіліктен қажыған еркек сырлы түн, жанындағы көрікті әйелдің сиқырына елтіп, шым-шымдап іштегі шерін айтады. Жаңа танысқан екі адам, ақылсыз да емес, бір басына жететін кісілігі де бар екі адамның арасында жақсы ықылас-пейіл, жарасымды көңілдестік орнайтын сияқты. Алайда әңгіменің ортасына келгенде оқиға жалт бұрылады. Еркек жүрек жарды сырын айтқан еді

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Өздік жұмысы
Тақырыбы: 1.Көркем шығармадағы психологизм.

Орындаған: Амантай Ә.
Топ: Қ-213
Тексерген: Құрмамбаева Қ.С

Семей, 2015

Әдебиеттегі психологизм-кейіпкердің ішкі әлемнің толық суреттелуі шығармадағы эстетикалық әлемнің бөлігін құрайды. Шынында да көркем шығармада кейіпкердің әр түрлі қалыптағы қарама-қайшы дүниетанымын, көзқарастарын, іс- әрекеттерін, көңіл күйлерін тереңдей талдап, жан-жақты бейнелеу психологизмнің көркемдік табиғатын танытады.
Ғылыми сында психологиялық талдаудың аналитикалық, синтетикалық яки динамикалық психологизм атты ұғымдары бар. М.Храпченко Н.Гоголь шығармашылығын зерттеп, типологиялық психологизм ұғымын енгізген. Психологизмнің бұл түрін Б. Майтанов М. Әуезов шығармашылығымен байланыстырып "тұйық психологизм" деген ат береді. Бұл синтетикалық психологизмнің өзгеше бір сергек те, сыпайы түрі деуге келеді. Синтетикалық психологизм дегеніміз - қоғамдық тартыстағы кейіпкер көрсететін іс-әрекет, қақтығыстар сыртқы кескін-келбет, бет-жүздегі құбылулар.
Жоғарыда аталған синтетикалық элементке қарама-қайшы, бірақ онымен өзектес сана ағымындағы күрделі толқындарды суреттеу,
ішкі толғаныстарды көрсету, жан диалектикасын бейнелеу-аналитикалық психологизм деп аталады. Аналитикалық тәсілдің басты көрінісі-ішкі монолог. Адамның сезім-күйін, ой-толғанысын, күйініш-сүйінішін барлық қайшылығымен асқан шеберлікпен шынайы әрі дәл де нанымды нақышпен бейнелейтін психологиялық романның ерекшелігі жанрлық талап пен автордың кәсіби шеберлігінде жатыр. Психологиялық романның көркемдік әлемін Ф.М. Достоевскийше түсінсек, бар мәселе - автордың оқырманды өз кейіпкерінің ішкі өміріне қалай ендіруінде жатыр. Кейіпкеріне сөз бере отырып, оның сана ағымын, қақтығысқа толы рухани әлемін, жан қозғалысын нәзік детальдармен бейнелей білу нағыз шеберліктің шыңы.
Психологиялық роман табиғатының өзі жеке адам тағдырын екі әлем, атап айтсақ, сұлулық пен ұсқынсыздық, саналылық пен бейсаналық, өмір мен өлім т.б. арасындағы ымыраға келмейтін күрес пен мәңгілік құндылықтар жайында ой қозғауға мәжбүр етеді. Бұл-психологиялық туындыға қойылар басты шарттардың бірі.
Психологиялық шығарманың өзіне тән жанрлық ерекшеліктері нақты көркем мәтіндерді талдау барысында төмендегідей айқындалады:
Біріншіден, психологиялық прозада оқиға, кейіпкер, кезең, уақыт, тақырып, идея т.б. деген мәселелер алдыңғы сапқа шыға қоймайды. Ол талап та етілмейді.
Екіншіден, мұнда ең бастысы-жеке адамның ішкі өмірі, өмір мен өлім арасындағы кезеңде адам бастан кешетін азапты тағдыр тәлкегі, кейіпкердің күрделі тұлғаға айналуы көркемдік назарға алынады
Үшіншіден, шығармада шым-шытырық оқиғалар тізбегінен гөрі жеке адам санасындағы сапалық өзгеріс, рухани қопарылыс, ішкі сезімдік құбылыстар тереңдетіле талданады.
Төртіншіден, психологиялық прозаның көркемдік әлемі өзінің жанрлық талабына сай жеке санада жүріп жатқан ой мен сезім қайшылықтарын, сөз бен іс сәйкессіздіктерін тереңдеп талдап, көркемдік жүйеде саралайды
Негізі, көркем шығармада психологиялық талдау жасалынбаса "адамның ойына өң беріліп, көңіліне күй түсірілмейді.
Психологизм-қоғамдық алғышарттар мен жеке адамдар дүниетанымын, олардың іс-әрекетіне жетекші сана-сезімдік қозғаушы күштерді сенімді суреттеу жемісі.
"Қахарманның рухани әлемін, жан сырын жеткізу амал-тәсілдерінің жиынтығы немесе идеялық-эстетикалық шығармашылық феномен- психологизм",-дейді Б.Майтанов.
"Психологизм-көркемдік әлемнің жұлын-жүйесі" болғандықтан психологияның әдебиет саласындағы тұрақты "елшісі" ғана, себебі әдебиет психологияның өзінен бұрын енші алып ертө дамыған. Даму барысында психологизм элементгері ертедегі әдебиеттерде де орын тепкен. Нақтылы психологизмнің көркемдік тәсіл ретінде әдебиетке келуі XVIII ғасырдан басталады. Сол кездегі сентименталист жазушылардың алғы мақсаты-адамның жан қозғалысын, нәзік әрі терең сезімталдықты суреттеу.
XIX ғасырдың басына қарай адамның жандүниесіне үңілу тіптен тереңдей түсті. Көркем шығармадағы басты нысана адам болғандықтан, оның ішкі, сыртқы болмысы шынайылықпен сомдалуы тиіс, адам жанын жандандырудың басты тәсілі психологизмнің осы тұрғыда алатын орны ерекше.
Қ.Әбдікова әдебиеттегі тұлға мәселесінің психологиялық талдау арқылы жүзеге асатынын айта келіп, Ж.Аймауытов талдау жасайды. Қазақ әдебиетіндегі тұлға мәселесін психологизм тұрғысында айтқан А.Иезуитов: "Біріншіден, психологизм- сөз өнерінің тектік белгісі, ажырамас қасиеті, көркемдік кепілі" , -деп баса көрсеткен. Суреткер барлық күш- қайратын, шеберлігін бір ғана мақсатқа-адам жүрегінің сырын, адам жанының шындығын танытуға жұмылдырады. Адам жанына психологиялық талдау жасау жаңағы шеберлік шеңберімен астасып жатады.
"Әдебиеттану терминдерінің сөздігінде" психологиялық талдаудың пайда болуын 3. Фрейд есімімен байланыстырып былай делінген: "Шығармашылық қабілетті жыныстық инстинктерімен төркіндететін әйгілі туындылардың психологиялық астарына басқаша үңілуге шақыратын психоанализ тәсілі өнердің барлық саласына соның ішінде әдебиетгануға ерекше ықпал етті.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Өздік жұмысы
Тақырыбы: Тарихи тақырыптағы қазақ романдары.

Орындаған: Амантай Ә.
Топ: Қ-213
Тексерген: Құрмамбаева Қ.С

Семей, 2015

1.Тарихилық- қандай да бір тарихи дәуір келбетін жанды суреттер, нақты адам тағдырлары мен мінез-сипаттары арқылы танытатын көркем әдебиеттің асты белгілерінің бірі.
Тарихилық - әдеби шығарманың тарихи әлеуметтік ортамен, белгілі бір халықтың мәдени тарихы, салт дәстүрі, ырым-нанымдары, ұлттық мінезі, ойлау ерекшеліктері, аңсаған арманы, тамырлас болып келетін құбылыс. Осы ұғым суреткер дүние танымының шартараптылығына, асқан білімдарлығына яки мынадай таным кезеңдерінің
1)өткенді-"ретрогноз",
2)бүгінгі-"пре-зентогноз",
3) болашакты "прогноз" жетік, жан-жақты меңгергеніне тікелей қатысты. Әдебиеттегі тарихилық. және зерттеу саласындағы методикалық әдіс ретіндегі тарихилық өмірдегі, ақиқат болмыстағы әрбір құбылысты тексеру мен бейнелеу жалпы тарихи процестің бір бөлшегі, яғни тарихи сабақтастық негізінде қарастырылуы тиіс. Соныменен, тарихилық белгілі бір заманның нақты тарихи жағдайларын, қайталанбас келбеті мен өзіндік қасиеттерін, мән-мағынасын, болмысын, ұлттық тарихи және өмір шындығын, идеялық танымдық тереңдігін көркемдік тұрғыдан баяндап, тарихтың көркемдік философиясын шеберлікпен жеткізу.
Қазақ әдебиетінде тарихи тақырып ерекше қарқынмен дамыды. Ұлттар тарихына жасалған тұсау алынғаннан кейiн қазақ жазушылары елдiң тәуелсiздiгi мен бостандық идеясын тарихи материалдарға сүйене отырып, көтеруге мүмкiндiк алды. Бұл тұрғыда Р.Тоқтаровтың Абайдың жұмбағы, Қ.Исабаевтың Серт, Шоң би, К.Сегізбаевтың Беласқан, Қ.Жұмәділовтың Дарабоз, С.Сматаевтың Жарылғап батыр, Ұ.Доспанбетовтың Қызыл жолбарыс, Х.Әдібаевтің Отырар ойраны, Ә.Сарайдың Еділ-Жайық, Т.Зәкенұлының Көк бөрілердің көз жасы т.б романдарды атауға болады.
Жазушы Рамазан Тоқтаров Абайдың жұмбағы роман-хамсасында ұлы ақын өмірі мен поэзиясының әлі ашылмаған қырларына, шетсіз, шексіз әлеміне бойлай отырып, Абайдың жұмбақ болуының кілтін, сырын, себебін іздейді. Ғұлама ақынның Мен бір жұмбақ адаммын деп кейінгі ұрпаққа үн қатып, өзінің жай адам емес екендігін айтып кеткені белгілі. Сол себепті де Абай жұмбағын ашу үшін қаламгерге Мұхтар Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясы негізінде ғылыми еңбектер мен мұрағат құжаттарына сүйене отырып, ақын өміріне байланысты жаңа материалдарды іздестіру, жұртшылыққа мәлім мағлұматтардың өзін қайта тексеріп, жаңа заман биігінен көз жіберу қажет болды. Бұл батыл қадамымен Р. Тоқтаров бүгінгі ұрпаққа роман-эпопеяда түрлі себептерге байланысты айтылмаған деректерді, уақыт тасалаған қаншама шындықты, ғасырлар тереңінде қалған оқиғалар мен тағдырлар сырын ашып, сол заманның ел өміріне әкелген өзгерісін, Абай өмірінің әлеуметтік, қоғамдық көріністерін кең қамтуға тырысқан.
Автор осы роман-хамсаны жазардан бұрын өзіне: Ұйқысынан жаңа оянған марғау қазақ даласында Ибраһим Құнанбайұлындай теңдесі жоқ кемеңгердің дүниеге келуі кездейсоқтық па, әлде заңдылық па? Бір Абайда сан кісінің саралы өмірі тұр. Абай қазынасы - біздің қолымызда болса, дана адамның өзінің өмірден не алғаны, қалай алғаны - жұмбақ. Ол жұрт көрмегенді көрді, жұрт сезбегенді сезінді. Ал енді: қалай көрді, қалай сезінді, түсінік-түйсігі, қай дәрежеде қалыптасты? Не нәрселерге көбірек әсерленді? [1, 4] - деген сұрақтар қояды.
Осы сауалдарға жауап іздеу барысында Рамазан Тоқтаров өзіне дейін жазылған шығармаларға, зерттеулерге көңіл аудармай қойған жоқ. Бұл ретте, әрине, Мұхтар Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясы мен ғылыми еңбектері бірінші орында тұрды. Ең бастысы - дүние жүзіне әйгілі шығарманы қайталамау, ұлы ақын өміріне байланысты материалдарды іздестіру, жұртшылыққа мәлім мағлұматтардың өзін қайта тексеріп, жаңа заман биігінен көз жіберу қажет болды. Бірақ бұдан Мұхтар Әуезов дәстүрін мүлде ескермеді, аяқ асты етті деген ұғым тумайды.
Ұлы ақынды заман туғызады.Абай туралы сөз қозғағанда, ол өмір сүрген орта, қоғам, қоғамдық-әлеуметтік жағдайға міндетті түрде назар аударылады. Өйткені, Абайдың өмір тарихына, заманына, өскен ортасына зер салмай шындық шешілмейді. З.Ахметов осы мәселеге байланысты ұлы Абай туралы: Адамзаттың перзенті атты мақаласында: Заман, қоғамдық жағдай - ақын, жазушы творчествосының өмірлік негізі, түп тамыры дей келіп, келесі бір тұста: Ақын үлкен творчестволық тұлға болып қалыптасып, жетіліп, кемеліне келуі үшін тиісті қоғамдық жағдай, аса зор дарын мен даналық, үздіксіз еңбек, ізденіс, міне, осылардың түйісіп келуі шарт - деп пайымдаған еді [2, 420]. Р. Тоқтаров Абайдың өмірге келген уақыты мен өмір сүрген дәуірін тарихи шындыққа сай суреттеуді көздеген. Романнан Абайдай дананың дүниеге келуінің өзі уақыты жетіп, әбден толысып, піскен толғақ екенін, ол бір ғана Ұлжан ананың емес, ол - заман мен дәуір толғағы, сол кезеңнің толғағы деп есептеуге болатынын байқаймыз. Романдағы Халық қасиетін жоймау үшін дана тууы керек деген Кенесарының сөзі Абайдай дананың дүниеге келуінің өзін кездейсоқ құбылыс емес, тарихи заңды құбылыс екенін көрсетеді.
М.Әуезов роман-эпопеясында Абайдың балалық бейнесін он үшке шыққан кезінен бастап суреттесе, Р.Тоқтаров өз роман-хамсасында ұлы ақынның дүниеге келуінен бастап өрбітеді. Әлі қырқынан шықпаған қызылшақа жаңа туған нәрестенің бесікте жатып, киіз үйдің түндігінен аспанға қарап тілдесуінің тегін емес екендігі, кішкентай кезінен-ақ бастап ұлылыққа тән қасиеттер байқалғандығы романда сыр береді. Әй, Абай-ай, тар төсек бесігіңде осындайсың, ер жеткен соң кең дүниеге сыймай жүрмесең болды-дағы деп нәресте Абайдың өскенде кең дүниеге қалай сыйып жүрерін уайымдаған сөздерді кездестіреміз. Данышпанның сәби кезінен басталған өзіндік дара ерекшеліктері қиыстыра суреттелген.
Абайдай дананың әкесінің де жай адам болуының мүмкін емес екендігі өзінен-өзі белгілі. Құнанбай баласының терең білім алуын, жастайынан ел ісіне араласып, алғыр, зерек болып өсуіне көп үлес қосқан. Қатал әке Абайды кішкентайынан өз жанынан тастамай, дау-дамайларға қатыстырып, әділ баға беруін, жеке ойы мен жеке көзқарасын қалыптастырып, би болуын қалайды, осылай ұлынан үлкен үміт күтеді. Сондықтан да Р.Тоқтаров өз туындысында Құнанбайды жан-жақты білгір, ақылды би етіп суреттейді.
Абайдың әдеби бейнесін толығырақ аша түсу үшін, сол заманда өмір сүрген игі жақсылар мен халық даналарының тигізген әсерлері де нанымды суреттеледі. Тарихи тұлғалардың өз есімдерімен енуі - Абайдың жұмбағы роман-хамсасының негізгі ерекшелігі. М.Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясының бастапқы Ақын аға нұсқасында Долгов, кейін Павлов деп түрлі себептерге байланысты өзгертіліп берілсе, Абайдың жұмбағында аты-жөндері ешқандай өзгертусіз сол қалпы сақталған. Р. Тоқтаров романында Долгополов бейнесі Абайдың пікірлесі, қамқоршысы, ақыл-кеңесшісі, бағыт берушісі ретінде суреттеледі. Дулат ақынның есімі де осындай тоталитарлық идеологияның салдарынан М. Әуезовтың Абай жолы эпопеясында Барлас есімімен берілгені бәрімізге де аян. Роман-эпопеяда кездесетін таныс бейнелермен қатар, жаңа бейнелердіжәне тарихи шындыққа сәйкес келетін фактілерді суреткер тиімді пайдаланады.
Қабдеш Жұмаділовтің тарихи романдарын талдай отырып, өзімнің де тарихқа жүгінуіме тура келді. Қашанда әдебиет пен тарих байланысты ғой. Сондықтан да диплом жұмыста көп нәрсеге түсінік беру үшін, тарихи мәлеметтерге сүйену керек болды. Бұл мақсатта Қазақ ССР тарихы, Қырғыз ССР тарихы, энциклопедиялар, тарихшылардың мақалаларының барлығына шолу жасалды. Әсіресе, жазушының Қаракерей Қабанбай туралы жазған Дарабоз романы көп ізденісті талап етті.
Өйткені, әрбір жазушы кез-келген шығарманы жазу алдында көп ізденіс, шығармаға байланысты материал тауып, даярланады. Содан кейін бәрін сарапқа салып, содан кейін шығарма жаза бастайды. Ал, тарихи романды жазу үшін жазушыға үлкен дайындық керек. Ол тарихты тарихшыдан кем білмеу керек. Қабдеш Жұмаділов те Дарабозды өмірге әкелерден бұрын, көп нәрсені зерттеп, талдау жасайды. Бүгінде Дарабоз романының маңызды шығарманың бірі болып отырған сондықтан.
Қабдеш Жұмаділов - тіл байлығы керемет қаламгер. Қай шығармасын оқысаң да, осы айтылғанға көзің жетеді. Бұл әрине жазушының сөз өнерінің шебері екенін дәлелдейді. Оның сөздері орынды пайдаланып, әр түрлі тіркестерді қолдануының өзі шеберлігінің бір көрінісі.
Дипломдық жұмыста жазушының романдарында қолданған әр түрлі мақал-мәтелдерді, сөз тіркестеріне ерекше мән берілді.
Асылы, Қабдеш Жұмаділов - әдебиетке үлкен дайындықпен келген жазушы. Ең алдымен - ол шебер суреткер.

Әдебиеттер:
1. Тоқтаров Р. Абайдың жұмбағы. - Алматы: әл-Фараби, 1999. - 752 б.
2. Ахметов З. Адамзаттың перзенті Кітапта: Дала даналары. - Алматы, 2001. - 640 б.
3. Елеукенов Ш. Қазақ әдебиеті тәуелсіздік кезеңінде. - Алматы: Алатау, 2006. - 352 б.
4. Абай және архив. - Алматы, 1995. - 216 б.
5. Абай дәстүрі және қазіргі қазақ әдебиеті: ұжымдық монография. - Алматы: Арда, 2009. - 392 б.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Өздік жұмысы
Тақырыбы: 3. Қазіргі қазақ прозасындағы тақырыптық, жанрлық ізденістер.

Орындаған: Амантай Ә.
Топ: Қ-213
Тексерген: Құрмамбаева Қ.С

Семей, 2015

Начало формы
Конец формы

Бүгінгі Қазақстан үлкен қоғамдық сілкіністен өтіп келе жатыр. Басқа елдер, басқа жұрттар баяғыда жүріп өткен жолға енді түскен қазақ жұртьг егемендік алғаннан бергі он екі жылдың ішінде басынан қаншама замана кешті. Әрине, қоғамдағы болып жатқан құбылыстар әдебиетке көлеңкесін түсірмей қоймайды. Кеңес заманындағы құндылықтар, қалыптасқан идеалдар алмасқан осындай шытырман кезеңде болашақ қазақ әдебиетінің бағыт-бағдарын, бет-бедерін айқындайтын жаңа: бір үрдістің нобайы шалынды. Осы орайда өткен жеті-сегіз жыл бедерінде түрлі басылым беттерінде жарық көрген бірқатар прозалық шығармаларды зерделей отырып әңгіме қозғағанды жөн көрдік. Талғат Кеңесбай өзінің Лениннің бәтеңкесі (ҚӘ. 28.07.2000) атты әңғімесінде бүгінгі тіршіліктің күрделі бейнесін бедерлеуге ұмтылған. Әңгіме тұтастай алғанда -- үлкен эксперимент. Әлбетте, қай жазушы болса да өзінің әрбір кезекті шығармасында жаңа ой айтуға тырысады. Ал жаңа ой дегенініз -- жаңа форма. Демек, эксперимент. Талғат өзінің ұзақ ойланып сомдап шығарған әңгімесін бастан аяқ жаңа формаға бағындырғысы келген сияқты. Әңгімеден, жазушының бұрынғы прозасының нышанын да таба алмайсыз. Шығарманы оқып отырғанда ХХ-шы ғасырдың басындағы, Грета Гарбо қатысқан дыбыссыз фильмді көріп отырғандай әсер аласыз. Әңгіменің, бірден кейіпкердің түс көруінен басталуы, төл сөздердің, тіпті диалогтардағы сөйлемдердің тырнақша арқылы тұйықталып жеке-жеке тұруы, міне, осының барлығы модернистік фильмнің сценарийін елестетеді.
Заманында, қазақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркем шығармадағы психологизм
Қазіргі қазақ прозасындағы тақырыптық, жанрлық ізденістер. (эссе) көркем шығармадағы психологизм.(реферат) тарихи тақырыптағы қазақ романдары
Қазақ прозасындағы психологизм (Ж. Аймауытов Ақбілек романы)
Психологизм - көркем шығарманың жұлын жүйесі
Психологиялық талдаудың көркемдік қызметі
Ішкі монолог
Қазақ әдебиетіндегі психологизм
Әдебиет саласындағы бейне
ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЖАЛҒЫЗДЫҚ САРЫНЫ
Көркем прозадағы психологиялық талдау
Пәндер